Главная страница
Контакты

    Басты бет


Компьютердің ҚҰрылғылары тарихи деректерден

жүктеу 252.21 Kb.



жүктеу 252.21 Kb.
бет2/2
Дата09.03.2017
өлшемі252.21 Kb.

Компьютердің ҚҰрылғылары тарихи деректерден


1   2

ЭЕМ-нің жедел жады

Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ЭЕМ-нің

жедел жады (RAM), сондай-ак тұрақты есте сақтау

құрылғысы (ROM) компьютердің ішкі жадын құрайды, осы

екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады.

Өңделуге тиісті кез келген мәлімет алдымен компьютердің

сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына

жазылады.
Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге

тиіс мәліметгер мен программалар ғана сақталады. Информация

керек кезінде магниттік дискіден жедел жадқа көшіріліп,

өңделген соң олар қайта сыртқы жадка жазылып қойылады.

Жедел жадта информация тек жүмыс сеансы кезінде сақталып,

ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немесе электр торабында

ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған

байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын

информацияны жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын

магниттік дискіге жазып отыруы керек.

Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның

есептеу жылдамдығы да артады. Информация көлемін өлшеуде

сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) түратын байт бірлігі

қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі арқылы жедел

жадтағы не магниттік дискеттегі сақталатын информация

ЗбОкб, 720 кб нзмесе 1,44 Мб болып жазылуы мүмкін. Мүнда

1 кб (1 килобайт)=1024 байт, ІМб (1 мегабайт)=1024 кб, ал

винчестер деп аталып жүрген қатты дискіде, 1000-ЮОООМб

(1-4 Гигабайт) және одан да көлемді информация жазылып

сақталады.


Әдетте IBM PC XT (бүрынғы модель) компютерлерінің жедел

жадының көлемі 640 кб, IBM PC AT үшін - ІМб-тан жоғары,

ал олардың жоғарғы модельдері 1-ден 16 Мб-қа дейін, бірақ

оның көлемі 32 Мб не одан да жоғары бола береді - жедел

жадтың көлемін оның негізгі тақшасына микросхема қоса

отырып үлкейтуге болады.


Компьютердің жедел жадынан өзгеше оның тұрақты жады

бар, ол езгертілмейтін информацияны сақтайды, ешкім оны

өшіріп қайта жаза алмайды, оны тек оқуға болады. Әдетте

түрақты жадтың көлемі шағын 32 - 64 Кб шамасында. Тұрақты

жадқа керекті программалар оны шығаратын заводта жазылады,

олар көбінесе компьютерді тоқ көзіне жалғаған кезде оны

тексеріп іске қосу үшін қажет.
Сиымдылығы 1 Мб немесе одан жоғары болып келетін

компьютерлердің жедел жады екі бөлімнш тұрады - алғашқы

640 Кб қолданбалы программалар мен операциялық жүйе үшін,

ал қалғаны төмендегідей мақсаттарға пайдаланылады:

- операциялық жүйенің алғашқы жүктемесін және

компьютердің жұмысқа жарамдылығын тексеретін операциялық

жүйенің бөлігін сақтауға, сондай-ақ төменгі деңгейдегі

қарапайым енгізу-шығару жүмыстарын орындау үшін;

- экранға кескіндерді беру үшін;

Кескін (изображение; display image pict (picture) - 1) ақпаратты бейнелеу, мәліметтерді көзге көрінетіндей ұсыну; көзбен көру бетіне бір уақытта шығаруға болатын шығу мен сегменттер примитивтерінің жиынтығы; 2) apple фирмасының macintosh компьютерлеріне арналған мәліметтердің көлемін кішірейтіп тығыздауға мүмкіндік беретін, қозғалмайтын мультимедиа-кескіндерге арналған пішім.

- компьютердің қосымша қүрылығыларымен бірге жүктелетін

операциялық жүйелердің әртүрлі кеңейтілген мәліметтерін

сақтау үшін қажет болады.

Жедел жадтың көлемі туралы сөз болғанда, оның бірінші

бөлігі туралы айтылады, ал ол кейбір программаларды орындауға

жеткіліксіз болып қалады. Мінз, осывдай сәттерде компьютердің

жедел жадының кеңейтілгш бөлігі (extended) мен қосымшасы

(expanded) пайдаланылады.
INTEL фирмасының 80286, 80386SX және 80486SX сияқты

процессорлары 1-16 Мб жедел жад көлемімен, ал 80386 және

80486 процессорлар - 4-8 М6 көлемімен жұмыс істей алады.

Бірақ операциялық жүйе үлкен келемді жадты толық пайдалана

алмайды. Қосымша жадты пайдалану үшін арнаулы

программалар - "драйверлер" жасалынады, олар қолданбалы

программадан тапсырма алады да, процессордың "қорғалған

режим" жүйесіне көшеді. Тапсырманы орындаған соң, драйвер

алғашқы режимге көшуді қамтамасыз етеді де, микропроцессор

жүмыстың қалыпты режиміне ауысады.


Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді

жады бар, оны кэш-жад (Cash) немесе бүркеме-жад деп атайды.

Ол жедел жад пен процессордың жұмысын жылдамдату үшін

аралық дәнекер жад ретінде пайдаланылады. Процессордан бөлек компьютер қүрамында: - ЭЕМ құрамына кіретін (дисплей, диск жәнз т.с.с.) әртүрлі қүрылғылар және олардың жұмысын басқаратын электрондық схемалар (контроллерлер);

- енгізу-шығару порттары, олар жүйелік блокқа әртүрлі

принтер, графиксызғыш, тышқан тетігі тәрізді шеткері

құрылғыларды тіркейтін көпразрядты байланыс құрылғылары

түрінде болады.


Енгізу-шығару порттары ішкі негізгі кұрылғылармен

байланыс жасайтын арнайы порттан және шеткері

құрылғылармен (принтер, тышқан тетігі т.с.с.)

байланыстыратын жалпы мақсаттағы порттардан тұрады.

Жалпы мақсаттағы порттар LPT1 - LPT3 деп белгіленетін

параллель және COM1 - COM3 болып белгіленетін тізбекті

бөліктерге жіктеледі. Параллель порттар жұмысты жылдам

істейді, бірақ байланысу үшін көбірек сым шоғырларын керек етеді

(принтермен жалғасатын порт параллель, ал модеммен телефон

желісі арқылы байланысатын порт тізбекті түрге жатады).


Графиктік адаптерлер

Монитор немесе дисплей - ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет

шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделетін

информацияны экранда көру үшін кажет. Экран түстеріне қарай

дисплейлер монохромды (ақ-қара) және түрлі-түсті болып, ал

экранға шығарылатын информация түрлеріне байланысты

символдык (тек символдық информация) және графиктік

(символдық және оған қоса графиктік информация) болып

бөлінеді.
ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен

адаптердан түрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер

ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы.

Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал,

адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар

орналасқан.

Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.

Электрондық сәуле экранда секундтің 1/50 бөлігінде жүріп

өтеді, бірақ экран бейнесі одан жәй өзгереді. Сондықтан

экранның бір көрінісі үшін бейне сигналды бірнеше рет қайталап

беріп отыру керек. Адаптерде бейнелер көрінісін сақтауға

арналған бейнелік жад бар.
Көбінесе символдық режимде дисплей экранына 80 таңбадан

тұратын 25 жол мәлімет шығарылады (барлығы - 2000

таңбадан тұратын стандартты машинка қағазындағы

символдар саны), ал графикалық режимдегі экранның бейжлеу

(көрсету мүмкіндігі) қабілеті адаптер тақшасын жүйелік

блокпен байланыстыру қүрылғысының мүмкіндіктеріне сәйкес

болады.
Экрандағы кескін көрінісінің сапасы графикалық

адаптердің типіне қарай өзгеріп отырады.

Кең тараған адаптерлерге мыналар жатады: EGA, VGA жәге

SVGA. Қазіргі кезде VGA және SVGA (Super VGA) кеңінен

қолданылады, SVGA-ның көрсету қабілеті өте жоғары.

Адаптерлер бейнелерді айқындап көрсету қабілетімен

ерекшеленеді.


Адаптердің бейнелеу қабілеті оның графикалық режимде

экранда көрсетіле алатын бір жолдағы нүктелер (пиксельдер)

санына байланысты. Мысалы, 720*348 мүмкіндікті немесе одан

да жоғары монитор вертикаль (тік) бағытта 348 жол-нүктені

көрсете алады, ал оның әр жолында 720 нүкте бар. Баспахана

жүйелерінде 800*600 және 1024*768 мүмкіндікті немесе одан

да жоғары мониторлар қолданылып жүр.
Экран бетінің мөлшері диагональ стандарт (14 дюйм -

Ідюйм = 2,54 см.) бойынша жасалады, үлкейтілген (15 дюйм)

және теледидар (17, 20 және 21 дюйм - диагоналы бойынша

54 см-ге дейін) тәрізді болып та жасалғандары кездеседі, олар

түрлі түсті (16 млн-нан бірнеше ондаған млн түстерге дейін)

немесе ақ-қара (монохромды) болып та шығарыла береді.

Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.

Адаптерлер стандартты түрлі түсті монитордағы түстер

палитрасын (жиынын) анықтайды: CGA (ескі модель)

стандартты режимде 4 түспен, EGA - 64 түспен, VGA - 256

түске дейін, ал SVGA - миллионнан аса түстермен жұмыс істей

алады. Бірақ __________символдық режимде көрсетілген стандарттағы

экрандардың барлығы да 16 түсті ғана қолданады.


Монитор типін ЭЕМ-де цойылган мацсатқа байланысты

таңдау керек. Егер тек мәтіндік информациямен жумыс

істейтін болсац, онда монохромды символдъщ монитор

жеткілікті. Ал, егер де автоматтандырылган жобалау

жүмыстарымен айналысу цажет болса, онда турлі тусті

графикалъщ монитор цажет болады. Бірац көптеген

программалармен жумыс істеу кезінде турлі туспгі

графикальщ мониторларды крлданган өте ыңгайлы екенін есте

сацтаган жөн.
Дискідегі информация жинақтауыш

Информация жинақтауыштар - кез келген ЭЕМ-нің

қажетті бөлігі - оларды көбінесе информацияның сыртқы

жинақтауыштары немесе компьютердің сыртқы жады дейді.

Олар көлемді информацияны ұзақ уақыт сақтау үшін қажет

және ондағы мәліметтер ЭЕМ-нің жүмыс күйіне байланысты

болмайды. Сыртқы жадта кез келген программа немесе жәй

мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның

мәліметтерінің кітапханасы деуге болады.

Кітапхана - мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.


ДЭЕМ-дерде информацияны жинақтауыш рөлін магниттік

дискілердегі жинақтауыштар атқарады, оларда мәліметтерді

тікелгй оқуға не жазуға болады. Соңғы кездерде ДЭЕМ-дер үшін

магниттік таспадағы жинақтауыштар - стримерлер шықты,

бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу

жүмыстары бірте-бірте тізбектей ізд^ арқылы жәй жүргізіледі.

Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды

ауыстыра алмайды, тек толыктырады.
Магниттік дискідегі жинақтауыштар (НМД - накопитель

на магнитных дисках) екі түрлі болады: иілгіш магниттік

дискідегі жинақтауыш (ИМДЖ) (НГМД - накопитель на

гибких магнитных дисках) және қатқыл магниттік дискідегі

жинақтауыш (ҚМДЖ) (НГМД - накопитель на жестких

магнитных дисках).
Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер)

информацияны тұрақты сақтауға арналған. 80286 процессорлы

ЮМ РС-де қатқыл дискшің мәлімет сиымдыльгы 20 - 40 Мб, 80386

SX, DX және 80486 SX (SX - бір процессорлы, DX - екі

процессорлы) - 300 Мб-ға шейін, 80486 DX - 500 - 600 Мб, ал

Pentuim - 1-40 Гб-қа шейінгі деңгейде езмесе одан да жоғары

болады.
Қатқыл диск орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық

қорпусқа салынып, жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да

мәлімет жазылатын бір дестеге біріктірілген бірнеше дискілердш

тұрады. Иілгіш алмалы-салмалы дискетке карағанда винчестерге өте

көп мәлімет көжмі сияды, сондықтан оны пайдалану өте ынуайлы

(2.2 - сурет).

2.2-сурет. Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар

(винчестер)


Иілгіш дискідегі (дискеггегі) жинакгауыштар бір компьютерден

екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет

емес информацияны сакгап қою үшін, катқыл дискідегі мәліметгердің

архивтж (тығыздалған) көішрмесін алу үшін керек (2.

Алмастыру - белгілі бір n элементті қандай да бір ретте (тәртіпте) қайталамай орналастыру. Берілген n элементтен барлығы әр түрлі n! = 1*2...n Алмастыруы жасалады. Алмастыруға байланысты көптеген есептер ауыстыру терминдері арқылы тұжырымдалады.
3 -сурет).

Жұмыс процесінде әр адам өзінің мәліметтері мен

программаларының дискіде алатын көлемін білуі тиіс және

дискіде қанша бос орын қалғанын қадағалап, дискінің

көлемін тиімді пайдалануға тырысуы қажет.



Иілгіш диск (дискет) - табақша пішінді, бетіне қабыршық

түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің

пластамассадан жасалған қапшығында оған мәлімет

ясаздырмауға болатын кішкене тіктөртбүрышты ойық бар және

мәлімет жазу-оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын

магниттік бастиектің жылжитын орны пластмасса қапшықта

ашық болады.
Дискеттің негізгі параметрі - оның диаметрі, қазіргі

шығарылатын дискеттер үшін бір ғана стандарт бар - ол

диаметрі 3,5 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89

мм болады.

IBM PC XT, AT компьютерлері үшін диаметрі 5,25 дюймдік

(133 мм) дискеттер қолданылған болатын.

Мәлімет жазу не оқу үшін дискет жүйелік блоктағы

дискжетектің ұясына салынады. ДЭЕМ-дерде бір немесе екі

дискеггер ұясы болуы мүмкіа Дискеттер алмалы-салмалы қүрал

болғандықтан, олар әрі мәліметті сақтау үшін, әрі

компьютерлер арасында мәлімет алмастыру үшін де қажет.

2.3-суретте дискеттердің осы екі түрі да көрсетілген.

5,25 дюймдік дискеттер дайындалу сапасына қарай 720 кб

шмесе 1,2 Мб информация сақтай алады.

3,5 дюймдік дискетте екі түрлі көлемде информация

жазылады, 1,44 Мб және 720 Кб. 1,44 Мб мәлімет жазылатын

дискеттің төменгі оң жақ шетінде кішкене төртбұрышты

қосымша ойық болады, ал 720 кбайт көлемді дискетте ол

болмайды. Дискеттер қатты пластмасса қорапта орналасады,

сол себепті олар әрі ұзақ, әрі сенімді қызмет атқарады. Соңғы

шығып жатқан ДЭЕМ-дерде 3,5 дюймдік дискеттер ғана

қолданылады.


Дискеттерді мәлімет жазудан сақтау. 5,25 дюймдік

дискеттерде мәлімет жаздырмау үшін арнайы ойық бар (2.3 -

суретті қараңыз). Егер осы ойықты қағазбш желімдеп жауып

койса, онда оған мәлімет жаза алмайсыз, яғни бүрынғы

информация өзгеріссіз сақталады. Ал 3,5 дюймдік дискеттерде

жаңағыдай ойықтың үстінде жылжымалы ілгек бар, оны

жоғары-төмен қозғай отырып, мәлімет жазуға немесе

жаздырмауға болады (2.3-суреттегі жоғарғы жақ шеттегі кішкшг

тіктөртбүрыш). Суретте ілгек рүқсат етілген тәртіпте түр,

мүндайда ойық жабық түрады. Ойықты ашатын болсақ, оған

мәлімет жазуға болмайды.
Дискетті форматтау (белгі салу). Дискетті алғаш рет

пайдалану алдында, оны арнайы тәсілмея форматтайды, яғни

беттеріне белгі салады. Форматтау операцияльщ жүйенің

командасымш жүргізіледі.

ДЭЕМ-дерде бұлардан басқа лазерлік компакт-дискі,

магниттік оптикалық дискі немесе Бернулли дискілері тәрізді

қүрылғылар болуы мүмкін.
Қазіргі ДЭЕМ-дерде көптеген көлемді программалар CDROM

компакт-дискілеріне жазылады. CD-ROM дискілерінің

мәлімет оқу жыдамдықтары әртүрлі болады, мысалы,

жәйжылдамдықты, екі еселенген, төрт еселенгее, т.с.с.

жылдамдықта бола береді. Соңғы кездері шыққан 6-8

жылдамдықты компакт-дискілер қатты магнитгік дискімен бірдей

жылдамдықта жүмыс атқара алады.


Қарапайым компакт-дискінің көлемі 650 Мб, яғни оған 650

миллион символ сияды, бірақ бұдан тек мәлімет оқуға болады,

ал жазуға болмайды. Компакт-дискілерге мәлімет жаздыратын

кұрылғылар әзірше қымбат түрады, сондықтан дербес

компьютерлер ондай құрылғылармен жабдықталмайды.

2 .4-сурет Мәліметтерді оқуға әрі жазуға болатын CD-ROM

дискісінің сыртқы түрі
Қазіргі кезде компакт-дискілерде өте сапалы фотосуреттер,

фильмдер мен бейнеклиптер жазылып таратылады. Әртүрлі

дыбыстық эффектілермен, музыкамен безендірілген ойындар,

компьютерлік энциклопедия., үйренуге арналған әртүрлі

программалар - барлығы CD-ROM дискілерінде (2.4-сурет)

болады.
Принтерлер мен плоттерлер



Принтер (баспа құрылғысы) мәтіндік және графикалық

мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып

шығаруға арналған. Ол рулон қағаз түрінде де, парақ та бола

береді


Принтерлердің негізгі артықшылығы - олар көптегш қаріп

түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді басып бере алады.

Шрифт түрлеріндегі әріптердің биіктігі, ені, олардың

Ара қашыктығы, интервалдары әртүрлі болады.

Әріп-дыбыстың графикалық таңбасы. Әріп дыбысты белгілегенімен, әріп пен дыбыстың арасында табиғи байланыс жоқ. Әріп - шартты таңба. Әліпбиде қанша әріп болуы тілдегі дыбыстың санына байланысты. Бірақ дыбыс пен әріп саны бірдей бола бермейді.
Әрбір адам

мәтінді қағазға шығарар алдында өзінз керекті қаріп түрін және

басқа баспа параметрлерін таңдап, қағаздың мөлшері мен

жолдың енін сәйкес күйге келтіріп алуы тиіс. Осыған

байланысты матрицалық принтерлердің тар (стандартты бір бет

қағаз үшін) және кең күймелі (қатар түрған екі бет қағаз үшін)

түрлері бар. Жүмыс кезінде компьютердегі мәліметтің (мәтін

теруге арналған компьютер жадындағы кеңістік) өте

көлемді болатынын білген дүрыс, ол экран мөлшерінэі

әлдеқайда үлкен болып, мыңдаған жолдардан түра алады,

оның көлемі тек компьютер жадындағы бос орынмен

және программа ерекшеліктерімен анықталады. Сол себепті

мәлімет қағазға басыларда, әр жолдың ені анықталып, қаріп

ерекшеліктері мен интервалдарға, шеттегі бос орындарға

байланысты мәтін беттерге бөлінеді.


Принтерлер графиктік сызбаларды, суреттерді түрлі түсті

етіп басып бере алады, соған байланысты олардың көптеген

модельдері бар.
Қазіргі кезде принтерлердің матрицалык, лазерлік, сия

бүріккіш және термографиктік түрлері бар.

Соңғы кезге дейін ең көп таралған, арзан, әрі пайдалануға

қолайлы лазерлік принтерлер болып саналады, оларда қағазға

таңба салу лазерлік сәуле арқылы жүзеге асырылады.

Матрицалық принтерлерде баспа тиегі қағаз жолдарымен

жылжи отырып, керек кезінде бояйтын (көбінесе қара бояу)

лшта арқылы қағазды символ суретіне сөйкес нүқып отырады.

Арзан принтердің баспа тиегінде 9 ине бар, бүлардың сапасы

орташа болады: сапасын арттыру үшін инелер бір жолда

жағалап бірнеше рет жүріп өтуі тиіс. Бүларға қарағанда 24 не

48 инелі принтерлер басылымының сапасы жоғары болады.

Матрицалык принтерлердің жүмыс өнімділігі 10-60 секундта

бір бет аралығында (секундына 20 - 400 символ) болады, бірақ

олардың кағаздағы сапасын арттырғымыз келсе,

жылдамдықтан үтыламыз.

Принтер (ағылш. printer) - мәтін мен кескіндерді қағазға немесе басқа да басып шығарылатын арқауларға шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі.
Секунд - (лат. secunda dіvіsіo - екінші бөліну) (бастапқыда градустың, одан кейін сағаттың) - 1) уақыттың жүйелік бірлігі; СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі. Белгіленуі - С; 1 с - Cs атомының (өлшемдер мен салмақтар бойынша 13-Бас конференцияның резолюциясы бойынша, 1967) аса жұқа екі деңгейінің арасынан өткен сәуле шығаруының 9 192 631 770 периодына тең.
Принтерлерді таңдау кезінде

олардың латын әрпінен өзге үлттық әріптерді (қазақ, орыс,

үйғыр) баса алатын мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді. Мүндайда

екі түрлі жағдай болуы ықтимал:

а) орыс, казақ әріптерінің бейнелері принтер жадына алдын

ала қондырылған, сондықтан принтер тоқ көзіне қосылысымен

бірден ұлттық әріптерді баса береді. Егер принтердегі

әріптердің кодтары компьютердегімен бірдей болса,

операциялық жүйелер командаларымен (PRINT, COPY)

мәтіндерді қағазға баса беруге мүмкіндік бар. Егер кодтар

әртүрлі болса, онда оларды сәйкестендіретін драйвер-

программалар қажет;

ә) үлттық әріптер принтер жадында жоқ болғанда, алдын

ала компьютерге үлттық әріптерді принтерге шығара алатын

драйверді (басқару программасын) жүктеу керек. Принтерді

шмесе компьютерді тоқ көзіжн ағытатын болсақ, ол мүмкіндік

жоғалады.
Сия бүріккіш принтерлерде (2.5-сурет) қағаздағы бейне

арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарылады. Бірақ

олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап

тұруды керек етеді. Бұл принтерлер матрицалық принтерлерден

жақсы, сапалы әрі дыбыссыз жүмыс істейді, көптеген қаріп

түрлерін қамтиды, дегенмен жоғары сапалы қағаз түрлерін және

сияны жиі керек етеді.
Лазерлік принтерлер (2.5-сурет) - ксерография принципін

қолданатын қүралдарға жатады, бүларда әріп бейнелері

электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға

түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру

компьютер командалары арқылы лазерлік сәулелермен

жүргізіледі. Қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 2400

нүктеге дейін салу мүмкіндігі бар, сол себепті таңбалар сапасы

жоғары болады. Сонымен, лазерлік принтерлер өте сапалы

басылым бере алады жәнз жылдамдықтары да жоғары - орташа

есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 3 ^ 1 5

секундта) басып бере алады. Бірақ лазерлік принтердің бағасы

кішігірім ДЭЕМ-нің бағасымен бірдей.



Плоттер де (график сызғыш) мәліметтерді, негізінен

графиктік информацияны қағазға шығарады.

График сызғыштар жобалаужұмыстарын автоматтандыруда әртүрлі сызба (чертеж) түріндегі бейнелерді басып алу үшін қажет. Бұлар бір түсті, түрлі түсті болып және де сызу сапасына қарай бірнеше топтарға жіктеледі.

2.5-сурет. Сия бүріккіш және лазерлік принтерлер: 1 -түрлі түсті

лазерлік принтер; 2 - түрлі түсті сия бүріккіш принтер.
Компьютерге информация енгізу кұрылғылары

Пернелік тақта. ЭЕМ-ге мәлімет енгізетін ең жгізгі күрылғы

пернеліктақта болып саналады, ол арқылы мәтіндік

информациянытеріп, әртүрлі командалар енгізіп орындауға

болады. Пернеліктақтаның мүмкіндігімен келесі сабақта

толығырақ танысамыз.



"Тышқан тәрізді қол тетік" пернелікпен бірге ЭЕМ-ді

басқаруға арналған. Бүл - тегіс стол бетімен жылдам жылжи

алатын, қажет болғанда оның екі-үш батырмасының бірін баса

отырып, белгілі бір әрекетті орындауға болатын қолмен

басқарылатын кішкеяе тетік.

Сканер (ізкескіш) - қағазға жазылған мәліметтің кез келген түрін

(сурет, сызба, кітап мөтіні) оптикалық негізге сүйене отырып

компьютерге жылдам енгізе алатын қүрылғы. Бірақ енгізілген

информация графиктік түрге айналып, оны бірден

өңдеу ісін жүргізу қиынырақ болады. Ол суреттерді,

сызбаларды компьютер жадына енгізе алады, мәлімет енгізу

оңай, әрі жылдам орындалады.
Қосымша күрылгылар

Модемдер (модулятор-демодулятор) компьютерлер

арасында мәлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мәліметті

жеткізу жылдамдығына қарай топтарға бөлінзді. Қазіргі __________кезде

олардың жылдамдығы 2400 бит/сек - 54000 бит/сек аралығында.

Олар мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір

стандарттары (протоколы) бойынша жұмыс атқарады.

Компьютер желісіне (Internet, Relcom, FidoNet, т.б.) немесе

электрондық почтаға байланысты ең керекті құрылғы телефон

арналарына қосылған осы модем болып саналады.

Бүлардан басқа факс-модемдер бар, олар модем мен

факсимильдік байланыс аппаратының функцияларын бірге

атқарады. Факс-модемді пайдаланып, мәтіндік мәліметті тек

өз абоненттеріңіздің компьютеріне емес жәй қарапайым факс

аппаратына да жіберуге және қабылдауға болады. Факс-

модемдер жәй модемдерден қымбатырақ, бірақ олардың

атқаратын қызметі әлдеқайда мол.


Қазіргі кездерде ЭЕМ-нің мультимедиа мүмкіндігі жайында

көп айтылып жүр.

Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды - жүзеге асырады.
Мультимедиа - информацияны бейнелеудің

ең жаңа түрі. Ол экранға мәліметтерді түрлі-түсті мәтіндік,

графикалық, дыбыстық мүмкіндіктерді біріктіре отырып

шығарып, ЭЕМ-нің барлық жылжыту, сөйлету, музыка беру

жақтарын толық пайдаланады. Мұндай мүмкіндікті

компьютердің қосымша дыбыстық құрылғысы мен CD-ROM

дискісі бар және онда бейнелік фильмдерді, фонограммаларды,

түрлі-түсті гаммаларды көрсету жақтары толық қамтылған.

Мультимедиалы компьютер фотоаппараттарды, бейне

магнитофондарын, бейне-камераларды қосуға арналған арнаулы

бейнелік тақшамен жабдықталады, ол көптеген бейнелік

суреттерді өңдегенде қажет болады, бірақ оның арзан

түрмайтыны да өз-өзінен белгілі.


Сұрақтар

1. Дербес компьютердің нзгізгі компоненттері мен қосымша

қүрылғыларын атап шығыңыз.

2.ДЭЕМ-де қандай принтерлер қолданылады?

3. Қандай бейне адаптерлерін білесіздер, дисплей мен бейж

адаптерінің айырмашылығы қандай?

4.Сіздердегі компьютерде қандай дискілер қолданылады?

5. Модем дегеніміз не жәнз ол ж үшін керек?

6. Принтерлер түрін атап беріңіз.

7. Дисплейлер сипаттамасы қандай?



8. Компакт-дискілердің қандай ерекшеліктері бар?

9. Мультимедиалық мүмкіндіктерді қалай түсінуге болады?__
1   2

  • LPT1 - LPT3
  • Графиктік адаптерлер Монитор немесе дисплей
  • Дискідегі информация жинақтауыш Информация жинақтауыштар
  • Магниттік дискідегі жинақтауыштар (НМД - накопитель на магнитных дисках)
  • Иілгіш дискідегі (дискеггегі) жинакгауыштар
  • Дискеттерді мәлімет жазудан сақтау.
  • Дискетті форматтау (белгі салу).
  • CDROM компакт-дискілеріне
  • Принтерлер мен плоттерлер Принтер
  • Сия бүріккіш принтерлерде
  • Компьютерге информация енгізу кұрылғылары Пернелік тақта.
  • "Тышқан тәрізді қол тетік"
  • Қосымша күрылгылар Модемдер

  • жүктеу 252.21 Kb.