Главная страница
Контакты

    Басты бет


Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру

жүктеу 76.46 Kb.



жүктеу 76.46 Kb.
Дата20.03.2017
өлшемі76.46 Kb.

Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру



"Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру" мемлекеттiк қызмет регламентiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Байланыс және Ақпарат министрiнiң 2011 жылғы 28 наурыздағы N 84 Бұйрығы.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 03 мамырда N 6934 тiркелдi


"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 21 мамырдағы № 211-214 (26612), Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, 2011 жылғы, N 6 (14.09.2011 ж.)

      «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес,БҰЙЫРАМЫН:


      1. Қоса берiлiп отырған «Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет регламентi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттiк саясат департаментi(Қ.Б.
Ақпарат технологиясы Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Елеусiзова):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрықтың белгiленген тәртiпте ресми жариялауын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат
министрiнiң    
2011 жылғы 28 наурызда
№ 84 бұйрығымен   
бекiтiлген     

      «Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет регламентi



1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет регламентi (бұдан әрi - Регламент) «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, сондай-ақ «Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандартын (бұдан әрi - Стандарт) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1508 қаулысына сәйкес әзiрлендi.


      2. Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттiк  қызмет регламентi – мемлекеттiк қызмет стандартының сақталуына қойылатын талаптарды белгiлейтiн және мемлекеттiк қызметтер көрсететiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалардың қызмет тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт;
      2) орындаушы – мiндетiне компьютер жүйелерiнiң сараптамасын ұйымдастыру бойынша iс-шаралар өткiзу және бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру жататын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң  лауазымды тұлғасы;
Лауазым - мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы Күштер жүйесінде арнайы құзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі қызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаруды жүктейтін өкілеттілік.
Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
Компьютер Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

      3) сараптамалық комиссия – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiмен құрылған, бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютер жүйелерiнiң техникалық талаптарға сәйкестiгiн сараптау жөнiндегi комиссия;
      4) тұтынушы – заңды тұлға.
      3. «Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi  - мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiмен (бұдан әрi – Министрлiк) көрсетiледi.
      4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттiк қызмет «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнiң 651-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетiледi.
      6. Мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi Стандартқа 2-қосымшада белгiленген нысанға сәйкес қағаз тасығышта қорытынды не бас тарту себептерi туралы жазбаша түрдегi дәлелдi жауап беру болып табылады және тұтынушыға пошта арқылы жiберiледi немесе тұтынушының қолына берiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттiк қызмет Министрлiкпен демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 9.00-ден бастап 18.30-ге дейiн күн сайын көрсетiледi, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейiн. Қызметтi алу үшiн алдын ала жазылу қажет емес. Жылдамдатылған қызмет көрсету режимi көзделмеген. Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Орынбор көшесi, 8-үй, 14-кiреберiс.


      8. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң www.mci.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады немесе 8 (7172)74-06-85 телефоны бойынша берiледi
      9. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      10. Тұтынушы Министрлiкке iлеспе хатпен келесi құжаттар пакетiн  ұсынады:
      1) Стандарттың 1-қосымшасында белгiленген нысан бойынша толтырылған сауалнама-өтiнiштi;
      2) компьютер жүйесiнiң функционалдық мүмкiндiктерi мен сипаттамаларының толық сипатын және еркiн нысанда «Салық инспекторының жұмыс орны» режимiн пайдалану жөнiндегi нұсқаулықты;
Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.

      3) компьютер жүйесiнiң функционалдық көшiрмесiн қамтитын компакт дискiнi;
      4) компьютер жүйесiн орнату және қосу жөнiндегi нұсқаулықты;
      5) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
      6) салық төлеушi ретiнде тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
      7) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
      8) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11  қаңтардағы Заңына сәйкес мiндеттi лицензиялауға жататын қызметпен айналысу құқығына лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (өтiнiш берушi лицензияланатын қызмет түрiмен айналысқан жағдайда ұсынылады);
      9) компьютер жүйесiнiң құрамына кiретiн және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес сәйкестiгiн растауға жататын техникалық және бағдарламалық құралдардың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiк сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн.
Лицензия (лат. licentia - рұқсат, құқық), рұқсатнама – экспортты‚ импортты және валюта қозғалысын бақылау мақсатымен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға мемлекет беретін рұқсат. Мемлекеттік органдар әлдебір саладағы қызметпен аиналысу құқығын беретін рұқсат.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.

      Құжаттар қағаз тасығышта не өтiнiш берушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат арқылы ұсынылады.
      11. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде;
      2) құжаттарды тапсырғанға дейiн барынша рұқсат етiлген күту уақыты – 15 минут;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң барынша рұқсат етiлген уақыты – 15 минут.
      12. Мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту негiзi Стандарттың 16-тармағына сәйкес жүргiзiледi.
      13. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн тұтынушының құжаттарын қабылдау Министрлiктiң жұмыс кестесiнiң негiзiнде жұмыс күнi iшiнде бiр тұлғамен жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi iс-әрекеттер (өзара iс-әрекеттер) тәртiбiнiң сипаттамасы

      14. Компьютер жүйесiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:


      1) 1 кезең – тұтынушының құжаттары қоса берiлген өтiнiшiн Министрлiктiң құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнде (бұдан әрi – ҚҚҚ) тiркеу.
      Тұтынушы Министрлiкке мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар пакетiн ұсынады, оларды Министрлiктiң ҚҚҚ қызметкерi тұтынушының өтiнiшiнде көрсетiлген тiзiмдеме бойынша қабылдап алады.
      Талаптарға сәйкес келген құжаттар тiркеу мөртабанында нөмiрi, күнi мен парақтарының саны көрсетiлiп, бақылау белгiлерi көрсетiлумен ҚҚҚ-мен ресiмделедi және тiркеледi. Тұтынушы Министрлiктiң ҚҚҚ тiркеу мөртабаны (кiрiс нөмiрi, күнi) қойылған өтiнiштiң көшiрмесiн алады.
      Құжаттар пошта арқылы тапсырылған жағдайда, тұтынушы Министрлiктiң ҚҚҚ-да құжаттардың қарауға қабылданғандығы туралы 8(7172)74-10-03 телефоны бойынша бiле алады.
      2) 2 кезең – Министрлiк басшысының сараптаманы өткiзетiн орындаушыны, орынды және уақытты белгiлеуi.
Сараптама - ғылым, техника, өнер, т.б. салаларда арнайы таным, білім мен біліктілікті талап ететін қандай да бір мәселеге зерттеу жүргізу. Сараптаманың ғылыми зерттеуден айырмашылығы сол, ол құбылыстарды емес, болып кеткен жағдайды және оның себептерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

      Тiркелген, тиiсiнше ресiмделген құжаттар пакетi Министрлiк басшысына жiберiледi, соңынан орындаушыға тапсырылады.
      3) 3 кезең – орындаушының құжаттарды сараптама үшiн сараптама комиссиясына жiберудi жүзеге асыруы;
      4) 4 кезең – тұтынушының компьютер жүйесi мен құжаттар пакетiн олардың Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 5732 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi төрағасының 2009 жылғы 27 шiлдедегi № 330 бұйрығымен бекiтiлген, Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютер жүйесiнiң техникалық талаптарға сәйкестiгiне қорытынды беру ережесiмен (бұдан әрi - Ереже) белгiленген техникалық талаптарға сәйкестiгiн айқындау мақсатында сараптамалық комиссияның сараптама жүргiзудi жүзеге асыруы.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Сараптамалық комиссияның қорытындылары бойынша компьютер жүйесi Ережемен белгiленген техникалық талаптарға сәйкес болған жағдайда, еркiн нысанда компьютер жүйесiнiң сәйкестiгi туралы акт толтырылады Акт екi данада құрастырылады, олардың әрқайсысына сараптамалық комиссияның төрағасы мен мүшелерiнiң қолы қойылады. Ресiмделген актi орындаушыға берiледi;
      5) 5 кезең – қорытындыны құрастыру және тұтынушыға беру.
      Актiнi алғаннан кейiн орындаушы екi данадағы қорытынды құрастырады, оған Министрлiк басшысының қолы қойылады.
      Қол қойылған қорытындының бiр данасын орындаушы тұтынушыға бередi. Қорытындының екiншi данасы, сондай-ақ қаралған құжаттар пакетi Министрлiктiң мерзiмсiз сақтауында қалады.
      Тұтынушыға қорытынды беру берiлген қорытындылар журналында тiркеледi. Қорытынды беру үдерiсi Регламентке 1-қосымшада келтiрiлген.
      15. Министрлiктiң құрылымдық-функционалдық бiрлiктерiнiң (бұдан әрi - ҚФБ) iс-әрекеттерi Регламентке 2-қосымшада сипатталған.

«Компьютер жүйелерiн бақылау-касса


машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне
енгiзу үшiн қорытынды беру»  
мемлекеттiк қызмет регламентiне
1-қосымша           

«Компьютер жүйелерiн бақылау-касса  


машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне 
енгiзу үшiн қорытынды беру»      
мемлекеттiк қызмет регламентiне    
2-қосымша               

1-кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы


Негiзгi процестiң iс-әрекеттi (барысының, жұмыс ағынының)

1

Iс-әрекеттiң (барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

Орталық атқарушы органның ҚҚҚ қызметкерi

Орталық атқарушы органның қызметкерi

Сараптамалық комиссия

Орталық атқарушы органның басшысы

3

Iс-әрекеттiң (үдерiстiң, операцияның, рәсiмнiң)атауы және олардың сипаттамасы

Сараптама өткiзу үшiн КЖ иелерi құжаттарын қабылдау және тiркеу

Құжаттарды қарастыру және КЖ сараптамасын жүргiзудi белгiлеу немесе бас тарту бойынша шешiмдi бекiту

КЖ сараптамасы

КЖ сараптамасы қорытындыларын қарау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкiмдiк шешiм)

Тиiстi шешiмдi бекiту үшiн Орталық атқарушы органға ұсыну

КЖ сараптамасын ұйымдастыру бойынша iс-шараларды өткiзу және сараптама қорытындысын құрастыру.

Сәйкестiк актiсiн құрастыру және қорытындыны дайындау.

Қорытындыға қол қою

5

Орындалу мерзiмi

15 минут

5 күнтiзбелiк күн

23 күнтiзбелiк күн

2 күнтiзбелiк күн

  • Ақпараттық технологиялар
  • «Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет регламентi 1. Жалпы ережелер
  • 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар
  • 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi iс-әрекеттер (өзара iс-әрекеттер) тәртiбiнiң сипаттамасы
  • 1-кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы

  • жүктеу 76.46 Kb.