Главная страница
Контакты

    Басты бет


Компьютер және ғаламтордың пайдасы мен зияны

жүктеу 44.34 Kb.



жүктеу 44.34 Kb.
Дата15.04.2017
өлшемі44.34 Kb.

Компьютер және ғаламтордың пайдасы мен зияны


Компьютер және ғаламтордың пайдасы мен зияны


Пән: Информатика 

Сыныптан тыс шара


Мақсаты:
Бүкіл әлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) - компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.
Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.
Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Пікір - сайыс
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа құралдары (көшіру)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім сөзі:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді. Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсаттарында да қолданыла береді.
Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды - жүзеге асырады.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Қажетті құрылғылармен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады. Егер қызықты кино көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады. Оны фильмдер, клиптер, тіпті өзіңіз түсіріп цифрлы күйге түрлендірген бейнежазбаларды да көру мақсатында пайдалана аласыз. Жұмыс істеп тұрған компьютер өз айналасында толқын ұзындығы 1, 5 м болатын электромагниттік өріс құрайды, сол өріс аясына түскен адам зиянды сәуле әсеріне ұшырайды. Осындай сәулелердің тағы да басқа шығар көздері болып ұялы телефондар, микротолқынды пештер, теледидар және радиоқабылдағыштар саналады.
Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Толқын ұзындығы Толқын ұзындығы (орыс. Длина волны) - толқын тербелісінің толық циклінің (периодының) ұзындығы. Оптикалық байланыста, әдетте, үш толқын ұзындығы 0,85; 1,3 және 1,55 мкм пайдаланылады.
Ұялы телефон - радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.
Осындай құралдарды компьютер тұрған жұмыс бөлмесіне орналастырып, оларды пайдалану дұрыс емес, өйткені барлығының да адамға тигізетін әсері қосыла отырып, жалпы зияны артады. Ал олардың денсаулыққа тигізетін зиянды әсері радиация тәрізді бірте - бірте қосыла келе көбейіп отырады. Компьютер алдында ұзақ отырғанда, көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер етуі басым болады. Ауру бірден басталмайды. Бірте - бірте шаршау сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы байқалады, басы айналады, әрі ауыра бастайды. Есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге деген қызығушылығы азаяды, жүрегі сыздап, жиі - жиі салқын тиіп, тәбеті де нашарлайды. Міне, біздің бүгінгі дебат сайысымыз бүгінгі күнде қарқындап дамып келе жатқан компьютердің, оқушылар арасында кеңінен қанат жайып кеткен агент төңірегінде болмақ.
ІІ. Пікірталас шарттары:
1/ Компьютер мен ғаламтордың пайда болуы жайлы.(1 - жақтаушы, 2 - даттаушы) 3 - минуттан 6 минут.
2/ Ғаламтор досымыз ба, әлде жауымыз ба? ( 2 - жақтаушы, 2 - даттаушы) 3 - минуттан 6 минут.
3/ Спикерлердің қорытынды сөзі. (3 - жақтаушы, 3 - даттаушы) 5 минуттан 10 минут.
4/ Қорытынды сөз. (мұғалім)
5/ Көрермендер пікірі, тілегі.
Сөз кезегін бүгінгі сайыскерлерімізге береміз. Ендігі кезекте топ мүшелерімен таныстырып өтелік:
«Жақтаушы» тобының спикерлері:
«Даттаушы» тобының спикерлері:
1.«Жақтаушы» тобының спикері - Әмин:
Армысыздар құрметті көрермен, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет» Ғаламтордың пайдасы өте зор. Алдымен Ғаламторға анықтама берейік. Ол бүкіл ғаламдық тор, бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір - бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Қазіргі уақытта кез келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану – алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай - ақ, электрондық почта өте қолайлы және аса қымбат емес.
Кез келген адам күніне 6 - 7 сағат уақытын компьютер алдында өткізеді Қалаңыз, қаламаңыз, бірақ компьютерсіз жұмыс бітіру әсте қиын. Халықтың ақылды машина мен ғаламторды меңгеруі жұмысты да жеңілдетеді. Алысқа бармай үйде отырып - ақ біраз шаруаны тындырасыз. Осыны ескерсек, нық сеніммен «компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады.
Ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Ғаламтор деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген.
Қарқын (Темп) - тапсырманың орындалуының немесе операцияның, құбылыстың қарқындык дамуының шапшандыгы (кейде тазалығы). Әскери істе Қарқынның мынадай түрлері болады: лап қою қарқынны; шабуыл қарқынны; десант түсіру қарқынны; теңіз десантын түсіру қарқынны, атыс қарқынны т.б.
Америка Америка (ис. América, порт. América, фр. Amérique, кеч. Amirika, айм. Amërika, нидер. Amerika) - Америка-батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия және тағыда басқа жағалауға жақын аралдар кіреді.
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (Кеңес Одағы, КСРО) - Еуропада және Азияда 1922 жылдан 1991 жылға дейiн өмір сүрген мемлекет. КСРО Еуразияның 1/6 бөлiгiнде орналасты және 1917 жылдан дейін Ресейлiк империя Финляндия, Поляк патшалығының бөлiгiнсiз орналасатын және (Карстың жерi, қазіргі Түркия) кейбiр басқа аумақтағы әлемiнiң елдері арасында орналасқан ауданы бойынша өте iрi болды.
Ондай жүйені АҚШ - тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі.
Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.
Бұл мақсатта Лос - Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір - бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып - жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Ғаламтор» деген ұғыммен алмастырылды». Қазіргі кезде Ғаламтормен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық - талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады.
Ғалым (араб.: عالِم‎ - а́лим) - сөзі арабтың а́лим: (дінді) оқыған, оқымысты адамдарына арнап қолданылатын сөзі.
Ұялы байланыс Ұялы байланыс - ☀мобильді радиобайланыстың ұялы желіге негізделген бір түрі☂.

Бұл күнде Ғаламтор тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд. адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
2. «Даттаушы» тобының спикері - Амангүл:
Сәлем бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет. Ғаламтор пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда Ғаламтор әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық - коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.
Жаңа сен бір сөзіңде «компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады деп айтып кеттің. Мүмкін дұрыс та шығар. Алайда, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, «ақылды машинаның алдында көп отыратын ересек адамдардың 92 пайызы жұмыс соңында өзін нашар сезініп, шаршап - шалдығады екен. Дәрігер мамандардың айтуынша, олардың денсаулығына зор нұқсан келеді.
Қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.
Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.
Дәрігерлер «адамзаттың басына түскен дерт пен қауіп - қатердің түп - төркіні компьютерде жатыр» деген тоқтамға келген. Рас, бүгінде жас та, кәрі де монитордан көз алмайды.
Біріншіден, компьютерден зардап шегетін адам ағзасының бір мүшесі – көз. Себебі, әрқилы түске еніп, жалт - жұлт жанатын монитор көзге үлкен күш салады. Екіншіден бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауыруы.
Бұрындары көбінесе монитор өте зиянды дейтін. Мамандар клавиатураның одан да қауіптірек екенін айтады. Себебі, клавиатурадағы төмен диапазоннан тарайтын электромагниттік сәулелер саусақ арқылы ағзаға әсер ететін көрінеді. Нәтижесінде, компьютермен көп жұмыс істеген адам жүйке ауруына ұшырайды. Және де компьютердің алдында көп отырғандар саусақ ауруларына да шалдығады.

  • «Жақтаушы» тобының спикерлері: «Даттаушы» тобының спикерлері
  • Кеңестер Одағы

  • жүктеу 44.34 Kb.