Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Компьютер архитектурасы»

жүктеу 1.83 Mb.



жүктеу 1.83 Mb.
бет6/13
Дата09.03.2017
өлшемі1.83 Mb.

«Компьютер архитектурасы»


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Арифметикалы-логикалық құрылғы

ұл ДК-нің ортанңғы блогы есепті, машинаның барлық жұмысын басқару үшін және информациямен арифметикалық және логикалық операцияны орындауға арналған. Микропроцессор немесе әдетте процессор деп атайды, компютерде оның миы болып табылады. Процессордың негізгібөліктері –арифметикалы-логикалық құрылғы, басқару блогы, жад регистірлері (Сурет 1).

Басқару блогы



группа 433

Жад регистірлері

............................................................................................

Сурет 1. Процессор құрылғысы
Арифметикалы-логикалық құрылғыда сандық және символдық информациялармен арифметикалық және логикалық операциялар орындалады.

Басқару құрылғысы-компьютердің барлық компоненттерінің жұмысын үйлестіреді, яғни белгілі бір басқару сигналдарын қалыптастырып, қажетті уақыттаоларды жібері птұрады, операцияларды орындау үшін жад үяшықтарының адресін пішіндейді және адрестерді ЭЕМ- нің сәйкес блогтарына жібереді.

Тактілік жиілік пен разрядтылық процессордың мінездемесі болып табылады. жұмыс барысында процессор нақты бөлінген уақыт бірлігінде, яғни уақыттың бір аралығында-тактта, нақты операцияларды (жазу, оқу, екі санды қосу сияқты) орындайды. Неғұрлымаз уақыт кетсе немесе процессордың тактілік жиілігі жоғары болса, соғұрлым ақпараттық өңделуі тезірек болатыны анық.

Процессордың тактілік жиілігі мегагерцте өлшенеді. 1МГц тактілік жиілік процессордың сикундына бір млн. қарапайым операциялар орындалуына эквивалентті. Pentium процессордың тактілік жиілігі 1000МГц деңгеіне дейін жетеді.

Процесордың өңдеу кезінде оғна түскен деректердің мазмұны үшін өзінің ұяшығының ішкі жады болады. Оларды регистірлер деп атайды. Процессордың регистірлерінде деректер бір байтта, екі байтта немесе сегіз байтта орналасуы мүмкін. бұл бір байтта регистірлі процессордың, немесе оны тағы да сегіз разрядтты процессор деп те атайды, 1тактіде бір байт өлшемде деректерді өңдей алатындығын білдіреді. Процессордың разряды неғұрлым көп болса, онда компьютер соғұрлым көп информцияны бір такт ішінде өңдеуі мүмкін. Регистірлер машинаның жоғарғы тез әрекеттілігін қамтамасыз ету үшін қолданылады.




«Тоғыз сөздің түйіні»демекші, компьютердің өнімділігі ішкі жад көлеміне, процессордың тактілк жилігіне, процессордың разрядтылығына, кеңарна (магистраль) разрядтылығына байланысты.


Микропрооцессордың интерфейстік жүйесі - процессордың ДК-нің басқа құрылғыларымен байланысын іске асырырады. ЭЕМ-ның типі оның процессорының типі арқылы анықталады. Жоғарыда атап өткен және процессордың негізгі сипаттамалары разрядтылығы және тактылық жиілігі (ЭЕМ-нің жылдамдығын анықтайды) туралы толығырақ тоқталайық.

Разрядтылығы. ЭЕМ бір уақытта бірлік ақпаратты теруімен шектеле алады. Бірлік ақпараттың ең кішісін екілік разряд дейді. ЭЕМ әлемінде бір разряд бит (bit – бөлік) деп аталады. Егер ЭЕМ бір рет сегіз разрядты өңдей алса, онда процессор 8 разрядты деп аталады, егер 32 разрядты болса, онда процессор 32 разрядты деп аталады.

Тактылық жиілік. Жиілік – бұл бір секундтағы тербелістің саны. Тактылық жиілік – бұл бір секундтағы тактының саны. Яғни бір секундта процессор тактыны немесе қозғалысты көп орындаса, онда ол соншалықты тез жұмыс істейді.

Ал оның барлығы IBM PC компьютерлерінің Intel 8088 процессорларынан басталған. Ол 16 разряды бар 4,7 МГц-ті тактылық жиілікпен жұмыс істеді. Одан кейін 16 разрядты Intel 80286 процессоры болды. Intel 80386 процессорының көп мүмкіншілігі болды, ол 32 разрядты болды, оны көпшілік қалады. 1993 жылы майда 64 разрядты Intel Pentium процессоры жасалды. Ал 1995 жылдың соңында Pentium-166 процессоры шықты.

Процессор жадыға тура жол беретін 20 биттік төрт жабдықтау құралдарының каналы, 16 битті үш таймер-санауыш каналы және приоритетті үзуінің бөлімдерінің сегіз каналының көп функцияналдық топтарын сүйейді.

Intel-80386 микропроцессорлары жүзуші үтірлі сандармен жұмыс істейтін арнайы командалары жоқ. Мұндай сандармен жұмыс істегенде әрбір операция олардың алдында ондаған жай операциялар арқылы модельденеді. Бұл ЭЕМ-дерді ғылыми есептеулерде машиналық графикада және де көптеген жүзуші үтірлі операцияларда қолданылуын төмендетеді. Сондықтан IBM PC компьютерларында арнайы орнатылған матиматикалық сопроцессорлар қолданылады. Кез келген модельді IBM PC компьютеріне сәйкес сопроцессор орнатыла алынады. Ол жүзуші үтірі бар операциялардың орындалуын 5 – 15 есе арттырады. Pentium микропроцессорларының өздерінде жүзуші операцияларды орындай алады, сондықтан оларға сопроцессорлар керегі жоқ.


Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Процессор қандай қызмет атқарады?

  2. Микропроцессордың құрамына қандай құрылғылар креді?

  3. Арифметикалы-логикалық құрылғылар қандайқызмет атқарады?

  4. Басқару құрылғысы не істейді?

  5. Тактілік жилік дегеніз не?

  6. Процессордың разрядттылығы дегеніміз не?



Дәріс №11-12 Жадыны ұйымдастыру және қорғаныс (сақтану) режимі. Жадыны қорғау. Процессордың жұмыс жылдамдығын ұлғайту

Мақсаты: Процессор жылдамдығын ұлғайтудың мүмкіндіктерімен таныстыру

Жоспар:


  • Микропроцессордың жалпыланған құрылымы

  • Микропроцессордың негізгі өндірістік салалары

  • Болашақтағы микропроцессор

  • Микропроцессорлық жинақтар

Процессорлардвң параметрлері мен құрылғыларын сипаттау адамды көбінесе шатастырады. Мәліметтер шинасы мен адрес шинасының разрядтылығы, жылдамдығы секілді процессорлардың кейбір параметрлерін қарастырамыз. Процессорларды екі негізгі параметрлерге жіктеуге болады: разрядтылық және жылдамдық. Процессор жылдамдығы - қарапайым түсінік. Жылдамдық мигагерцпен (МГц) өлшенеді; 1 МГц бір сикундтағы миллион тактіге (қадамға) тең. Жылдамдық жоғары болған сайын процессор тез жұмыс жасайды. Процессор разрядтылығы – күрделілік түсінік. Процессорғаа разрядтылық негізгі параметрі болып табылатын үш маңызды құрылғы болып кіреді:

  • мәліметтерді еңгізу және шығару шинасы;

  • ішкі регистрлер;

  • жады адресінің шинасы.

Төмендегі кестеде IBM PC және оған сәйкес келетін компьютерлерде Intel процессорлар тобының негізгі спецификациясы келтірілген. Бұл кестеде Intel фирмасымен сәйкес келетін процессорлар тобының спецификациясы келтірілген. Келесі тарауларда келесі спецификациялар толығырақ қарастырылады.

Pentium II және Pentium III процессорлар платасының 512 Кбайтты екінші деңгейлі кэш – жадысынан тұрып, процессордың жарты жиілігінде жұмыс жасайтынына назар аударыңыз. Ал Xeon процессорларының екінші деңгейлі кэш – жадысы 512 Кбайт, 1 Мбайт немесе 2 Мбайттан тұрып, процессордың жиілігінде жұмыс жасайды. Процессор жиілігінде жұмыс жасайтын екінші деңгейлі кэш – жадысы Celeron және Pentium II РЕ, сондай – ақ AMD – K6 – 3 процессорларында орнатылды. Қазірде жаңа процессорлардың барлығында екінші деңгейлі кэш – жадысы процессор жиілігінде жұмыс жасайды.

Кестеде транзистор санын көрсету кезінде Pentium Pro және Pentium II процессорларына орнатылған 256 немесе 512 Кбайтты стандартты екінші деңгейлі кэш – жадысы транзисторлар ескерілген жоқ. Екінші деңгейлі кэш – жадысы қосымша 15,5 (256 Кбайт), 31 (512 Кбайт) немесе 62 млн. (1 Мбайт) транзистордан тұруы мүмкін.



Процессорлардың жылдамдығы Жылдамдық – бұл процессордың сипаттамаларының бірі, оны көбінесе әр түрлі түсіндіреді. Осы тарауда сіз процессорлардың, оның ішінде Intel процессорларының жылдамдығы туралы білетін боласыз. Әдетте компьютордың жылдамдығы МГц- пен өлшенетін такт жиілігіне байланысты болады. Ол шағын қалайы контейнер ішіне алынған кварц кристалы болып табылатын кварцты резонатор параметрімен анықталады. Кварц кристалында электр кернеуінің әсерінен кристалл формасымен және өлшемімен анықталатын жиіліктегі электр тогының тербелуі пайда болады. Осы айнымалы ток жиілігі такт жиілігі деп аталады. Әдеттегі компьютер микросхемасы бірнеше милион герц жиілігінде жұмыс жасайды (Герц – секундына бір рет тербелу). Жылдамдық мегагерцпен, яғни секундына миллион циклмен өлшенеді. Сурет 1-де синусойдалы дыбыс графигі көрсетілген.


Сурет 1. Такт жиілігі түсінген графика түрінде көрсету
Бұйрықты орындауға жұмсалатын уақыт та тұрақсыз болып келеді. 8086 және 8088 процессорларында бір бұйрықты орындау үшін 12 такт кетеді. 286 және 386 процессорларында бұл көрсеткіш бір операцияға орташа есеппен 4,5 тактіге дейін кішірейді. Pentium процессорында екі паралель конвейерді және басқада қулықтарды қолдану орташа статистикалық бұйрықты орындау уақытын бір тактіге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Соңғы үлгідегі Pentium Pro Pentium II/ III, Celeron және Xeon процессорларында бір такт ішінде кемінде үш бұйрық орнатылды.

Бұйрықты орындауға қажетті тактінің түрлі саны такт жиілігіне (яғни, бір сикундтағы такт саны) ғана негізделген компьютердің өнімділігін салыстыруды қиындатады. Бірдей такт жиілігінде процессордың бірінің екіншісіне қарағанда жылдам жұмыс жасайтындығы неліктен? Оның мәнісі өнімділікте. 486 процессоры 386 процессорымен салыстырғанда жоғары жылдамдыққа ие, себебі оған бұйрықты орындау үшін 386 – ға қарағанда 2 есе кем такт керек болады. Ал Pentium процессоры үшін 486 – ға қарағанда 2 есе кем такт қажет. Осыған байланысты такт жиілігі 133 МГц болатын 486 процессоры 75 МГц такт жиілікті Pentium процессорына қарағанда баяу жұмыс жасайды.

Процессорлардың салыстырмалы нәтежелігін салыстыра отырып, 600 МГц такт жиілігіне жұмыс жасайтын Pentium III процессорының өнімділігінің теориялық тұрғыдан 900 МГц такт жиілігінде жұмыс жасайтын Pentium процессорының өеімділігіне тең екендігін көруге болады. Сондықтан такт жиілігіне ғана сүйеніп, компьютер өнімділігін салыстыруға болмайды, жүйе нәтежілігіне басқа да факторлардың әсер ететінің назарға алу керек.

Орталық процессор нәтежілігін бағалау едәуір күрделі нәрсе. Ішкі архитектуралары әр түрлі болып келетін орталық процессорлар бұйрықтарды түрліше орындайды: бірдей бұйрықтар түрлі процессорларда не тез, не жай орындалуы мүмкін. Әр түрлі жиілікте жұмыс жасайтын түрлі архитектуралары орталық процессорлардысалыстыруда орташа шаманы табу үшін Intel процессорлардың салыстырмалы нәтежелігін өлшеуге арналған эталондық тестінің өзгеше құрамын ойлап тапты. Бұл жүйе жуық арада 32 – разрядты процессорлардың нәтежелігін өлшеу мақсатында толықтырылды. Жүйе iCOMP 2.0 (Intel Comparative Microprocessor Performance – Intel фирмасының микропройцессорының салыстырмалы нәтежелігі ) индексі (немесе көрсеткіші) деп аталады. Кестеде кейбір процессорлардың салыстырмалы өнімділігі, немесе iCOMP 2.0 индексі келтірілген.



iCOMP 2.0 индексі бірнеше тәуелсіз байқау нәтежесінде есептеліп, процессордың салыстырмалы өнімділігін дұрыс сипаттайды. iCOMP индексін есептеу кезінде мультимедиялық қосымшаларды орындауға қажетті операциялар ескеріледі. Pentium III процессорларын шығарған соң Intel фирмасы жаңа iCOMP 3.0 индексін ұсынды. Бұл индексті есептеу кезінде үш өлшемді графика, мультимедия және Интернет технологиясының жұмысы ескерілді. Дұрысында, iCOMP 3.0 индексі 6 тест өлшемінің нәтежесінің қиысуы болып табылады: WinTune 98 Advanced CPU Intiger, CPU Mark 99, 3D WinBench 99 – 3D , MultimediaMark. Осы тест нәтежесінде SSE жаңа бұйрықтар жиыны ескеріледі. Төменде Intel Pentium III процессорларының iCOMP 3.0 индекстері келтірілген:


Дәріс №11-12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Intel фирмасының процессорларының түрлері.

  2. Microsoft фирмасының операциялық жүйесі қандай?

  3. Процессордың жылдамдығы деген не?

  4. Процессордың тактілік жиілігі неге байланысты?

  5. Процессор разрядтылығы?

  6. Процессорғаа разрядтылық негізгі параметрі?

  7. Мәліметтерді еңгізу және шығару шинасы?

  8. Ішкі регистрлер деген не?

  9. Жады адресінің шинасы деген не?


Тәжірибелік сабақтардың жиынтығы

Тәжірибе 1. Дербес компьютерлердің пайда болуы. Алғашқы ДК пайда болғанға дейінгі ЕТ даму тарихының кезеңі. Компьютерлердің дамуының негізгі кезеңдері.

Жоспар:

  • Механикалық калькуляторлар.

  • Бірінші мехнаникалық компьютер.

  • Электронды компьютер.

  • Қазіргі заманғы компьютерлер.

  • Электронды лампалардан транзисторларға.

  • Интегралды схемалар. Бірінші микропроцессор.

  • Дербес компьютердің пайда болуы.

  • IBM компаниясының қазіргі заманғы дербес компьютерлері.


Компьютерлердің даму тарихы

Дербес компьютер (ДК) ғылымға көптеген жаңалықтар ашуға негіз болды. Оның құрылымы мен мүмкіндіктері туралы айтпай тұрып, компьютерлік технологияның негізгі даму этаптары туралы айта кетейік.

Ең алғашқы компьютерлер қарапйым калькуляторға ұқсас болған. Олар қарапайым механикалықтан бастап, күрделі сандық электронды құрылғыларға дейін өсті.

ЕТ негізгі даму кезеңдері:

Төменгі оқиғалар компьютерлік техниканың дамуына үлес қосты.

1617 жылы. Джон Непер (John Napier) қарапайым есептеулерді орындайтын ағаш машина құрастырды.

1642 жылы. Блез Паскаль (Blaise Pascal) сандарды суммалайтын машинаны сипаттады.

1822 жылы. Чарльз Бэббидж (Charles Babbage) механикалық құрылғымен таныстырды, кейіннен оны аналитикалық машина деп атады, оны алғашқы нағыз есептеуіш машина деп атауға болады.

1906 жылы. Ли Ди Форест (Lee DeForest) алғашқы электрондық компьютерларда қосқыш ретінде қолданылатын ваккумды триодты жасады.

1937 жылы. Джон И. Атанасов (John V7 Atanasoff) Атанасова-Берри компьютерімен жұмыс бастайды (АВС), ақырында ол алғашқы электронды – есептеуіш машина болып саналды.

1943 жылы. Ағылшын Алан Тьюринг (Alan Turing) Colossus-ты жасайды.,арнайы құпия жасалған компьютер,неміс әскерінің хабарламаларын расшифрлауға аналған.

1945 жылы. Джон Фон Нейман (John von Neumann) First Draft of a Report on the EDVAC мақаласын жазады, онда қазіргі программалық компьютер архитектурасы қарастырылған болатын.

1946 жылы. Джон Мошли (John Mauchly) мен Дж. Преспером Эккертом (J.Presper Eckert) ENIAC электронды – есептеуіш машинасын жасады.

1947 жылы. 23 желтоқсанда Джон Бардин (John Bardeen), Уолтер Браттейн (Walter Brattain) және Уильям Шокли (William Shockley) алғашқы транзистор тестіленді, жартылай проводталған техникада өзгеріс енгізді.

1949 жылы. Кебридж университетінде Морис Вилке (Maurice Wilkes) ең алғашқы тәжірибелік программалық компьютер EDSAC-ты жасады.

1950 жылы. Миннеаполистегі зерттеу ұйымдары ең алғашқы коммерциялық компьютерді ERA 1101-ді жасады.

1952 жылы. BU.S. Census Bureau –та UNIVAC I компьютері орнатылды.

1953 жылы. IBM компаниясы алғашқы 701 электронды компьютерін жасады.

1954 жылы. Texas Instruments,Inc компаниясында Гордон Тил жасаған,бағасы 2,5 доллар тұратын жартылай проводталған транзистор тұңғыш рет саудаға шықты.

1954 жылы. IBM бірінші массалық калькулятор 650-ді шығарды; сол жылы осы модельдің 450 данасы сатылды.

1955 жылы. Bell Laboratories бірінші транзисторлы компьютер TRADIC-ті шығарды.

1956 жылы. Массачусет технологиялық институтында бірінші көп жүйелі трансизторлы программаланатын компьютер ТХ-0 жасалды.

1906 жылы. IBM 305 RAMAC моделінің пайда болуымен мәліметтерді магниті сақтайтын құрылғылар дәуірі басталады.

1958 жылы. Texas Instruments-тегі Джек Килби (Jack Kilby) бір жартылай проводталған пластинада транзисторлар мен конденсаторлардан тұратын бірінші интегралды схемены жасады.

1959 жылы. IBM 7000 мэйнфрейм сериясын жасайды, олар ірі компанияларға арналған алғашқы транзисторлы компьтерлер.

1959 жылы Роберт Нойс (Robert Noyse) компания Fairchild Camera және Instruments Corp.- интегралды схема жасайды.

1960 жылы. Bell Labs алғашқы Dataphone коммерциялық модемін шығарды.

1960 жылы. DEC компаниясында бағасы 120 мың доллар тұратын PDP-1алғашқы мини компьютері жасалды.

1961 жылы. Datamation журналының мәліметтері бойынша компьютерлік базарда IBM өнімдері 81,2% алды. Сол жылы IBM 1400 системасын шығарды.

1964 жылы. Сеймур Креем жасаған суперкомпьютер СDC 6600,ол секундына 3 млн-ға жуық инструкция орындады, ол жақындағы қарсыласы IBM Stretch-тан 3 есе артық.

1964 жылы. IBM System/360 компьютер жанұясын шығарды.(алты сәйкес модификациясы және 40 переферилді құрылғы).

1965 жылы. Digital Eguipment Corparation алғашқы коммерциялық PDP-8 атты миникомпьютер жобасын жасады.

1969 жылы. АҚШ-тың қорғаныс министрінің бұйрығымен 4 желі сызығы ARPAnet жасалды, ол бүгінгі интернеттің бейнесі.

1971 жылы.Electronic News журналында алғаш рет Intel 4004 микропроцессорына жарнама шықты.

1972 жылы. Newlett-Packard HP – 35 тұрақты жады бар системасымен таныстырды.

1972 жылы. Intel 8008 микропроцессорының дебюты болды.

1972 жылы. Стив Возняк (Stive Wozniak) “көк жәшік”-тоналды генераторын, оның ақысыз телфонды званок жасайтын мүмкіндігі бар болды.

1973 жылы. Xerox компаниясының Пало Альто зерттеу ұйымында Роберт Меткалф (Robert Metcalfe) желілік байланысу әдісі Enternet туралы баяндап берді.

1973 жылы. Micral компаниясы алғашқы Intel 8008 микропроцессор негізінде коммерциялық дербес компьютерін шығарды.

1973 жылы. Дон Ланкастер (Don Lancaster) теледидар қабылдағышының негізінде алғашқы әріпті – сандық монитор TV Typewriter жасады.

1974 жылы. Xerox компаниясының Пало Альто зерттеу ұйымында жұмыс станциясы жасалды, енгізу құрылғысы негізінде тышқан болды.

1975 жылы. Алғашқы Telnet пакеттік каммуникациясының коммерциялық желісі-азаматтық аналог ARPAnet пайда болды.

1975 жылы. Popular Electronics журналының қаңтарлық шығарылымында Intel 8080 процессорының негізінде жасалған Altair 8800 компьютері туралы жазылған.

1976 жылы. Стив Возняк (Steve Wozniak) Apple i. Бір платалы компьютерін жасады.

1976 жылы. Shugart Associates 5.25-дюймдік жұмсақ дискісін және дисководын алғаш шығарды.

1976 жылы Алғашқы коммерциялық векторлы процессор Cray I. жасалды.

1977 жылы Tandy Radio Snack компаниясы TSR-80 компьютерін шығарды

1977 жылы Apple компьютері шықты.

1977 жылы Commodore компаниясы PET(Personal Eletrronic Transactar) компьютерін жасап шығарды

1978 жылы Digital Equipment Сorporation компаниясы Vax 11/780 атты компьютер жасап шығарды,сақтау жадысы 4,3 Гбайт.

1979 жылы. Motorola компаниясы 68000 микропроцессорын шығарды.

1980 жылы Джон Шох Пало Альтоның Xerox зерттеу орталығынан ең бірінші компьютерлік «червя»-шағын программа және ол желілік сетте тез таралып кетті.

1980 жылы Seagete Technologies компаниясы микрокомпьютерге ең бірінші катты диск шығарды.

1980 жыл. Сыйымдылығы 5,25-дюйм жұмсақ дискінің сыйымдылығынан 60 есе артық алғашқы оптикалық диск құрастырылды.

1981 жыл. Xerox компаниясы қолданушының графикалық интерфейсі бар алғашқы Star дербес компьютерін ұсынды.

1981 жыл. Адам Осборн 1 795 доллар тұратын алғашқы Osborne I компьютерін шығарды.

1981 жыл. IBM компаниясы алғашқы РС компьютерін жасап шығарды.

1981 жыл. Sony компаниясы 3,5 дюймдік дискет пен дискіжетекті ұсынды.

1981 жыл. Philips пен Sony компаниясы CD-DA дискіжетегін ұсынды.

1983 жыл. Apple компаниясы қолданушының графикалық интерфейсі бар алғашқы Lisa компьютерін ұсынды.

1983 жыл. Compaq Computer Corp. компаниясы IBM PC компьютерінің клонын жасады.

1984 жыл. Apple компаниясы бір жыл ішінде 1,5 млн. Доллар әкелген қолданушының графикалық интерфейсі бар компьютер шығара бастады.

1985 жыл. Philips компаниясы алғашқы компакт-диск пен CD-ROM жинақтауышын жасап шығарды.

1986 жыл. Compaq компаниясы Intel 386 процессоры орнатылған алғашқы Deskpro 386 компьютерін шығарды.

1988 жыл. Compaq компаниясы және РС жүйесіне негізделген тағы басқа компаниялар компьютердің жаңа және жақсартылған архитектурасын құрастырды.

1989 жыл. Intel компаниясы құрамында миллион транзистор бар 486 процессорын құрастырды.

1993 жыл. Intel компаниясы Р5 негізіндегі алғашқы Pentium процессорын шығарды. Процессордан басқа бұл компания оған арналған жүйелік логика микросхемасының жиынтығын құрастырды.

1995 жыл. Microsoft компаниясы 32-разрядты Windows операциялық жүйесін ұсынды.

1997 жыл. Intel компаниясы Pentium Pro негізінде және MMX инструкциясының қолдауымен Pentium ІІ процессорын шығарды.

1998 жыл. Microsoft компаниясы Windows 98 операциялық жүйесінің жаңа версиясын ұсынды.

1999 жыл. Intel компаниясы Pentium Pro негізінде және SSE инструкциясының қолдауымен Pentium ІІІ процессорын шығарды.

2000жыл. Microsoft компаниясы OC Windows Me мен Windows 2000 операциялық жүйелерін шығарды.

2000 жыл. Intel компаниясы 32-разрядтық жаңа Pentium 4 процессорын ұсынды.

2000 жыл. Intel компаниясы дербес компьютерлер үшін 64-разрядтық Itanium процессорын ұсынды.

2001 жыл. Intel компаниясы жұмыс жиілігі 2Ггц болатын Pentium 4 процессорын ұсынды.

2001 жыл. Microsoft компаниясы Windows XP Home және Professional операциялық жүйесін ұсынды.

2002 жыл. 3 Ггц жиілікпен жұмыс істейтін Pentium 4 процессоры нарыққа шықты.

2003 жыл. AMD компаниясы 64-разрядтық үй және офис жағдайында қолдануға арналған Athlon 64 процессорын ұсынды.
Электрондық компьютерлер

1947ж. заманға сай ЭЕМ-де программалайтын компюьтерлер пайда болды. Олардың қатарына коммерциялық компьютерлер-edvac және univac машиналары шықты, сондай-ақ оған қолданылатын есте сақтағыш құрылғы мен оған қолданылатын прогрммалар мен модульдер сақталды.

Univac машиналары пайда болғаннан кейін,компьютерлік эволюцияның қарқыны дами түсті. Алғаш пайда болған компьютерлерде вакуумдық лампалар қолданылды, кейіннен олардың орнына өлшемі жағынан кішірек келген және де қолайлы транзисторлар пайда болды.

Бұл электрондық ауыстырғыштар екі жағдайда бола алды-қосу және өшіру, оған рұқсат етіліп қолданылатын екілік ақпаратты сақтайды.

Алғашқы компьютерлерде «триод» деп аталатын – вакуумдық лампалар қолданылды, Оны 1906 жылы Ли Де Форест ойлап тапты.Триод үш негізгі элементтерден тұрды,олар шыны вакуумдық лампада орналасты. Бұл катод, анод және оны бөліп тұратын сеткалар. Катод қызыған кезде,ондағы негізгі тоқ көзі анодтағы жиналған электрондарды шығарады. Бірақ вакуумдық лампалар қолайсыз болды,оның ең басты себебі ол тез қызды және де үлкен жүйелерде лампаны екі сағатта бір немесе жиі ауыстырылып отырды.

Электрондық лампалармен салыстырғанда транзистор ауыстырғыш ретінде өте қолайлы және де өлшемі жағынан кіші болды.

2001 жылдың мамыр айында «Intel» компаниясы тез жұмыс істейтін кремнидан жасалған транзысторларды ұсынды, оның көлемі бар болғаны 20 нанометрден тұрды.

Тәжірибе 2-3. ДК компоненттері, жүйелік жобалары және оның мүмкіндіктері. Жедел жады: негізгі түсініктер

Жоспар:


  • ДК үшін программалық жабдықтардың индустриясының стандарттарын кімдер белгілейді.

  • ДК аппараттық құралдар нарығын кімдер бақылайды.

  • Жүйе типтері. Жүйе компоненттері.

  • ROM типті жады.

  • DRAM типті жады.

  • Кэш-жады – SRAM.

  • Жедел жадының жұмыс істеу жылдамдығы.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

  • Басқару блогы

  • жүктеу 1.83 Mb.