Главная страница
Контакты

    Басты бет


Кодекс ережесінің № «kegoc» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары Сақталады

жүктеу 0.62 Mb.



жүктеу 0.62 Mb.
бет1/4
Дата11.02.2020
өлшемі0.62 Mb.

Кодекс ережесінің № «kegoc» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары Сақталады


  1   2   3   4

Түсіндірме жазбаға 1-қосымша


«KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің ережелерін сақтау туралы 2018 жылғы есеп


Кодекс ережесінің

«KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары

Сақталады/

Сақталмайды/ Ішінара сақталады

Қағидаттардың сақталуы/ сақталмауы туралы ақпарат

1-тарау. Үкімет Қор акционері ретінде

1

Компанияның негізгі стратегиялық міндеті – бұл ұзақ мерзімді құнының өсуі және тұрақты дамуы, бұл Компанияның даму стратегиясында көрінеді. Барлық қабылданатын шешімдер мен іс-қимылдар даму стратегиясына сәйкес болуы тиіс.
Ұйымдар өз қызметтерін өздерінің негізгі (бейіндік) қызметі шеңберінде жүзеге асырады. Қызметтердің жаңа түрлерін жүзеге асыру аталған нарықта бәсекелестік болмауы жағдайында немесе Компанияның қатысуы шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал етеді.

Сақталады


Компанияда стратегиялық мақсаттары мыналар болып табылатын 2018-2028 жылдарға арналған, «KEGOC» АҚ даму стратегиясы бекітілген: Қазақстан БЭЖ-інің сенімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету; «KEGOC» АҚ тиімді қызметін қамтамасыз ету; корпоративтік басқаруды жетілдіру және тұрақты даму. Барлық қабылданатын шешімдер мен іс-қимылдар Стратегияға сәйкес және инвестициялық қызметті, технологиялық дамуды және бизнесті цифрландыруды, салынған капиталдың тиімділігін және бизнестің жаңа түрлерін дамытуды, адами капиталды дамыту, қоршаған ортаға қамқорлық және басқаларды көрсететін Компанияның қызметінің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуге жұмсалған. Стратегияны іске асыруды мониторингтеу мақсатында 2018-2028 жылдарға арналған «KEGOC» АҚ даму стратегиясын іске асыру жоспары бекітілген, ол бойынша тұрақты негізде орындау бойынша есептілік ұсынылады. Бұл Компания басшылығына және «KEGOC» АҚ ДК проблемалық мәселелерді жедел түрде шешуге, тәуекелдерді бақылауға және түзетуші шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Стратегиялық ҚНК орындауды бақылау жыл сайын бес жылға жылжымалы негізде бекітілетін Компанияның Бизнес-жоспарын (Даму жоспарын) мониторингтеу арқылы жүзеге асырылады.

Компанияның инвестициялық қызметі Стратегияны іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

2018 жылы Компания өз қызметін «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттеуші басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырды.


5

Үкімет Компанияға толық операциялық дербестік береді және Үкімет пен мемлекеттік органдар тарапынан заңдарда, актілерде және Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмалары көздеген жағдайлардан басқа жағдайларда жедел (ағымдағы) және инвестициялық қызмет тарапынан араласуға жол бермейді. Компанияның органдары толықтай дербес және шешімдер қабылдау мен өз құзыреті шеңберінде кез келген іс-қимылдарды жүзеге асыру кезінде дербес.

Сақталады


«KEGOC» АҚ мемлекеттік және жергілікті билік органдарымен және бақылаушы органдармен серіктестік және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау қағидаттарында өзара іс-қимыл жасайды.

2018 жылы Үкімет және мемлекеттік органдар тарапынан Компанияның жедел қызметіне тікелей араласу фактілері болмады.Стратегиялық мәселелер және операциялық қызмет мәселелері бойынша барлық шешімдерді Директорлар кеңесі мен Басқарма өз бетінше, бұл ретте мемлекеттік бағдарламалар мен нормативтік құжаттарды есепке ала отырып қабылдады.



8

Компанияның инвестициялық қызметі нарықтық қағидаттарда Стратегияға сәйкес жүзеге асырылады және құнның өсуіне және активтердің оңтайлы құрылымына бағытталған. Компанияның табыстылығы төмен және әлеуметтік-маңызды жобаларын іске асыру жағдайлары Компанияның жылдық есебінде осындай жобаларды қаржыландыру көздерін көрсете отырып ашылуы тиіс.

Сақталады


Директорлар кеңесі бекіткен «KEGOC» АҚ даму стратегиясында Компанияның мемлекет экономикасындағы миссиясын орындау үшін іске асырылатын инвестициялық жобалар портфелі бар. «KEGOC» АҚ ресурстары мен инвестицияларын тиімді бөлу, басқару үшін «KEGOC» АҚ инвестициялық қызметті және жобаларды басқаруды жоспарлауда портфельдік амалды ендіруді жоспарлап отыр. Бұл жобалар портфелін тиімді басқаруға және тез өзгеретін орта және нарықтық мүмкіндіктер жағдайында ұзақ мерзімді құн жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Компанияның инвестициялық қызметі туралы ақпарат жылдық есептерде толықтай жазылады ( Бизнес-жоспарды, даму стратегиясын және Стратегияны іске асыру жоспарын және басқаларды орындау мониторингі).



14

Компания жоғары этикалық стандарттарды ұстануы және бұл стандарттарды Компанияның барлық қызметкерлері және серіктестері тұрақты түрде қолдауын қамтамасыз ету үшін қажетті рәсімдерді ендіруі тиіс.

Болжалынып отырған бұзушылықтар туралы хабарламалар тікелей ІАҚ немесе Директорлар кеңесіне жіберілуі тиіс. Атқарушы орган және қауіпсіздік қызметін қоса алғанда, оның барлық құрылымдық бөлімшелері ІАҚ немесе Директорлар кеңесіне ықтимал бұзушылықтар туралы хабарламаларды жіберуге кедергі келтірмеулері тиіс.



Сақталады


Компания (лауазымдық тұлғалар және қызметкерлер) жоғары этикалық стандарттарды ұстанады, Директорлар кеңесі бекіткен Мінез-құлық (іскери этика) кодексі сақталады. Директорлар кеңесінің, Басқарманың барлық мүшелері, сонымен қатар Компанияның қызметкерлері Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 30 қарашадағы шешімімен (№12 хаттама) бекітілген Мінез-құлық (іскери этика) кодексі ережелерімен таныстырылды.

Сонымен қатар, Компанияда стейкхолдерлер Мінез-құлық (іскери этика) кодексі бұзылуы себебі бойынша өтініш білдіре алатын омбудсмен институты құрылды. Директорлар кеңесі келіп түскен хабарламалар (арыздар), қабылданған іс-қимылдар және т.б. туралы есептерді мезгіл-мезгіл алып отырады.

«Самұрық-Қазына» АҚ-да (бұдан әрі-Қор) ол арқылы Қордың қызметкерлері және басқа да стейкхолдерлер Қорда жасалған немесе жасалынып жатқан бұзушылықтарға қатысты алаңдаушылық білдіре алатын бастамашы ақпараттандыру бірыңғай «жедел байланыс» ендірілген. Аталған «жедел байланысты» әкімшілендіру үшін Қор «Делойт» ЖШС тәуелсіз ұйымды тартты; жаңа «жедел байланыс» бойынша деректер «KEGOC» АҚ сайтында жаңартылды.

2017 жылы Компанияда Комплаенс-офицердің лауазымы ендірілді, бірақ 2018 жылы аталған лауазым бос болды және этикалық стандарттарды қолдану функциялары уақытша Омбудсменге жүктелді.

Сонымен қатар, Қорда Қордың портфельдік компаниялары қабылдайтын сатып алу қызметін басқару жөніндегі стандарт ендірілді.

Компанияның сатып алу қызметін басқару жөніндегі Қор стандартына сәйкес алдын ала біліктілік іріктеуінен өткен әлеуетті жеткізушілер арасында сатып алулар жүргізіледі. Алдын ала біліктілік іріктеу жүргізу кезінде әлеуетті жеткізушілер құқықтық құрауыш; әлеуетті жеткізушінің шарттық жұмысын ұйымдастыру; әлеуетті жеткізушінің ресурстары; тауарлар, жұмыстар, қызметтер сапасын қамтамасыз ету; жобалар мен тәуекелдерді басқару сияқты өлшемдер бойынша бағаланады.





2-тарау. Қор мен ұйымдардың өзара іс-қимылы. Ұлттық басқарушы холдинг ретіндегі Қордың ролі

1

Компаниядағы корпоративтік басқару жүйесі Компанияның қызметін тиісінше басқаруды және бақылауды қамтамасыз етеді және ұзақ мерзімді құнының өсуіне және тұрақты дамуға бағытталған.

Сақталады


Компания Жарғысына сәйкес, Директорлар кеңесі Компания қызметінің бағытын белгілейді, 10 жылға Даму стратегиясын және ірі акционердің болжалын іске асыру үшін 5 жылға арналған орта мерзімді даму жоспарын бекітеді. Осылайша, 2018-2028 жылдарға арналған «KEGOC» АҚ Даму стратегиясы мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламаларды, сонымен қатар 2018-2028 жылдарға арналған «Самұрық-Қазына» АҚ Даму стратегиясын және акционердің ұзақ мерзімді және орташа мерзімді болжал-хаттарын есепке ала отырып әзірленді. «KEGOC» АҚ Даму стратегиясымен мына мақсаттар белгіленді: «Қазақстан БЭЖ-і сенімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету», «KEGOC» АҚ тиімді қызметін қамтамасыз ету» және «Корпоративтік басқаруды жетілдіру және тұрақты даму». Басқарма Стратегияның даму жоспарын іске асыруды және бекітілген стартегиялық ҚНК-ға Директорлар кеңесінің алдында мезгіл-мезгіл есеп бере отырып қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесі ірі акционердің орта мерзімді Болжал-хатын есепке ала отырып әзірленген 2019-2023 жылдарға арналған «KEGOC» АҚ Бизнес-жоспарын (Даму жоспары) қарады және бекітті.

2

Компаниядағы корпоративтік басқару жүйесі Компанияның қызметін басқаруды және бақылауды қамтамасыз ететін процестердің жиынтығын, сонымен қатар атқарушы орган, Директорлар кеңесі, акционерлер және мүдделі тұлғалар арасындағы қарым-қатынастар жүйесін білдіреді. Органдар құзыреттері және шешім қабылдау тәртібі жарғыда анық белгіленуі және бекітілуі тиіс.

Сақталады


Компанияда корпоративтік басқару жүйесі мыналарды қамтамасыз етеді:

  1. Мәселелерді қарау тәртібі және шешімдер қабылдау иерархиясын сақтау: Директорлар кеңесіне шығарылатын барлық мәселелерді Директорлар кеңесінің мамандандырылған тиісті Комитеттері мұқият қарайды;

  2. Директорлар кеңесі, Басқарма, лауазымды тұлғалар және қызметкерлер арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді айқын шектеу: органдардың құзыреттері, өкілеттіктері және жауапкершіліктері Жарғымен, Акционерлердің жалпы жиналысы, Директорлар кеңесі және Басқарма туралы ережемен белгіленген; «Міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу туралы» Басқарма төрағасының бұйрығымен «KEGOC» АҚ Басқармасы мүшелерінің жауапкешілік аймақтары айқын шектелген; филиалдарды қоса алғандағы Компанияның құрылымдық бөлімшелері өз қызметін Бөлімшелер туралы ережелердің негізінде жүзеге асырады; әрбір лауазымға лауазымдық нұсқаулықтар әзірленген.

  3. Директорлар кеңесі және Басқарма шешімдерді уақтылы және сапалы қабылдайды;

  4. Заңнамаға және Директорлар кеңесі мен Басқарманың ішкі құжаттарына сәйкестік.

4

Қор компанияларды басқаруға акционердің функцияларын іске асыру арқылы, сонымен қатар Директорлар кеңесі арқылы, компанияның жарғылары және осы кодекс белгілеген тәртіпте қатысады.

Қор жыл сайын Директорлар кеңесінің төрағасына және компанияның Директорлар кеңесіндегі Қор өкілдеріне алдағы қаржылық жылға арналған акционердің болжалдарын жібереді.

Компаниялардың Директорлар кеңестерінің Компания жарғысы белгілеген өз құзыреті шеңберінде шешімдер қабылдауда толық дербестігі бар.

Жекелеген мәселелер бойынша Қордың ұстанымдары Компанияның Директорлар кеңесіндегі Қор өкілдері арқылы жеткізіледі.



Сақталады

«Самұрық-Қазына» АҚ, Компанияның ірі акционері болғандықтан, Компанияны ұзақ мерзімді және орташа мерзімді болжал-хаттар жіберу арқылы және өз өкілдерінің Директорлар кеңесінде, Акционерлердің жалпы жиналыстарына қатысу арқылы басқаруға қатысады.

Директорлар кеңесінің құрамында ірі акционердің үш өкілі қатысады, үш тәуелсіз директордың болуы сраланған шешімдерді қабылдауды қамтамасыз етеді.


6

Таза кірісті акционер ретінде Қордың пайдасына бөлу нысандандырылған және шынайы дивидендтік саясат негізінде дивидендтер нысанында жүзеге асырылады.

Сақталады

Компанияда Дивидендтік саясат туралы ереже бекітілген – дивидендтерді белгілеу және төлеудің неғұрлым шынайы рәсімдері нысандандырылған құжат. Акционерлерге арналған дивидендтерден басқа қайта бөлулер көзделмеген.

7

Компанияны басқаруды Компания органдары Жарғы белгілеген құзыреттер мен тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.

Сақталады

Мыналар Компанияның органдары болып табылады: жоғары орган – Акционерлердің жалпы жиналысы, басқару органы - Директорлар кеңесі, алқалы атқарушы орган - Басқарма. Әр органның және Директорлар кеңесінің және Басқарманың төрағаларының құзыреті «KEGOC» АҚ Жарғысымен, сонымен қатар тиісті ережелермен белгіленген. Компания органдарының функцияларын қайталау жоқ.

8

Компания және оның лауазымдық тұлғалары Компанияның ұзақ мерзімді құнының өсуіне және тиісінше Компанияның тұрақты дамуына және қабылданатын шешімдер мен іс-қимылдар/әрекетсіздіктер үшін Қазақстан Республикасы заңнамасы мен ішкі құжаттары белгілеген тәртіпте жауапты.

Компанияның, атқарушы органның қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі элементі ҚНК жүйесі болып табылады. Қор Директорлар кеңесіндегі өз өкілдері арқылы Компанияға ҚНК жөніндегі өз болжалдарын жібереді. Компания ҚНК-сінің тізбесі және нысаналы мәндері Компанияның Директорлар кеңесімен бекітіледі.

ҚНК қол жеткізу мақсатында Компания тиісті даму жоспарларын әзірлейді.

Компанияның ҚНК-ге қол жеткізуін бекітілген даму жоспарымен салыстырғанда жыл сайынғы негізде бағалау жүзеге асырылады. Осы бағалау басшы мен атқарушы органдардың мүшелеріне сыйақы беруге ықпал етеді, қайта сайлау кезінде назарға алынады, сонымен қатар атқарып отырған лауазымынан шеттету үшін негіз болып табыла алады.



Сақталады


Стратегияда белгіленген «KEGOC» АҚ қызметінің тиімділігін басқару және «KEGOC» АҚ стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу мақсатында ҚНК дарағы әзірленді және бекітілді. Стратегиялық ҚНКтізбесі (1-деңгейлі ҚНК) Қордың ҚНК дарағына сүйене отырып жасалды және «KEGOC» АҚ ДК бекітіледі. Стратегиялық ҚНК-лар бұдан әрі Компанияның ұйымдық құрылымы бойынша төмен қарай каскадталады, бұл «KEGOC» АҚ нақты басшы/басқарушы қызметкерлері арасында мақсаттарға (ҚНК) қол жеткізу үшін жауапкершілікті «KEGOC» АҚ ұйымдық құрылымындағы олардың роліне сай бөлуге мүмкіндік береді.

«KEGOC» АҚ Басқармасы мүшелерінің қызметін жыл сайын бағалау олардың мотивациялық ҚНК орындау негізінде жүзеге асырылады, олар басшы қызметкерлерге сыйақы беру жүйесіне олардың күштерін осы есептік кезеңдегі басым мақсаттарға қол жеткізуге жинақтау үшін енгізілген. Оларды басшы қызметкерлердің орындауы үшін жауапкершілігі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі. Көрсеткіштердің мәндері Басқарма мүшелеріне сыйақы беруге ықпал етеді, оларды қайта сайлау кезінде назарға алынады, сонымен қатар оларды атқарып отырған лауазымынан мерзімінен бұрын шеттету үшін негіз болып табыла алады.



9

Холдингтік компанияның Директорлар кеңесі басқару тиімділігін, ұзақ мерзімді құнның өсуін және оның тобына кіретін барлық заңды тұлғалардағы тұрақты дамуды қамтамасыз етуі тиіс. Холдингтік компанияның тобында тиімді басқару нәтижелері болып операциялық қызметтің артуы, есептілік сапасын арттыру, корпоративтік мәдениет пен этиканың жақсартылған стандарттары, үлкен ашықытық пен шынайылық, тәуекелдердің азаюы, ішкі бақылаудың тиісті жүйесі табылуы тиіс.

Сақталады


Жарғыға сәйкес «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қызмет мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды, активтерді басқару мәселелерін реттейтін құжаттарды бекітеді, еншілес ұйымдарға лауазымды тұлғаларды тағайындауға қатысты саясаттарды әзірлейді. Компанияда «еншілес ұйымдардың Директорлар кеңесіндегі KEGOC» АҚ өкілдерінің қызметтерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша регламент бекітілді. Еншілес ұйымдардың жарғыларымен еншілес ұйымдардың органдарының өкілеттіктері мен құзыреттері шектелген. «KEGOC» АҚ, еншілес ұйымдардың жалғыз акционері/құрылтайшысы бола отырып, барлық Топ үшін қызметтің негізгі салаларындағы бірыңғай саясатты белгілейді. «KEGOC» АҚ еншілес ұйымдары, дербес ұйымдар бола отырып, толықтыру/нақтылау мақсатында өзінің ішкі нормативтік құжаттарын (жоспарлау, тәуекелдерді басқару және т.б. саласында) әзірлей алады.

3-тарау. Тұрақты даму


1

Компания экономика, экология және қоғамға өзінің ықпалының маңыздылығын сезінеді және ұзақ мерзімді құнының өсуіне ұмтыла отырып, ұзақ мерзімді кезеңдегі тұрақты дамуын мүдделі тараптардың мүделлерінің теңгерісін қамтамасыз етулері тиіс. Мүдделі тұлғалармен жауапты, ойластырылған және ұтымды өзара іс-қимыл амалы Компанияның тұрақты дамуына ықпал етеді.

Сақталады


“KEGOC» АҚ даму стратегиясы еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру, корпоративтік басқаруды жетілдіру, адами капиталды дамыту және қоршаған ортаға қамқорлық бойынша міндеттерді қоса алғандағы «Корпоративтік басқаруды жетілдіру және тұрақты даму» стратегиялық мақсаттары белгіленді. Сонымен қатар осы бағыттардағы ҚНК белгіленген. 2018-2028 жылдарға арналған «KEGOC» АҚ даму стратегиясын іске асыру бойынша жоспарға стратегиялық мақсаттар мен жоспарланған ҚНК көрсеткішітерне қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кіреді. Директорлар кеңесі Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес оның құрамдас бөлігі болып табылатын «Тұрақты дамуды» басқаруды қоса алғандағы корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша іс-шараларды белгілейді. Компанияда осы үш бағыт бойынша тәуекелдерді іске асыруға жол бермеу үшін ескертуші және реактивтік іс-шаралар көзделген Тәуекелдер тізілімі мен картасына сәйкес. Директорлар кеңесі тұрақты даму саласындағы басқару жүйесі бойынша басшылық бекітілді, оған сәйкес «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ және оның еншілес ұйымдарының тұрақты даму саласындағы қызметінің жалпы қағидаттарын белгілейді, қайта қарайды және бекітеді, Тұрақты даму саласындағы тиісті жүйенің қалыптасуын және оның ендірілуін қамтамасыз етеді.

Аталған басшылық Компанияның ЕҰ қамтиды.

Аталған құжаттың ережелері тоқсан сайын (арнайы әзірленген әдістемелік құрал түрінде) Директорлар кеңесі мүшелеріне және Компанияның барлық қызметкерлеріне танысу/еске салу үшін жіберіледі.

«KEGOC» АҚ Басқармасы мақсаттарды, міндеттерді іске асыру және үш құрамдауыш: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік бойынша ішкі және сыртқы жағдайларды мұқият, терең және сараланған талдау негізінде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі белгілеген индикаторларға қол жеткізу үшін тиісті жоспарларды, бағдарламаларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

2017 жылы Компания негізінде Мүдделі тұлғалармен коммуникация жоспары әзірленген стейкхолдерлер картасы жаңартылды.

Корпоративтік басқаруды диагностикалау барысында тұрақты дамуды жетілдіруге арналған салалар айқындалды. 2019 жылы Компания басқарудың негізгі жүйелерімен бірге тұрақты дамудың бағыттарын: корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару жүйесі, ішкі бақылау, стратегиялық және бизнес жоспарлау және т.б. тиімдірек біріктіру жөніндегі жұмыстарды жоспарлап отыр.



2

Компания ұзақ мерзімді құнының өсуіне, бұл ретте өзінің тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып ұмтылуы және мүдделі тұлғалардың мүдделерінің теңгерімін сақтауы тиіс. Тұрақты даму саласындағы қызмет үздік халықаралық стандарттарға сәйкес болуы тиіс.

Сақталады


3

Компания өзінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарын, соның ішінде, акционерлер мен инвесторлар үшін ұзақ мерзімді құнының өсуін қоса алғандағы ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты даму үшін келісімін қамтамасыз етуі тиіс. Компаниядағы тұрақты даму үш: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік құрамдастан тұрады. Компания өз қызметі мен тәуекелдерін берілген үш аспекті бойынша талдауы тиіс, сонымен қатар өз қызметінің нәтижелерінің мүдделі тұлғаларға теріс әсерін болдырмауы және азайтуы тиіс.

Сақталады


4

Тұрақты даму саласындағы қағидаттар болып ашықтық, есептілік, шынайылық, этикалық мінез-құлық, мүдделі тұлғалардың мүдделерін құрметтеу, заңдылық, адам құқығын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік, мүдделер шиеленсін болдырмау, жеке басының үлгісі табылады.

Сақталады

  1   2   3   4

  • Кодекс ережесінің № «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары С ақталады
  • 2-тарау. Қор мен ұйымдардың өзара іс-қимылы. Ұлттық басқарушы холдинг ретіндегі Қордың ролі
  • Сақталады 3
  • Сақталады 4

  • жүктеу 0.62 Mb.