Главная страница
Контакты

    Басты бет


Күні: Сыныбы: 6 Пән мұғалімі: Аимбетова Г. Кіріспе. Көрініс

жүктеу 135.34 Kb.



жүктеу 135.34 Kb.
Дата14.04.2017
өлшемі135.34 Kb.

Күні: Сыныбы: 6 Пән мұғалімі: Аимбетова Г. Кіріспе. Көрініс



Күні: Сыныбы: 6 Пән мұғалімі: Аимбетова Г.
Кіріспе. Көрініс «Бүгінгі таңдағы мұғалім, оқушы және ата- ана үшін әлеуметтік желілердің ролі».
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Мұғалім Мұғалім немесе оқытушы - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.
Әлеуметтану Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Баяу әуен ойнап тұрады. Сыныпта мұғалім мен оқушы отыр.



Мұғалім:

Оқушы мына жастардың,

Келешегін ойланам.

Зеңді алғыр жастар аз,

Білімге терең бойлаған.

Интернет пен агент тұр,

Бар әлемді жайлаған

Алыстатып білімнен,

Жастардың жолын байлаған.

Оқып білім алмаған,

Дей ме екен жастар «қой бағам»

Тосқауыл қойып әлеуметтік желіге,

Ден қою керек білімге

Өмірге керек қорегің,

Ойлаңдар жастар, білімде.

Көп оқыңдар кітапты,

Өзіңнің ана тіліңде

Агент,ВК, Ватцап,твиттерге алданып,

Тегіс жерде сүрінбе.

Кітаптан алсаң білімді,

Жарқырап сенің тұрады,

Аспандағы күнің де.



Оқушы:

Керектіні өмірге,

Агент, ВК, Другтан біз аламыз.

Түрлі-түсті фотоларды көз тартар.

Мирымызға саламыз.

Миллиондаған достармен,

Жақындайды арамыз.

Мұхитың, өзен, теңізің,

Ішінде барлық қаламыз

Іздегеннің барлығын,

Агенттен дереу табамыз.

Оқыңдар дейді кітапты,

Мұғалім, ата- анамыз.

Кітапты оқи күндіз- түні,

Қатардан қалай қаламыз.

Әлеуметтік желіге,

Бауыр басып қалғанбыз.

Анасы:

Интернет, агент бұл күнде

Жаулайды жастар санасын.

Кітаптан емес керегін

Агенттен болды табатын.

Қатаймайды қанатың

Ой-санаңды аздырып,

Жастарым қайда барасың?

Ұстаздан білім алмасаң

Робот болып қаласың.

Жасалу керек бір жағдай,

Желіге тоқтау салатын.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

Оқушы:

Түсіндім, апа, бәрінде,

Ғаламтор құлы болмаймын.

Ұстазымды қолдаймын.

Кітап оқып, білім ап,

Болашағымды қорғаймын.


Сабақтың тақырыбы: «Компьютердің пайдасы және зияны»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
білімгерлерді ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.

Дамытушылық: білімгерлердің зердесін көтеріп, ақыл - ойын дамыту. 
Тәрбиелілік: білімгерлерді алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа ұстамдылыққа, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Дебат /пікірталас/
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру, айтыс және көркемсөз оқу/
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / сурет – плакаттар, құрал – заттар,нақыл сөздер мен бүктемелер /

Бүгін компьютердің пайдасы туралы сіздерге «Намыс» тобы сөз қозғайды, яғни- жақтаушылар. Ал компьютердің зияны туралы «Мұрагер»тобы-даттаушылар әңгімені өрбіткелі келіп отыр.


Бүгінгі ашық пікір – таластың шарттарымен таныстырып өтейік.
1. Әр топ өздерін таныстырады;
2. Пікірталасу (екі топтан ойларын айтатындар кезектесіп шығады. Регламинт 3 - 5 минут)
3. Екі топ өзара айтысады.

4. Сергіту сәті. Оқушылар М. Мақатаев поэзиясынан көркемсөз оқиды.



5.Ұсыныстар алмасу
6. Ашық дауыс беру (көрермендер, әділ -қазылар)
7. Сіз интернетке тәуелдісіз бе?
Интернет Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
- көрермендерге арналған тест.

8. Қорытынды. Сарапшыларды тыңдаймыз.
ІІ. Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар айтыстарда неше бір
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл
демекші ,сарапшыларымызбен таныс болыңыздар.
Сарапшыларымыз:
1.Шайхстамова Бибайша– қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2. Асанова Ғалия – тарих пәнінің мұғалімі
3. Даирбекова Жансая-мектеп психологы.

Сөз кезегі ойыншыларға беріледі топ мүшелері өздерін таныстырса.
1. Алғашқы сөз кезегін жақтаушы, яғни «Компьютердің пайдасы» туралы айтушы «Намыс» тобының топ басшысы 6- сынып оқушысы Әдімхан Ақниет ханымға береміз.
Армысыздар құрметті көрермендер, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің қойған сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұсынып отырған позициямыз «Компьютер керек, біздің өмірімізге қажетті құрылғы. Компьютердің пайдасы өте зор».
ХХІ ғасыр адамзат баласының ой - өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез - келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік.
Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) - компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.
Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Өзіңізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз.
Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп - қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60 - 80 сөз, 6 - 8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады екен. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни, жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.
Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез - келген қоғам мүшесі ең әуелі шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген тірліктеріңіз оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей…Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс.
Жаңа заман еуропалық мәдениеті Еуропа үшін жаңа заман (XVII-XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы.
Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Сөзімді қорытындылап келіп жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде - осыған байланысты компьютерде еркін жұмыс істеу, одан информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады. Құлақ салып тыңдағандарыңызға рахмет.
2. «Мұрагер» тобының басшысы 6- сынып оқушысы Айғаным ханым сіздің ойыңызды тыңдауға әзірміз:
Сәлем бердім қауымға. Біздің қарсыластарымыз: «Құжатты әдемі таза жазып, компьютерде сақтап қоюға болады» дейді. Мысалы электр тоғы жұмыс кезінде өшіп қалса, біз теріп отырған жұмыстарымызда лезде өшіп, жойылып кетеді. Соның нәтижесінде жұмысымызды қайта жасауға тура келеді. Ал бұған екі есе уақыт кетеді. Компьютердің алдында үздіксіз жұмыс істеу, қан қысымын көтереді. Миопия яғни, көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілеті нашарлайды. Құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейді. Сонымен қатар, омыртқаға көп күш түсетіндіктен, (сколиоз омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауыруына шалдығуы мүмкін. Электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді.
Жақында Ресейлік бір телебағдарламада мынандай қанқұйлы оқиғаны көрсетті. 12 жасар бала үйіндегі компьютермен түрлі қанқұйлы атыс - шабыс ойындар ойнап, компьютер алдынан шықпай қояды. Бұған ыза болып ашуланған әкесі пышақ алып компьютердің желілерін кесіп - кесіп тастап, пышағын столдың үстіне қойып, өзі төргі үйдегі диванның үстіне демалып отырса, ұлы жаңағы пышақты алып, жүгіріп келіп, бейне ата - жауын көргендей әкесінің тура жүрегіне пышақты қадаған. Әкесі сол жерде жан тапсырған. Жақын көршілерімізде болып жатқан осындай келеңсіз жағдайлар, бірде болмаса бірде бізде де орын алмасына кім кепіл?
Компьютерлік ойындардың негізгі түрі атыс - шабыс, төбелес, зорлық - зомбылықтар болып келеді. Бала сыртқы дүниені ұмытып, қым - қиғаш соғыс немесе сатырлаған төбелестің ортасында жүреді. Осындай кездерде баланың жүйке - жүйесі бұзылып, ашу - ызаға жол береді. Бірте - бірте баланың бойындағы мейірімділік, ізгілік қасиеттері, ата - ананы сыйлау қабілеті азаяды. Осылайша жалғаса берсе, баланың әдеби кітаптарға, ізгілік қасиеттілік ойындарға қызығушылығы төмендеп, компьютерге тәуелділікке әкеліп соғады.
Мейірімділік - адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.
Кітап (араб.: ‎ – жазба) - мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды.
Қорыта айтқанда, әр нәрсені қолданудың өз орны бар екенін ұмытпайық.Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:
Көздің көру қабілетін төмендетеді;
Омыртқалардың қисаюына әкеледі;
Жүйкеге салмақ түсіреді;
Шаршағыштық, әлсіздік басады.
Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады". Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл - ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл - күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады.
3. «Намыс» тобының мүшесі 6- сынып оқушысы Меруерт ханым сөз кезегі өзіңізде.
Құрметті көрермендер, бұл сұраққа мен жауап берейін. Компьютер жұмыс жасап отырғанда кенеттен электр тоғы сөнді дейік, бұл жағдайда сіздер біреулеріңнің керек компьютерге UPS / Источник безперебойного питания / құрылғысы қосылып тұру керек. Сол арқылы тоқ сөнген кезде осы құрылғы бойына 20 - 30 минут аралығына дейін тоқ сақтап тұрады. Ол компьютерге беріліп, сіз жұмысыңызды сақтап, тіпті принтермен бірнеше көшірмесін жасап үлгересіз. Ал егер ол құрылғы қосылып тұрмаса, тіпті жоқ болған кезде Файл – Сохранить немесе Құрал – сайманда тақтасындағы сақтау батырмасын әр 5 минут сайын басып отыру қажет. Сіздерге компьютермен жұмыс жасауға отырмас бұрын мына кеңестерді басшылыққа алып жүруді ұсынамын.
1. Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 сантиметр қашықтықта тұруға тиіс.
2. Экранның жоғарғы бөлігі көздің тұсынан төмендеу тұрғаны жөн.
3. Жұмыс жасайтын жерде бірнеше компьютер болса, ара қашықтығы 1 метрдей болсын.
4. Мүмкіндігінше, компьютердің артының қабырғаға қарап тұрғаны дұрыс.
5. Компьютер тұрған бөлмеде шаң болмауы қажет. Шаң - өте зиянды.
6. Компьютер тұрған бөлменің ауасын тазалап тұрады, компьютердің жанына су құйылған ыдыс қояды.
Үзіліс кезінде көзге жаттығулар жасайды: көзді жоғары - төмен, оңға - солға, айналдыра қозғалтады, алысқа көз жібереді, терезеге қарайды, сонан соң көзді жақын маңайға қарауға бағыттайды.
8. Компьютерлік көру қабілетінің синдромдарын жою үшін экран бетіне түсіп тұратын сәулелі шағылысу дақтарын жояды. Мұндай сәулелі шағылысу дақтары жоғарыда, артта орналасқан люстрадан, терезеден түскен жарықтан, үстел үстіне арналған шамнан түсуі мүмкін. Сол себепті, мониторды сөндіріп, экран бетінің шағылыспай, қалыпты жағдайда тұрған - тұрмағанын тексеріп алады. Егер сәулелі шағылысу дақтары байқалса, экран алдына айна қойып, оның қайдан түсіп тұрғандығын анықтайды.
4. «Мұрагер» тобының мүшесі 6- сынып оқушысы Шаттық жолдас сіздің ойыңыз.
Армысыздар аса қадірлі көрермен. Қазіргі кезде жұқа экранды мониторлар денсаулыққа қауіпсіз делінгенімен, бірақ әлі де оның белгілі мөлшерде электромагниттік сәулелерді бөліп шығаратыны айтылуда. Ал ескі мониторлардың зияны тіптен жоғары. Сондықтан үстеліңізде ескі монитор тұрса одан ертерек құтылғаныңыз жөн.
Демалыссыз ұзақ уақыт бойы компьютер алдында отыру көзге көп кері әсерін тигізеді. Көруді нашарлатады.
Қол саусақтарымен перне тақтаны үнемі басқан соң жансыздану, әлсіздік пайда болады, Бұл қол ұшының буын және байланыстырушы аппаратының бұзылуына әкеледі, ал бұдан әрі қарай қол ұшының ауыруы созылмалы жағдайға өтеді.Компьютерде және оның маңында шаң көптеп жиналады, бұл сол жұмыс аумағын ластайды. Лас болған жерде әртүрлі микробтар, бактериялар болады.
Перне (Клавиша; key) - 1) пернетақтадағы бір перне; оны басқанда таңбаға сәйкес код қалыптасады да, ол экранға шығады немесе белгілі бір әрекет іске асады; 2) криптографиялық кілт - ақпаратты шифрлау және кері шифрлау үшін пайдаланылатын құпия код (символдар жинағы); 3) кілт - мәліметтер файлындағы жазбаны немесе жазбалар тобын ұқсастырғыш.
Созылмалы - бұл бірден жазылып кете коймайтын, емдік шараларды қолданып үнемі сақталып жүруді қажет ететін ауруларға қолданылатын термин.
Бактериялар (гр. bakterion - «таяқша») - тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ жасушалар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады бірақ көбінесе нейтралды қызметті атқарады.
Осының бәрі аллергиядан бастап әртүрлі ауруларды тудыруы мүмкін.
Аллергия - (көне грекше: ἄλλος- басқаша, ergon - әрекет, жауап) - организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиаторлары К.Пирке мен Б.
Компьютер бөлмесі кейбір жерде қараңғылығын, суық бөлмесі, ауасы тар, терезесі ашылмаған. Осының бәрі біздің денсаулығымызға зиян. Біз өз денсаулығымызды сақтасақ, болашағымызда жарқын – жақсы болады. Ең бастысы байлық денсаулық демекші денсаулығымызды сақтайық.
5. «Намыс» тобының мүшесі Дәурен жолдас сөз кезегі сізде.
Мектептегі жалпы оқушылар денгейлі әртүрлі. Бір бала спорттық ойындарды ұнатады, тағы басқасы қол өнерімен шұғылданады, енді бірі кітап оқығанды жақсы көреді, тіпті ештеңеге қызықпайтын оқушылар да бар, солар қайтпек. Бұл жағдайда компьютерлік ойындардың көмегі тиеді. Әрине мен атыс - шабыс, қан төгіу ойындарына қарсымын. Бірақ бір айтарым біздің мектепте ондай ойындар жоқ, бар болғанда да оқушылардың оны ойнағанға уақыттары жоқ, оның үстіне мұғаліміміз рұқсат етпейді. Ал біз мұғалімімізді әрқашан тыңдап, айтқанын орындап, құрметтейміз. Көптеген компьютерлік ойындар балалардың логикасы мен кеңістіктік ойлау қабілетін арттырады.
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.
Компьютерлік ойын - ойнауға арналған компьютерлік бағдарлама. Оларға сондай-ақ видеоойындар мен мобильді ойындар да жатады.
Компьютерлік ойындар тек қана атыс - шабыстан тұрмайды, олардың бас қатырарлықтай шым - шытырық тапсырмаларға, логикалық шешімдерге негізделген, анағұрлым интеллектуалдық түрлері де жетіп - артылады
Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет.
6. «Мұрагер» тобының мүшесі Аяулым ханым.Сәлем бердім көрерменге. Ал енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиян екенін айта кетейік. Компьютерге енгізілген ойындар атыс – шабыс тағыда басқа қан төгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретін өздеріңде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс – тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Компьютерлік ойындардан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарамыз бар, соны неге ойнамасқа. Асық ойнау, күрес, қол күрес, волейбол, футбол сияқты коп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
Негізінде бір ойын компьютері 4 - 5 шаршы метр жер алуы керек.
Шаршы метр (белгіленуі: m² - халықарылық, м² - қазақша) - SI жүйесіндегі қабырғалары бір метрге тең болатын шаршының көлемі.
Ал іс жүзінде ойын клубтарында компьютерлер сығылыстырылып қатар - қатар орналастырылған. Мектепке дейінгі балалар осылайша үздіксіз ойын ойнайтын болса, олардың «қыликөздікке» ұшырауы әбден мүмкін. Ғалымдар компьютер алдында ұзақ отырған балалардың миына ойын кезінде операция жасап жатқан хирургтің миына түсетін дәрежедегі салмақ түсетіндігін айтады. Яғни бала стреске жиі ұшырайды. виртуалды ойындарға еліткеп әр түрлі қылмысты істерге баруы мүмкін.
Бәріміздің айтқан ойларыңыз, тұжырымдарыңыз дәлелді, нақты деп ойлаймын. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы көптеген мағлұмат алдық деп ойлаймын.Оның бағасын әділ қазылар бере жатыр.
3. Өзара айтыс.
Осы тақырыпқа байланысты екі топ бір-бірімен айтысады.

1- топ. Компьютерлік ойын баланың ақыл ойын дамытады.


2- топ. Компьютерлік ойын баланы қызбалыққа, жүйелі ойламауға итермелейді.
1- топ. Баланың ойлау қабілетін күшейтеді.
2- топ. Компьютерге ұзақ отыруға әдеттендіреді, ультракүлгін сәулелерді көп тұтады.
1- топ. Компьютермен қорықпай жұмыс істеуге үйретеді.
2- топ. Көз көру қабілеті нашарлайды.
1- топ. Шапшаңдыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.
2- топ. Жаттанды жұмысқа, яғни белгілі бір пернелерді басуға үйретеді.
1-топ. Білімді құштарлығын оятады.
2-топ. Робот тәрізді жұмыстарға баулиды
1-топ. Жасына сай әрекет жасауға бейімдейді.
2-топ. Электр энергиясын үнемдеуге ұмтылдырады.
4. Сергіту сәті- Оқушылар М. Мақатаев поэзиясынан көркемсөз оқиды.

1- оқушы:Шардарбек Ш. М. Мақатаев «Поэзиясынан»- Компьютер


Менімен егіз бе едің?
Компьютер
Менімен егіз бе едің,
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Информатика кабинетінен сені іздедім,
Мультимедиадан, физикадан сені іздедім.
Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.

Сені іздедім ұстаздардан,


Мектептерден, кабинеттен, парталардан,
Дүкендерден, фабрикадан, зауыттардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім интернеттен, агенттерден,
E – mail-дан іздедім, пошталардан,
Сені іздедім
Іздеймін шыдам бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?

2 - оқушы: Палмахан Меруерт.
«Компьютерге ғашықпын»
Мен ақымақ компьютерге ғашықпын,
Үйден шықсам мектептегі компьютерге асықпын
Күні - түні көз алдымнан кетпес бейне,
Сезімімнің толқындарын тасыттым
Мен ғашықпын, компьютерге шын ғашықпын
Сезімімді білдіре алмай жасықтым.
Толқын - ай мен күннің тартылыс күштерінен, желдің әсерінен, атмосфералық қысымның ауытқуларынан, су асты жер сілкіністері мен жанартау атқылауларынан немесе кеме қозғалыстарынан пайда болатын теңіздер мен мұхиттардағы сулы ортаның тербелмелі қозғалысы.

Оған қарай бет алған діріл қағып,

Махаббаттың шыңдарынан асыппын



5.Топ жетекшісінің Билік жүйесіне ұсыныстарын оқу.
Бүгінгі ашық пікірталастан шыққан қорытынды, ұсыныс ретінде әр топ өз ойын ортаға салса яғни, айтайын дегеніміз, әділ қазылар мүшелеріне және мектеп әкімшілігіне әр топ өз ұсыныстарын тізбектеп өтсе. Бірінші кезекте «Намыс» тобы. Келесі сөз «Мұрагер» тобына берілсе.
І топ ұсыныстары
ІІ топ ұсыныстары:

6. Ашық дауыс

7. Сіз интернетке тәуелдісіз бе?- көрермендерге арналған тест.


8. Қорытынды.
Ашық пікір – сайысымыздың қорытынды сәті де келіп жетті. Бүгінгі сайыстағы басты міндет әр топ өз ойларын шебер де, дәлелді етіп жеткізе білуде болатын. Әр топ өз ойын қаншалықты дәлелді де, нақты етіп жеткізгені туралы қорытынды сөз кезегін әділ қазылар мүшелеріне береміз.
1. Сарапшының пікірі – таласқа деген көз қарасы.
Сөз соңында айтарымыз қоғамның қарқынды дамуы көбіне оның біліммен және мәдениетімен анықталады. Біз жастар ақпараттық мәдениеті сауатты адам болуға ұмтылуымыз керек.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Сондықтан ХХІ ғасырда біз ұстанатын қағида «Білім бүкіл өмір бойыңа» болуы шарт. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға мыңда бір рахмет!


Сіз интернетке тәуелдісіз бе? Анықтап көріңіз!
Тест.
1.Компьютермен қанша сағат жұмыс істейтініңізді алдын ала анықтап айта аласыз ба? Ия, Жоқ.
2.Жоспарлаған ісіңізді монитордан үзіле алмағандықтан орындамаған кездеріңіз болды ма?
3.Интернетте «отырған» сәтте қуаныш сезімі бола ма?
4.Компьютер алдында қазіргіден де көп уақыт өткізгіңіз келе ма?
5.Интернет қол үзіп, off-line болғанда мазасызданып, ашуланасыз ба?
6.Виртуалды кеңістікте әдеттегіден ұзақ уақыт өткізетініңізді сезесіз бе?
7.Компьютер алдына ұзақ уақыт болғандықтан достарыңыз, туыстарыңызбен қатынасыңыз бұзылған жоқ па?
8.Сүйікті ісіңізден интернет үшін бас тарттыңыз ба?
9.Шынай өмірден қарағанда интернет арқылы танысу, араласу көбейіп кетті ме?
10.Достарыңыздан, отбасыңыздан интернетте шын мәнінде немен айналысып отырғаныңызды жасырасыз ба?
11.Көзіңіз ауыр тартып, арқаңыз бен басыңыз ауырып, салмағыңыз өзгерді ме?
12.Интернетте жиі отырғандықтан күнделікті өміріңіз өзгерді ме?



Егер осы сұрақтардың жартысынан көбіне «иә» деп жауап берсеңіз, ғаламтордың «торына » түсетін келесі тұтқыны болып қалуыңыз мүмкін.

Аты- жөніңіз: .........................................................................

С. Бақбергенов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Информатика әлемінде- компьютердің пайдасы мен зияны.

Пән мұғалімі Айымбетова Г. Т.

Сыныбы:6

c:\users\user\desktop\фондар\imgpreviewyv7hta0f.jpg

Шаға ауылы

2016-2017 оқу жылы

  • Оқушы
  • Сабақтың мақсаты: Білімділік
  • Дамытушылық
  • Сабақтың түрі
  • «Намыс» тобы
  • Сөз кезегі ойыншыларға беріледі
  • «Компьютер – уақыт талабы»
  • "жабық әлем"
  • 4. «Мұрагер» тобының мүшесі 6- сынып оқушысы Шаттық
  • 5. «Намыс» тобының мүшесі Дәурен
  • 6. «Мұрагер» тобының мүшес і Аяулым ханым.
  • 4. Сергіту сәті
  • 2 - оқушы
  • 5.Топ жетекшісінің Билік жүйесіне ұсыныстарын оқу.
  • 6. Ашық дауыс
  • «Білім бүкіл өмір бойыңа»
  • «торына »
  • Информатика әлемінде- компьютердің пайдасы мен зияны. Пән мұғалімі Айымбетова Г. Т. Сыныбы:6
  • Шаға ауылы 201 6 -201 7 оқу жылы

  • жүктеу 135.34 Kb.