Главная страница
Контакты

    Басты бет


Күйші композиторлардың күйлерімен таныса отырып, күйлерінің шығу тарихын, құдіреттілігін түсіне, сезіне білу. Тәрбиелік

жүктеу 3.51 Mb.



жүктеу 3.51 Mb.
бет1/11
Дата27.09.2018
өлшемі3.51 Mb.

Күйші композиторлардың күйлерімен таныса отырып, күйлерінің шығу тарихын, құдіреттілігін түсіне, сезіне білу. Тәрбиелік


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тақырыбы: « Күй құдіреті »

Білімділік:  Күйші композиторлардың күйлерімен таныса отырып, күйлерінің шығу тарихын, құдіреттілігін түсіне, сезіне білу.

Тәрбиелік : Сұлулықты сезіне білетін, ішкі рухани дүниесі бай, адамгершілігі мол жеке тұлға тәрбиелеу.

Дамытушылық:  Домбыра ойнаудағы шеберлігін шыңдау

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, тыңдату, сұрақ – жауап.

Пәнаралық байланыс:  Тарих, әдебиет, бейнелеу

Сабақтың көрнекілігі: Күйшілердің суреті, топтастыру, сергіту сәті, аспаптардың суреті, домбыра аспабы.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

2. Психологиялық дайындық:

Үлкендерге сіз,

Кішілерге біз.

Әдеппенен бас иіп,

Сәлем бердік біз!

3. Үй тапсырмасын сұрау.

 «Адасқан ноталар» ойынын ойнату

 Балалар біздер «Адасқан ноталар» сұрақ - жауап ойыны арқылы өткен сабақты пысықтау. Нота астында жазылған сұрақтарға жауап беріп, ноталарды нота сызығына орналастырамыз.


1. Қазақтың халық музыкасы қай жылдан қалыптасты? (1920 жылдан бастап)

2. Халық таланттарының бірінші слеті қашан өткізілді (1919 ж  Верный (қазіргі Алматы) қаласында)

3. Мұхтар Әуезовтың қандай пьесасы бар (Еңлік-Кебек)

4. Жұмат Шаниннің трагедиялық пьесасы (Арқалық батыр)

5. Шәкен Айманов кім? (актер, режисер)

6.Қазақтың бұлбұлы атанған әнші (Күләш Бәйсейітова)

7.   Шара Жиенқұлова кім? (актер, биші

4 . Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы: «Күй құдіреті»

- Музыка дегенде көз алдымызға не елестейді? Сұраққа жауап беру.

- Ән, күй, би, домбыра бұның барлығын өнер деп атаймыз.

Соның ішінде бүгінгі сабақта танысатынымыз «Күй» өнерімен танысамыз

Күйдің құдіреттілігі жөнінде ақын Ілияс Жансүгіров былай деп жырлаған:

Тайпалап жорға болып салдырған күй,

Мейірін тыңдағанның қандырған күй.

Тартқанда зарылдатып,сұңқылдатып

Аққуды аспандағы қондырған күй.- деп күйдің мазмұны мен сырын терең бағалай біліп, поэзия тілімен шебер суреттеген Күй « Аққу »

Күй» дегеніміз не? Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған асыл мұрасы – күй өнері.Өткен ғасырларда нота сауаты жоқ   кезде дүниеге келген ән- күйлер өмірмен бірге қайнап, ауыздан-ауызға, қолдан- қолға көшіп біздің заманымызға жетті.Қазақ халқы өзінің көңіл- күйі мен  арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегі арқылы жеткізе білді.Суырып салма ақындар мен бармағынан бал тамған күйшілер арқылы бізге жеткен назды әндер, ғажайып күйлер халқымыздың музыка мұрасы ғана емес,мәдени байлыға, рухани азығы болып отыр.

Күй - домбыра және басқа аспаптарда халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма

Күйлер тақырыбымен мазмұнына қарай: аңыз күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау, лирикалық, психологиялық күйлер болып жіктеледі

Аңыз күйлер - халықтың өткен тұрмыс - тіршілігі жайлы баяндайды. «Жетім бала», «Ақсақ құлан» т. б күйлерді жатқызамыз.

Тарихи оқиғаларға жоңғар шапқыншылығымен оған қарсы халқымыздың күресі «Ел айырылған», «Жеңіс» атты күйлер.

Арнау күйі - белгілі бір адамдарға арнап шығарған күй. Оларға «Абыл»,»Байжұма» күйлерді жатқызамыз.

«Ақсақ құлан» күйін тыңдау.

Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыс дауысты болып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады.

Домбырамен төкпе мен шертпенің айырмашылығын көрсету.

Ұлы күйшілеріміз: Құрманғазы, Дина, Сүгір, Қазанғап, Тәттімбет, Қорқыт, Дәулеткерей, Боғда, Махамбет т.б ал, қазіргі  заманда  күй жанрын елге танытқан, еңбек еткен Қ. Ахмедияров, Х. Тастанбеков, А. Райымбергенов, С. Тұрысбеков т.б. ағаларымызды айтып кетуіміз керек.

Ән « Домбырасыз сән қайда »

Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі – қобыз күйлері. Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп отырған. Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.

Қорқыт туралы мәлімет және күй, ән «Қобыз »

5. Топпен жұмыс

Ақындар тобы

Мына сөздерге байланысты төрт жол өлең шығару: табиғат, күй, кең дала, жыр.

Суретшілер    тобы

Тыңдаған күйге байланысты көз алдарыңа елестеген табиғат көрінісін қағаз бетіне түрлі-түсті бояумен түсіру.

6.Сабақты бекіту.

7.Үйге тапсырма беру: Тақырыпты оқып келу. Қазіргі замандағы күйшілер туралы реферат жазу

8.Бағалау:

Тақырыбы:  Концерт залымен танысайық


Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» ,(тәртіп,ереже сөздері мәнін) адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- театрдың өзіне тән ережесімен танысу;
- сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- үлкендерді сыйлауға; кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, суреттер .
Жаңа сабақ:

«Қазақстан» орталық концерт залы – итальяндық сәулетші Манфреди Николеттидің жүзеге асқан идеясы Залдың акустикалық мүмкіндіктерін де ерекше атап көрсету қажет: қабырға геометриясының және оны қаптап жатқан материал өзгерісінің, оркестрдің жоғары жағында орналасқан қозғалмалы рефлекторлардың арқасында акустикалық және стенографиялық талаптары мүлдем басқа болып келетін спектакльдерді, симфониялық және камералық музыка концерттерін, опера қойылымдарын, балет, кинокөрсетілімдерді, сонымен қатар саяси шаралар – съездер, конгрестер өткізуге мүмкіндік бар.   Құрылым екі үлкен жеке қабықшадан тұрады: концерт залы және оны сыртынан жауып тұрған Пьяцца-Фойе және оны қоршай орналасқан қоғамдық құрылымдардан және  Аудиториум қызметін атқаратын 3500 орынға арналған залдан тұрады. Пьяцца-Фойеде сонымен қатар 300 және 200  орындарға арналған залдар, мейрамхана, билет кассалары, гардероб және бутиктер бар. 

Ғимараттың музыкалық қабықшасы да ерекше. Ол екі мәселені шешеді, біріншіден, ғимаратты суық табиғи-климаттық жағдайлардан қорғайды, екіншіден қоршаған ортаның шуынан қорғайды (ұшақтар, көлік), нәтижесінде акустиканың талап етілетін сапасын қамтамасыз етеді. Оркестрге арналған сахнаның бір бөлігі, «оркестр шұңқырын» жасау мақсатында немесе балет, спектакль, қазіргі заманғы театрлық қойылымдар қою үшін төмен түсіріледі. Хорға арналған трибуна, сахнаны кеңейту үшін немесе өте маңызды қонақтарды орналастыру үшін потенциалды түрде төмен түсіріле алады. Сонымен қатар кинокөрсетілімдер үшін үлкен көмкеретін перде түсіріледі. Спектакльдердің түрлі талаптарына байланысты акустикалық пайдаланушылық сипаттамаларын келтіру үшін әр түрлі механизмдердің арқасында бүйір қабырғаларындағы акустикалық жұтылуды ұлғайтуға болады. Сонымен қатар акустиканы жақсартуда маңызды рөл атқаратын ілмелі төбе сахнаның жоғарғы бөлігінде кратер формасын алады.     

Бұл ғимараттың фойесі де құрылымы бойынша ерекше. Ол бет перделермен қапталып, мөлдірлік пен аспан әсерін қалыптастырады. Үстінде ерекше әсерді қалыптастыруға арналған арнайы жарық құралдары орналасқан.   Республиканың ең үлкен залының сахнасында Қазақстан өнер шеберлерімен қатар әлемдік музыка жұлдыздары өнер көрсетуде. Сонымен қатар жаңа мәдени орталықта конференциялар, семинарлар, көрмелер өткізіліп тұрады.



Бағалау:__Қорытындылау:__Үйге_тапсырма:__Күні:_26_01_16__Сынып_:_2__«_ә_»_Пән:_Ән_-_күй'>Бағалау:

Қорытындылау:

Үйге тапсырма:

Күні: 26 01 16 Сынып : 2 « ә » Пән: Ән - күй

Тақырыбы: Концерт залымен танысайық

Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» ,(тәртіп,ереже сөздері мәнін) адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- театрдың өзіне тән ережесімен танысу;
- сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- үлкендерді сыйлауға; кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену 
Сабақтың көрнекті құралдары: сурет, аспап 
Сабақтың пәнаралық байланысы

Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, суреттер .
Жаңа сабақ:

«Қазақстан» орталық концерт залы – итальяндық сәулетші Манфреди Николеттидің жүзеге асқан идеясы Залдың акустикалық мүмкіндіктерін де ерекше атап көрсету қажет: қабырға геометриясының және оны қаптап жатқан материал өзгерісінің, оркестрдің жоғары жағында орналасқан қозғалмалы рефлекторлардың арқасында акустикалық және стенографиялық талаптары мүлдем басқа болып келетін спектакльдерді, симфониялық және камералық музыка концерттерін, опера қойылымдарын, балет, кинокөрсетілімдерді, сонымен қатар саяси шаралар – съездер, конгрестер өткізуге мүмкіндік бар. Құрылым екі үлкен жеке қабықшадан тұрады: концерт залы және оны сыртынан жауып тұрған Пьяцца-Фойе және оны қоршай орналасқан қоғамдық құрылымдардан және Аудиториум қызметін атқаратын 3500 орынға арналған залдан тұрады. Пьяцца-Фойеде сонымен қатар 300 және 200 орындарға арналған залдар, мейрамхана, билет кассалары, гардероб және бутиктер бар.

Ғимараттың музыкалық қабықшасы да ерекше. Ол екі мәселені шешеді, біріншіден, ғимаратты суық табиғи-климаттық жағдайлардан қорғайды, екіншіден қоршаған ортаның шуынан қорғайды (ұшақтар, көлік), нәтижесінде акустиканың талап етілетін сапасын қамтамасыз етеді. Оркестрге арналған сахнаның бір бөлігі, «оркестр шұңқырын» жасау мақсатында немесе балет, спектакль, қазіргі заманғы театрлық қойылымдар қою үшін төмен түсіріледі. Хорға арналған трибуна, сахнаны кеңейту үшін немесе өте маңызды қонақтарды орналастыру үшін потенциалды түрде төмен түсіріле алады. Сонымен қатар кинокөрсетілімдер үшін үлкен көмкеретін перде түсіріледі. Спектакльдердің түрлі талаптарына байланысты акустикалық пайдаланушылық сипаттамаларын келтіру үшін әр түрлі механизмдердің арқасында бүйір қабырғаларындағы акустикалық жұтылуды ұлғайтуға болады. Сонымен қатар акустиканы жақсартуда маңызды рөл атқаратын ілмелі төбе сахнаның жоғарғы бөлігінде кратер формасын алады.

Бұл ғимараттың фойесі де құрылымы бойынша ерекше. Ол бет перделермен қапталып, мөлдірлік пен аспан әсерін қалыптастырады. Үстінде ерекше әсерді қалыптастыруға арналған арнайы жарық құралдары орналасқан. Республиканың ең үлкен залының сахнасында Қазақстан өнер шеберлерімен қатар әлемдік музыка жұлдыздары өнер көрсетуде. Сонымен қатар жаңа мәдени орталықта конференциялар, семинарлар, көрмелер өткізіліп тұрады.



Бағалау:

Қорытындылау:

Үйге тапсырма:

Сабақтың тақырыбы : Филармония өнер шаңырағы

Сабақтың мақсаты : Оқушыларды өнер ордасы

филармониямен таныстыру



Дамытушылық : Оқушылардың өз ойларын жеткізе

білу қабілеттерін дамыту .



Тәрбиелік мәні : Оқушыларды бірін бірі тыңдай білуге ,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу .



Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Көрнекілігі : Оқулық ,суреттер , үнтаспа .

Сабақтың барысы: Ұйымдастырушылық кезең .

Қазақ Мемлекеттік Филармониясы, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы – концерттік-сахналық мәдени мекеме. 1935 жылы құрылған. Оның негізін қалаушы және көркемдік жетек. А.Жұбанов болды. Филармония құрамына сол кезде Қазақ ОАК атындағы ұлттық оркестр (1939 жылы Мемлекеттік хор капелласы болып қайта құрылған) деп аталатындомбыра оркестрі, [[[ұлттық хор]], би ансамблі және әншілер мен халық аспаптар оркестрінің үлкен тобы, Б.Лебедев құрған ішекті аспаптар квартеті мен Жетісу қазақ-орыстарының ән-би ансамблі кірді. 1938 жылы Ж.Жабаевтың есімі берілді. 1939 жылы филармония жанынан М.М. Иванов-Соколовский және Л.М. Шаргородскийдің жетекшілігімен симфониялық оркестр құрылды. 1944 жылы қазақ ұлт-аспаптар оркестріне Құрманғазы есімі берілді. Қазақ филармониясы отандық және әлемдік классиканың үздік шығармаларын, қазақ композиторларының туындыларын, халық музыкалық фольклорын, кеңестік композиторлар шығармаларын кәсіби жоғары деңгейде насихаттап келеді. Филармония көктемгі музыкалық “Жігер” фестивалін, “Балалардың музыка апталығын”, әңгіме-концерттердің абонементтік топтамасын, ұлттық және симфониялық музкалық концерттерін өткізді.[1] 70 – 80-жылдарыЖ.Әубәкірова, А.Мұсақожаева, Г.Мырзабекова, Г.Молдакәрімова сияқты халықаралық байқаулардың лауреаттары сахнаға шықты. Қазақ филармониясының құрамында хор капелласы (жетек. ҚР еңбек сіңірген қайраткер Б.Демеуов), “Отырар сазы” фольклорлық-этнографиялық академиялық оркестр (жетекші ҚР еңбек сіңірген артист К.Ахметов), республикалық камералық “Солистер академиясы” оркестрі (жетекші ҚР еңбек сіңгірген артист А.Мұсақожаева), Мемлекеттік ішекті квартет, Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр (жетекші ҚР халық артист Т.Әбдірашев) және әншілер тобы кірген.[2] Бүгінгі күндері Филармонияны оның бас директоры Аян Сұлтанғалиев басқарады.

Музыка тыңдайық! Римский-Корсаковтың «Салтан патша туралы» атты ертегі операсынан «Араның ұшуы».

Үйге тапсырма:

Бағалау : Баға қою .

Қортындылау :

Сабақтың тақырыбы:  Камералық музыка

Сабақтың мақсаты: а)Камералық музыка түсінігімен танысу

ә) Оқушы бойына музыкалық тәрбиемен қатар елін, жерін, ата-анасы, достарын сүюге тәрбиелеу.

б) Оқушылардың іскерлігін, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас, қайталау, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: Сурет,плакаттар

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу, математика.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

Ерте замандарда Еуропада филармониялар мен концерт залдары болған жоқ. Сондықтан музыканттарды бай әрі ауқатты адамдар үйлеріне арнайы шақырып тыңдаған.Концертке бір немесе бірнеше орындаушы қатысқан.Ол ансамбльдерді дует,трио,квартет және квинтет деп атаған. Әсіресе скрипка,альт,виолоншель орындаушыларының концертін тыңдауды дәстүрге айналдырған .Концертті үй иесінің туыстары,достары және арнайы шақырылған қонақтар тамашалаған. Мұндай концертті камералық концерт деп атаған. Бұл атау Италияның «camera»,яғни бөлме деген сөзінен шыққан.Осылайша үйде пайда болған камералық музыка үлкен сахнаның төрінен орын алды.



Музыка тыңдайық! Ішекті аспаптар орындауындағы В.А.Моцарттың «Кішкентай кешкі серенадасы»

Бағалау:

Қорытындылау:

Үйге тапсырма:

Сабақтың тақырыбы: Квартет өнер көрсетеді .

Сабақтың мақсаты : Оқушыларды квартет өнерімен таныстыру,

ұжымдық өнердің ерекшелігін түсіну.



Дамытушылық : Оқушылардың өз ойларын жеткізе

білу қабілеттерін дамыту .



Тәрбиелік мәні : Оқушыларды бірін бірі тыңдай білуге ,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу .



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі : Оқулық ,суреттер , үнтаспа .

Сабақтың барысы. Ұйымдастырушылық кезең .

Квартет (итал. guartetto – төртінші) – 1) 4 орындаушыдан (музыкалық аспапта орындаушылар немесе әншілер тобы) құрылған ансамбль.Квартет бір тектес не әр түрлі аспаптарда орындаушылардан құралады. Біртектес аспаптарда ойнаушылардан тұратын квартеттер: шекті аспаптар квартеті (2 скрипка, альт, виолончель), үрлемелі аспаптар квартеті (флейта, гобой, кларнет, фагот), бұлардан басқа 4 валторнадан не 4 фаготтан тұратын квартеттер де кездеседі; әр түрлі аспаптарда ойнаушылар квартеттері фортепианолық квартет(фортепиано, скрипка, альт, виолончель); үрлемелі және ішекті аспаптар квартеті (флейта немесе гобой, скрипка, альт, виолончель). Вокальдық музыкада әйелдер немесе ерлер тобынан құралған квартеттер, сондай-ақ, аралас (сопрано, альт, тенор және бас) квартеттер де болады. Аспаптық квартеттерден кең тарағаны – ішекті аспаптар квартетті. 1973 жылы ішекті аспаптар квартеті Қазақ филармониясында, ал 1980 жылыАлматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) құрылды; 2) 4 аспап немесе 4 әншілер дауысына арнайы жазылған музыкалық шығарма. Аспаптық квартет – ансамбльді камералық музыканың көп таралған түрі, негізінен, циклді сонаталық форма түрінде жазылады. Қазақ музыкасында алғаш квартет жазған Б.Г. Ерзакович (“Қазақ квартеті”, 1936). Композиторлар С.И. Шабельский, И.В. Коцык, Е.Г. Брусиловский ішекті аспаптар квартетіне арнап қазақтың халық әндері мен күйлерін өңдеді. 20 ғ-дың 40 – 50-жылдарыбұл жанрда композиторлар Л.В. Афанасьев, Б.Байқадамов, Қ.Қожамияров, Қ.Мусин, М.Қойшыбаев, Ғ.А. Жұбанова, 70 – 80-жылдары Б.Я. Баяхунов, В.А. Новиков, А.П. Исакова, И.Г. Ғазизов, Ж.Дәстенов, Т.Мұхамеджанов, т.б. елеулі еңбек етті.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

  • Тақырыбы
  • Көрнекі құралдар
  • Бағалау: Қорытындылау: Үйге тапсырма: Күні: 26 01 16 Сынып : 2 « ә » Пән: Ән - күй
  • Бағалау: Қорытындылау: Үйге тапсырма: Сабақтың тақырыбы
  • Дамытушылық
  • Сабақтың түрі
  • Музыка тыңдайық!
  • Қортындылау : Сабақтың тақырыбы
  • Сабақтың тақырыбы

  • жүктеу 3.51 Mb.