Главная страница
Контакты

    Басты бет


Кіріспе Зерттеудің өзектілігі

жүктеу 152.27 Kb.



жүктеу 152.27 Kb.
Дата09.05.2017
өлшемі152.27 Kb.

Кіріспе Зерттеудің өзектілігі



Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Компьютерлер біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды.

Ол біздің өміріміздің барлық салаларына кірді және өмірімізді бұл ақылды машинасыз көру мүмкін емес.

Біз,  балалар  үшін компьютер, теледидар ток көзіндей қарапайым зат ретінде көрінеді. Қазіргі заманның балаларына компьютер үйреншікті қолданатын зат секілді.

Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді.Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсатында да қолданыла береді.

Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.
Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Қажетті құрылғылармен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады.

Егер қызықты кино  көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады. Оны фильмдер, клиптер,тіпті өзіңіз түсіріп цифрлы күйге түрлендірген бейне жазбаларды  да көру мақсатында пайдалана аласыз.

Компьютердің алдында отырғанда үнемі ересек адамдардан еститініміз: «Компьютердің алдында көп отырма!», «Тіке отыр!», «Бұл ойындарды саған ойнауға болмайды!». Менде мынандай сұрақ туындайды «Ал неге болмайды, маған қызықты  ғой!!!» Бұл сұраққа алған жауабым: «Компьютер адам ағзасына кері әсерін тигізеді, барлық ойындар пайдалы емес.». Ең  қорқыныштысы -компьютерлік ойындарға тәуелді болу.

Сонымен, компьютер дегеніміз не? Оқушыға компьютер не үшін қажет? Компьютер менің сыныптастарымның арасында қаншалықты танымал? Оқушылардың компьютерлік ойындарға әуестігі туралы ата –ананың ойы?

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Компьютер оқуға қалай әсер етеді? Оқушыға компьютердің әсері қандай?

Компьютер бізге жау болмау үшін —  зерттеу жүргізуді шештік.



Зерттеу болжамы:

Компьютердің оқушыға пайдасы мен зиянын салыстыру.



Зерттеудің маңыздылығы:

Қазіргі таңда компьютер алдынан шықпайтын «компьютер соқтылар», көзі нашар көретін оқушылар, ата – аналарына бағынбайтын оқушылар кездеседі. Сонлықтан да оқушыға компьютердің тигізетін пайдасы мен зиянын зерттеу маңызға ие болып отыр.



Зерттеудің мақсаты:

Компьютер оқушы өміріне қаншалықты керекті құрал болсада, соншалықты зиян екендігін ашып айту.

Зерттеудің міндеттері:

1. Тақырып бойынша мәліметтер жинап, оларды бір жүйеге келтіру;

2. Компьютердің шығу тарихын зерттеу;

3.Компьютердің зиянды әрекеттерінен қорғайтын тиімді әдістерін табу.

Зерттеу жұмысының теориялық, әдістемелік, практикалық базасы:

Компьютердің оқушы өміріне пайдасы мен зиянын қарастыру алдында кітапханадағы мәліметтер бойынша іздену жұмыстары жүрді.
Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
Кітапхана - мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.
Әртүрлі ақпарат көздерінен газеттерден, журналдардан, энциклопедиялардан мәліммер қарастырылды.



  1. Оқушыға компьютер не үшін  қажет?

«Компьютер»-латын сөзінен аударғанда «санау, шығару» дегенді білдіреді.Ол механикалық есептеуіш машиналармен салыстырғанда мың есе шапшаң жылдамдықпен санайды. Бірақ, бұл есептеуіш электрондық машиналар қандай үлкен болады? Олар орналасқан бөлмелер,үлкен залдар айналасы ақ жәшіктермен қоршалған. Бірнеше оң мыңдаған электронды шамдар өте көп цифрларды өңдеді. Шамдар орнына транзисторлар келді, компьютер бөлмемен бірдей болды.

Транзистор (ағылш. transfer - тасымалдау және resistor - кедергіш) - электр тербелістерін күшейтуге, оларды тудыруға және түрлендіруге арналып жартылай өткізгіш кристалл негізінде жасалған электрондық құрал.
Қазіргі компьютерлердің элементтік базасы  микросхемалармен  ауысып, үстелдің үстіне немесе шалбар қалтасына сыйып кетеді. Алғашқы дербес компьютерлер АҚШ-та 1976 жылы пайда болды.

ХХ ғасырдың соңғы он жылдықта кішігірім компьютерлер өзінің дамуында үлкен жол істеп келді. Ақпаратты жөндеп және тез жұмыс істей бастады. Үлкен есептеуші жүйелердің дамуы супер компьютерлердің жасалуына әкелді. Олардың өндіргіштігі жоғары, мысалы, ірі жер сілкіністерін моделін  есептеуге қабілетті. Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефон, ноутбук немесе планшет, үйде компьютер бары белгілі.

Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.
Ұялы телефон - радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.
Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және басқасы.
Сурет, бөлмедегі сурет. Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі-түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.
Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.
Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз. Ең кішісі, керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз.Әрине, мұны шығарған адамдар оны әу баста ел игілігі, байланыстың тиімділігі үшін ойлап тапқан ғой. Ал қазіргі кезде жасыратыны жоқ, осынау алақанға сиып кететін нәрселерді есін білмейтін жас балаларға ойыншыққа беріп қояды. Ал оның іші-сыртында бала саулығына зиян келтіретін заттар да баршылық қой. Меніңше, мұны барша ата-ана ойлауы керек.
Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары, ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті.

Көптің пікіріне сүйенсек, осы аталған құралдар неге екенін білмедік, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып алған. Осылайша олардың бар уақыты осы компьютермен өтеді. Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы компьютермен өткізеді. Мектеп оқушыларының біразы дерлік оны күндіз-түні пайдаланады: музыка тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге елітіп, ұйқылы-ояу, маужырап отырады.

Қазіргі заманда компьютерлер көп жанұяларда бар. Оны  қалай қолданады? Заманауи сән секілді қажет пе? Ол жұмысқа қажеттілік етеді ме? Осы сұраққа  жауап беру үшін біз информатика пәнінің мұғалімі көмегімен, 5-7-сынып оқушылары арасында  сауалнама өткіздік.

Мұғалім немесе оқытушы - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.
Сауалнамаға 27 оқушы қатысты. Сауалнама сұрақ- жауап түрінде өткізілді. Осындай нәтиже болды.

Сыныбы

Сұрақ қойылған оқушылар саны

Жеке компьютер

лері бар

 

Білім алуға қолданады

 

Ойын үшін қолданады

 

 

оқушы

%

оқушы

%

оқушы

%

5 сынып

9

7

77%

4

44%

5

55%

6 сынып

11

9

81%

6

54%

5

45%

7 сынып

7

4

57%

3

42%

4

57%

барлығы

27

20

74%

11

40%

16

59%

Құралған кесте бойынша 27 оқушылардан сұралды. 20 оқушыда жеке компьютер бар, 11 оқушы білім үшін қолданады, ал қалғандары ойын үшін қажет екен немесе әр түрлі фильмдер және достарымен әңгімелесу үшін қолданады.

Әңгімелесу- пікір алысу, сұхбаттасу, әлеуметтік ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі. Педагогикадағы әңгімелесу - оқушылардың ойы мен тілін дамыту үшін қолданылатын оқыту әдісінің бір түрі.
Компьютер жоқ оқушылар барлық уақыттарын достарына, туысқандарына барып компьютер алдында отырады. Зерттеу нәтижесі бойынша көбіне оқушылар компьютерді ойын үшін қолданады. Ал компьютерлік ойындардың пайдасы мен қоса зиянды да жақтары болады.

Компьютерлік ойындардың пайдасына тоқталатын болсам:


  • бос уақытты көңілді өткізу;

  • шапшаң әрекет ету;

  • логикалық ойын, есте сақтау қабілетін дамытады;

  • жайсыз жағдайдан қалай шығуды үйретеді;

  • әртүрлі программада жұмыс істеуге үйретеді.

Компьютерлік ойындардың зиянына тоқталатын болсам:

  • қатыгез ойындар, ашулану, ренжісуге апарады;

  • тәуелді болып кетеді;

  • оқуы төмендейді;

  • көз көруі нашарлайды;

  • буын мен омыртқа аурына ұшырайды.

Сондықтан біздер оқушылар алдымен компьютерлік ойындарды таңдау алдында үлкендермен ақылдасуымыз қажет.
2. Компьютер  менің сыныптастарым арасында қаншалықты танымал?
Біз сыныпта барлығы 11 оқушымыз. Олар барлығы компьютермен жұмыстануды біледі.

Менің сыныптастарым өздерінің уақытын компьютерге қаншалықты жұмсайды? Адамға компьютердің әсерін оқушылар қалай түсінеді? Біздің сыныптың оқушыларына осы сұраққа байланысты зерттеу жұмыстарын өткіздік, содан соң осындай шешімге келдік.

11-тен 1 сыныптастарым бір жұмада 1 рет ойнайды.

11-тен 2 сыныптастарым анда-санда ойнайды.

11-тен 3 сыныптастарым кем дегенде 1 сағат ойнайды.

11-тен 5 сыныптастарым 2 сағаттан астам ойнайды.

11-тен 9 сыныптастарым жеке компьютерлері бар, қалғандары достарына және туыстарына барады.


Компьютерде қанша сағат отырасыз? деген сұрағыма сыныптастарым төмедегідей жауап қайтарды.

11-тен 4 сыныптастарым компьютерлік ойындардан кейін рахаттанады, 3-і шаршайды, 2-нің көзі аурады, 1-і ойыннан кейін ашуланшақ болады.

Ал компьютерлік ойындарға келетін болсақ, ер балалардың көбі атыс және жарыс  ойындар ойнайды, қыз балалар үйрету ойындарына жақынырақ. Сыныпта Quest — логиқалық ойындарды 6 пайыз оқушы қолданады. Sport- жарыстар және спорттық ойындармен 33 пайыз оқушылар ойнайды. 3D-skooter — атыс ойындарға 35 пайызы әуестенеді.Үйрету — саяхат, ізденуге ынталандыратын ойындарды 26 пайызы қолданады.


Бұдан шығатын нәтиже балалардың көбі атыс және спорт ойындарына жақын екендігі. Мұндай оқушылар ашуланшақ, қатігез болып келеді.
3. Компьютерлік ойындарға әуестігі туралы ата-ананың ойы ?
Баланыз компьютерлік ойындарды ойнауға қарсы емессіз бе?, Ойын ойнаған кезде ойынға көңіл бөлесізбе т.с.с.

Сыныптастарымның ата – аналарына сауалнама жүргізген кезде осы сұрақты қойдық. Шыққан нәтиже:



Бұл мониторингітен көріп тұрғандай ата – аналардың көбі ойынға қарыс емес, бірақ кейбір ата – аналар баласының қандай ойын ойнап жатқанын қадағаласа, кейбірі қадағаламайтындығы анықталып отыр. Компьютердің алдында көп отырмауды сіз білгеніңізбен балаңыз білмейді. Не істеу керек?

Балаларға компьютердің зияны болмас үшін белгіленген уақыт бойынша баланы компьютер пайдалану керек. Кейбір балалардың көздері нашар көретін болады. Ондайларды компьютердің алдында басқаларға қарағанда аз уақыт ғана қалдыру керек. Сондай – ақ баланың арқасы орындықтың сүйенгішіне тақалып тұруы керек. Қисық отырған баланың мойын омыртқасына күш түсіп, соның салдарынан көз бұлшық еттеріне баратын қан тамырларының жұмысы қиындап қалады. Қазіргі кезде әрбір оқушының үйінде үстел үсті компьютертерлерімен қоса алып жүретін компьютерлер (ноутбуктер) бар. Сондықтан олар алып жүретін компьютерлерін алдырана алып отыр, бір көзімен сабақ оқыса, екінші көзімен компьютерге қарап отырады. Бұл суретке қарап отырсақ, оқушы компьютерде дұрыс отыру ережесін сақтамағандығын көріп отырмыз. Оқушы компьютерге үніліп, мониторға тым жақын қарап отыр. Ал бұл болса, денсаулыққа өте зиянды.

Сондықтар әрбір ата – ана балаларына қазірден бастап көңіл бөлуі керек. Балалары компьютер алдында қалай отыратындығын, қандай ойындар ойнайтындығын, қандай бағдарламалармен жұмыс жасайтындығын білген дұрыс. Сондықтан баланыз өскенде қатыгез, тіл алмайтын бала болмау үшін қазірден бастап ойындарын қадағалап, ойын ойнауға шектеу қою керек деп ойлаймын.


  1. Компьютер оқуға қалай  әсері етеді?

  Компьютермен жұмыс істеу балаларға әр түрлі әсер етеді: егер де оқушылар компьютерді оқуға қажетті ақпараттармен, бағдарламалармен жұмыс істесе, сонымен қатар оқушылар ойнайтын ойындар логикалық ойын дамытатын, зейін, спортқа қызығушылығын арттыратын- дойбы, футбол ойынындағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйрететін ойын болса, онда бұл ойындар оқушылардың логикалық ойлау жүйесін жақсы жетілдіреді.

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Олар есептің жаңа шығарылуы жолын бірден табады, есептеу техникаларын жақсы меңгереді.

Ал «жарыс», «атыс» ойындарын ойнайтын оқушылар жүйкелері жұқарған, компьютер ойнағаннан кейін көздері ауырады, оқу үлгерімі нашарлайды. Олар мұқиятсыз, ашуланшақ, есептеу кезінде көп қателер жібереді, жай оқиды, кейде сабаққа дайындықсыз келеді немесе үй жұмысын дұрыс орындамайды.

Компьютер қолданатын адамдардың денсаулығына мынадай шағымдар бар: көздің тартуы, бас ауруы, жүйкенің жұқаруы, ұйқының нашарлауы, шаштың түсуі, терінің қызаруы, аллергиялық іш ауруы, көптеген ересектер үшін-жаңа құбылыс.

Аллергия - (көне грекше: ἄλλος- басқаша, ergon - әрекет, жауап) - организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиаторлары К.Пирке мен Б.


5. Адамдарға компьютердің әсері қаңдай?
Компьютер қолданатын адамдардың денсаулығына мынадай шағымдар бар:

  • көздің тартуы;

  • бас ауруы;

  • жүйкенің жұқаруы;

  • ұйқының нашарлауы;

  • шаштың түсуі;

  • терінің қызаруы;

  • аллергиялық іш ауруы;

Бұның бәрі көптеген ересектер үшін-жаңа құбылыс. Компьютермен жұмыс істеген кезінде адамның көзіне белсенді жүктемелеу, ол экрандағы  суреттерді көреді, мәтінді оқиды, дәлме-дәл мағұлматтарды, символдарды, графиканы, маңызды шешімдер қабылдайды,оның жұмысына байланысты мәселелерді компьютердің алдында отырған адамның жұмыс күнінің ішінде 15-20 рет өзгертілу керек.
Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.

Экранның жылт-жылт етуі, түстердін үйлесімі көз және ми үшін үлкен қиындық туғызады.



Бұл әрекеттер адамдарға төмендегідей әсер етеді:
- көздің бұлдырауына әкеледі;

көздін ашуы;

көз және маңдай айналасын ауру;

көздің  қызаруы.

Бұндай ауытқушылықтар компьютерді жақсы көретін адамдарда кездеседі,компьютердің алдында отырған уақытқа байланысты.Әсіресе кішкентай балдардың көздері аурады,өйткені олардың көздерінің бұлшық еттері дұрыс қалыптаспаған.

Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і ақуыз, май, көмірсу және минералды тұздардан тұрады.
Теледидардың алдында көп отыру, кітапты көп оқу — жас көздерге  көп ықпал тигізеді  .

Компьютермен жұмыс істеген кезде көзге кері әсер ететін себептер:

—           Монитордың  анық еместігі.

—           Түстердің дұрыс күйге келтірілуі.

—           Суреттердің жылт-жылт етуі.

—           Экрандағы жыпылықтаудың болуы.

Сондықтан мониторды дұрыс қалыптастыру керек.

Ұзақ уақыт бойы компьютердің алдында тапжылмай отыру омыртқа ауруына әкеліп соқтырады. Кішкентай балалардың және жасөспірімдердің омыртқалары дұрыс қалыптаспаған, компьютер алдында көп отыру омыртқаның қисаюына себепші болады.

Компьютермен жұмыс кезінде, тышқан мен пернетақта арқылы жұмыстанамыз.Бұл бізді алуан түрлі қозғалыс жасауға мәжбүрлейді.

Оқушыны былай қойғанда, ес жиған кейбір үлкендер де монитордың ішіне кіріп кетердей телміріп отырады. Екі көзі монитор экранында, бір қолы пернатақтада, бір қолы тышқанда болып, қызыққа батып отырған адам денесін тік ұстау туралы, көзін экраннан алшақ ұстау туралы ұмытып кетеді. Ал оқушылар солай етеді. Қолы қолын тапжылтпай алдындағы пернатақта мен тышқанға «жапсырып» отыратын бала денесінің бүкірейіп, иықтарының қисайып қалатындығын ойламайды ғой. Ал ондай ұқыпсыздықтың соңы мынадай дене ақауларына ұласады:


  • Саусақ буындарының аурулары;

  • Тыныс алу қиындайды;

  • Бас ауырады;

  • Остеохондроз

Компьютерден адам ағзасына зиянды сәулелер таралып, сәулелену ауруына тап болады. Олар сәулелер көзге көрінбейді, қолға ұсталмайды. Экраны сұйық, кристалды болып келетін мониторлардан бөлінетін сәулелер аз болғанымен, электр тогымен жұмыс жасайтындығы себебінен одан электромагниттік сәулелер бөлінеді.
Кристалл ( гр. Krystallos- мұз; мөлдіртас) - атомдары, иондары не молекулалары кеңістіктік жақтар мен кристалдык торлардың геометриялық заңдылықтарына сәйкес реттеле орналасқан қатты дене. Әдетте минерал кристалдары көпжақты пішіндер түзеді, Бұл пішіндердің біршама тегіс жазықтықтары "Кристалл жақтары" деп аталса, сол жақтардың бір-бірімен шендесу сызықгары "Кристалл қырлары" деген атауға ие.
Бірақ одан қатты қорқудың қажеті жоқ. Себебі үйде тұратын тоназытқышпен үй ауасын тазартатын шаңсорғыш құралдар да электромагинитттік сәуле бөліп шығарады.

Егер сіздің үйініздегі компьютер ескі үлгідегі, дөңес экранды болса, ондай мониторға балаларды жолатпай - ақ қойғаныңыз жөн. Ондай экранды мониторлардан зиянды сәулелер көп бөлінеді.

Компьютердің алдында жұмыс істеген кезде әр түрлі дыбыстармен, ультрадыбыстардың адам ағзасына әсері жайлы әлі зерттелініп біткен жоқ.Қазіргі уақытта ультрадыбыстың есте сақтау қабілетіне, оқуға кері әсері бар екені белгілі.Шу құлаққа , миға әсер етеді.Артериялық қысымға, гипертониялық ауру бала кезінен пайда болады.

Шаңсорғыштық жұмыс істейтін негізгі бөлігі- ауа сорғыш агрегат (коллекторлы электр двигательден жетегі бар желдеткіш) болып табылады. Ол агрегат желдеткіш тудыратын ауа ағынының көмегімен ауаны ішке сорып алады.
Гипертония - жүрек қан тамырлары жүйесінің ең көп тараған ауруларының бірі. Оның белгісі - тамыр тонусы реттелуінің бұзылуынан туған артериялық қысымның (гипертензия) көтерілуі. Гипертония ауруы жүйке жүйесіне ұдайы күш түсуінен, психикалық зақымданудан, шамадан тыс артық тамақтанудан, жүріс-тұрыстың, жалпы' қимылдың аздығынан болады.
Интернет байланыстарынан оқушылардың психикасы бұзылып, неврастения ауруына шалдығады.
Психика (гр. psychikos - ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді.
Отыру ережесін сақтамау, омырқа бұзылады, сколиоз аурына ұшырайды. Ультракүлгін сәуле, көз шашқа әсер етеді, дерматит аурына шалдығады. Ойынқұмарлық, иммунитет төмендейді, оқушы күйзеліске ұшырайды.

Компьютер біздің өмірімізде қарапайым зат. Компьютермен жұмыс істей алмайтын адамдарға таңырқай қарайды. Компьютердің зияны мен пайдасы туралы келіспеушілік көп болады. Ғалымдар компьютердің әсері туралы көптеген зерттеу жүргізуде, балалар ата-аналарымен қарсыласады, ата-аналар мұғалімдермен, т.б.

Ғалым (араб.: عالِم‎ - а́лим) - сөзі арабтың а́лим: (дінді) оқыған, оқымысты адамдарына арнап қолданылатын сөзі.
Жауап әлі де жоқ!

Психологтардың келесі берілген дәлелдемелері бізге дұрыс жауап беруге көмектеседі. Жағымдысы.

Компьютерлік ойындар балаларды дамытады:

—        Көңіл аударуды жылдамдатады;

—       саусақтардың қозғалу шапшаңдығы;

—       объектіні визуалды қабылдау;

—       назар және есте сақтау қабілеті ;

—       логикалық ойлау;

—        көздің шапшаң қабылдауы.

Компьютерлік ойындар балаларға үйретеді:

—           қорыту және сараптау;

—           аналитикалық ойлау;

—           өз мақсатына жету;

—           интелектуалдық қабілеттерін дамыту.

Кішкентай кезінен компьютермен жұмыс істей алатын кішкентай бала өзін еркін сезінеді, себебі ол әлемдегі замануи технологияларға қолы жетеді.  Компьютерлік ойындарды ойнағанда бала өзінің сиқырлы әлемінде жүрген секілді сезінеді.

Ертегі кейіпкерлері балаға жарды жөңдеу, пазлдарды дұрыс жинау немесе сандарды ретімен орналастыру, қазынаға жету үшін бала өзіне керектігін сезінеді. Егер тапсырманың соңында балаға «Жарайсың!», «Сен керемет орындадың!» деп айтса, бұл балада қуаныш оятады.

Компьютерлік ойындары ішінде көп қызықтысы, ақылдысы, түгелімен балалардың дамуына және өз білімдерін жетілдіруге көмектеседі.Ал түсінікті, қарапайым, қолдануға оңай, нағыз әртістермен дыбысталған ойындар тамаша мереке секілді. Оқытуға арналған компьютерлік ойындар туралы айтып отырмыз.

Компьютерлік ойын - ойнауға арналған компьютерлік бағдарлама. Оларға сондай-ақ видеоойындар мен мобильді ойындар да жатады.

Ал онда не жағымсызы бар?

Егер де тәртіпті сақтамаса компьютер достан қас жауға айналады. Жақсысының бәрі шектен шықпау керек. Жақсы керемет ойындардың балаларға пайдасы болса да, керісінше зиянды ойындарда болуы мүмкін.

Компьютердің алдында көп отыра берсе, көздің көруі нашарлап және психологиялық тұрғыда бала виртуалды әлемге тәуелді болады. Тәртіпті сақтайтын жанұяларда ондай мәселе туындамайды.

Қорытынды

Келген ғасыр — ақпараттық технологиялар заманы.

Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Біздерді, балаларды компьютерден аластату қолдан келмейді. Ғалымдардың айтуынша, компьютермен жұмыс істеген баланың қабілеті дамиды, шапшаң шешім қабылдауға және экранда керек емес нәрселер шығып жатқанда, компьютер өшіп қалғанда сасқалақтамай, абдырамай қиын есептерді шығарады, қиындықтан оңай шығады.

Баланың денсаулығын компьютерлік зияндардан қорғауға болады, егер де оны қадағалап отырса,үлкендердің  істейтін қателіктерін қайталамау керек.

Біздің зерттеулердің нәтижелері көрсетеді: компьютердің зиянымен қоса пайдасы бар. Соңғы кезде біз әрдайым компьютердің адам  ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы естиміз.

Соңғы зерттеулер  көрсетеді: тек компьютерден ағзаға зиянды ықпал ететіні,  адамның қате орналасуы, демалуы мен жұмысындағы ережелерді сақтамауы.

Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.
Компьютер мүмкіндіктері әлдеқайда көп. Компьютерлік программалармен мен жұмыс істеу  өте қызықты.

Компьютер программасының негізгі құралдарымен, әртүрлі әрекеттермен таныстым.

Артықшылығы:

—    графикалық көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы сапа;

—    жұмыс кезіндегі ыңғайлылық пен жайлылық;

— көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы функционалдық мүмкіншіліктер ойлаған операцияны жасауға көмектеседі.

Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.

Жоғарыда айта кеткендей, әртүрлі әрекеттер көмегімен кез-келген құжаттар жасауға болады.      Компьютермен жұмыс істеу пайдалы, біздің ақпарат іздеу жұмысына зор көмегі бар деген шешімге келдім. Бірақ ол қатаң ережелерді сақтауын талап етеді және санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау керек. Баланың ағзасына әсер етпеу - бұл сәтте маңызды. Біздің мектепте барлық компьютер бөлмелерінде компьютердің қауіпсіздігі туралы ақпараттар бар. Сол ақпараттағы қауіпсіздік ережелерін және компьютер денсаулыққа әсер етпеу үшін экранда шығып тұрған 14 кеңесті бұлжытпай орындасақ, компьютер біздің досымызға айналады Компьютер мүмкіндіктері әлдеқайда көп. Компьютерлік программалармен мен жұмыс істеу  өте қызықты.

Қолданылған әдебиеттер


  1. Информатика әлеміне саяхат оқулығы;
    Әдебиет (араб.: асыл сөз‎) - сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.


  2. Ғаламтор беттері: www.bilimtime.kz, www.ustaz.kz;

  3. www.google.kz; www.yandex.kz;

  4. Информатика 5 сынып. Оқулық. Вьюшкова Е.А., 2013, Арман – ПВ;

  5. Информатика 6 сынып. Оқулық. Вьюшкова Е.А., Параскун Н.В., Әбенов Б.Қ., 2014 , Арман – ПВ.


Жалпы орта білім беретін Мереке мектеп – балабақшасының 6 – сынып оқушысы Қайырғалиева Айдананың «Компьютердің оқушы өміріне пайдасы мен зияны» тақырыбындағы ғылыми жұмысына

Рецензия




  • Зерттеу болжамы
  • Зерттеу жұмысының теориялық, әдістемелік
  • Оқушыға компьютер не үшін қажет
  • Сыныбы Сұрақ қойылған оқушылар саны Жеке компьютер лері бар
  • 2. Компьютер менің сыныптастарым арасында қаншалықты танымал
  • 3. Компьютерлік ойындарға әуестігі туралы ата-ананың ойы
  • Компьютер оқуға қалай әсері етеді
  • 5. Адамдарға компьютердің әсері қаңдай
  • Бұл әрекеттер адамдарға төмендегідей әсер етеді
  • Компьютермен жұмыс істеген кезде көзге кері әсер ететін себептер
  • Қолданылған әдебиеттер
  • Жалпы орта білім беретін Мереке мектеп – балабақшасының 6 – сынып оқушысы Қайырғалиева Айдананың «Компьютердің оқушы өміріне пайдасы мен зияны» тақырыбындағы ғылыми жұмысына

  • жүктеу 152.27 Kb.