Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Кәсіптік білім беру педагогикасы» пәнін

жүктеу 0.62 Mb.



жүктеу 0.62 Mb.
бет1/3
Дата30.04.2017
өлшемі0.62 Mb.

«Кәсіптік білім беру педагогикасы» пәнін


  1   2   3

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Педагогикалық факультеті


3 деңгейдегі СМК құжаты

ПӨӘК


Баспа

№___


ПОӘК 042-18.19-23-2013




«Кәсіптік білім беру педагогикасы» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар

«Кәсіптік білім беру педагогикасы» пәнін

оқыту-әдістемелік комплекс

5В010300- «Педагогикалық психология»

мамандығына арналған

Оқу-әдістемелік материалдар

Семей-2014




МАЗМҰНЫ




Глоссарий






Дәрістер






Практкалық сабақтар






Студенттердің өздік жұмыстар жоспары






  1. Глоссарий

Білім стандарты –қоғамдық идеал көрініс табатын және нақты жеке тұлғаның және сол идеалға қол жеткізу бойынша білім беру жұйесінің мүмкіндіктері есепке алынатын білімділіктің мемлекеттік нормасы ретінде қабылданатын негізгі параметірлер жүйесі.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.



Кәсіптік білім беру стандарты - бітірушілердің жалпы кәсіптік білім даярлығына қойылатын талаптардың міндеті және соған сәйкес келетін білім мазмұны,әдістері,формалары,оқу құралдары мен бақылаудың деңгейі.

Білім беруді стандарттардың негізгі обьектілері оның құрылымы,мазмұны,оқу жүктемесінің көлемі және білім алушылардың даярлық деңгейі.



Оқыту формасы-білім алушылардың оқу-өндірістік әрекетінің сипаты және шебердің жетекшілік етуімен сабақтардың құрылымы айқындалатын оқыту үдерісін құру амалдары.

Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.

Форма (Қалып; form) - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелеріңде (мысалы, Access-Te) - мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.

\

Концентрлік оқыту-педагогтар мен білім алушылардың сабақтаы ды біріктіру, оқу күні, оқу аптасы барысында, паралель оқылатын пәндер санын қысқарту және оқытудың ең ірі ұйымдастырушылық бірліктерін оқу үдерісін ұйымдастырудың технологиясы.

Оқытуды ұйымдастыру формалары-оқытушы мен білім алушылардың арнайы ұйымдастырылып, белгіленген тәртіп пен белгілі режимде өтетін жұмысы.Түрлері:сабақ,факультатив, семинар,практикум,экскурсия,кеңес, қосымша сабақ.

Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.



Оқыту әдістері-білім мазмұнын меңгертуді қамтамасыз ететін кәсіптік оқыту педагогы мен білім алушылардың өзара байланыстағы бірізді әрекет ету жүйесі.

Оқтуды ұйымдастыру формалары –сабақ, экскурсия,практикум, семинар,білім алушылардың үй жұмысы, сынақ, кеңе беру,емтихан,қосымша сабақ.

Сөздік әдістері-әңгімелесу, түсіндіру,дискуссия, лекция,әңгіме,кітаппен ,компьютерлік-ақпарат көздерімен жұмыс.

Әңгімелеу-оқу материалының мазмұнын ауызша әңгімелеп баяндау әдісі.

"Еңбек" - өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы.

Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.


Лекция-оқытушының теориялық сипаттағы оқу материалын жүйелі түрде және бірізділікте монологиялық баяндау әдісі.

Көрнекілік әдісі-оқу материалын көрнекілік және техникалық құралдар арқылы меңгерту әдісі.

Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.



Практикалық әдіс-жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар арқылы практикалық дағды, іскерліктерді қалыптастыру әдісі.

Оқу құралдары-оқытушының білім алушыларға жаңа білімдерді меңгертуі үшін пайдаланатын материалдық және идеалдық обьектісі.

Сабақ-оқу орындарында білім алушылардың оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру формасы.

Оқыту үдерісіндегі бақылау және өздік әдістері-оқытушылар мен білім алушылардың оқыту үдерісінің нәтижелігі туралы ақпарат алу әдісі.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.



Оқытуды ұйымдастырудың жекелік формасы-әрбір білім алушы оқу тапсырмаларын өзінің даярлық және оқу мүмкіншіліктеріне қарай дербес орындалуы.

Оқытуды ұйымдастырудың топтық формасы-нақты оқу міндетіншешу үшін сабақта білім алушыларды топқа бөліп, әрбір топқа бір тапсырма берілуі.
2.Дәріс сабақтарының мазмұны


«Кәсіптік білім беру педагогикасы» оқу пәні.

    1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі

    2. Кәсіптік білім берудің мазмұны


Білім беру жалпы оқыту барысында іске заңдылық. Оны іске асыратын, ұйымдастыратын, белсенді білім алуға жетелейтін мұғалім. Ол оқушыны саналы білім алуға, барынша өз бетімен, шығармашылықпен игеруге жетелейді. Білім мазмұны- білімнің, ғылымилығы, іскеліктің және дағдының жүйесі. Сондықтан білімнің мазмұны- оқыту үрдісі компонентінің бірі болады. Сол жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамып, дүниеге көзқарасы, мінезі қалыптасады. Білім мазмұнын анықтау- бұл өсіп келе жатқан жас ұрпақты неге үйрету, нені оқыту мақсатын анықтап алу деген сөз.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.

Мұғалім немесе оқытушы - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Жеке адамның жан-жақты дамуы дәне қалыптасуы үшін меңгеретін білім, іскерлік, дағды жүйесі білім беру мазмұны болып табылады. Білім жеке адамның қажеттігіне, белсенділігіне, еңбек сүйгіштігіне байланысты ынта-жігеріне байланысты жүзеге асырылады. Білім деген ұмтылу, іс-әрекет сезім қабылдауының бірлігі, теориялық ой жүйе, оны тәжірибеде олдану арқылы қалыптасып, іске асады. Білім теориялық, практикалық әрекетті ұштастыру арқыллы қажетке жарату. Кесте №5,6. Мектеп қоғамның әлуеметтік тапсырмасын орындау барысында халық шаруашылығына қызмет істеу қабілеті істеу қабілеті бар, саналы, белсенді, білімді адамдарды тәрбиелеп шығару үшін жұмыс істейді.

Ұлттық экономика -қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.).

Соныдықтан білімнің мазмұны жеке адамдардың дамып, қалыптасуына бағытталады. Мектепке берілетін білімнің мазмұны мына мәселелерді қамтуды көздейді: -табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білімдермен; -дүние танымын қалыптастыру; -адамды жан-жақты дамыту міндеттерін шешуге бағыттау; - жастарды өмір сүре білуге, еңбекке, білім алуға, мамандақты дұрыс таңдауға мүмкіншілігіне дұрыс тәрбиелеу. Оқушылардың білім мазмұнын игеру іс-әрекеті әр қилы формада жүзеге асырылады. Оқыту формасы, форма лат.тілінен аударғанда бейне, сырт көрініс қандайда бір нәрсенің құрылымы деген мағына береді. Жалпы оқу формасы, оқу процесінің ұйымдастырылуының сыртқы көрінісін білдіреді. Оқушылардың санына, оқу орнына, іске асыру тәртібіне орай оқыту формалары әр түрлі болып келеді. Жеке дара оқыту формасы мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасқа келуінен құралады.

Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.

Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.

Оқытудың топтық формасы. Мұнда оқушылар әр қилы мақсат-мүддеге орайласқан топтарда оқиды, тәрбиеленеді. Оқытудың ұжымдық формасы, бұл оқыту түрінің фронтальды оқыту түрінен өзгешелігі оқушылар өздеріне тән арақатынас, өзара ықпал жасау ерекшеліктерін сақтап, біртұтас мақсат мүддеге ортақ, біртекті жұмыс бағытында бірігіп, бекіген ұжым ретінде қарастырылады. Жеке дара оқыту формасы өтілетін сабақ түріне дәрістердің түрлері жатады. Осы заман педагогикалық процесте қолданылатын әдістер саны, түрі орасан зор. Оқыту әдісі- дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Оқыту үрдісінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Қазақстан Ресупликасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында оқыту әдістерін жетілдіру және білім сапасын арттыру міндеттері көрсетілген. Алайда оқу-тәрбие үрдісінде кең орын алған формализмнің нәтижесінде көптеген оқу орындарында оқу сапасының құлдырап кеткендігі айтылған. Тұжырымдарда оқушылардың жеке қабілеттері мен қажетттіліктеріне сәйкес жоғары сатыдағы бейімдік және кәсіптік бағдарлы оқыту жүйесін құру делінген.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы: Бағдарламаның мақсаты:

  • білім беру қызметтеріне бірдей қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;

  • Білім беру жүйесін жоғары санатты кадрлармен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдауды нығайту және педагог кадрлардың еңбегін көтермелеу;

  • Білім беру басқармасымен мемлекеттік-қоғамдық жүйені қалыптастыру;

  •  озық білім беру ресурстары мен технологияларына білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының бірдей қол жетімділігін қамтамасыз ету ;

    Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.



  • балаларға толық мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен білім беруді қамтамасыз ету, оларды мектепке дайындау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуін қамту;

  • жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының саналы, күш-қайраты толысқан, рухани жетілген азаматын қалыптастырып, құбылмалы әлемде табысқа жеткізетін, білім алу қажеттілігін қанағаттандырып, елдің экономикалық жайлылығы үшін бәсекеге қабілетті адам капиталын жетілдіру.

    Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

    12-жылдық білім беру үлгісіне көшу;

  • қоғамның сұранымына сәйкес ТжКБ жүйесін жаңарту мен экономиканы индустриальды-инновациялық дамыту, әлемдік білім беру кеңестігінде ықпалдасу;

  • елдің индустриальды-инновациялық даму міндетіне, жеке бас қажеттілігіне және білім беру саласында әлемдік озық тәжірибелерге сәйкес келетін еңбек нарығы талабын қанағаттандыратын жоғары білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу;

  • жастардың бойында, белсенді азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілік, отансүйгістік сезім, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттер қалыптастыру.

    Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

    Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.



Міндеттер:

  • білім беруді қаржыландырудың сапалы білім беру қол деткізудің мүмкіндіктеріне бағатталған жаңа тетіктерін әзірлеу;

  • педагог мамандығының беделін арттыру;

  • білім берудегі менеджментті жетілдіру;

  • оқу үдерісін автоматтандыру;

  • мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту, мазмұнын жаңартып, кадрлармен қамтамасыз ету;

  • 12-жылдық білім беру жүйесіне көшуді жүзеге асыру;

  • аз жиынтықты мектептердің мәселесін шешу;

  • мектептерде инклюзивтік білім беру жүйесін жетілдіру;

  • экономиканың индустриальды-инновациялық даму сауалдарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) құрылымы мазмұнын жаңарту;

  • экономика саласын үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын жетілдіру;

  •  ТжКБ-да оқыту беделі арттыру;

  • білім – баршаға, өмір бойы білімін жетілдіру үшін жағдайлар жасау;

    Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.



  • еліміздің индустриальды-инновациялық даму жобаларына сәйкес жоғары білімді және жоғары білімнен кейінгі білімді кадрлармен қамтамасыз ету;

  • еуропа аймағындағы жоғары білімнің ықпалдастығымен қамтамасыз ету;

  • білім, ғылым және өндіріс ықпалдастығын қамтамасыз етіп, зияткерлік меншік пен технологиялар өнімдерін коммерциализациялау үшін жағдайлар туғызу сиқты жүзеге асыру.

    Ғылым (араб.: علم‎ (ілім) - білім, тану; лат. scientia - білім) - ақиқат жайлы объективті білімдерді жетілдіру мен жүйелеуге бағытталған адам іс-әрекетінің саласы. Жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе.

    Сондықтан да оқыту әдістерін дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Халыққа білім беру қызметкерлерінің сөзінде айтылғандай білім мен тәрбие сапасын арттыру, әр пәнді оқытуды ғылыми тұрғыдан жетілдіру, соның нәтижесінде оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру және олардың танымдыққа талабын, жеке жұмыс істеу қабілетттілігін нығайту үшін тек қана оқу жоспарларын жетілдіріп қоймай, сонымен қатар оқыту әдістерін жетілдіру керектігі айтылған.

    Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

    Педагогиканың дидактика бөлімінде оқыту әдістерін жетілдіру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Оқулықтарда оқыту әдістерінің топтары, олардың жіктелуі туралы әртүрлі пікірлерді кездестіруге болады. Кесте №1,2,3,4. Оқыту әдісері туралы анықтамаларға тоқталып өтейік: Оқыту әдістері дегеніміз- оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады. Оқыту әдістері дегеніміз- мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерінің басқа да анықтамалары кездеседі.

    Әдебиет (араб.: асыл сөз‎) - сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.

    Бұл әдебиеттерде оқыту әдістері оқытушының оқушыларға оқу материалының білім беру тәсілдерінің жиынтығы немесе оқытудың құралдары ретінде, сонымен қатар, оқыту әдісі мұғалімнің оқу материалының оқушыға жеткізу тұрғысында ғана қарастылылған. Мұндай анықтамалар оқыту әдістерінің сипаттамасын толық бере аалмайды. Сондықтан оқу үрдісі барысында мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасын білген дұрыс. Дидактика териясында оқыту үрдісінің пәні мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас екі жақтылық негізде қарастырылады. Дәлірек айтқанда, қарым-қатынас субъектісі түрінде болады. Ал, соңғы оқыту әдісіне берілген анықтамада мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас көрсетілмейді. Сондықтан оқыту әдісінің субъективті – субъективтілік ішкі заңдылық негізі ашылмаған. Бұл жағдайда оқыту үрдісі барысында оқушы пассивті позицияда қалады.

    Позиция (лат. posіtіo - орны, жағдайы, орналасқан жері) - Қандай да бір нәрсенің орны, орналасуы (мысалы, шахмат тақтасындағы фигуралардың позициясы); Шекті музыкалық аспаптың мойнындағы сол қолдың бір жерде тұрып, дыбыстардың белгілі бір кезектігін орындайтын орны; Классикалық бидегі қолды ұстап тұру мен аяқтарды қоюдың бұлжымас ережелері.

    Ал, оқушының оқыту үрдісінде белсенді ролі болу үшін мұғалім мен оқушы оқушының оқыту үрдісінде белсенді ролі болу үшін мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың субъектісі – субъективтілік негізде құрылуы керек. Сонымен қазіргі педагогикада оқыту әдісі оқушылардың білімді меңгеру және олардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған оқушы мен мұғалім арасындағы бірлесіп жүргізілетін іс-әрекеттің субъектісі – субъектілік қарым-қатынас құралдары ретінде анықталады. М.А. Данилов, Б.П. Есипов классификация жасағанда оқыту үрдісінде дидактикалық міндеттерді негізге алады. *жаңа білімді меңгеру; *білімді іскерлікті қалыптастыру; *шығармашылықпен іс-әрекетті дамыту; *білімді бекіту; *білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру; осы оқыту әдісінің классификациясы оқытуды ұйымдастырумен үндеседі және мұғалімдерге оқу-тәрбие үрдісін жүргізуге үлкен көмек береді. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары: 1. білім мазмұнын қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму тапсырыстарына сәйкестендіру; 2. білім мазмұнын ізгіліктілігін қамтамасыз ету; 3. білімді өз бетімен ізденіп, тәжірибеде пайдалана алауға және соған қажеттілікті тәрбиелеуге бағытталған түпкілікті құзіреттілікті қалыптастыруға ықпал ететін білім мазмұнымен қамтамасыз ету; 4. танымдық қызығушылық туғызуға бағытталған білім мазмұнын іріктеу. 5. оқушыларды өз бетімен білім алуға, іздене отырып, зерттеу тәсілдерін игеруге бағыттау; 6. білім мазмұнын ұлттық құндылықтарға негіздеу. Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс – тәсілдерді қолданамыз:

  • баланың отбасы жағдайын зерттеу

  • ата – анасымен әңгімелесу

  • шығармашылық қабілетін анықтау

  • сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтер өткізу

  • пәндік олимпиадаларға, пікір – сайыс ойындарына қатыстыру

  • ғылыми жоба жарыстарына, педагогикалық консилиумдар өткізу.

    Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.



Тренингімізге көшейік:

«Мен кіммін?» Мақсаты: Студенттердің өздері жайлы пікірлерін, мінездемелері арқылы өзіндік пікірлерін қалыптастыру. Бұл жаттығуды бірінші кездесуде өткізген өте тиімді болады.Әр адамға бір парақ қағаз бен қалам беріледі. Жетекші: «1саннан 10 ға дейін баған бойынша реттік сандарды жазып шығыңыз. Әр санның тұсына «Мен кіммін» деген бір сұраққа жауаптарыңызды жазып шығасыздар. Жауап жазғанда өзіңізді ақиқатқа сай бағалап барлық оң және теріс қасиеттеріңізді шын көңілмен бағалаңыз. Осы парақты көкірегіңізге түйіп алып бөлме ішінде жайлап жүріп,өзгелердің өздеріне берген мінездемелерімен танысыңыз,ал оларға өзіңіздің жазған мінездемелік «тізіміңізді» оқуға мүмкіндік беріңіз. Қатысушылардың біреуі мысал ретінде өз «тізімін» дауыстап, топтағылардың барлығы еститіндей етіп, оқып беруіне болады. Кездесудің соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісу.
  1   2   3

  • «Кәсіптік білім беру
  • Глоссарий Білім стандарты
  • Кәсіптік білім беру стандарты
  • Оқытуды ұйымдастыру формалары
  • Оқтуды ұйымдастыру формалары
  • Лекция
  • Практикалық әдіс
  • Сабақ
  • Оқытуды ұйымдастырудың жекелік формасы
  • «Кәсіптік білім беру педагогикасы» оқу пәні.
  • Қазақстан Ресупликасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
  • Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы: Бағдарламаның мақсаты
  • Тренингімізге көшейік: «Мен кіммін» Мақсаты

  • жүктеу 0.62 Mb.