Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқыту-әдістемелік кешен

жүктеу 1.13 Mb.



жүктеу 1.13 Mb.
бет8/9
Дата09.03.2017
өлшемі1.13 Mb.

«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқыту-әдістемелік кешен


1   2   3   4   5   6   7   8   9

4-тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.

  • Қызықты ақпараттарды интернет арқылы тауып алуға болады.

  • Маған үйретші.

  • Міне, интернетке қосылдық. Сенің почтаң қай порталда болсын: kz әлде comда ма ?

  • Мынау – сенің адресің, пароліңді ұмытпа.

  • Қазір біреуге хат жазып, почтаның қалай істейтінін тексеруге болады. Жақсы болды, бәрі істеп тұр!

  • Ал мен өз достарым мен сыныптастарымның адрестерін қалай білем?

  • Көріп тұрсың ба, сенің жәшігіңде «Менің әлемім» деген сілтеме бар. Кіресің де, тіркелесің. «Білімі» деген бөлімді толтырасың. Міне сенің мектебіңдегі оқығандардың бәрі.!

  • Кейбір суреттің астында қызыл плашка жанып-сөніп тұр. Бұл не?

  • Олар қазір сайтта, біз олармен хабарласа аламыз.

  • Әрине, Сенің суретіңді де орналастырайық.

  • Түсіндірші, суретті ұялы телефоннан компьютерге қалай көшіруге болады?
    Ұялы телефон - радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.


  • Bluetooth не USB-сымын пайдаланыңыз.

  • Рахмет саған! Хатты жібердім, енді жауабын асыға күтіп отырмын.

  • Шын мәнінде, бұл өте оңай. Ертең келіп, почтаңды тексереміз.


5-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Искусственный интеллект.
Интеллект (лат. іntellectus - таным, ұғыну, аңдау) - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Интеллект (от латинского слова, означающего «знание», «рассудок») – это разум, способность мыслить. Компьютер разума не имеет. Но можно составить такую программу, что машина будет воспринимать человеческий голос ( а не только сигналы от клавиатуры или мыши). Будет самостоятельно «распозновать» предметы, «самообучаться» и т.п. Когда разрабатывают такие компьютерные системы, говорят о создании искусственного интеллекта.

* * *

Тәкәппарлық

Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі, он сегіздегі жас күнінде, Медера деген қаланың бір қарт адамына қонақ болып, шығар уақытта қарт ішкі бір есіктен шығарып салуға алып келіпті. Франклин бұл кісіге келе жатып, алдында не барын аңғармай, есікке жақындағанда қарт дауыстапты:



  • Еңкей, еңкей, - деп.

Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, маңдайшасына Франклин маңдайымен тарс ете түсіпті. Сонда қарт күліп айтты дейді:

- Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнан да артық неше соққылардан құтыларсың.

Бұл сөзді Франклин сексен жасқа келгенше ұмытпай, әрдайым айтушы еді:

- Сол қарттың ақылы маған көп пайда болды және көзіммен көрдім, басын жоғары көтерген тәкәппарлардың нешеуінің әлек болғанын, - дейді.


№11 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қандай компьютер мультимедиалық деп аталады?

2. Ақпараттың өлшем бірліктерін көрсетіңіз.

3. Ақпараттың ең үлкен және ең кіші бірлігін атаңыз.


Практикалық сабақ №12

Компьютердің құрамына кіретін құрылғылар. Сөзжасамның тәсілдері.

Тапсырмақа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №12

Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  • Компьютердің құрмына кіретін құрылғыларға сипаттама беру;

  • Сөзжасам тәсілдерін анықтау, берілген тапсырмаларды орындау.


Әдістемелік нұсқау

Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар

Компьютер – бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылардың жиынтығы (1.2-сурет).

IBM PC негізгі құрылғыларына жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір жатады. Қосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:

- ақпаратты енгізу құрылғылары (мәтіналғы (сканер), дигитайзер, сандық фотокамера, сызбалық планшет);

- ақпаратты шығару құрылғылары (басып шығарғыш (принтер), плоттер);


- енгізу және шығару қызметтерін бірге атқаратын құрылғылар (модем, дыбыстық бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш).
Желілік бейімдеуіш (ағылш. Network Interface Card, NIC) - компьютерді желіге қосатын құрылғы. Бұл құрылғы сондай-ақ желілік тақта немесе желілік тілдесу тақтасы (NIC) деп те аталады.
 

Жүйелік қорап компьютердің негізгі тораптарын қамтиды:


- жүйелік (аналық) тақша;

- процессор;

- оперативті жады;

- тұрғылықты диск;

- алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі;

- CD және DVD диск жетектері;

- бейнесызбалық бейімдеуіш;

- дыбыстауыш (дыбыстық бейімдеуіш);

- желілік тақша;

- енгізу-шығару порттары (ажыратқыштар);

Порт (француз тілінде port, латын тілінде portus - гавань, айлақ) - 1) су толқындарынан табиғи не жасанды тосқауылдармен қорғалған, кемелердің аялдауына, оларға әр түрлі қызмет көрсетуге, жолаушылар мен жүк тасымалын қамтамасыз етуге арналып салынған теңіз, өзен, көл не су бөгені жағалауының сумен шектескен бөлігі.

- қоректендіру блогы. 
http://www.compobuch.kz/docs/book_kaz/m1.2.jpg
Аналық тақша – компьютердің барлық құрылғыларын бір-бірімен байланыстырып отырады. Оның жазық бетінде процессор, есте сақтайтын оперативті құрылғы (оперативті жады) орналасқан.

Процессор – ақпаратты өңдеп, копьютердің барлық қалған бөліктерін басқарады. Басқаша айтқанда, өте үлкен интегралды микросхема ретіндегі копьютердің «миы».

Жылдамәрекеттілік – процессордың ең маңызды сапасы. Қазіргі микросхемалар секундына миллиардталған оңай операцияларды орындайды. Процессор оперативті жадыдағы өңделген ақпаратты қабылдайды. Процессор оперативті жадымен үздіксіз байланыста болады.

Оперативті жады – микросхема жиынтығынан тұрады. Оперативтегі жадыдағы ұяшықтарда ақпарат электрлі қуат көзі кодталады. Бірақ компьютерді өшіргенде қуат көзі өшеді.

Жад сыйымдылығы – ең көп ақпаратты сақтайтын құрылғы. Сыйымдылық байтпен өлшенеді.

Ақпаратты енгізу және шығару. Қодталған ақпаратты шығарып, қайта кіргізу үшін әртүрлі техникалық құрылғылар болады.

Пернетақта – түймешелерді баса отырып, компьютерге мәтін жазылады. Басқа түймешелер компьютердің басқа жұмыстарын басқарады. Бағдаржолмен экранда бар әртүрлі шартбелгілерді ашып-жауып алуға болады.


Жаңа сөздерді жаттаңыз.

жүйелік қорап – системный блок

ақпаратты енгізу құрылғылары – устройства для ввода информации

мәтіналғы – сканер

сызбалық планшет – графический планшет

ақпаратты шығару құрылғылары – устройства для извлечения информации

дыбыстық бейімдеуіш – звуковой адаптер

желілік бейімдеуіш – сетевой адаптер

негізгі тораптары – основной узел

жүйелік (аналық) тақша –системный (материнская) плата

оперативті жады – оперативная память

тұрғылықты диск – жесткий диск

CD және DVD диск жетектері – CD және DVD дисковые проводники


бейнесызбалық бейімдеуіш – видеографический адаптер

желілік тақша – сетевая плата

енгізу-шығару порттары (ажыратқыштар) – ввод-вывод портов

қоректендіру блогы – питательный блок

қоржын –папка

пернетақта – клавиатура

жазғы –принтер

бағдаржол – курсор

шартбелгі- значок

алмалы табақша- съемный диск

біріктіруші – сумматор

басылым – версия

мәзір – меню

ұяшық – ячейка

қуат көзі – заряд

қоректендіру блогы





1-тапсырма. Қазақша атауын жаттаңыз.

Қоржын (папка) – компьютерлік қоржын мәліметтерді жинау мақсатында қызмет етеді.

Пернетақта (клавиатура) – мәліметтерді ЭЕМ-ге енгізуге арналған құрылғы, сонымен қатар командылық операциялардың орындалуын басқарады.

Тінтуір (мыш) – дисплей экранындағы сілтеме көрсеткіш қалпын өңдеуге арналған құрылғы.

Жазғы (принтер) – информацияны баспаға шығару құрылғысы.

Сүзгі (фильтр) – айқындалмаған мәліметтерді деректер базасына енгізбейтін бағдарлама; кестелермен жұмыс істеу барысында фильтр көмегімен критерий арқылы анықталған мәліметтер ғана бөлініп шығарылады.

Жад (память) – деректерді қабылдауға, сақтауға арналған ЭЕМ-нің функционалдық бөлігі.
2-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Компьютер – это машина для оброботки информации, в том числе для вычеслений. Слово «компьютер» произошло от латинского слово, означающего «считаю». Другое название компьютера – электронно-вычеслительная машина (ЭВМ). Компьютеры играют огромную роль во всех областях жизни: от детских игр до полетов в космос. Есть много видов компьютеров. Самый известный – персональный компьютер.


3-тапсырма. Берілген сөз бен сөз тіркестерінің дұрыс жазылуына назар аударыңыз. Жатқа жазыңыз.

Пернетақта, жад, интернет жүйесі, өрмекші тор, өңдеу, қолайлы жағдай, дүниежүзілік, қолтетік, қоржын, жазғы, компьютерлік желі, ақпараттық технология жетістіктері, біртұтас ақпараттық кеңістік, желілер жиынтығы, пайдаланушылардың саны, ақпараттар сақталады, электрондық пошта, хабарды жедел жеткізеді, қызмет құны, гипермәтіндік сілтеме, бейнелік мәлімет.



СӨЗ ТІРКЕСІ МОДЕЛЬДЕРІ


компьютерлік жады

жады




пернетақтаны басу

пернетақта



файлды сақтау

сақтау




мәліметті өшіру

өшіру



жұмыс үстелі




жұмыс үстеліне қою



тінтпені жылжыту

тінтпе



ақпарат алмасу

ақпарат



көшірме жасау

көшірме

4-тапсырма. Сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.
сақтау

Құжатты көшіру

қиып алу

өзгерту
қосу

Компьютерді өшіру

қиып алу

меңгеру

Сөзжасамның тәсілдері



  1. Түркі тілдері, соның ішінде қазақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан, синтетикалық тәсіл біздің тілімізде туынды сөз жасауда үлкен қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасаудың тілде қалыптасқан өзіндік жолы бар. Бұл тәсіл арқылы туынды сөз жасау үшін, оған екітілдік бірліктің қатысуы керек:

- лексикалық мағыналы сөз;
Лексикалық мағына - зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымының мазмұны. Лексикалық мағына сөздерді бір-бірінен ажыратып танытатын ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единицалық) сипатқа ие болады.

- сөзжасамдық жұрнақ.

Лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады, сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер қатысады.

Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше болып саналады. Яғни туынды түбір негіз сөзден сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады.

Мысалы, өнім,


  1. Аналитикалық тәсілде екі сөз бір-бірімен тіркесіп, жаңа лексикалық мағыналы сөз жасайды. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөз күрделі сөз деп аталады. Бірақ күрделі сөзде олардың әрқайсысының өзінің жеке тұрғандығы мәнін сақтамай, біртұтас мәнге көшеді. Мысалы, өнеркәсіп, теміржол, қызыл ала т.б.

  2. Лексика-семантикалық тәсілде сөздің құрамы, тұлғасы ешбір өзгеріске түспейді, өзгеріс тек сөздің мағынасында ғана болады. Сөз дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып, тілдегі бұрынғы қолданып жүрген мағынасының үстіне жаңа мағынасында да қолданыла бастайды. Сөздің тек мағынасында өзгеріс болғандықтан, бұл тәсіл лексика-семантикалық тәсіл деп аталады. Мысалы,

  1. Ақ - адал мағынасын береді. Мысалы, Ақ жүрген адам азбас.

  2. Ақ –сүт, айран, қатық, қымыз, шұбат сияқты тағамдар. Мысалы, Ұлжанның күз уақытында Зере мен балаларға әзірлеп отыратын ағы осы болатын.

  3. Ақ –ақиқат, шындық. Мысалы, Жұмыр басты пендеге – өлім ақ.


5-тапсырма. Төмендегі сөздердің сөзжасамның қандай жолымен жасалғанына мән беріңіздер.

Пернетақта, интернет жүйесі, өрмекші тор, дүниежүзілік, қолтетік, қоржын, компьютерлік желі, ақпараттық технология, біртұтас, электрондық пошта, қызмет құны, гипермәтіндік сілтеме, бейнелік мәлімет, қоржын, бағдаржол, шартбелгі, алмалы табақша, біріктіруші, басылым, ұяшық, қуат көзі.


№12 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1. Компьютердің жұмыс істеуіне қажетті ең аз деген құрылғылар жиынтығын көрсетіңіз.

2. Жүйелік қорап қандай ішкі құрылғыларды қамтиды?

3. Монитор не үшін қажет?

4. Шеткері құрылғыларды және олардың не үшін қолданылатынын атап шығыңыз.

5. Кернеу азайған кезде және электр қуаты өшіріліп тастағанда компьютерді қандай құрылғы қорғайды?

6. Ақпаратты тасымалдаушылардың негізгі типтерін (ішкі және сыртқы) атаңыз.

8. Компьютерге ақпаратты енгізуге арналған құрылғыны атаңыз.

9. Пернетақтаның негізгі бөліктерін және пернелердің атқаратын міндеттерін атаңыз.
Практикалық сабақ №13

Аналық тақташа. Оперативті жады. Процессор. Туынды сөздер.


Тапсырмақа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №13

Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру.


Әдістемелік нұсқау

Аналық тақша. Оперативті жады. Процессор.

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді (1.4-сурет). Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады. Әдетте компьютер сипаттамасының басында, орталық процессордың (central processing unit, CPU) типі мен жиілігі, оперативті жады (random access memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары, өйткені бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады, бірақ процессор баяу, жады мардымсыз болса, осы байлықтың барлығы түкке де жарамай қалады.  Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады (1.5-сурет).Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.http://www.compobuch.kz/docs/book_kaz/4.jpg

Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады. 
Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады.

Микропроцессор - жүйелік тақтаның ең маңызды құраласы, ол деректерді тікелей өңдейді, атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды. Микропроцессор - бір немесе бірнеше үлкен интегралды кестеде орындалған, берілісті өңдейтін бағдарламалық құрылғы; көліктердің автоматты басқару агрегатында қолданылады.
Желдеткіш (латынша: ventіlatіo - желдету) - өндіріс орындарын желдетуде, аэроқоспаларды құбырмен тасымалдауда, т.б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін олардың артық қысымын (әдетте, 0,15 Мпа-ға дейін) тудыратын қондырғы.
Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді (1.6-сурет). Кез келген бағдарламаның, амалдық жүйенің де, жұмыс істеуі үшін іске қосу кезінде бағдарламаның бір бөлігін қотаруға оперативті жадының біршама көлемі талап етіледі.http://www.compobuch.kz/docs/book_kaz/5.jpghttp://www.compobuch.kz/docs/book_kaz/6.jpg

Бұл тұрғылықты дискіге қатынамастан бағдарламаның маңызды мәліметтеріне қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Компьютерде бір мезгілде неғұрлым көп бағдарлама жұмыс істесе, соғұрлым үлкен оперативті жады талап етіледі. Бағдарламаның жұмысы аяқталған кезде немесе компьютерді өшіргенде оперативті жадыда сақталған мәліметтер жойылып кетеді. Оперативті жадының көлемі мегабайтпен (Мб) өлшенеді. Қазіргі заманғы қосымша бағдарламалардың көпшілігі жұмыс істеу үшін 64 Мб оперативті жады көлемі қажет және іске қосылған бағдарламаның әрбірі жады талап етеді. Пәрмендерді пайдаланатын бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламалар (мысалы, компьютерлік ойындар) одан да көбірек жады көлемін қажет етеді.

Компьютерлік ойын - ойнауға арналған компьютерлік бағдарлама. Оларға сондай-ақ видеоойындар мен мобильді ойындар да жатады.
Қазір компьютерлерге ең аз дегенде 256 Мб оперативті жады орнатылады. Егер компьютерде орнатылған жадыдан үлкен жадыны талап ететін бағдарламаны іске қосатын болсақ, онда оның жұмыс істеу жылдамдығы бірден құлдырайды, тіптен компьютер мүлдем «тұрып қалады». Өнімділік тұрғысынан, компьютерде неғұрлым үлкен жады орнатылса, соғұрлым жақсы.




Жаңа сөздерді жаттаңыз.

тұрып қалу – зависать

шапшаңдық – оперативность

желдеткіш – вентилятор

ең күшті бейнелік бейімдеуіш – самый мощный видеоадаптер


дыбыстық жүйе – звуковая система

орнатылады – установит

қысқа мерзімге – в короткий срок



1-тапсырма. Көп нүктенің орнына туынды сын есімді қойыңыз.

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет ..... немесе .....тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі ..... мөрлік тақша. Процессор микросхема ретінде ұсынылған .... жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына .... есептеулерді орындайды. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оның .....жиілігімен анықталады. Пәрмендерді пайдаланатын .... және .... үлкен бағдарламалар (мысалы, компьютерлік ойындар) одан да көбірек жады көлемін қажет етеді.


Туынды сөздер
Есім сөзден зат есім тудыратын жұрнақтар:

  1. шы, - ші: бағдарламашы, күзетші

  2. шылық, -шілік: адамшылық, малшылдық

  3. лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: замандас, бауырлас

  4. лақ, -лек, -дық, -дік, -тық, -тік: орындық, түндік

  5. хана: асхана, дәріхана


Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар:

  1. -м, -ым, -ім: байлам, күзем, қысым, түсім.

  2. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: ұрма, көрме, сүзбе, кеспе.

  3. -қы, -кі, -ғы, -гі: шалғы, тепкі, бұрғы.

  4. -с, -ыс, -іс: талас, айтыс, жүріс.

  5. -қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек: тарақ, күрек, қызық, түкірік.

  6. -ыш, -іш: қуаныш, таяныш, өкініш, сүйініш.

  7. -н, -ын, -ін: боран, жуын, түйін.

  8. -у: сабау, жамау, көсеу.

  9. -ынды, -інді: шайынды, үйінді.

10.-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: сүзгіш, сыпырғыш, білгіш.

  1. -уыш, -уіш: өлшеуіш, түйреуіш, бастауыш.

  2. -ыр, -ір, -р, -ар, -ер: үңгір, шұңқыр.


Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар:

  1. лы, -лі, -ды, -ді: таулы, күшті

  2. дай, дей, -тай, -тей: қыздай, сүттей

  3. лық, -лік, - дық, -дік, -тық, -тік: компьютерлік, инженерлік

  4. сыз, -сіз: сусыз, бұлтсыз

  5. қы, -кі, -ғы, -гі: жазғы, қысқы


2-тапсырма. Төмендегі сөздерге тиісті -кіш,-гіш, -қыш, -уыш, -уіш,

-шы жұрнақтарын қосып туынды зат есімдер жасаңыз.

Желдет, бейнеле, тасымалда, өткіз, ұш, аударма, зертте, жүргіз, сату, бағдарлама, бейнебейімде, дыбыста.


3-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерінің қандай жұрнақтар арқылы жасалғанын анықтаңыз және орыс тіліне аударыңыз.

Физикалық құрылғылар, сызбалық бейімдеуіш, сандық ақпарат, арифметикалық амалдар, орталық пошта, электрондық пошта, мәтіндік немесе сызбалық өңдегіштер, стратегиялық шешім, жүйелік қорап, аналық тақшаға, оперативті жады, ақпараттық технологиялар, жергілікті өнімдер, білікті мамандар, өмірлік тәжірибе, бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламалар, құрамдас бөліктер.

Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.


4-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Компьютер и человек. Компьютеры очень быстро совершенствуются. Но и самый мощный компьютер – всего лишь устройство, которое помогает человеку. Как в своё время помогал абак. А главный вопрос – что делать в жизни – человек решает сам, своим умом, своим сердцем.

* * *

Назар аудараңыз.

1876 жылы Александр Грейам Белл телефон ойлап тапты.

Алғашқы телевизиялық картиналарды 1924 жылы Джон Лоджи Бэйрд құрған, дегенмен тиімдірек электрондық жүйе Би-би-Сидің 1960 жылы алғаш рет телевизияның шығуы үшін қолданылды.
1940 жылы Иоганн Гутенборг сөздерді қағазға түсіру үшін ыңғайластыра орналастырылған әріптерді қолдана отырып, қағаз беттеріне із қалдыратын бұрандалы пресс ойлап тапты. Баспа пайда болғаннан бастап, кітаптар арзандатылды. Сонымен қатар дұрыс жазу мен тыныс белгілерінің стандарттары шықты.
№13 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Аналық тақша дегеніміз не?

2. Компьютердің құрамдас бөліктерін атаңыз?

3. Оперативті жадының көлемі немен өлшенеді?

4. Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы немен байланысты ?

1   2   3   4   5   6   7   8   9

  • 5-тапсырма.
  • * * * Тәкәппарлық
  • Практикалық сабақ №12
  • 1-тапсырма.
  • Тінтуір
  • 4-тапсырма.
  • Практикалық сабақ №13
  • Әдістемелік нұсқау Аналық тақша. Оперативті жады. Процессор.
  • Туынды сөздер Есім сөзден зат есім тудыратын жұрнақтар: –шы, - ші
  • -м, -ым, -ім
  • -н, -ын, -ін
  • -уыш, -уіш

  • жүктеу 1.13 Mb.