Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқыту-әдістемелік кешен

жүктеу 1.13 Mb.



жүктеу 1.13 Mb.
бет7/9
Дата09.03.2017
өлшемі1.13 Mb.

«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқыту-әдістемелік кешен


1   2   3   4   5   6   7   8   9

4-тапсырма. Стиль түрлеріне газет-жорналдардан, ғылыми еңбектерден, көркем әдебиеттен мысалдар келтіріңіз.
5-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Компьютер как управляющее устройство. Температура воздуха или тела человека, скорость автомобиля, сила электрического тока, цвет листвы, - короче, всё, что измеряется, может быть закодировано в виде электрических сигналов. Для этого используют специальные приборы – датчики (измерительные преобразователи). Информацию от датчиков компьютер может обработать по заданной программе и выдать нужные команды. Например, в больнице компьютер «следит» за состоянием тяжело больного человека, у которого в любую минуту может произойти ухудшение здоровья. Компьютер получает электрические сигналы, информирующие о сердечной деятельности человека, о работе его мозга, о дыхании и о состоянии других систем организма. И если программа компьютера обнаружить, что опасно меняются свойства этих показателей жизнедеятельности – компьютер мгновенно даст сигнал тревоги. А если программой предусмотрено, то ещё до прибытия врачей компьютер поможет сам: даст больному кислород.


* * *

Бай ма әлде кедей ме?

Бірде ауқатты отбасының иесі өзінің кішкентай ұлын адамдардың қаншалықты кедей тұратынын көрсету үшін ауылға апармақ болып ниеттенді. Олар ауылдағы сіңірі шыққан бір тақыр кедейдің үйінде бір күн, бір түн болады. Үйіне қайтып оралған кезде, әкесі баласынан:

- Саяхат саған ұнады ма? – деп сұрайды ғой.

- Әке, бұл бір керемет саяхат балды!

- Сен адамдардың қаншалықты кедей тұратынын көзіңмен көрдің ғой?

- Иә.


- Осыдан не түйдің?

- Сонда ұлы:

- Біздің үйде бір ит бар, ал оларда төртеу екен. Біздің бақшаның ортасында бассейн бар, ал оларда шеті көрінетін арық бар. Біз бақшамызды шаммен жарықтандырамыз, ал оларға көктен жұлдыздар жымыңдайды. Біздің үйдің артқы ауласында патио, ал оларда кең көкжиек бар, - депті.

- Баласының жауабынан кейін әкесінің үні өшті.

- Бұл адамдардың қаншалықты бай екенін көрсеткеніңе рақмет, әке. Өмірде бәрі өзіңді қоршаған әлемге қандай көзқараспен қарауыңа байланысты екен. Достарың мен отбасыңның ортасында сүйіспеншілікке бөленіп, денсаулығың болып, көңіл күйің көтеріңкі, өмірге деген көзқарасыңыз оң болса, барлығына да қол жеткізуге болады! – дегенді де ұлы қосып қойды.

Бірақ жоғарыда аты аталғандарды сатып алу мүмкін емес. Жалпы кез келген материалдық құндылыққа қол жеткізуге, тіпті оларды болашаққа да артығымен дайындауға болады.

Бірақ жан дүниеңіз рухани байлықтан ада болса, онда сізде ештеңе де болмағаны.
№9 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Компьютер қандай салаларда қолданылады?

  2. Қазіргі заманғы компьютерлер ақпараттың қандай түрлерімен жұмыс істей алады?

  3. Компьютерлер әдетте қандай есептеу жүйесінде жұмыс істейді?


Практикалық сабақ №10

Компьютерге күтім жасау ережелері және қауіпсіздік техникасы. Ресми іс-қағаздар стилі.


Тапсырмақа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №10

Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  • Компьютердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге оған күтім жасау ережелері;

  • Ресми ісқағаздар стиліне ісқағаздары, заң құжаттарының тілі, олардың атқаратын міндеті іс-тәжірибеде маңызды мәліметтерді хабарлау, нақты жөн көрсету.


Әдістемелік нұсқау

Компьютерге күтім жасау ережелері және қауіпсіздік техникасы

Компьютердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге оған күтім жасау ережелері көмектеседі: 

- компьютерді орналастыратын орын таңдау кезінде оның жылыту радиаторлары жанында қызып кетуі мүмкін екенін есте ұстаңыз; 

- мониторды күн сәулесі бейне бетке тікелей түспейтіндей етіп орналастырыңыз;

- монитор бейне бетін арнайы ерітінділермен және арнайы шүберектермен сүртіп отырыңыз;

- тінтуірдің жұмыс бетін шаң-тозаңнан үнемі тазартып отырыңыз;

- компьютер тұрған жайды күн сайын жинастырып отырыңыз. 


Аппараттармен, кабельдермен және мониторлармен жұмыс істеу кезіндегі абайсыздық электр тогынан зардап шегуге әкеп соқтырып, жабдықтарды күйдіріп жіберуі мүмкін.

Сондықтан:


- жалғаушы кабельдердің ажыратқыштарын қолмен ұстауға;
- қоректендіру сымдарына және жерге қосу құрылғыларына қол тигізуге;
- бейне бетке және монитор мен пернетақтаның сырт жағына қол тигізуге;
- монитор мен пернетақтаға диск, дәптер, кітап сияқты заттарды қоюға;
- дымқыл киіммен және су қолмен жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады.
Күйген иіс шыққан жағдайда жұмысты дереу тоқтатып, құрылғыларды сөндіріп, техникалық қолдау орталығына жүгіну қажет.

Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс орнында көзге көрінетін ақаулар жоқтығына көз жеткізіп алыңыз, көру сызығы бейне беттің ортасына келетіндей, пернетақтаны еңкеймей пайдаланып, бейне бетке шығарылатын ақпаратты оңай қабылдауға ыңғайлы болатындай етіп орналасыңыз. Монитор мен пернетақтаны биіктігі бойынша дұрыс орналастырудың маңызы зор. Монитор ыңғайсыз тұрған жағдайда арқа және мойын бұлшық еттеріне салмақ түсуі салдарынан бас ауыруы мүмкін. Қарапайым бір қағида бар: монитордың жоғарғы шеті көзбен бір деңгейде болуы, ал осы деңгей мен бейне беттің орталығы арасындағы бұрыш 15 градусты құрауы тиіс (1.3-сурет).



http://www.compobuch.kz/docs/book_kaz/pr.jpg

1. Арқаңызды тік ұстаңыз. Ежелгі кеңес: құныспай тік отырыңыз деген осы жерде орынды!

2. Иықтарыңызды бос ұстаңыз, шынтақтарыңыз тікбұрыш жасап бүгілген болсын. 

3. Басыңызды сәл алдыға еңкейтіп тік ұстаңыз. 

4. Арақашықтықты сақтаңыз. Көз бен монитор бейне беті арасындағы қашықтық 70 см-ден аз болмауы тиіс. Басқаша айтсақ, сіз қолыңызды алдыға созып, бейне бетке әрең жетуіңіз тиіс. 

5. Орындығыңыздың отырғышы жұмсақ болуы, тізелеріңіз тікбұрыш жасап бүгіліп, табандарыңыз жерге толықтай тіреліп тұруы тиіс.

Тінтуірмен жұмыс істеу кезінде:

Білек түзу болуы тиіс. Ешқашан да үстелдің үстінде білегіңізге сүйенбеңіз. Білек буындарын бүкпеңіз: ол табиғи қалпында болуы тиіс.

- Тінтуірді күш салып қыспаңыз. Бұл бұлшық еттеріңіздің қажетсіз ширығуына әкеп соғады. 

- Тінтуірмен жұмыс істегенде қолыңызды түгелдей созбаңыз. Тінтуірді еркін қозғалту үшін жеткілікті бос орын болуы тиіс.


Компьютер алдында күніне 5 сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды. Монитор алдында жұмыс істеген кезде ересек адамдар әр 1 сағат, ал балалар жарты сағат сайын үзіліс жасап отыруы тиіс.

Үзіліс кезінде көзіңізді тынықтырып, шаршағаныңызды басуға арналған жаттығулар жасап отырған жөн: 

1. Монитордан теріс қараңыз да, көзіңізді жұмып, ашпай тұрып, 10 рет жылдам көзіңізді қысыңыз. Көзіңізді едәуір үлкен жиілікпен және амплитудамен ашуға тырысып, 10 рет жақсылап көзіңізді жыпылықтатыңыз. Ең соңында, қатты таңғалғандағыдай, 10 рет көзіңізді кең ашып, қабағыңызды түйіңіз. 

2. Саусақтарыңызға жылу тарайтындай етіп, алақаныңызды күшпен ысқылаңыз. Саусақ ұштарымен көздеріңіздің жанында шекеңізді дөңгелете уқалаңыз. Бұлай еткенде оң қолыңыздың саусақтары сағат тілі бағытымен, ал сол қолыңыздың саусақтары оған қарсы қозғалуы тиіс. Жартылай жабық қабақтарыңызды еркін ұстаңыз. Бұл жаттығулар кешені көзге «қызмет ететін» бұлшық еттер мен тамырларға әсер етеді.

Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і ақуыз, май, көмірсу және минералды тұздардан тұрады.
 

3. Тағы бір тиімді жаттығулар кешені мынадай: Терезеге қараңыз. Арқаңыз бен мойныңызды бос ұстап, көз көрер қашықтықтағы ең бір алыс нүктеге қараңыз. Терең тыныс алып, назарыңызды мұрныңыздың ұшына аударыңыз. Тыныс алып, тағы да алыс нүктеге көз қадаңыз. Тағы да тыныс алып, қайтадан қабағыңыздың арасына қараңыз. 

4. Қабақтарыңызды жартылай жауып, көздеріңізді жаймен айналдырыңыз. Алдымен бір жаққа, содан соң басқа жаққа қарай бес-бестен толық айналым жасаңыз. Осы жаттығуды 30 секунд бойы орындаңыз.

Секунд - (лат. secunda dіvіsіo - екінші бөліну) (бастапқыда градустың, одан кейін сағаттың) - 1) уақыттың жүйелік бірлігі; СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі. Белгіленуі - С; 1 с - Cs атомының (өлшемдер мен салмақтар бойынша 13-Бас конференцияның резолюциясы бойынша, 1967) аса жұқа екі деңгейінің арасынан өткен сәуле шығаруының 9 192 631 770 периодына тең.
 

5. Басыңызды оңға, солға, жоғары, төмен айналдырыңыз. Бірнеше айналым жасаңыз. 

6. Әдемі бір суретке немесе терезе сыртындағы көрініске байыппен назар аударыңыз. Көзіңізді 10-20 секундқа жабыңыз. Ойша суреттің ішіне кіріңіз. Басында рама шеңберіне салынған көріністерді көзіңізге елестетіп, содан соң раманы ысырып тастап, сол жаққа серуенге аттаныңыз. Осы бір жақта өзіңіздің жаныңызға жайлы мекен тауып алып, сол жерге жайғасыңыз. Денеңізді еркін ұстап, жақсы тыныққаныңызды сезініңіз.




Жаңа сөздерді жаттаңыз.

қауіпсіздік техникасы –техника безопасности

жылыту радиаторлары – отопительные радиотары

қызып кету – перегреться

күн сәулесі – лучи солнца

монитор бейне беті – экран монитора

арнайы ерітінділер – специальные растворы

арнайы шүберектер – специальные тряпки

сүртіп отырыңыз – вытирайте тінтуірдің жұмыс беті – рабочая поверхность мышки

шаң-тозаңнан – от пыли

тазартып отырыңыз – очищайте

электр тогынан зардап шегуге – пострадать от электрических тогов

кабельдердің ажыратқыштары – выключатели кабелей

қолмен ұстауға – держать руками

қоректендіру сымдары – питательные проволоки

пернетақтаның сырт жағы – внешняя сторона клавиатура

қол тигізуге – трогать руками

дымқыл киіммен –мокрой одеждой

су қолмен жұмыс істеу – работать мокрыми руками




қатаң тыйым салынады – строго запрещается

күйген иіс – запах загара

жұмысты дереу тоқтату – немедленно остоновить работу

құрылғыларды сөндіру – выключить устройства

техникалық қолдау орталығына жүгіну қажет – надо обратиться к центру технической поддрежки

жұмысты бастамас бұрын – прежде чем начать работу

жұмыс орнында – на рабочем месте

көз жеткізіп алыңыз –убедитесь,

пернетақтаны еңкеймей пайдаланыңыз – используйте клавиатуру не наклоняясь

арқаңызды тік ұстаңыз – держите спину прямо

иықтарыңызды бос ұстаңыз – расслабьте плечи

шынтақтарыңыз бүгілген болсын – логти дожны быть нагнутым

басыңызды сәл алдыға еңкейтіп тік ұстаңыз – держите голову чуть наклоняя вперед

арақашықтықты сақтаңыз – соблюдайте расстояние






Ресми ісқағаздар стилі
Ресми ісқағаздар стиліне ісқағаздары, заң құжаттарының тілі жатады. Олардың атқаратын міндеті іс-тәжірибеде маңызды мәліметтерді хабарлау, нақты жөн көрсету.

Ісқағаздар стиліне әртүрлі мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Ісқағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Ісқағаздары сол үлгі бойынша жазылады.

Ресми стильдің көлемі, мазмұны және жазылу формасы жағынан ісқағаздарынан біраз ерекшелігі бар. Ресми ісқағаздары белгілі бір қалыпқа (штампқа) түсіп отырады, онда сөз қолданысы ерекше болады. Ресми стильде көбіне заң, жарғы, үкімет органдарының қаулылары, халықаралық шарт, келісім, дипломатиялық нота, үкімет хабарлары жазылады.

Өтініш
Өтініш – құжаттың ең көп тараған түрі. Жеке тұлғалардың басшыларға, мемлекеттік органдарға қандай да бір өтінішінен тұрады.

Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
Ісқағаздарын жүргізудің негізгі ережелерін сақтай отырып, еркін түрде жасалады. Мынадай жағдайларда өтініш жазылады:



  • академиялық демалыс сұрау;

  • шетелге оқуға кетуге байланысты уақытынан бұрын сессия тапсыру;

  • жұмысқа қабылдау;

  • басқа жұмысқа ауыстыру;

  • кезектен тыс демалыс сұрау;

  • материалдық көмек сұрау;

  • пәтер бөлу;

  • жалақыны көтеру туралы өтініш айту және т.б.



Үлгі «Тұран» университетінің ректоры,

э.ғ.д., профессор А.Р.Алшановқа

Экономика факультетінің

«Ақпараттық жүйе» мамандығының

2-курс студенті Мырзатаев Эльдардан
Өтініш
Денсаулығыма байланысты жазғы емтихан сессиясын уақытынан бұрын тапсыруға рұқсат беруіңізді өтінемін. Денсаулығым туралы анықтаманы қоса ұсынып отырмын.
15-наурыз, 2011 ж.

Түсініктеме


Түсіндірме қандай да бір оқиғаның, жеке адамдардың әрекеттерінің себептерін түсіндіретін құжат.
Үлгі «Тұран» университетінің ректоры,

э.ғ.д., профессор А.Р.Алшановқа

Экономика факультетінің

«Ақпараттық жүйе» мамандығының

2-курс студенті Мырзатаев Эльдардан

Түсініктеме


Менің 2011 жылдың 15-18 қазан аралығында сабаққа келмеу себебім, 2011 жылы 14-20 қазан аралығында Астана қаласында өткен «Орта Азия аймағындағы интеграция үрдісі» атты конференцияға қатыстым.
Азия (ассириялықтар тілінде, мағынасы – асу, шығыс) - Жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып, Еуразия құрлығын құрайды.


Конференцияға қатысқаным туралы анықтаманы қоса ұсынып отырмын.
21.10.12 қолы

1-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз.

Өмірбаян
Мен, Қуанышбекова Айжан Нұржанқызы, 1994 жылы мамыр айының 6 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.

Әкем – Оралбаев Нұржан Қуанышбекұлы, 1963 жылы Семей қаласында дүниеге келген, мектепте тәрбие ісінің меңгерушісі.

Тарбағатай ауданы - Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан. Аудан орталығы Ақсуат ауылы.
Семей - Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі қала болып табылады. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы метр.

Анам – Әлімжанова Жанна Тұрартайқызы, 1962 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Ол информатика пәнінің мұғалімі.

Өзім, 2000 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің алғаш есігін аштым. Аудандық информатика, математика, физика пәнінен өткен олимпиадалардың жеңімпаздарымын. Облыстық корреспонденттік «Дарын» олимпиадасына математика пәнінен қатысып, жүлделі орынға ие болдым. Аудандық «Болашақ» жастар ұйымын басқардым. Мектепті 2011 жылы «Алтын белгіге» бітірдім. Қазіргі таңда осы оқу орнында білімімді шыңдаудамын.

Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс, ағылшын, түрік (сөздік қолдану арқылы) корей (сөздік қолдану) арқылы тілдерін білемін.

ЭЕМ бағдарламаларын арнайы курстан өту арқылы меңгердім.

Мекенжайым: Алматы қаласы, Айнабұлақ-2 ықшам ауданы, 66 үй, 26-пәтер.

2-тапсырма. Жоғарыдағы үлгі бойынша өтініш, түсініктеме, өмірбаян, жазыңыз.
3-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Виртуальная реальность. Современная техника позволяет создавать иллюзию окружающего мира, используя особые приспособления (специальные перчатки, шлем, одежду). Они снабжены датчиками и подсоединены к компьютеру. И он создаёт такие картины, что человеку кажется – всё это существует на самом деле, Всё это – реальность.

Простой пример – тренажёр: руль, педали и экран, на котором видна дорога, где происходят разные события. Человек «ведёт» автомобиль по этой дороге ( или самолёт в небе, если программа другая). Компьютер улавливает все ошибки управления и показывает, что при этом может случиться. Так можно «пережить» самые разные «аварии» и научиться избегать их, с успехом выходить из самых сложных и опасных ситуаций.
Мінездеме

Ізгілік Байдрахманұлы Нағиев, 1975 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында туылған.

Автомобиль (гр. αὐτο - өздігінен және лат. mobilis - қозғалушы) немесе машина, өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі.
Шалқар ауданы - Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Батысында Байғанин, солтүстік-батысында Мұғалжар, солтүстігінде Әйтеке би, Ырғыз, шығысында Қызылорда облысының Арал ауданы, оңтүстігінде Өзбекстанның Қарақалпақстан автономиялық республикасымен шектеседі.
 Мамандығы: бағдарламашы, Интернет маманы.


2002 жылдан бастап бағдарламашы мамандығын игеріп, Интернет жүйесінде сайт жасау, техникалық қолдау қызметтерімен айналыса бастады. Алғашқы ашылған  (http://tor.kz,http://nur.kz, http://al-islam.kz)  т.б қазақша сайттардың авторы және үйлестірушісі. 2008 жылдан бастап «Қазақ Интернеті» қоғамдық бірлестігінің техникалық директоры болып қызмет атқарады.

Бүкіләлемдік байланыс құралы Интернет арқылы Қазақстан мемлекеті туралы кеңінен информациялық мағлұмат беру, қазақ тілінде сайттар дайындау және Интернетте орналастыру, техникалық қызмет көрсету. олардың жұмысын жолға қою және даму проблемаларын зерттеу арқылы қазақтілді Интернет-кеңістігін қалыптастыру, халқымыздың рухани, мәдени, әдеби һәм өркениетті дамуына үлес қосу, заман талабына ілесе отырып, бүкіләлемдік желінің көмегімен жас жеткіншектерден бастап еліміздің әр азаматына ұлттық мүдде тұрғысынан қызмет ету, CD дискілер және танымдық программалар жасау қызметтерімен тұрақты түрде айналысады.

2009 жылдан бастап «Қаламгер ТЕН» ЖШС мекемесінің директоры қызметінде. «Егемен Қазақстан» газеті, «Ана тілі» газеті, «Нұр Астана» газеті, «Жас қазақ үні» газеті, «Дала мен қала» газеті, «Үшқиян» газеті және т.б сияқты қазақтілді белгілі басылымдардың Интернеттегі тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, ақпараттық, мәдени, ғылыми жобалармен айналысуда.
№10 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Компьютерге күтім жасаудың негізгі ережелерін атаңыз.

2. Компьютерде жұмыс істеу ережелерін атаңыз.

3. Ересек адамға компьютер алдында күніне қанша уақыт жұмыс істеуге рұқсат етіледі?

4. Компьютерде жұмыс істеу кезінде қашан үзіліс жасау қажет?

5. Көз бен монитор бейне беті арасындағы қашықтық қандай болуы тиіс?

6. Компьютер алдында қалай дұрыс отыру қажет?

7. Компьютермен жұмыс істеу кезінде жасауға болатын көзді тынықтыруға және шаршағанды басуға арналған қандай жаттығуларды білесіз?


Практикалық сабақ №11

Ақпараттың өлшем бірліктері. Сөзжасам.

Тапсырмақа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №11

Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  • лексикалық мәтінге сипаттама беру;

  • грамматикадан өткенді қайталау, тапсырмаларды орындау;


Әдістемелік нұсқау

Ақпараттың өлшем бірліктері


Қазіргі заманғы компьютерлер сандық, мәтіндік, сызбалық, дыбыстық және бейнеақпаратпен жұмыс істей алады. Ақпараттың осы бес түрі бір сөзбен мультимедиа деп, осы бес түрлі ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті компьютер мультимедиалық деп аталады. Компьютер кез келген ақпарат түрін сандық пішімге ауыстырады. Компьютерге енгізу кезінде әрбір әріп белгілі санмен таңбаланады, ал сыртқы құрылғыларға (басып шығарғыш немесе бейне бетке) шығару кезінде адам қабылдай алу үшін осы сандар бойынша әріптер кескінделеді. Әріптер жиынтығы мен сандар арасындағы сәйкестік нышандарды кодтау деп аталады. Компьютердегі ақпарат бірлігі бір бит, яғни екілік разряд болып табылады, ол 0 немесе 1 мәндерін қабылдай алады («иә» және «жоқ», « » және «–», «сигнал бар» және «сигнал жоқ»). Әдетте компьютерлердің әмірлері жекелеген биттермен емес, бірден сегіз битпен жұмыс істейді. Тізбекті сегіз бит байтты құрайды. Бір байтта 256 мүмкін нышанның біреуінің мәнін кодпен жазуға болады. Бұдан гөрі үлкенірек ақпарат бірліктері килобайт (Кбайт) – 1024 байт; мегабайт (Мбайт) – 1024 Кбайт және 1024 Мбайтқа тең гигабайт болып табылады. 

Компьютердегі сандардың барлығы адамдар үйреніп қалғандай он санның емес, нөл мен бір санының көмегімен ұсынылады. Басқаша айтар болсақ, компьютерлер екілік есептеу жүйесінде жұмыс істейді. Сандарды компьютерге енгізіп, шығаруды адамдар үшін үйреншікті болып табылатын ондық жүйеде де жүзеге асыруға болады, қажетті түрлендірулердің барлығын компьютердегі бағдарламалар атқарады.




Жаңа сөздерді жаттаңыз.

ақпараттың өлшем бірліктері – единицы измерения информации

қазіргі заманғы компьютерлер – современные компьютеры

сандық – цифровой

мәтіндік – текстовой




сызбалық – графический

дыбыстық – звуковой

бейнеақпарат – видеоинформация

сыртқы құрылғылар – внешние устройства

әріптер кескінделеді – изображение букв





Сөзжасам

(Словообразование)

Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасам – атау (номинация) жасау қызметін жүзеге асырады.

Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол – әрине ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Тіліміздің сөзжасам жүйесінің негізі көне түркі тілінен басталып, содан бері дамып, толығып, күрделеніп, сұрыпталып, қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен.

Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан сөзжасамның негізгі үш тәсілі бар:



  • синтетикалық тәсіл;

  • аналитикалық тәсіл;

  • лексика-семантикалық тәсіл.


1-тапсырма. Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз.

-ғар,/-гер, -қар/-кер

Іс, жауын, тәлім, зер, дәрі, заң, бал, қызмет, талап, саясат, мұра.


2-тапсырма. Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз.

-лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік

Бас, оқу, мемлекет, мәтін, сызба, дыбыс, ақпарат, сан,мультимедия, тәжірибе, компьютер.


3-тапсырма. Төмендегі сөздердің қандай тәсілмен жасалғанын анықтаңыз.

Пернетақта, телекөпір, ғаламтор, пікірталас, телекөрермен, жолдорба, баспасөз, бағдаржол, шартбелгі, дыбысбейнелеуіш, құлаққап.

1   2   3   4   5   6   7   8   9

  • * * * Бай ма әлде кедей ме
  • Практикалық сабақ №10
  • Ресми ісқағаздар стилі Ресми ісқағаздар стиліне
  • 1-тапсырма.
  • 2-тапсырма.
  • Практикалық сабақ №11
  • Сөзжасам (Словообразование)

  • жүктеу 1.13 Mb.