Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқыту-әдістемелік кешен

жүктеу 1.13 Mb.



жүктеу 1.13 Mb.
бет3/9
Дата09.03.2017
өлшемі1.13 Mb.

«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқыту-әдістемелік кешен


1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер


(Общеупотребляемые слова и термины)

Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздерді жалпылама қолданылатын сөздер дейміз. Жалпылама лексика адам баласының күнделікті тіршілігіне қажетті заттар мен құбылыстарды, әрекеттерді және т.б.

Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.
ұғымдарды атайды. Мысалы, су, ауа, тамақ, үй, нан т.б.

Жалпылама қолданылатын сөздер тура мағынасында жұмсалады.

Терминдер – ғылым, техника, өндіріс т.б. салаларындағы ұғымдар мен жеке сөздердің атаулары. Терминдер тек тура мағынада қолданылатындығымен ерекшеленеді, мағына үнемі тұрақты болады. Терминдерді арнаулы сөздер деп те атайды. Бұларда стильдік бояу болмайды.

Термин сөздердің жасалу жолдары:


  1. Қазіргі қазақ тіліндегі терминдер орыс, араб, еуропа тілдерінде қалыптасқан үлгісінде жұмсалады: мәтін, квадрат, синоним, эпос, поэзия т.б.

  2. Қазақ тілінен балама табу арқылы: хаттама (протокол), нарық (рынок), ғарыш (космос) т.б.

  3. Сөздерді біріктіру арқылы жаңа термин жасалады: төлқұжат (паспорт), әнұран (гимн) т.б.

1-тапсырма. Ұялы телефондар, фотоаппараттар, компьютер түрлеріне 3-4 жарнама жазыңыз.
2-тапсырма. «Тұран» университетіндегі «Ақпараттық жүйе» мамандығы жайында мағлұмат алып, мәтін құрастырыңыз.

3-тапсырма. Ақпараттық кеңістік, ақпараттық бөлім, ақпараттық технология, ақпараттық бағдарлама, ақпараттық жүйе сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

4-тапсырма. Компьютерге қатысты термин сөздерге түсінік беріңдер және сөздік жасаңдар. Компьютер жөнінде өз білгендеріңді ой таразысына салап, оның суреті бойынша термин сөздерді кірісітіріп мәтін құраңдар.
№4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ақпараттық жүйе дегеніміз не ?

  2. Ақпараттық жүйені қандай кластарға бөлуге болады?


Практикалық сабақ №5

Компьютердің тарихы. Кірме сөздер.

Тапсырмақа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5



Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:




Әдістемелік нұсқау

Компьютердің тарихы

Компьютер тарихы көлемді есептеулерді жеңілдету жолдарын іздестірумен тығыз байланысты. Тіпті көп санды қарапайым арифметикалық операциялардың өзі адам миы үшін қиындық туғызады. Сол үшін ежелден-ақ қарапайым есептегіш құрал – абак пайда болған. Он жетінші ғасырда күрделі математикалық есептерді жеңілдететін логарифмикалық сызғыш пайда болған. 1642 жылы Паскаль Блез сегіз зарядты есептегіш механизм құрастырып шығарған. Екі жүз жылдан кейін 1820 жылы француз Шарль Голь көбейту мен бөлуді орындай алатын арифмометр ойлап шығарған. Бұл прибор есепшілердің таптырмайтын құралына айналған.

Ғылым мен техниканың одан әрі дамуы 1940 жылдары бірнеше рет есептегіш машиналарды шығаруға мүмкіндік берді. 1944 жылы Ай-Би-Эмнің өндіріс орындарының бірінде Гарвард университетінің ғалымдарымен АҚШ тапсырыс бойынша «Марк-1» деп аталатын машина құрастырып шығарды.

Гарвард университеті (ағылш. Harvard University) - 1636 жылы Массачусетс штатының Кэмбридж қаласында Массачусетс заңнамасымен қаланған жекеменшік, Айви Лигасына кіретін зерттеуші жоғары оқу орны. Гарвард АҚШ-тағы жоғары оқу орындарының ішіндегі ең көнесі және АҚШ-тағы тұңғыш корпорация (ресми президенті және басқа жұмысшылары тағайындалған).
Бұның салмағы 35 тонна болды.

1960 жылдардың басына қарай көлемді статистикалық мәліметтерді өңдеу үшін компьютерлер кеңінен қолданыла бастады. Бағасы қымбат болғандықтан, компьютерлер барлық салада қолданыла алмады.

1970 жылы «Intel» компаниясының қызметкері Эдвард Хофф тұңғыш микропроцессорды ойлап шығарды.


Жаңа сөздерді жаттаңыз.

компьютер тарихы – история компьютера

көлемді есептеулер – объемные вычисление

іздестіру – изыскание

тіпті – даже

көп санды қарапайым арифметикалық операциялар – многочисленные простые арифметические операции

қарапайым есептегіш құрал – простое вычислительное средство


күрделі математикалық есептер – сложные математические вычисления

логарифмикалық сызғыш – логарифмитическая черта

сегіз зарядты есептегіш механизм – восьмизарядный вычислительный механизм

құрастырып шығарған – сконструировал

көлемді статистикалық мәліметтер – объемные статитические данные




1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрыңыз.
2 –тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

Компьютер тарихы көлемді есептеулерді жеңілдету жолдарын .......тығыз байланысты. Тіпті көп санды қарапайым арифметикалық операциялардың өзі ........қиындық туғызады. Сол үшін ежелден-ақ қарапайым есептегіш құрал –.......пайда болған. Он жетінші ғасырда күрделі математикалық есептерді жеңілдететін .........пайда болған. 1642 жылы Паскаль Блез сегіз зарядты ..........құрастырып шығарған. Екі жүз жылдан кейін 1820 жылы француз Шарль Голь көбейту мен бөлуді орындай алатын ........ойлап шығарған. Бұл прибор есепшілердің таптырмайтын құралына айналған.

Ғылым мен техниканың одан әрі дамуы 1940 жылдары бірнеше рет .........шығаруға мүмкіндік берді. 1944 жылы Ай-Би-Эмнің .........бірінде Гарвард университетінің ғалымдарымен АҚШ ....... бойынша «Марк-1» деп аталатын машина құрастырылып шығарылды. Бұның салмағы 35 тонна болды.

1960 жылдардың басына қарай көлемді ...... өңдеу үшін компьютерлер кеңінен қолданыла бастады. Бағасы қымбат болғандықтан, компьютерлер ....... қолданыла алмады.

1970 жылы «Intel» компаниясының қызметкері Эдвард Хофф тұңғыш .......... ойлап шығарды.
3 тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Механические вычислительные машины. Первый арифмометр сконструировал Блез Паскаль в 1642.

Блез Паскаль (фр. Blaise Pascal, Маусымның 19, 1623 жыл-Тамыздың 19, 1662 жыл) - XVII-ғасырда өмір сүрген француз математигі және физигі, пәлсапашы, әдебиетшісі. Математикалық анализ, ықтималдық теориясының, кескіндік геометрияның негізін салушылардың бірі, гидростатиканың негізгі заңының ауторы.
Более сложную механическую вычислительную машину изобрел английский ученый Бэббидж в 1822 г. Первый ЭВМ в 1945 г. в США создали «ЭНИАК». Эта ЭВМ состояла из 18000 электронных ламп, весила 30 тонн, выполняла 500 сложений в секунду, а «запоминала» только 512 чисел.


1   2   3   4   5   6   7   8   9

  • Термин сөздердің жасалу жолдары
  • Компьютердің тарихы. Кірме сөздер.

  • жүктеу 1.13 Mb.