Главная страница
Контакты

    Басты бет


Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы Жалпы ережелер

жүктеу 268.4 Kb.



жүктеу 268.4 Kb.
Дата14.03.2019
өлшемі268.4 Kb.

Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы Жалпы ережелер




Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің 201 жылғы __________

№ ____ бұйрығымен бекітілген

Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы

1. Жалпы ережелер
1. Осы Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңдарына сәйкес қабылданған және шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау жүргізудің және куәліктер берудің тәртібін, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісу және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) аттестатталатын адам - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – ХҚО) немесе «электронды үкімет» веб-порталына: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) осы Қағиданың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды берген және шағын көлемді кемені басқару құқығына теориялық білімін тексеруден өтіп жатқан Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ шетелдік және азаматтығы жоқ адам;

2) кеме жүргізуші - шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алған Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ шетелдік және азаматтығы жоқ адам.

3. Адамдардың шағын көлемді кемені басқару құқығына теориялық білімін тексеру компьютерлік кешеннің тестілеу бағдарламасымен аттестаттау өткізу арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі - аттестаттау).

Аттестаттау және ресімделген куәліктерді беру мекенжайлары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің сайтында көрсетілген ХҚО жүзеге асырылады.

Адамдарды кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау кезінде құжаттарды қабылдау ХҚО және портал арқылы жүзеге асырылады. Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктерді ресімдеуді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрi - жергілікті атқарушы органдары) жүзеге асырады.

4. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына адамдарды аттестаттауға жасы он сегізге толған, шағын көлемді кемелерді басқаруға денсаулығының жай-күйі бойынша жарамды деп танылған, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі үлгі бағдарламадан төмен емес шағын көлемді кемені басқару бойынша теориялық арнайы дайындығы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ келген жері бойынша ішкі істер органдарында тіркелген шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар жіберіледі.

5. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстар оқу ұйымдарының ұйымдық-құқықтық нысандары мен меншік нысандарына қарамастан, жергілікті атқарушы органдарында есепке алынады.

6. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) шағын көлемді кемелерді басқару құқығын беретін құжаттар болып табылмайды және шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік алуға аттестаттаудан өту кезінде көрсетіледі.



2. Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттауды жүргізу тәртібі

7. Шағын көлемді кемені басқару құқығына адамдарды аттестаттаудан өткізу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар ХҚО-на немесе порталға мынадай құжаттарды береді:

1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру үшiн өтініш;

2) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлік (анықтама);

3) № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтама;

4) 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi екi фотосурет (құжаттарды портал арқылы берген жағдайда, аттестаттаудан өту кезінде ХҚО беріледі);

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының немесе шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі (түпнұсқа адамды сәйкестендіру үшін ұсынылады).

Порталға жүгінген кезде Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Қағиданың осы тармағында көзделген құжаттарды электронды нысанда (фотографиялардан басқа) ұсынады.

8. Құжаттарды ХҚО арқылы берген кезде ХҚО қызметкері адамды осы Қағиданың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін тапсыруына тексергеннен кейін ХҚО өтініш қабылдаған сәттен бастап бір сағат ішінде аттестатталатын адамды аттестаттауға жібереді.

Құжаттарды портал арқылы берген кезде ХҚО қызметкері электронды нысандағы (фотографиялардан басқа) осы Қағиданың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін аттесталатын адамның жеке кабинетіне аттестаттауды өткізу орны мен уақыты туралы хабарламаны жібереді. Бұл ретте, аттестаттау аттестатталатын адамның жеке кабинетіне хабарлама жіберген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде өткізіледі.

9. Компьютерлік кешеннің тестілеу бағдарламасымен аттестаттауға адам:

1) теріс нәтижесі бар соңғы аттестатталу күнінен бастап жеті жұмыс күні уақытша интервалы жоқ;

2) кеме жүргізуші курстары аяқталғаннан және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін қайта даярлау жөніндегі курстарды өтпегеннен кейін он екі ай аяқталған;

3) он екі ай ішінде үштен аса теріс нәтижесі бар аттестаттау және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін қайта даярлау жөніндегі курсты қайта өтпеген;

4) жергілікті атқарушы органында есебінде тұрмайтын шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы құжатты ұсынған;

5) он сегіз жасқа толмаған адамдар құжаттарды ұсынған;

6) сот шешімінің негізінде шағын көлемді кемелерді басқару құқығынан айыру мерзімі бітпеген жағдайларда жіберілмейді.

10. Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктен айыру мерзімі аяқталғаннан кейін адам осы Қағиданың 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсына отырып, аттестаттаудан өтеді.



3. Аттестаттауды өткізу
11. Аттестаттау аттестатталатын адамның теориялық білімін тексеру мақсатында өткізіледі.

12. Шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау тиісті жүзу ауданы үшін шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін кеме жүргізу бойынша даярлаудың үлгі бағдарламасының көлемінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 845 қаулысымен бекітілген Ішкі су жолдарында жүзу қағидасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 қаулысымен бекітілген Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы бойынша, сондай-ақ адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қоса алғанда, кеме мен қозғалтқышты орналастыру және техникалық пайдалану бойынша тапсырылады.

13. Аттестаттау компьютерлік кешен тестілік бағдарламаны пайдалану арқылы өткізіледі.

14. Аттестаттау жүргізу түрі жеке дара. Шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау бір және бірнеше адамнан бір уақытта қабылдануы мүмкін. Сонымен қатар бір уақытта аттестаттау тапсырушы адамдардың көлемі аттестаттауды тапсыру үшін жабдықталған жұмыс орындарының санына байланысты шектеледі.

15. Сұрақтар саны мен тестілеу жүргізу уақытын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі айқындайды.

16. Уақыт хронометражы аттестаттау басталған сәттен бастап компьютерлік кешенмен жүргізіледі.

17. Билет сұрақтарына жауаптар кезеңділігін аттесталушы адам өзі таңдайды.

18. Аттестаттау аттесталушы адамдарға арналған жұмыс орындарымен жабдықталған ХҚО үй-жайында (аттестаттау класында) өткізіледі.

19. Аттестаттауды жүргізу кезінде ХҚО қызметкері аттестатталушы адам көрсетілген автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - АЖО) отыруды ұсынады. Кешен аттестатталушы адамдардың АЖО қосылған ХҚО қызметкерінің орталық пульттінен (бұдан әрі - ОП) тұруы тиіс. Әрбір АЖО клавиатурамен және монитормен жабдықталған.

Аттестаттау басталар алдында мониторда АЖО нөмірі, жүзу ауданы және басқаруға аттестаттау тапсырылатын шағын көлемді кемелердің үлгісі, сондай-ақ осы АЖО белгіленген аттестатталушы адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Көрсетілген ақпаратты енгізуді ХҚО қызметкерінің ОП жүзеге асырылуы тиіс.

Сұрақтардың аттестаттау блогы аттестатталушы адамның АЖО клавиатурасында тиісті баспаны басқаннан кейін ғана монитор экранына қалыптасады және шығарылады.

Аттестаттау барысында аттестатталушы адамның АЖО мониторы экранында аттестаттаудың аяғына дейін қалған уақыт көрсетіледі.

Атестаттау барысында клавиштерді байқамай басып қалумен байланысты қақтығыс жағдайларын болдырмау үшін аттестатталушы адам өзі таңдаған жауапты тиісті клавишті қайта басу арқылы қайталауы керек.

Аттестаттаудың нәтижесі, сондай-ақ сұрақтарға берілген жауаптардың дұрыстығы туралы ақпарат аттестатталушы адамның АЖО мониторының экранында барлық сұрақтарға жауап беріп болғаннан кейін ғана немесе белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін ғана көрінуі тиіс.

20. Аттестаттау аяқталғаннан кейін аттестатталушы адамның АЖО-сында оған ұсынылған сұрақтар, сондай-ақ оның таңдаған жауаптары көрсетіледі.

Аттестаттауың нәтижесі аттестатталушы адамның АЖО-сынан осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес шығару үшін ХҚО қызметкерінің ОП-сына беріледі.

21. ХҚО қызметкерінің ОП жергілікті атқарушы органдарында пайдаланылатын деректер базасымен байланысу мүмкіндігі болады.

Аттестаттау барысында автоматтандырылған кешенде ақау анықталған жағдайда, аттестатталушы адамға қойылған баға жойылады және аттестаттау қайта өткізіледі.

22. «Сынақтан өтті» деген баға аттестатталушы адам белгіленген уақытта сұрақтардың кем дегенде сексен пайызына дұрыс жауап бергенде қойылады. Олай болмаған жағдайда аттестатталушы адамға «сынақтан өткен жоқ» деген баға қойылады.

23. «Сынақтан өткен жоқ» деген бағаны алған адамдар аттестаттау тапсыруға жеті жұмыс күнінен ерте емес мерзімде қайта тапсыруға жіберіледі.

24. Кеме жүргізуші курстары аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде немесе он екі ай ішінде үш реттен аса аттестаттау тапсырмаған адамдар оқу курсын жалпы негіздерде қайта өтеді.

25. Аттестаттауды жақсы тапсырған кезде аттестаттау парағы мен осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген құжаттар бір жұмыс күні ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлікті ресімдеу үшін жергілікті атқарушы органына жіберіледі.



4. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына

арналған куәліктерді беру тәртібі
26. Аттестаттауды сәтті тапсырған аттестатталатын адамдарға осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер он жыл мерзімге беріледі.

Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікте шағын көлемді кемелердің түрлері (гидроцикл, желкенді кеме, механикалық қондырғысы бар шағын көлемді кеме) және кеме жүргізушісіне басқаруға рұқсат етілген жүзу аудандары туралы тиісті белгілер қойылады.

27. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына арналған куәлік бланкісі осы Қағиданың 7-тармағында көзделген аттестаттау парағы мен құжаттар негізінде толтырылады, жергілікті атқарушы орган басшысы қол қояды және мөрмен расталады.

Жергілікті атқарушы органында осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағын көлемді кемелерді басқару құқығына арналған куәліктерді беруді есепке алу журналы жүргізіледі.

28. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына арналған куәлік аттестатталатын адамдарға аттестаттауды сәтті тапсырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.

29. Жергілікті атқарушы органы ХҚО осы Қағиданың 28-тармағында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін бір күннен кешіктірмей шағын көлемді кемелерді басқару құқығына ресімделген куәлікті жібереді.

30. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына ресімделген куәлікті ХҚО қызметкері онда көрсетілген мерзімде, қолхат негізінде, жеке өзі келген кезде кеме жүргізушісіне жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы немесе сенімхат бойынша оның өкіліне береді.

31. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын қозғалтқыш қуаты сегіз киловаттан асатын өздігінен жүретін шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілеріне беріледі.


32. Жүзуге рұқсат етілген аудан туралы мынадай белгілер:

1) «ТЖ» – егер кеме жүргізуші Теңiзде кемелердiң соқтығысуынан сақтандырудың халықаралық қағидалары туралы 1972 жылғы Лондон Конвенциясы қабылдаған Теңізде кемелердің соқтығысуынан сақтандырудың халықаралық қағидалары қолданылатын Қазақстан Республикасының теңіз жағалауындағы суларда кемені басқару құқығына аттестаттауды тапсырса (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 наурыздағы № 244 қаулысы);

2) «ІСЖ» – егер кеме жүргізуші Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидасы қолданылатын ішкі су жолдарында кемені басқару құқығына аттестаттауды тапсырса;

3) «ТЖ» және «ІСЖ» – егер кеме жүргізуші Қазақстан Республикасының теңіз жағалауындағы суларда және ішкі су жолдарында кеме басқару құқығына аттестаттауды тапсырса;

4) «ІСЖӨ» (өзен учаскелері үшін) және «ІСЖК» (көл учаскелері үшін) – егер кеме жүргізуші Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында кеме қатынасы үшін ашық ішкі су жолдарының тізбесіне енгізілмеген ішкі су қоймаларында ғана шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттауды тапсырса қойылады.


33. Егер кеме жүргізуші теңізде жүзу мақсатында пайдаланылатын сыйымдылығы он екі адамнан аспайтын жолаушы таситын серуендік кемені басқару құқығына аттестаттауды тапсырса, рұқсат ететін белгілер «ТЖ» жолына және «Механикалық қондырғысы бар шағын көлемді кеме» жолына қойылады. Бұл ретте шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің осы бетінің төменгі жағына «Ерекше белгілер» бөліміне осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Теңізде серуендеу кемесі» деген мөртабан қойылады.

34. Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлікке енгізілген жүзу ауданын және (немесе) кеме түрін өзгерту тиісті жүзу ауданына және шағын көлемді кеме түріне арналған аттестаттаудан өткеннен кейін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің түпнұсқасын қоса берумен, кеме жүргізушісінің жазбаша арызын ХҚО-ға беру арқылы жүргізіледі.

Портал арқылы жүгінген кезде кеме жүргізуші арызда шағын көлемді кеменің тиісті жүзу ауданына және түріне аттестаттаудан өткеннен кейін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің сериясы мен нөмірін көрсетуі және ХҚО шағын көлемді кемені басқару құқығына жаңа куәлікті алған кезде бұрынғы куәліктің телнұсқасын ұсынуы қажет.

Мұндай жағдайларда шағын көлемді кемені басқару құқығына жаңа куәлік беріледі, ал бұрынғы шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік кеме жүргізушісінен қайтарылып алынады, жергілікті атқарушы органы оның өтелуі туралы белгіні қояды және бір жылдан кейін жояды.

35. Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің қолданылу мерзімінің өтуінен кейін кеме жүргізушісі жаңа куәлікті алу үшін ХҚО-ға немесе порталға осы Қағиданың 7-тармақтың 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ шағын көлемді кемені басқару құқығына бұдан бұрын берілген куәлікті береді. Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi екі фотосурет ХҚО-ға беріледі.

Шағын көлемді кемені басқару құқығына жаңа куәлік құжаттар берілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде кеме жүргізушісін аттестаттаусыз беріледі.

Шағын көлемді кемені басқару құқығына бұрын берілген куәлік кеме жүргізушісінен қайтарып алынады және бір жылдан кейін оны жергілікті атқарушы органы жояды.

36. Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлікті жоғалтқан жағдайда кеме жүргізуші осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес ХҚО-ға немесе порталға өтініш береді.

Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беру құжаттар берілген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде кеме жүргізушісін аттестаттаусыз, жергілікті атқарушы органы шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктерді беруді есепке алу журналында тексергеннен кейін ХҚО-да жүзеге асырылады.

Өтінішке 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi бір фотосурет, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжаты немесе шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі (түпнұсқа өтініш берушіні сәйкестендіру үшін ұсынылады) қоса беріледі.

Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беру кеме жүргізушісін сот шешімі негізінде шағын көлемді кемені басқару құқығынан айыруға тексергеннен кейін жүргізіледі.

Жоғалған куәліктің орнына берілген шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлікке «Телнұсқа» деген белгі қойылады, ал шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктер беруді тіркеу журналына куәлік телнұсқасының берілгені туралы жазба жазылып, оның сериясы мен нөмірі көрсетіледі.



5. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісу және кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу тәртібі
37. Жергілікті атқарушы органдары кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды жүзеге асырады.

38. Ұйымдар шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстарды ашқан кезде жергілікті атқарушы органдарына:

1) оқытушылар құрамының су көлігі мамандығы бойынша жоғары немесе орта техникалық бiлiмi туралы дипломдарының көшiрмелерiн;

2) осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес шағын көлемдi кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламасы негізінде әзiрленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі оқу бағдарламасын;

3) оқу процесін ұйымдастыру үшiн меншiк құқығындағы немесе жалға алынған үй-жайдың бар-жоғын растайтын құжаттың көшiрмелерін қоса беріп, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметтің басталуы туралы хабарламаны жолдайды.

Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстар қызметінің басталуы немесе аяқталуы туралы хабарлама Қазақстан Республикасының  «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.

39. Кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламасы негізінде әзірлейді және оқу ұйымы басшысының өтініші негізінде курстың ашылуы басталғанға дейін үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органының басшысымен келісіледі.

40. Бағдарламаларды, тақырыптық және жұмыс жоспарларын жасау кезінде әзірлеушілер топ дайындалатын кемелердің үлгісіне қарайды.

41. Шағын көлемді кемені басқарудың практикалық дағдысын пысықтауға бөлінетін сағат санын оқу ұйымы оқушының шағын көлемді кемені басқаруға жеке дайындығына байланысты белгілейді.

Оқу нәтижесінде адам мынадай пәндер бойынша білім алады:

1) шағын көлемді кемелердің жіктелуі және кеме теориясының негіздері;

2) кеменің құрылысы;

3) шағын көлемді кемелерді пайдалану, олардың теңізде жүзу қабілеті және маневрлік қасиеттері;

4) кемедегі құрылғылар, жүйелер және жабдықтар (құтқару, сигнал беру және өртке қарсы құралдар);

5) кемелерге қызмет көрсету мен оларды жөндеу (такелаждық және сырлау жұмыстары);

6) іштен жанатын қозғалтқыштардың сыныпталуы (қысқаша техникалық сипаттамасы, шағын көлемді кемелерде қолданылуы);

7) шағын көлемді кемелердің қозғалтқыштары, сыныпталуы мен қағидаттық құрылысы;

8) шағын көлемді кемелердің қозғалтқыштарына қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік шаралары;

9) шағын көлемді кемелердің сыныпталуы, құрылысы және желкенді жабдықтары;

10) желкенді кемені басқару техникасының негізі, оған қызмет көрсету және жүзудің кауіпсіздігін қамтамасыз ету;

11) шағын көлемді кемелердің электр жабдықтары;

12) су жолдарының жалпы сипаттамасы мен оған қысқаша шолу;

13) гидрометеорологияның негіздері, ішкі кеме жүзу жолдарының лоциялары;

14) ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидасы;

15) теңіз навигациясының негіздері мен теңіздердің лоциясы, теңіздердің навигациялық жабдықтарының құралдары (НЖҚ);

16) кемелердің теңізде соқтығысуынан сақтандырудың халықаралық қағидалары;

17) шағын көлемді кемелерді әртүрлі жағдайларда жүргізудің әдістері мен күрделі гидрометеорологиялық жағдайларда жүзу кезінде басқару ерекшеліктері;

18) шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы;

19) алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің негіздері.

42. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі үлгілік бағдарламада шағын көлемді кемелердің жүзу аудандары бойынша оқу сағаттары көрсетілген.

43. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан оқу ұйымдары жергілікті атқарушы органдарына шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша сәтті аяқтаған адамдардың тізімін жібереді.

44. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстардың қызмет етуі туралы ақпарат бір жыл ішінде берілмеген жағдайда, бұл курстар есептен шығарылады.

45. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстар жергілікті атқарушы органында есебінен шығарылған кезеңнен бастап курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) жарамсыз деп есептеледі.

___________________

Кеме жүргізушілерін шағын

көлемді кемені басқару

құқығына аттестаттау

қағидасына 1-қосымша


Нысан

Фотосуретке арналған орын

М.О.
__________ облысы (қаласы) бойынша
жергілікті атқарушы органының басшысы
__________________________________(Т.А.Ә.)  __________________________________

__________________________________


(Т.А.Ә., туған күні)
Шағын көлемді кемені басқару құқығына

куәлікті беруге арналған өтініш
Маған_________________________________________________ауданында
(жүзу ауданын (аудандарын): ТЖ, ІСЖ, ІСЖӨ және ІСЖК, ТЖ және ІСЖ көрсету керек) ____________________________________________________________________
(шағын көлемді кеменің үлгісін көрсету керек: гидроцикл, желкенді қайық, механикалық қондырғысы бар шағын көлемді кеме)

басқару құқығына куәлік беруді сұраймын.


Мынадай құжаттарды ұсынамын:

1.____________________________________

2.____________________________________

3.____________________________________

4. ...

      Мекенжайы, байланыс телефондары (факс) ____________________________


      _________________________________________________________________
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20 ____ ж. «___» ___________ _____________________________
                                     (өтініш берушінің жеке қолы)

Аттестаттау нәтижелері


Пәндердің және жүзу аудандарының атауы

Білімді бағалау (сынақтан өтті, сынақтан өткен жоқ)

Аттестаттауды қабылдау күні

Ескертпе

1

2

3

4

ТЖ – теңіздердің аумақтық және ішкі сулары













ІСЖ – кеме жүретін ішкі су жолдары













ІСЖӨ және ІСЖК – Қазақстан Республикасының кеме қатынасы үшін ашылған ішкі су жолдарының тізбесіне енгізілмеген ішкі су айдындары













ТЖ және ІСЖ – теңіздердің аумақтық ішкі сулары және кеме жүретін ішкі су жолдары












_______________________________________________________________


(кеме жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні) __________________________________________________________________
(кеме (кемелер) үлгісі, желкендердің ауданы)

басқару құқығына емтихан тапсырылды


     

Жүзу ауданында (аудандарында)_______________________________


     

20__ж. «__» _____________

М.О.

Кеме жүргізушілерін шағын

көлемді кемені басқару

құқығына аттестаттау

қағидасына 2-қосымша

Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік
Удостоверение на право управления маломерным судном

 (алдыңғы беті / лицевая сторона)  (артқы беті / обратная сторона)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік

Удостоверение на право управления


маломерным судном


Фотосуретке
арналған
орын/
Место для
фотографии

Тегі/ Фамилия______________________


Аты / Имя_________________________
Әкесінің аты / Отчество______________
Туған жылы, ай-күні/Дата рождения

__________________________________


______________ облысы (қаласы) бойынша жергілікті атқарушы органы берді/Выдано местным исполнительным органом по ___________ области (городу)
(лауазымды адамның  қолы/подпись
должностного лица)
20__ж./г. «___» __________
             (айы/месяц)
М.О.
М.П.

№ серия


ҚАЗАҚСТАН
КАЗАХСТАН

Басқаруға рұқсат берілген
кемелердің санаты/

Категория судов, которыми


разрешено управлять

Рұқсат беретін
белгілер/
Разрешающие
отметки

гидроцикл/ гидроцикл



желкенді кеме/ парусное судно



механикалық қондырғымен шағын көлемді кеме/ маломерное судно с механической установкой







Жүзу үшін
рұқсат етілген аудан/ Разрешенный
для плавания
район

ТЖ/МП





ІСЖ/ВВП





ІСЖӨ/ВВПР
және/ и

ІСЖК/ВВПО






ТЖ/МП және/ и ІСЖ/ВВП




Берілген күні/Дата выдачи





Қолданылу мерзімі/Срок действия




Айрықша белгілер/ Особые отметки

№ серия


Кеме жүргізушілерін шағын

көлемді кемені басқару

құқығына аттестаттау

қағидасына 3-қосымша

Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктер беруді есепке алу журналының нысаны





Құжаттың сериясы және нөмірі

Тегі аты әкесінің аты

Туылған  күні

Үй мекенжайы

Хаттама

Берілді

Берілген күні

Ескертпе



Күні

Жүз ауданы

Кеме үлгісі

1





















2





















3






















































Кеме жүргізушілерін шағын


көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау

қағидасына 4-қосымша



«Теңізде серуендеу кемесі» мөртаңбасының нысаны

     



Теңізде серуендеу кемесі

Мөртабан ұзындығы - 17 мм.       Мөртабан ені - 7 мм.

Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидасына 5-қосымша

__________ облысы (қаласы) бойынша


жергілікті атқарушы органының басшысы
__________________________________
(Т.А.Ә.) __________________________________
(Т.А.Ә. туған күні, үйінің мекенжайы,
байланыс телефоны, ЖСН)
     

Шағын көлемді кемені басқару құқығына

куәліктің телнұсқасын беруге арналған өтініш
     Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беруді сұраймын.

      20__жылғы «__» ________ шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік мынадай жағдайларда жоғалған: ________________________________________


___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     Мынадай құжаттарды ұсынамын:

     1.____________________________;


     2.____________________________.

3. ...
     

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20 ____ жылғы «___» ___________ _________________________
                                        (өтініш берушінің жеке қолы)

Кеме жүргізушілерін шағын


көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидасына 6-қосымша

Шағын көлемді кемелерді жүргізушілерді даярлау жөніндегі үлгілік бағдарлама



р/с


Бөлімдер мен тақырыптардың атауы

Жүзу аудандарына арналған оқу сағаттарының саны

ТЖ

КСІСЖ

ІСЖӨ, ІСЖК

ТЖ, КСІСЖ

1

2

3

4

5

6

1. Кемелер теориясының негіздері және шағын көлемді кеменің құрылысы

1

Шағын көлемді кемелерді сыныптау және кеме теориясының негіздері. Кемелердің құрылысы. Корпус

4

4

4

4

2

Шағын көлемді кемелерді пайдалану, олардың теңізде жүру және маневрлік қасиеттері

10

8

4

10

3

Кеме кұрылғылары, жүйелер мен жабдықтау. Кұтқару, сигнал беру және өртке қарсы құралдар

6

4

4

6

4

Кемелерге қызмет көрсету және оларды жөндеу. Такелаж және бояу жұмыстары

4

2

2

4

2. Кеме қозғалтқыштары мен қозғаушылары, оларды пайдалану. Шағын көлемді кемелердің электр жабдықтары

5

Шағын көлемді кемелерде қолданылатын іштен жанатын қозғалтқыштардың үлгілері

4

2

2

4

6

Шағын көлемді кемелердің қозғаушылары, жіктелуі мен қағидаттық құрылысы

4

2

2

4

7

Шағын көлемді кемелердің қозғалтқыштары мен қозғаушыларына техникалық қызмет көрсету. Қауіпсіздік шаралары

4

2

2

4

8

Желкенді шағын көлемді кемелердің жіктелуі, құрылысы және желкенмен жабдықталуы

4

4

2

4

9

Желкенді кемені басқару техникасының негіздері, оған қызмет көрсету және жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету

6

6

4

6

10

Шағын көлемді кемелердің электр жабдықтары

6

6

4

6

3. Кеме жүргізу

11

Су жолдарының жалпы сипаттамасы және оларға қысқаша шолу

6

6

4

6

12

Гидрометеорология негіздері. Ішкі кеме журетін жолдардың лоциясы

4

4

4

4

13

Ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидасы

6

12

4

12

14

Теңіз навигациясының негіздері және теңіздер лоциясы

14

1

1

14

15

Теңіздердің навигациялық жабдық құралдары (НЖҚ)

6

1

1

6

16

Кемелердің теңізде соқтығысуын болдырмаудың халықаралық қағидасы

8

1

1

8

17

Шағын көлемді кемелерді әртүрлі жағдайларда жүргізу әдістері. Күрделі гидрометеорологиялық жағдайларда басқару ерекшеліктері

4

4

4

4

4. Су қоймаларында жүзу қауіпсіздігін,құқық қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету

18

Суға батқан адамға алғашқы медициналық көмек көрсету қағидасы мен әдістері

4

4

4

4

19

Шағын көлемді кемелерді және олардың тұруына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы. Кеме жүргізушінің әкімшілік жауапкершілігі

4

4

4

4

20

Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидалары

4

4

4

4

Барлығы

112

81

61

118

___________________




  • 2. Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттауды жүргізу тәртібі
  • 4. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына арналған куәліктерді беру тәртібі
  • 5. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісу және кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу тәртібі
  • Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлікті беруге арналған өтініш
  • Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік Удостоверение на право управления маломерным судном
  • Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктер беруді есепке алу журналының нысаны
  • «Теңізде серуендеу кемесі» мөртаңбасының нысаны
  • Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беруге арналған өтініш
  • Шағын көлемді кемелерді жүргізушілерді даярлау жөніндегі үлгілік бағдарлама

  • жүктеу 268.4 Kb.