Главная страница
Контакты

    Басты бет


«kegoc» АҚ Басқармасының 2013ж. «21» қазандағы

жүктеу 418.99 Kb.



жүктеу 418.99 Kb.
бет1/3
Дата25.03.2017
өлшемі418.99 Kb.

«kegoc» АҚ Басқармасының 2013ж. «21» қазандағы


  1   2   3



«электр ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАзаҚстан компанияСЫ» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АкционерЛІК ҚОҒАМЫ





«KEGOC» АҚ Басқармасының

2013ж. «21» қазандағы

22 Хаттамасымен



МАҚҰЛДАНҒАН


«KEGOC» АҚ Директорлар кеңсесінің

2013ж. «28» қарашадағы

10 Хаттамасымен



БЕКІТІЛГЕН









ҰЙЫМ СтандартЫ
«KEGOC» АҚ-НЫҢ СЫРТҚЫ аудит ЖӨНІНДЕГІ САЯСАТЫ

СТ KEGOC 00-406-13-СД
___дана
2-басылым
Енгізілу күні 01.01.2014 ж.


Астана

1 Қолданылу аясы
1.1 Осы стандарт «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) сыртқы аудитті жүргізуге бірыңғай талаптарды белгілейді.

1.2 Осы стандарт Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (19.07.2011 жылғы № 66 хаттама) Аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы саясатына сәйкес, барлық дауыс беруші акциялары Қорға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғалардың сыртқы аудитін ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі Қор ұсынымдарының негізінде әзіріленген.

Аудитор (лат. auditor - тыңдаушы, тексеруші) - аудиторлық қызметпен айналысушы маман. Онымен жоғары экономикалық және заң білімі бар, мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс істеген және тиісті аттестациядан өткен адам айналыса алады.
Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.

1.3 Осы стандарт талаптары Қоғамдағы барлық құрылымдық бөлімшелердің қолдануы үшін міндетт.

Қоғамның еншілес ұйымдары (бұдан әрі - ЕҰ) осы стандарт негізінде аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласында құжат әзірлейді.

1.4 Осы стандарт Қоғамның ішкі нормативтік құжаты болып табылады және сыртқы аудит жүргізу кезінде мемлекеттік басқару органдарынан, Қор, ЕҰ және аудиторлардан, сондай-ақ менеджмент жүйелерінің сәйкестігіне тексеріс жүргізген сәтте сарапшылардан /аудиторлардан басқа өзге тараптарға көрсетуге жатпайды.

Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.


2 Нормативтік сілтемелер

Осы стандартта Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілеріне және нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылды:

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы;

Сілтеме (Ссылка; the reference, link) - 1) қандай да бір объектіге арналған нұсқағыш; 2) тілдің сипатталган элементін белгілеуге пайдаланылатын тілдік құрылма; 3) хабарланған объектіні ұқсастыру.

«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы;

«Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының заңы;

Кәсіби бухгалтерлердің Этика кодексі (бұдан әрі – Этика кодексі);

«Самұрық-Қазына» АҚ және дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан аса пайызы «Самұрық-Қазына» АҚ-на меншіктік немесе сенімді басқару құқығында тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Сатып алу қағидалары);

Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Тауар - қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.

«Самұрық-Қазына» АҚ және дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан аса пайызы «Самұрық-Қазына» АҚ-на меншіктік немесе сенімді басқару құқығында тиесілі ұйымдар үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөніндегі тәртіп (бұдан әрі – Тәртіп);

Бүкіләлемдік банк қаржыландыратын қызметке қатысты жыл сайынғы қаржылық есептілік пен аудит жөніндегі басшылық;

Банк (италянша bankо - үстел) - ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.

СТ KEGOC 00-101-10 Ұйым стандарты. Құжаттаманы басқару.


3 Белгілеулер мен қысқартулар
Осы стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:

Қор – «Самұрық-Қазына» АҚ;

Уәкілетті орган Қоғам жарғысына сәйкес, Қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау, сондай-ақ оның қызметтерін төлеу мөлшерін анықтау мәселесі айрықша құзыретіне жатқызылатын орган;

Қоғам - «KEGOC» АҚ – «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы, Атқарушы дирекцияны, Филиалдар мен Өкілдікті қоса алғанда;

Жарғы- 1) заңды тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құжат. Заңды тұлғалардың Жарғысын құрылтайшы белгілейді. Белгіленген Жарғы міндетті түрде Әділет министірінің тиісті басқармаларында тіркеліп, заңды тұлғаның қызмет істеуіне рұқсат етілгендігі туралы куәлік беріледі.
Акционерлік қоғам - капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді.

Аудит жөніндегі комитет – Қоғам Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті;

Филиалдар – «KEGOC» АҚ-ның Жүйеаралық электр тораптары және Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы филиалдары;

Өкілдік – «KEGOC» АҚ-ның Алматы қ.-дағы өкілдігі;

ЕҰ – еншілес ұйымдар;

Топ - «KEGOC» АҚ және ЕҰ;

БжСЕД – Бухгалтерлік және салықты есепке алу департаменті;

ІАҚ – Ішкі аудит қызметі;

ЗД – Заң департаменті;

КДД – Корпоративтік даму департаменті;

ЖБД – Жобаларды басқару департаменті;

ХҚДБ – Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі;

ЕҚДБ – Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі;

Жоба - жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.
Еуропа (гр. Ευρώπη, семит тілінің “эреб” - “батыс” сөзінен шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған) - Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Азиямен бірге Еуразия құрылығын құрайтын әлем бөлшегі.

ҚДБ – «Қазақстан Даму Банкі» АҚ;

Банктер – ХҚДБ, ЕҚДБ, ҚДБ;

Аудитор жасалған шарт негізінде Қоғамға аудиторлық және аудиторлық емес қызмет көрсететін аудиторлық ұйым;

ХҚЕС – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары;

ХАС – Халықаралық аудит стандарттары;

ҚЕ – Қаржылық есептілік;

ҚЕ аудиті – аралық ҚЕ-ге аудиторлық шолу/аудит және/немесе жылдық ҚЕ-ге аудит;

Аудиторлық есеп – аудиттелген ҚЕ.



  1   2   3

  • Аудиторлық
  • Жобаларды

  • жүктеу 418.99 Kb.