Главная страница
Контакты

    Басты бет


«kegoc» АҚ Акционерлері жылдық жалпы жиналысының дауыс беру қорытындысы туралы

жүктеу 60.18 Kb.



жүктеу 60.18 Kb.
Дата24.03.2017
өлшемі60.18 Kb.

«kegoc» АҚ Акционерлері жылдық жалпы жиналысының дауыс беру қорытындысы туралы



«KEGOC» АҚ Акционерлері жылдық жалпы жиналысының дауыс беру қорытындысы туралы

(2015 жылғы 30 сәуір)
Акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылдады:


  1. «KEGOC» АҚ-ның жылдық есебін бекіту туралы


Дауыс беру қорытындысы:

«ЖАҚ» - 234 014 793 дауыс (90,005%);

Акционер - акция иесі. Ол акционерлік қоғамға айналған белгілі бір кәсіпорынның мүлкіне ортақтаса алады. Қолында атаулы акциялары бар акционерлер “бір акция бір дауыс” деген принциппен акционерлік қоғам істерін басқаруға қатысуға құқылы.

«ҚАРСЫ» - 0;

«ҚАЛЫС» - 0.


Шешім қабылданды:

«KEGOC» АҚ-ның 2014 жылғы жылдық есебі бекітілсін.




  1. Жылдық қаржылық есептемені бекіту, таза табысты бөлу тәртібі, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2014 жыл үшін «KEGOC» АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы


Дауыс беру қорытындысы:

«ЖАҚ» - 234 014 793 дауыс (90,005%);

«ҚАРСЫ» - 0;

«ҚАЛЫС» - 0.


Шешім қабылданды:

  1. Қоғамның 2014 жылғы жылдық қаржылық есептемесі бекітілсін.

  2. «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» Акционерлік қоғамының (орналасқан жері: 010010, Астана қ., Тәуелсiздiк даңғылы, 59 ғимарат, БИН 970740000838, IBAN KZ45826Z0KZTD2001154 «АТФ Банк» АҚ БИК ALMNKZKA) 2014 жылдың қорытындысы бойынша алынған 8 613 800 000 (сегіз миллиард алты жүз он үш миллион сегіз жүз мың теңге) теңге мөлшеріндегі таза табысының Қоғамның барлық жай акцияларын ұстаушылары арасында бөлінуі бекітілсін.

  3. Дивиденд мөлшері Қоғамның бір жай акциясына шаққанда 33,13 (отыз үш теңге он үш тиын) теңге көлемінде бекітілсін.

  4. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамның жай акциялары бойынша дивиденд алуға құқы бар Қоғам акционерлерінің тізімі 2015 жылғы 15 мамырдағы 00 сағат 00 минуттағы жай-күй бойынша белгіленсін.

  5. Дивидендтер төлеу басталатын күн 2015 жылғы 25 мамырға белгіленсін.

  6. Дивидендтер төлеу дивидендтер бойынша төлем басталған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде акционерлердің шотына ақшалай аудару жолымен жүргізілсін:

  1. «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ның атаулы ұстауындағы Қоғамның жай акциялары бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ның төлем агенті арқылы;

  2. «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ның атаулы ұстауында жоқ Қоғамның жай акциялары бойынша төлемді Қоғам дербес түрде жүргізсін.

7. Қоғам Басқармасының төрағасы Қажиев Б.Т. осы шешімнің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіпте жүзеге асуы үшін тиісті шараларды қабылдасын.


  1. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамдық санын, өкілеттігі мерзімін анықтау, оның мүшелері мен төрағасын сайлау, сондай-ақ «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақылар төлеу және шығыстарын өтеу мөлшері мен шарттарын анықтау туралы.


Дауыс беру қорытындысы:

«ЖАҚ» - 234 014 644 дауыс (90,005%);

«ҚАРСЫ» - 149 дауыс (0,00005%);

«ҚАЛЫС» - 0.


Шешім қабылданды:

1. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы 6 (алты) адам санымен белгіленсін.

2.  «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мына құрамда сайлансын:

1) Бектеміров К.А.;

2) Спицын А.Т. – тәуелсіз директор;

3) Лука Сутера – тәуелсіз директор;

4) Доминик Фаш – тәуелсіз директор;

5) Януш Биалек – тәуелсіз директор;

6) Қажиев Б.Т.

3. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы сайлансын.

4. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі - 3 (үш) жыл болып белгіленсін.

5.   Тәуелсіз директорларға сыйақы мынадай мөлшерде белгіленсін:

1) жылдық белгіленген сыйақы - 40 000 (қырық мың) АҚШ доллары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есепті кезеңнің 31 желтоқсанындағы теңге бағамы бойынша;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

2) комитеттің әрбір күндізгі отырысының жұмысына қатысқаны үшін қосымша сыйақы - 1 400 (бір мың төрт жүз) АҚШ доллары мөлшерінде, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі комитетінің күндізгі отырысы өткізілген күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің теңге бағамы бойынша.

6. Сыйақы сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдерді төлегенге дейін көрсетілетін болып белгіленсін.

Салық заңнамасы - салық салу және жинауға қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жиынтық атауы. Салық заңнамасы нақты салық түрлерін төлеу, есептеу, бақылау тәртібін, заңды және жеке тұлғалардың салық төлеу міндетін және салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын, т.б.

7. «KEGOC» АҚ тәуелсіз директоры үшін «KEGOC» АҚ ішкі құжаттарымен көзделген «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасына іссапар шығыстарын өтеу нормалары шегінде тұрғылықты тұратын жерінен тыс жерлерде өткізілетін Директорлар кеңесінің отырысына баруға байланысты шығыстарды (жолақы, қонақ үйде тұру, тәуліктік шығыстар) өтеу нормасы белгіленсін.

8. «KEGOC» АҚ тәуелсіз директорларына сыйақы төлеу және шығыстарды өтеу тәртібі мен шарттары «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2009 жылғы 22 мамырдағы шешімімен (№ 55/09 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының тәуелсіз директорларына сыйақы төлеу және шығыстарды өтеу ережесіне сәйкес белгіленсін.

9. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы К.А.Бектеміровке «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларымен осы шешімді ескере отырып шарттар жасау тапсырылсын.




  1. «KEGOC» АҚ-ның іс-әрекетіне акционерлердің және оның лауазымды тұлғаларының өтініштері және олардың қорытындыларын қарау туралы.


Дауыс беру қорытындысы:

«ЖАҚ» - 234 013 840 голоса (90,005%);

«ҚАРСЫ» - 0;

«ҚАЛЫС» - 0.


Шешім қабылданды:

«KEGOC» АҚ-ның іс-әрекетіне акционерлердің және оның лауазымды тұлғалары өтініштерінің жоқ екендігі туралы ақпарат назарға алынсын.

Лауазым - мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы Күштер жүйесінде арнайы құзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі қызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаруды жүктейтін өкілеттілік.

Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.


5. «KEGOC» АҚ Акционерлері жалпы жиналысының Есеп комиссиясының құрамдық санын, өкілеттік мерзімін анықтау және оның мүшелерін сайлау. 
Дауыс бері қорытындысы:

«ЖАҚ» - 234 014 793 голоса (90,005%);

«ҚАРСЫ» - 0;

«ҚАЛЫС» - 0.


Шешім қабылданды:

  1. «KEGOC» АҚ Акционерлері жалпы жиналысы Есеп комиссиясының сандық құрамы үш жылдық өкілеттік мерзімімен жеті адам болып белгіленсін.

  2. «KEGOC» АҚ Акционерлері жалпы жиналысы Есеп комиссиясының мүшелері мына құрамда сайлансын:

  1. Тоқубаев Шаяхмет Қажымұратұлы – Есеп комиссиясының төрағасы;

Есеп комиссиясының мүшелері:

  1. Мейржанов Арман Мейржанұлы;

  2. Шұғаев Данияр Талғатұлы;

  3. Сатымбеков Асет Салтанатұлы;

  4. Жүнісов Мұрат Қуантайұлы;

  5. Қонақбаева Гульвира Қасымқызы;

  6. Қошанова Алтынай Мейрамбекқызы.

3. «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімге қатысты тиісті іс-шараларды қабылдасын.

  • Дауыс беру қорытындысы
  • Шешім қабылданды
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
  • «KEGOC» АҚ-ның іс-әрекетіне акционерлердің және оның лауазымды

  • жүктеу 60.18 Kb.