Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Кеңес Одағының Батыры И. М. Береженой атындағы Келлер орта мектебі» кмм мад сынып тәрбиешісі: Ханый Бейбитгул

жүктеу 54.5 Kb.



жүктеу 54.5 Kb.
Дата03.04.2018
өлшемі54.5 Kb.

«Кеңес Одағының Батыры И. М. Береженой атындағы Келлер орта мектебі» кмм мад сынып тәрбиешісі: Ханый Бейбитгул


«Кеңес Одағының Батыры И.М. Береженой атындағы Келлер орта мектебі» КММ МАД сынып тәрбиешісі: Ханый Бейбитгул Оқу қызметінің ұйымдастырылған технологиялық картасы МАД топ Білім беру саласы: Таным. Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: Байланыс құралдары.
Байланыс құралдары (орыс. средства связи) - ұрыста бір жақты не екі жақты байланыс орнатуға арналған техникалық құралдар: радио, радиорелелік, сымды, жылжымалы және сигналдық құралдар, сондай-ақ байланыс ұшақтары мен тікұшақтар.
Мақсаты: Байланыс құралдарының қазіргі замандагы рөлімен таныстыру. Байланыс құралдары мен ақпарат құралдарының айырмашылығы мен ұқсастығын таба білу, байланыс құралдарының кызметтері туралы түсініктерін кеңейту.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Адамдармен телефон арқылы қарым-қатынас жасау барысында әдептілікті сақтауға, мәдениетті болуға, дұрыс жауап беруге баулу. Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, жұмыс дәптері, қарындаш, қағыз телефон, микрофон. Сөздік жұмыс: байланыс құралдары, интернет.
Әдептілік - адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Ә-ке ерекше мән беріледі. Әбу Наср әл-Фараби “Қайырымды қала адамдарының көзқарастары” атты еңбегінде Ә-ті әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы деп есептейді.
Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.
Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
Билингвальды компонент: байланыс құралдары - средств связи, ақпараттық құралдар - средства информации, өрт- пожар Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық-қозғаушылық Балаларды дөңгелете отырғызып, «Сымсыз телефон» ойынын ұйымдастырамын. Бастаушы бір баланы құлағына бір сөз айтады, ол бала жанындағы балаға сыбырлап, басңаларға естіртпей жеткізу керек. Осыла сөзді өзгертпей келесі балаға айтады. Ең соңғы бала естіген сөзді дауыстап айтады, егер сөз өзгерген болса, кім қандай сөз естігенін қайталап айтып, сөзді кім өзгертсе, сол бала айыпты болады, Айыбын тақпақ, не өлең айтып өтейді. Ұйымдастырушылық-ізденістік Жұмбақ шешу. Бар екен бір терезе ғажап үйде Кино болар терезеден күнде-күнде. Айтқан сөзді сыбырлап осы жерде Естіп алар бір құлақ алыс елде. Жазуы бар аң парақ қанат қақты, Жеткізеді әлемдегі жаңалықты. Алыс жердегі адамдар бір-бірімен қалай хабарласады Хатты қалай жібереді Балалар, пошта, телеграф, телефон - байланыс құралдары. Әлемде болып жатқан оқиғаларды қалай білеміз Теледидар, радио, газет, интернет - ақпараттық құралдар.
Радио (лат. radio - оқимын, сәуле шығарамын ← radius - сәуле) - сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады. Радиобайланыстың қасиеті - әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз әдісімен жеткізу.
Демонстрациялық материалмен жұмыс. Билингвальды компонент. Байланыс құралдары - средства связи, ақпараттық құралдар - средетва информации, өрт - пожар. Сендер арнайы қауіпсіздік қызметтерінің телефон нөмірлерін білесіңдер ме Өрт шықса қандай телефонға қоңырау шалу керек Ал дәрігердің көмегіне жүгіну керек болса ше Ал полиция қызметкерлерін қалай шақырамыз Балалар, бұрынғы заманда телефон, телеграф жоқ болған кезде адамдар бір-бірімен қалай хабарласқан (Суретті қарау). Балалар жұмбақтың шешуін табады. Теледидар. Телефон. Газет. Бір-біріне хат жазады, телеграмма: береді, телефонмен сөйлеседі. Пошта арқылы. - Теледидар, радио, газет және интернет арқылы.
Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.
Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.
Балалар суретке қарап, ақпарат құралдарының пайдасын әңгімелейді. 101. 103. 102. - Поштаны көгершіндер арқылы, арнайы шабарман арқылы хат жіберген. Үнді тайпаларында түтіннің белгісі арқылы бір-бірімен хабар алысқан. Кейін үлкен қалалар салынған кезде қаладағы үйлерге нөмір берілген, пошта, телеграф, телефон пайда болды. Балалар, мен қазір сендерден интервью аламын. Интервью дегенді білесіңдер ме Педагог қолына микрофон алып, тілшінің рөліне енеді. - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен қазақ радиосының тілшісімін. Сендерден сұхбат алуға келдім. Интернет деген не Интернетті пайдаланып көрдіңдер ме Интернет арқылы адамдар бір- бірімен хабарласа ала ма Интернет арқылы әлемдегі жаңалықтарды білуге бола ма Ендеше, балалар, мынандай қорытындыға келуге болады: Компьютердегі интернет желісі - ақпараттық және байланыс құралы.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Сергіту сәті. Қайдан екен қолымыз, Оңымыз бен солымыз, Білеміз бе оны біз Қол соғайық - бір, екі, Адымдайық - бір, екі. Бір-екі деп басайық, Тез-тез адым жасайық. Дәптермен жцмыс. Жеке жұмыс жүргізу. Сұрақтарға жауап береді. Компьютер желісі. Балалар интернетті пайдаланып көрген болса, қалай пайдаланғандарын айтады. Хабарласа алады. Білуге болады. Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.
Дәптердегі тапсырмаларды орындайды. Рефлексиялық-түзетушілік Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтаймын. Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. Күтілетін нәтиже: орындайды: байланыс құралдарының қажеттілігін, олардың жалпы қызметін; түсінеді: ақпараттық-байланыс құралдарын ажыратады, қажет телефон нөмірлерін жазуды; қолданады: қазіргі заман технологиясының даму жолдарын.

  • Байланыс құралдары
  • Компьютердегі

  • жүктеу 54.5 Kb.