Главная страница
Контакты

    Басты бет


Камалова Роза Әбдімүтәліпқызы

жүктеу 118.66 Kb.



жүктеу 118.66 Kb.
бет1/2
Дата14.04.2017
өлшемі118.66 Kb.

Камалова Роза Әбдімүтәліпқызы


  1   2

Камалова Роза Әбдімүтәліпқызы

№169 Н. Илялетдинов атындағы орта мектебі

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті


Кіріспе.


Компьютерлік оқу құралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Жаңақорған ауданы - Қызылорда облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөліктік, 1928 ж. құрылған.
Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақтарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мұғалімдер де жиі айтып келеді. Еліміздің ұлттық ғылым академиясы да компьютер арқылы үздіксіз білім беру ісіне көңіл бөліп, көптеген педагогикалық тақырыптарда ғылыми жұмыс жүргізу ісін қаржыландырып келеді.
Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.
Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.
Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.
Мұғалім немесе оқытушы - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.
Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Ғылымдар академиясы - ғылыми-зерттеу мекемесі немесе ғылыми-зерттеу мекемелерін біріктіретін қоғамдық ұйым. Ғылым академиясына ұқсас мекемелер б.з.б. болған (қ. Академия). Ал Еуропада 15–16 ғасырларда көптеген ғылыми қоғамдарға академия атауы берілген.
Осы бағыттағы мәселелермен білім саласының мамандары алғашқы дербес пайдаланылатын компьютер шыққан кездерден бастап айналысып келеді, соңғы кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.
Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.

Оқу жүйесінде информациялық технологияны жалпы қолданудың маңызынан гөрі оны пайдалану ісі білім беру жүйесіндегі қойылған талаптарға қаншалықты жауап бере алатыны маңыздырақ болып табылады.

Компьютермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру тәсілдерімен бірге сонымен тығыз байланысты бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді.

Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқыту және әдістемелік құралдар құрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:

- таратылып берілетін оқу материалдары;

Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.

- бақылау және тестен өткізу материалдары;

- жаттығулар;

- әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін қатарластыра пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-бірімен алмастыру жолдары;

Алмастыру - белгілі бір n элементті қандай да бір ретте (тәртіпте) қайталамай орналастыру. Берілген n элементтен барлығы әр түрлі n! = 1*2...n Алмастыруы жасалады. Алмастыруға байланысты көптеген есептер ауыстыру терминдері арқылы тұжырымдалады.
Тактика (грекше taktiks - әскерді сапқа түрғызу өнері tasso - сапқа түрғызамын, қатарластырамын) - экономикалық (мысалы, несие-қаржылық, бәсекелік), әлеуметгік және басқа саясатта алға қойылған мақсатқа жету үшін қолданылатын құралдар мен тәсілдер; іс-қимыл желісі.
Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.

- экраннан берілетін барлық ақпараттық-оқу материалдарын компьютердің мультимедиалық мүмкіндігіне және сабақтарды сол арқылы беру тәсілдеріне қарай бейімдеу.

Компьютерлік оқу құралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес жасалады, ал оның ақпараттық-әдістемелік негізін жоғарыда айтылған материалдар құрайды. Ол алдын ала жоба бойынша анықталған компьютерлік технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту-үйрету функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс.

Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды - жүзеге асырады.
Компьютерлік технология (Компьютерная технология; computer technology) - компьютерлік өңдеу базасындагы ақпараттық технология.

Оқыту жүйесіне арналған программалық жабдықтама ретінде жасалатын компьютерлік оқу құралын даярлау көпжақты мәселе болып саналады, оны жүзеге асыру үшін әр түрлі салаларда істейтін мамандарды пайдалана білу қажет.

Компьютерлік оқу құралын жасаудың ақырғы кезеңі оны программаға айналдыру, яғни машина тілінде кодтау ісі болып табылады. Осындай қолданбалы программалық жабдықтамалар жасау көптеген жүйелік программалар арқылы жүргізіледі, олар: Visual Basic, Delphi, Power Builder, Power Point, т.б. Бұларды пайдаланудың артықшылықтары:

- программа жасау мерзімін қысқарту;

- программа жасау мен оны пайдалану кезеңдерінің барлығында да оны сүйемелдеу ісінің жеңілдігін қамтамасыз ету;

- оқу құралының мазмұны мен құрылымына сәйкес оны пайдаланушы мұғалімге материалдарды аздап түзету-толықтыру мүмкіндіктерін беру;

-оқу құралының кейбір бөліктерін өзгерткенде (толықтырғанда) тұтынушы интерфейсінің өзгеріссіз күйде сақталуы.

Оқыту мақсатында арналған программалар жасауда HTML “Java” FrontPage, Dreamviewer программаларын пайдалану қажет.

Біздегі алғашқы электрондық оқулықтарға шет тілін, Қазақстан тарихын, валеология, қоғамтану, информатика пәндерін оқып үйренуге арналған CD-дискілерге жазылып даярланған оқу құралдарын айтуға болады.

Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Қазақстан тарихы - Қазақстан аймағында адамның пайда болғаннан бастап қазіргі заманға дейінгі болған оқиғалар.
Олар модульдік принципке сәйкес тақырыптарға бөлініп, гиперсілтемелік мәтін құрастыру тәсілімен жасалып, мектеп бағдарламалары мен жоғары оқу орындарының көптеген тақырыптарын қамтиды.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.

Бұдан былай қазақ-орыс тіліндегі электрондық оқу құралдары да тегін таратылатын күйге жетіп, Интернет жүйесіндегі АҚШ, Ресей білім порталдарындағы тәрізді оқу орындарының web-сайттарында орналастырылады деген ойдамыз. Қазақ-Британ техникалық университеті мұнай-газ және информатика саласындағы мамандар даярлауда студенттер күшімен жасалған электрондық оқу құралдарын алдағы оқу жылына үздіксіз білім беру бағдарламасына сәйкес www.kbtu.edu.kz адресі бойынша орналастырмақшы болып отыр.

Ал, Ресейде кең тараған алғашқы компьютерлік оқулықтарға “Инженерлік мамандықтарға арналған жоғары математика” курсын жатқызуға болады, онда бірнеше жоғары оқу орындары дайындаған 17 түрлі программалар дестесі (пакеті) келтірілген. Бұл оқулықтың ерекшелігіне бір программалық кешен аймағында бірнеше жеке оқу программаларын біріктіріп, математика пәнін оқытудың біртұтас компьютерлік курсын жасау ісі жатады. Оған кез келген маман қосымша тақырыптар қосып толықтыруына болады. Оның үстіне бұл программаға арнайы математикалық есептеу программаларын да қосып пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру саласында жаңа бір әдістемелік жүйе қалыптастырып келеді. Қазіргі кезде электрондық оқулықтар жасау ісі өндірістік индустрияның жаңа арнасын қалыптастыруда. Ол білім жүйесіндегі экономиканың бір саласы ретінде жыл сайын белгілі бір қаржы бөлуді керек етеді.

Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.
Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Бұдан былай оқу орындары мұғалімдерге жалақы төлеу, оқулықтар, әдістемелік құралдар сатып алумен қатар электрондық оқу құралдарын сатып алуға (дайындауға да) тұрақты қаржы көзін бөліп отырулары керек. Бұл бағыттағы алғашқы қадам Президентіміздің орта білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асырып, барлық мектептерді кем дегенде бір компьютерлік сыныппен қамтамасыз етуімен 2002 жылы іске асырылған болатын. Кейіннен қабылданған “Қазақстан Республикасы ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту” мемлекеттік бағдарламасы да компьютерлік технологияларды білім саласында кең қолдану ісін дамытуға көп көңіл бөліп отыр.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Ендігі бағыт – сол компьютерлік техниканы тұрақты жұмыс істейтін күйде ұстап, білім саласындағы жаңа технологияларды пайдаланып, кез келген пән мұғалімдерін электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісіне жұмылдыру тиіс. Президентіміз бастаған Білім жүйесін ақпараттандыру ісін ары қарай дамыту барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кеңінен оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады. Сонда ғана білімді ақпараттандыру ісінің нақты экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретіні талас тудырмаса керек.


  1   2


жүктеу 118.66 Kb.