Главная страница
Контакты

    Басты бет


Кафедра: «тілдік пәндер»

жүктеу 0.86 Mb.



жүктеу 0.86 Mb.
бет1/6
Дата01.04.2019
өлшемі0.86 Mb.

Кафедра: «тілдік пәндер»


  1   2   3   4   5   6

Ф.7.02-07

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КАФЕДРА: «ТІЛДІК ПӘНДЕР»

«БЕКІТЕМІН»

ОӘЖ жөніндегі проректор

тех.ғ.к., доцент Ажидинов А.С.

______________________

«____» ______________ 2016 ж.



5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы үшін

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГІ

Шымкент – 2016

Қосымша 3



Оқу курстарының каталог нысандары

Элективті пәндер каталогі икемділігі мен оқушының траекториясын өзін-өзі анықтауына құру үшін пәндер тізімі компоненті енгізілген. ЭПК-де мамандық бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің бағдарламалары берілген. ОҚПУ оқытушылары мен студенттеріне арналған.

Құрастырғандар: Бейсенбаева Р.Х. Ақылбаева Г.И. Темірбекова Г.Қ. Көпбосынов М.А. Жолдасова А.А. Райымбекова Х.А. Бейсенова Р.А.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедра мәжілісінде қарастырылып, талқыланды: «____»____ 2016 ж. №____хаттамасы

Кафедра меңгерушісі ______________ Бейсенбаева Р.Х.

Элективті пәндер каталогі жұмыс берушімен келісілген: Ұлықбек атындағы үш тілде оқытылатын жалпы орта мектеп

Директоры __________________________ Манапова Г. Н.

(жұмыс орны, лауазымы, тегі, аты, қолы)


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ________________ Нуримова З.Ә.

(жұмыс орны, лауазымы, тегі, аты, қолы)


Факультеттің әдістемелік комиссиясында мақұлданған:

Әлеуметтік-филология факультеті______________ Такибаев М.А.

«____»____ 2016 ж. №____хаттамасы

Оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы______________ Ақылбаева Г.И.

Элективті пәндер каталогі Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде бекітілген:

«____»____ 2016 ж. №____хаттамасы


Студенттер үшін басшылық
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Құрметті студенті!
Алдыңызға элективті пәндер каталогы болып табылады. Бұл жүйеленген аннотация берілген элективті оқу пәндерінің тізбесі. Ол Сіз үшін оқытудың жеке траекториясын дербес, жедел икемді және жан- жақты қалыптастыру мүмкіндіктерін жасау мақсатында жасалады. Бұл өзіңіздің жеке оқу жоспарыңызды жасаудағы Сіздің көмекшіңіз.
Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында бүкіл оқу пәндері 3 цикл:

– жалпы білім беруге (ЖБП), базалыққа (БП) және бейіндік пәндерге (БП) бөлінеді. Оқу пәндерінің осы циклдерінің әрбірінің ішінен 2 түрге – міндетті компонент пен таңдаған компонентке (элективті, яғни таңдап алатын оқу пәндеріне) бөлінеді. Мамандықтар бойынша Мемлекеттік білім берудің жалпыға бірдей міндетті стандарттары мен міндетті пәндер компоненттерін аталған мамандық студенттерін қоспағанда барлығы оқып үйренеді.


Элективті оқу пәндерін кафедралар Сіздің оқып үйренуіңіз үшін ұсынады. Элективті оқу пәндерінің бүкіл тізбесіне Сіз, атап айтқанда өзіңіз үшін қызықтысын таңдай аласыз. Осылай, оқу пәндерінің әрбір циклі бойынша Сіздің жеке оқу жоспарыңызға 2 бөлім: міндетті компонент пен таңдаған компонент (элективті оқу пәндері) енетін болады.
Каталогтың көмегімен өзіңіздің жеке оқу жоспарыңызға енгізу үшін элективті оқу пәндерін қалай таңдауға болады?


  1. Тізімнен өзіңіздің қурсыңыз бен оқу семестрінің кестесін іздеп тауып алыңыз.




  1. Элективті оқу пәндеріне типтік оқу жоспарымен, барлығы қанша кредит бөлінетінін анықтаңыз.




  1. Элективті оқу пәндері тізбесінің өзімен танысыңыз. Оқу пәндері таңдаған курстарға тиісті нөмермен біріктірілгеніне назар аударыңыз. Элективті пәндердің әрбір тобынан тек қана бір элективті оқу пәнін таңдауға болады.




  1. Өзіңізді қызықтырған элективті оқу пәнінің сипаттамасын оқыңыз және өз таңдауыңызды жасаңыз.




  1. Сіз таңдаған кредиттер санының типтік оқу жоспары бойынша талап етілетін санға сәйкес келуін тексеріңіз.




  1. Сізге элективті оқу пәндерін таңдауда өзіңізді эдвайзеріңіз көмектеседі.




Пәннің коды

Пәндер

Семестр

Кредит саны

Пререквизиті // Постреквизиті

Пәннің мақсаты мен қысқаша мазмұны

Дублин дискрипторларының негізіндегі оқытудың нәтижелері

Құзіреттері

РК

ECTS


1

2

3


4

5

6

7

8

9

10

1

TKN/OBZh 1104

а) Тіршілік қауіпсіздік негіздері

2

3

1

Пререквизиттері: Жоқ

Постреквизиттері: жоқ

Пәннің мақсаты: Студенттерді тіршілік қауіпсіздігі негіздерімен таныстыру.Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен осы заманғы зақымдаушы құралдардан халықты, қоршаған ортаны қорғау және ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін оқып үйрету.

Пәннің мазмұны: төтенше жағдайларды жіктеу.Табиғи және техногендік сипаттағы апаттар туралы түсінікті қалыптастыру және одан қорғану, шығу жолдарын қарастыру, меңгеру. Зиянды заттар, улы заттар және қорғаныс құралдары туралы мәліметтерді қарастыру.

Білімі мен түсінігі:Тіршілік қауіпсіздік негіздері пәнінен-өмір тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі білім беру, үйрету, оның ережелері мен нормаларымен таныстыру.Сонымен бірге қазіргі заманғы зақымдау құралдарының зақымдаушы әсерінен, сондай-ақ дүлей зіл-зала, ірі авариялар және апаттардан қорғау шаралары туралы білімі мен түсінігін көрсете білу.

Білімі мен түсінігін қолдана білу: Осы білімі мен түсінігін- қауіп қатерді тани білуде, яғни оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін болған зардаптың зиянының шамасын, қатер болу мүмкіншілігін, сонымен бірге болғалы тұрған қауіп-қатердің алдын алуда, дұрыс шешім қабылдауда қолдану.

Пайымдаулар:Төтенше жағдайлар туралы, табиғи және техногендік сипаттағы апаттардың түрлерін ескере отырып пайымдаулар жасауға қажетті ақпарттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру.

Коммуникативтік қабілеттілік: төтенше жағдайлардан шығу және болған жағдайда білікті іс-әрекет орындау, денсаулықты қорғау және нығайту үшін алдын ала жасалатын іс-шараларды кез-келген маман иесіне жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру.

Өздігінен Білім алу қабілеттілігі:Тіршілік қауіпсіздігі пәні бойынша алған білімдерін одан әрі дамыту, өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

- Әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктей алуы;

-Жоспарлау және құтқару жұмыстарын жүргізе білуі;

-Қауіпсіздікті ұйымдастыру практикалық шараларын білуі;

-Нақы іс-әрекеттен болатын қауіп қатерді талдай алуы;

- Ақпараттарды іздеудің, жинақтаудың, талдаудың, өңдеудің әртүрлі әдістерін білуі; -Адамның адамға, қоғамға және қоршаған ортаға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларды білуі.


2

ETD/EUR 1104

б) Экология тұрақты даму

2

3

1



Пререквизиттері: жоқ

Постреквизиттері: жоқ


Пәннің мақсаты: табиғат пен қоғамның тұрақты дамудың негізгі заңды-лықтары туралы тұтас ұғым қалыптастыру. Биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.Адам, қоғам табиғат арсындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресустарын тиімді пайдалануды адами-экологиялық тұрғыдан негіздеу.
Пәннің мазмұны: Тұрақты дамудың концепциялары мен принциптері. ТД түрлі деңгейдегі стратегиялары мен саясаты: ғаламдық, аймақтық, ұлттық және жергілікті деңгейде. ҚР тұрақты даму перспективалары.

Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, жаһандық экология.





Білімі мен түсінігі: Соңғы жылдары пайдалы қазба қорлардың азаюы, жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жойылуы және сондай-ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануыныңи айрықша белең алып отырғандығына, кейбір елдерде, әсіресе дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлығы соншалық адамдардың денсаулығының бұзыла бастағандығының себептерін оқып үйретуде білімі мен түсінігін көрсете білу.

Білімі мен түсінігін қолдана білу: Осы білімі мен түсінігін- қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге, табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай-ақ оның ресустарын тиімді пайдалануда дұрыс шешім қабылдауда қолдану.

Пайымдаулар: табиғи және антропогендік экологиялық процесстерді анализдеуді жүзеге асыра білу.

Коммуникативтік қабілеттілік:

социумды апаттық кризистарсыз дамыту және тұрақты дамудың заңдылықтарын қалыптастыра білу.



Өздігінен білім алу қабілеттілігі:Алынған білім-дерін экологиялық тапсырмалар-ды шешуде өздігінен қолдануға қабілетті болу.

-Экологиялық процесстерді талдай білуі;

-Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамудың айқын нақты тапсырмаларын қоя алуы;

- Тұрақты даму идеяларын жүзеге асыра білуі;

-Биосфераның даму заңдылықтарын сақтай білуі;

-Тұрақтылығын сақтау жағдайларын білуі.



3

TBK/ VYa 1201

А) Тіл біліміне кіріспе


2


3


5

Постреквизиті: Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы, Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы, Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі.

Мақсаты: тіл білімінің негізгі ұғымдар жүйесімен және тілдік терминдермен таныстыру, тілдің құрылымдық, жүйелілік, танымдық болмысы, мәні жайлы түсінікті қалыптастыру және студенттерді тілдік талдау дағдысымен қаруландыру

Мазмұны: Тіл білімі және оның өзге ғылым салаларымен байланысы. Тілдің шығуы, даму заңдылықтары. Фонетика. Лексикология. Грамматика. Жазу және оның даму кезеңдері. Әлем тілдері және олардың классификациясы

Білімі мен түсінігі: пәнді меңгерген студент тіл білімінің барлық салаларынан қысқаша мәлімет ала отырып, дүниежүзі тілдерінің классификациясын, тілдердің бір-бірімен тоғысу процестерін және әлем халықтары жазуларының шығу тарихын игереді.

Білімі мен түсінігін қолдана білу:

  • тіл білімінің салаларын меңгереді;

  • алған білімін қазақ тілінің салалары бойынша тереңдеп білім беру үдерісінде қолдануға дағдыланады;

  • жазудың түрлеріне шолу жасау арқылы, қазіргі жазу түрлеріне сипаттама бере алуға үйренеді.

Пайымдаулар: студент тіл білімі салалары мен тілдердің жіктелуі бойынша ақпараттар жинап, оқу үдерісінде тиімді қолдану үшін оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдері мен инновациялық технологияларды меңгеруі тиіс.

Коммуникативтік қабілеттілік: тіл білімінің салалары мен тілдердің және жазулардың түрлері бойынша алған білімін мамандық иелеріне түсіндіріп, кейбір тілдік мәселелерге олардың қызығушылығын арттыруы үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді игереді.

Өздігінен білім алу қабілеттілігі: студент тіл білімі салалары мен тілдің жіктелісі бойынша қосымша білімдерін жетілдіруі үшін қосымша ақпарат көздерін, атап айтқанда, Интернет желісі мен жаңадан шығып жатқан әртүрлі зерттеулерді өзара салыстырып, тиімді пайдалануы керек.

Арнайы құзыреттер:

-тілдің құрылымдық бөлімдері туралы білуі;

-тіл білімінің салаларын, олардың бір-бірімен байланысын түсіне алуы;

-тілдің типологиялық классификациясын меңгеруі;

-тілдің қызметін, қоғамдық мәні туралы түсінік алуы.


4

FK/VF 1201

Б) Филологияға кіріспе


2


3


5

Постреквизиті: Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы, Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы, Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі.

Мақсаты: тіл білімінің негізгі ұғымдар жүйесімен және тілдік терминдермен таныстыру; тілдің құрылымдық, жүйелік, танымдық болмысы, мәні жайлы түсінікті қалыптастыру және студенттерді тілдік талдау дағдысымен қаруландыру

Мазмұны: Тіл білімі және оның өзге ғылым салаларымен байланысы. Тілдің шығуы, даму заңдылықтары. Фонетика. Лексикология. Грамматика. Жазу және оның даму кезеңдері. Әлем тілдері және олардың классификациясы

Білімі мен түсінігі: пәнді меңгерген студент тіл білімінің барлық салаларынан қысқаша мәлімет ала отырып, дүниежүзі тілдерінің классификациясын, тілдердің бір-бірімен тоғысуы процестерін және әлем халықтары жазуларының шығу тарихы игереді.

Білімі мен түсінігінқолдана білу:

  • тіл білімінің салаларын меңгереді;

  • алған білімін қазақ тілінің салалары бойынша тереңдеп білім беру үдерісінде қолдануға дағдыланады;

  • жазудың түрлеріне шолу жасау арқылы, қазіргі жазу түрлеріне сипаттама бере алуға үйренеді.

Пайымдаулар: студент тіл білімі салалары мен тілдердің жіктелуі бойынша ақпараттар жинап, оқу үдерісінде тиімді қолдану үшін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен технологияларды меңгеруі тиіс.

Коммуникативтік қабілеттілік: тіл білімінің салалары мен тілдердің және жазулардың түрлері бойынша алған білімін мамандық иелеріне түсіндіріп, кейбір тілдік мәселелерге олардың қызығушылығын арттыруы үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді игереді. Өздігінен білім алу қабілеттілігі: студент тіл білімі салалары мен тілдің жіктелісі бойынша қосымша білімдерін жетілдіруі үшін қосымша ақпарат көздерін, атап айтқанда, Интернет желісі мен жаңадан шығып жатқан әртүрлі зерттеулерді өзара салыстырып, тиімді пайдалануы керек.

Арнайы құзыреттер:

-тілдің құрылымдық бөлімдері туралы түсінік алуы;

-тіл білімінің салаларын, олардың бір-бірімен байланысын ажырата алуы;

-тілдің типологиялық классификациясын топтастыра алуы;

-тілдің қызметі, қоғамдық мәні туралы түсінік алуы.


5

HAAShO/

KUNTOI 1202

А) Халық ауыз әдебиеті және шешендік өнер


2


3


5

Постреквизиті: Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті, ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті, ХХ ғасыр қазақ әдебиеті.

Мақсаты: фокьлклордың ауызша сөз өнері ретіндегі табиғаты, ерекшеліктері, тұтас көркемдік жүйесі, жанрлары, поэтикалық тәсілдері мен құралдары, жазба әдебиетпен арақатынасы, фольклортанудың зерттелу тарихы, шешендік өнердің дамуы және қазақ шешендері туралы мәселелер жөніндегі ауқымды білім беру

Мазмұны: Фольклордың тарихы мен теориясы, тегі мен жанры. Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері. Тұрмыс-салт жырлары. Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар. Ертегілер. Эпостық жырлар. Айтыс. Фольклор мен әдебиет. Қазақ фольклорының зерттелу тарихы

Білімі мен түсінігі: пәнді меңгерген студент қазақ әдебиетінің бастауларын, оның өкілдерін игере отырып, халық ауыз әдебиетінің ұғымдары туралы білім жинақтайды.

Білімі мен түсінігін қолдана білу:

  • қазақ әдебиетінің өткені оның қазіргі жай-күйімен тікелей байланысты екендігін меңгереді;

  • шешендік өнердің даму тарихына шолу жасап, әлемдік риторика мен қазақ шешендік өнерінің арасындағы байланысты айқындайды;

  • алған білімін қазақ әдебиеті пәнінен білім беру үдерісінде қолдануға дағдыланады.

Пайымдаулар: студент халық ауыз әдебиеті бойынша ақпараттар жинап, оқу үдерісінде тиімді қолдану үшін оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін игеріп, инновациялық технологияларды меңгеруі керек.

Коммуникативтік қабілеттілік: халық ауыз әдебиеті бойынша алған білімін мамандық иелеріне әрі басқа мамандық иелеріне терең түсіндіру үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді игереді. Өздігінен білім алу қабілеттілігі: студент қазақ халық ауыз әдебиеті бойынша қосымша білімдерін жетілдіруі үшін қосымша ақпарат көздерін, атап айтқанда Интернет желісін тиімді әрі ұтымды пайдалануы керек.

Арнайы құзыреттер:

-ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып келген қазақ халқының әдеби мұраларын түсіне білуі;

-халық поэзиясын үйреніп, рухани тәрбиеге ие болады;

-бала тәрбиелеу үрдісінде фольклорды, ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдана алады;

-қазақтың шешендік өнерін үйреніп, тиісті орындарда қолдана алады.


6

FGT/IF 1202

Б) Фольклортану ғылымының тарихы


2


3


5

Постреквизиті: Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті, ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті, ХХ ғасыр қазақ әдебиеті.

Мақсаты: әлемдік фольклортану ғылымындағы методологиялық ортақтастықтар мәселелері, фокьлклордың ауызша сөз өнері ретіндегі табиғаты, ерекшеліктері, тұтас көркемдік жүйесі, жанрлары, поэтикалық тәсілдері мен құралдары, жазба әдебиетпен арақатынасы, фольклортанудың зерттелу тарихы туралы мәселелер жөніндегі ауқымды білім беру

Мазмұны: Фольклордың тарихы мен теориясы, тегі мен жанры. Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері. Тұрмыс-салт жырлары. Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар. Ертегілер. Эпостық жырла. Айтыс. Фольклор мен әдебиет. Қазақ фольклорының зерттеулі тарихы

Білімі мен түсінігі: пәнді меңгерген студент қазақ әдебиетінің бастауларын, оның өкілдерін игере отырып, халық ауыз әдебиетінің ұғымдары туралы білім жинақтайды.

Білімі мен түсінігін қолдана білу:

  • қазақ әдебиетінің өткені оның қазіргі жай-күйімен тікелей байланысты екендігін меңгереді;

  • алған білімін қазақ әдебиеті пәнінен білім беру үдерісінде қолдануға дағдыланады.

Пайымдаулар: студент халық ауыз әдебиеті бойынша ақпараттар жинап, оқу үдерісінде тиімді қолдану үшін оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін игеріп, инновациялық технологияларды меңгеруі керек.

Коммуникативтік қабілеттілік: халық ауыз әдебиеті бойынша алған білімін мамандық иелеріне әрі басқа мамандық иелеріне терең түсіндіру үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді игереді.

Өздігінен білім алу қабілеттілігі: студент қазақ халық ауыз әдебиеті бойынша қосымша білімдерін жетілдіруі үшін қосымша ақпарат көздерін, атап айтқанда Интернет желісін тиімді әрі ұтымды пайдалануы керек.

Арнайы құзыреттер:

-ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып келген қазақ халқының әдеби мұраларын түсіне білуі;

-халық поэзиясын үйреніп, рухани тәрбиеге ие болуы;

-бала тәрбиелеу үрдісінде фольклорды, ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдана білуі;



-қазақтың шешендік өнерін үйреніп, тиісті орындарда қолдана алуы.


7

МD/КR 1204

а) Мәдениет және дін

3

5

3

Постреквизиттер: Философия, Саясаттану.


Пәннің мақсаты: Жоғарғы кәсіби білім беруге байланысты қазіргі таңғы әлемдік және отандық мәдениет дамуында бүгінгі күнгі қалыптасқан күрделі мәселелер мен оны шешудің жолдарымен, ҚР және әлемдегі діни ахуал, оның негізгі проблемаларымен таныстыра отырып жастардың бойына мәдениет пен діни толеранттылықты қалыптастыру, ҚР заңдарына қайшы келетін өзге діни ағымдарға бой алдырмауды насихаттау. Мазмұны: Мәдениет және дін – пәнаралық жиынтық білім саласы болып саналады. Ол антропология, этнология, лингвистика, психология, әлеуметтану, тарих, саясатттану және тағы басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Мәдениет және дін философиялық ілімінің құрамдас бөлігі болғандықтан философиялық ойшылдықтың мұрагерлігіне сүйенеді. Алайда, философияның қалыптық жүйесіне қарамастан дінтану тарихи-дискриптивтік зерттеулерді қолдана отырып, дүниетанымдық ұстанымнан тыс, объективтік, толеранттық, нақты тарихи зерттеулерге сүйенген дербес ғылымы болуға тырысады.

Білімі мен түсінігі:
діннің басқа мәдениет пен қоғамдық ортамен өзара байланысын; Білімі мен түсінігін қолдана білу:
түпдеректермен жұмыс істеуді дамыта отырып, өз бетінше арнаулы және қосалқы оқулықтарды пайдалана білу.
Пайымдаулар:
өзінің дүниетанымдық көзқарастарын шынықтырып, қорғай білуді жүзеге асыру. Коммуникативтік қабілеттілік:
ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:
философиялық ой мәдениеті мен дүниетанымдық пікір алмасу өнерін үйренеді. Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.


Арнайы құзыреттер:
-Әлемдік мәдениет және діндер туралы ғылыми білімді және оны қоғам өмірінің әр саласында өз өмірлерінде тиімді пайдаланады;

- мәдениет және дін туралы қалыптасқан білімінің негіздерін, ұлттық және әлемдік мәдениеттерді түсінеді,

-дінді сараптауда дүниетанымдық көзқарастарын қоғамдағы діни теріс ойдың қалыптаспауы үшін пайдаланады;

- ерікті рухани, мәдени іске ынталандырады.

8

AZhAZhN/AOISD 1204

б) Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері

3

5

2



Пәннің мақсаты: Акмеологияның жекелеген мәселелеріне тоқталу, жеке адам индивидуалдылығы, «мен»-дік қасиеті, мінез және оның бітістері, қабілет даралығын, қоршаған ортаны, адамның әлеуметтік шындықпен байланысын ғылыми тұрғыда тануға ықпал ету. Мазмұны: Акмеология – адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптілік шыңға жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым. Жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық, техникалық ғылыми білімдер салаларының тоғысуынан туындап, ержеткен адамдардың белгілі бір іс-әрекет сферасында жоғары дәрежеде акме дамуы жөнінде ғылым.

Білімі мен түсінігі: жеке адамның шыңдалуына әсер ететін қасиеттер мен кемелденуді өздігінен білім алу, өзін-өзі түзету, өзін-өзі басқару құралдары арқылы өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілік; Білімі мен түсінігін қолдана білу: кәсіби шыңға жетуге қажет жеке тұлға мүмкіндіктерін, дербестігі, сапалары және әлеуметтік құндылықтарын қолдана білу.
Пайымдаулар: әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру; Коммуникативтік қабілеттілік:
ақпаратты идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:
-белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

Арнайы құзыреттер:
- Теориялық білімдерін қолданып, пәнаралық байланыстар арқылы кәсіби шеберлігін шыңдауы;

- мотив түрлерін меңгере отырып, даралыққа жету жолында өз темпераментін үнемі тәрбиелеуі;

- өзін-өзі жетілдіру жолдарын меңгеруі;

-қазіргі кезеңде мемлекетіміздің қойып отырған талаптарын ескере отырып, еліміздегі және шет елдердегі жеке адамның кәсіби шыңдалуы жайлы озат тәжірибелер жинақтауы.



9

EN/OE 1105

А) Экономика негіздері

3

5

2

Пререквизиті:

Қазақстанның қазіргі заман тарихы


Кореквизиті:

Құқық негіздері





Мақсаты: студенттердің экономика тарихын , аталымдарын, олардың сыныптамасын, әлеуметтік экономикалық үдерістердегі маңызы мен орнын игерудегі студенттердің теориялық және практикалық дайындығын қамтамасыз ету болып табылады

Мазмұны:Экономикалық ілімдердің қалыптасуы мен даму тарихы, қоғамның дамуы барысындағы экономикадағы құбылыстарға көзқарастардың өзгеруі, экономикалық заңдылықтарды түсіну мен тәжірибеде қолданудың эволюциясы

Білімі мен түсінігі:
зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;
Білімі мен түсінігін қолдана білу:
осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу;
дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу;
Пайымдаулар:
әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру;
Коммуникативтік қабілеттілік:
ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:
Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

Арнайы құзыреттер:

- мамандық бойынша кәсіптік стандарттар негізінде жұмыс берушілер талаптарын анықтай алуы;

- қоғамның әлеуметтік сұраныстарын ескере отырып қажеттіліктерін өтей алуы;

-экономикалық заңдылықтарды тәжірибеде қолдана білуі.


  1   2   3   4   5   6


жүктеу 0.86 Mb.