Главная страница
Контакты

    Басты бет


Жұмыстың мақсаты: Операциялық жүйемен жұмыс жасап үйрену. Norton commander бағдарламасымен жұмыс жасау. Windows операциялық жүйесімен танысу және жұмыс жасап үйрену. Б

жүктеу 399.8 Kb.



жүктеу 399.8 Kb.
бет4/4
Дата09.03.2017
өлшемі399.8 Kb.

Жұмыстың мақсаты: Операциялық жүйемен жұмыс жасап үйрену. Norton commander бағдарламасымен жұмыс жасау. Windows операциялық жүйесімен танысу және жұмыс жасап үйрену. Б


1   2   3   4

Ctrl PgUp – ағымдық каталогтан тармақтағы алдыңғы каталогтан көшу; Ctrl \ - түбiр каталогқа көшу; Ctrl R – каталогты қайта оқу;


Ағымдағы каталогта орналасқан кез-келген каталогқа өту үшiн, курсорды керек каталог атына қойып, Enter пернесiн басу керек.

Егер кұрылғыдағы дискетта ауысса, дискета каталогын қайта оқу үшiн Ctrl R пернесiн басу керек.



  1. Сол жақ тақтада өз дискiңiзге өтiңiз: ол үшiн Alt F1 пернелерiн басып,керек дискi атына курсор әкелiп, Enter пернесiн басыңыз.

  2. Shift F4 пернелерiн басыңыз. Экранда Edit редакторының терезесi пайда болады. Құрылатын файлдың атын – MSAL.TXT деп екiншi жолға жазып, Enter пернесiн басыңыз. Экранда жаңа терезе шығады, онда New File (жаңа файл) деген сөз жазылған, мақұлдау үшiн Enter пернесiн басып, керек мәтiндi тере беруге болады. Edit редакторында экран соңында функционалдық пернелер қызметтерi көрсетiлген.

Файл мәтiнiң мазмұның көру үшiн F3 пернесi қолданылады. Курсорды файл атына әкелiп F3 пернесiн басу керек. Экранға файл мазмұны, экранның жоғарғы жағына файлдың толық аты, төменгi жағына меню шығады.

Келесi пернелердi пайдаланып курсорды мәтiн бойынша қозғалтуға болады:

­ / ¯ - бiр жолға жоғары / төмен;

PgDp / PgUp – келесi/ алдыңғы терезе;

Home – мәтiн басына;

END – мәтiн соңына;

Кейбiр версияларда :

Ctrl Home - мәтiн басына;

Ctrl End – мәтiн соңына;

Егер мәтiн жолдары экранға сыймаса келесi пернелер арқылы қозғалуға болады:

® / ¬ - бiр символға оңға/солға;

Ctrl ® / Ctrl ¬ - 40 символға оңға/солға;

Мәтiннен керек жердi табу үшiн F7 пернесiн басу керек, сол кезде терезе пайда болады, iзделетiн мәтiн үлгiсiн терiп, Enter пернесiн бассаңыз, iздеу басталады. Табылған мәтiн экранның бiрiншi жолында көрсетiлiп боялады, егер мәтiн табылмаса, хабар жазылған терезе шығады.

80-шi жылдардың ортасында MS-DOS-тың кемшiлiгiнен арылу үшiн Microsoft фирмасы IBM компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды.

Microsoft Corporation (/maɪkrəˌsɒft/) - дүниежүзіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания.

Солардың бiрi Windows жүйесi. Дербес компьютерлердiң көптеген жаңа түрлерiне графикалық мүмкiндiгi мол Windows 3.1, Windows 3.11 версиялары дайындала бастады. Microsoft фирмасының операциялық жүйе дайындау жолындағы елеулi қадамы болып ондағы графикалық интерфейс қондырма бағдарлама күйiнде емес, сол жүйнiң ажырамас бөлiгi болатын операциялық жүйенi дайындау болды. Осылайша Windows 95 операциялық жүйесi пайда болды. Windows 95 жүйесiнiң соңғы версияларындағы графиктiк интерфейс стандарттары Windows 3.1 стандарттарынан өзгеше болды, бiрақ негiзгi идеологиясы бұрынғыша сақталды.

Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай әрекеттер орындайды:


  • компьютердiң барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқарады;

  • файлдық жүйемен жұмыс iстейдi;

  • қолданбалы бағдарламаларды iске қосады;

  • бiр уақытта бiрнеше бағдарламалардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

  • әртүрлi бағдарламалар арасында мәлiметтер алмасады;

  • мультимедиа мүмкiндiктерiн пайдаланады және т.б.

Терезе - Windows операциялық жүйесiндегi ең негiзгi ұғым болып саналады. Windows сөзiнiң нақты аудармасы – терезе.

Терезе – экранның төртбұрышты аумағы.

Аударма - бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл.

Аумақ - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиетгері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен - орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.

Онда әртүрлi бағдарламалар орындалады, кез келген мәлiметтер өңделiп, түзетiледi және басқару әрекеттерi жүргiзiледi. Терезе экранды толығымен, жартылай немесе белгiлi бiр бөлiгiн ғана қамтиды.

Экран бетiнде бiр мезетте бiрнеше терезе орналаса бередi. Кез келген бағдарламаның өзiне тән жұмыс iстеу терезесi болады. Егер терезенi жабатын болсақ, дәл сол уақытта жұмыс iстеп тұрған бағдарламаның жұмысы аяқталады.

Экран бетiндегi бағдарламалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлi болады:



  • толық экранды терезе, яғни терезе экранды толғымен алып тұрады;

  • қалыпты күйдегi терезе, яғни терезе экранның белгiлi бiр бөлiгiн алып тұрады;

  • шартты белгi түрiнде, яғни терезе кiшiрейтiлiп шартты белгiге айналып кетедi.

Жұмыс столы – екiншi негiзгi ұғым.

Жұмыс стол ұғымы қазiргi барлық операциялық жүйелер интерфейсiнiң элементi болып табылады.

Күнделiктi ұйдегi жұмыс столында кiтаптар, мәлiметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар орналасуы мүмкiн. Оларды әркiм өзiнiң қалауы бойынша орналастырады. Стол бетiндегi заттарды қолдануға және олардың орнынан ауыстыруға болады.

Windows жүйесiнде жұмыс столының рөлiн дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс iстейтiн бағдарламалардың терезелерi, құжаттардың жеке файлдары шартты белгiлер түрiнде орналасады.

Шартты белгiлер – бұл экран бетiндегi қысқаша жазуы бар кiшiрейтiлген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы бағдарламаны, терезенi, функцияны, файлды т.б. бейнелейдi. Әр шартты белгi белгiлi бiр терезеге сәйкес келедi және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынадай шартты белгiлер кездеседi:


Жарлық – бұл белгiлi бiр объектiмен тiкелей қатынас жасауды iске асыратын командалық файл. Жарлық көмегiмен каталогтың, желiдегi дискiнiң iшiндегiсiн көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан бағдарламалды iске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады. Жарлықты пайдаланғанда негiзгi объектiлердiң өздерi өз орындарында ешбiр өзгерiссiз тұрады.

Бума – экранда каталогтарды және бағдарламалық топтарды белгiлеу үшiн қолданылады. Каталог пен бағдарламалар тобын белгiлi бiр объектiлердi орналастыруға қолданады.

Тышқан тәрiздi графикалық сiлтеме – Windows ортасында пернелер тақтасының көмегiмен жұмыс iстеуге болады. Бiрақ тышқан батырмасымен басқарылатын графикалық сiлтеменi немесе олардың комбинацияларын қолдану тиiмдi. Стол бетiнмен тышқандыды жылжыту экран бетiндегi тышқан сiлтемесiнiң жылжуымен бiрдей.

Тышқанның екi немесе үш батырмасы болады. Жұмыс кезiнде негiзiнен оның сол жақтағы, ал арнайы командаларды орындаған кезде оң жақ батырмасы қолданылады. Тышқанның ортаңғы батырмасы тек кейбiр бағдарламалармен жұмыс iстеуде пайдаланылады.

Тышқанмен орындалатын алғашқы операция – экран бетiмен курсорды қозғалту. Ол өздiгiнен ешқандай әрекет орындамайды.

Келесi операция – шерту. Бұл операция сiлтеменi экран бетiндегi қажеттi элементке апарғаннан кейiн ғана орындалады. Шерту деп тышқанның сол жақ батырмасын бiр рет басуды айтады. Windows жүйесiнде жұмыс iстеу кезiнде негiзiнен тышқанның сол жақ батырмасы кеңiнен қолданылады.

Тышқанмен орындалатын күрделi операция оның сол жақ батырмасымен жылдам екi рет шерту. Тышқан сiлтемесi керектi элементке апарғаннан кейiн, тез арада тышқанның батырмасын екi рет шерту қажет.

Тасымалдау операциясы терезелер мен шартты белгiлердiң орнын ауыстырады. Объектiлердi тасымалдау амалы былай орындалады: сiлтеменi орнын ауыстыратын элементке апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны сол басулы күйінде ұстап тұрып, сiлтеменi қалаған жаңа орынға апарып, батырманы қоя бередi.

Windows жүйесiнiң негiзгi технологиялық принциптерi

Windows ортасында DOS технологиясында кездеспейтiн кейбiр технологиялық принциптерi бар.

Жұмыс iстейтiн әрбiр адамға арналған стандартты интерфейс.

MS-DOS операциялық жүйесiнде жазылған бағдарламалардың өзiндiк интерфейсi болады, олар меню жүйесi, сұхбаттасу тәсiлдерi және т.б.

Мұндай тәсiл жаңа бағдарламаларға көшкен сайын әрбiр адамға қайтадан оқып-үйрену қажеттiлiгiн туғызады.

WordPad, Write (Windows З.х) редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі шығып жатқан мамандырылған мәтіндік редакторларға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу. Қазіргі кезде кеңінен қолданылып, ең қуатты, мүмкіншілігі мол деп танылып жүрген мәтіндік редакторлардың жаңа түрлерімен сіздер кейінірек таныс боласыздар. Сондықтан WordPad, (Write)

Редакторының тек негізгі жұмыс мүмкіндігімен қысқаша түрде таныстырамыз.

Windows З.х жүйесінде редакторды іске қосу үшін «Реквизиттер» тобындағы «Write редакторы» белгісін таңдау керек.

Ал Windows98 жүйесінде-Іске қосу→ Программалар→Стандартты→ WordPad командасын орындау қажет.

WordPad және Write редакторлары мәтіндік құжаттарды пернелерде теріп дискілерде сақтауға, оларды өңдеуге-ішкі көрінісі мен қаріпін өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.

Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.

Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.

Осы атап өткен мәтінді қағазға басып шығару жолын кеңінен қарастырып өтеміз. Windows жүйесінің бір ерекшелігі-ондағы кез келген қолданбалы программадағы мәтінді қағазға басу бір тәртіппен жүргізілетіндігі.

Программа терезесінде орналасқан құжатты баспаға шығармастан бұрын, принтер түрін және оның параметрлерін тағайындаймыз. Бұл жағдайда «Файл→Принтер таңдау» (Файл→Выбор принтера) және «Файл→Баспа» (Файл→ Печать) деген командаларды меню жүйесінен таңдау қажет. Бұл командалардың сұқбаттасу терезесінде құжатты басып шығаруға арналған принтердің аты мен маркасы көрсетіледі. Пайда болған тізімнен өзімізге қажетті принтерімізді таңдауымызға болады және де принтерде пайдалынатын қағаздың мөлшерін де алдын-ала анықтаған жөн (әдетте, бұл А4 форматтағы 210х297 мм-лік қағаз).

Егер де Сіз Параметрлер батырмасын басатын болсаңыз, онда экранға шығатын сұқбаттасу терезесінде принтерден сапалы басылым шығарудың параметрлерін реттеуіңізге болады.

Принтер түрін және баспаға шығарудың параметрлерін анықтап болған соң, меню жүйесінен «Файл→Баспа» (Файл→ Печать) командасын таңдау қажет. Сұқбаттасу терезесінде басып шығару аумағы (құжатты толығымен, құжаттың белгіленген бір бөлігін, немесе белгілі бір беттерін басып шығаруға болады) мен оның көшірмесінің саны анықталады. Бұдан кейін «ОК» пернесін бассақ, онда параметрлері анықталған принтерге экран бетінде алдынала дайындалған информация қағазға басылып шығады.

Блокнот-кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар (мысалы, Writе) мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу. Оның бір талассыз жақсы жағы бар-ол қарапайым әрі жинақы жұмыс істеуге мүмкіндік береді, жедел жадта тіптен ешқандай орын алмайды десе де болады және басқа программалардың қатарласа жұмыс істеуіне ешбір кедергесін тигізбейді. Бұл программаны іске қосу үшін «Реквизиттер» тобында (Windows З.х) орналасқан «Блокнот» атты белгішені таңдау жеткілікті.

Блокнот мәтінді форматтамай (қарпін өзгертпей, безендірмей) тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды дайындайды және дискіде сақтайды. Көптеген жағдайларда, мысалы, командалық файлдарды дайындау, түзету немесе модем арқылы жіберілетін хатты дайындау кездерінде бұл шынында да жылдам істейтін, таптырмайтын қосымша программа екеніне көзіңіз жетеді.

Блокнот тек бір ғана қаріп түрін (жүйелік шрифт) ғана пайдаланады. Мұнда мәтін фрагменттерімен жұмыс істеу ісі, керекті символдарды іздестіру, мәтінді файлдарға жазу мен оқу, баспаға шығару жұмыстары жақсы жолға қойылған.

Калькулятор программасы бүгінгі күндері тіпті төменгі сынып оқушылары да кеңінен пайдалынатын компьютерлік калькулятор болып табылады. Программаны іске қосу үшін «Реквизиттер» тобында «Калькулятор» шартбелгісін таңдау қажет.

Программа екі режимде жұмыс істейді:


  • стандартты (жады қарапайым арифметикалық калькулятор) режимі;

    Арифметика (грек. arіthmētіkē, arіthmos – сан) - сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше arіthmetіke, arіthmos – сан).



  • ғылыми (қиын да күрделі есептеулер жүргізуге арналған қуатты калькулятор) калькулятор режимі.

Есептеуге қажет сандар «тышқанмен» немесе пернелер көмегімен енгізіледі. Енгізілген цифрлар мен есептеулер нәтижелері индикаторда бейнеленеді.

Калькуляторда стандартты режимде төрт арифметикалық амалдан, процентті есептеуден, квадрат түбір мен кері шаманы табудан басқа оның жадымен келесі әрекеттерді орындауға болады:



ЗП- индикатордағы санды жадқа жазады;

П -жадтағы санға индикатордағы санды қосады;

ИП-жадта сақталған санды индикаторға шығарады.

ПО- жадты тазалайды.

Индикаторға енгізілген соңғы цифрды жоюға арналған Кейін (Назад) батырмасының бар екені есте болсын.



Графикалық редактор-графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалық редакторларының екі түрі белгілі.

Индикатор (ағылш. Indicator) - құрылғының қалып-күйінің немесе есептеуіш жүйенің жұмыс процесі кезіндегі мәліметтердің өзгерісін немесе жеке программаның орындалуын қамтып көрсететін мәліметтер элементі; ақпаратты көзбен көруге қайта жаңғыртатын құрылғы; программалауда - мәні процестің нәтижелеріне немесе белгілі шарттардың орындалуына тәуелді телінетін айнымалы.

Бағытталған кесінді A B → }} деп A - “бас нүктесінен” бастап екінші B - “соңғы”нүктесіне дейінгі түзу бойындағы нүктелер жиыны.

Нүктелік графикалық редакторларда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады.

Пиксель (Pixel) - дисплей бетінде көрсетілетін ең кіші бейнесызбалық бірлік.



Paint (Paintbrush) – Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмен болғанымен, ол едәір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталады.

Редакторды іске қосу үшін (WindowsЗ.х) «Реквизиттер» тобындағы Paintbrush белгісін таңдаңыздар.

Ал, Windows 98 жүйесінде Іске қосу→Программалар→Стандартты→ Paint командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Оның құрамында бізге осыған дейінгі таныс элементтермен (жұмыс аумағы, меню мен тақырып жолдары) бірге бірсыпыра жаңа элементтер де бар.

Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында аспаптар тақтасы орналасқан. Одан сіздер Paint –та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын көре аласыздар. Кез келген аспаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған аспаптың бейнесі (белгісі) айқын түспен ерекшеленеді.

Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналасқан. Paint –та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен (мұнан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) және фон түсімен (мұнан былай оны фондық деп атаймыз). Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішкене екі төртбұрыш тұр, осылардың үстіңгісі-негізгі түсті, ал астыңғысы-фондық түстерді көрсетеді. Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу арқылы-фондық түсті өзгертуге болады.

Аспаптар тақтасының төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалыңдығын таңдап алған соң, соның көмегімен түзу сызықты, доғаларды, тіктөртбұрыштар мен эллипс контурларын сызуға болады. Сызықтың қалыңдығы сондай-ақ мыналарға да әсер етеді:

-аэрозоль балонынының сыясының ені;

-өшіргіш (ластик) ені;

-бояуыш немесе қылқалам (кисть) ені

Жұмыс аумағы-салынатын графикалық бейне орналаса алатын экранның төртбұрышты ауданы (бөлігі). Егерде мөлшері жұмыс аумағынан да үлкен сурет салынса, онда терезе шеттерінде жылжу сызғыштары пайда болады. Олар экран бетінде жылжи отырып, бейненің кез келген бөлігін көруге мүмкіндік береді. Ал егер жұмыс аумағынан кіші сурет салынса, онда ол терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында қара жақтаулармен қоршалып көрсетілетін болады.

Paint редакторында тіктөртбұрыштар, эллипстер және көпбұрышты тұйық сызық сызатын арнайы аспаптар бар. Барлық фигуралардың контуры берілген қалыңдықтағы негізгі түстегі сызықтармен салынады. Фигуралардың іші бос болуы мүмкін немесе белгілі бір түспен бояуға да болады. Бояу түсі фондық, түске сай келуі тиіс. Аспаптар тақтасында түрлеріне сәйкес бейне сызуға мүмкіндік беретін мынадай белгілер орналасқан:



  • іші бос тіктөртбұрыш;

  • іші боялған тіктөртбұрыш;

  • қырлары жұмырланған іші бос тіктөртбұрыш;

  • қырлары жұмырланған іші боялған тіктөртбұрыш;

  • іші бос эллипс;

  • іші боялған эллипс;

  • іші бос көпбұрыш;

  • іші боялған көпбұрыш.

Ең соңғы екі фигурадан басқасы жалпы үлгі бойынша салынады. Мысалы, іші бос тіктөртбұрышты салу үшін:

-қажетті негізгі түсті, сызықтың қылыңдығын тағайындау керек;

- аспаптардан іші бос тіктөртбұрышты таңдау керек;

- курсорды бастапқы нүктеге апару қажет (әдетте бұл тіктөртбұрыштың сол жақ жоғарғы бұрышы);

-тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып, өзімізге қажетті тіктөртбұрыштың мөлшерінің контурын тағайындау керек;

- батырманы босу керек;

Көпбұрыштар басқа жолмен салынады. Олардың түстерін, сызықтардың қалыңдығы мен аспапта тағайындаған соң, белгісін таңдап алып төмендегілерді орындау керек:

-курсормен салынатын көпбұрыштың бір төбесін белгілеп алып, оның алғашқы қабрғасын түзу сызық сызғандай етіп салу;

- курсорды көпбұрыштың барлық төбелерін орын ауыстырып және оның әрқайсысында тышқанды бір рет шерту керек (әр шертуден соң, соңғы төбе алдыңғы төбемен қосылатын болады);

- курсор соңғы төбеге жеткенде, тышқанды екі рет шерту керек, сонда соңғы төбе бірінші төбемен қосылады.

Paint аспаптарын іс жүзінде игеруге кіріспес бұрын ескертетін бір жайт-редакторда жұмыс істеу барысында соңғы орындалған әрекетті өзгерту мүмкіндігі бар (бұл әрекет барлық программаларда кездеседі). Өзгерту операциясы алғашқы кезде жиі қолданылыды. Оны іске асыру үшін менюдегі Түзету→Өзгерту {Ctrl Z} (Редактирование→Отменить) командасын таңдау керек.

Аспаптар тақтасы қарапайым суретшінің аспаптарының жиынына ұқсас болып келеді. Ең алғашқы аспапқа Қылқалам (Кисть) жатады. Ол әдеттегі қарындаш тәрізді сурет салу жұмысын атқарады. Мұндай аспапты таңдаған соң , «тышқанның» стандартты курсоры Қылқаламға айналады. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып (оны жібермей ) курсорды экран бетімен жылжытсаңыз курсор артында із қалдырады, оның түсі сол мезеттегі тағайындалған түске сәйкес болады.

Мұнан төмен орналасқан аспап-Аэрозольды баллон немесе Шашыратқыш. Оны таңдап алғаннан кейін тышқан курсоры қосу символына ұқсас таңбаға айналады. Енді сол жақ батырманы басып тұрып курсорды экран бетімен, оның артында шашыраған бояуға ұқсас із қалады.

Тақта құрамында екі түрлі өшіргіш (ластик) бар, олардың қарапайым өшіргіштен басты айырмашылығы-белгілі бір түспен өшіреді. Бірінші ластик барлық кескіндерді фондық түспен өшіруге арналған.

Кескін (изображение; display image pict (picture) - 1) ақпаратты бейнелеу, мәліметтерді көзге көрінетіндей ұсыну; көзбен көру бетіне бір уақытта шығаруға болатын шығу мен сегменттер примитивтерінің жиынтығы; 2) apple фирмасының macintosh компьютерлеріне арналған мәліметтердің көлемін кішірейтіп тығыздауға мүмкіндік беретін, қозғалмайтын мультимедиа-кескіндерге арналған пішім.

Ал екінші өшіргіш негізгі түспен боялып салынған барлық фрагменттерді ғана фондық түске айналдыра отырып өшіреді.



Бірінші өшіргіш арқылы кейіннен керекті фондық түсті таңдап алып, экрандағы әртүрлі түстегі бейнелерді жаңа фондық түске бояуға болады. Осы тәсілді пайдалану кезінде тышқанды екі рет шертсек, онда курсор маңы бірден фондық түске боялады.

Екінші түрдегі өшіргіш арқылы өзімізге қажет негізгі және фондық түстерді тағайындаған соң, өшіру нәтижесінде негізгі түстегі фрагменттер фондық түске бояла бастайды. Осы тәсілмен тышқанды екі рет шерту суреттегі курсор маңындағы бір түсті бояуды түгелдей дерлік екіншісіне бірден өзгертуге мүмкіндік береді (яғни, дәл осы уақытқа дейін негізгі түспен боялған бейне фондық түске боялып кетеді).
1   2   3   4

  • Іске қосу→ Программалар→Стандартты→ WordPad
  • Графикалық редактор
  • Нүктелік
  • Іске қосу→Программалар→Стандартты→ Paint
  • Түзету→Өзгерту {Ctrl Z} (Редактирование→Отменить
  • Қылқалам (Кисть)
  • Аэрозольды баллон

  • жүктеу 399.8 Kb.