Главная страница
Контакты

    Басты бет


Жұмыс бағдарламасы №2 баспа «Бағдарламалау технологиясы»

жүктеу 447.57 Kb.



жүктеу 447.57 Kb.
бет1/4
Дата16.04.2017
өлшемі447.57 Kb.

Жұмыс бағдарламасы №2 баспа «Бағдарламалау технологиясы»


  1   2   3   4

Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


Шәкәрiм атындағы Семей Мемлекеттiк университетi

3-деңгейлi АӘК құжаты

ОӘК

ПОӘК 042-14-02-03.1.06.159/3-2009



ПОӘК

«Бағдарламалау технологиясы» пәнінен жұмыс бағдарламасы

№2 баспа

«Бағдарламалау технологиясы» пәнінен

ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

050704 Есептеу техникасы және программалық қамсыздандыру

мамандығы үшiн


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2009

Мазмұны




1

Глоссарий

4

2

Дәрістер

5











1 ГЛОССАРИЙ
Алгоритм – математикадағы ең бір іргелі ұғымдардың бірі.

Алгоритм – атқарушы орындайтын амалдардың тиянақты жоспары.

Алгоритм деп берілген есепті шешудегі жасалатын әректтерді дәл және қарапайым етіп жазуды айтамыз.

Бағдарлама деп белгілі бір бағдарламалау тілінде жазылған реттелген командалар тізбегін айтамыз.

Глосарий - белгілі бір шығармада кездесетін, сирек қолданылатын сөздердің түсіндірме сөздігі. .

Бағдарламалау тілі (орыс. язык программирования; гр. programme - нұсқау, хабарлау) - хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы.



Белгілі бір алгоритмді бағдарламалау дегеніміз осы алгоритм орындалатын бағдарлама жазу.

Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)



Сызықтық алгоритм деп командалары бірінен соң бірі тізбектеліп орындалатын алгоритмді айтамыз.

Циклдік (қайталанушы) алгоритм деп егер берілген шамаға тәуелді алгоритм белгілі бір тізбектелген қадамдарды бірнеше рет орындайтын алгоритмді айтады.

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерліктехника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.



"Ақпарат" сөзі латын тіліне аударғанда түсіндіру, баяндау,  түсінік деген ұғымды береді.

Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен объектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу.

Ұғым - объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі" ұғымын қарастырудан бастайық.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.



Ақпарат - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс және т.б.) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобы.

Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.



Ақпарат (жалпы түрде) дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелену.

Ақпараттық процесс – бұл процесс нәтижесінде ақпаратты қабылдау, жинау, шығару, өңдеу және сақтауға болады.

Ақпаратты қабылдау – техникалық жүйеге немесе сыртқы өмірден тірі ағзаға түскен мәліметтің болашақта пайдалануға ыңғайлы формаға түрлендіру процесі.

Ақпаратты жинау – сыртқы ортадан ақпаратты қабылдау және оны берілген ақпараттық жүйеге сәйкестендіру. Ақпаратты шығару – арнайы программаның және ақпараттық құралдардың байланыс каналдарымен жүзеге асады.

Ақпаратты өңдеу – қазіргі дамыған ақпараттық жүйеде тізбектей және уақытқа сай есептеулерді шешу.

Ақпаратты сақтау бұл оның қайталанып пайдалануымен туындаған және ол ақпараттық массив түрінде машиналық тасымалдаушымен жүзеге асады.

Модель – қандай да бір объектінің, процестің немесе сыртқы өмірдегі құбылыстың математикалық немесе басқа арнайы символдың көмегімен өрнектеліп, шамамен сипатталуы.

Ақпараттық модель – объектінің, процестің, құбылыстың күйін және қасиетін, сол сияқты олардың сыртқы ортамен өзара байланысын сипаттайтын ақпараттың жиынтығы.

Ақпарат алмасу - екі жақты процесс, ол үшін жолдаушы және қабылдаушы болуы керек. Хабар беруге пайдаланылатын құралды ақпарат беру арнасы деп атайды. Оған теледидар, радио, компьютерлік желі, басылған құжаттар және т.б.

Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.

Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) - барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.

жатады.

Ақпараттарды өңдеу деп бір ақпарат негізінде жаңа ақпарат алуды айтады. Ақпараттар өнделгенде, оның берілу түрі, алу жолдары өзгереді, бірақ оның мағынасы өзгермейді.
Ақпараттарды өңдеу - бір ақпарат негізінде жаңа ақпарат алу

Ақпараттық процестер - ақпараттар арқылы орындалатын әрекеттер

Енгізу қүрылғысы - Екілік кодымен кодталған ақпараттарды және бағдарламаларды компьютер жадына енгізуге арналған құрылғы.

Компьютердің жадысы - ішкі және сыртқы болып бөлінетін мәліметтерді, бағдарламаларды, нәтижелерді және аралық мәндерді сақтап тұруға арналған құрылғы.

Процессорлар - мәліметтерді өңдеуге, компьютер жұмысын басқаруға арналған құрылғы.

Шығару кұрылғысы - өңделген нәтижелерді кері кодтауға және  оларды адамға қолайлы түрде шығарып беруге арналған құрылғы.

Ақпараттық даңғылдар (магистраль) - барлық кұрылғыларға ақпараттар алмастырып беріп отыруға арналған құрылғы.

Бағдарламалық қамту - компьютердің бағдарламалық жабдықтары.

Интегралданған бағдарламалар пакеті - бірнеше қолданбалы бағдарламаларды біріктіретін бағдарламалар.

Деректерді архивтеу - файлда ақпаратты қысу процесі

Жергілікті желі - әртүрлі типті кабельдердің көмегімен желілік карта немесе желілік адаптер деп аталатын арнайы құрылғы арқылы компьютерлердің (бірден бірнеше жүзге дейін) біріктірілуі.

Қолданушы интерфейсі- қолданушының компьютермен байланысын жүргізетін программалық және аппараттық жабдықтар жиынтығы.

Интерфейс (Interface-inter-өзара, і face-бет жағы) - 1) программалаушылардың кәсіптік тілінде - өзара әрекеттесу "жазықтығы", пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы; 2) есептеуіш жүйе құрылғыларының не (немесе) программалардың өзара әсерлесуін жасақтайтын құралдар мен ережелер жиынтығы; есептеуіш жүйедегі құрылғыларды үйлестіру немесе жүйелер арасында үйлестіруге пайдаланылатын үйлестіргіш техникалық және программалық құралдар жиынтығы; жүйелердің, құрылғылардың немесе программалардың екі арасын бөлу шекарасы; екі қызметтік құрылғының және олардың қосылу, алмасу сигналдары және т.б. сипаттамаларымен анықталған шекарасы; 3) ішкі программаға басқаруды беру мен бастапқы программаға қайту процедурасы туралы сипаттамалар мен келісімдер жиынтығы.

Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.



Диалог дегеніміз ақиқат уақыт масштабында жүргізілетін және нақты бір есепті шешуге бағытталған адам мен компьютер арасындағы ақпарат алмасу.

Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.



Ақпараттық терезе- бұл екі түрде болады: хабарлама терезесі және көмек терезесі.

2 ДӘРІСТЕР

Кiрiспе. Пәннің мақсаты және міндеті.

Дербес компьютердің программалалық қамтамасыздандыруы

туралы түсінік

Бұл әдістемелік құрал - «Бағдарламалау технологиясы» пәні бойынша дәрістерден тұрады және дербес компьютерлер үшін Си программалау ортасында жұмыс істеуге арналған.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Хабарлама (Донесение) - жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа.

Әдістемелік құрал - 2011 жылы Астана қаласы «Арман - ПВ» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы - М. И. Нүсіпбекова, Ә. Б. Арғымбаева. Беттер саны - 352.

Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.

«Бағдарламалау технологиясы» пәнінен студенттер Си программалау тілінде программаларды құру тәсілдерін үйренеді.

Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі − Си. Бұл бағдарламалау тілі Bell лабораториясында жасалған. Бұл тілді ассемблердің орнына қолдану үшін шығаруды жоспарлаған еді.

Ассемблерлеу тілі (орыс. Язык ассемблирования; ағылш. assembly language) - адрестер мен операцияларға символдық атау қою мумкіндігі бар, нақты бір компьютердің командалар жиынымен тығыз байланысқан бағдарламалау тілі; әдетте, ассемблер коды машиналық бір кодқа ауыстырылады.

Си – бұл жалпы тағайындаудың тілі, ол өзінің үнемділігімен, тиімділігімен және тасымалданғыштығымен ерекшеленеді. Аталған ерекшеліктер арқасында Си тілі арқылы бағдарлама өнімдерінің кез келген түрін жасауға болады. Си тілі құралдық тіл ретінде қолданғанда, жедел және тұтас бағдарламаларды құрастыруға болады.

Бейсик тілі сияқты, ол оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі. Оның ыңғайлылығы:


  • тіл алгоритм құрылымын сақтап құрылған. Мұнда программаны бірте-бірте дамыту арқылы жинақты түрде құруға болады. Ол программалау тәсілін үйрену үшін де қажет;

  • тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген. Олар өңделетін берілгендер элементтерін толық сәйкестендіріп сипаттауға және жаңа берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді;

  • мұнда кішігірім жеңіл программалармен бірге күрделі құрылымды программаларды құру да мүмкін;

  • тіл синтаксисі қиын емес; нұсқаулардың (операторлардың) саны мүмкіндігінше азайтылған, т.б.

Си тілінде құрылған программаны мәшинелік кіріспе тілге аудару үшін компилятор пайдаланылады.

Сан - мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланылатын абстракт нәрсе.

Компилятор (compiler; compiling programm - компиляциялаушы программа) - 1) жоғарғы деңгейлі программалау тілінде жазылған алғашқы программаны машиналық тілге (алгоритмдік тілдер, түсіндіргіш, аударғыш) түрлендіруді орындайтын компьютердің жалпы математикалық жасақтамасының құрамды бөлігі.

Си тілі бұрын құрылған (Фортран, Алгол және т.б.) программалау тілдерінен маңызды ерекшелігі ол құрылымдық программалау идеясын өмірге біртіндеп енгізу. Си тілінің тағы бір ерекшелігі ол деректер құрылымының концепциясының алгоритм түсінігімен қатар программалаудың негізінде жатқан фундаменталды түсініктер қатарына кіруі.

Бұл тілдің стандарты кейiнiрек бекiтiлдi, ол сол кездері кең таралған СИ, АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тiлдерiне қарағанда жетiлдiрiлген, жұмыс iстeyгe ыңғайлы тiл болды. Си тiлi өзінің қарапайымдылығының және тиiмдiлiгiнің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазiргi кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс iстей алады. Си тiлiнде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жiберiлген қатенi тузету оңай.

Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тiлiне аударылады), объектiк программаға түрлендіріледі де содан кейiн ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқacы болады, оның бiрiншiсi - алгоритмдiк тiлдегi алғашқы түпнұсқасы, ал екiншiсi - объектiк кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдiк тiлде жазылған алғашқы нұcқacы өңделеді.

Қазiргi кезде Си кез келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.

Көмекші құрал келесі мамандықтың студенттеріне арналған: 050702 «Автоматтандыру және басқару», 050704 «Есептеу техникасы және программалық қамсыздандыру.

Оқу құралы бағдарламалаудың қазіргі технологиясымен танысамын, объектілі бағытталған технологияның негізінде өздерінің меншік бағдарламасын құрамын деген студенттер, оқытушылар, мектеп мұғалімдері және қолданушылардың кең ортасында қолданылуы мүмкін.

Мұғалім немесе оқытушы - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.

Компьютер- тапсырмаңызды орындауға дайын тұратын әмбебап есептеу жүйесі. Бірақ сіздің тапсырмаңызды орындау үшін машинаға программаны енгізу керек. Программа дегеніміз машина тіліне аударылған сіздің есеп-бұйрығыңыз, өйткені әзірше машина кәдімгі адам тілін түсіне алмайды.

Программа клавишті пульт перфокарта, магнитті дискілер арқылы компьютерге енгізеді.

Перфокарта, перфорациялық карта (лат. perforo - тесемін және карта) - белгілі тәртіп бойынша тесіктер (перфорация) тесу арқылы әр түрлі ақпарат түсіруге арналған қалың қағаз (пластмасса). Перфокартаның бетіне вертикаль бағаналар мен горизонталь қатарларға бөлінетін цифрлық тор түсірілген.

Компьютер программада көрсетілген іс-әрекеттерді орындайды. Программа қатесіз жасалу керек, белгілі ережелер сақталмаса, машина ондай програм маны орындамайды.

Программа- арнайы текст арқылы комспьютерге тапсырманың алгоритмін хабарлайды. Алгоритм –арнайы іс-әрекеттердің белгілі кезекте орналасқан тәртібі, алогритм арқылы машина тапсырманы орындайды.

Мысал келтірейік: у= 3х2 4х- 2 функциясы берілген. У-тің мәнін табу керек. Бұл есептің қарапайым алгоритмін құрып шығару үшін:

 х-ті х-қа көбейтіп, шыққан санды М1 деп белгілейміз;

 3-тім М1-ге көбейтеміз де, шыққан санды М2 деп белгілейміз.

 4-ті х-ке көбейтеміз де, шыққан санды М3 деп белгілейміз.

 М2-ні М3–ке қосамыз, шыққан санды М4 деп белгілейміз.

 2 –ге М4 –ті қосамыз, шыққан санды М5 деп белгілейміз

 ү-ке М5 –тің мәнін меншіктейміз

Осы тәртіпті бұл есептің алгоритмі дейді. Машинаға бұл алгоритм түсінікті болу үшін арнайы тілмен жазамыз. Сонда ол машина програмасы болады.

Программаны орындау үшін машинаның оперативті есте сақтау құрылғысында 3, х, 4,2 мәндері болуы керек және машинаның жадында есаептеу барысында шығатын М1,М2, М3, М4, М5, у сандары орналастырылуы керек.

Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.

Тапсырманың дұрыс орындалуы алгоритмнің тиімді құрылуына байланысты. Себебі алгоритм шексіз есептеулерден құрылуы мүмкін, ал мұны шешу үшін машинаға ондаған жылдар үздіксіз жұмыс істеу керек болар еді. Тіпті алгоритм тиімді таңдалған күннің өзінде де оның программасын жасау оңай емес. Бұл жерде программаның құрамындағы мыңға дейінгі түрлі символдар мен адрестерді, нұсқауларды, берілетін ақпараттарды қолдан кодтау керек болады. Программаны жасау барысында көптеген қателер де кетуі мүмкін. Олар жөндеу кезінде анықталып түзетіледі, мұндай қателерді түзеу кейде ұзаққа созылады, сондықтан да программаны жазу өте қымбатқа түседі.

Программа құруды жеңілдету үшін түрлі әдіс-тәсілдер пайдалынады. Ол үшін көлемді программаларды бірнеше бөлшектерге бөледі де оларды рет-ретімен орындайды. Мұндай жинақты функциональдық программаларды жеке тіркеп, стандарт программалдарға арналған арнайы кітапханада сақтауға болады.

Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.

Кітапхана - мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.

Кіші программалар көлемді программаның ішінде бірнеше рет кездесуі мүмкін.

Программа құруды жеңілдету үшін, әдетте, алдымен алгоритмдік схемасын, содан соң осы схема бойынша машина кодына немесе кез келген бір бір алгоритм тілнде программаның өзін жазады.

Алгоритмдік схе маның жәрдемімен ақпаратты өңдеудің егжей-тегжейлі процесі беріледі және орындалатын операциялар реті анықталады.

“Жәрдем” - Қазақстандағы тұңғыш ұлттық баспахана. Ағайынды Сұлтан, Садық, Хасан Нығметуллиндер “Жәрдем (Ярдам) серіктігі” деген атпен 1912 жылы Семейде ұйымдастырған. Баспаханадан Т.Жомартбаевтың “Балаларға жеміс” өлеңдер жинағы (1912) мен “Қыз көрелік” романы (1912), М.

Алгоритмдік схеманы жасау үшін арнайы шартты белгілер қолданады.

Ескерте кететін бір жәйт, бір есепті шешу үшін бір-біріне ұқсамайтын алгоритмді қолдануға болады. Түрлі алгоритмдерді бір-бірімен салыстырып, ішінен ең тиімдісін таңдап алу керек. Бір ғана тапсырманы орындау үшін пайдаланатын барлық жағынан тиімді алгоритм болмайды. Әдетте алгоритмді қадамдарының саны бойынша бағалайды Компьютер белгілі бір уақытта көлемді тапсырмалар орындау үшін олардың алгоритмдері тиімді әрі қысқа қүрылуы керек. Бұл жағдайда программа мен алгоритм күрделіленеді.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

Программа жасау үнемі өсу,өрлеу, жаңару үстінде. Олай дейтініміз алғашқы программалар машина кодтарына жасалады. Бұл өте қиын жұмыс еді. Себебі программалаушы үнемі кодтық операциялар, ақпараттар, адрестер және командалар арқылы жұмыс істеуге мәжбүр болды. Сондықтан программалаушылар өз жұмыстарын жеңілдету жлдарын іздестіруге кірісуде. Олар алгоритмдік тілдер мен символдық программалау тәсілдерін жасап шығарды. Символдық программалау тілі күрделі кодтар символдармен ауыстырылды. Символдық тілді пайдаланып программалаушы компьютер жадысының ұяшығындағы түрлі нұсқаулар мен ақпараттарды есептеп, тіркеп отырудан құтылды.

Нұсқау (Инструкция; лат. instructio - құру, ереже) - әскердің (күштің) қандай да бір жағын реттейтін немесе ұрыс құралдарын қолдану мен пайдалану мәселелері бойынша толық нұсқаулары бар құжат. Нұсқау мемлекеттің қолданыстағы заңдары, үкіметтің қаулылары, бұйрықтар мен директивалар, жарғылар мен басшылыққа алынатын құжаттардың негізінде шығарылады, Нұсқауды шығару құқығы қорғаныс министріне, оның орынбасарларына, қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшысына, әскер түрлерінің (арнайы әскер түрлерінің) қолбасшыларына (бастықтарына) берілген. Нұсқауда әдетте жойғыш құралдарды қолдану және ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету (бомба тастау бойынша нұсқау), жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету (жаттығу және ұрыс атыстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқау) мәселелері көрсетіледі. Мұнда, сонымен қатар, қандай да бір қызметгі реттейтін ережелер мен нормалар айтылуы мүмкін (әскери тасымал құжаттарын есепке алу тәртібі, оларды ресімдеу мен пайдалану және әскери тасымалдардың төлемақысы туралы нұсқау). Қорғаныс министрлігінің орталық аппараттарындағы органдары шығаратын әскерлердегі (флот күштеріндегі) нұсқаулардан басқа, әскер қызметіне катысты, мысалы, полк кезекшісінің нұсқауы, қарауыл бастығының нұсқауы сияқты нұсқаулар дайындалады. Бұл нұсқаулардың мазмұны әскери жарғы талаптары мен әскерді (флот күштерін) орналастыру ерекшеліктерін есепке алуға негізделеді. Нұсқау ережелері міндетті түрде орындалуы тиіс.

Ал символ тілінде әрбір санның адресі идентификатормен, белгіленгендіктен мұндай талаптардың қажеті болмайды. Бұл программаны жасауда сандардыы идентификатор арқылы адрестеуге мүмкіндік береді. Дегенмен, символдық тілді машина түсінуі үшін оған аудармашы керек.

Аударма - бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл.

Ол машинаға ақпаратты өңдеу программасының кодын жасап береді. Мұндай аудармашы ролін арнайы аудармашы программа – транслятор атқарады, оны ассемблер деп атайды

Символдық тілдерді пайдаланудағы негізгі жетістік- ақпараттар мен нұсқаулар адрестерін қабылдауда автоматтандыру нәтижесінде программаны жасауға кететін уақыттың қысқарғандығы және программаны коллективтік өңдеудің қарапайымдылығы. Себебі мұнда программаның кейбір бөлшектері нақты ес ұяшығына мықтап тиянақталмаған. Сондай – ақ мұнда программаны орындау мен оған түрлі өзгерістер енгізу мәселесі де қарапайым. Осыдан барып стандарттаудың мол мүмкіндігі мен кіші программалардың бөлшектерін жиі пайдалану жолдары шығады.

Стандарттау, үлгіқалыптау (ағылш. standardization) - есептеуіш техниканың аппараттық және программалық құралдарын ерекшелігі бойынша өндіру мен пайдалану тұрғысында қабылданған келісім; стандарттарды, нормалар мен ережелерді және т.б.

Символдық тілде программалаудың кемшілігі- оны, негізінен, қарапайым болса да машина тілінде жасауда және бұл программаларды әрбір енгізілген өзгерістер кейін трансляциялап отыруда. Әйтсе де олар практикада кең түрде қолданып келеді. Әрбір компьютерде символдық тілдер- автокод, ассемблер,мнемкод т б қолданылады. Бұл тілдердегі бір операторға, әдетте, бір ғана командаға сәйкес келеді. Оларды машиналық бағытталған тілдер деп атайды. Фортран, Алгол, ПЛ/1, Qbasic, Си т б тілдерінде әрбір оператор өзара байланысты нұсқау қатарын ауыстырады, ал бұл программалауды жеңілдетеді. Бұл тілдерді проблемалық – бағытталған жоғары деңгейлік тілдер деп атайды. Осы тілдерде жазылған программаны машина кодына аударуды арнайы транслятор атқарады.

Транслятор алгоритмдік тілдер операторын оқиды және соған сәйкес машина кодтарын ұсынады. Сондай –ақ транслятор жіберілген түрлі синтаксистік қателерді табады, ал бұл программалаушы жұмысын жеңілдетеді.

Транслятордан басқа машинада арнайы программалар –интерпретаторлар бар.Олар кейбір алгоритмдік тілдер үшін жазылған программаны машинаға енгізеді және жұмыс істеу кезінде оларды есте сақтайды.

  1   2   3   4

  • «Бағдарламалау технологиясы» пәнінен жұмыс бағдарламасы №2 баспа
  • 050704 Есептеу техникасы және программалық қамсыздандыру мамандығы үшiн

  • жүктеу 447.57 Kb.