Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру»

жүктеу 1.27 Mb.



жүктеу 1.27 Mb.
бет1/2
Дата22.12.2019
өлшемі1.27 Mb.

«Жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру»


  1   2


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18-12.1.42/03-2015



ПОӘҚ

«Жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары



№3 басылым

№2 басылым 11.09.2014ж орнына



«Жүк және коммерциялық

жұмыстарды ұйымдастыру»

ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығына арналған




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2015

мазмұны



1. Дәрістер

2. Машықтану (семинар) сабақтары

3. Білім алушының өздік жұмысы

  1. Дәрістер


ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІНДЕ ЖҮК ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

1 Дәріс. Көліктегі жүк және коммерциялық басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы.

Жүк тасымалдарын жетілдіру және дамудың негізіне тасымалдау процессінің жпңа технологиялары жұмылдырылған, олар тасымалдауда шығынның азаюын, ресурстардың жиналуын, экологиялық қауіпсіздікті және сервисті көлік қызметінқамтамасыз етеді. Олар көлік логистикасы және электроника құрылғылары, есептеу машиналары негізінде жасалған.

Тасымалдау процессінің жаңа біріккен моделі (ЕМПП) тасымалды автоматты түрде жедел басқару жүйесін (АСОУП) ауыстырады. Жүк тасымалдарына есептерді автоматтандыру жүйесі (АСГРП) жаңа ақпараттық технологиялар және қаржы-есеп негізінде жүк тасымалына келісім-шарт жасағанда тасымал процессінің барлық қатысушылары арасында ақпаратты-технологиялық арақатнаты қамтамасыз етеді. Контейнер тасымалының жаңа автоматты басқару жүйесі (АСУКП) контейнерлердің қозғалуын және оларды бақылауды жақсартуы керек, сонымен қатар жүк станцияларында және контейнер пунктерінде ақпараттық қызмет қамтамасыз етеді. Орталықтандырылған дайындық жүйесі және тасымалдау құжаттарын ресімдеу “ЭРТРАН” жүк тасымалдарын жаңа тәсілмен сапалы ресімдеуге және басқа есеп беру құжаттарын енгізуге мүмкіндік береді.

Жүк және коммерциялық жұмыстарды жетілдірудің және дамытудың негізгі басты бағыттары болып саналады:



  • “есіктен есікке”, “тікелей экспедиция”, мультимодальды, транзит, интермодальды тасымалдарды қоса есептегенде, жоғары сапалы көлік қызметіне есептелген, тасымалдау процессінің технологияларын енгізу;

  • халықаралық және ішкі қатнастарда қолданылып жүрген логистикалық жүйелерді жетілдіру және жаңасын енгізу;

  • автоматтандырылған жүйені енгізу, олардың орындалуын бақылау және ұзақ мерзімді контракттармен және келісімшарттармен тасымалдарды қамтамасыз ету жүйесіне өту;

  • жүк жөнелтушілермен және темір жол арасында, жүк қабылдаушылармен электронды құжат алмасу, олардың орталықтандырылған мәліметтер жүйесін енгізу, жүктердің тасымалына төлем ақыны енгізу жүйесін жетілдіру, жұмсақ тарифтік саясатты енгізу;

  • тасымал құжаттарын реальды уақыт режимінде өңдеу және құрастыру және олардың жүк жөнелтушіден жүк қабылдаушыға қағазсыз қозғалуы (электронды накладная);

  • аралас тасымалдарды дамыту, тікелей жеделдетілген контейнер және контрейлер поездарын ұйымдастыру, салмағы 40 футт контейнерлерді қазіргі заманға сай қайта тиеу терминалдарының құрылысын бастау;

  • автопоездардың, автоприцептердің, түсірілетін кузовтардың тасымалы үшін арнайы жылжымалы құрам жасау; жолаушы, жүк багаждарының және жеделдетілген жүк поездарында контейнерлердің тасымалы үшін жедел платформалар жасау; тиеу-түсіру, бекіту және жүктерді сақтау үшін жүк жөнелтушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін жетілдірілген жабық вагондар жасау;

  • басқа көлік түрлерімен тығыз байланыс орнату, аралас темір жол – су компанияларын құру;

  • жаңа көлік коридорларын құру;

  • тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету, жаңа пломба құрылғыларын енгізу және жасау, сонымен қатар электронды, тасымалданатын және сақталатын жүктерді бақылау құрылғыларын орнату;

  • поездарды және вагондарды коммерциялық бақылауға автоматтандырылған жүйені енгізу (АСКОПВ);

  • тиеу-түсіру жұмыстарында өнімділігі жоғары жаңа механизмдерді пайдалану;

  • тез бұзылатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ететін жаңа изотермиялық көлік құрылғыларын енгізу; изотермиялық жылжымалы құрамдарды жетілдіру.

Аталған бағыттарды іске асыру үшін темір жол көлігінің құрылымындағы барлық бөлімшелерді, жүк жөнелтушілерді және жүк қабылдаушыларды біріктіріп қимылдауды талап етеді.

2 Дәріс. Жүк станциялар мен терминалдар.
Темір жол станциялары контейнерлерде, вагондық және жөнелтіммен тасымалданатын жүктерді беру және қабылдау, тиеу, түсіру операцияларын орындайды, сонымен қатар жолаушылар, жүк тасымалында операцияларын орындайды. Мұндай тасымалдар сәйкес жүк және коммерциялық операцияларды орындауға мүмкіндігі бар станциялар аралығында жүргізіледі.

Жүк стансалары жүк және коммерциялық операцияларды орындауға, жүк пойыздарын қабылдауға, сұрыптауға, құрастыруға, тексеруге, техникалық күтіп баптауға және жөнелтуге арналған жол және жүк құрылғыларының, техникалық және қызмет үй жайларының жиынтығы болып табылады.Мұндай стансалар әдетте жүк ағындары пайда болып, таратылып жататын ірі өнеркәсіптік және елді мекендерде орналасады да, өнеркәсіп орындары мен халыққа қызмет көрсетеді.Стансалар бірнеше түрге бөлінеді:

  • Маманданбаған жүк стансасы;

  • Маманданған жүк стансасы;

  • Негізгі станса;

  • Ауыстырып тиеу стансасы. 

Жүк станциялары жүк және жол құрылғыларының кешенінен, жүк поездарын қабылдауға, таратуға, жинауға, коммерциялық қарауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөнелтуге, жүк және коммерциялық операцияларды орындауға арналған техникалық және қызмет үйлерінен тұрады. Бұл станциялар жүк ағындары басталатын немесе аяқталатын ірі өндіріс және халық көп орналасқан пунктерде орналастырылады және халыққа және өндіріс өнеркәсіптеріне қызмет көрсетеді. Жүк станциялары әр түрлі көлік түрлерінің түйіскен пункті болып саналады (темір жолдың автомобиль, су, өндіріс, құбыр көліктерімен), сонымен қатар кең табанды темір жол көлігінің тар табанды темір жол көлігімен түйіскен пункті болып саналады.

Жүк станциялары негізгі тағайындалуы бойынша және орындалатын жұмысының сипатына байланысты арнайы (жекелеген жүктер үшін) және әмбебап (әр түрлі жүктерді тиеу және түсіру үшін қызмет көрсететін) болып бөлінеді.

әмбебап (тіректі аралық станцияларды және жол бойындағы жүк станцияларын қоса алғанда) ыдысты-дара жүктерді, контейнерлерде тасымалданатын жүктерді, ақтарма жүктердің кейбір категорияларын және басқа жүктерді өңдеуге, өндіріс өнеркәсіптеріне, базаларға және қоймаларға (жалпы пайдаланылмайтын) қызмет көрсетуге арналған.

Арнайы жүк станциялары бір түрлі тиелетін жүктерді жаппай тиеу және түсіру үшін арналады (астық, көмір, руда, минеральды-құрылыс материалдары, мұнай, ағаштар және т.б.).

Тіректі станция деп өзінің жеке тиеу-түсіру жұмыстары бойынша, сонымен қатар өзіне қарасты шағын жүк станцияларының тиеу-түсіру жұмыстарының коммерциялық операцияларды орындайтын жолдың ақпаратты-есептеуіш орталығының мәліметтер торабына қосылған, автоматикалық құрылғылармен жабдықталған, өзіне бекітілген станциялармен байланыс жүйесі (телефон, электронды) бар жүк станциясы аталады.

Қайта тиеу станциялары тар табанды жолдан кең табанды жолға жүктерді көп мөлшерде қайта тиеуді жүргізеді.

Теңіз және өзен порттарына қызмет көрсету үшін темір жол көлігінен су көлігіне жүктерді ауыстырғанда және керісінше, порттық станциялар арналған. Олар портқа ең жақын орналасқан немесе порт аймағында орналасқан.

Теңіз паромдарына қызмет көрсету үшін паром станцияларын жасайды.

Контейнерлерге коммерциялық және техникалық қызмет көрсету үшін, сүрыптау, уақытша сақтау және қайта тиеу, қабылдау, жөнелту операцияларына байланысты операцияларды орындау үшін, ірі қалаларда және порттарда арнайы терминал-станцияларын жасайды, оларда жүк қимылдарына қызмет көрсету үшін жолдар және қайта тиеу кешені болады. Қазақстан Республикасының темір жолдарының және көрші елдердермен шекаралық аудандарында шекаралық станциялар және мемлекет арлық беру станциялары бар, олар тек технологиялық және коммерциялық операциялар жүргізіп қоймай, сонымен қатар кедендік, шекаралық, медицина-санитарлық, санитарлы-карантин және басқа операцияларда жүргізеді.

Жұмыс көлемінен және сипаттамасынан тәуелді жүк станциялары барлық темір жол станциялары сияқты, жолаушылар станцияларынан басқа, алты классқа бөлінеді: жоғарғы класс, 1, 2, 3, 4, 5 класстар.

жүк станцияларында көп көлемде келесі жүк және коммерциялық операциялар жүргізіледі: тасымалға қабылдау, өлшеу, сақтау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, сұрыптау және жүктерді беру; контейнерлерді өңдеу, тасымал құжаттарын ресімдеу, жүктің қабылданғаны, вагондардың тиеу және түсіру орындарына берілгені туралы жүк жөнелтушілерге және қабылдаушыларға хабарландыру, жүктерді іздестіру, қаржы және касса есебі, тасымал ақысын есептеу және орталықтандырылмаған есептерде жүк қабылдаушылардан және жөнелтушілерден төлем алу.

Сонымен қатар жүк станцияларында техникалық операциялар жүргізіледі: қозғалыс кестесі бойынша поездарды қабылдау және өткізу, тарату, құрастыру, коммерциялық тексеру, техникалық қызмет көрсету және поездарды жөнелту, тиеу-түсіру орындарына вагондарды беру және жинау, өнеркәсіптердің кірме жолдарына және порт жағалауларына қызмет көрсету, құрамдарға қабылдау және жөнелту бойынша өңдеу жұмыстарын жүргізу және с.с. жеке жағдайларда жүк станцияларында вагондарды жуу және дезинфекциялау және басқа операциялар (жолаушылар тасымалы және қала арлық билеттер сату) жүргізіледі.

Жүк, коммерциялық және техникалық операциялардың орындалуы барысында поездардың қозғалыс қауіпсіздігі және жылдамдығы және қабылданған контейнерлердің, жүктердің сақталуы қамтамасыз етілуі керек.

Барлық және кейбір операциялар орындалуы үшін темір жол станцияларын ашу немесе жабу «Қазақстан Республикасының темір жол көлігі жайлы» заңына сәйкес жүргізіледі.



Қабылдау және жіберу, тиеу, түсіру және уақытша сақтау операцияларының орындалуы үшін станцияларды ашық платформа және жабық қоймалармен қамтамасыз етеді. (1,2-сурет).

1- сурет.Жабық және ашық платформалы жабық қойма



Ірі жүк станцияларында жеке жүк түлерін қайта өңдеу үшін арнайы қоймалар тұрғызады: контейнерлік пункт(3-сурет), ұсақ жіберулер үшін сұрыптайтын платформа(4-сурет), ауыр салмақты жүктер үшін алаңдар, шашылатын жүктерге арналған қойма.

2- сурет. Жанынан бір жол енетін ангарлы қойма.



3- сурет. Контейнерлік пункт.



4- сурет. Сұрыптау платформасы.




3 Дәріс. Жүк тасымалының классификациясы және қатынастың түрлері.
Жүк тасымалы үшін және оның барысында теміржол көлігінің инфрақұрылымы көрсететін қызмет үшін төлемді, сондай – ақ өзге де тиісті төлемдерді яғни қосымша алымдар, вагондарды контейнерлерді пайдалану, жұмыс және қызмет көрсету ақысы, айыппқлды анықтау процессі баға қою деп аталады.

Тасымалдау дегеніміз- жолаушылармен жүкті теміржол көлігімен тасымалдауға даярлау, оны жүзеге асыру және аяқтау барысында атқарылатын ұйымдастыру және технологиялық операциялардың жиынтығы. Теміржол көлігімен тасымалдауға көптеген инфрақұрылымдар қатысады.

Тасымалдау ұдайы қайталанып отыратын мынадай операцияларды атқарудан тұрады: Жүкті жөнелтуге қабылдау, вагондарды жүк тиеуге беруге байланысты маневрлер, вагондарға жүк тиеу, оларды әекту маневрлері, пойыздарды құрастыру және оларды жөнелтуге дайындау, пойыздардың баратын стансасына дейінгі жүрісі, пойыз құрамдарын жол бойында сұрыптау және құрастыру, баратын стансасында тарату, вагондарды жүк түсіретін орындарға беру маневрлері, жүк түсіру және оны қабылдаушыға тапсыру және т.с.с.

Жүк тасымалдау және коммерциялық жұмысы мынадай мәселелерді де қамтиды: жүк тасымалдау ережелері мен маршруттарының жасалуын, олардың сақталуын қамтамасыз ету; озат тасымалдауц әдістерін яғни пакеттеп, контейнерменғ аралас және маршруттап қолдану; тиеу- түсіру жұмыстарын мехиникаландыруды, жүктерді басқа бағыттарға ауыстыруды, коммерциялық тексеру қосындарының, сұрыптау платформаларының жұмысын, басқа да көлік түрлерімен өзара байланысты және т.с.с. қамтамасыз ету.    

Көлік түрлеріне қарай теміржол көлігімен жүк тасымалдау тікелей теміржол қатынасымен, тікелей аралас қатынаспен және жекелей аралас қатынаспен тасымалданатын жүктерге бөлінеді.



Тікелей аралас қатынаста - жүк тасымалдауды оның бүкіл жүріс жолына толтырылатын бір ғана көлік құжатымен бірнеше көлік түрлері жүзеге асырады.

Жекелей аралас қатынаста – жүк тасымалдауды әр бір көлік түріне жекелей толтырылатын тасымалдау құжатымен бірнеше көлік түрлері атқарады.

Арнайы теміржол тасымалы аса маңызды мемлекеттік және қорғаныс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, сондай-ақ сотталған және қамауда отырған адамдарды тасымалдауға арналған.

Әскери теміржол тасымалы - әскери бөлімдер мен бөлімшелерді, әскери жүктерді, әскери командалар мен әскери қызметін, ішкі істер органдарындағы, қылмыстық атқару органдарындағы қызметін өтеп жүрген жеке адамдарды, ұлттық қауыпсіздік комитеті органдарының қызметтерін тасымалдауға арналған. 

Жолдың тасымалдау қабілеттілігі дегеніміз белгіленген телімнен немесе жол кесінділерінен, уақыт бірлігінде өтетін максимальдық  көлік құралдар саны.

Жылжымалы құрамдармен тасымалдау қабілеттілігі дегеніміз бір мезетте тасымалданатын жүктер немесе жолаушылардың техникалық саны.

Транспорттық тасымалдау қабілеттілі дегеніміз транспорт құралдарының және құрылыс пен құрылымдардың жиындығының өткізу қабілеттілігі.

Жолаушылар тасымалдайтын көлікте өндірістік процесті оңтайлы ұйымдастыру жолаушылар қозғалысына жіберілетін уақыт шығынын азайтып жолаушылардың көліктік шаршауын төмендетіп және жұмысшылармен қызметкерлердің атқаратын жұмыстарының сапасымен өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.



Атқаратын жұмысына қарата, жолаушыларды тасымалдау: маршруттық, экскурсиондық, саяхаттық, қызметтік, вахталық. болып бөлінеді.

Ұйымдастыру түрі бойынша: маршуттық, жалдамалы, тікелей, аралас.

Тасымалдау көлемі Q тасымалдауға жоспарланған немесе тасымалданған тонна есебіндегі жүктер санын көрсетеді.

Жүк айналым Р т/км есебінде өлшенеді және жоспарланған немесе тасымалдауды орындауға   кеткен транспорттық жұмыстарды көрсетеді.

Жүк ағымдары тікелей ΣQnp   және кері ΣQоб бағытқа тасымалданатын тонна есебіндегі жүктер санын анықтайды. 

Тікелей бағыт дегеніміз - үлкен шамадағы жүк ағымдарының бағыты.

Тасымалдау көлемін, жүк айналымын және жүк ағымдарын, белгіленген уақыт мерзіміне жатқызылады. Олардың шамалардың өз ара байланысы төмендегідей:

- тасымалдау көлемі: Q = ΣQnp +  ΣQоб 

- жүк айналым:           P = Q * I Q

Бұл жерде: I Q - жүк тасымалындағы орташа арақашықтығы.

Тасымалдау көлемі, жүк айналымы және жүк ағымы шамамен, құрылыммен, олардың игеру уақытымен және біркелкілік емес коэффицентімен сипаттамаланады.

Тасымалдау шамасы бойынша массалық және шағын партиялы болып бөлінеді.

Тасымалдау көлемі және жүк айналымы жүк ағынын  тексеруі бойынша қалыптастырылады:


  • Өнеркәсіптік мекемелердің тасымалданатын жүк көлемі анықталғанда, алып келуге    дайындалған жүктер саны  анықталады (шикізаттар, материалдар, жабдықтар т.с.с) және тасымалдауға дайындалған жүктер санын анықтайды (дайын өнімдер және жартылай фабрикаттар, өндіріс қалдықтары)

  • Құрылыс объектерінің тасымалдау көлемін белгілеу үшін алынып келінетін кірпіш, құм, шағал т.с.с. санын анықтайды, сонымен қатар сыртқа тасымалданатын топырақ, құрылыс қалдықтарының саны анықталынады.

  • Ауыл шаруашылық ұйымы үшін, егіндік материалдар, минералдық және органикалық тыңайтқыш тасымалдау көлемін анықтайды және егіндік мөлшеріне және өнімділігіне қарай ауыл шаруашылық өнімдер көлемі шығарылды

  • Сауда жүйесі бойынша, халық мұқтажын қанағаттандыру үшін тасымалдау көлемін және жүк айналымын белгілейді.


4 Дәріс. Жолдама және көліктік құжаттар. Тасымалдауды маршруттау.

Маршруттың түрлері.

Бақылау пунктында техникалық кеңсе жұмысшылары станцияға келген поездің барлық поезд құрамындағы вагондардың орналасуын арнайы станцияға келген поезді арнайы сәйкес байланыс құрылғыларымен жабдықталған және поезд құрамындағы вагондардың орналасуы жайлы барлық қажетті мәліметтер берілетін техникалық кеңсе жұмысшылары бақылау пунктінде тексеру жүргізеді. Станцияға келген жүктелген вагондардың тасымалдау құжаты вагон мен жүктің құжатқа сәйкестігін толықтай тексеретін техникалық кеңсеге түседі. Тексеруді болғаннан кейін оператор керек жағдайда телеграммаға өзгерістер енгізіп, ол жайлы маневрлік диспетчерге хабарлайды.

Тасымал құжатын тексеріп болғаннан кейін техникалық кеңсе операторы түсіруге келген вагондардың вагон парағында және жол ведомостьтарында күнтізбелік нұсқама қояды. Келген жүктің күні және уақыты жазылады. Сонымен қатар вагон парағында сол поездің номері көрсетіледі. Бұдан соң құжаттарды тапсыру кітабына жазады (Форма ГУ–48). әр жөнелту сайын вагон номері мен накладной номерін көрсетеді. Жол ведомостьтарын және накладнойларды тауарлық кантораға, ал вагон парақтарын–жүк алаңына немесе жалпылық қолданудағы емес түсіру пунктыларына жібереді.

Құжаттарды өткізу кезінде техникалық кеңсе жұмысшысы кітапқа қол қояды, ал тауар кеңсесінің жұмысшысы – қабылдау құжаттарына қол қояды. Тауарлық кеңсеге келген жүкке түскен барлық жол ведомостьтары мен накладнойларды жүктің келуі туралы кітапта тіркеледі (Форма ГУ – 42). Жергілікті хабарламаға, тікелей хабарламаға, халықаралық хабарламаға, әскери жүктерді тасымалдау құжаттарын жеке кітапқа жазады. Шағын жүк келу станциясында жол бөлімшесінің бастығы жүктің тізімін өзі қоятын құжаттарды келу кітабына кіргізбеуге де болады. Әр тәулік басында келу кітабының алғашқы бос жолында күні және айы жазылады. «Ескерту» жолағында жергілікті жағдайға байланысты жукті алушының немесе тусіру орнын көрсетуге болады, сонымен қатар басқа да мәліметтер. Осы жолдың толтырылу тәртібін станция басшысы қояды. Жіберуді жазғаннан кейін келу кітабының беткі жағының жоғарғы бөлімінде жол ведомостьіне «келу кітабының №» жолағын толтырады. Бұдан кейін тасымалдау құжаттарын тауар кассиріне жібереді, ол тасымалдаудағы жукті беру және соңғы әрі нақты есептеулерді жук алушылармен толтырады. Келу кітабының сәйкес жолақтарында берілетін жуктін мөлшері бойынша күнделікті реттік номермен беру есептеулері жазылады, сонымен қатар берілген күні де жазылады. Келу кітабында бұндай жазылулардың болмауы тасымалдау құжаттарының пайымдалмағанын көрсетеді. Келген жүктің құжатын тіркеген соң ақпараттық бюроға жіберіледі. Егер станция жүкалушыға жүктің келуі туралы хабарламаса, онда ол вагон мен контейнер турағына және сақталуына төлем ақы бермейді және бұл туралы оны хабардар еткенше жауапкершілікке алмайды.



Жүкті тасымалдауда әртүрлі технологиялық бұзу және коммерциялық операция ережелерін бұзу болса және күзетте кемшілік болса, онда сақталмаудың тасуы туындайды. Сақталмай тасуға мыналар жатады: жоғалтып алу, кемшілік, жүктің бұзылуы немесе ұрлануы. Олардың бәрі алушыға дейін болса ғана, ол сақталмай тасу деп аталады. Сақталмай тасудың ең басты белгісі - берілгенге қарсы жетіспеушілік, құжатта көрсетілгендей сыну, жүкке зақым келу және де жүктің қасиетінің төмендеуін білдіретін белгілер жатады. Сақталмай тасудың анализ көрсеткіштері бойынша тасымал кезінде жүктің шығынына, жетпеуіне, бұзылуына негізгі себептер мыналар болып табылады:

  • Жүктің тасымалға жарамсыз, стандартқа сай емес сапа жағдайы және бұзылу белгілері мен (мысалы, тез бұзылатын жүктер), стандартқа қарсы жоғары ылғалдылық және т.с.с.

  • Жүк жөнделмейтін, сапасы нашар немесе стандартқа сәйкес келмейтін тара да және орамда өткізу, маркаланбаған немесе дұрыс маркаланбағандықтан.

  • Массамен орын санын дұрыс анқтамау

  • Вагонды пломбылау ережесін сақтамау

  • Жүкті өз түріне сәйкес емес вагонға тиеу (мысалы, ашық жылжымалы құрамның орнына жабық, жабық вагонның орнына изометриялық) істен шыққан немесе былғанған вагондардан.

  • Жолда тез бұзылғыш өнімдерге дұрыс қызмет көрсетілмеуі

  • Қауіпті жүк тасымалы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау

  • Шығын бұзылу және жүктің жол апаты, қирауы және өрт кезінде істен шығуы жүктің құжатынан айырылу және оны белгіленген жерге жібермеу

Тасымал кезінде келеңсіздік туғызатын бұл жетіспеушіліктің жоғалуын тек жар,ымен тәртіпті қатаң сақтау негізінде жүзеге асады. Бұл барлық коммерциялық операциялардың орындалу жиынтығы (қабылдау тәртібі немесе жүкті өлшеу, маркалау, вагонды дайындау, тиеу, вагонды пломбалау, құжаттарды тіркеу, жүкті жолда күзету және қызмет көрсету және т.с.с.).

Акт және оның құрылуының тәртібі.Жоғары жағдайына сәйкес жүк темір жол материалды жауапкершілікке тартады, жіберуші, қабылдаушы және жолаушылар темір жол тасымалы кезінде коммерциялық актісімен құжаттандырылады. Коммерциялық акт шығынды және бұзылудың жауапкершілігін анықтайтын негізгі заң құжаты. Ол мыналарды растау үшін құрылады:

  • аталуының сәйкес келмеуі, жүктің және багаждың массасы мен мөлшері

  • жүктің немесе багаждың бұзылуы мен зақымдалуы

  • жүктің және багаждың құжатсыз немесе құжаттың жүксіз немесе багажсыз болуы

  • темір жол тауар кеңсеасында жүк беру құжатын толтырғаннан соң 24 сағатқа толғанша жібермеуі. Бұл жағдайда коммерциялық акт тек жүк алушының талабымен толтырылады.

Коммерциялық аккты толтырады; жүкті түсіру күні жалпылама түсіретін жерлерде жүкті түсіреді, ал сәйкес жағдайда жүк алушы жүк алған күні толтырылады; жалпылық емес орындарда жүкті түсіруде – сол жүкті түсіру күні толтырылады. Коммерциялық акт берілген уақытында толтырылу мүмкіндігі болмай қалған жағдайда, ол келесі тәуліктен кеш толтырылмауы керек.

Сақталмау жағдайында тәртіп бойынша әр жіберілуде жеке акт толтырылады. Коммерциялық актының үш данасымен қойылған формада құрайды. бланкалар жазба машиналарында немесе қара сиямен, нақты, қатесіз, тазалаусыз және түзетусіз толтырылады.

Контейнерлік тасымалдау қызметі және коммерциялық жұмыс ГНУ – 4 формасы кітапшада коммерциялық актарды тіркейді, актта түсу күнінің күнін белгілейді. Бұл номер осы акт жұмысының номері болады және барлық хат жазысу осы номермен жүргізіледі.

Маршрут өзіне:



  • тасымал көлемін;

  • бағытты;

  • қашықтықты;

  • уақыт бойынша жету;

  • түрлі категориядағы жол жүктілігі;

  • қозғалыс кезектілігі бойынша;

  • жеткізу тиімділігі.

Маршруттаудың негізгі тапсырмаларына:

  • қозғалысты ұйымдастыру;

  • жүкті жеткізудің минимальды мерзімі;

  • қозғалыс қауіпсіздігі;

  • көлік құралдарын тиімді пайдалану;

  • тасымалдау жоспары мен графигін орындау;

  • жол жағдайының өзгеруіне байланысты кешенді реттеу.

  • Маршруттар жалпы келесі классификацияларға бөлінеді:

Тасымалдау қашықтығына байланысты:

1. қалалық (шамамен қала шетіне дейін);

2.  қала маңы (қала шетінен 50 км аралықты қоса алғанда);

3.  қалааралық (қала шетінен 50 км қашықтықтағы қалалар мен елді-мекендер);

4. халықаралық (Қазақстан Республикасының шекарасынан).

Жыл уақыттары бойынша:

1. тұрақты (жыл бойына);

2.  мерзімді (уақытша);

3. уақыттың (мезгілдің белгілі-бір мерзімдерінде).

Маршрут ашуда алдын-ала сұрақтарды шешуде мыналарды қажетті түрде қарастыру қажет:

1. Осы маршрут бойынша жүк тасымалының сұранысын анықтау;

2. Жол жағдайын зерттеу және қозғалыс трассасын таңдау;

3. Маршрут мақсатының техника-экономикалық негіздемесін құру.

Маршруттағы қозғалыс - деп тасымалдауды орындаудағы жылжымалы құрамның қатынас жолдары. Маршрутты таңдау көлік үрдісін ұйымдастыру негізінде анықталады.

Маршрут тұрақты жүкағыны мен жағдайының қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенде алуға болады.

Маршрут жасауда мыналарды қарау қажет:



  • Қаланың негізгі пункттар аралығында тапсырыс берушілерге көлік байланысын қамтамасыз ету;

  • Автокөлік түрлерін тасымал түріне орай пайдалану;

  • Қозғалысқа бақылау жасау мүмкіншілігін;

  • Мекеменің автокөлік құралдары қозғалысын координациялық басқарумен қамтамасыз ету;

  • Аралық және соңғы аялдамаларды автокөлік құралдарының бос жүріс аралығын азайту мақсатында ірі жүк жинау орындарына жақын орналастыру;

  • Қозғалысты ұйымдастырудың тиімді жүйесін қолдану.

5 Дәріс. Жүктің көлемін және массасын өлшейтін техникалық құралдар.

Жүктердің вагонға тұра келуі, олардың жүк көтергіштігі осы салмақ өлшеуге байланысты. Темір жолдағы салмақ өлшеу шаруашылығы әртүрлі салмақ өлшегіш құрылғылармен жабдықталған. Олар: салмақ өлшеу бақылау құрылғылары, салмақ өлшеуіштерді жұмыс қабілеттілігін тексеретін құрылғылар және оларды жөндеу орындары: жабық қоймаларда жүктерді жылжымалы салмақты өлшеуіштермен өлшенеді, олардың салмақ өлшегіштігі 0,5-тен 3 т-ға дейін және стационарды салмақ өлшегіштер жоғарғы немесе максималды салмақ көтергіштігі 5 т. Жұмысына байланысты салмақ өлшеуіштер вагонды, автомобильді, товарлы, кранды, бункерлы және конвейерлі болып бөлінеді.



Таразылардың түрлері.Вагонды таразы. Электронды вагонды таразылар «Жүк қабылдағыш құрал» ұзындығы 3,5 м-ден 30 м-ге дейін және 100 т-дан 200 т-ға дейін тартылатын жүктерді өлшейді. Тензометрлік вагонды таразылар 50 т-дан 100 т-ға дейін өлшейді, әмбебап  вагонды  таразылар 4 және 6 ості вагондардың барлық түрін өлшейді. Вагонды таразылар статистикалық өлшеу және қозғалыс типі «Курс» өлшеулері статистикалық вагонды және тележкалы 4 ості, 6 ості және 8 ості теміржол вагондарын өлшеу мен теміржол транспортындағы тасымалданатын  жүк  массаларын  өлшеу  үшін  қолданады. Берілген вагонды таразылар 100 т-дан 200 т-ға дейін салмаққа ие және 2 режимде өлшеу жұмысын  жүргізуге мүмкіндік береді: статистикалық және қозғалыстағы вагондарды өлшейді.

Автомобильдік таразы. Автомобильдің  толық дұрыс салмағын алу статикада жүзеге асады. Себебі, коммерциялық санақта жүкті статикалық тензометрлік таразыменен өлшеген дұрыс. Автомобильді таразыларды өлшегенде 2 параметрді ескерген дұрыс. ӨҮШ (өлшеудің үлкен шегі) және платформа ұзындығы. Шығарылатын тензометрлі автомобильді Титан  типіндегі таразылардың барлық модельдері әр түрлі модификацияға ие және ӨҮШ-да 10 т-дан 400 т-ға дейін платформа ұзындығы 0,8 м-ден 30 м-ге дейін жетеді.

Кранды таразылар ELC-CS: Электронды таразылар ELC - тарту үшін кран қармағына ілетін ілгектен, жоғары дәлді есептегіштен, аналогті сандық жасаушы мен дисплейден тұрады. Жоғары жарықты цифрлы дисплей 5 белгіден 40 мм биіктіктен тұрады. Ол нәтижені үлкен қашықтықтан қиындықсыз оқуға мүмкіндік береді. Кранды таразылар электронды фильтрациялы нәтиже жүйесімен қамтылған, соның септігінен жүктің аздаған тербеліспен толқулардан құтқарады  және өлшеу нәтижесін 5 секундтан кешіктірмейді. Таразылар қоректендіруді аз қажет етілуімен батареяны жұмыс ұзақтығымен ерекшеленеді. Заряды толық батарея ЖК дисплейде үздіксіз 100 сағат бойы жұмыс істей алады.

Платформалы таразылар ELC-РS: Платформалы таразылар статистикалық өлшеумен әр түрлі платформада орналасқан жүктерді өлшеу үшін тағайындалған. Электронды платформалы таразылар өлшеуіш платформадан және салмақ өлшегіш құралдан тұрады. Өлшегіш платформа металл платформадан және тензометрлік салмақ өлшегіш көрсеткішінен тұрады. Тензометрлік көрсеткіштен салмақ өлшегіш құралмен қосылатын қораппен жалғасады. Салмақ өлшегіш құралдар 232 интерфейсімен жабдықталған, ол электронды құрылғылармен жалғану, қосылу үшін қажет, (мысалы, ЭЕМ, принтер, электронды тіркеуіш құрылғылар).

Таразылардың құрылымы. Жүктерді тиеу-түсіру кезінде салмақты өлшеу өте маңызды операция болып табылады, өйткені жүктердің сақталуына, тасымалдау кезіндегі істелген мөлшерін темір жол өз жауапкершілігіне алады. Жүктердің вагонға тура келуі, олардың жүк көтергіштігі осы салмақ өлшеуге байланысты. Темір жолдағы салмақ өлшеу шаруашылығы әртүрлі салмақ өлшегіш құрылғылармен жабдықталған. Олар: салмақ өлшеу бақылау құрылғылары, салмақ өлшеуіштердің жұмыс қабілеттілігін тексеретін құрылғылар және оларды жөндеу орындары. Тағайындалуына байланысты салмақ өлшеуіштер вагонды, автомобильді, товарды, кранды, бункерлі және конвейерлі болып бөлінеді. Салмақты өлшеуіштер мен құрылғылар мемлекеттік тексеруден міндетті түрде өтеді. 

6 Дәріс. Жүктерді тасымалдау үшін жылжымалы құрамды таңдау.

Жүк тарифтері.
Тасымалдау дегеніміз
- жолаушылармен жүкті теміржол көлігімен тасымалдауға даярлау, оны жүзеге асыру және аяқтау барысында атқарылатын ұйымдастыру және технологиялық операциялардың жиынтығы. Теміржол көлігімен тасымалдауға көптеген инфрақұрылымдар қатысады.

Тасымалдау көлемі және жүк айналым – төмендегідей сипаттамаланады:

-жүктің құрамымен немесе номенклатурасымен: дән, қызылша, құрылыс материалдары, машина және жабдықтар, мұнай өнімдері т.с.с. )



- санымен: массалық - бір қалыптағы, мөлшерлі және бағыттағы бір түрдегі көп   жүктер саны; - партиалық – бір түрдегі көп мөлшердегі емес жүктер саны, жүк айналымының тұрақсыздығы, жүкті жөнелту және жүктерді қабылдау пунктердің өзгеруі;

ұсақты немесе  жинақталған әртүрлі номенклатурадағы көп емес жүктер саны және әртурлі жөнелтуші немесе жүк қабылдаушы.



-игеру уақыты бойынша  – тұрақты, уақытша және маусымдық..

Тасымалдау көлемін және жүк айналымын өндіріске қызмет сипаттамасы бойынша, олардың қуаттылығына және халықтың тасымалдау сұраныстарын  қанағаттандыру бойынша белгілейді.

Жүк вагоны айналымы санына байланысты жүк алқымы мен жүктердің белгілі бір түрлеріне тасымалдау қабілеттеріне байланысты ажыратылады. Негізінде жүкті парк  төрт өсті вагондардан тұрады. Тасымалданатын жүк вагондарының түрлеріне орай ол жабық, изотермиялық және арнаулы  тағайындалуына байланысты ажыратылады.

Жабық вагондар қымбат бағалы жүктерді тасымалдауда қолданылады, себебі оларды атмосфералық әсерлерден қорғау қажеттілігі туындайды. Ол  вагондарда астық, қораптағы және даналы жүктер және т.б. тасымалданады. Жабық металдардан тұратын вагондардағы қапталды кузов қабырғасы люкпен жапсырылған. Ал металды шатыры төрт автоматты жабылатын тығыны бар тиелеуші люктен жасалған. Металды кузов есігі төменгі жақтағы люкпен жапсырылған, есіктің ашылғандағы қысымының азаюына септігін тигізеді. Есіктің тығыздалуы резиналы салынуы арнаулы қапталды тік кузов пен арнаулы есік жолындағы фазамен алмастыру арқылы жүзеге асады. Тығыздалған есігі бар вагондарда астық тасымалдау үшін есік айналысына астық сауытын орнатады.

Жартылай вагондар жүк тасымалдағыш вагонды парктің ауқымды көп қолданылатын бөлігін құрайды. Жартылай вагоннның шатыры болмайды. Люктер арнаулы қақпақтармен жабылады. Жартылай вагондар сусымалы және қапталған жүктерді тасымалдауға  арналған, олар атмосфералық әсерлерден қорғауды қажет етпейтін, қазбалар, орман, көмір, металл және автомашина, ауылшаруашылық техникасына қажетті заттар. Бұл вагон типі механикалық тиеу мен артуды жүзеге асыруда кең қолданылады. Осындай массалық жүктерді қазба, тасты көмір, орман және т.б. заттарды тасымалдау маршруттар арқылы іске асады. Ауыр массалы жүктерді маршруттармен тасымалдауға әртүрлі бағытта үлкен жүкті сегіз өсті жартылай вагон (үлкен жүктеме 1м жолға) қажет.

Платформалар  ұзын жүктерді (рельс, орман материалдары) контейнерлерді және де автомобильдер мен әртүрлі ауылшаруашылық машиналарын тасымалдауға арналған вагондарды айтуға болады.

Цистерналар массалы сұйық заттарды, мұнай өнімдерін тасымалдайды. Тасымалданатын  мұнай өнімінің түріне қарай цистерналар түрлі приборлармен жоғарғы және төменгі жақ құйылыстарында жабдықталған. Цистернадағы кузов пішіні цилиндр формалы жоғарғы жақта тығыны бар қазанға ұқсайды. Бензин тасымалдайтын цистерна қазанында сақтандырғыш тығыздар орналасады. Бензин мен жарық, ашық мұнай өнімдерін тасымалдауда жүк еңістілігі 62т, цистерналар әмбебап құйғыш приборлармен жабдықталған цистерналар қолданылады.

Жүк вагондар паркінде арнаулы тағайындалған вагондар, яғни әртүрлі белгілі бір массалық жүк түріне қарай арналған вагондар үлкен сұранысқа ие. Оларға хоппер- дозатор, думпкар – вагондары жатады. Төртөсті хоппер – дозатор ұсақ тас секілді заттарды тасымалдауға қолданылады және жол жұмыстар өндірісінде қолайлы болып келеді. Қапталған жеңіл өнеркәсіп  бұйымдарын тасымалдауда думпкар – вагондары қолданылады. Олар  пневманикалық жабдықталған, жүкті түсірген кездегі кузов еңістігіне қолайлы етіп жасалған.



Изотермиялық вагондар тез бұзылатын өнімдерді тасымалдауда қолданылады. Осы мақсатта вагондар мұздатқыш машиналармен яғни рефрижератормен жабдықталған. Поездарға электр күші бар, мұздатқышпен жабдықталған вагондар кіреді, үлкен сұранысқа ие болған автономды  рефрижераторлы вагондар индивидуалды салқындатқыш және электрлік жылытқыш машинасы бар вагондар көп кеңейтілген. Изотермиялық вагондардың мұз салғыш салқындатқыш түрлері бар, олар – мұзды – вагондар деп аталады, және арнайы тірі балық, вино және басқа өнімдері тасымалдауға арналған түрлері кездеседі.

Тарифтер. 2006 жылдың бірінші жарты жылдығында көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау бойынша қызметтердің тарифтері 10,8 % -ға өсті

Жүк тарифтерінің негізгі өсуі темір жол көлігі қызметтеріне тіркелді. Ағымдағы жылдың басынан бергі кезең ішінде темір жолмен жүк тасымалдау 19,3% -ға, республикадан тыс жерлерге – 17,7% -ға, республикада - 22% -ға қымбаттады. Автожол көлігі қызметтері тарифтерінің өсімі 3,5% , ішкі республикалық қатыснастарда және ТМД елдері бойынша – 5,4-5,5% , қала бойынша - 4,4% , алыс шетелдерге – 0,8% құрады. Өзен көлігімен жүк жеткізу тарифтері 1,6% -ға өсті, авиациялық жүк жеткізу тарифтері - өзгермеді, ал құбырмен айдау тарифтері- 1% -ға, мұнай айдау тарифтері – 1,6% -ға төмендеді.

Ағымдағы жылдың маусымында 2005 жылдың желтоқсанына қатысты байланыс қызметтері 0,8% -ға, ұлттық почта қызметтері – 83,9% -ға қымбаттады, электр байланысы қызметтері – 0,6% -ға арзандады. Тарифтердің өсуі ТМД елдеріне және алыс шетелдерге хат жеткізуде – 1,9-2 есе, республика ішінде посылкалар жеткізуде – 2,9 есе байқалды, ал халықаралық телефон байланысы қызметтері 0,2% -ға, «Интернет» желісіне қосу – 1,9% -ға арзандады.


7 Дәріс. ҚР көліктік-экспедициялық қызмет. Қазақстан Республикасыдағы көліктік-экспедициялық компаниялар. Халықаралық тасымалдау технологиясы.
Вагон ағындарын дұрыс ұйымдастыру – оларды пайда­лану жұмысын ұйымдастырудың негізгі міндеттерінің бірі, ол вагондардың теміржол бағытымен жүруінің барынша тиімді тәртібін және пойыздарды құрастырудың ең пайдалы жүйесін орнықтыруды көздейді. Бұл міндетті шешу жүктер­ді тиеу орындарынан маршруттап тасымалдауға және сұрып­тау, телім­дік және жүк станцияларында жүк пойыздарын құрастыруға негізделеді.

Пойыздарды құрастыру деп темiржолдың барлық желiсiндегi және жалпы тораптағы барлық вагонағындарды пойыздарға бiрiктiру жүйесiн айтамыз. Бұл жүйе стансаның пойыздарды тарқату, құрастыру және тоқтаусыз өткiзу жұмысының технологиясы мен жұмыс көлемiн анықтайды.

Құрастыру жоспары - вагон айналымы жеделдету мен жүктердi тез уақытта  жеткiзу, локомотив пен локомотив бригадасының өнiмдiлiгiн арттыру, маневрлық жұмыстарды қысқарту мен тасымалдау өзiндiк құнын төмендету, стансалар арасында сұрыптау жұмыстарын бiртектi жiктеу және жинақтау уақыты мен қайта өңдеуге кететiн уақыт мөлшерiн барынша қысқартуды көздейдi.

Құрастыру жоспары жылына бiр рет құрастырылып, жаңа пойыздар жүріс графигiмен бірге өндіріске қолдануға енгiзiледi. Бiр жол басқармасының iшiндегi құрастыру жоспары қозғалыс қызметінде жасалады. Жол ішілік құрастыру жоспарын есептеу екі этаптан тұрады:



  1. тікелей біртопты пойыздарды ұйымдастырудың тиімді вариантын  анықтау,

  2. басқа категориялы пойыздарды ұйымдастыру, сұрыптау станцияларының арасындағы 2-4 телімге қызмет көрсететін әртүрлі катериялы жергілікті пойыздардың жұмыстарының тиімді вариантын анықтау (құрама, әкететін, тапсыратын (сборные, вывозные, передаточные)).

ПҚЖ әрбiр вариантының бағалау критериiне келтiрiлген вагон-сағат – пайдалану шығындары жатады.

Пайдалану шығыны вагон-сағат жинақтау және өңдеу құны, айналым телiмiнде орналасқан телiмдiк станцияларда локомотивтердi тiркеуге кеткен қосымша локомотив- және бригада-сағаттан тұрады. Вагонағынын жеке дара жөнелту тиiмдiлiгi келесi формуламен анықталады:



,                  

мұнда: cm – станцияда вагонағынды жеке дара жөнелту үшiн жинақтауда аялдау уақыты, вагон-сағатпен өлшенедi;

c – пойыздарды құрастыру станциясындағы жинақтау параметрi (вагон-сағат);

m – пойыздағы вагондар саны (вагон);

Nв – бiр бағыттағы тәулiктiк вагонағын көлемi;

- жол бойындағы техникалық станцияларды вагонағынның өңдеусiз өткеннен түскен вагон-сағат экономияларының қосындысы (вагон-сағат).

Көлік – экспедициялық қызмет көрсету түрлері.Үйлестірілген талдап салыстыру әдісі (метод совмещенных аналитических сопоставлений) (авторы проф. А.К. Бернгард). Басты бағалау критериi варианттарда уақытты үнемдеу (вагон-сағат) болып табылады. Тәсілдің мақсаты – ең тиiмдi вариантқа бiртiнде жақындау болды.

Алғашында бастапқы станциялардан ақырғы станцияларға баратын, кез келген жолай станциялардағы үнем­­­дел­ген вагон-сағаты, құрастыру станцияларындағы жинақтау­ға жұмсалған шығындардан асып түсетін, жалпы жеткілікті шартты қанағат­тандыратын (ЖШ) вагон ағындары анық­талады. Осылайша іріктел­ген жөнел­тімдер құрастыру жос­парының тиімді нұсқасына енгізіліп, бұдан былайғы есептеулерден шығарылады. Қалған вагон ағындары үшін мү­мкін болатын барлық өтпелі ағындардың графигі жасалады. 



Олардың ішінен жолай техникалық станциялардан өңдеу­сіз өтуден келетін үнем барынша көп болатын ең бастапқы деп аталатын ағын анықталады. Егер ол жеке ғана болса, онда құрастыру жоспарының тиімді нұсқасына енгізілуі мүмкін. Егер жеткілікті шартты қанағаттандыратын одан әрі баратын өтпелі ағындар болса, олардың көп үнем беретін біреуі таң­далады. Бұдан кейін бастапқы ағынды едәуір алыс ағынмен алмастырудың орындылығын тексеру үшін бастапқы ағыны бар нұсқа мен таңдалған едәуір алыс ағыны бар нұсқа­ны салыстырады. Жолай техникалық станцияларда вагон-сағат үнемі көп болатын нұсқа қабылда­нады.

Мысалы,  полигон үшін құрастыру жоспарының тиімді нұсқасын үйлестірілген талдап салыстыру әдісі­мен есептеп шығару керек.

Шешуі. Жалпы жеткілікті шарт бойынша n1=210 вагон ағынын тексе­реміз, ( сағ, ), бұл оны қанағат­тандырады. Қалған ағындарды біріктіріп барары бір көптопты өтпелі ағындар құрылған.

Мысалы, А-В барысына 330 вагон енгізілген, оның ішінде А-Д-ға - 110, А-Г-ге - 80 және А-В-ға - 150 вагон енгізілген; В-Е-ге - 190 вагон, оның ішінде Б-Е-ге - 120 және В-Е-ге - 70 вагон енгізілген және т.с.с.

Әрбір ағын (жеке немесе біріккен) үшін жолай техникалық станциялардың атауы астына олардың әрқайсысынан өңдеусіз өтуінен келетін вагон-сағат үнемі көрсетілген. Мысалы, 330 вагоны бар А-В ағыны үшін Б жолай станциясынан келетін үнем 330х4=1320 вагон-сағат болады.

Әрбір ағынның оң жағында барлық жолай техникалық станция­лар­­дан өңдеусіз өтуінен келетін вагон-сағаттан жинақтауға жұмсаған вагон-сағат шығынын шығарып тастағаннан кейін келетін үнемінің жиынтық вагон-сағаты көрсетілген. Мәселен, А-Д бағыты үшін жолай станциялардағы үнем 400+500+600 =1500 вагон-сағатқа тең. Осы ағынның құрамдарын жинақтауға жұмсалатын шығын А станция­сында cm = 600 вагон-сағат құрайды. Сонда 1500 - 600 = 900 вагон-сағат жолай станциялардан түскен үнем болып шығады.

1500 - 600 = 900 вагон-сағат жолай станциялардан түскен
Халықаралық жүк тасымалдау дегеніміз — мүліктерді және жолаушыларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу немесе транзитпен жүктерді, жолаушыларды өткізу.

Халықаралық тасымалдауды ішкі тасымалдаудан айырудың негізгі белгілері:

— жүк, жолаушы кеден шекарасынан етуі керек;

— жүкті немесе жолаушыны шекарадан өткізбей-ак халыкаралык тасымалдау шарты арқылы халықаралық тасымалдау деп есептеуге болады;

— халықаралық тасымалдауда ұлттық валютадан баска шетелдік валюта қолданылады;

— халықаралық тасымалдаудың қайнар көздері ретінде халықаралық конвенциялар, ұлттық заңдар, халықаралық әдет-ғұрып танылады.

Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып, шарттың екі жақ тараптары да өзара еркіндік білдіруі болған кезде есептеледі. Осылайша, жүкті тасымалдау шарты ереже бойынша, консенсуалдық шарт болып табылады, яғни шарттың мазмұны мен екі тарап таныскан сәттен бастап құқықтық нәтижені тудырады, бірақ басқа да жағдайлар бар, олар әр түрлі ұлттық зандарда бекітілген.

Тасымалдау шартының жасасудың экономикалық мақсаты – жүктер мен адамдарды бір жерден екінші жерге апару қажеттілігі болып табылады. Көлік ұйымдарының жүк жөнелтушіні жүкті алушыны жолаушылардың мемлекеттер арасында жүкті тасымалдауы шартпен реттеледі. Яғни, олардың өзара жасасқан шарты мен сонымен қатар, осы шартты реттейтін заңдармен анықталады. Халықаралық тасымалдау дегеніміз – мүліктерді немесе жолаушыларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу. Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып, шарттың екі тараптары да өзара еркіндік білдіруі болған кезде есептеледі.


АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНДЕ ЖҮК ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

8 Дәріс. Автомобиль көлігінде жүктерді тасымалдаудың жалпы шартары.

Жүктердің автомобиль тасымалдары - автомобиль жолдары бойынша жүк автокөлік құралдарымен жүзеге асырылатын жүктер тасымалдары.

 Жүктің автомобиль тасымалы шарттарын жасасу, өзгерту және бұзу тәртібі. Тасымалдаушылар жасалған шарттардың негізінде жүктерді тасымалдауды жүзеге асырады және тасымалдауға қатысты қосымша қызметтерді орындайды. 
      Жүкті автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне жүк жөнелтуші сеніп тапсырған жүкті, оны тасымалдау шарттарын сақтай отырып, межелі пунктіне жеткізуге және оны жүкті алуға уәкілетті тұлғаға (жүк алушыға) беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші шартқа немесе тарифке сәйкес автомобильмен жүкті тасымалдағаны үшін ақы төлеуге міндеттенеді. Жүкті тасымалдау шарты тауар-көлік жүкқұжатын жасау арқылы ресімделеді. Жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау шартты тараптарының бірі екінші тарапқа шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныспен, осындай өтініш үшін негіз болатын себептерді көрсету арқылы хабарласуы мүмкін. Шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныс алған адресат келіп түскен ұсынысты онкүндік мерзімде қарауы және ұсыныстың қабылданғаны туралы, не оның қабылданбағаны туралы хабарлама жіберуі тиіс.
 
      Тараптар шарттың талаптарын өзгерту туралы немесе оны бұзу туралы келісімге қол жеткізген кезде, шартты өзгерту немесе бұзу туралы келісім де шарттың нысанында жасалады.

 Жүктерді тасымалдауға қабылдау тәртібі. Жүктерді жүк жөнелтушіден қабылдауды тасымалдаушы тауар-көлік жүкқұжаты мен жүкке ілеспе құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Жүк жөнелтуші автомобиль тиелуге келгенге дейін жүкті тасымалдауға дайындауы (ыдысқа салу, буып-түю, жүк жөнелтушілер бойынша топтау), тауар-көлік жүкқұжаты мен ілеспе құжаттарды, ал қажет жағдайда, жүктер тиелетін орынға өту құқығына арналған рұқсат қағазын дайындауы тиіс.Жүкті жүк жөнелтуші буылып-түйілген, ыдысқа салынған, пломбаланған, таңбаланған түрде, санын, тура салмағын (көлемін) көрсетіп тапсырады.Тасымалдауға тапсырылатын жүктің орамасында бүтіндігін бұзушылықтар немесе жүктің зақымдалған іздері (аққан, жыртылған, майысқан жерлер және тағы басқа) болмауы тиіс.Ыдысты қажет ететін жүктер, оларды тасымалдау кезінде жоғалудан, жетіспеуден, бұзылудан және зақымдалудан сақтау үшін тасымалдауға мемлекеттік стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес келетін, олардың толық сақталуын қамтамасыз ететін жарамды ыдыспен ұсынылуы тиіс. 


      Егер тасымалдауға ұсынылатын жүктің ыдысын немесе орамасын сырттай тексеру кезінде жүктің сақталуы үшін қауіп туғызатын кемшіліктер байқалатын болса, онда жүк жөнелтуші тасымалдаушының талап етуі бойынша байқалған кемшіліктерді жояды, жүк жөнелтуші әрекет жасамаған жағдайда тауар-көлік жүкқұжатының барлық даналарына тиісті белгі жасалады. Тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілген себептерден туындаған келтірілген зиянды (тасымалдау кезінде жүктің жетіспеуі, бұзылуы және зақымдалуы) тасымалдаушы өтемейді.Автокөлік құралдарымен тасымалдау үшін ресімделмеген жүктер осы Ереженің талаптарына сәйкес тасымалдауға жіберілмейді.Жүк жүк жөнелтуші (жүк алушы) экспедиторының алып баруымен тасымалданатын жағдайларда, соңғысы жүкті жүк жөнелтушінің (жүк алушының) экспедиторы алып бара жатқаны туралы тауар-көлік жүкқұжатында белгі жасайды, сондай-ақ оның тегін, атын және әкесінің атын көрсетеді. Жүкті тасымалдауға қабылдау кезінде экспедитор немесе экспедитор-жүргізуші жүк жөнелтушіге жеке басын куәландыратын құжат пен тасымалдаушы растаған жолдама парақты көрсетеді.

     Тауар сипаты жоқ жүктердің саны жүк жөнелтуші (жүк алушы) тасымалдаушымен бірге жасаған өлшеу актілері немесе таразыға тарту актілері бойынша белгіленеді. Топырақты тасымалдау кезінде оның мөлшерін белгілеу геодезиялық өлшеу арқылы жүргізілуі мүмкін. 
      Таразыға тарту актісі 5-10 автокөлік құралдарының бақылау өлшенуі негізінде жасалады, содан кейін тиісті маркалы бір автокөлік құралындағы жүктің орташа салмағы белгіленеді.
 
      Жүктің мөлшерін геодезиялық өлшеу арқылы белгілеу кезінде жүктің жалпы салмағы геодезиялық өлшеудің көлемдік көрсеткіштерін зертханалық әдіспен анықталған жүктің жалпы салмағына көбейту арқылы белгіленеді.
 
      Жүктің сипаты өзгерген немесе басқа тасымалдау жағдайлары кезінде жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының, тасымалдаушысының талабы бойынша жүктің жаңа бақылау өлшенуі немесе көлемдік салмағын белгілеу жүргізіледі.
 
      Тасымалдаушы барлық жағдайларда тасымалданатын тауар сипаты жоқ жүктердің мөлшерін немесе салмағын қосымша тексеруді талап етуі мүмкін. Тексеру нәтижелері тауар-көлік жүкқұжатына жазылуы тиіс.

  1   2


  • жүктеу 1.27 Mb.