Главная страница
Контакты

    Басты бет


Жергілікті желі. Жергілікті желіде электрондық поштамен тиімді жұмыс істеу

жүктеу 61.07 Kb.



жүктеу 61.07 Kb.
Дата17.09.2017
өлшемі61.07 Kb.

Жергілікті желі. Жергілікті желіде электрондық поштамен тиімді жұмыс істеу



Жергілікті желі. Жергілікті желіде электрондық поштамен тиімді жұмыс істеу


Негізгі ұғымдар


Қазіргі уақытта көптеген компьютерлерді бір бірінен оқшау түрде пайдаланбай, қандайда бір ақпарат алу, хабарларды жөнелту мен алу және т.б.
Компьютер Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
үшін тұрақты түрде немесе әлсін-әлсін жергілікті немесе ауқымды компьютерлік желіге қосады.

Егерде бір бөлмеде, ғимаратта немесе жақын орналасқан ғимараттар кешенінде пайдаланушылар қандайда бір мәселені бірігіп шешуге, мәліметтер алмасуға немесе ортақ мәліметтерді пайдалануға тиісті бірнеше компьютер бар болса, онда осы компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру орынды болады.

Жергілікті желі (кейде «жергілікті есептеу желісі» термині, қысқаша ЖЕЖ термині пайдаланылады) — бұл компьютерлердің арасында ақпараттар жеткізу үшін кәбілдер (кейде телефондық желілер немесе радиоарналар) арқылы өзара жалғастырылған бірнеше компьютердің тобы. Компьютерлерді жергілікті желіге жалғастыру үшін желілік жабдықтар мен бағдарламалық жасақтама қажет.

Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
Бағдарламалық өнім (ағыл. Software; soft - жұмсақ және ware - өнім;орыс. Программное обеспечение - бағдарламалық жасақтама,) - компьютердің жұмыс істеуіне арналған компьютер бағдарламалары жиынтығы, яғни бағдарламалық жасақтама.

Жергілікті желі мыналарды жасақтауға мүмкіндік береді:



  • желіге қосылған компьютерді пайдаланушылардың мәліметтерді ұжымдық өңдеуін және осы пайдаланушылар арасында мәліметтер алмасуды;

  • бағдарламаларды бірлесіп пайдалануды;

  • принтерлерді, модемдерді және басқа құрылғыларды бірлесіп пайдалануды.

Сондықтан бірден артық компьютері бар барлық фирмалар із жүзінде оларды жергілікті желіге біріктіреді. Алып жүретін компьютерді пайдаланушылардың көпшілігі не фирманың кеңсесіне келіп, не телефон арнасы бойынша модем арқылы фирманың компьютерімен жалғастыра отырып, жергілікті желіге қосылады.

Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру үшін мыналар талап етіледі:



  • желіге қосылатын әрбір компьютерге жергілікті желіден компьютер ақпарат алуға және желіге мәліметтер беруге мүмкіндік беретін желілік адаптер (кейде желілік тақша термині пайдаланылады) орнату керек;

  • компьютерлердің, сондай-ақ желіге қосылған басқа құрылғылардың (принтерлердің, сканерлердің және т.б.) арасында мәліметтерді жеткізу үшін оларды кәбілдермен жалғастыру керек. Желілердің кейбір типтерінде кәбілдер компьютерлерді (елка гирляндісіндегі электр шамдары сияқты) тікелей жалғастырады, басқаларда кәбілдерді жалғастыру арнайы құрылғылар – шоғырлағыштар (немесе хабтар), қосқыштар және басқалар арқылы жүзеге асырылады.

Жергілікті желінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін көбінесе арнайы компьютер – сервер немесе осындай бірнеше компьютер бөлінеді. Серверлердің дискісінде бірге пайдаланылатын бағдарламалар, мәліметтер базасы және т.б. орналасады. Желгілікті желінің басқа компьютерлері жұмыс бекеттері деп аталады.
Сервер Сервер (ағылш. server) - файлдар, қалталар және компьютерлердің деректері сияқты деректерге ортақ қатынасуды, сондай-ақ желі пайдаланушыларына электрондық пошта қызметтерін қамтамасыз ететін компьютер.
Жұмыс бекеті (Рабочая станция; work station) - 1) желіге қосылған дербес компьютер. Пайдаланушы желі арқылы, оның ресурстарына қатынас құруға мүмкіндік алады. Мысалы, Windows NT Workstation жүйесі орындалатын есептеуіш машина жұмыс бекеті деп, ал Windows NT Server орындалатын есептеуіш машина сервер деп аталады.
Сервердегі мәліметтерді өңдеу қажет етілетін жұмыс бекеттерінде (мысалы, бірге пайдаланылатын мәліметтер базасына тапсырыстар мен сатылымдар туралы мағлұматтар енгізу) үнем үшін (немесе қауіпсіздікті ойлау бойынша) қатқыл дискілерді орнатпайды. 20-25-тен артық компьютерден тұратын желілерде сервердің бар болуы міндетті — олай болмаған жағдайда, желінің өнімділігі қанағаттанғысыз болады.
Мағлұматты қорыту (Обобщение понятия; concept generalization) - тек қорытылған мағлұмат көлеміне кіретін объектілерге жататын нышандарды алып тастау жолымен аз көлемді мағлүматтан үлкен көлемді мағлүматқа өтуге мүмкіндік беретін логикалық операция.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Қандай да бір мәліметтер базасымен бірігіп қарқынды жұмыс істеген кезде сервер қажет.

Кейде серверге белгілі бір мамандандыру тағайындалады (бағдарлама мәліметтерін сақтау, модемдік пен факстық байланыстарды қамтамасыз ету, баспаға шығару және т.б.). Серверлер, әдеттегідей, пайдаланушының жұмыс орны ретінде пайдаланылмайды. Құнды мәліметтермен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін серверлер көбінесе тек арнайы өкілетті адамдар ғана қатынай алатын (банк қоймалары сияқты) оқшауланған бөлмелерде орналастырылады.

Жергілікті желінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін біздер қазір сөз ететін тиісті бағдарламалық жасақтама қажет.

Windows for Workgroups, Windows 95, Windows NT Workstation операциялық жүйелерінің бөлінген серверсіз жергілікті желілерді ұйымдастыру бойынша құрамдас мүмкіндіктері бар. Әдетте мұндай желілер бірдәрежелі деп аталады, өйткені оларда барлық компьютер тең құқықты, олардың әрқайсысы пайдаланушының жұмыс орны қызметін де, өз мәліметтері мен ресурстарына қатынауды да қамтамасыз ету бойынша сервердің де қызметін атқарады. Windows for Workgroups немесе Windows 95-ті пайдалану кезінде мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ете алмайды, сондықтан мұндай желілерді тек бір бірінен құпиялары жоқ ұжымдарда ғана пайдалануға болатындығы шындық. Бірдәрежелі желілерді ұйымдастыру үшін басқа құралдарды да пайдалануға болады. Мысалы, Artisoft фирмасының ОС LANtastic-і DOS пен Windows ортасында жұмыс істеуге болатын бірдәрежелі желіні жасауға мүмкіндік береді. L

Бірақ бірдәрежелі желі — онша жақсы емес амал. Өйткені пайдаланушының ОЖ-сі желі сервері орындауға тура келетін сервердің қызметтерін орындауға бейімделмеген. Және егерде қандай да бір компьютерде пайдаланушы DOOMда ойнаса немесе Adobe Photoshop-та сурет салатын болса, ал басқа пайдаланушылар осы компьютерде файлдармен жұмыс істейтін болса, онда олар бір біріне күшті кедергі жасайды — олардың жұмыс істеу жылдамдығы бірден төмендейді. Бірдәрежелі желілердің көптеген басқа да ерекшеліктері айтарлықтай қолайсыз — мәселен ақпаратты қорғаудың жоқтығы, мәліметтерді жинақтауды күрделендіретін сақтаудың орталықтанбауы, жеткіліксіз сенімділігі, көптеген басқа ерекшеліктер.

Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.
Файл (ағылш. File) - дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.
Сенімділік - компьютердегі белгілі бір қызмет атқаратын блоктың берілген уақыт кезеңі ішінде нақты жағдайда талап етілген жұмысты орындау қабілеті. Құрылғының тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігі, оның орташа тоқтамай жұмыс істеу уақыты, істен шыққан жағдайда қайта қалпына келтірудің орташа уақыты сенімділік көрсеткіштеріне жатады.
Сондықтан әдетте жергілікті желілерде тек жергілікті желіге қызмет етумен ғана айналысатын және мәліметтерін бірлесіп пайдалануға бөлінген компьютерлер —серверлер қолданылады.

Бөлінген сервері бар жергілікті желілердің серверінде пайдаланушылардың жұмыс орындарынан түскен көптеген сұраныстардың сенімді және тиімді өңделуін қамтамасыз ететін арнайы операциялық жүйелер пайдаланылады. Мұндай жергілікті желінің жұмыс бекеттерінде кез келген операциялық жүйені пайдалануға болады, мысалы, DOS, Windows және т.б., және жергілікті желіге қатынауды қамтамасыз ететін драйвер іске қосылуы тиіс.

Ішкі бөлімдер (100 компьютерге дейін) деңгейіндегі серверлерде Novell NetWare (айталық, 3.12 немесе 4.1 нұсқалары) немесе Windows NT Server операциялық жүйесі пайдаланылады. Кейде ОС — OS/2 Server Advanced, UNIX-тің әр түрлі нұскалары және т.б. қолданылады. Серверлер саны (айталық, ондаған немесе бірнеше ондаған) желілерде көбінесе Novell NetWare операциялық жүйесінің 4.1 нұсқасы пайдаланылады, өйткені ол (Novell Directory Service, NDS) сияқты желілердің ресурстарын орталықтандырылған басқару бойынша қолайлы құралдарды қамтамасыз етеді.

Ресурс (Resource) - процеске немесе пайдаланушыға бөлінетін есептеуіш жүйенің логикалық немесе физикалық бөлігі: орталық процессор уақыты, жедел немесе сыртқы жад аймағы, логикалық немесе физикалық сыртқы құрылғы.
Дегенмен, белгілі болғандай, желінің ресурстарын басқару әдетте тұтыну шығындарының жартысынан артықтауын құрады. Windows NT Server-де осыған ұқсас құралдар бір немесе саны аз серверді қамтитын көп емес желілер үшін ғана қолайлы.

Кейбір мәліметтерге жүздеген, тіпті мыңдаған компьютерлердің қатынас құруын қамтамасыз ету талап етілген жағдайларда кәсірорын деңгейіндегі деп аталатын серверлер қолданылады. Олар енді Intel микропроцессоры негізінде емес, айталық, Sun фирмасының техникасында, IBM фирмасының мэйнфреймдерінде (үлкен компьютерлерде) және басқаларда жасалады.

Микропроцессор - жүйелік тақтаның ең маңызды құраласы, ол деректерді тікелей өңдейді, атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды. Микропроцессор - бір немесе бірнеше үлкен интегралды кестеде орындалған, берілісті өңдейтін бағдарламалық құрылғы; көліктердің автоматты басқару агрегатында қолданылады.
Онда ерекше жоғары сенімділік, көп процессорлы өңдеу, өте жоғары өткізгіштік кабілет және т.б. талап етіледі. Ондай серверлерді IBM фирмасының UNIX, MVS-тың әр түрлі нұсқалары басқарады.



Жергілікті желіде пайдаланушылардың тиімді жұмыс істеуі үшін желілік ОЖ-ден басқа желілік ОЖ-мен бірге әкелінетін өзгеше бағдарламалық жасақтама да талап етіледі, ал кейде оны жеке сатып алуға тура келеді:

  • электрондық пошта жергілікті желіні пайдаланушылардың бірінен екіншісіне хаттарды (ал көбінесе еркін файлдарды, сондай-ақ дыбыстық пен факстық хабарларды) жеткізуді қамтамасыз етеді, ал кейде модем немесе InterNet арқылы алыстағы пайдаланушылармен байланыс жасауға мүмкіндік береді;

  • алыстан қатынас құру құралдары модемнің көмегімен жергілікті желіге қосылуға және ол тікелей желіге қосылғандай компьютерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді (әрине, сол кезде көптеген операциялар ұзақ орындалатын болады, өйткені модем желілік контроллерден айтарлықтай баяу жұмыс істейді);
    Қатынас құру, қатынау (Доступ; access) - 1) сұраныс бойынша мәліметтерді алу мүмкіндігі; мәліметтерді таңдау тәсілдерінің сипаттамасы; 2) сақтау құрылғысымен және онда орналасқан файлдармен мәліметтерді жазу немесе оқу үшін байланыс орнату процедурасы.


  • топтық жұмыс істеу құралдары (олардың ішінен ең танымалы Lotus Notes) құжаттармен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді, әр түрлі пайдаланушылардың құжаттар болжамының үйлесімділігін қамтамасыз етеді, кәсіпорындардың құжат айналымын ұйымдастыру үшін құралдар береді, телеконференциялар - әр түрлі тақырып бойынша жазба пікір алмасуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді және т.б.;

  • резерв жинау бағдарламалары жергілікті желінің серверлерінде және пайдаланушының компьютерлерінде сақталатын мәліметтердің резервтік көшірмесін дайындауға, ал қажеттілік кезде — олардың резервтік көшірмесі бойынша мәліметтерді қалпына келтіруге мұмкіндік береді;
    Резерв (лат. reservo - сақтаймын, жинаймын), Сақтық қор - тауарлардың, ақшалай қаражаттың, шетелдік валютаның, т.б. қажет бола қалған жағдайға арналған қосалқы қоры; пайдалануға аса қажеттілік туған жағдайда жұмсау үшін сақталатын ресурстар алынатын бастау көз, қор.


  • жергілікті желіні басқару құралдары бір жұмыс орнынан жергілікті желінің ресурстарын басқаруға, желінің қалып-күйі мен оны іске қосу туралы ақпарат алуға, желінің өнімділігін баптауға, желіні пайдаланушылардың жүйелерін басқаруға (оларға бағдарламалық жасақтаманы орнатуға) және т.б. мүмкіндік береді.


жүктеу 61.07 Kb.