Главная страница
Контакты

    Басты бет


Жасыл экономиканың жапондық Үлгісі

жүктеу 108.68 Kb.



жүктеу 108.68 Kb.
Дата04.06.2018
өлшемі108.68 Kb.

Жасыл экономиканың жапондық Үлгісі


ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАПОНДЫҚ ҮЛГІСІ Күншығыс елінің экономикасы 1960 жылдан бері бірнеше рет дағдарысқа ұшыраса да, өсу қарқыны тоқтаған емес.
Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Жапония (жап. 日本) (“Күншығыс елі”) - Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю. Жер аумағы 372,2 мың км2.
1992 жылы Экономикалық талдау орталығы жасаған «Мемлекеттің 5 жылдық жоспарында» былай делінген: «Бүгінге дейін өндіріске, өнімділікті арттыруға баса мән берілсе, енді бұдан былай әр тұрғынның жеке қажеттіліктері маңызды болмақ. Мемлекет экономикасын көтеру мәселесі ғана емес, жалпы әлемдік қоғамдастықпен үйлесімділікті ойлауымыз керек». Бүгінде ішкі жалпы өнім көлемі жөнінен әлемде алдыңғы орында тұрған Жапония робот техникасы мен электроника тауарларын өндіру жөнінен ең жоғары көрсеткішке ие болып отыр.
Тауар - қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.
 Кеме жасау, автокөлік құрастырудан да Күншығыс елі бірінші орында. Өнеркәсіптік өндіріс бойынша 100 балдық көрсеткішке қол жеткізді. Әлемдік экономиканың лидерлері дегенде «Тойота моторс», «Мацушита электрик», «Сони корпорейшн», «Хонда моторс», «Тошиба», «Фудзицу» сияқты кілең жапон компанияларын ауызға аламыз. Жұмысшылардың ең жоғары жалақысы мен ең төменгі жұмыссыздық көрсеткіші де Жапонияға қатысты.  Экологиялық тепе-теңдік – басты құндылық Бүгінде Жапония қоршаған ортаға зиянсыз экономиканы даму жолындағы үрдіс ретінде қабылдай отырып, адам және табиғат ресурстарын бағалау тұрғысынан да жетекші орында тұрған елдің бірі.
Лидер (ағылшынша leader - жетекші) - қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам Лидер ретінде танылады.
Ресурс (Resource) - процеске немесе пайдаланушыға бөлінетін есептеуіш жүйенің логикалық немесе физикалық бөлігі: орталық процессор уақыты, жедел немесе сыртқы жад аймағы, логикалық немесе физикалық сыртқы құрылғы.
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін жаңадан қолға алынған өндірісті дамыту бағдарламалары 1950-1960 жылдары ну орман мен айна көлге, саф ауаға залалын тигізбей қоймады. 1970 жылдары әлемдік мұнай нарығындағы дағдарысты артқа тастаған Жапония экологиялық принциптерді басты назарда ұстай отырып, экологиялық технологияны дамыта бастады. Бүгінде Жапония көшелеріндегі жанармаймен емес ауамен, табиғи газбен жүретін көліктер мен заманауи зиянсыз өңдеу құралдары сол кезеңдегі экологиялық технологияның жемісі деуге болады.
Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.
Нарық - тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық - нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.
Табиғи газ - Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы.
Басқа мемлекеттер өңдеу әдісін енді ойластырып жатқан болашақтың энергия көздері Күншығыс елінде осыдан отыз жыл бұрын игеріліп, ел игілігіне жаратылды.  Экономиканы дамыта отырып, қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау, табиғатқа қамқорлық әр адамның жүрегіне ұялаған жеке бас мәдениетінен басталады деген ұғым жапон азаматының бойына о баста әбден сіңген. Осындайда бір өзбек гидтің әңгімесі еске түседі. Ташкентке іссапармен келген бір топ жапон азаматын гид қыз қыдыртпай ма Автобуспен қала сыртына шыққан топ мүшелері дәрет сындыратын орын сұрайды.
Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.
Автобус (француздың autos – өзі және латынша (omnі)bus, яғни баршаға арналған деген сөзінен шыққан) - жүргізушімен қоса есептегенде 9 және одан да көп адамды алып жүруге арналған, қорабы вагон түріндегі автомобиль.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Ташкент (өз. Toshkent, Тошкент) - Өзбекстанның елордасы, Ташкент уалаятының әкімшілік орталығы. 2006 жылы қаланың ресми түрде тіркелген тұрғын саны 2.1 миллион болды, бейресми деректер бойынша 3 миллионға жетті.
Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.
Гид жол жиегіндегі қалың бұтаны нұсқап, «Әрқайсысың бір-бір ағаштың түбіне отыра салыңдар» десе, жолаушылар «Жоқ, біз ондай зиянкестікке бара алмаймыз. Ағаштарға обал емес пе Не де болса қалаға жеткенше шыдаймыз», – депті. Иә, адам табиғатпен үйлесімде өмір сүруі керек деген ұғым-түсінік жай сөз жүзіндегі емес, қанға сіңіп, мида жатталып қалған тәрбие нормаларымен байланысты. Яғни, адам табиғаттан күшті емес, оның заңдарына бағына білуі қажет.  Қалдықсыз экономика 2011 жылы Жапонияның Шығысында болған зілзала салдарынан Фукушима атом электр стансасында апат болды. Сол оқиғадан кейін Жапония Үкіметі энергетика саласын реформалауды бірден қолға алды.  Күн, жел және геотермалды энергия көздерін қайта өңдеу арқылы пайдалану әдістерін кеңінен қолданысқа енгізу көзделген. 2011 жылы шамамен 1,9450000 квт қайта өңделген энергия пайдаланылған. Оның ішінде Күннен алынған қуат 4800000 квт-қа жеткен. Сол жылы Канагава префектурасы, Кавасаки қаласында екі жаңа электр стансасы іске қосылды.
Префектура (лат. praefectura - бастық, басшы) - Жапония (жапонша аты - кен) мен Руандадағы негізгі әкімшілік-аумақтық бірлік. Префектура деп, сондай-ақ, Мароккодағы (Рабат пен Касабланка) қалалық әкімшілік бірліктер аталады.
Қос стансаның энергия өндіру мүмкіндігі 20000 квт, яғни 5900 үйді табиғи қуат көзімен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие. Жапония Үкіметі 2009 жылдан бері қайта өңделетін энергия көздерін пайдалану тиімділігін зерттеп келеді. Кейінгі кезде ең тиімдісі жердің қызуы, яғни геотермалды энергия түрлері екендігі сараптау нәтижесінде анықталған.  Геотермалды энергия жер қабатындағы энергиядан туындайтын бумен турбинаны айналдыру арқылы алынады. Жапония геотермалды энергия көздерін пайдалану жөнінен бүгінде Индонезия мен Америкадан кейінгі үшінші орында тұр.
Америка (ис. América, порт. América, фр. Amérique, кеч. Amirika, айм. Amërika, нидер. Amerika) - Америка-батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия және тағыда басқа жағалауға жақын аралдар кіреді.
Индонезия Республикасы - Малай архипелагында және Жаңа Гвинея аралының батыс жағында орналасқан Оңтүстік-шығыс Азиядағы мемлекет. 5 ірі және 30 кішігірім арал топтары (барлығы 17 508 арал) кіретін Малай архипелагы дүниежүзінің ең үлкен архипелагы болып есептеледі.
Жапонияда алғаш геотермалды энергия көздерін өндіру 1966 жылы басталды. Иватэ префектурасында салынған Мацукава геотермалды электр стансасында бүгінде 23,500 квт геотермалды энергия өндіруге рұқсат берілген. Бір ғана Токио бұғазында Күн қуатынан энергия алатын екі станса жұмыс істейді.
Бұғаз (Пролив) - құрлықтың екі телімін бөліп жатқан және жеке мұхиттар мен теңіздерді немесе олардың бөліктерін жалғастыратын айтарлықтай тар су кеңістігі. Әдетте, бұғазға өзіндік ерекше гидрологиялық жүргі (режім) тон.
Ең үлкен геотермалды электр стансасы Кюсюдің Хаччоубару жерінде. Энергия өндіретін қос қондырғыдан 112, 000 квт энергия шығады. Бұл дүниежүзі бойынша ең алып геотермалды энергия стансасы. Геотермалды стансаның ерекшелігі көмір пайдаланылмайды, жер қызуы деп аталатын таза жапондық энергия түрі өндіріледі. Зиянды заттар мүлдем бөлінбейтін энергияның таза түрі болып табылады. Станса ауа райы мен тәулік мерзіміне тәуелді емес, кез келген жағдайда жұмыс істей береді. Бүгінгі таңда жапон ғалымдары энергияның бұрын соңды болмаған жаңа түрлерін өндіру жолдарын қарастыруда.
Ғалым (араб.: عالِم‎ - а́лим) - сөзі арабтың а́лим: (дінді) оқыған, оқымысты адамдарына арнап қолданылатын сөзі.
Мысалы, 2011 жылы зілзаладан орасан шығынға ұшыраған Фукушима жеріндегі Цучию деп аталатын табиғи ыстық қайнардан энергия өндіру әдістері зерделенуде. Фукушима қаласындағы шипалы суға қатысты ғалымдар жаңа жоба жасап, одан геотермалды энергия түрін алуды ойластыруда.
Жоба - жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.
  1970 жылдары мұнай нарығындағы дағдарыстарды өткерген соң Жапония Үкіметі әр аймақты жергілікті энергия көздерімен қамтамасыз етуді қолға алды. Нәтижесінде энергия өндірісі жөнінен Жапония дүниежүзінде бірініші орынға шықты. Қазіргі кезде Жапонияны энергиямен қамту жөнінен 60 пайыздан астам көрсеткішке ие боп отырған жылу электр стансалары жаңа технологияларды пайдаланып, аймақты энергиямен қамтуда зор мүмкіндіктерге қол жеткізді. Соның жарқын мысалы, табиғи газды отын ретінде пайдаланып, энергияны қайта өңдеу әдісін айтуға болады. Яғни, бүгінге дейін шығын боп келген энергияны үнемдеп, қайта пайдаланып, жаңа энергия өндіру әдісі. «Бүгінге дейін жылу электр стансасының энергия өндірісіндегі үлесі 42 пайыз бола, жаңа әдісті пайдаланып, 58-60 пайызға жеткізуге болады», – дейді жапон мамандары. Алғаш Токиода қолға алынған бұл әдісті Канагава, Чиба префектураларының жылу электр стансалары да пайдалана бастады.  Жапонияда көліктердің энергия шығыны 1970 жылдармен салыстырғанда артып кеткендіктен энергияны үнемдеу мақсатында  экока (экологиялық көлік) түрлері  құрастырылып, қолданысқа  енгізілді.
Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Яғни, Жапонияда атвокөліктер, автобустар, поезд түрлері Күн энергиясымен, батареямен жүреді. Экологиялық зиянсыз көліктер жүйесін жасау жөнінен Жапония бірінші орыннан түскен емес. Жаһандық жылынудың алдын алуға қатысты жапондар тұрмыстық техниканың да өте таза энергия жұмсауына мән беруде. Энегрияны аз пайдаланатын техника түрлері аз емес. Мысалы, 2010 жылғы жапон кондиционері 2000 жылғы кондиционерге қарағанда энергияны 14 пайыз аз пайдаланады. Жапонияда жасалған жаңа мұздатқыш бұрынғысынан энергияны 60 пайыз аз қажет етсе, теледидардың энергия «сіңіруі» 64 пайызға  кеміді. Жаңа жапон кондиционері бойында жылуды сыртқа шығармай ұстап тұрады да, қажетті кеңістікті ғана салқындатады.  Бұған техниканың ішіне енгізілген арнайы сенсор көмектеседі. Қазіргі жапон теледидары бөлмедегі жарық деңгейіне сәйкес жұмыс істейді, оған қоса көретін адам шығып кетсе өздігінен жұмысын тоқтатады.
Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Сондай-ақ Күн энергиясын бойындағы батареяға жинап, жарық беретін сматхаус стиліндегі үйлер Күншығыс аралдарында салынуда.  Бұндай үйлердің құрылысына автокөлік өндірісімен белгілі «Тойота» компаниясы белсене кірісіп кетті.  Бұзылған экологиядан жасыл экономикаға дейін Қазіргі жасыл желекті, жетілген өндірісті Жапония жер бетінде ғайыптан пайда болған жоқ. Қоршаған ортаның ластануы деген мәселе бүгінде ең дамыған мемлекеттің бірі саналатын елдің басынан өткен. Сонау 1950-1960 жылдары соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру мен дамыту кезеңінде кәсіпорындардың қарыштап дамуымен қоса ауаның, судың ластануы, жасыл желекті өңірлердегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы сияқты мәселелер сол кезде қайта түзелместей, ушыққан дерттей болғаны рас.  Алайда айналдырған 10-20 жылдың ішінде мөлдір ауалы, тұнық сулы, нулы мемлекетке айналған (жерінің 80 пайызға жуығы орманды алқап) Жапония аз уақыт ішінде аралдардың бұзылған табиғатын қайта қалпына келтіріп үлгерді. Сонау 1970 жылдардың өзінде жасыл экономиканың жапондық үлгісін жасап, әлемдік қауымдастыққа таныла білді. Ең алдымен 1967 жылы ластанған қоршаған ортаның ахуалын жақсартуға арналған іргелі заңдар қабылданып, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жобалар жүзеге асырыла бастады. Бүгінгі күнге дейін Жапонияда табиғатты қорғауға үлкен мән берілетінін көріп отырмыз. Осыдан біраз жыл бұрын Токио қаласы әкімінің орнына байқау жарияланғанда кейбір мемлекеттердегідей оң жақ, сол жағын қымтап алған байшыкеш емес, Токионың ауасын тез арада тазартуға болатын жобаны жасаған мықты ғалымның лауазымды орынды жеңіп алғаны белгілі.  Қоршаған ортаны қорғауға қатысты көптеген заңдардың қатарында 1968 жылы бекітілген «Ауаның ластануын тоқтату туралы заң», «Шулы дыбыстарға шектеу» туралы ереже тәрізді құжаттар бар.
Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Лауазым - мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы Күштер жүйесінде арнайы құзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі қызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаруды жүктейтін өкілеттілік.
Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.
Бұл құжаттардың барлығы құрғақ баяндама түрінде емес, нақты іс жүзінде орындалғанына ел куә.  1968 жылы Жапония ішкі жалпы өнім көлемі жөнінен дүниежүзі бойынша екінші орында тұрды. Әлі күнге дейін осы межеден төмендеген емес. Әр аймағында химиялық кәсіпорындар көбейген сайын ауасы, суы, орманы ластана берді. Сол былғанған, бұзылған табиғи ортаны ғайыптан түскен құтқарушы тазартып бермеді, бала-шағасынан қариясына дейін қолына тазалағыш құралдарын алып, қара жұмысқа бел шешіп кірісті. Соның арқасында ластанған өзен-көл, тұнық ауа қалпына келді. 1970 жылдардың басында, яғни бес алты жылдың ішінде өзен-көлдердің балықтары көрінетіндей, мөп-мөлдір боп шыға келді. 1970 жылдардың басында суды, ауаны былғайтын газдың, улы заттардың қоршаған ортаға бөлінбеуін көздейтін технология қолданысқа енгізілді.  1971 жылы қоршаған ортаны Қорғау агенттігінің өндірістік технология орталығы электр энергиясымен жүретін көліктерді жасауға бағытталған өте ірі жобаны жүзеге асыра бастады. Сол кезеңде бүкіл өндіріс түрлерінің қоршаған ортаға зиянды болмауына бағытталған Cleaner Production (СР) технологиясы енгізілді. Өндірістің қоршаған ортаға зиянын тежей отырып, өнеркәсіпті қарқынды дамыту қатар жүргізілді. СР технологиясының бір нәтижесі Жапонияда целлюлоза өндіріле батады. 1970-1989 жылдары қағаз өндірісі қарқындап, суды ластауға себеп болатын СОD мөлшері 2200000 тоннадан 200 000 тонна деңгейіне түскен. 1975 жылы ең алғаш Күн энергиясын тұтынатын үйлер салынды. 1976 жылы өндірістік технология институты ең алғаш энергиямен жүретін машина жасап шығарды. 1970 жылдары металл жасайтын зауыттарда, целлюлоза өндірісі, мұнай химиясы, мұнай өңдеу зауыттары сияқты кәсіпорындарда тұтынатын энергия азайтылып, бұл кәсіпорындар жаңа технологиямен жұмыс істей бастады.  1973 жыл мен қазіргі уақытты салыстырсақ жапон экономикасы екі есеге дамыды, өнім өндіру 1,5 есе өсіп, энергия тұтыну 0,9 есе межесіне жетті. 1992 жылы озон қабатының тесілуі, жаһандық жылыну, улы жаңбыр мөлшерінің көбеюі, дүниежүзілік экологиялық мәселеге айналған кезде әлемдік қауымдастық мүшелері бас қосып, Бразилияда (Рио де Жанейро) дүниежүзілік саммит өткізді.
Фабрика (лат. fabrіca - шеберхана) - машиналар жүйесін қолдануға негізделген өнеркәсіп орны. Фабрика мен зауыттың арасында экон. тұрғыдан айырма жоқ. Дегенмен, фабрика негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінің тауарларын дайындайтын кәсіпорын.
Целлюлоза (лат. cellula - клетка), полиглюкопираноза, (C6H10O5)n - негізгі құрам бөліктері өсімдіктер жасушаларының қабығын түзетін үлкен молекулалы көмірсу (полисахарид). Целлюлоза өсімдік тіндеріне мех.
Бразилия, Бразилия Федеративтік Республикасы (порт. Brasil, República Federativa do Brasil) - Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Жері – 8,5 млн. км². Халқы 189 млн.
Ауада әрқашан озон бар, жердің бетінде оның концентрациясы жалпы алғанда 10-6%. Озон атмосфераның жоғарғы қабатында атомды оттектен күн сәулесінің әсерінен химиялық реакция нәтижесінде пайда болады. Озон қабаты стратосферада орналасқан.
172 мемлекеттің қатарында Жапония да алқалы жиынға қатысты. Нәтижесінде Жапония бірінші боп экономикалық мәселелерді шешудің тәсілдерін игеруге кірісті.  Климаттың өзгеруіне байланысты БҰҰ-ның конвециясына қатысушы мемлекеттердің үшінші конференциясы 1997 жылы Жапония қаласы Киотода өткізілді. Конференция қорытындысында қабылданған Киото хаттамасы 2008-2012 жылдар аралығында дамыған елдер мен өтпелі экономикалы мемлекеттердің улы газды ауаға шығаруын 1990 жылмен салыстырғанда 5 пайызға азайту көзделген.
Дамыған елдер - индустриалды және ғылыми-техникалық төңкеріс кезеңін басынан өткерген, экономикада, мәдениетте және саяси-әлеуметтік құрылымда едәуір жоғары деңгейге көтерілген елдер.
Жапония хаттаманы 2002 жылы ратификациялады.  2001 жылы Жапонияның Қоршаған ортаны қорғау агенттігі Қоршаған ортаны қорғау министрлігі боп қайта құрылды. 1967 жылы қабылданған Қоршаған ортаның ластануын бақылау туралы негізгі заң табиғатқа қамқорлық жасау жауапкершілігін мемлекеттік мекемелерге жүктейді.
Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.
Осы заң аясында мемлекеттік мекемелер қоршаған ортаның ластанбауы үшін іс-шаралар атқарады. 1993 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы заң» күшіне енді. Бұл құжаттар мемлекеттік және халықаралық деңгейде ірі жобаларды жүзеге асыратын мекемелердің жауапкершілігін күшейтеді.  Жапонияда 1990 жылдары қоқыс өртейтін пештен шыққан канцерогендік диоксинге қатысты қоғамдық наразылық туғаны белгілі. Осы оқиғадан соң жапон ғалымдары диоксиннің гормондық тепе-теңдікке зиян тигізетін химиялық улы зат екендігін тауып, нәтижесінде «Диоксиннің тарауымен болатын ластанудың алдын алу шаралары туралы заң» жасалды.
Гормондар (гр. hormao - қоздырамын, қозғаймын) - эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді органикалық биологиялық заттар. Аталмыш бездер мен жасушалардың шығару өзектері болмағандықтан, олар өздері бөлетін гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (ұлпа сұйығы, қан, лимфа) бөліп шығарады.
2000 жылдан бері қоқысты өңдеуге қатысты да заңдар қабылданды. Ең маңызды құжаттың бірі «Экологиялық бейімделген қоғам» туралы заң. Бұл заң негізінде қалдықтарды азайту көзделген. 1972 жылы шыққан «Табиғатты сақтау туралы заң» табиғи бақтарды қорғауға арналған. 2010 жылы Айчи префектурасының Нагоя қаласында СОР10 конференциясы өтті. Бұл жиында «Айчи мақсаты», «Нагоя хаттамасы» сияқты құжаттар қабылданып, Жапония бұл мәселеде жетекші мемлекет екендігін тағы да дәлелдеді.  Қалдық өңдеудің заманауи технологиясы 1960 жылдары қарқынды даму жолына түскен Жапонияда өндірістік, тұрмыстық қалдықтарға орын табу мәселесінің шешімін табу қиын болды. Жері тар, қалдық көметін орын шектеулі. Сол кезде жапон ғалымдары қалдықты өңдеу технологиясын жасауды қолға алды. Бүгінде әр жапон азаматы қалдық мөлшерінің аз болуы үшін осы технологияның ережелерін орындайды. Яғни, Жапонияда тұрмыстық қалдықтар төрт түрлі қоқыс жәшігіне сұрыпталып тасталады. Өртелетін қоқыс, өртелмейтін қоқыс, ескі заттар (тұрмыстық техника), пластик бөтелкелер бөлек-бөлек жәшіктерге салынады. Жапонияда азық-түлік, ораулар, тұрмыстық техника, құрылыс материалдары мен автокөлік қалдықтарын өңдеудің көрсеткіші 1989 жылы 4,5 пайыз болса, 2000 жылы 14,3 пайыз болған.  Қоқыс өңдеу зауыттары да жетілген технологиямен жұмыс істейді. Мәселен, Токионың бір бөлігінде 8900000 тұрғын бар. Бір жылда 2870000 тонна қоқыс шығарылады екен. Бұл қалада 21 орында қоқыс өңдейтін зауыт бар.  Мәселен, солтүстігіндегі зауытта бір күнде 600 тонна өртелетін қоқыс жойылады.  Бұнда зиянды улы заттардың қоршаған ортаға таралмауын қамтамасыз ететін технология қолданылады. Пеште қоқыс жанып жатқанда энергия шығындалмайды, қайта өңделіп, пайдаланылады.  Шыққан қызудың тең жартысы осы зауыттың ісіне жаратылады да, қалған жартысы энергия өндіретін кәсіпорындарға сатылады. Яғни, қоқыс өңдейтін зауыт аймақты энергиямен қамтамасыз ету жұмысына да әжептәуір үлес қосып отыр. Бұл зауыт сондай-ақ, жақын маңдағы кәсіпорындарды ыстық сумен қамтамасыз етеді. Яғни, су қоқыс өңдеу зауытынан шыққан энергияны пайдаланып ысытылады.  Жапонияда істен шыққан тұрмыстық техника босқа тасталмайды. Ұялы телефондар ұсақ бөлшегіне дейін утилизацияға ұшырап, құрамындағы алтын, платина ұнтақтары арнайы технологиялық әдіспен балқыту арқылы бөлініп алынады.
Ұялы телефон - радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.
Ал тұрмыстық техниканы өңдеу орталығында кір жуғыш машина, теледидар, кондиционер, тоңазытқыш, компьютерлер, т.б.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
бөлшектеніп, іске жаратылады. Бұнда мамандар техниканы ұсақ бөлшегіне дейін топтап таразылайды.  Цунамиге қарсы мың жылдық бекініс 2011 жылғы зілзаладан соң Жапония Үкіметі «Экологиялық болашақ шаһары» деген жоба аясында 11 өлкені таңдап алды. Олардың арасында апаттан зардап шеккен 6 аймақ ерекше аталады: Иватэ префектурасының Оофунатоши, Рикудзэнтакаташи, Сумитачоу, Камаиши, Фукушима префектурасының Минамисоумаши, Шинчимачи деген қалалар мен кенттер. Бұлардың экологиялық ахуалына қатысты айрықша жобалар жүзеге асырылуда.  2011 жылы зілзала мен цунамиден Иватэ префектурасының Камаиши қаласында 888 адам мерт боп, 160 адам із-түзсіз кеткен.
Цунами (жапон. 津波 /t͡sɯnä́mí/) - мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын. Биікт. ашық мұхитта 1 метрден аспайды; құрлықтағы тар шығанақтарда 50 метрге дейін барады. Толқынының таралу жылдамдығы 400 - 800 км/сағатқа дейін.
Қаладағы үйлердің 29 пайызы, яғни 4,614 баспана қирап қалған.  9,883 адам түрлі деңгейде жапа шегіп, 64 орынға оларды паналату үшін шатырлар тігілді. Бұл жерге электр энергиясы оқиға өткеннен соң бір аптадан кейін берілді. Соған қарамастан бұл қала жергілікті энергия көзін пайдаланады, қазір төтенше жағдайға мейлінше төтеп бере алатын қала тұрғызылуда.  Камаиши қаласының солтүстік батысында, Тооно шаһарындағы Ооцучи ауданындағы қыраттарға 43 жел диірмені орнатылып, халық жергілікті энергия көзін пайдалануда. 1901 жылы Жапонияда алғашқы металл зауыты салынған Фукуока префектурасының Китакюсю қаласы өндірістік қала ретінде дамыды. 1960 жылдары ауасы мен суы ластанып, экономикасы өте нашар күйде болды. Қоршаған ортаға қатысты жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде бұл өңір экологиялық үлгілі қалаға айналды. Қайта өңделген 120 гектарлық жерге мұражайлар, сауда орталықтары, үйлер тұрғызылды. Бұл қала ортақ энергия желісіне қосылмайды, Күн мен жел энергиясын пайдаланады. Ал Мияги префектурасы Иванума қаласында цунамиден қорғайтын мың жылдық төбе тұрғызу жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Бұл төбе қаланы мың жыл бойы цунамиден сақтап тұратын көрінеді. Қоршаған орта мәселесі тек экологтардың мойнындағы іс емес, әр адам өзінің айналасының тазалығына жауап беруі керек. Мәселен, Мияги префектурасы Кэсэннума қаласында жеуге болатын моллюскі түрін өсірумен айналысатын Хатакэяма Шигэацу деген шаруа Кэсэннума көлін экологиялық апаттан аман алып қалған. Ол сонымен қатар 2011 жылы зілзаладан соң Кэсэннумаға ағып келген қалдықтардан суды толық тазартқан. Шаруаның еңбекқорлығының арқасында бір ай ішінде су мөлдір қалпына келіп, көл баяғыша балыққа толған.  Бір көлді жалғыз өзі өмір бойы сақтап келе жатқан Кэсэннума тұрғыны осындай игілікті ісі үшін ешкімнен қол жайып қаражат сұрап, марапат күтпейді, қоршаған ортаға қамқорлықты Табиғат Ана алдындағы парызым деп есептейді. 

  • Ташкентке
  • Индонезия мен Америкадан

  • жүктеу 108.68 Kb.