Главная страница
Контакты

    Басты бет


Жаңақорған ауданы бойынша 2015 жылдың 12 айында ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет Жаңақорған ауданында «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»

жүктеу 135.86 Kb.



жүктеу 135.86 Kb.
Дата04.06.2018
өлшемі135.86 Kb.

Жаңақорған ауданы бойынша 2015 жылдың 12 айында ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет Жаңақорған ауданында «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»


Жаңақорған ауданы бойынша 2015 жылдың 12 айында ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет Жаңақорған ауданында «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 заңын жүзеге асыру мақсатында «Жаңақорған ауданының 2011-2015 жылдарға арналған «Даму» бағдарламасы қабылданған.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Аумақ - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиетгері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен - орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Бағдарламаның басты мақсаты –аудан агроөнеркәсіп кешенінің дамуын және тиімді әлеуметтік-экономикалық әлеуеті негізінде тұрғындардың ахуалын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Ауданда осы бағдарламаның орындалуы жөнінде жыл сайын мониторинг жүргізіліп, 26 кент, ауылдық округтердегі атқарылған жұмыстарға талдау жасалып отыр. 2014 жылы ауданда жалпы егіс көлемі 30660 гектар, оның ішінде күріш көлемі 8019 гектар болса, 2013 жылы егіс көлемі 29269 гектар, оның ішінде күріш көлемі 8226 гектар болып, барлық егіс көлемі 1391 гектарға өсті.

Гектар(грек. hekatn - жүз және ар) - ауданның а. ш. мен орман шаруашылығында бірліктердің халықаралық жүйесінің (СИ) өлшем бірліктерімен қатар қолданылатын жүйеден тыс өлшем бірлігі. Белгіленуі: га. 1га = = 100 ар = 10000 м2.

Аудан бойынша 2015 жылы 29070 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын егу межеленіп, нақты 31941 гектар ауылшаруашылығы дақылдары егілді. Бұл даму жоспардағы есептен 2077 гектарға артық. Оның ішінде: 7636 гектар күріш, 664 гектар бидай, арпа, 243 гектар тары, 333 гектар дәндік жүгері, 3708 гектар мақсары, 7,8 гектар кұнбағыс, 2319 гектар картоп, бақша, көкөніс, 17030 гектар мал азығындық жоңышқа дақылдары. Ауданда 126 гектар жеміс-жидек, 100 гектар қызанақ, 30 гектар картоп, көкөніс дақылдарын тамшылатып суару технологиясымен егілді. Сондай-ақ 3 шаруашылықтың жылы жайында, жер көлемі 0,97 гектар қияр, қызанақ дақылдары егілді. Көкөніс өнімдері өндіріліп нарыққа шығарылуда.

Жеміс (лат. fructus) - жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де (гүл кіндігі, гүл серігі, т.б.) дамиды. Аналықтан дамыған жемісті нағыз жеміс, ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды.

Нарық - тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық - нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.

Сонымен бірге «Байқоңыр» ӘКК-ның «Қызылорда қаржы компаниясы» мекемесімен, облыстық азық-түлік қорына бағаны тұрақтандыру мақсатында 4 шаруа қожалығы фьючерлік келісімдер жасалды. Бұл шаруашылықтар 25млн теңге қаржы алып, тамшылатып суару технологиясымен картоп, көкөністер егіп, осы қорға 300 тонна картоп, 100 тонна жуа өндіріп өткізуді жоспарлап отыр. Биылғы жылы егілген ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымдары дайындалып, тазаланып себілді. Дайындалған 1822 тонна күріш, 67 тонна жоңышқа, 64 тонна мақсары тұқымы толығымен тексеріліп, себу дәрежесіне жеткізіліп себілді. Дайындалған 1822 тоннаның 70 тоннасы элита, 1675 тоннасы І-ІІ репродукциялы, 147 тонна қатардағы күріш тұқымымен қамтамасыз етілді. Үстіміздегі жылы егілген ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымдарына үлкен мән берілді. Күріш, бидай, жоңышқа, мақсары, жүгері дақылдарының жаңа сорттары, жоғары репродукциялы сапалы тұқымдары сатып алынды. Мақсары, жоңышқа дақылдарының жоғары сапалы тұқымдарын «Қазығұрт» ауданындағы «Сапа» жшс-гі тұқым шаруашылығынан сатып әкелінді. Қазіргі таңда 7636 гектар күріштің 5778 га орылып 4952 гектары бастырылып әр гектарынан 37,8 центнер, 552 га күздік бидайдың әр гектарынан 12,9 центнерден, 41 га жаздық бидайдың әр гектарынан 10,5 центнерден, 71 га жаздық арпаның әр гектарынан 6,3 центнерден өнім алынды. Қалған ауылшаруашылығы дақылдарынан межеленген өнімді алу есебіміз бар. Мал шаруашылығы Аудандық статистика басқармасының 2015 жылғы 01.09.2015 жылғы мал шаруашылығының негізгі экономикалық көрсеткіштері төмендегіше болды. 1.

Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

Мал өнімдері. Өндірілген өнімдер Өлшем бірлігі 2015ж 2014ж ,- Ет тонна 4190 4134 101,4 Сүт тонна 8618 8505 101,3 жұмыртқа мың дана 1244 1241,2 100,3 жүн тонна 143,4 138,2 103,8 2. Мал басы. Малдың түрі Өлшем бірлігі 2015ж 2014ж ,- Мүйізді ірі қара бас 44789 46462 96,4 о.і. аналығы бас 21158 19640 107,7 Қой бас 197978 172925 114,5 Ешкі бас 21929 26139 83,9 Жылқы бас 11931 10308 115,7 Түйе бас 1325 1203 110,1 Жыл сайын мал өсірушілердегі төрт түлік малдардың сапалық құрамы жетілдіруде. Атап айтатын болсақ, асыл тұқымды малдардың 01.01.2015 жылғы мемлекеттік тіркелімінде мүйізді ірі қарадан 1041 бас, уақ малдан 43306 бас, жылқыдан 176 бас, 46 бас түйе тіркелген. Мал шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жоспарлы түрде іске асырудың іс шаралары жыл басынан бері қолға алынып келеді. «Сыбаға», «Алтын асық» және «Құлан» бағдарламаларының бекітілген жылдық жоспарын алдағы тоғыз айлықта орындау көзделуде. «Сыбаға» бағдарламасы: Аудан бойынша «СЫБАҒА» бағдарламасы басталғалы, 2011жылдан бүгінгі күнге дейін 45 шаруашылыққа 470,0 миллион теңге несие қаржысы бөлініп, оған 168 бас асыл тұқымды бұқа мен 2760 бас сиыр мен екі жастан асқан қашарлар сатып алынып, жыл сайын жоспар артығымен орындалып келеді. Репродуктор-шаруашылықтарды құру «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңға сәйкес, ауданда бес асыл тұқымды мал шаруашылығы нысаны ұйымдастырылды. Олар «Ынтымақ» ЖШС, «Бақытжан» және «Ақсеңгір» асыл тұқымды қаракөл шаруашылығы мен «Мырзабай» асыл тұқымды сүт бағытындағы шаруашылықта сапалы мал өсіріліп келеді. Сонымен қатар, «З. Сыздықов» дара кәсіпкерлігі тиісті палатамен және консалтингтік ғылыми орталықтармен жұмыстар ұйымдастырып, нәтижесінде кәсіпкерліктегі мүйізді ірі қара малы екі шаруашылыққа бөлінді, атап айтқанда «З. Сыздықов» кәсіпкерлігінде тауарлы мүйізді ірі қара мал қалды да, асыл тұқымды қалмақ сиырлары жаңадан ұйымдастырылған «Заман Ата» шаруа қожалығына орналастырылды. Осы кезге дейін аудандағы 30-ға жуық шаруа қожалығы жоғарыдағы аталған асыл тұқымды шаруа қожалықтарынан асыл тұқымды қаракөл қойының жас төлдерін сатып алып, сапалы өнім өндіріп, мал басын өсіріп көбейтуде. Селекциялық жұмыстар жыл сайын ұйымдастырылып, жылма жыл аталық қошқарлар мен аталық бұқалар жаңартылып отыр. Биылғы жылы аудан бойынша 160 бас ет бағытындағы бұқалар және 400 бастай асыл тұқымды қошқарлар сатып алып табындар мен отарларға қосылды. Өткен жылы шаруалардың мал қыстатуға қатысқан аналықтарына қыс бойы азығына кеткен шығындарды ішінара өтеу мақсаты бойынша субсидиялау жұмыстарына құжаттар қабылдануда. Атап айтатын болсақ, жыл басындағы аналық малдарға, қойдың аналығына 2308,6, сиырға 32661, биеге 9530, інгенге 5855 теңгеден субсиядия бекітілген ережелерге сәйкес берілетін болды. «Бақытжан» шаруа қожалығы өзінің меншігіндегі асыл тұқымды ет бағытындағы асыл тұқымды ақ бас сиырларды өз төлі есебінен көбейтіп, алынған төлдерді «консалтингтік сүйемелдеу орталықтарымен» әріптестік жасай отырып, репродуктор-шаруашылық мәртебесін алып, асыл тұқымды бұқалардың төлін сатуды бастады. Қәзіргі уақытта аудандағы осы бағдарлама жөніндегі тауар өндірушілердің сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Бақытжан» репродуктор-шаруашылығы асыл тұқымды ет бағытындағы асыл тұқымды ақ бас бұқаларды сатып, тауар өндірушілердің сұранысын қанағаттандырып отыр.

Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.

Алдағы уақыттарда асыл тұқымды ет бағытындағы бұқаларды сырттан сатып алмайтын боламыз. Сонымен қатар, «Машбек Ата», «Көбелдес» шаруа қожалығы асыл тұқымды қой шаруашылығы асыл тұқымды мәртебесін алуға ғылыми-консалтингтік жұмыстар жасауда, осы жылдың аяғына дейін асыл тұқымды мәртебелерін алады деп күтілуде. Аудан агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты мәселелер аудан әкімдігінде жылма-жыл жоспарлы түрде қаралады. Бұл негізінен көктемгі егіс науқанына егін жинау жұмыстарына және ауылшаруашылығы жылының қорытындысына байланысты аудан әкімдігінде тұрақты қаралады. Ал аудандық мәслихатта қабылданған бағдарламалардың орындалуы жайлы жыл бойында немесе сессияда бекітілген жоспарға сәйкес тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданып отырды. Соның нәтиежесінде аудандағы агроөнеркәсіптік кешен саласы тұрақты дамып келеді. Инвестициялық субсидия Қ.Р.Үкіметінің № 421 қаулысымен 2014 жылы 6 шаруашылықтар облыстық комиссияға инвестжобаларды өткізіп, 28234 мың теңге инвестициялық субсидияға қол жеткізді. Олар жайылымдарды суландыру мақсатында қазылған 7 құдықтар мен ұнғымалар және алған 1 дана трактор үшін берілген болса, үстіміздегі жылы 9 шаруашылық салған инвестициялары үшін барлығы 15084 мың теңге субсидия алып отыр.

Жайылым - оты мол табиғи немесе жасанды өрістік жер алқабы, мал еркін жайылып , бағылатын жер алқабы. Табиғи Ж. және екпе Ж. деп екіге ажыратылады. Табиғи Ж. орналасуына, өсетін өсімдік түрлеріне және пайдалану әдісіне байланысты маусымдық (көктемдік, жаздық, күздік, қыстық) және жыл бойы пайдаланатын Ж.

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялар қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республиксы Үкіметінің 29.04.2014 жылғы №421 қаулысымен бекітілген қағидаларын байланысты 2014 жылы шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту, жайылымдарды суландырғаны үшін -8 шаруашылыққа, шығарған шығынын ішінара өтеу мақсатында 9,5 миллион теңге, 1 шаруашылыққа етті бағытта мүйізді ірі қара малды өсіру бойынша фермерлік қожалыққа техникамен жабдықтар сатып алғаны үшін 3,1 миллион теңге субсидия беріліп қолдау көрсетілді. Мелиорациялық шаралар, сумен қамтамасыз ету мәселелері Суды жеткізу қызметін субсидиялау барысы жайлы. Үстіміздегі жылы ауданға ауыл шаруашылығы дақылдарын суғаруға барлығы650 млн.

Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.

Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады.

 текше метр су лимиті бөлінді, оның ішінде 100 млн. текшеметр экологиялық ахуалды жақсартуға, көлдерді толықтыру, шабындықтар мен жайылымдықтарды суаруға.

Шабындық - жаз бойы өсуге бейімделген шөптесін өсімдіктер биогеоценозы. Табиғи Шабындық орташа ылғалдылық жағдайында дамитын көп жылдық мезофиттік шөптесін өсімдіктердің өсуіне қолайлы жерлерде болады.

Су жеткізіп беру қызметі үшін, су шаруашылығы кәсіпорнымен 22 селолық су пайдаланушылар кооперативі (ССПТК) және 1 шаруашылық құрылымы келісім-шартқа отырып, субсидия алушы құрылымдар тізімі жаңа тариф бойынша, субсидиялау сомасы 124,0 млн теңге есептеліп облыстық ауылшаруалығы басқармасына тапсырылды. 2015 жылдың көктемгі егісіне дейін ішкі шаруашылық су жүйелерін тазалау мен су тоспаларын дайындау көлемдері межеленіп толық орындалды. Үстіміздегі жылы орналастырылған 31941 гектар ауылшаруашылығы дақылдарын су шаруашылығы қызметкерлері мен шаруашылық құрылымдары төрағаларының еңбектерінің арқасында егістіктің судан қалған көлемі болған жоқ.

Құрылымдар, конструкциялар (лат. constructіo - құрастыру, жасау), техникада - машина мен ғимараттардың немесе тораптар құрылысы мен жұмысының сұлбасы, сондай-ақ, машинаның, ғимараттың, тораптың өзі және олардың бөлшектері.

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

"Еңбек" - өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы.

Субсидия алу барысы жайлы 2014 жылы барлығы 1 млрд 104,0 млн теңге мемлекеттің қолдауына ие болса, соның 724 млн теңге егін шаруашылығындағы жұмыстарға, 380,0 млн теңге мал шаруашылығын дамытуға субсидия ретінде берілді. 2015 жылға аудан бойынша көктемгі егіс пен егін орағына берілетін субсидияны алуға 266 шаруашылық құрылымдарынан құжат тапсырылып, оларға 337,6 млн. теңге көлемінде субсидия төленді. Су жеткізіп беру қызметін субсидиялау мақсатында ауылшаруашылығы тауарын өндірушілеріне, 22 селолық су пайдаланушылар кооперативтері (ССПТК) мен 1 шаруа қожалығы арқылы 50,7 млн. теңге субсидия игерілді. Сол сияқты минералды тыңайтқыштардың құнын субсидилау бойынша 8,5 млн. теңге, гербицидтер құнын субсидиялау бойынша 2,07 млн.

Гербицидтер, шөпжойғыштар(лат. herba - шөп және caedo - өлтіремін) – арамшөптерді жою үшін қолданылатын хим. қосылыстар. Гербицидтер өсімдіктерге әсер етуіне қарай екі топқа бөлінеді: өсімдіктердің барлық түріне жаппай әсер ететін Гербицидтер және өсімдіктердің тек бір түріне ғана әсер етіп, қалған түрлеріне зиян келтірмейтін талғамды Гербицидтер Біріншісі өндіріс орындарының айналасындағы, ормандардың ағаш кесілетін бөлігіндегі, темір және тас жолдардағы, тоғандар мен көлдердегі өсімдіктерді құрту үшін, екіншісі мәдени өсімдіктерді арамшөптерден тазарту үшін қолданылады. Гербицидтерөсімдіктерге әсері және қолдану әдісіне байланысты тікелей жойғыш және жүйелік болып бөлінеді. Тікелей жойғыш Гербицидтер– өсімдік тіндерін тікелей уландырады, өсімдік тез солып, қурайды. Жүйелік Гербицидтер – өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтары арқылы бүкіл өн бойына тарап уландырады, бұл Гербицидтер тамыры ұзын және көп жылдық арамшөптерге қарсы қолданылады. Тікелей жойғыш және жүйелік Гербицидтердің ерітінділерін, эмульсияларын өсімдіктің сабағына бүркеді. Гербицидтер ретінде органик. және анорганик. заттар қолданылады, кейде бірнеше Гербицидтерді араластырып қолдану арамшөптердің әр түрлерін жою үшін тиімді. Қазір гербицидтік қасиеттері бар 1000-нан аса қосылыстар белгілі. Гербицидтерді ерітінділер, ерігіш ұнтақ, паста, жұққыш ұнтақ, концентратты эмульсия түрінде дайындайды. Гербицидтер – орташа улы заттар, дененің ашық жерлеріне, ауызға, көзге, мұрынға тимеу үшін қолғап, көзілдірік, т.б. пайдалану керек.

теңге көлемінде субсидия төленді. Мал шаруашылығынан 2015 жылдың басынан бері асыл тұқымды мал шаруашылығы мен мал өнімдерінің субсидиясы 52,0 млнтеңгеге мемлекеттік қолдау берілді. Аудан бойынша егіске, су жеткізу қызметіне, минеральды тыңайтқыштарға және мал шаруашылығында игерілген субсидия көлемі 451,0 млн. теңге. Мал шаруашылығында субсидиялау жұмыстары жалғасын табады. Мелоративтік техникаларды субсидиялау жайлы. Үстіміздегі жылғы ақпан айында Қ. Р ауылшаруашылығы министрі М Мамытбеков жұмыс сапарымен болған кезінде өңірдің агроөнеркәсіп кешені саласының қазіргі жағдайы және дамуы туралы шаруашылық құрылымдарымен кездесіп, бірқатар мәселелер талқыланды. Аталған мәжілісте суармалы жерлерді тиімді пайдалану бағытында күріш өндіруші шаруашылықтармен жерді тегістеу және мелиоративтік жұмыстарды атқару үшін сатып алынған арнайы (бульдозер, скрепер, лазерлік тегістегіш т.

Тегістегіш (Гладилка, ланцет) - дайындама беттерін тегістеуге арналған соқпа құрал; құю өзекшелерін, құю қорамаларын жасағанда олардың беттері тегіс болып, түрленуі үшін қолданылатын аспап.

Мәжіліс (араб.: меджлис‎- жиналыс, кеңес, әңгіме) - қауым алдында тұрған мәселені шешу мақсатында бас қосып кеңесу, алқа құрып жиналыс жасау; Түркия, Иран елдерінде заң шығарушы орган;Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы.

б) техникалардың құнының бір бөлігін мемлекет тарапынан субсидиялау туралы ұсыныс көтеріліп, аталған техникаларды субсидияланатын ауыл шаруашылығы техникаларының тізіміне қосуға қолдау жасайтыны айтылды. Су қоймалары жайлы. Аудан көлемінде 6 су қоймасы бар. «Жиделі» және «Бесарық» су қоймалары «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалының есебінде. «Қыраш», «Көлтоған» су қоймалары облыс әкімдігінің 2012 жылғы 26 қазандағы № 607 қаулысымен шаруашылық жүргізу құқығындағы «Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгеріміне қабылданған. «Шалхия су қоймасы», «Шалхия Цинк ЛТД» АҚ-ның теңгерімінде. «Манап су қоймасы» қазіргі таңда егесіз, заңды түрде егесіз деп тану мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда «Жиделі» су қоймасының жағдайы қанағаттанарлық, биылғы жиналған су көлемі 8,2 млн текше метр. Дегенмен қайта жаңғырту мақсатында жұмыс жасалуда. «Бесарық» су қоймасына жиналған су көлемі 7,9 млн текше метр. Бұл су қоймасына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттары дайындалған, жобамен 327,8 млн теңге. 2014 жылғы 10-13 мамыр аралығында қатты желдің салдарынан бұзылып, бүлінген жерлер біршама қалпына келтірілді. Мұның үстіне облыс әкімі Қ. Көшербаевтың арнайы іс-сапармен ауылдық округтерді аралаған кезінде, биылғы жылы «Бесарық» су қоймасын күрделі жөндеуден өткізу үшін төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасынан қаржы бөлдіру жолдары қарастырылатыны айтылып қазіргі таңда қаржы қарастырылуда. Айналымнан шыққан жерлерді іске қосу. Жаңақорған ауданы бойынша инженерлік жүйеге келтірілген, жөндеуді қажет ететін пайдаланылмай жатқан жерді анықтау үшін, аудан әкімінің өкімімен 2015 жылғы 26 ақпанда № 12 өкімімен жұмысшы тобы құрылған болатын.

Инженер - инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.

Жаңақорған ауданы - Қызылорда облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөліктік, 1928 ж. құрылған.

Бүгінгі күнге анықталып, нақтыланған көлемі Сунақата ауылдық округінен 441 гектар. Осы жерлерді «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі» жобаның үшінші фазасы жобасына енгізілуіне Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп жұмыс жасалуда. Ауданда ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін 34 күріш цехы, 1 ет, 1 сүт өңдейтін және 2 ұн шығаратын цехтар жұмыс жасайды. Бұл цехтарда 2014 жылы 670,0 млн теңгенің өнімдері өңделді. Дегенмен бул өнімдер халықаралық стандарттар деңгейіне сәйкес келмейді, ішкі нарықтағы халықтың сұранысын қанағаттандырып келеді.

Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Қайта өңдеу саласы өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, өнім сапасын халықаралық стандарттар дәрежесінде көтеру міндеті тұр. Ауданда көкөніс және жеміс-жидек өнімдерін хальқаральқ стандартқа сәйкес өңдейтін «Тату-Агро»шаруа қожалығында «Паста зауыты» 2011ж іске қосылған болатын, бірақ электр қуатымен камтамасыз етілмегендіктен 2012-2013 жылдары өндіріс тоқтаған. Былтырғы жылы республикалық бюджеттен 288,0 млн тенге және облыстық бюджеттен 43,0 млн тенге бөлініп электр қуатымен қамтамасыз етілді. 2014 жылдың төртінші тоқсанында 141,1 млн теңгеге өнім шығарып, бұл есептілікті аудандық статистика басқармасына бepiп отыр. 2015 жылы тамшылатып суару технологиясымен 10 гектар қызанақ, 5 гектар қияр, 23 гектар картоп дақылдары егіліп, жиналуда. Аудандағы ет өңдейтін «Исатай» CTK-ci мен сүт өнімдерін өңдейтін «Май заводы» ЖШС-i өткен жылдары тиісінше, 9-18,0 млн тенге көлеміндегі жаңа жабдықтар алып жұмыс жасауда. Осы өңдеу зауыттары өз өнімдерін халықаралық стандарттар деңгейіне жеткізу бағытындағы ic шаралармен жұмыстар жүргізілуде.

Фабрика (лат. fabrіca - шеберхана) - машиналар жүйесін қолдануға негізделген өнеркәсіп орны. Фабрика мен зауыттың арасында экон. тұрғыдан айырма жоқ. Дегенмен, фабрика негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінің тауарларын дайындайтын кәсіпорын.

Қазіргі таңда «Исатай» СТК-нің мал сою пункті жұмысы шұжық цехының технолог маманы болмауына байланысты уақытша өндipici тоқтап тұр. Ауданда 34 күріш ақтайтын дирмендер есепте бар, оларда 2014 жылы 7445 тонна күріш ақталды, өндірген өнім құны 506,0 млн тенге болды. 2013 жылы «Тасболат-А» жшс заманауи технологиямен күріш зауытын icке қосты. Зауытта тәулігіне 60 тонна ақталған күріш тапсырыс бойынша әртүрлі салмақта (5-50 кг дейін) шығарады. Инвестициялық жобалар жайлы: - «Евразия АгроХолдинг» жшс-мен облыс әкімдігі тарапынан меморандум жасалды. Бірінші көкөніс өнімдерін өсіру және өңдеу арқылы тамат пастасын және концентраттар өндіру және екіншіден қуаттылығы жылына 7000 тонналық уақ малға арналған ет комбинатының құрылысын жүзеге асыру. -Бірінші жоба құны 28,5 млн евро. Ашылатын жұмыс орны 600 адам. 2000 гектар жерге тамшылатып суару технологиясымен қызанақ егіледі, тәулігіне 250 тонна тамат пастасын шығаратын зауыт салынады. Зауыт технологиясы Италия мемлектінен алу жоспарланған. - осы «Евразия АгроХолдингпен» жылына 7000 тонна қой етін өңдейтін зауыт құрылысын салу жөнінде келісімдер жүргізілуде, жоба құны 12,0 млн евро. Бүгінгі таңда зауыт орны белгіленіп, 10 гектар жерін рәсімдеу жұмыстары жүзеге асуда. Бұл жоба ауданда қой шаруашылығының өсу қарқындылығы негізінде жайылымдық мал шаруашылығы өндірісін жаңғырту болып табылады. Аудандағы ауыл шаруашылығы техникаларының жарақталуы және жаңарту жағдайы Ауылшаруашылығы өндірісін дамытуда механизация саласы маңызды сала болып есептелінеді. Дақылдарды егу, жинау, өңдеу жұмыстары толығымен техникалардың көмегімен атқарылатыны белгілі. Қазіргі кезде аудан бойынша есепте 642 трактор, 290 трактор тіркемесі, 132 астық комбайны болса, соның ішінде шаруашылық құрылымдары есебінде 200 трактор, 97 трактор тіркемесі, 111 астық комбайны т.б. ауыл шаруашылығы техникалары бар. Шаруашылық құрылымдарындағы ауылшаруашылығы техникаларының паркі қажетті жаңа техникамен толықтырылмауы себебінен, қолда бар техникалардың көбінің пайдалану мерзімі өтеліп, тозығы жеткен. Мұның үстіне шаруашылықтардың ұсақталып кетуінен, көптеген шаруа қожалықтарының Лизингілік жүйенің талаптарына сәйкес жаңа техника алуға мүмкіндіктері болмай отыр.

Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Аудан бойынша Лизингілік жүйемен 2013 жылы 4 трактор, 2014 жылға 1дана Есіл-760 астық комбайны және 1 МТЗ тракторы алынса, 2015 жылға 1 дана ХТЗ- тракторы, 1дана МТЗ-82 тракторы, 2 дана «Мас Don» комбайны, сонымен қатар 1-дана лазерлік жер тегістегіш «MARA» және 1 жүк тиегіш техникасы алынды. Сол сияқты шаруашылық құрылымдары мен жеке тұлғалар өз күштерімен 2014 жылы 6-дана МТЗ тракторын, 1 дана Т-150К тракторын, 1 дана Енисей комбайнын, 7 дана жүк тиегіш алса, 2015 жылға бүгінгі күнге дейін 7 дана МТЗ тракторын, 2 дана ХТЗ-150К тракторын және 1-дана комбайны мен 2 дана трактор тіркемесі алынды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалуы. 2015 жылдың 1 қазанына 133 маманға, білім саласы бойынша -78, денсаулық сақтау саласы-46, мәдениет саласы- 2, спорт саласы- 1, агроөнеркәсіптік кешен саласы-6, барлығы 18452,4 мың теңге бір жолғы көтерме жәрдемақы және әлеуметтік сала ұйымдарында жұмыс жасайтын 71 маман, оның ішінде : білім саласы -39, денсаулық саласы – 29, әлеуметтік саласы – 1, агроөнеркәсіптік кешен саласы – 1, спорт саласы-1 маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді, тұрғын үй сатып алу үшін барлығы 198721,0 мың теңге бюджеттік несие түріндегі, әлеуметтік қолдауға қол жеткізді.

  • Жаңақорған ауданы

  • жүктеу 135.86 Kb.