Главная страница
Контакты

    Басты бет


Ж. Бекболатұлы

жүктеу 82.33 Kb.



жүктеу 82.33 Kb.
бет1/2
Дата23.10.2017
өлшемі82.33 Kb.

Ж. Бекболатұлы


  1   2
Ж.Бекболатұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. E-mail: zhetpisbay.belbolatuly@kaznu.kz Ербол Шаймерденұлы – Қазақстанның тұңғыш кәсіби баспасөз хатшысы Біздің елімізде алғашқы баспасөз қызметтерінің өмірге келуіне жиырмасыншы ғасырдың соңғы онжылдықтарында бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында (КСРО) орын алған күрделі қоғамдық-саяси үдерістер себепкер болды.

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (Кеңес Одағы, КСРО) - Еуропада және Азияда 1922 жылдан 1991 жылға дейiн өмір сүрген мемлекет. КСРО Еуразияның 1/6 бөлiгiнде орналасты және 1917 жылдан дейін Ресейлiк империя Финляндия, Поляк патшалығының бөлiгiнсiз орналасатын және (Карстың жерi, қазіргі Түркия) кейбiр басқа аумақтағы әлемiнiң елдері арасында орналасқан ауданы бойынша өте iрi болды.

Бұл кезең тарихқа «Қайта құру» деген атпен енген. Өзінің өркениеттік әлеуетін жоғалтқан кеңестік саясат пен экономиканы тығырықтан шығару үшін КСРО-ның бірінші әрі соңғы президенті М.С.Горбачевтің ортаға тастаған осынау бастамасы белгілі бір деңгейде еркін ойлылық пен пікір әралуандығын қамтамасыз етуді көздеді. «Жариялылық» ұранымен жүргізілген саяси науқан мемлекеттің басқарушы, бақылаушы әрі дем беруші орталығы-Коммунистік партия құрылымдарын да қамтыды.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.

Тарих (көне грек. ἱστορία -сұрастыру, зерттеу) - адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым.

Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Кеңестер Одағы Коммунистік партиясының (СОКП) қоғамдағы жетекші рөлі жөніндегі КСРО Конституциясының алтыншы бабының және цензура күшінің жойылуы билік құрылымдарын жаңаша жұмыс істеуге мәжбүр етті.

Конституция, Ата Заң ( латынның лат. constitutio - яғни «құрылым» сөзінен шыққан) - Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.

Коммунизм (лат. Communis - «ортақ») - болашақтың қияли көрінісін; кейбір саяси партиялар мен қозғалыстардың идеологиясын; ерекше өмір салтын білдіретін ұғым.

Жариялылық пен демократияны дамыту жөнінде қолға алынған жұмысты Кеңестер Одағы халқы мен халықаралық қауымдастық ықыласпен қабылдады. Тарихтың бұрындары жабық болып келген беттерінің - «ақтаңдақтар ақиқатының» ашылуы Қазақстанда және басқа одақтас республикаларда үлкен рухани өрлеуге жол ашты. Сондай-ақ, 1986 жылы Алматы қаласында болған желтоқсан көтерілісі халық санасын оятып, жастардың саяси ұмтылыстарына серпін берді.

Қала Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.

Қазақ елінің мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігі идеясы көтеріліп, ол көп ұзамай ақиқатқа айналды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.

Қазақстанда баспасөз қызметінің пайда болып, қалыптасуына жариялылық үдерісі дүмпуімен билік құрылымдарының өз қызметіне ашықтық сипатын беруге тырысуы түрткі болды десек, артық айтқандық емес. Жұртшылықпен, қоғаммен байланыс - PR елдегі қоғамдық қатынастарды демократияландырудың пәрменді құралына, егемен мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторына айнала бастады.

Фактор, экологияда - 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі.

Біздің еліміздегі баспасөз қызметі саяси институт ретінде сахнаға 1990 жылдың 7 тамызында ресми түрде шыққанын тарихи деректер дәлелдейді. Бұл күні елдегі билік тұтқасын ұстаған Қазақстан Коммунистік партиясы (ҚКП) Орталық Комитетінің баспасөз орталығын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды. Баспасөз конференциялары мен брифингтер өткізетін орын ретінде ҚКП Орталық комитеті ғимаратының және «Достық» мейманханасының конференц-залдары белгіленді. Баспасөз конфренциялары айына кемінде бір рет өткізу ұсынылды. Жаңа құрылымдық бөлімшенің штаты жетекшілік жасайтын баспасөз хатшысы және төрт кеңесші-консультант құрамында бекітілді.

Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.

Сондай-ақ баспасөз орталығының материалдық базасын жасау және оның жұмысын техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету, «Достық» мейманханасының конференц-залын синхронды (ілеспе) аударма жүйесімен жабдықтау жөнінде тиісті бөлімдер мен қызметтерге тапсырма берілді [1]. Бұдан бір айдан астам уақыт өткеннен кейін, 1990 жылдың 12 қыркүйегінде белгілі журналист, ҚКП Орталық комитетінің жауапты қызметкері Ербол Шаймерденұлы Шаймерденов баспасөз хатшысы болып бекітілді [2]. Бұл еліміздің орталық билік органдарының тарихындағы тұңғыш ресми баспасөз қызметі болды. Қоғамымызға жаңалық ала келген ақпараттық институт демократия мен жариялялық бағытындағы нақты қадам ретінде бағаланды.

Синхрондау (Синхронизация; synchronization, timing) - 1) процестерді іске қосу сәтінің жүйедегі белгілі бір оқиғалармен үйлесімділігін анықтау, параллель процестер әрекеттерінің уақытша реттілігін жасақтау; 2) теңестіру.

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Сөйтіп, қарымды қаламгер, Солтүстік Қазақстан облысының «Қызыл ту» (бүгінгі «Солтүстік Қазақстан») және «Социалистік Қазақстан» (бүгінгі «Егемен Қазақстан»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінің, «Жұлдыз», «Жалын» журналдарының беттерінде шығармашылық талантымен танылған ақын Ербол Шаймерденұлы еліміздің баспасөз қызметінің алғашқы кірпішін қалады. Бұл кезеңде елімізде Президент институты енгізілген болатын, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сонымен қатар Қазақ КСР Президентінің де қызметін атқаратын.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) - Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Қазақстан Республикасы өз кезегінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының құқықтық мұрагері болып табылатындықтан, Ербол Шаймерденұлын Қазақстан Президентінің бірінші баспасөз хатшысы, еліміздің қоғаммен байланыс тәжірибесі тарихында тұңғыш рет ресми бекітіліп, танылған өкіл, баспасөз қызметінің жетекшісі деп есептеу орынды. Кейіннен, 1991 жылғы қаңтарда Ғадылбек Минажұлы Шалахметов Қазақ КСР Президентінің баспасөз хатшысы болып, ал 1992 жылдан
  1   2

  • Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында
  • Коммунистік
  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

  • жүктеу 82.33 Kb.