Главная страница
Контакты

    Басты бет


Информатика сабағында үйретілетін компьютердің құрал жабдықтары

жүктеу 61.12 Kb.



жүктеу 61.12 Kb.
Дата27.03.2017
өлшемі61.12 Kb.

Информатика сабағында үйретілетін компьютердің құрал жабдықтары



Информатика сабағында үйретілетін компьютердің құрал жабдықтары

Информатика-адам өмірінің әр түрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін,оны іздеу,жинау,сақтау және олардың адам-машина жүйелерінде ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым.

Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

Информатика компьютер,компьютердің жүйе және желілермен генетикалық байланысты және олардың өте үлкен көлемдегі ақпараттарды туғызуы,сақтауы және автоматтандыруы ақпараттық үрдістерге ғылыми көзқарасқа мүмкіндік пен қажеттілікті туғызады.

Информатиканың негізгі зерттеу объектісі қазіргі заман қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады. Дәлдеп айтсақ,бұл-ақпаратты жинау,өңдеу,беру және қолданудың арнайы технологиясына сүйенген автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық технологиялар.

Генетика - бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos” - шығу тегіне тән).

Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Компьютердің жадыhttp://www.metod-kopilka.ru/images/doc/60/61405/hello_html_m1128bbf.png
Ақпаратты сақтауға арналған компьютердің құрылғысы жад деп аталады. Компьютердің жады ішкі және сыртқы деп екіге бөлінеді. Компьютердің ішкі жады оның негізгі түрі болып саналады,өйткені процессор осы жадпен жұмыс істейді. Компьютер іске қосылған соң ішкі жадта программалар және мәліметтер орналасады.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Адамдар онымен компьютер іске қосылған кезде жұмыс істейді. Бірақ компьютер өшірілгеннен кейін,ондағының барлығы өшіріледі. Ішкі жады жедел жадтайтын құрылғы және тұрақты жадтайтын құрылғы болып екіге бөлінеді. Сыртқы жады ақпараттарды ұзақ мерзімде сақтау қызметін атқарады. Оған қатты диск,дискеттер немесе иілгіш дисклер, лазерлік дискілер және басқа да ақпараттарды тасымалдаушы құралдар кіреді.

Тінтуір

http://images.myshared.ru/815552/slide_22.jpg

Тінтуір-“графикалық” басқару құрылғысы. Тінтуірді кілемшенің үстімен жылжытқанда,экрандағы тінтуірдің нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып,қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді.

Тышқан (ағылш. mouse - тышқан) - бейнебетте көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, оларды бөлектеу үшін пайдаланушы қолданатын құрылғы.

Тінтуірдің екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып,объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып,экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді,суретті немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға бола


Пернетақта



http://images.myshared.ru/1021420/slide_18.jpg

Пернетақта(клавиатура-keyboard)-компьютерге мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы. Ол пернелерден тұрады,оның көмегімен сандық және мәтіндік ақпараттарды немесе түрлі командаларды енгізуге болады.

Жылжыту (Подкачка; paging, swapping) - виртуальдық жадтың беттерін немесе сегменттерін ауыстыру; осы сәтте жедел жадқа қажетті ақпаратты орналастыруды жасақтайтын жедел жад пен сыртқы жад арасындағы мәселелер тіркесін ауыстыру.

Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.

Мәтіндік ақпарат (текстовая информация; text information) - алфавиттік, цифрлық және басқа арнайы символдар жиыны. Мәлімет сақтайтын физикалық құрылғыларда ақпарат осы символдар тізбегімен беріледі.

Пернені басқанда,осыған сәйкес жазылған символ немесе басқа амал орындалады.

Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.

Қазіргі таңда кеңінен тараған Windows-қа лайықталған пернетақта 104пернеден тұрады, оның екеуі-Windows терезелері бейнеленген пернелер.Пернетақтаның әрбір пернесі оймақтай(механикалық немесе мембраналық)ажыратып-қосқышқа арналған қақпақ болып табылады.

Жүйелік блокhttp://ikaz.kz/wp-content/uploads/2015/09/juelikblock.jpg

Жүйелік блок-енгізуді шығаруға айналдыру үшін қажет болатын өңдеуші құралдар орналасатын компьютердің негізгі бөлігі. Осы өңдеуші құрылғыларға жүйелік тақта,ішкі дискіенгізгілер және әр түрлі жүйелік жабдық,соның ішінде бейне тақта мен дыбыстауыш тақталар кіреді.

Дискіенгізгі - белгілі тұрпаттағы дискінің құрамын оқу мен жазу үшін пайдаланылатын жадтау құрылғысы.

Мембрана(лат. membrana - жарғақша) - серпімділік теориясында - контур бойымен бекітілген өте жұқа пленка. Оның перпендикуляр беттегі серпімділік модулының бағыты нөлге тең. техникада - жұқа пленка немесе пластинка (әдетте контур бойына бекітілген).

Графикалық процессор (ағылш. graphics processing unit, GPU) - дербес компьютердің немесе ойын приставкасының графиканы бейнелеу (рендеринг (орыс.)қазақ.) үшін қолданылатын жеке құрылғысы. Қазіргі заманғы графикалық процессорлар компьютерлік графиканы жоғары тиімділікпен өңдеп, бейнелейді.

Жүйелік блок-дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғылары мен қоректендіру блогы орналасқан блок.

Принтер


Принтер-ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі:матрицалық,сия бүріккіш, лазерлік,сублимационалдық,жарық диодты(LED) принтерлер бар

.

Принтер (ағылш. printer) - мәтін мен кескіндерді қағазға немесе басқа да басып шығарылатын арқауларға шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі.



http://img.mvideo.ru/pdb/30015116b.jpg


Сканер


http://900igr.net/datas/informatika/ustrojstva-vvoda-vyvoda/0012-012-skaner.jpg

Сканер-қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді(суретті,т.б) машина кодына ауыстырып,компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай:жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді,оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды.Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.

Монитор

http://images.myshared.ru/815552/slide_20.jpg

Монитор (monitor)— 1) компьютер жадындағы мәтіндерді, бейнелерді экранда көрсететін құрылғы; оны дисплей,экран ал кейде бейне-блок деп те атайды. Монитор электронды-сәулелік түтікшеден, бейнекүшейткіштен,жайма генераторы қоректендіру бөлшегі және оларды басқару сұлбаларынан тұрады. Монитордағы кескінді құрастыру бөлшегі дербес компьютердің негізгі қорабында – жүйелік блогінде орналасады. Кейбір тұрмыста қолданылатын компьютерлерде Монитор орнына қосымша модуляторлық құрылғымен толықтырылған үйдегі телеэкранды пайдалануғаболады. Мониторлар мәтіндік және график режимде  жұмыс істей алады.

Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.

Мәтіндік режимде – Монитор экранына тек символдар шығарылып, олар таңбалық генератормен қалыптастырылатын ASCII кодтарының ұлттық әріптермен кеңейтілген символдар жинағынан тұрады. Графикалық  режимде –экранда өте майда мозаик бейнелер шығарылады. Монитордың график. Режимі аса қажетті болып саналады және оның айқындылығы пиксельдер мөлшерімен анықталатын экранның айқындау қабілетіне байланысты.

Пиксель (Pixel) - дисплей бетінде көрсетілетін ең кіші бейнесызбалық бірлік.

Соңғы кезде VGA және SuperVGA  типтиі Мониторлар қолданылып келеді. Олар мәліметтерді мәтіндік және график. режимдердің екеуінде де экрандағы пиксельдік нүктелер санына байланысты кез келген ақпарат түрлерін сапалы түрде бейнелейді. Монитордың мәліметті жақсы көрсетіп, оларды айқындау қабілеті экрандағы нүктелер санына байланысты, мыс., горизонталь бағытта 200 нүктені, ал вертикаль бағытта 640 нүктені бейнелейтін (640*200), сондай-ақ 800*600, 1024*768 (SuperVGA) және айқындау қабілеті одан да жоғары Мониторлар бар.

Горизонтальдар - жер бетіндегі абсолюттік биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын және жинақталғанда бедер нысанын беретін картадағы сызықтар. Қима биіктігін тандау бедердің, масштабтың сипатына және картаның арналу мақсатына байланысты.

Экрандағы нүктелер саны артқан сайын яғни нүкте көлемі кішірейген сайын (0,2 – 0,31 мм) Монитор сапасы да, бағасы да арта түседі. Түрлі түсті Мониторларда нүктелер көлемі 0,24 мм болады. Нүктелер көлемі 0,39 мм-ден үлкен Мониторларда экрандағы бейне анық көрсетілмейді. Мониторлар монохромды (ақ-қара түсті) және түрлі түстіболып ажыратылады. Монитордың негізгі сипаттамасына экран диагоналының дюйммен (1 дюйм=2,54 см) берілген қашықтығы жатады мыс., 14 дюйм, 15 дюйм, т.б. 
Модем

http://vl.shop.megafon.ru/images/goods/836/83655_p_20.png

Модем(ағылш.modem.modulator-demodulator)-сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы.

Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.

Деректерді әр түрлі арқаулар арқылы, мысалы телефон сымы арқылы немесе радиосигналдар түріндеберуге болады. Телефон сымы арқылы аналогтық сигналдар деп аталатын импульстарды беруге болады. Аналогтық сигналдар шуыл немесе электрлік-магнитті импульстар түріндегі кедергілердің әсеріне ұшырауы мүмкін.

Дыбыстық сигналдар дерек берудің едәуір жаңа әдісіболып табылады, онда дерек беру және қабылдау үшін екілікті пішім қолданылады (нөлдер мен бірліктер тізбегімен жұмыс істейтін кодтау/кодты ағыту жүйесі). Дерек беру мен қабылдау үшін компьютерлерде дәл осы пішім қолданылады. Алайда сандық сигналдарды телефон желісі арқылы беру мүмкін емес. Сондықтан телефон сымы арқылы дыбыстық сигналдарды берер алдында оларды аналогтық сигналдарға айналдырукерек. Және тиісінше деректі қабылдаушы жақ алынған деректі сандық сигналдарға айналдыруға тиіс. Модем осындай айналдыруды жүзегеасырады – сандық пішімнен аналогтық пішімге және керісінше.



Басқа компьютерге хабар жіберу кезінде модем шығару құрылғысы рөлін атқарады. Ал сіздің компьютеріңізге хабар келген кезде,модем енгізу құрылғысы ретінде жұмыс істейді. Модем-сыртқы немесе жүйелік блокқа кірістірілген болуы мүмкін. Сыртқы модемдер-бұл сым арқылы жүйелі блокқа қосылатын модемдер.


жүктеу 61.12 Kb.