Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Информатика» пәнінен Базалық конспектілер

жүктеу 0.65 Mb.



жүктеу 0.65 Mb.
бет4/5
Дата09.03.2017
өлшемі0.65 Mb.

«Информатика» пәнінен Базалық конспектілер


1   2   3   4   5

Стандартты құралдар үстелі –жаңа, сақтау, ашу, басып шығару, көшіру, қою

  • Пішімдеу құралдар үстелі – мәтін үшін талап етілетін параметрлерді және оның құжаттағы орнын белгілеуге арналған

  • Сызғыш – құжаттың өрістерін және өрістерден шегінуді белгілеуге мүмкіндік береді. Көлденең сызғыш құжаттың оң жақтағы және сол жақтағы өрістері мен шегіністерін белгілейді.

  • Тапсырмалар аймағы – пайдаланушы таңдау бойынша орындала алатын құжаттың ағымдағы тпсырмаларын көрсетеді.

  • Айналдыру сызығы – құжат ішінде қозғалып жүріуге мүмкіндік береді.

  • Күй жолағы- құжаттыңағымдағы бетінің нөмерін, бөлім нөмерін, беттер санын көрсетеді.

    Текстiк құжаттар редакторы – офистік программалардың кең қолданылатын түрі. Қазіргі кезде кең таралған текстiк редактор – MS Word болып табылады. MS Word – текстік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесiнiң қосымша программасы. Ол – текстік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алады.

    Word редакторының мүмкіндіктері:



    • Текстті шекаралары бойынша автоматты түрде түзету;

    • Автоматты түрде сөздерді тасымалдау;

    • Сөздердің дұрыс жазылуын тексеру;

    • Белгілі бір орнатылған уақыт аралығында текстті сақтау;

    • Санаулы минуттарда іс қағаздарын, резюме, автобиография, факс және т.б. көптеген құжаттарды құруға мүмкіндік беретін шаблондардың болуы;

    • Берілген сөз немесе текст фрагментін іздеу, оны көрсетілген фрагментпен ауыстыру;

    • Ішкі буфер арқылы жою, көшіру мүмкіндіктері;

    • Тексттке автоматты түрде құрылған күнін, уақытын, жазған адамның атын және т.б. қосуға болады;

    • Макрокомандалардың көмегімен текстке мәліметтер қорын немесе графика обьектілерін, *.wav форматындағы музыкалық модульдерді қосуға болады.

    Текстік құжатты құру.

    Тестік редакторлар жазу машинкаларына қарағанда тексті көркемдеудің көптеген мүмкіндіктеріне ие. Ішкі тақырыптарды, абзацтарды, жолдар арасындағы үлкейтілген аралықтарды, шрифт түрлерін, астын сызуды т.б. қолдану текст мазмұнының әсерлілігін арттырады. Дегенмен бір құжатта әр түрлі гарнитур шрифтерін көп қолданбаған дұрыс, себебі ол текст мазмұнын қабылдауды қиындатады. Бір мезгілде 2-3 шрифтен артық қолданбаған жөн. Мәтіндегі маңызды бөліктерді көрсету үшін әр түрлі түстерді қолдануға болады. Егер текст ақ-қара принтерде шығарылатын болса, кейбір түстер баспаға шығару кезінде қоңыр түс беріп, текстті оқуды қиындататынын есте ұстау керек. Тексті бөлу үшін рамкаларды қолдануға болады. MS Word құжат құрумен бір мезгілде орфографиялық тексеруді жүзеге асырады және қате терiлген сөздер болса, таныс емес сөздердің астын толқынды қызыл сызықпен сызып шығады. Грамматикалық тексеру дұрыс қойылмаған тыныс белгілерін, сөздердегі үйлесімсіздік және басқа қателерді анықтайды.



    Тексті теру.

    Тексті енгізудің екі режимі бар - қою және ауыстыру. Режимдерді ауыстырып қосу Insert пернесінің көмегімен жүзеге асырылады. Backspase пернесі курсордың сол жағындағы қате символды өшіреді, ал Delete пернесі курсор тұрған позициядағы символды өшіреді, оң жақтағы қалған символдар солға жылжиды.

    Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
    Енгізілетін символ қою режимінде автоматты түрде жолды жылжытады немесе ауыстыру режимінде символды алмастырады. Ағымдағы жолдың соңына жеткен кезде курсор автоматты түрде жаңа жолға көшеді. Enter пернесі абзацтың соңына жеткен кезде басылады.



    Текстік құжатты редакциялаудың базалық функциялары

    Редакциялаудың негізгі операцияларына келесі әрекеттер жатады:



    • Текст фрагментін қосу;

    • Текст фрагментін жою;

    • Текст фрагментін жылжыту;

    • Текст фрагментін көшіру;

    • Іздеу және контекстік ауыстыру.

    Фрагментті қолданушы көрсеткен текстің бір бөлігі деп түсінеміз. Ерекшелеу тышқанның немесе клавиатураның көмегімен жүргізіледі.
    Бақылау сұрақтары:

    1. MS Word

    2. Word редакторының мүмкіндіктері:

    3. Текстік құжатты құру.

    4. Тексті теру.

    5. Текстік құжатты редакциялаудың базалық функциялары

    6. Құжат терезесінің элементтерін ата және сипатта
    5 тарау. Компьютерлік графика

    Тақырып 5.

    Компьютерлік графика - 2011 жылы Алматы қаласы «Дәуір» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы - Б. Н. Нұрмаханов, Д. Д. Әбілдабекова, У. Т. Қарымсақов. Беттер саны - 200.
    1 Компьютерлік графика түрлері

    Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. 

      Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста  жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері  өз жұмыстарының 90 % уақытын  осы графикамен шұғылдануға  жұмсайды екен.

      Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған  World Wide Web қызметінің  пайда болуынан туындады.

    Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
    Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.

    Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және  әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.

    Медицина (лат. medicina: medicus - дәрігерлік, емдік) - адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.

    Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады.

    Автомобиль (гр. αὐτο - өздігінен және лат. mobilis - қозғалушы) немесе машина, өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі.
    Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.

     Компьютерлік графиканың түрлері

    Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді.

    Бағытталған кесінді A B → }} деп A - “бас нүктесінен” бастап екінші B - “соңғы”нүктесіне дейінгі түзу бойындағы нүктелер жиыны.
    Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.

     Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.     

    Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. 

      Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады.

    Компьютерлік жады (сыртқы немесе қосалқы жады, ақпараттарды сақтауға арналған құрал, сақтағыш құрал) - белгілі бір уақытта есептеуде қолданылатын, ақпарат сақтауға арналған физикалық құрылғы немесе орта болатын, есептегіш машина бөлігі.
    Растрлық кескін (Растровое изображение; raster display) -айқындылығы мен түсі әр түрлі пиксельдер жиымы түрінде қалыптасатын кескін.
    Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.

    Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар. Артықшылығы:  растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады. Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан). Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады). Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.     Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады.

    Полиграфия (поли… және …графия)- мәтіндік және графикалық материалдарды басып шығаруға арналған техникалық құралдар жиынтығы; техника саласы. Полиграфияның негізі 1440 ж. неміс өнер тапқышы И.Гутенбергтің (1406 - 1468) кітап басуды ойлап табуынан бастап қаланды.
    Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.

     Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер.

    (грек. photo - жарық және metre ‘о - өлшеймін) - жарық күшін, жарық энергиясын, жарықталғандықты, сәулелікті, сәулелендіруді, жарықтың экспозициясын, сонымен қатар материал дардың жарықтық сипаттамаларын - шағылыстыру, өткізу жоне жарқылдау коэффициенттердің және т.б.
    Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ - жер и көне грекше: μετρέω - «өлшеу») - математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.
    Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

      Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

      Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.

     Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.  

    Бақылау сұрақтары:

    1. Компьютерлік графика

    2.Растрлық графика

    3.пиксельдер

    4.Векторлық кескіндер

     5.Фракталды графика



    Тақырып 5.4 Анимация, мультипликация. Дыбыстық эффектілер.
    Анимация қозғалмайтын, өлі объектіден қозғалыс иллюзиясын құратын технология.

    ЕҢ көп тараған түрі- мультипликация, салынған суреттердің сериясынан тұрады. Барлық келесі суреттерде фигура әр түрлі қозғалыста болады. Суреттің бөліктері кадрлап фотоға түсіріледі, одан кейін экранға проектіленеді. Дыбысты анимацияда секундына 24 кадр, ал дыбыссызында секундына 16 кадр.

    Секунд - (лат. secunda dіvіsіo - екінші бөліну) (бастапқыда градустың, одан кейін сағаттың) - 1) уақыттың жүйелік бірлігі; СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі. Белгіленуі - С; 1 с - Cs атомының (өлшемдер мен салмақтар бойынша 13-Бас конференцияның резолюциясы бойынша, 1967) аса жұқа екі деңгейінің арасынан өткен сәуле шығаруының 9 192 631 770 периодына тең.
    Анимацияның мақсаты-шынайы өмірде болмайтын қозғалыстар мен эффектілер. Мысал үшін: кейіпкерлер ауада жүреді, оларды бірнеше бөлікке бөліп тастасаң да өздерін қайта құрасырады.


    (multiplicatio латынша - көбейту, үлкею, өсу) мультипликация - қозғалмалы және қозғалыссыз табиғаттың түрлi объекттерінің формасының өзгерiсiнiң және қозғалатын суреттер, қозғалыстың бос қиялдарының алуының техникалық әдiстерi.

    Кино және телефильмдердiң кейiпкерлер немесе сахналары жеке алғанда. Мультипликациялық техниканың арқасында кинематограф және көркем фильмдер пайда болды.

    Адам қабылдауына байланысты 1 секунда 18 кадр қозғалысы болуы керек.
    (animation француз - жандану) анимация - мультипликацияның батыстық атауы: кино өнерiнiң түрi және оның (мультфильм ) шығармасы


    • Компьютер анимациясы - объекттердiң формасы немесе қимыл фазалары бар кадрлар, бiртiндеп суреттердiң көрсетуi алдын ала дайын тұрған график түрiнде файлдардың (слайд) бiртiндеп көрсетiлуі , сонымен бiрге қозғалыстың компьютер арқылы өзгеруі.

    анимация – жансыз заттарға жан бітіреді, оларды әр түрлі қозғалысқа түсіреді. Жансыз заттарға адамныңәртүрлі фантазияларын қолдануға мүмкіндік береді.
    Мультипликация мен анимация – өнердің бір түрі, мультипликация технологиясын туынды эленменті ретінде қолданады.


    • Мультипликация, анимация — суреттер жинағы, толық мультпликациялық қойылым немесе оның фрагменті.

    • Мультипликациялық фильм, мультфильм — мультипликациялық өнердің біткен туындысы.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Мультипликация

    2.Анимация

    3.Кадр


    4.Компьютерлік анимация
    6 тарау. Презентация

    Тақырып 6.1 Презентация компоненттері



    Power Point бағдарламасын ашу







    Бақылау сұрақтары:

    1. Power Point

    2. Слайд дегеніміз не?

    3. Презентация дегеніміз не?

    4. Презентацияның кеңейтілуі
    Тақырып 6.2 Презентация құралдары. Power Point бағдарламасы.

    PowerPoint 2007 бағдарламасын бірінші рет ашқан кезде пайдаланушылық тілдесудің өзгергенін көресіз. Терезенің жоғарғы бөлігінде PowerPoint пәрмендеріне арналған жаңа құрылым орналасқан. Бұл құрылым қажетті мүмкіндіктерді табуға және пайдалануға, сонымен қатар, өте тартымды көрмелер жасауға көмектеседі.

    Алға ұмтылып, жаңа PowerPoint бағдарламасын пайдалануды бастаңыз. Ненің және неліктен өзгергенін көріңіз. Содан кейін әдеттегіше әрекеттеріңізді істеп көрмемен жұмыс істеңіз. Кері оралғыңыз келмейтін болады.

    Курс туралы толық мәлімет алу үшін осы бетті оқып шығыңыз, одан кейін бастау үшін

    PowerPoint терезесінің жоғары жағы елеулі өзгерістерге ең көп ұшыраған аймақ болып табылады. Әдетте көріп жүрген мәзірлер мен құралдар тақталарының орына бұл жерде топтарға реттелген көптеген өте көрнекі пәрмендері бар ұзын таспаны көруге болады.

    Бұл таспа деп аталады және ол — көрмелерді жасауға арналған басқару орталығы. Оның жасақтамасы бойынша бұрынғы дағдыларды алып, құлымдарының толық мәліметтерін қарайсыз, сонда оларды пайдалану оңай болады.

    PowerPoint 2007 бағдарламасының пернелер тіркесімдері, жылдам қатынау тақтасы және тағы басқалар сияқты басқа жайттары туралы көбірек мәліметтерді тауып алыңыз.

    Сонымен, үйреншікті пәрмендер жүйесін не мақсатпен өзгерттік? Себебі, біз сіздің қалай жұмыс істейтініңізді біліп алдық. PowerPoint бағдарламасын пайдаланатын адамдар нақты бір пәрмендерді ұнатып, сол пәрмендерді қайта қайта пайдаланады.

    Осыны сипаттап, қолдау үшін, біз сол пәрмендерді барынша танымал, ең бірінші көрінетін етіп жасадық. Мақсатымыз оларды көрсетілмейтін мәзірлерден немесе құралдар тақталарынан іздеп жүрмеу үшін көрнекі етіп жасау және сақтау болып табылады.

    Таспаның бірінші қабаты немесе қойындысы ең көп пайдаланылатын пәрмендер жинағы және Басты қойынды деп аталады. Түймешіктер түрінде көрсетілетін осы пәрмендер ең жиі қолданылатын көшіру мен қою, слайдтарды қосу, слайд орналасуын өзгерту, мәтінді пішімдеу мен орналастыру және мәтінді табу мен ауыстыру сияқты тапсырмаларды қолдайды.

    Таспада басқа да қойындылар бар. Қойындылардың әрқайсысы көрмені жасау барысында орындалатын жұмыстар түріне арналған. Әр қойындыдағы түймешіктер логикалық топтарға бөлінген. Әр топтағы ең көп пайдаланылатын түймешіктер өлшемдері бойынша ең үлкендері болады. Пайдаланушымен бұрынғы нұсқаларда сұралған, бірақ табылмаған жаңа пәрмендер енді көзге көрінетіндей етіп жасалған.

    Таспа бірнеше қойындылардан жасалады. Басты қойындылары:

    «Кірістіру» қойындысы Бұнда слайдқа орналастырылуы мүмкін барлық элементтер — кестелерден, суреттерден, диаграммалардан, және мәтін ұяларынан бастап, дыбыстарға, еренсілтемелерге, үстіңгі деректеме және төменгі деректеме бар.

    «Жасақтау» қойындысы Өң жасақтамасын, қаріптерді және түсті схемаларды қамтитын слайдтың кемел көрінісін таңдаңыз. Одан кейін сол түрді теңшеңіз.

    «Қимылдану» қойындысы Барлық қимылдану әсерлері осы жерде жинақталған. Тізімдерге немесе диаграммаларға негізгі қимылдануларды қосу енді әлдеқайда оңай.

    «Слайдтарды көрсету» қойындысы Бастау үшін түсті қарындашты немесе нақты бір слайдты таңдаңыз. Жазба мәтіні, көрсетуді іске қосу және басқадай дайындық элементтері.

    Жазба, математикада - қисық сызықтың жазбасы - ұзындығы берілген қисық сызықтың ұзындығына тең болатын түзу кесіндісі. Мұндай кесіндіні іздеу қисық сызықты түзулеу деп аталады. Қисық сызықтың жазбасы деп кейде оның эвольвентасы түсініледі.

    «Сараптау» қойындысы Емлені тексеру мен анықтамалық материалдар қызметін осы жерден таба аласыз. Егер тобыңызға көрмені қарап шығу үшін түйін жасап, одан кейін сол аңғартпаларға шолу жасау қажет етілсе, осында кіріңіз.

    «Көрініс» қойындысы Ескерімдер бетінің көрінісіне жылдам ауысуды, тор сызықтарын қосуды немесе ашық тұрған барлық көрмелеріңізді терезеде үйлестіріңіз.

    Қажет етілетін қойындылар

    Таспада жұмыс істегенде пайда болып және жасырылып отыратын бірегей түсті қойындыларға назар аударыңыз. Олардың қатарына суреттер мен сызбалар сияқты элементтерге арналған арнайы пішімдеу құралдары бар мәтінмәндік қойындылар болады. Олар жөнінде қосымша мәліметтер кейінірек беріледі.

    1. Өту әсерлерінің бірнеше түрі таспада көрсетілген.

    2. Қосымша әсерлерді табу үшін Қосымша түймешігін басыңыз.

    3. Өту әсерлерінің толық жиынтығы көрсетілген. Слайдта алдын ала қарап алу үшін меңзерді кез келген әсерге апарыңыз; оны қолдану үшін нұқыңыз.

    PowerPoint бағдарламасында кескіндер мәнерлері немесе WordArt түрлері немесе қимылдану әсерлері сияқты кез келген элементің көптеген таңдауы болса, таңдаудың бірнешеуі таспада көрсетіледі. Таңдаулардың толық жиынтығын көру үшін, суретте көрсетілгендей Қосымша көрсеткісін нұқыңыз.

    Алдын ала қарап шығуды көрсету Тінтуір меңзерін жиынтықтағы нобайға апарғанда (көрсеткішті апару), кескін немесе қимылдану әсері қолданылғанда қандай көрініске ие болатындығын көруге болады. Оны ұнатпасаңыз, болдырмайтын ештеңе жоқ. Не бары көрсеткішті басқа нобайға апарып, қолданғыңыз келетіннің бірін нұқыңыз.

    1. Қалаған параметрді топтан көрмесеңіз, мысалы, осы жерде суреттелген Қаріп тобын, бұрыштағы көрсеткіні нұқыңыз.

    2. Таңдауға болатын көптеген параметрлері бар тілқатысу терезесі ашылады.

    Бұл жерде топқа сыйғызуға болатын қосымша пәрмендер мен параметрлер әлде қайда көп болатындығы анық. Тек ең көп пайдаланылатын пәрмендер ғана көрсетілген. Егер сирек қажет етілетін біреуін пайдаланғыңыз келсе, топтың төменгі бұрышында көрсетілетін қиясызық көрсеткіні нұқыңыз. Ол қосымша параметрлерді ашып береді.

    Мысалы, Басты қойындысының Қаріп тобында қаріп түрлері мен өлшемдері, қалыңдығы, көлбеулігі, түсі және т.с.с. арналған әдеттегі пішімдеу түймешіктерін табуға болады.

    Егер пішімдеудің басқа түрлері қажет етілсе, мысалы, жол үстілік, Қаріп тілқатысу терезесін ашу үшін осы топтағы көрсеткіні нұқыңыз.

    Көрсеткі осы топтағы пәрмендерді ашуды қажет ететін слайдпен жұмыс істегенде көрсетіледі. Мысалы, слайдтағы мәтін толтырғышын нұқығаныңызда көрсеткі Басты қойындысының мәтінмен жұмыс істеуге қатысты пәрмендері бар әр топта шығарылады.

    Кеңес: Таспаны кішірейту Егер терезеде қосымша жұмыс кеңістігі қажет етілсе, таспа пәрмендерін уақытша жасыру жолымен оған қол жеткізуге болады.

    Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.
    Бұны жаттығу сеансында орындап көре аласыз.

    Көрмемен жұмыс істеп отырғанда негізгі немесе қайталанбалы болып табылатын кейбір әрекеттер орындалады және бұл кезде үрдістің жеке бөлігінде файлды сақтау немесе орындағыңыз келмеген әрекетті болдырмау сияқты әрекеттерді орындау қажет етілмейді.
    Бақылау сұрақтары:


    1. Бағдарлама интерфейсі

    2. Бағдарламаны ашу жолдары

    3. Бағдарламаның сақталуы

    4. Слайдтарды көрсету түсінігі

    5. Презентация түсінігі


  • 1   2   3   4   5

  • Тапсырмалар аймағы – пайдаланушы таңдау бойынша орындала алатын құжаттың ағымдағы тпсырмаларын көрсетеді. Айналдыру сызығы – құжат ішінде қозғалып жүріуге мүмкіндік береді.
  • Күй жолағы- құжаттыңағымдағы бетінің нөмерін, бөлім нөмерін, беттер санын көрсетеді.
  • Текстік құжатты редакциялаудың базалық функциялары
  • 5 тарау. Компьютерлік графика
  • Компьютерлік графиканың түрлері
  • Растрлық графикада
  • Тақырып 5.4 Анимация, мультипликация. Дыбыстық эффектілер.
  • Мультипликация , анимация
  • Бақылау сұрақтары
  • Тақырып 6.2 Презентация құралдары. Power Point бағдарламасы.

  • жүктеу 0.65 Mb.