Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Информатика» пәнінен Базалық конспектілер

жүктеу 0.65 Mb.



жүктеу 0.65 Mb.
бет2/5
Дата09.03.2017
өлшемі0.65 Mb.

«Информатика» пәнінен Базалық конспектілер


1   2   3   4   5

Қоғамды ақпараттандыру процесі.


4. Информатиканың құрылымы, басты функциясы және есептері.
1. Ақпараттық революциялардың ролі және мәні

Цивилизацияның даму тарихында көптеген ақпараттық революциялар болды.

Революция (лат. revolutіc - бетбұрыс, төңкеріс) - табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер. Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғыл.-тех., мәдени, т.б. Революцияларды немесе бетбұрыстық мәні бар адамзат қол жеткізген табыстарды жатқызуға болады.
Тарих (көне грек. ἱστορία -сұрастыру, зерттеу) - адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым.
Олар: қоғамдық қатынастарды түрлендіру барысында ақпаратты өңдеу сферасында көптеген түпкі өзгерістер енгізді. Мұндай түрлендіру нәтижесінде адамдар қоғамда жаңа сапаларға ие болды.



Бірінші революция жазудың пайда болуымен байланысты. Жазудың көмегімен білімді ұрпақтан ұрпаққа қалдыруға мүмкіндік туды.

Екінші (XVI ғ. Ортасы) кітап басып шығарумен байланысты.

Үшінші (XIX ғ.соңы) электрлік құрылғылары телеграф, телефон, радионың пайда болуы, ақпаратты тез беруге және көп көлемде сақтауға мүмкіндік берді.

Төртінші (XX ғ 70 ж.) микропроцессордың және дербес компьютердің пайда болуымен байланысты.
Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.

Соңғы ақпараттық революция бірінші жоспарға жаңа бағыт – информациялық индустрияны енгізді. Ол жаңа технологиялық әдістер, технологиялармен байланысты.

Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.
Қазіргі заманғы ақпарат жүйелері сол саладағы табыстарға сүйінеді.

Компьютерлық техникалардың және ақпараттық жүйелердің дамуы қоғамның дамуына, әр түрлі ақпарат алуға түрткі болды.
2. Ақпараттық қоғамның түсінігі.

Ғалымдар ақпараттық қоғамда компьютерлену процессі адамдардың жаңа ақпараттарды дер кезінде білуге мүмкіндік береді және ақпаратты өңдеуде жоғарғы деңгейдегі автоматизацияны пайдалануға мүмкіндік береді деп санайды. Бұл даму қоғамда материалдық бағыт емес, ақпараттық бағытта болуы керек. Ақпараттық қоғамда материалдық және технологиялық база, компьютерлық жүйе және компьютерлық техникалар әртүрлі типтегі базада болады.

Ақпараттық қоғам – бұл көбінесе жұмыс істеушілердің ақпаратты сақтаумен, өңдеумен айналысатын қоғам.

Көптеген ғалымдар ақпараттық қоғамға мынадай белгілер жатады:



  • Ақпараттық кризистің мәселелерін шешу, ақпараттық аштық пен ақпараттық лавина арасындағы келіспеушілік;

  • Басқа салаларға қарағанда ақпараттық приоритет қамтамасыз етілген;

  • Дамудың басты формасы ақпараттық экономика болады;

  • Берілген ақпараттарды жаңа тәсілмен өңдеу, сақтау, автоматтандыру болады;

  • Адамдық революцияда ақпараттық бірлік орнайды;

  • Әрбір адам информатика арқылы еркін ақпараттық ресурстарға кіре алады;

  • Қоғамды басқару және қоршаған ортаға әсер ету үшін әлеуметтік принциптер енгізіледі;
    Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
    Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.


Ақпараттық қоғамның жақсы жағымен қатар жаман жақтары да болады:

  • Бүкіл әлемдік ақпарат жүйелерінің қоғамға әсер етуі;

  • Ақпараттық технологиялар адамның және ұйымның жеке өмірін бұзады;

  • Ақпараттың шын және сапалы екеніне күмән туады;

  • Көптеген адамдарға ақпараттық қоғамда биімделу оңай болмайды;



3. Қоғамды ақпараттандыру процесі


Қоғамды ақпараттандыру - бұл ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-технологиялық әдістерді құратын адамдар, мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік емес ұйымдар үшін ақпараттық жүйелерді қолдану.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Қоғамды ақпараттандыру қазіргі заманның прогресі болып саналады.
4. Информатиканың құрылымы, басты функциясы және есептері

Информатика — бұл компьютерлердің және олардың қолданылу айналасымен арақатынасының көмегі арқылы ақпаратты түрлендіру процесстерімен байланысты адамзат шығармашылығының облысы.

Информатиканың құрылымы


Информатика кең мағынада адамзат шығармашылығының барлық сферасында басты әдіс компьютерлер көмегімен және байланыстың телекоммуникациялық әдісі арқылы ақпараттың қайта өңделуімен байланысты ғылымның, техниканың және өндірістің әр түрлі салаларының бірлігін білдіреді.

Информатиканы тар мағынада үш өзара байланысты бөліктен құралған деп елестетуге болады - техникалық әдістер (hardware), бағдарламалық әдістер (software), алгоритмдік әдістер (brainware).

Телекоммуникациялар (ағылш. Telecommunications) - негізі ақпарат тарату құралдары мен әдістері болып табылатын әрекет аймағы. Телекоммуникациялар немесе коммуникациялар мемлекетгің инфрақұрылымның маңызды белігіне жатады.
Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)

Өз кезегінде, информатиканы толық сияқты, жеке бөліктерін де әр түрлі позициядан қарастырады(сурет 1): ұлттық шаруашылық саласы сияқты, фундаменталды ғылым сияқты, қолданбалы пән сияқты.





Сурет 1. Информатиканың ғылымның, қолданбалы пәнінің саласы сияқты құрылымы


Информатиканың есептері

Информатиканың негізгі функциясы ақпаратты түрлендірудің әдістері мен тәсілдерін өңдеуге және оларды ақпаратты қайта өңдеу технологиялық процесін ұйымдастыруда қолданылуға енгізілген.

Информатиканың есептері келесілерден тұрады:

  • Кез келген табиғаттағы ақпараттық процестерді;

  • ақпараттық процестерді зерттеу алынған қорытындылар қоймасында ақпаратты қайта өңдеудің жаңа технологиясын ойлап шығару және ақпараттық техниканы өңдеу;

  • компьютерлік техника мен технологияларды қоғамдық өмірдің барлық салаларында құру, енгізу және тиімді қолдануды қамтамасыз ету ғылыми және инженерлік мәселелерін шешу.

Информатика өзімен-өзі өмір сүрмейді, ол басқа облыстардағы мәселелерді шешу үшін жаңа ақпараттық техникалар мен технологияларды құру үшін шақырылған комплексті ғылыми- техникалық пән болады. Ол басқа облыстарға зерттеудің әдістері мен тәсілдерін ұсынады, тіпті процесстер мен құбылыстардың қалыптаспаулығынан сандық әдістерді қолдану мүмкін емес деп саналатын жерлерде де. Информатикада компьютерлік техника арқасында мүмкін болған математикалық модельдеу және кескіндерді танып білу әдістерін, практикалық үлестірілуді бөліп көрсету керек.
Инженер - инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.
Математикалық модельдеу - кез келген құбылыстарды немесе күрделі физ. процестерді, аппараттарды олардың математикалық модельдерін құру арқылы зерттеу тәсілі; матем. модельді құру процесі. Матем. модель деп қажетті процесті немесе аппаратты сипаттайтын матем.
Информатика индустриясының комплексі ақпараттық қоғамда жетекші рол атқарады. Қоғамдағы бар үлкен ақпараттылыққа, тенденция заттық дәрежеде информатика прогресіне ғылымның, техниканың және өнеркәсіптің бірлігі сияқты тәуелді.
Тақырып 1.3 Санау жүйесі.

Берілген санды көрсету үшін қолданылатын белгілер және ережелер жиыны санақ жүйесі деп аталады.

Санақ жүйелері тұрған орнына байланысты мағынасын өзгертетіндер (позициялықтар) және позициялық еместер болып екіге бөлінеді.

Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.
Позиция (лат. posіtіo - орны, жағдайы, орналасқан жері) - Қандай да бір нәрсенің орны, орналасуы (мысалы, шахмат тақтасындағы фигуралардың позициясы); Шекті музыкалық аспаптың мойнындағы сол қолдың бір жерде тұрып, дыбыстардың белгілі бір кезектігін орындайтын орны; Классикалық бидегі қолды ұстап тұру мен аяқтарды қоюдың бұлжымас ережелері.

Позициялық сандық жүйеде цифрдың мағынасы оның орналасқан позициясына байланысты өзгереді. Мысалы, 555,5 қандай позицияда тұруына байланысты бұл санның мағынасы өзгеруде.

Позициялық емес сандар жүйесінде цифрдың тұрған орны оның мағынасын өзгертпейді. Мысалы, римдік сандық жүйелер. ХХХ санында Х- ондық санның белгісі және оның мағынасы тұрған орнына байланысты емес.

ЭЕМ- дерде тек позициялық сандық жүйе ғана қолданылады; себебі бұл жүйеде санды жазу басқа жүйеге қарағанда жинақы және есептеуге ыңғайлы.

Тарих бойынша ондық сандық жүйе ең көп тараған жүйе болса да, онымен қатар көптеген сандық жүйелер осы күнге дейін адам өмірінде қолданылып келеді. Мысалға, Майя халқы – жиырмалық, индейцтер- бестік- ондық, Европада революцияға дейін – он екілік (дюжина), ал Қытайда- бестік жүйелер қолданылады.

Негізінде кез келген сандық жүйе құруға болады. Сандық жүйенің негізі ретінде кез келген бүтін санды, мысалы, 2, 3, 8 және т.б. қабылдап, соларға сәйкес екілік, үштік, сегіздік және басқа да сандық жүйе құруға болады.

Позициялық сандық жүйеде кез келген негізге мынадай қағида дұрыс келеді: қарастырылып отырған разрядтағы бірліктер алдыңғы разрядтың бірліктерінен қанша есе көп екенін көрсететін сан, сол сандық жүйенің негізі болып есептелінеді. Сондықтан кез келген позициялық сандық жүйеде тұрған санды мынадай түрде жазуға болады:

Nq = knqn kn-1qn-1 … k1q1 k0q0 …,

Мұндағы Nq q – сандық жүйеде тұрған сан;

q - жүйенің негізі;

n – разрядтың нөмері;

Кn – қарастырылып отырған разрядтың бірлік санына тең коэффициент.

Мысалы, 35,72 – саны үшін, бұл коэффициент осы санның бір- бірінен кейінгі цифрларының мәні, яғни 3, 5, 7, 2.

Сан - мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланылатын абстракт нәрсе.

35,72(10) = 3*101 5*100 7*10-1 2*10-2

немесе

6745(10) = 6*103 7*102 4*101 5*100



Ондық сандық жүйеде ЭЕМ-де информацияны өңдеу ыңғайсыз, себебі есептеу машиналардың негізгі жұмысшы элементтері екі позицияда ғана болады: «Қосылған», «Айырылған» және т.б.

ЭЕМ- де мәліметтерді екілік жүйеде өңдеу өте ыңғайлы, себебі екілік жүйеде санның кез келген разряды тек және 1 өрнектеледі, ал мұндай цифрлардың физикалық моделін құру техникалық тұрғыдан қарағанда өте оңай.

Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.
Техникада көптеген тетіктер екі тиянақты жағдайда болуы мүмкін. Мысалға, реле: контактылар қосылған – модель – 1, айырылған модель – 0.

Екілік сандық жүйенің негізін 1850ж. Ағылшын ғалымы, математик Дж. Буль ойлап тапқан. Бұл жүйе екі цифрмен 0 және 1 өрнектеледі. Бұл жүйенің түбірі 2.

100100 екілік санын мынадай түрде жазуға болады:

100100(2) = 1*25 0*24 0*23 1*22 0*21 0*20.

Екінші буынға жататын ЭЕМ- дерде сегіздік сандық жүйе де қолданылады. Бұл сегіздік сандық жүйе, машинаға есепті программалауға дайындағанда, команданы жазу үшін және машинаға еңгізу үшін қолданылады.

Сегіздік сандық жүйеде тек 0- ден 7 дейінгі цифрлар қолданылады.

Әр түрлі позициялық сандық жүйеде сандарды жазу



Ондық

q= 10


Сегіздік

q= 8


Бестік

q= 5


Үштік

q= 3


Екілік

q= 2


0

0

0

0

1

1

1

1

1

01

2

2

2

2

10

3

3

3

10

11

4

4

4

11

100

5

5

10

12

101

6

6

11

20

110

7

7

12

21

111

8

10

13

22

1000

9

11

14

100

1001

10

12

20

101

1010

11

13

21

102

1011

12

14

22

111

1100

13

15

23

111

1101

14

16

24

112

1110

15

17

30

120

1111

2. Бір сандық жүйеден екінші жүйеге көшіру.


а) Бүтін санды көшіру ережесі. Ондық санды басқа сандық жүйеге көшіру үшін оны жаңа жүйенің түбіріне рет- ретімен бөліп, қалған қалдықтарды ақырғысымен қоса, алынған тәртібіне керісінше жазу керек.

Мысалы, 25 екілік сандық жүйеге көшір

25(10) = Х(2) -> 11001(2)

оқу рет


б) Бөлшек санды басқа жүйеге көшіру ережесі. Ол үшін санның бөлшегін жаңа жұйенің түбіріне көбейтеді. Көшіру процесі үтірден кейін қанша разрядқа дейін жүргізілу керек болса сонша разрядқа дейін жүргізіледі.

Мысалы, 0,3125(10) ->Х(2) -> 0,0101(2)

в) Аралас бөлшек санды басқа жүйеге көшіру. Аралас бөлшек сандарды басқа жүйеге көшіру үшін ең бірінші бүтін санды, сонан кейін бөлшек санды, жоғарыдағы көрсетілген ереже бойынша жаңа жүйеге көшіреді де, содан кейін екеуін бірге жазады.

Мысалы, 25,5(10) ->Х(2) -> 11001,1(2)

3. Сегіздік және екілік жүйелердің арасындағы байланыс.

Тәжірибеде, программа құрған кезде (үшінші буынды машиналарға дейін) команданың нөмірін, санның адресін, операцияның кодын, алғашқы мәліметтерді және т.б. сегіздік жүйеде өрнектейді. Бірақ біз білеміз ЭЕМ- де қандай информация болмасын тек екілік жүйеде ғана жазылады. Сондықтан, ЭЕМ- де арнайы құрал арқылы «триад» кестесінің көмегімен ақпаратты сегіздік жүйеден екілік жүйеге ауыстырады.

Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.
Арнайы құрал (Специальный инструмент) - жұмыстардың тек бір түрін орындауға арналған құрал.
Үлкен сандарды екілік жүйеге ауыстыру өте үлкен есептеуді қажет етуіне байланысты, оларды бірінші сегіздік жүйеге, содан кейін «триад» кестесін қолданып екілік жүйеге ауыстырған жөн.

Екілік «триад»


Сегіздік

Екілік (триадалар)

0

000

1

001

2

010

3

011

4

100

5

101

6

110

7

111

Кез келген сегіздік жүйеде өрнектелген санды «триад» кестесін қолданып оңай екілік жүйеге көшіруге болады.

Мысалы, 245,37(8) ->Х(2)

Ауыстыру реті:

2 4 5 3 7

010 100 101 011 111

немесе


245,37(8) -> 10100 101, 011111(2)

Санды екілік жүйеден сегіздік жүйеге көшіру үшін, оны үш-үш цифрдан топ- топқа бөледі, әр бүтін санды топ- топқа бөлу үтірден солға қарай басталады да, ал бөлшек жағы үтірден оңға қарай жүреді.

Бірінші және ең ақырғы санды, үш цифрға толғанша нольмен толтырады да, әр үш цифрдағы топты сегіздік жүйенің цифрларына ауыстырады. Мысалы, 11011101,1011(2) -> Х(8)

011 011 101, 101 100

3 3 5 5 4

немесе


11011101,1011(2) ->335,54(8)

Осындай бірінен- біріне механикалық көшіру ретімен, клавиш (тетік) құрылғысы арқылы перфоратор сегіздік жүйеде жазылған бағдарламаны екілікке ауыстырып ЭЕМ- ге еңгізеді.

Екілік жүйедегі арифметикалық операциялар. ЭЕМ- де арифметикалық әрекеттер қалай жүргізіледі? Бұл сұраққа жауап беру үшін, екілік жүйеде арифметикалық операциялар қалай жүретінімен танысайық. Себебі ЭЕМ- де арифметикалық әрекеттер негізінде екілік жүйеде жүреді.

ЭЕМ жасалмай тұрып, 1850ж. ағылшын математигі Дж. Буль екілік алгебраны қарастырып шықты (Қазіргі кезде бұл алгебраны, математикалық логика деп атайды).

Перфоратор (лат. perforo - тесемін) әріптік немесе цифрлық ақпараттарды перфокартада, перфотаспада тесік жасау арқылы жазатын құрылғы. Тесік жасаушы тетік және жетектен тұрады. Жетектің типіне байланысты Перфоратор механикалық, электрикалық, электрикалық-магниттік, пневматикалық немесе гидравликалық; басқару әдісіне қарай қолдық, жартылай автоматты, автоматты; мағлұмат тасушының түріне қарай таспалық және карталық болып бөлінеді. Перфоратор байланыс техникасында, ЭЕМ-дарда сандық немесе әліпбилік-сандық ақпаратар енгізу немесе алу үшін қолданылады. Кинотаспаның, диаграммалық қағаздардың шеттерін тесуге арналған машина. Бұрғылаушы балға.
Арифметика (грек. arіthmētіkē, arіthmos – сан) - сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше arіthmetіke, arіthmos – сан).
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Алгебра (араб.: الجبر‎ әл-джәбр) - математиканың алгебралық теңдеулерді шешу жөніндегі есептерге байланысты дамыған негізгі бөлімдерінің бірі. Алгебра атау және жеке ғылым саласы ретінде Мұхаммед әл-Хорезмидің (9 ғасыр) 1-, 2-дәрежелі теңдеулерге келтірілетін есептердің жалпы шешімі көрсетілген “Әл-джәбр уә-л-муқабәлә” атты еңбегінен бастау алады.

Екілік жүйеде әр түрлі арифметикалық операцияларды орындау үшін мына ережелерді білу керек.
Бақылау сұрақтары:

1.Санау жүйесі дегеніміз

2. Санау жүйесінің жіктелуі

3. Позициялық санау жүйесі

4. Позициялық емес санау жүйесі

5. Екілік санау жүйесі

6. Сегіздік санау жүйесі

7. Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру ережесі


2 тарау. Дербес компьютердің құрылғылары

Тақырып 2.1 Дербес компьютердің құрылғылары

Дербес электронды есептеуіш машина (ДЭЕМ) біздің заманымыздағы, яғни ХХІ ғасырдағы негізгі қызметтік құрал болып табылады.

Ғасыр - 100 жылға тең уақыт бірлігі. Грегориан күнтізбесіне сәйкес алғашқы ғасыр 1 жылдың қаңтардың 1 басталып желтосанның 31де аяқталған.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
ХХІ ғасырда өмір сүріп отырған әрбір білімді адам бұл құрылғының тілін білуге тиіс. ДЭЕМ біздің қоғамдағы басты құрал. Жаңа заманның ағымымен, терминдік сөздердің шығуымен ДЭЕМ қазір көп жерлерде компьютер деп аталып жүр.

ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты Информация және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құндылығымен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады. Информация мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурста (қорға) айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.

Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.

Бұдан былайғы қоғамның жалпы инфрақұрылымын Информация жинау, сақтау және тарату құралдары мен тәсілдері анықтайтын болады. Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының (8.05.2003) шыққанын айту жеткілікті.

ХХ ғасырдағы индустриялық эрадан ХХІ ғасырдағы Информациялық эраға өту процесі осы ДЭЕМ көмегімен байланысты.

Крмпьютер ғылымының дамып, күнделікті болып жатқан өзгерістерінен компьтерлік тілдер, компьтерлік жүйелер, компьтерлік программалар мен аппараттық архитектурасы өзгеру үстінде.

Компьтердің маңыздылығымен ол тек белгілі бір кеңселерде ғана емес, ол мектептерде де, жоғары оқу орындарында, кеңсе-офистерде және тіпті үйлерде де көптеп кездеседі.

Компьютер көмегімен құжаттарды өңдеуге, сақтауға, ашуға, оқуға және қағаз бетіне шығару құрылғысы-принтермен шығарып, қажетімізге арнауға болады.

Сонымен қатар ДЭЕМ тек Информациялық сабақтардан ғана емес, шет тілдері, физика, математика және тағы басқа сабақтардан қолданылады.

Компьюютердің дамуымен байланысты көптеген күрделі мәселелерді оңай шешуге болады.Мысалы:интернет желісінің көмегімен және электрондық почта көмегімен тез арада керекті материалдарды іздеуге және келесі компьютермен жалғастыруға, шет елдермен қарым-қатынас құруға және тағы басқа мүмкіндіктерді орныдауға болады.

Компьютердің түрлері көп.Бұл туралы тарихқа шолу жасайық:

ХХ ғасырдың ортасында Информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілімен (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен технологияны қарқынды белең алып дамуына себепші болды.

Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналары (ЭЕМ) деп атала бастады.

1946 жылы алғаш пайда болға ЭЕМ-дер электрондық шамдар негізінде жұмыс істейтін, үлкен залдарға орналасқан көлемді электрондық жабдықтар болды.

Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.
Бірақ 1948 жылдың өзінде–ақ электрондық шамдар шағын электрондықаспаптармен-транзистрлармен алмастырылып, компьютердің бұрынғы өнімділігін сақтағанмен, көлемі жүз есеге дейін кішірейген еді.

70 жылдар соңында интегралдық схемалардан немесе чиптерден жасалған мини ЭЕМ-дер шыға бастады. (транзисторлар мен олардың арасындағы қажетті байланыстар бір пластинада орналасқан).Осындай микропроцессорлардың (біріктірілген интегралдық схемадан –БИС элементтерінен тұратын)шығуы дербес компьютерлер заманы басталғанынын алғашқы белгісі болды.

70 жылдар басында «тұрмыстық» (үйдегі) компьюерлер деп аталатын микрокомпьютерлер шықты.

Микрокомпьютер (microcomputer) - микропроцессор базасында жасалған мөлшері шағын компьютер (микропроцессорлық компьютер). Микрокомпьютерлер құрамдас, дербес, шағын (столға қоятын), ықшам (портативтік), кәсіптік және түрмыстық деп бөлінеді.
Олардың мүмкіндіктері шектеулі болатын, тек ойнау үшін және шағын мәтіндер теру үшін ғана пайдаланылды.70 жылдар ортасында тұрмыстық компьютерлердің етек алғанын мынадан көруге болады:тіпті оларды сусын шығаратын фирмаларда (Соса-Соlа) жасап шығара бастады.



Дегенмен, микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981жылы ІВМ фирамсы жасаған, кейіннен «дербес компьютер» деп аталған шағын компьютердің шығуы болды.

ІВМ фирмасының жасаған компьютерлерінің аппараттық және программалық қамтамасыз етуін қарастырайық:



Аппараттық құралдарға аппараттық іс-әрекетті орындайтын; енгізу, шығару, сақтау және орталық процессор құрылғылары жатады.

Ал, программалық қамтамассыз ету үшін жүцйелік программалар, прогаммалау тілдері, операйиялық жүйе, МSДОS программаларын қолдануға болады.

Аппараттық және программалық қамтамасыз ету арқылы, әр адам өзіне керекті материалдарды, шешімсіз алгоритмдік пен логикалық және, т.б есептерді шешуге, компьютерді жүктеуге, екі компьютер арасында байланыс орнатуға мүмкіндік алады.

ІВМ фирмасының анықтамасы бойынша компьютерлік (есептеу) жүйелер төрт негізгі құрамнан тұрады:



1) шығарылатын есепті, орындайтын жұмысты мақсат ретінде қойып, соның нәтижесін алатын адам;

2) аппараттық жасақтама (Handware);

3) мәліметтер файлы;

4) компьютердің программалық жасақтамасы;

Компьютерлік жүйелер ұғымы немесе мәліметтерді өңдеу жүйелерін осы төрт комбинацияны, машиналар, мәліметтер, программалар және адамды-біріктіре қарастыру кезінде қолданылады.
ДЭЕМ-нің архитектурасы

Біз үлкен ЭЕМ немесе дербес компьютерді алсақ та олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамман тұрады:



1.Орталық процессор;

2)Енгізу құрылғысы;

3)Есте сақтау құрылғысы;

4)Шығару құрылғысы;

Орталық процессор барлық, есептеу және Информация өңдеу істерін орындайды.Бір интегралдық схемеден тұратын процессор микропроцессор деп аталады.Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше интегралдық схемелер жиынынан тұрады.

Енгізу құрылғысы Информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады.

Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған.


1   2   3   4   5

  • 3. Қоғамды ақпараттандыру процесі
  • Информатиканың құрылымы
  • Информатиканың есептері

  • жүктеу 0.65 Mb.