Главная страница
Контакты

    Басты бет


Ііі дәрістер №1 дәріс. Морфологиялық талдаудың әдістемесі

жүктеу 1.88 Mb.



жүктеу 1.88 Mb.
бет1/10
Дата04.06.2018
өлшемі1.88 Mb.

Ііі дәрістер №1 дәріс. Морфологиялық талдаудың әдістемесі


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ІІІ Дәрістер № 1 дәріс. Морфологиялық талдаудың әдістемесі Дәріс жоспары: Кіріспе Морфологиялық талдау әдістемесі: 1) Морфологиялық талдау барысында атқарылатын жұмыс түрлері 2) Морфологиялық талдау нысанын айқындау 3) Морфемдік талдау жасату 4) Морфологиялық (оның ішінде морфемдік) талдау кезінде есте ұстайтын кейбір грамматикалық заңдылықтар 5) Түрленуші мен түрлендіруші бөліктерді айқындау 6) Талдау сатыларының тапсырмалары 7) Сөз түрлендіруші морфологиялық тұлғалар туралы Кіріспе.
"Еңбек" - өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы.
Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
Морфология (гр. morf - түр, тұлға, logos - сөз, ілім) - дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір саласы.
Дидактикалық материалдарға талдау жасатуда екі түрлі мақсат көзделетіні белгілі.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Олар, біріншіден, белгілі бір тақырып бойынша өтілген, дәріс оқылған теориялық білімді бекіту, екіншіден, алынған білім бойынша оқушының іскерлік, дағдыларын тексеру.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Тілдік материалға талдау жасатуда қандай мақсат көзделсе де, тілдік деңгейлердің (фонетикалық, лексикалық немесе грамматикалық деңгейлердің) қайсысы алынса да, талдау жұмысы кешенді түрде жүргізілгені орынды. Кешенді түрде жүргізілген талдаудан, алдымен, оқушының немесе студенттің қай тақырыптарды білмейтіні, дұрыс меңгермегені бірден анықталады, сондай-ақ кешенді талдауды тұрақты және жүйелі жасату шәкірт біліміндегі олқылықтарды толықтыруға септігін тигізеді.
Тұрақты - Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданындағы ауыл, Ақбастау ауылдық округі құрамында.
Төменде ұсынылып отырған талдау әдістемесі мен талдау үлгілері – автордың ұзақ жылғы ұстаздық іс-тәжірибесінің нәтижесі.Талдау үлгілері сатылай талдау әдісімен жүзеге асырылады. Әр саты оқушының нақты бір мәселе бойынша белгілі бір көлемде теориялық білімін анықтау немесе меңгерту мақсатын көздейді. Әр саты дербес мәселеге арналғанмен, сатылардың жиынтығы білімнің кешенділігін қамтамасыз етеді. Әдістемелік құралда тілдің грамматикалық құрылысы деңгейіне, морфология мен синтаксис мәселелеріне қатысты талдаулар қамтылып отыр.
Автор (лат. auctor - жасаушы, шығарушы) - көркем шығарманы, ғылыми публицистикалық туындыны, сәулеткерлік дүниелерді, жобаларды, өнертабысты жазған, әдебиет, өнер, музыка, бейнелеу, мүсін, сәулет, графика, ғылым, техника саласында шығарма жазған (жоба жасаған т.б.)
Дербес - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл, Бадам ауылдық округі құрамында.
Жиынтық - геологияда: жарылымдармен шектеле отырып, бірқалыпты қатпарланған қат-қабаттар тобының немесе қатпарлардың бір бағытта ғана еңістенген осьтік жазықтықтарының бірлестігі.
Ұстаз - жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Морфология саласы бойынша алынған білім мен іскерлік-дағдылар синтаксис бойынша алынатын теориялық білімге негіз болады, қызмет етеді. Морфология саласы бойынша білімінде ақауы бар шәкірт синтаксистік талдау үлгілеріне толық талдау жасай алмайды. Сондықтан синтаксистік талдаулар жасатпас бұрын морфология бойынша білімді қажетті деңгейге жеткізіп тиянақтап алған дұрыс. Морфологиялық талдау мен синтаксистік талдау жасатудың өзіндік айырмашылықтары бар. Морфологиялық талдауда сөйлем құрамындағы сөздер сөйлемдегі орны, қызметі, басқа сөздермен байланысы ескерілмей, түбір қалпында немесе синтетикалық, аналитикалық тұлғалардың бірінде келген тілдік бірлік ретінде қарастырылады.
Қалып құрылыс алаңында тұрғызылатын монолит бетонды немесе темір-бетонды құралымдар мен ғимараттар пішіндерін жасауға арналған бөлшектер мен элементтер жиынтығы. Ағаштан, металдан, фанерадан, темір-бетоннан, пластмассадан, т.б.
Синтаксистік талдауларда, керісінше, сөз (синтаксистік компоненттер) сөйлемдегі басқа сөздермен (компоненттермен) байланыста ғана қарастырылады. Морфологиялық талдауда да, синтаксистік талдауда да әрбір саты оқушының, студенттің белгілі көлемде теориялық білімі болуын қажет етеді. Сатылардың, үлгілердің жиынтығы кешенді білімді қамтамасыз етеді. Талдау үлгілеріндегі сатылардың толық жүзеге асырылуы бір күннің ісі емес. Бұған оқу бағдарламасына сәйкес бірте-бірте, әр сатыға қатысты теориялық тақырыптар өтілгеннен кейін сол сатыны талдауға қосып отыру арқылы қол жеткізуге болады. Талдау үлгілеріндегі әр сатыдағы жұмыстарды орындаудың өз тәртібі, әдістемесі бар. Әр сатының тапсырмаларын дұрыс орындау білімнің тиянақтылығын қамтамасыз етеді. Талдау үлгілеріндегі бірнеше сатының болуы, оларға толық жауап қайтарылуын талап ету біршама уақытты қажет ететіні рас.
Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.
Есесіне бұл үлгілердің тиімділігі бары есте болғаны абзал. Талдау үлгілерінің мәліметтерін жинақтап отыру білімнің жүйелі, кешенді болуын қамтамасыз етеді. Шәкірттің ауызша, жазбаша ойланып жауап беруі оның ғылыми стильде сөйлеу тілін жетілдіреді. Морфологиялық талдау әдістемесі. Морфология – тілдегі сөздердің тұлғасы, құрамы мен құрылысы, сөз таптары мен олардың түрлену жүйесі туралы ғылым. Ендеше морфологиялық талдаудың сатыларындағы тапсырмалар да осы мәселелерді қамтуы тиіс. Морфологиялық талдау барысында атқарылатын жұмыс түрлері. Морфологиялық талдау жасауда жүзеге асырылатын жұмыстарды мазмұнына қарай төрт кезеңге бөлуге болады: 1-кезең: морфологиялық талдаудың нысанын (объектілерін) айқындап алу;
Ғылым (араб.: علم‎ (ілім) - білім, тану; лат. scientia - білім) - ақиқат жайлы объективті білімдерді жетілдіру мен жүйелеуге бағытталған адам іс-әрекетінің саласы. Жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе.
Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.
2-кезең: айқындалған талдау нысандарына морфемдік талдау жүргізу; 3-кезең: әрбір морфологиялық тұлғаның ерекшеліктеріне сатылай талдау жүргізу; 4-кезең: сатылардағы талдау нәтижелерін жинақтау. Морфологиялық талдау берілген сөйлемдегі талдауға түсетін cөздерді, сөз тұлғаларын дұрыс айқындап алудан басталады. Талдаудың нысанына кез келген морфологиялық тұлға, кез келген морфема алынғанмен, ол тұлғалардың қай сатыда сөз болатынының маңызы зор. Морфемдік талдау барысында (талдаудың екінші кезеңінде) әр морфеманың аты аталып, түсі түгенделгенмен, олардың жеке қасиеттері үшінші кезеңде, сатылай талдау барысында әр сатыда айқындалады.
Жинақтау (Комплектирована; complexing) - пайдаланушының мақсатына сәйкес келетін дербес компьютердің нақты түзілімін қалыптастыру; көп машиналы және көп программалы кешендерді құрастыру.
Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.
Морфологиялық талдау нысанын айқындау. Сөйлемде неше талдау нысаны бар екені сол сөйлемдегі әр сөзге жеке сұрақ қою арқылы реттеледі. Мысалы, Бала мектепке қарай келе жатыр деген сөйлемде бала, мектеп, кел сөздері ретіне қарай кім не не істе деген сұрақтарға жауап бере алады. Ал қарай, жатыр сөздеріне жеке сұрақ қоя алмаймыз. Ендеше толық лексикалық мағынасы бар болғандықтан сұрақ қойылатын бала, мектеп, кел сөздері морфологиялық талдаудың үш бөлек нысанына айналады да, қарай, жатыр сөздері өздері жетектелген толық мағыналы сөзге грамматикалық мағына үстеп, оларды түрлендіруші болғандықтан, қай сөзге жетектелсе, сол сөзбен бірге талдауға түседі.
Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.
Грамматикалық мағына орыс. грамматическое значение - тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинакты, дерексіз тілдік мағына. Морфология саласында сөз таптарынын жалпы мағыналары болсын немесе сөз тұлгалары мен сөздердін жеке мағыналары болсын морфологиялық категориялар дәрежесін сактай отырып, бір-бірінен езгеше болып келеді.
Лексикалық мағына - зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымының мазмұны. Лексикалық мағына сөздерді бір-бірінен ажыратып танытатын ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единицалық) сипатқа ие болады.
Яғни, берілген сөйлемде үш талдау нысаны бар: Бала; мектепке қарай; келе жатыр. Морфологиялық талдаудың жеке объектісі бола алатындар: Сөйлемдегі толық лексикалық мағынасы бар кез-келген сөз; 2) Мақал-мәтелдер арқылы ой-тұжырым берілетіндіктен, оның құрамындағы сөздер ойды құрайтын ұғым атаулары болғандықтан, дербес грамматикалық бірлік ретінде танылып, морфологиялық талдаудың объектісіне кіреді;
Атаулар(лат. nomenclatura) - нысандар мен құбылыстарды ғылыми сипаттауда қолданылатын принциптер мен ережелердің жүйесі.
Ұғым - объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі" ұғымын қарастырудан бастайық.
Мақал - нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі.
3) Тұрақты сөз тіркестері құрамындағы сөздердің санына қарамастан жеке ұғымды білдіретін лексика-грамматикалық біртұтас тұлға ретінде, яғни, бір сөз ретінде талдауға түседі. Мысалы, Біраздан соң жас жігіттің тілі күрмеле бастады деген сөйлемдегі тілі күрмелу негізгі түбір зат есім мен негізгі түбір етістіктің тіркесінен тұратын күрделі етістік;
Бүгінгі түсінігімізде - ер жеткен, кәмелетке толған ер азамат, бозбала. «Елемес - аузынан мәйегі шығып тұрған жас жігіт» (С. Омаров, Қайырлы.). «Жігіт» сөзінің ертедегі, алғашқы мағынасы өзгешерек болған.
4) Көмекші сөздер (көмекші есім, көмекші етістік, шылау және сын есімнің асырмалы шырайының көрсеткіші болатын тіпті, аса, өте, т.б. көмекші сөздер де) өзі жетектеліп келген сөздің аналитикалық тұлғасын жасайтын грамматикалық бірлік ретінде қарастырылады (жаңа сөз тудыру қызметінде келгендерден басқалары). Мысалы, Жұмыс аяқталып келеді деген сөйлемдегі кел көмекші етістігі сөздің (етістіктің) аналитикалық тұлғасын жасап тұрғандықтан сөз түрлендіруші форма ретінде талдаудың бесінші сатысында қаралады, Түтін бұрқ етті деген мысалдағы ет көмекші етістігі еліктеуішке тіркесіп құранды күрделі етістік жасап тұрғандықтан сөз тудырушы форма ретінде талдаудың бірінші, екінші сатысында сөз болады;
Құран немесе Құран Кәрім (араб.: القرآن‎, al-qurʾān, [qurˈʔaːn]) - Ислам дініндегі негізгі киелі кітап. Мұсылмандар оның Мұхаммед пайғамбарға ﷺ ақиқатты баян ету үшін түсірілгендігіне, адамзатқа одан үзілместен жеткен Аллаһтың сөзі екендігіне сеніп, иман келтіреді.
5) Қосымша және көмекші морфемалар сөз тудыру немесе сөз түрлендіру қызметінде келгендігіне қарай талдаудың әр сатысында бөлек сөз болады. 3. Морфемдік талдау жасату. Талдауға түсетін сөз, сөз тұлғасы анықталғаннан кейін оның морфемдік құрамы (сөз құрамындағы мағыналы бөлшектер) талданады. Морфологиялық талдаудың сатыларына бармас бұрын сөз құрамындағы морфемаларды, олардың қызметтерін қысқаша, жалпылама анықтап алу керек. Онсыз сатылардағы жауаптар дұрыс болмай шығады. Әсіресе сөз тудырушы формалар мен сөз түрлендіруші формаларды дұрыс ажырата білу керек. Сөз құрамына морфемдік талдау жасау бір қарағанда жеңіл іс көрінгенмен, шын мәнінде оңай нәрсе емес. Бірінші кезекте сөз құрамындағы мағыналы бөлшектерді дұрыс анықтап алу керек. Ол сөздегі түбірді (түбір морфеманы) табудан басталады. Түбір – қазақ тілінде сөздің бастапқы жағында орналасатын, көбіне сөзге сәйкес келетін (үйрен, үйрет немесе оян, оят,ояу сияқты сөздер құрамындағы түбір морфемаларды есепке алмағанда) қандай да бір ұғымды білдіретін, яғни, лексикалық мағынасы бар сөз бөлшегі.
Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى, латын: qazaq tili) - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.
Түбірде лексикалық мағынамен қатар грамматикалық мағына да болады, сол мағынасы арқылы ол белгілі бір сөз табының қатарына кіріп, сол сөз табының сұрағына жауап береді. Ендеше түбірді айқындауда оған сұрақ қойып тексеріп отырған орынды. Түбір айқындалған соң оны шартты таңбасымен (доға) сызып, бірден қай сөз табына жататынын үстіне жазып көрсетіп отырамыз.
Таңба (знак; character, symbol) - есептеуіш техникасында қолданылатын алфавиттің жеке символы. Арифметикалық амалдар таңбасы (знак арифметической операции; arithmetic operation character) - арифметикалық амалдарды анықтайтын алфавит белгісі (әдетте, +,-,*,/ ).
Қай сөз табына жататынын айқындап отыру оған жалғанған қосымшаларды дұрыс талдауға мүмкіндік береді. Түбір зат есім болса, етіс немесе есімше, көсемше сияқты етістікке тән қосымшалар қосылмайды, немесе түбір етістік болса, оның құрамынан шырай жұрнақтарын іздемеу керек. Дыбыстық құрамы сәйкес болғандықтан, шәкірттер арасында қосымшаның мағынасы мен қызметіне үңілмей, құрғақ жаттандылыққа салынып (мысалы, сана деген мысалда зат есімге көсемше жұрнағы қосылып тұр деп) шатастырулар жиі кездеседі.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Сөздің негізгі түбірі табылған соң басқа мофемаларды айындауға көшеміз. Түбір мен көмекші морфемаларды ажыратуда, бастапқы кезде, оларды бірден табуға жаттыққанға дейін, төмендегі тәсілді қолдануға болады. Ол үшін түбірге қосылып тұрған дыбыстар мен дыбыстық кешендерді санамалап бір-бірден жіктеп қосып, алынған тұлғаның мағынасына назар аударамыз. Түбірге дыбыс (дыбыстық кешен) қосылғаннан кейін пайда болған грамматикалық тұлға түбірдің мағынасынан өзге лексикалық мағынаға ие болса, пайда болған тұлғаны сөйлемде, тілімізде сол күйінде немесе басқа қосымшалар қосып қолдану мүмкіндігі бар болса, түбірге қосылған дыбыс жеке морфема деп танылады, ал дыбыс қосылғаннан кейін пайда болған тұлға сол күйінде немесе басқа қосымшалар қосып тілімізде қолданылмайтын болса, мағынасыз болса, дыбыс жеке морфема емес, бұл жағдайда келесі дыбыстарды санамалап қосып, қашан жеке морфема анықталғанша іздей береміз.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Морфемдік талдауда назарда болатын келесі мәселе – түбір мен оған қосымша қосылғаннан кейін пайда болған тұлға арасындағы мағыналық байланыстың үзілмей сақталуы. Басқаша айтсақ, түбірге сөз тудырушы қосымша қосылса да, сөз түрлендіруші қосымша қосылса да, пайда болған грамматикалық тұлғаның мағынасы түбірдің мағынасынан алыстап кетпейді. Жаңа әдістерді өндіріске жылдам енгізу керек деген сөйлемдегі сөздерге сатылауға дейінгі талдауларды жүзеге асырып көрейік. 1-кезең. Морфологиялық талдау нысандарын айқындау Жаңа - қандай деген сұраққа жауап береді, толық мағыналы сөз; Әдістерді – нелерді, толық мағыналы сөз; Өндіріске – неге, толық мағыналы сөз; Жылдам – қалай, толық мағыналы сөз; Енгізу – не істеу, толық мағыналы сөз; Керек – сұрақ қойылмайды, көмекші сөз. Бұл сөз өзі жетектеліп келген негізгі сөздің (енгізу) құрамында қаралады. Ендеше сөйлемде бес талдау нысаны бар: Жаңа әдістерді өндіріске жылдам енгізу керек 2-кезең. Морфемдік талдау Жаңа сөзіндегі ж- , жа- , жаң- дыбысы мен дыбыстық кешендері ешқандай ұғым атауы емес, лексикалық та, грамматикалық та мағыналары жоқ, сондықтан түбір морфема – жаңа, сапаға қатысты ұғым, қандай деген сұраққа жауап береді – сын есім. Келесі сөздегі түбір – әдіс, сұрағы – не, зат есім. Сөздің құрамындағы өзге морфемаларды анықтауды алғашқы кезеңдерде мына тәртіппен жүзеге асыруға болады: түбірге, мағыналы бөлшек табылғанша, түбірден кейін тұрған дыбыстарды қосып, пайда болған тұлғаның мағынасына үңілеміз, тілде сол күйінде қолданылатын-қолданылмайтынына назар аударамыз. Әдіст- мағынасыз, сөйлемде осы күйінде қолданылмайды, әдісте- жатыс септігіндегі сөзге дыбыстық құрамы сәйкес келгенмен, сөйлемдегі мазмұнына назар аударсақ неде (қайда) деген сұраққа жауап беріп тұрған жоқ, нелерді деген табыс септігінің сұрағына жауап береді, қазақ тілінде бір сөзге екі рет септік жалғауы жалғанбайды, ендеше сөздің құрамындағы -те- жатыс септігінің қосымшасы емес. Сұрақтар арқылы айқындайтын болсақ, сұрақтар не , нелер , нелерді тәртібімен жіктеледі, ендеше, түбірге қосылған бірінші морфема –тер – көптік жалғауы. Әдістерд- - мағынасыз, сөйлемде осы тұлғада қолданылмайды, ендеше –д- морфема емес. Әдістерді – нелерді, -ді – табыс септігінің жалғауы. Өндіріске : Түбірі - өн, не істе , етістік; түбірден кейін тұрған дыбыстарды өндір, өндіріс, өндіріске түрінде қосқанда ғана мағыналы, тілде, сөйлем ішінде, қолданылатын тұлғалар алынады. Ендеше, -дір, -іс, -ке дыбыстық кешендері жеке морфемалар; -дір өзгелік етіс жұрнағы, -іс етістіктен зат есім тудырушы жұрнақ деп танылып жүр, -ке барыс септік жалғауы. Жылдам. Оқушылар арасында мұндай сөздерді жыл-, жылда-, жылдам түрінде жіктеп, -да, -м дыбыстарын, дыбыстар тіркесін сыртқы ұқсастығына қарап жеке морфема (жатыс септігі, тәуелдік жалғауы) ретінде тану жиі кездеседі. Бұл – түбір мен оған қосымша қосылғаннан кейін пайда болған тұлға арасында мағыналық байланыс бар-жоқтығына көңіл бөлмеуден туған дүние. Жыл, жылда арасында мағыналық байланыс болғанмен, бұл екеуі мен жылдам арасында еш мағыналық байланыс жоқ. Қимыл-қозғалыстың қарқынына қатысты жылдам ұғымының 365 тәуліктен немесе 12 айдан тұратын мерзімді білдіретін жыл ұғымына еш қатысы жоқ. Ендеше жылдам сөзі жыл-да-м түрінде жіктелмейді, сол қалпында түбір деп танылуы керек. Жалпы, түбірге қосылған қосымша морфемаларды айқындауда сөз болып отырған әдіс қажетті жағдайларда белгілі шамада оң нәтиже берері күмәнсыз. Бірақ бұл әдістің айқындалған қосымшалардың қай қатарға жататынын, қандай қызметте тұрғанын білу үшін септігі жоқ. Қосымша морфеманың қандай қосымша екенін айқындау үшін, бірінші кезекте, сөз таптарының түрлену жүйесін, сөз таптарына сөз түрлендіруші қосымшалардың жалғану тәртібін, сол қосымшалардың дыбыстық құрамын жатқа білу керек. Екінші кезекте, қосымшаның қызметін білу үшін түбірге және оған қосымша қосылғаннан кейін пайда болған тұлғаға жеке-жеке сұрақ қойып, олардың мағыналарын салыстыру жұмыстарын жүргіземіз. Егер түбірге қойылған сұрақ пен қосымшалы сөзге қойылған сұрақ екі басқа сөз табының сұрақтары болса, морфема сөз тудырушы қосымша болғаны. Ал ол қосымшаның қызметі сұрақтарды негізге алу арқылы анықталады. Мысалы, толық: түбірі – тол , сұрағы - не істе , етістік; толық, сұрағы – қандай , сын есім; ендеше –ық (тол деген) етістіктен (толық деген) сын есім тудырушы жұрнақ. Ескерту: жұрнақ арқылы зат есімнен зат есім жасалғанда түбір мен туынды сөзге бір сөз табының сұрағы қойылады. Мысалы, қой – қойшы, бала –балалық, т.б. Алайда сұрақтардың мазмұны әр басқа: біріне адамзат есімінің, екіншісіне ғаламзат есімінің сұрақтары қойылады, немесе керісінше. Бұл – олардың екі басқа лексикалық бірліктер екенінің дәлелі. Негізінен, талдау барысында сөз тудырушы қосымшалар кездескенде түбір мен туынды сөздің лексикалық мағыналарына үңіліп, талдау жасатып, оларды салыстырып отыру орынды. Егер түбір мен қосымшалы сөзге қойылатын сұрақтар екі басқа сөз табының сұрақтары болмай, бірінен-бірі өрбіген сұрақтар болса, морфема сөз түрлендіруші қосымша болғаны. Мысалы, үйлердің: үй – үйлер – үйлердің . Жіктелген тұлғаларға қойылатын сұрақтар – не – нелер – нелердің. Қозғалтпайды: 1) Қозға – 2) қозғал – 3) қозғалт – 4) қозғалтпа – 5) қозғалтпай – 6) қозғалтпайды. Сұрақтардың қойылуы: 1) не істе – 2) не істе – 3) не істе – 4) не істеме – 5) не істемей (қалай) – 6) не істемейді. Бірінші мысалдағы -лер, -дің, екінші мысалдағы -л, -т, -па, -й, -ды сөз түрлендіруші қосымшалар. Ескерту: зат есім көлемдік (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) септіктерінде тұрғанда, етістік есімше, көсемше,
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  • Мақал-мәтелдер

  • жүктеу 1.88 Mb.