Главная страница
Контакты

    Басты бет


Халықаралық ақпараттық агенттiгі

жүктеу 12.2 Kb.



жүктеу 12.2 Kb.
Дата16.03.2017
өлшемі12.2 Kb.

Халықаралық ақпараттық агенттiгі





Халықаралық ақпараттық агенттiгі




26 Ақпан 2015, 10:00

Алматы метросында Жеңістің 70 жылдығына орай концерт өтті (ФОТО)



АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метросында Жеңістің 70 жылдығына орай концерт өтті. М.Әуезов атындағы драма театры стансасында жолаушылар әуезді ән мен күмбірлеген күйдің куәсі болды. Бұл туралы «Метрополитен» МКК баспасөз хатшысы Айгүл Ешмағамбетова хабарлады.

Жолаушылар мен ҰОС ардагерлерінің көңілін П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері мен ұстаздары көтерді.

Олар Әділ Бестібаевтың «Азия дауысы» композициясын, Сейдолла Бәйтерековтің «Жасаңдар ағалар», Бекболат Тілеухановтың «Менің елім», Кенен Әзірбаевтың әндерін, К.Молчановтың «Жди меня», Р. Хозактың «Офицеры», Л. Хамидидің «Отан» әндерін орындап, Құрманғазының «Адай», «Сарыарқа» күйлерінен шашу шашты.

Концерттік бағдарлама жолаушылар мен қала тұрғындарының көңілінен шығып, кейбірі әншілерге қосылып айтқанын атап өту керек.

«Мақсатымыз жастарды патриоттық тәрбиелеуді жан-жақты, кешенді дамыту. Студенттердің санасында дәстүрлі рухани-мәдени құндылықтарды жаңғырту, елдің мәдени мұрасының құндылықтарын сіңіру», - деді А.Ешмағамбетова.















Автор: Гүлмира Ғосманәли

  • Гүлмира Ғосманәли

  • жүктеу 12.2 Kb.