Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Халыққа өткізіліп жатқан мүлікті жекешелендірудің тәртібі, шарттары, рәсімдері мен қорытындылары туралы кеңінен хабарлауды және тиімді түсіндіруді қамтамасыз ету»

жүктеу 84.93 Kb.



жүктеу 84.93 Kb.
Дата02.06.2018
өлшемі84.93 Kb.

«Халыққа өткізіліп жатқан мүлікті жекешелендірудің тәртібі, шарттары, рәсімдері мен қорытындылары туралы кеңінен хабарлауды және тиімді түсіндіруді қамтамасыз ету»


«Халыққа өткізіліп жатқан мүлікті жекешелендірудің тәртібі, шарттары, рәсімдері мен қорытындылары туралы кеңінен хабарлауды және тиімді түсіндіруді қамтамасыз ету» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өткізіліп жатқан мүлікті жекешелендірудің тәртібі, шарттары, рәсімдері мен қорытындылары туралы халықты жан-жақты хабардар етуді және тиімді түсіндіруді қамтамасыз етумен байланысты тапсырмаларды орындауға бағытталған іс-шаралар 2017 жылғы ақпан-наурыз айларында БАҚ-та сұхбат берудің медиа-желісі мен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.
Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.
Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспарға (бұдан әрі – Медиа-жоспарлар) енгізілді.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Осы Медиа-жоспарларға сәйкес ағымдағы жылдың басынан бері мерзімді баспасөзде 3 мақала жарық көріп («Деловой Казахстан» (1), «Лидер»(2)), «Bnews.kz» ақпараттық порталына және «Казахстанская правда» газетіне 2 сұхбат берілді. Бұдан басқа, қосымша Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында екі брифинг (а.ж.
Қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.
24 қаңтар және 21 маусым) және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен селекторлық кеңес (а.ж. 1 маусым) өткізілді, «Хабар 24» телеарнасындағы «Бастау керек» ток шоуына қатысу жүзеге асырылды (а.ж. 13 сәуір). Сонымен бірге жекешелендірудің «екінші толқынын» іске асыру барысын жариялау үшін баспасөз релиздері Министрліктің сайтында жарияланып, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметіне ұсынылады. Жекешелендіру процесі туралы және жекешелендіру объектілері туралы, оның ішінде сауда-саттық бағасы мен әдісі, жекешелендіру объектісін, өңірін, бастапқы және сату бағасын көрсете отырып, өткізілген сауда-саттықтар туралы ақпарат күн сайын Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өзектілендіріліп, қолжетімді болады.
Жекешелендіру - меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жүргізіліп отырған мүлікті жекешелендірудің тәртібін шарттары мен қорытындыларын кеңінен ақпараттық жария етуді қамтамасыз етті. Аталған тақырып «Хабар», «Хабар 24», «Қазақстан» республикалық телеарналарының эфирінде басым тақырыптарының бірі болып табылады. Мәселен, «Хабар 24» телеарнасының эфирінде 10 жаңалықтар шығарылымы ұйымдастырылды. Бұдан басқа, «Нарық айнасы», «Бастау керек», «Приоритет» бағдарламаларында сюжеттер шығару ұйымдастырылды. Аталған бағдарламалар форматында «Мемлекеттік активтерді жекешелендіру» тақырыбы мен мемлекеттік медициналық ұйымдары жекешелендіруге қатысты реформалар талқыланды.
Формат (фр. format - формаға келтіру) полиграфияда дайын басылымның мөлшері (мысалы 170 • 260 мм) немесе баспа қағазының мөлшері (60x90 см); полиграфияда теру форматы терілген жолдың ұзындығы мен биіктігі; басу қағазының форматы - қағаз рулонының ені немесе парақ қағаздың ені мен ұзындығы.
Реформа(лат. reformate - қайта құру, жаңғырту) – өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту.
Медицина (лат. medicina: medicus - дәрігерлік, емдік) - адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.
«Хабар» телеарнасында 5 жаңалықтар шығарылымы ұйымдастырылды. Бұдан басқа аталған тақырыпқа «Жеті күн», «Новости часа» талдамалық қорытынды бағдарламаларында сюжеттер ұйымдастырылды. «Қазақстан» телеарнасының эфирінде 12 жаңалықтар шығарылымы шықты. Есепті кезеңде, аталған тақырып бойынша республикалық «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Литер», «Айқын», «Капитал», «Курсивъ» газеттерінде 59 ақпараттық материал жарық көрді. Сонымен қатар, «Меншікті жекешелендіру» бойынша танымал интернет-ресурстарда 268 материал жарияланды. inform.kz, bnews.kz, tengrinews.kz, zakon.kz, strategy2050.kz, today.kz, kapital.kz, nur.kz, newtimes.kz, total.kz, matritca.kz сайттарында экономистер мен түрлі сарапшылардың талқылауларын қоса алғанда, осы рәсім жарияланған кезден бастап мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру тақырыбы кеңінен таратылды. Жалпы, аталған тақырып бойынша БАҚ-та 354 ақпараттық материал жарияланды. «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында жекешелендіру бағдарламасының PR-кампаниясы өткізілетіні жөнінде хабарлайды. privatization.sk.kz сайтында сауда-саттық туралы 39 жаңалық және 15 хабарландыру жарық көрген. Астанада 28 ақпанда 300-ден астам дипломатиялық корпустың халықаралық компаниялардың өкілдері, инвесторлар мен банкирлер, Қор тобының қандай компаниялары жекеменшік ортаға шығарылатыны туралы ақпаратпен танысты.
Банкир - ақша капиталының, банктің меншік иесі немесе банк операцияларын жүргізу міндеті жүктелген менеджерлер. Банк менеджерлері - осы саланы ұйымдастыруға және басқаруға білімі жетерлік, тәжірибесі бар маман адамдар.
Лондондағы Инвестор күніне дайындық шеңберінде Finsbury халықаралық консалтингтік компаниясы Қор компаниялар тобының спикерлері үшін 15-16 наурыз күндері жекешелендіру мәселелері бойынша медиатренинг өткізді. 5 сәуір күні Лондон қор биржасының алаңында өткен Инвестор күні шеңберінде әлеуетті әріптестер мен инвесторларға Қордың жекешелендірілетін активтері туралы ақпарат таныстырылды. Іс-шараға Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов және ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қатысты. Екінші Инвестор күні Алматы қаласында 28 сәуірде өтті.
Лондон (ағылш. London [ˈlʌndən]) - Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Патшалығының қаласы және астанасы. Британ аралдарындағы ең үлкен қала. Еуропадағы ең ірі урбандық аймақ. Аумағы 1706,8 кm².
Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.
Жекешелендіру объектілері туралы таныстырылымдармен Қордың қоржындық компанияларының «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ және «Самұрық-Энерго» ҰАҚ» АҚ басшылары сөз сөйледі. 22 мамырда Астанада өткен Қазақстан-Эмират бизнес-форумында жекешелендіру бағдарламасы туралы айтылды. Астана экономикалық форумы (бұдан әрі - АЭФ) шеңберінде қор компаниялар тобының топ-менеджменті, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов, Халықаралық қаржылық корпорацияның өңірлік директоры Моаззам Мекан қатысқан «Самұрық-Қазына» қорының жекешелендіру бағдарламасының прогресі мен оның ел экономикасындағы рөлі» тақырыбында пікірсайыс сессиясы өтті.
Пікірсайыс - ұжымдағы әр түрлі көзқарастың, ой-пікірдің ортаға салынып, көпшіліктің талқысына түсуі. Пікірсайыста қате көзқарасты әділ сынап жеңу көзделеді. Пікірсайыс түрлері: жиналыс, конференция, пікірталас және т.б.
Корпорация (лат. corporatіo – бірлестік) - 1) бірлестік, қоғамдастық, одақ; 2) меншіктің акционерлік нысаны‚ меншікті (капиталды) ұжымдасып иелену‚ кәсіпорынды басқару міндеттерін кәсіпқой басқарушылардың (менеджерлердің) жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру; заңға қайшы келмейтін мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіптік және басқа мүдделер сәйкестігі бойынша біріккен қоғам‚ одақ‚ тұлғалар тобы.
Қайрат Нематұлы Келімбетов (28 қаңтар 1969 жыл Алматы қаласы ) - Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, Ұлттық Банк төрағасы (10.2013).
«Жекешелендіру бағдарламасы: 2016-2020» буклеті қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жаңа редакцияда басылып шықты. Ол Лондондағы және Алматы қаласындағы Инвестор күніне, АЭФ-қа қатысушылар арасында таратылды. Электрондық нұсқасы privatization.sk.kz сайтында жарияланды. Қордың қолдауымен «Инвестор қоржыны», «Жекелешендіру жаңалықтары» (Хабар 24) бағдарламаларының арнайы шығарылымдары ұйымдастырылды. Жекешелендіру туралы кеңейтілген сұхбаттар «Жеті күн» (Хабар), «Біздің уақыт» (Астана ТВ), «Биржа» (ABCTV) бағдарламаларында көрсетілді. Шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықты жандандыру жұмысын ақпараттық сүйемелдеу жүргізілуде. Атап айтқанда, халықаралық БАҚ-та (Bloomberg, Reuters, Euromoney) «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін жекешелендіру туралы сұхбаттар жарияланды. «Жекешелендірілетін объектілерді тиімді меншік иелеріне, кәсіпорындар жұмысын жалғастыру және әрі қарай дамыту шартымен беруді қамтамасыз ету» Аталған тапсырма шеңберінде жекешелендіру объектілерін сату қызмет бейінін сақтау шартымен тендер өткізу арқылы жүргізіледі.
Меншік - жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат.
Қазіргі уақытта жекешелендіруден кейінгі бақылауда қызмет бейінін бір жылдан жеті жылға дейін сақтау шартымен жекешелендірілген республикалық меншіктегі 17 объекті бар. ҚР Қаржы министрлігі жоғарыда көрсетілген жекешелендірілген ұйымдардың қызметіне тұрақты түрде талдау жасайды. Аталған ұйымдар табысты жұмыс істеуде, қызмет бейіні сақталған, қолда бар мүлік мақсатты пайдаланылуда. Кейбір ұйымдарда шаруашылық қызмет көрсеткіштерінің жақсарғаны байқалуда. Мысалы, «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» РМК (қазір – «ҚДСЖМ» Қазақстандық медициналық университеті» ЖШС) бойынша қосымша кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы қызмет бейінін сақтау бойынша міндеттемелер орындалуда.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Жұмыскерлердің штат саны екі есеге дейін ұлғайып, педагогикалық және профессорлық құрамның артуына байланысты кірістілік 1,5 есеге дейін артты, бұл ақылы негізде кейіннен аттестаттаумен қосымша тыңдаушыларды тартуға мүмкіндік берді.
Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.
Мүліктік кешеннің материалдық-техникалық базасын жаңғырту жүргізілуде, әкімшілік ғимараттың 1-2-қабаттарына жөндеу жасалды, оқу процесі үшін қосымша 17 аудитория қалыптастырылуда. «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС жарғылық қызметіне байланысты анықтамалық-энциклопедиялық әдебиет жасап, шығаруда. 2016 жылы кірістілік 18 млн. теңгеге немесе 22-дан жоғары деңгейге ұлғайды. ТМҚ құнының едәуір ұлғаюы салдарынан ЖШС активтерінің өскені байқалады. Сондай-ақ өткен жылы әкімшілік ғимаратта ұсақ жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Астана-құс» асыл тұқым шаруашылығы» АҚ-ның қызметі жекешелендіру кезінде тоқтатылған болатын, бүгінгі күнде аталған ұйымның өндірген және сатқан тауарларының көлемі шамамен 7 есеге дейін өсті, қызметкерлердің тізім бойынша орташа саны 2014 жылғы 33 адамнан 52-ге дейін артты, орташа айлық жалақы шамамен 5-ға өсті.
Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.
2014 жылы шығынды болған кәсіпорын 2016 жылдың қорытындысы бойынша 13,9 млн. теңге көлемде табыс тапты. Осылайша, жекешелендірілген ұйымдардың жаңа меншік иелері өндірістің, көрсетілетін қызметтердің бұрынғы көлемін, жұмыскерлердің штат санын сақтап отыр. «Самұрық-Қазына» АҚ 1-тізбеге енгізілген ірі және стратегиялық маңызы бар активтерді бәсекелес ортаға беру кезінде олардың жұмыстарын жалғастыру және бейінін сақтау шарттарын қолданады.
Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.
Ірі және стратегиялық маңызы бар активтерді сату бойынша екі кезеңдік ашық конкурс жарияланған кезде мұндай шарттар ескертіледі. Мысалы, «Евро-Азия Эйр» авиакомпаниясы» AҚ, «Маңғыстау таратушы электр-желілік компаниясы» АҚ, «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ, «Ақтөбе ТЭЦ» АҚ сату бойынша конкурс жарияланған кезде кампанияның бейінін сақтау шарттардың бірі болды. 1-тізбеден 2017-2020 жылдары IPO-сы өткізілетін немесе стратегиялық инвесторға сатылатын инвестициялық тұрғыдан неғұрлым тартымды компаниялар айқындалды: «Эйр-Астана» АҚ, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ, «КазМунайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Самұрық -Энерго» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (Қордың Директорлар Кеңесінде 2016 жылғы 26 қазанда қаралды (№135 хаттама)). Бұл компаниялардың IPO SPO-ға біртіндеп шығарылуы олардың дайындығын және қор нарығындағы қолайлы жағдайды ескере отырып 2018-2020 жылдарға жоспарланып отыр.
Нарық - тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық - нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.
Қазіргі уақытта Қор тиімді отандық және шетелдік инвесторларды іздестіру және тарту мақсатында іс-шаралар өткізуде, оның ішінде: жекешелендіруге арналған мәмілелер мен опциялардың параметрлерін айқындау үшін инвестициялық кеңесшілерді банктерді жалдау мақсатында инвестициялық банктерді тыңдаулар мен іріктеу жүргізілуде; осы жылдың сәуір айында Алматыда және Лондон қаласындағы Лондон қор биржасы алаңында Инвесторлар күндері өткізілді; 2017 жылғы Астана экономикалық форумы шеңберінде жекешелендіру бойынша арнайы сессия ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта Қордың 1-тізбеге енгізілген активтерінен «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ ғана сатылды. Бұл активті Сатып алу-сату шартында активті сатып алушының компанияның қызмет бейінін сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлердің штат санының кем дегенде үштен екісін сақтау сияқты жекелеген талаптарды ұстанатынын растайтын тармақ көзделген.
Азамат [арабша азамат: 1. ұлылық, мәртебелілік; 2. тәкаппарлық; 3. кереметтілік; 4. ұлы мәртебелілік (сұлтандар титулы)] - 1. ел азаматы; 2. кәмелеттілік; 3. дара тұлға. Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады.
Сатып алу-сату - азаматтық құқықта сатушы сатып алушының меншігіне мүлікті сатуға, ал сатып алушы - мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі бір соманы төлеуге міндеттенетін барынша кеңінен таралған шарттардың бірі.
«GE Transportation Engines Holding B.V.» компаниясы аталған активті сатып алушы болып табылады. «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ мен «General Electric» компаниясы (бұдан әрі - GE) арасындағы әріптестік қарым-қатынастар 2006 жылдың қыркүйек айында ТЭ33А (TE33AS) Evolution® сериялы жүк тепловоздарын шығару технологиясын беру туралы келісімшартқа қол қоюдан басталған. Evolution® сериялы паровоздар Солтүстік Америка, Бразилия, Оңтүстік Африка, Түркия, Үндістан, Англия, Ливия, Австралия, Қытай, Египет, Монғолия мен Канадада жақсы пайдаланылады. GE - 100-ден астам жыл тарихы мен тәжірибесі бар әлемдік көлемдегі көп салалы компания. GE компаниясының инновациялық әзірлемелері машина жасау және авиация, энергетикалық қондырғылар мен медициналық жабдықтар жасау сияқты әртүрлі салаларда қолданылады. _____________________

  • Қайрат Келімбетов
  • Сатып алу-сату

  • жүктеу 84.93 Kb.