Главная страница
Контакты

    Басты бет


Геологиялық карталар жайлы жалпы мағЛҰматтар 1 Геологиялық картаның түрлерi

жүктеу 110.03 Kb.



жүктеу 110.03 Kb.
бет1/2
Дата09.05.2017
өлшемі110.03 Kb.

Геологиялық карталар жайлы жалпы мағЛҰматтар 1 Геологиялық картаның түрлерi


  1   2

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАЛАР ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

1.1 Геологиялық картаның түрлерi

Геологиялық карта дегенiмiз - топографиялық негiзi бар жер қыртысының белгiлi бiр ауданының геологиялық құрылысын берiлген масштабта шартты белгiлер арқылы бейнелеу. Мұнда геологиялық құрылысы жер бетiне шығып жатқаны ғана емес, терең қабаттардағы таужыныстары бiр-бiрiнен жасы, құрамы жəне жатыс жағдайлары бойынша ажыратылады.

Мағлұматты қорыту (Обобщение понятия; concept generalization) - тек қорытылған мағлұмат көлеміне кіретін объектілерге жататын нышандарды алып тастау жолымен аз көлемді мағлүматтан үлкен көлемді мағлүматқа өтуге мүмкіндік беретін логикалық операция.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Бiр карта көлемi негiзiнде ауданның геологиялық құрылысының бар ерекшелiктерiн, яғни төрттiк жыныстар құрамы мен қалыңдығын, тектоникалық өзгешелiгiн, пайдалы қазындыларын, гидрогеологиясын, геоморфологиясын, таужыныстардың физикалық қасиеттерiн жəне т.б. көрсетуге болады. Практика жүзiнде мұндай жан-жақты карта жасалмайды, себебi шартты белгiлермен тым шексiз көп бейнеленгендiктен оны оқу қиынға соғады. Сондықтан да кəдiмгi геологиялық картадан өзге, оның басқа түрлерi жасалынады. Оларға төрттiк шөгiндiлер, литолого-геологиялық, тектоникалық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, инженерлiкгеологиялық, пайдалы қазындылар, пайдалы қазбаларды болжау жəне т.б.
Гидрогеология - жер астындағы сулардың тегін, ағысын, физика-химиялық қасиеттерін және олардың жер бетіне шығуын зерттейтін геология ғылымының бір саласы. Ол жер асты суларының пайда болуын, таралуын, алмасуын, физикалық қасиеттерін, химиялық құрамының қалыптасуын, жер бетіне шығу жолдарын, қозғалысын, режимін, тау жыныстары арасындағы орналасу пішіндерін, қорының шамасын, ластануын, пайдалану тәсілдерін зерттейді. Гидрогеология геологияның бір саласы болып табылатындықтан, жер асты суларын тау жыныстарымен, Жер қыртысының даму тарихымен тығыз байланыста зерттейді. Гидрогеология жер асты суларын кәсіпорындар мен қалаларды, басқа елді мекендерді, демалыс және емдеу орындарын, мал жайылымдарын сумен қамтамасыз етуге, жер суғаруға, суландыруға пайдаланудың, судан әр түрлі тұздарды және өндірістік маңызы бар химиялық элементтерді ажыратып алудың жолдарын белгілейді. Күрделі гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстар салғанда, кен өндіруде, шахта қазғанда жер асты суының тигізетін әсерін анықтайды. Зерттейтін мәселелеріне байланысты Гидрогеологияның мынадай негізгі салалары бар: жалпы Гидрогеология, жер асты суының алмасуы (гидрогеодинамика), аймақтық Гидрогеология, жер асты суын іздеу мен барлау әдістері, кен орындары Гидрогеологиясы, гидрогеохимия, мелиоративтік Гидрогеология, минералдық сулары туралы ілім, мұнай Гидрогеологиясы, Гидрогеология Жер туралы ғылымдармен, олардың ішінде ең алдымен геодинамикамен, геохимиямен, геофизикамен, гидрологиямен, сондай-ақ физика, химия, математикамен тығыз байланысты.
Жыныс - организмнің еркек не ұрғашы дарабасқа (особьқа) жататындығын білдіретін белгілер жиынтығы. Жыныс белгілері бойынша ажырату тек жыныстық жолмен көбейетіндерге ғана тән. Ж-тық айырмашылықтар жануарларға, өсімдіктерге және микроорганизмдерге де тән, олар болар-болмас не айқын да білінуі мүмкін.
Геоморфология (гео... және morphe - пішін және logos - ілім) - құрлық бетінің, мұхиттар мен теңіздер түбінің, жер бедерлерінің пішінін, құрылысын зерттейтін ғылым. Жалпы аймақтық, құрылымдық, динамикалық, теңіз және инж.
Физика Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.
Пайдалы қазбалар - техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар.
геологиялық карта түрлерi жатады. Төрттiк шөгiндiлер картасында төрттiк жыныстар түпкiлiктi жыныстардан бөлек бейнеленедi. Мұнда олар жасы, тегi жəне құрамына байланысты көрсетiледi. Кейде неогендiк континенттік жыныстарда осылай мазмұнды болып төрттік шөгінділер картасында көрсетіледі.
Құрлық, материк, континент - жер қабығының дүниежүзілік мұхит деңгейінен көтеріңкі ірі бөлігі. Оның шеткі аймақтары мұхит деңгейінен төменде жатыр (қ. Құрлықтық беткей). Құрлықтың жалпы аумағы 149,1 млн.
Литолого-геологиялық картада жасына қарай боялған, өзiндiк жасты жыныстар көлемiнде, штрихпен олардың құрамы да көрсетiледi. Егер карта масштабы 1:1 000 дан iрi болса əрбiр жыныстардың таралу шекарасы нақтылы көрсетiледi, ал одан ұсақтарында басым таралған жыныстар ғана бейнеленедi.
Масштаб (нем. Mastab. Ma - өлшеуіш, мөлшер және Stab - таяқ) - сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы. Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық Масштаб деп аталады.
Жыныстардың литологиялық құрамы 1:50 000 жəне одан iрi масштабты карталарда да көрсетiледi. Аталған картаның бiр түрiпетрографиялық карта. Тектоникалық картада құрылымдық пiшiндердiң əр түрлi категориялары мен жастары шартты белгiлер арқылы көрсетiледi. Олар жалпы жəне аймақтық болып бөлiнедi. Алғашқысында жер қыртысының негiзгi құрылымдық элементтерi пайда болу жағдайлары мен уақыттарына байланысты бөлiнедi. Аймақтық тектоникалық картада өзіндік ерекшеліктері бар белгілі бір ауданның құрылымдары қойылады. Бір ауданда пайдаланылған шартты белгі басқасында пайдаланылмайды.

Геоморфологиялық картада шартты белгiлер мен жер бедерiнiң негiзгi түрлерi мен жеке элементтерi, жасы жəне тектерi есепке алына бейнеленедi. Бұл картаның негiзi ретiнде топографиялық карта мен төрттiк шөгiндiлер картасы пайдаланылады.

Топографиялық карта (Топографическая карта) - шартты белгілермен, барлық сызықтарын белгілі бір мөлшерде бірнеше есе кішірейту арқылы жергілікті жерді қағаз бетінде дәлме-дәл әрі жан-жакты бейнелеу. Топографиялық картада арнаулы шартты белгілермен жердің барлық бөлшектерінің (бедері мен заттардың) орналасуы мен өзара байланысы көрсетіледі.
Гидрогеологиялық карта - сулы қабаттардың жасы, тегiне, құрылысына қарай жеке топтарға бөлiнiп түрлi түстi бояумен бейнеленедi. Инженерлiк-геологиялық картада жасы мен құрамы бейнеленген жыныстардың физикалық қасиеттерi түрлi түстi бояулар мен штрихтар көмегiмен көрсетiледi. Пайдалы қазындылар картасы геологиялық картаға əртүрлi форма жəне түстi шартты белгiлермен немесе табиғи контур төрiнде осы ауданда таралған пайдалы қазынды кен орындары, минерализация көздерi, учаскiлерi көрсетiледi. Бейнеленетiн картада пайдалы қазындылар топтарға (жанғыш, металдық, металдық емес), ал олар жеке түрлерге бөлiнедi. Пайдалы қазбаларды болжау картасы - геологиялық немесе тектоникалық карталар негiзiнде, жеке минералдық шикiзаттар немесе олардың комплекстерi үшiн жасалынады. Мұнда олардың таралуы мен болашағы көрсетiледi. Геологиялық карталар мiндетi (1:50 000 (1:25 000) пайдалы қазындылар жəне арнайы карталар (геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық, төрттiк шөгiндiлер, үгiлу қабаттары) болып бөлiнедi.
Геохимия - Жердің химиялық құрамын, элементтердің көшу не таралу заңдылықтарын, атомдардың табиғи процестер кезіндегі орналасу мен көшу тәсілдерін зерттейтін ғылым. Геохимия терминін 1838 ж. неміс химигі Х.Ф.
Геологиялық Карта - жер қыртысының геологиялық құрылысын белгілі бір масштабта графикалық бейнелеу. Геологиялық Карта геол. түсіру, геол. зерттеулер нәтижесінде жиылған материалдарды қорыту арқылы жасалады.
Геологиялық карталар масштабына байланысты ұсақ масштабты, орта масштабты, iрi масштабты жəне дəлдiктi болып төрт типке бөлiнедi. Ұсақ масштабты карталар (1:500 000 жəне одан да ұсақ) iрi аймақтардың, жеке мемлекеттердің, тұтас материктiң немесе дүниежүзiнiң геологиялық құрылысы жайлы жалпы мағлұматтар бередi.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Мұнда масштаб көлемiнде негiзгi топографиялық элементтер (iрi өзендер, елдi мекендер мен теңiздер нобайы) ғана көрсетiледi. Мысалы Қазақстан аумағының 1: 1500 000 жəне 1:1000 000 масштабты карталары (В. Ф. Беспалов (1965)), (Н. А. Афоничев (1981), (Г. Р. Бекжанов (1996)). Орта масштабты карталар (1:200 000-1:100 000) топографиялық планшеттiң жеке беттерiне сəйкестендiрiле құрастырылады. Ол сол аймақтың геологиялық құрылысының негiзгi ерекшелiктерi мен пайдалы қазындыларының болашағы жайлы мағлұматтар бередi. Бұл картаның топографиялық негiзiнде горизонталдар сиретiледi, негiзгi емес қатынас жолдары, елдi мекендер, жəне т.б. алынып тасталынады. Iрi масштабты карталар (1:50 000-1:25 000) жоғарыда аталған сияқты жеке беттер түрiнде, нақтылы топографиялық негiзде орындалады. Бұл карта ауданның толық геологиялық құрылысын, пайдалы қазындыларының барлық түрiн, болашағын айқындап көрсетедi. Ол жер бетiнiң геологиялық құрылысы ғана емес, оның терең қабаттарының құрылысы туралы да мəлiметтер бере алады. Бұл картаны ауылшаруашылық, құрылыс, өндiрiс қажеттерiне де пайдалануға əбден болады.

Дəлдiктi масштабты геологиялық карталар (1:10 000 жəне iрiлерi) арнайы топографиялық негiздi пайдаланып құрастырылады. Мұнда кен орны орналасқан ауданның геологиялық құрылысы толық көрсетiлiп, пайдалы қазындының таралу заңдылығы, қоры мен игеру жағдайын анықтауға мүмкiндiк туады.



1.2 Геологиялық картаның шартты белгiлерi

Таужыныстарының жасы, құрамы жəне тегi геологиялық карталарда шартты белгiлер көмегiмен көрсетiледi. Шартты белгiлер үш түрлi болады. Түрлi түстi бояулар – шөгiндi, вулканогендi жəне метаморфты жыныстардың жасын, ал интрузивтiлердiң құрамын бейнелеу үшiн қолданылады. Картада олар əр түстілігімен, индекстерімен, штрихтарымен ажыратылады. Əр түрлі жасты таужынысының өзіндік түсі болады. Олар стратиграфиялық шкалаға сай болуы керек.

Стратиграфия - геологияның бөлімі, тарихи геологияның негізі. Стратиграфия тау жыныстарының жатыс формаларын, олардың бір-біріне қатынасы мен горизонтальды және вертикальды бағыттарда ауысуларын зерттеп, жастарын анықтайды.
Бөлімдер мен жікқабаттарды да белгілеу үшін шкаланы пайдаланады. Мұнда жүйенің төмен бөлімшелеріне қоюлау түстер қолданылады. Мысалы: Алғашқы девон - қою қоңыр, орта девон - қоңыр, жоғарғы девон - ашық қоңыр. Ал жергілікті (комплекстер, сериялар, свиталар, подсвиталар) жəне аймақтық (горизонт, лона) бөлімдер стратиграфиялық шкаламен сəйкес келеді. Бір ерекшелігі–олардың түс айырмашылығы болуы керек. Əріпті-цифрлі белгілер – таужыныстар жасы мен тегін, ал интрузивті, кейбір вулканогенділер үшін құрамын көрсетеді.
Интрузив - магманың жер қыртысы қойнауларында бірте-бірте суынып кристалдануынан қалыптасқан геологиялық дене (мыс., батолит, лополит, шток және т.б.)
Бөлімдерді индекстеу стратиграфиялық шкалада берілген. Шөгiндi, вулканогендi жəне метаморфты жыныстарды картада белгiлейтiн индекстер кiшi жəне үлкен латын грек əліпбиінің əрiптерiнен жəне цифрлардан тұрады. Алдымен үлкен немесе үлкен мен кiшi латын əрiптерiмен жүйе жазылады. Жүйенiң бөлiмi оның төменгi оң жағында араб цифрiмен көрсетiледi. Жікқабаттың қысқартылған атының индексi бiр немесе екi латынның кiшi əрiпiнен құрастырылады, ал оның бөлiмдерi араб цифрiмен белгiленедi. Жалпыға қабылданған стратиграфиялық бөлiмдемелерден өзге көптеген жағдайларда қосымша жергiлiктi бөлiмдемелер енгiзу қажет болады, оларға серия, подсвита, горизонттар, топтама (пачка) жəне қат-қабат (толща) жатады. Бөлімнің индекстері жүйеге берілген əріппен беріледі (үлкен əріппен), ол бөлімнің төменгі, ортаңғы, жоғарғы екендігін көрсетеді. Мысалы: J2 - Юра жүйесінің ортаңғы бөлімі; K2 - Бор жүйесінің жоғарғы бөлімі.

Егер бір жүйеде екі жікқабаттың аты бір əріппен басталса, онда екі əріп қолданылады. Сонда көне жікқабаттың бірінші əріпі бір əріп болып бірінші жазылады, ал жас жікқабаттың екі əрпі жазылады (біріншісі жəне ең жақын дауыссыз əрпі). Мысалы: D3f - жоғарғы девонның фран жікқабаты, D3fm жоғарғы девонның фамен жікқабаты, S1l - жоғарғы силурдың лландовер жікқабаты, S1ld- жоғарғы силурдың лудлов жікқабаты.

Жікқабат - бірегей стратиграфиялық (жержылнамалық) шкаланың бесінші дәрежелі бірлігі немесе бөлімшесі; Жікқабат геологиялық уақыт тұрғысынан геологиялык ғасыр барысында түзіліп үлгерген таужыныстар қабатын кұрайды.
Жікқабатшаның индексін жанына 1(төменгі), 2(жоғарғы) – екі мүшелік үшін жəне 1,2,3 сандарын қосу арқылы белгілейді. Мысалы: K1al3 – төменгі бордың жоғарғы альб жікқабатшасы. Зонаның индексі екі кішкентай латын əрпінен тұрады (біріншісі жəне жақын дауыссыз əрпінен) жəне жікқабат немесе жікқабатшадан нүкте арқылы ажыратылады. Мысалы: K1al.hs –жоғарғы альбтің Hysteroceras orbignyi зонасы. Жергіліктік жəне аймақтық стратиграфиялық бөлімдерді (комплекстер, сериялар, свиталар, горизонттар жəне провинциалдық зоналар) белгілеу үшін, оның жанына екі кішкентай əріпті жалғаймыз (бірінші жəне оған жақын дауыссыз əріп). Бір ерекшелігі олар курсивпен жазылуы керек. Мысалы: C1vkz - төменгі карбонның визе жікқабатының қызыл свитасы, D1-2ur төменгі-ортаңғы девонның ұрып сериясы.
Карбон немесе Тас көмір жүйесі - палеозой заманын құрайтын алты кезеңнің бесіншісі, палеозой эратемасының пермьнен кейінгі, девонның алдыңғы кезеңі. Ұзақтығы 60,2 млн. жылды қамтиды, 359,2 млн. жыл бұрын басталып, 299 млн.
Егер стратиграфиялық атаулардың аты бір əріппен жəне қалған əріптері бірдей болса, онда үш əріп қолданылады. Мысалы: P3br- берік, P3brs борисфей свиталары (олигоцен). Стратиграфиялық атауларға қосымша (подсвиталар, подгоризонттар) 1,2,3 жəне 1, 2 сандары қосылуы арқылы белгіленеді. Мысалы: C1v1kz - төменгі карбонның төменгі визе жікқабатшасының қызыл свитасының төменгі подсвитасы. Пачкалар араб сандарымен белгіленеді. Мысалы: C1kz23 төменгі карбонның қызыл свитасының ортаңғы подсвитасының үшінші пачкасы. Масштабы 1:200000 жəне 1:50000 карталарда жыныс жасының индексін ғана емес эффузивтер құрылымының индекстерін де көрсету керек.

Риолиттер λ (лямбда)

Базальттар β (бета)

Андезиттер α (альфа)

Фонолиттер φ (фи)

Дациттер ξ (дзета)

Пикриттер, кимберлиттер ι (иота)

Трахиттер τ (тау)

Стратиграфиялық бірліктер біреуден көп болып кетсе, онда индексте атаулар арасына тире қойылады. Мысалы: K1b-g - төменгі бордың берриас, аланжин жəне готерив жікқабаттары. Егер индексте əртүрлі бөлімдер болса, онда индексте бөлімдер көрсетіледі. Мысалы: Kal s - бор жүйесінің төменгі бөлімінің альб жікқабаты жəне жоғарғы бөлімінің сеноман жікқабаты. Егер картада жас онша анықталмаған болса, онда оның жанына сұрақ белгісін қоюға болады. Мысалы: T3-J1? - жоғарғы триас жəне төменгі юраның (?) құрылымы. Масштабы 1:50 000 (1:25 000) карталарда төрттік жүйенің гентикалық типі, оның сол жағына символдардың қосылуымен қарастырылады.

Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
Мысалы:

e – элювилік

p – пролювилік

d – делювилік

l – көлдік

ed – элювий делювилік

m – теңіздік

c – коллювилік

g – мұздық

s – солифлюкциалдық

lg – көлдік-мұздық

v – эолдық

f – флювиогляциалдық

a – аллювилік

Мысалы: aQ1 - төменгі төрттіктің аллювилік жынысы; pdQIII - жоғарғы төрттіктің пролювий-делювилік жынысы. Төрттікті жыныстардың жасын көрсету үшін араб цифрлары қолданылады.

Араб цифрлары Араб цифры - 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сияқты математикалық таңбалар. А. ц. Үндістанда (5 ғ.) пайда болған. 10-13 ғ-да Мұхаммед әл-Хорезмидің (9 ғ.), басқа да араб математиктерінің еңбектері арқылы Еуропаға тараған.
Мысалы: gIQII жəне g 2QII төрттіктің мұздық жəне оны басып жатқан мұз-көлдік жынысы. Жатыстарда террас деген ұғым бар. Оны белгілеу үшін: егер террасаның аты беймəлім болса, онда араб сандарымен белгіленеді; ал аты белгілі болса, онда оның бірінші əрпі көрсетіледі. Мысалы: aQI - төменгі төрттік звеноның аллювиальді жатысы, pdQII - ортаңғы төрттік звеноның пролювиальделювиаль жатысы. Төрттік звенода терраса болады, егер терраса аты бізге беймəлім болса, онда араб сандарымен белгілейміз; ал егер аты белгілі болса, онда бірінші əрпімен көрсетеміз. Мысалы: a3QII - ортаңғы төрттіктің аллювиальдік жатысының үшінші террасасы, жоғарғы төрттіктің теңіздік жатысының хвалын террасасы. Индекстер картада қара тушпен анық болып жазылуы тиіс. Штрихты белгiлер - таужыныстар құрамын, ал бiртүстi геологиялық карталар үшiн қосымша жасы мен құрамын да көрсетедi. Интрузивті жəне страфицияланбаған вулканогенді

  1   2

  • Геологиялық карталар
  • 1.2 Геологиялық картаның шартты белгiлерi

  • жүктеу 110.03 Kb.