Главная страница
Контакты

    Басты бет


Файлдарды архивтеудiң қажеттiлiгi

жүктеу 135.07 Kb.



жүктеу 135.07 Kb.
Дата14.03.2019
өлшемі135.07 Kb.

Файлдарды архивтеудiң қажеттiлiгi


Архивтеу туралы түсініктеме, WinRAR, WinZIP архиваторлары. Архивті құру туралы мүмкіндіктері Файлдарды архивтеудiң қажеттiлiгi Кез келген информацияның белгiлi бiр көлемi болады. Мәлімет жинақтайтын қатты дискiнiң көлемi қаншалықты үлкен болғанымен ол шектеулі, жаңа мәлiметтердi жазу кезінде дискiде орын болмай қалуы мүмкiн.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Файл (ағылш. File) - дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
Бұл мәселенi шешудiң бiрiншi жолы – қажет емес файлдарды жою. Ал егер де қажет емес файлдың бәрiн жойғаннан кейiн де дискiдегi орын жеткiлiксiз болса, не iстеймiз Мұндай жағдайда дискiдегi орынды үнемдеп, файлдың көлемiн азайту үшiн мәлiметтердi сығылған түрде компьютерде сақтауға арналған арнайы архиватор программаларды қолдану керек.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Дискідегі мәліметті сығылған түрдегі архивтік файлға жазу процесі архивтеу (сығу, тығыздау) деп, ал сол файлды архивтен алу – қалпына келтіру деп аталады. Мәліметтерді сығу және қалпына келтіру шараларын жүзеге асыратын программалар тобы архиваторлар болып табылады. Информацияны архивтеу — мәліметтің саны мен сапасын жоғалтпай, тек көлемін кішірейту арқылы түрлендіру.
Сан - мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланылатын абстракт нәрсе.
Архиваторлар дискiдегi орынды үнемдеп, файлдың көлемiн кiшiрейтiп сақтауға мүмкiндiк беретiн программалар тобы. Олардың сығу тәсiлдерi әр түрлi болғанмен, жалпы қызметiн былай түсiндiруге болады: файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды түгелдей дискiде ұстаудың ешқандай қажетi жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкiндiк беретiн программалардың жалпы қызметi – файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа информация жазып, кейiннен оларды өз реттiлiктерiн сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтiретiн мүмкiндiктi пайдалану. Әрине архиватордың әр алуан информациялар үшiн тиiмдiлiгi де әр түрлi болатыны өз-өзiнен түсiнiктi, мысалы, мәтiндiк файлдарды екi есеге жуық, ал бояуларының қоюлығы онша емес сұр түстi суреттердi (РСХ немесе ВМР тәрiздi форматтағы) қанықтылық ерекшелiктерiне қарай екi-төрт, тiптi он есеге дейiн тығыздап сығуға болады. Архиваторлар орташа есеп бойынша файл көлемiн 10–70-ға дейiн кiшiрейтуге мүмкiндiк бередi. Әдетте 20 Мб мәліметті көшiру (СОРУ командасы арқылы) 15-ке дейiн дискет (көлемi 1,44 Мб) қажет етедi, ал архиватор көмегiмен оны бiрнеше есе қысқартуға болады.
Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.
Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискiдегi файлдар көшiрмесiн сығылған күйде архивтiк бiр файлға орналастыруға, кейiннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т.б. iстер атқаруға мүмкiндiк бередi. Архивтiк программалар бiр бiрiнен сығылған файлдың форматымен, жұмыс iстеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды сығу деңгейi сияқты сан түрлi мүмкiндiктермен ерекшеленеді. Архивтеу программалары тегiн (SHAPEWARE) немесе делдалдық әдiспен сату арқылы таратылады. Windows 982000NT ортасында кең таралған архиваторларға ARJ, RAR, ZIP (winarj, winrar, winzip) тәрiздi программалар жатады. Бұлардан басқа да архиваторлар бар. 12.2. Мәліметтердi сығудың теориялық негiздерi Информацияны сығу сапасы (деңгейі) файл типіне және сығу тәсіліне байланысты болады да, ол сығылған мәлімет көлемінің – Vc бастапқы мәлімет көлеміне – V0 қатынасымен өрнектеліп, пайызбен () өлшенетін сығу коэффициентімен – Kc анықталады: Кс мәні кішірейгені информацияны сығу деңгейінің артқанын көрсетеді.
Маклер (нем. mаkler – делдал, арада жүруші) - тауарларды, бағалы қағаздарды сатып алу-сату саласында кәсіби түрде делдалдықпен айналысатын адам; сақтандырумен байланысты мәмілеге қатысатын адам; сақтандыру агентінен айрырмашылығы - Маклер сақтандыру ұйымында жалданып жұмыс істемейді; келісім-шарттарды өзінің есебінен сатып алушы және сатушы биржа делдалы (оның клиент үшін мәміле жасасатын делдалдан өзгешелігі осында). Биржа қызметкерлерін, сондай-ақ тауар секцияларында сауда-саттық жүргізушілерді және делдалдардың мәміле жасасуға ауызша келісімін реттеушілерді биржa маклері дейді. Шетелдік практикада маклер қор биржасындағы басты тұлғалардың бірі ретінде қаралады. Клиенттің тапсырмасы және соның есебінен әрекет ететін қор, валюта және тауар биржаларында мәміле жасау кезіндегі делдал; биржалық операциялардың белгілі бір түрі не маманданушы; төлем үшін әлдебір делдалдық қызмет көрсететін пысықай.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Информацияны архивтеу (сығу) мәселелері оларды кодтау (мәтін символдарын кодтау кестелеріне сәйкес екілік сандармен алмастыру), шифрлау (криптография), дыбыстық және бейнелік сигналдарды түрлендіру тәсілдерімен тығыз байланысты. Мәліметтерді сығу тәсілдерінің барлығын екі топқа бөлуге болады: информацияны жоғалтпай (қайтымды алгоритм) және информацияны жоғалту (необратимый алгоритм) жолымен сығу тәсілдері.
Алмастыру - белгілі бір n элементті қандай да бір ретте (тәртіпте) қайталамай орналастыру. Берілген n элементтен барлығы әр түрлі n! = 1*2...n Алмастыруы жасалады. Алмастыруға байланысты көптеген есептер ауыстыру терминдері арқылы тұжырымдалады.
Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)
Алғашқы тәсілде архив арқылы информацияны толық қалпына келтіруге болса, екінші жолында – қалпына келтірілген информация түпнұсқасынан аздап бөлектеу болады. Қазіргі кезде көптеген архивтеу алгоритмдері бар. Солардың барлығы, негізінен, екі қарапайым идеяны пайдаланады. Оның алғашқысын – символдардың қолданылу жиілігін есепке алу жолымен Хаффман (Huffman D.A., 1952ж.
Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
) ұсынған. Символдарды кодтауда түсінуге жеңіл арнайы кестелер (ASCII-код) қолданылады, онда бір символ бір байт (СР-1251, КОИ-8) арқылы немесе екі байт (Unicode) арқылы кодталады. Ал мәліметті ұзақ уақыт сақтауда немесе желі арқылы жылдам тасымалдауда – көлемді кішірейтуге мүмкіндік беретін кодтаудың күрделі тәсілдері пайдаланылады. Хаффман тәсілі бойынша жиі кездесетін символ – қысқа бит тізбегімен, ал сирек кездесетін символ – ұзын бит тізбегімен өрнектеледі де, әрбір архивке символдар мен олардың кодтары туралы мәлімет қоса беріледі. Бір мысал келтірейік. . Мәліметтерді сығудың қайтымдылығы Мәліметтерді сығудың теориялық тұрғыдан алғанда үш тәсiлi бар: мәліметтер мазмұнын немесе олардың құрылымын өзгерту, әйтпесе олардың екеуiн де өзгерту.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Егер мәліметтердi сығу кезiнде олардың мазмұны өзгеретін болса, бұл тәсіл қайтымсыз болады да, сығылған мәліметтер толығынан алғашқы қалыпқа келмейді. Осындай тәсілдердi информацияны тәртіппен жоғалту тәсілдерi деп атайды. Бұл тәртіп мәлімет көлемін ойдағыдай кішірейтіп, көбіне суреттерді сығуда қолданылады. Бейненің аздап өзгергені көбіне байқалмайды. Мәтін үшін бұл әдіс қолданылмайды. Информацияны аздап өзгерту арқылы сығатын бейнелік форматтар: .JPG (графикалық мәліметтер үшiн); .MPG (бейне суреттер үшiн); .MP3 (дыбыстық мәліметтер үшiн). Егер мәліметтердi сыққанда, тек оның құрылымы ғана өзгерiске ұшыраса, онда бұл қайтымды тәсілге жатады. Мұндай тәсілде мәліметтің бастапқы нұсқасы толық қалпына келеді. Информацияны жоғалтпай сығу кез келген мәлімет түрлеріне қолданыла алады. Қайтымды тәсілмен сығылуға тән мәлімет форматтары: .GIF, .TIF, .PCX және т.б. (графикалық мәліметтер типі үшін); .AVI (бейне-суреттер үшiн); .ZIP, .ARJ, .RAR, .LZH, .LH, .CAB және т.б. (мәліметтердiң кез келген түрлерi үшiн). Қайтымды тәсілдер алгоритмi Мәліметтердi сығу тәсілдерiн қарастырғанда, мынадай дәлелденген тұжырымдар (теоремалар) бар екенін есте сақтау қажет.
Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.
Кез келген мәліметтi жоғалтпай толығынан сығудың белгілі бір теориялық шегі болады, ол шектен асу мәлімет қайтымдылығын жояды. Кез келген сығу алгоритмі үшiн – оның өте жақсы сыға алатын (басқа тәсілдерге қарағанда) мәліметтер тiркесiн көрсетуге болады. Кез келген сығу алгоритмi үшiн – оның ешбір сыға алмайтын (сығу еш нәтиже бермейтiн) мәліметтер тiркесін де көрсетуге болады. Сонымен сығу алгоритмдерін салыстырғанда, олардың әрқайсысы тек белгілі бір мәліметтер тіркесі үшін ғана өте тиімді жұмыс істейтіні анықталды. Хафман алгоритмi негiзiнде символдардың кездесу жиіліктеріне қарай оларды байтпен емес, бит тобымен кодтау тәсілі жатыр. RLE алгоритмi қайталанатын мәліметтер тiркестерiн анықтап, оларды қайталау коэффициентi мен мәліметтер коды көрсетiлген қарапайым құрылыммен ауыстыруға негiзделеді. KWE алгоритмi (Keyword Encoding) алгоритмi бастапқы құжаттағы жиі ұшырайтын түйінді сөздерді (лексикалық бiрлiктердi) қысқартылған байттар тобымен кодтауға негiзделген. Құжатқа түйінді сөздерді кодтау кестесі бірге жазылады. Бұл тәсіл ағылшын тіліндегі мәтіндер үшін ыңғайлы, орыс мәтіндері үшін – (предлогтары көп болғандықтан) онша ыңғайлы боп саналмайды.
Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.
Синтетикалық алгоритмдер. Жоғарыдағы алгоритмдер “таза күйінде” өмірде қолданылмайды, олардың тиімділігі бастапқы шарттарға байланысты болады. Осыған орай, қазіргі алгоритмдер бірнеше алгоритмдердің араласуынан шыққан күрделі синтетикалық алгоритмдерді пайдаланады. Оның негізгі принципі – мәліметті алдын ала қарап шығып, оның ерекшеліктерін талдау арқылы алгоритмдердің жеке түрлерін нақты нұсқада біріктіріп пайдалану болып табылады. 12.5. Архиваторларға қойылатын негізгі талаптар Атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты қазіргі мәліметтердi архивтеу құралдарын архив диспетчерi десе де болады.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Олар мәліметтерді сығудан басқа мынадай қызметтер атқарады: • мәліметтерді көлемдері шағын әр түрлі бірнеше бөліктерге (дискеттерге) бөліп жазатын көп томдық архивтер жасау; • автоматты түрде бірден қалпына келтірілетін, ехе-типтегі файлға жазылған SFX-архивтерін дайындау; • архивтегі файлдардың кез келгенін қалпына келтіру; • архив құрылымының толықтығын тексеру; • архивті ашпай-ақ, оның мазмұнын көру; • архивті ашпай, оған жаңа файлдар қосу; • архивті ашпай, оның ішіндегі файлдарды өшіру; • зақымдалған архивтердi толық немесе жекелеп қайта қалпына келтiру; • архивтегі файлдарды аттары, типтері немесе көлемдері бойынша реттеу; • архивті ашу үшін пароль енгізу, т.б. Архиватор сипаттамаларына: • жұмыс істеу жылдамдығы; • сервистік қызметтері (архиватор функциялары жиыны); • сығу деңгейі – Кс жатады. Архивтiк файл – қысылған күйде бiр файлға енгiзiлген, қажет болғанда бастапқы қалпына келтіруге болатын бiр немесе бiрнеше файлдар жиынтығы. Оның мазмұны (архив құрамындағы қысылған файлдар тiзiмi) және әр файл мәліметтерінің сақтаулы циклдiк бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбiр файл үшiн оның атрибуттары тәрiздi мынадай информациялар сақталады: Файлдың аты, типі; Файл орналасқан каталог (бума) туралы мағлұмат; Файлдың соңғы өзгертiлген мерзiмi; Архив бүтiндiгiн тексеруге арналған әр файлдың циклдiк бақылау коды. Архиваторлар Windows жүйесіне стандартты түрде кірмейді. Оларды компьютерге компакт-дискілерден орнатқаннан кейін, файлдар жанама (контекстік) менюлерінде қосымша командалар пайда болады (12.1-сурет). Мәлімет сығу объектiлерiне – файлдар, бумалар, дискiлер жатады. Суретте кең қолданылатын WinZip архиваторының пайдалану интерфейсі көрсетілген. WinRAR архивтiк программасын пайдалану WinRAR – мәліметтерді сығуға және оларды басқаруға арналған Windows ортасында орнатылатын архиватор. WinRAR-дың мүмкiндiктерi: RAR және ZIP архиваторларын сүйемелдеу жұмыстарын атқару; мәлiметтердi қысудың ең тиiмдi алгоритмiн пайдалану; басқа форматтардағы (ARJ, LZH, ACE, UUE) архивтердi басқару; стандартты және қосымша SFX модульдер көмегiмен өздiгiнен ашылатын қарапайым және бiрнеше томдық архивтер жасау; физикалық түрде бүлiнген архивтердi қалпына келтiру; шифрлау, түсiнiктемелер қосу, т.б. WinRAR-ды Windows режимiнде және командалар қатарында (MS DOS) да қолдануға болады. Файлдарды архивтеу және архивтен шығару жайлы төменде айтылған. WinRAR-ды орнатқан соң, файлдарды архивтеу және қалпына келтіруді тiкелей Windows ортасында (Сiлтеуіштен немесе Жұмыс столынан) орындауға болады. 12.7. Файлдарды архивке енгiзу WinRAR белгiшесiн таңдап алып, тышқанды екi рет шертемiз немесе бас менюдегi Iске қосу – Программалар – WinRAR жолдары арқылы кiруiмiзге де болады. WinRAR iске қосылған терезеде ағымдағы бума iшiндегi файлдар және бумалар тiзiмi көрсетiледi. Қажет файлдар орналасқан бумаға кiрген соң, архивтейтiн файлдар мен бумаларды ерекшелеп белгiлеймiз де, Архивке қосу (Add to archive) батырмасына шертемiз (мұны Alt A пернелерi немесе Командалар менюiнен «Файлдар архивке қосу» командасын таңдау арқылы да iске асырамыз). Пайда болған сұхбат терезесiне архивтiң атын енгiземiз немесе алдын ала келiсiм бойынша берiлген атты растау қажет. Сонан соң жаңа архивтiң (RAR немесе ZIP) форматын, қысу тәсiлiн, том көлемiн және басқа да архивтеу параметрлерiн тандауға болады. Архивтi жасау үшiн ОК батырмасын шерту қажет. Архивтеу кезiнде статистикалық терезе пайда болады. Егер қысу процесiн кенеттен тоқтату қажет болса, сол терезеде Болдырмау батырмасын басу керек. Архивтеу аяқталған соң, статистика терезесi жойылады, ал жасалған архив ағымдағы белгiленген файл күйiнде қалады. Жасалған RAR архивiне тасымалдау арқылы басқа файлдарды қосуға да болады. Егер WinRAR терезесiнде архивтi белгiлеп, оның атында Enter (немесе тышқанды екi рет шертемiз) пернесiн бассақ, RAR архивтi оқып, оның мазмұнын көрсетедi. 12.7. Файлдарды архивтен шығарып бастапқы қалпына келтіру WinRAR ортасында архивтен файлды шығарып алу үшiн, алдымен архивтi ашып алу керек. Ол үшін – Windows ортасында архивтiк файл белгішесінде тышқанды екi рет шертеміз немесе Enter-дi басу (Сiлтеуіште немесе Жұмыс столында) қажет. WinRAR терезесi ашылған соң, архивтік файлдың мазмұны шығады. Керек файлдарды немесе буманы ерекшелеп белгiлеп алып, терезедегi Шығарып алу (Extract to…) батырмасын басамыз (оны Alt E пернелерi немесе Командалар менюiнен «Файлды архивтен шығару» пунктiн тандау арқылы орындаса да болады). Егер де архивтен шығарылған файлды басқа бумаға сақтағыңыз келсе Шығару… (немесе Alt A-ны басыңыз) батырмасын шертiп, пайда болған терезеде қажет жолды көрсетiп, ОК-дi басу керек. Мұнда бiрнеше қосымша параметрлердi өзгертуге болады. 12.8. Архивтердiң тұтастығын (бүтiндiгiн) тексеру Архивтегi әрбiр файл үшiн оның циклдiк бақылау коды (CRC) жазылып сақталады. Бұл код – файлдың iшкi мәлiметiнiң арнайы функциясы, файлға кiшiгiрiм өзгерту енгiзiлсе, оның бақылау коды да өзгеруге тиiс. Сондықтан бақылау коды архивтiк файлдың бүлiнбей дұрыс сақталғанының белгiсi болып табылады. Файлдарды архивтен шығарар кезде олардың әрқайсысы үшiн бақылау коды бөлек есептеледi де, ол бұрынғы жазылып сақталған кодпен салыстырылып нәтижесi экранда көрсетiледi.


жүктеу 135.07 Kb.