Главная страница
Контакты

    Басты бет


Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 199.96 Kb.



жүктеу 199.96 Kb.
бет2/3
Дата09.03.2017
өлшемі199.96 Kb.

Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


1   2   3

Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы

050703 – Ақпараттық жүйелер мамандығының студенттеріне арналған

Компьютерлік желілер пәні бойынша

пәннің материалдарын оқып-үйренуге арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК нұсқау
Кафедраның отырысында қарастырылған « » 2008ж. № хаттама
Кафедра меңгерушісі _________________ Ж.К.Нұрбекова

(қолы)



Факультеттің әдістемелік кеңесінде құпталған «___»________ 2008ж.
Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
№___ хаттама
ӘК төрайымы _______________________ А.З.Даутова

(қолы)
Тақырып 1. Кіріспе



  1. Компьютерлік тораптардың қысқаша даму тарихы.

  2. Компьютерлік тораптардың жіктелуі.

  3. Локальды және глобальды тораптар.

Компьютерлік торап дегеніміз – компьютердің қандай да бір территориясы бойынша таратылған және олардың өзара бір-бірімен байланысқан жиынтығы.

КТ территориялық белгісі бойынша былай бөлуге болады:



  1. Жергілікті

  2. Регионалды/Аймақтық

  3. Корпоративті торап – қандай да бір корпорацияға жататын, компьютерлерді біріктіретін торап.

  4. Ауқымды

Ауқымды торапта орналасқан абоненттердің арасында өзара әрекеттер байланысының телефондық желісі негізінде радиобайланыс және спутниктік байланыс жүйесі негізінде жүзеге асады.
Абонент (фр. abonner - жазылу) - абонементті пайдаланатын тұлға (адамдар тобы, мекеме, ұйым). Байланыс Абоненттің телефон, телеграф станциялары және радиоторап қызметін, есептеу техникасының абоненті - есептеу жүйесі қызметін пайдалануға құқығы бар.
Радиобайланыс - радиотолқын көмегімен ақпарат алмасу. Радиобайланыс жүйесінің ақпарат беруші жағында радиотаратқыштан және таратушы антенналардан тұратын радиотарату құрылғысы, ал қабылдаушы жағында қабылдау антенналары мен радиоқабылдагыштан тұратын радиоқабылдау құрылғысы орналасады.

Ауқымды, аймақтық және жергілікті желілерінің бірігуі көпжелілі иерархияны құруға мүмкіндік береді.

Жергілікті желінің ерекшелігі: телефон желісі қолданылмайды, олар бір-бірімен желілік кабельмен біріктіріледі, әдетте коаксиалды кабель пайдалынылады. Коаксиалды кабель орталық сым-жиладан жан-жағынан металл тормен оралған орамнан тұрады. Орам кедергілерден қорғауға арналған. Коаксиалды кабельге компьютерлерді қосу үшін онда желілік плата болуы қажет.

Жергілікті желіде компьютерлер барлығы тең құқылы болса, желі бір рангілі деп аталынады. Желідегі компьютерлерді басқаратын компьютер сервер деп аталады. Жергілікті желідегі әрбір компьютер жұмыс станциясы немесе әрбір станцияның өзінің аты болады. Өз кезегінде жұмыс станциялары жұмыс тобын құрайды. Компьютерлерді бір-бірімен біріктіру тәсілі желі топологиясы деп аталады. Жұлдызша, шиналық, сақина, бұтақ тәріздес топологиялар болады.

Желінің дамуындағы маңызды кезең Ethernet типті стандарты желілік технологияның пайда болуы. Мөлшермен 1980 ж ортасы, ол әр түрлі типті компьютерлерді жылдам және тиімдірек біріктіруге мүмкіндік береді. Компьютерлік желінің қолданысы мекемеде мынадай мүмкіндіктерді береді:


  1. Қымбат тұратын ресурстарды бөлісу.
    Жүзік - соғу, қалыптау, ширату , сәндеу арқылы жасалып, сәндік үшін саусаққа салынатын әшекейлі сақина. Палеолит дәуірінде сүйектен, неолит дәуірінде тастан, қола дәуірінде металдан жасалған. Ежелгі Египетте (Мысыр) мөрлі Жүзік салу кең таралып, оның көзінде оюлап салынған сурет не жазу болған; адамдар қол қою орнына мөрлі Жүзіктің таңбасын басқан.
    Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.


  2. Коммуникацияны жетілдіру.

  3. Ақпаратқа қатынауды жақсарту.

  4. Жылдам және сапалы шешім қабылдау.

  5. Компьютердің аймақтық орналасуындағы еркіндігі.


Тақырып 2. Компьютерлік тораптарды құру негіздері

    1. Тораптық элементтердің топологиялық жіктелуі.

    2. Негізгі түсініктер: тораптар түйіндері, кабельді сегмент, тораптық сегмент, логикалық торап, бұлттар, активті және пассивті коммуникациялық құрылғылар.
      Қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.
      Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.


    3. Физикалық және логикалық топология.

    4. Бірлік ортасына қатынас құру әдістері.

Желіде құрылғылар арасында өзара әрекеттерді ұйымдастыру күрделі есеп болып табылады. Күрделі есептерді шешуге декомпозиция деп аталатын әмбебап тәсіл қолданылады. Яғни бір күрделі есепті бірнеше қарапайым есеп модульдерге бөлу. Декомпозиция процедурасы жекелеме есептерді шешетін әрбір модулінің функциясын дәл анықталуын және олардың арасындағы интерфейсті қамтиды. Яғни декомпозиция нәтижесінде есепті логикалық ықшамдау болады және жүйенің қалған бөліктерін өзгеріссіз жекелеме модульдерін модификациялау мүмкнідігі пайда болады. Мысалы:

Сурет.
Декомпозицияда көп жүйелі модульдердің барлық жиынын деңгейлерге бөледі. Ал деңгейлер өз кезегінде иерархияны құрайды.

Деңгейлер жоғарғы және төмен болып бөлінеді. Әрбір деңгейді қарастыратын модульдер жиыны өз есептерін шығару үшін олар өзінен төмен орналасқан модульге сұраныс жасайды. Ал барлық модульдің жұмыс нәтижесі өзінен жоғары тұрған модульге беріледі. Осындай есептін иерархиялық декомпозициясы әрбір деңгейдің қызметін және деңгейлер арасындағы интерфейстерді нақтылауды көздейді.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Мұндағы интерфейс төмен жатқан деңғгейдің жоғарғы деңгейге ұсынатын қызметтер жиынтығын анықтайды. Мысалы:

Сурет.
Бір деңгейде бірақ әртүрлі түйіндерде жататын желілік компоненттердің алмасатын хабарламасының тізбегін және форматын анықтайтын фломалданған ережелер жиынтығы хаттамалар деп аталады.

Интерфейс (Interface-inter-өзара, і face-бет жағы) - 1) программалаушылардың кәсіптік тілінде - өзара әрекеттесу "жазықтығы", пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы; 2) есептеуіш жүйе құрылғыларының не (немесе) программалардың өзара әсерлесуін жасақтайтын құралдар мен ережелер жиынтығы; есептеуіш жүйедегі құрылғыларды үйлестіру немесе жүйелер арасында үйлестіруге пайдаланылатын үйлестіргіш техникалық және программалық құралдар жиынтығы; жүйелердің, құрылғылардың немесе программалардың екі арасын бөлу шекарасы; екі қызметтік құрылғының және олардың қосылу, алмасу сигналдары және т.б. сипаттамаларымен анықталған шекарасы; 3) ішкі программаға басқаруды беру мен бастапқы программаға қайту процедурасы туралы сипаттамалар мен келісімдер жиынтығы.
Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.
Көрші деңгейдің протоколын жүзеге асыратын және бір түйінде болатын модульдер бір-бірімен нақты анықталған ережелерге сәйкес және хабарламаның стандартталған форматтар көмегімен өзара әрекеттеседі. Осы ережелер интерфейс деп аталады. Яғни интерфейс берілген деңгейдің көрші деңгейге көрсететін қызметтің жиынын анықтайды.

Қорытынды. Протоколдар әртүрлі түйіндердің бір деңгейдегі әрекеттесу ережелерін, ал интерфейстер бір түйінде көрші деңгейдегі модульдерді әрекеттесу ережелерін қарастырады.

Сурет.
Әрбір деңгейдегі құралдары біріншісі өзінің меншікті протоколын, ал екіншісі көрші деңгейлер мен интерфейсті өңдеуі қажет.

Желідегі түйіндердің әрекетін ұйымдастыру үшін жеткілікті болатын иерархиялық түрде ұйымдасқан протоколдың жиыны коммуникациялық протоколдың стегі деп аталады.

Стэк дегеніміз – ЭЕМ-нің «дүкен» тәрізді жадысы. Адрестелетін жадыға соңынан келдік бірінші шықтық тәртібі бойынша жұмыс істейді. Коммуникациялық протоколдар бағдарламалық және аппараттық болып жүзеге асады. Ал жоғарғы деңгейлер протоколы таза бағдарламалық құралдармен жүзеге асады.


Тақырып 3. Тораптық шешімдерді стандарттау

  1. Стандарттар көзі. Ашық жүйелер қарым-қатынасын ұйымдастырудың базалық моделі. «Ашық жүйе» түсінігі. Функционалдық .
    Стандарттау, үлгіқалыптау (ағылш. standardization) - есептеуіш техниканың аппараттық және программалық құралдарын ерекшелігі бойынша өндіру мен пайдалану тұрғысында қабылданған келісім; стандарттарды, нормалар мен ережелерді және т.б.
    Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.
    деңгей түсінігі.

  2. Физикалық, каналдық, тораптық, транспорттық, сеанстық және қолданбалы деңгейдің негізгі функциялары. «Инфтерфейс», «протокол» түсініктері. Коммуникациялық протоколдар түсінігі және олардың стандартты стегі.

  3. OSI стегі. TCP∕IP стегі. IPX∕SPX стегі. NETBIOS∕SMB стегі. SNA стегі. DECnet IEEE802.x стегі.

Тәжірибеде желіні жүзеге асыру барысында стандартты протоколдарды қолдануға тырысады. Бұлар фрималық, ұлттық немесе халықаралық стандарттар болуы мүмкін. 80 жылдардың басында халықаралық ұйымдардың әр қатарында желінің дамуында ерекше рөл атқарған моделді жасап шығарды. Бұл модель ашық жүйенің әрекеттесі моделі – OSI деп аталады. Ашық жүйе болып жалпы қатынау ерекшелігімен стандартқа сәйкес және қызығушылық танытқанның көпшілік талқылау нәтижесінде қабылданған кез келген жүйе болып табылады. OSI моделінің қызметі:

  1. Жүйелі әрекеттесудің әр түрлі деңгейін анықтау.

  2. Жүйеге стандартты аттар береді.

  3. Әрбір деңгейдің қызметін анықтайды.

OSI моделінде әрекеттесу құралдары 7 деңгейге бөледі:

  1. Қолданбалы.

  2. Сеанстық.

  3. Транспорттық.

  4. Желілік.

  5. Каналдық.

  6. Физикалық.

  7. Көрсетімдік.

OSI моделінің әр түрлі деңгейлердегі протоколдары протоколдар стегіне сәйкес келеді. Желіге қосылған компьютердегі протоколдар қажетті барлық функцияларды үйлесіммен орындайды.

OSI моделі ашық жүйелердің өзара байланысын сипаттайды.

Ашық жүйе болып ашық спецификация сәйкестігімен құрылған жүйе саналады. Мысалы, компьютер, есептегіш желі, операциялық жүйе, бағдарламалық өнім және басқа да аппараттық және бағдарламалық өнімдер.

Есептегіш, электр есептегіш - тұтынылған электр энергиясын есептеуге арналған өлшеуіш құрал. Тұрмыста жиілігі I 50 Гц, бір фазалы 220 В немесе 127 В айнымалы кернеуге арналған есептегіш пайдаланылады. Электр энергиясы киловатт-сағатпен өлшенеді.

«Спецификация» - аппараттық немесе бағдарламалық компоненттердің формальдық сипаттамасы, олардың қызмет жасауының тәсілдері, басқа компоненттермен өзара әрекеті, пайдалану шарттары, ерекше мінездемелері және шектеулері.

OSI моделі ашықтылықтың бір аспектісін ғана қарастырады, яғни есептегіш желіде байланысқан құрылғының өзара әрекетінің құралдарының ашықтығын. Ашық жүйе – жіберілетін және алынатын мәліметтердің форматын, мазмұнын және мәнін анықтайтын стандартты ережелерді қолданатын, басқа желілік құрылғылармен өзара әрекеттесуге дайын желілік құрылғы.

Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Егер екі желі ашықтылық принципімен құрылған болса, онда мынадай жетістіктер болады:


  • бір ғана стандартты ұстанатын әртүрлі өндірушілердің аппараттық және бағдарламалық құралдарынан желіні құру мүмкіндігі;

  • желінің жекелеме компоненттерін неғұрлым жетілген басқа компоненттермен еш қиындықсыз алмастыру мүмкіндігі, бұл аз шығынмен желіні дамытуға мүмкіндік береді;
    Алмастыру - белгілі бір n элементті қандай да бір ретте (тәртіпте) қайталамай орналастыру. Берілген n элементтен барлығы әр түрлі n! = 1*2...n Алмастыруы жасалады. Алмастыруға байланысты көптеген есептер ауыстыру терминдері арқылы тұжырымдалады.


  • бір желінің екінші желімен жеңіл кездесетін мүмкіндігі;

  • желіні меңгеру және қызмет көрсетілуінің қарапайымдылығы.

Ашық жүйенің жарқын мысалы Internet халықаралық желісі. Internet желісінің жұмысын анықтайтын стандарт – RFC (Request For Comments) «комментарийге сұраныс» деген мағынаны білдіреді, яғни қабылданған стандарттың ашық та, кең қолданысы мінезін көрсетеді. Осының нәтижесінде Internet әр түрлі құралдармен бағдарламалық қамтамасыздандырылуы бүкіл әлем бойынша таратылған желілердің үлкен санын біріктіре алды.
Тақырып 4. Компьютерлік тораптардың аппараттық құралдары

  1. Коммуникациялық құралдардың қазіргі компьютерлік тораптардағы ролі.

  2. Коммуникациялық құралдардың негізгі түрлерінің функционалды аттары, байланыс желілері, тораптық адаптерлер, қайталағыштар мен конденсаторлар, көпірлер мен конденсаторлар, маршрутизаторлар, шлюздар. Коммуникациялық құралдардың OSI модель деңгейіне функционалды сай келуі.

Модульдік – есептегіш желілердің табиғи және бөлінбес қасиеттерінің бірі.
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Модульдік желінің шеткі түйіндеріндегі коммуникациялық протоколдың көп деңгейлі көрсетімінде ғана көрінбейді, ол желілік архитектураның маңызды және принципиалды ерекшелігі. Желі әр түрлі модульдің үлкен санынан тұрады: компьютерлер, маршрутизаторлар, модемдер, операциялық жүйелер және қосымшалар модулі.

Желілік адаптер – желіге қосылуға мүмкіндік беретін құрылғы. Ол аналық тақшаның бос қуыс орындарының біріне орнатылады. Желілік адаптер компьютер мен желі арасында жарастырғыш міндетін атқарады. Қазіргі уақытта NE-2000 (Novell Ethernet) желілік адаптерлері қолданылады.

Көпірлер – бірдей хаттамалы екі желіні байланыстыру үшін қолданылады. Әр түрлі хаттамасы бар және әр түрлі жабдықталған есептегіш желілерін де қоса алады. Бірақ тасымалданатын хабарға ешқандай түрлендіру жасамайды. Көпірдің міндеті – екі желідегі осы көпір арасында өтетін деректер пакетіне талдау жасау. Желі ішіндегі компьютерге бағытталған пакеттерге тимейді, ал қалғандарын басқа желіге бұрып жіберілуі.

Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.

Маршрутизация- хабар жеткізудің, яғни мәліметтер тасымалдаудың оңтайлы үрдісі.



Есептегіш желілерді стандарттау бойынша жұмыс көптеген ұйымдармен жүргізілуде. Ұйымдардың статусы бойынша стандарттың мынадай түрлерін ерекшелеуге болады:

  1. Жекеленген фирманың стандарты. Мысалы, Digital Equipment фирмасының Decnet хаттамаларының стегі немесе Sun фирмасының Unix жүйесіне арналған Open Look графиктік интерфейсі. Хаттама мәліметтерді ұйымдастыру жайындағы келісімдер жиыны, яғни есептегіш желіде 2 есептеу машинасының есептеу желісінде мәліметтер тасымалдау кезінде қолданылатын ережелер мен келісімдер жиынтығы.

  2. Арнайы комитеттер мен ұйымдардың стандарттары. Олар бірнеше фирмамен жасалынады. Мысалы, АТМ технологиясының стандарты – 100-ге жуық ұжымдық қатысушылармен АТМ Forum арнайы құрылған ұйымымен әзірленген стандарт.

  3. Ұлттық стандарттар. Мысалы, ANSI – Американың стандарттық ұлттық институтында әзірленген көптеген стандарттың бірі - FDDI стандарты немесе АҚШ қорғаныс министрлігінің компьютерлік қауіпсіздіктің Ұлттық орталығында әзірленген операциялық жүйенің қауіпсіздік стандарттары.
    Америка (ис. América, порт. América, фр. Amérique, кеч. Amirika, айм. Amërika, нидер. Amerika) - Америка-батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия және тағыда басқа жағалауға жақын аралдар кіреді.


  4. Халықаралық стандарттары. Мысалы, стандарттар бойынша Халықаралық ұйымның коммуникациялық хаттамасының моделі мен стегі, электр байланысының Халықаралық Одағының көптеген стандарттары, соның ішінде пакеттерді коммутациялау желісіндегі стандарттар Х.25, Frame relay желілері, ISDN, модемдер және т.б.

Деңгейлер:

  1. Қолданбалы деңгей. Пайдаланушымен тарамдық қолданбалық әрекеттестігіне байланысты мәселелермен айналысады. Қолданбалы деңгей есептеу тарамының түйіндеріне басқа түйіндермен немесе байланысуға мүмкіндік беретін кейбір қызметтер ұсынады. Бұл деңгейде есептеу тарамы арқылы тасымалданатын деректер анықталады және олар бөлшектерге бөлінеді. Қолданбалы деңгей АЖӘ үлгісінің көзге түсетін бөлігі болып табылады. Онда ешқандай нақты жұмыс істелмейді, тек есептеу тарамына қатынас құрмақшы талап төмеңгі деңгейге жіберілетін сұратуға өзгертіледі.

  2. Сеанстық деңгей. Есептеу тарамының бекеттері жүргізіп жатқан жауаптасуды ұйымдастыруға және үйлестіруге арналған. Бұл деңгейде қабылдаушымен алғашқы байланысу және шақыру үрдісін басқару, сеанс барысында деректер жіберу мен қабылдауды басқару және сеансты аяқтау жүргізіледі, сеансқа қатысушылардың сұратулары мен жауаптарын тасымалдау тәртібі анықталады. Сеанстық деңгей деректер алмастыру үрдісіне қатысқан жұмыс бекеттерінің хабарларына ештеңе қоспайды. Сонымен сеанстық деңгей пайдаланушы мен тарамдық қолданбалар арасындағы байласуды тағайындауға және басқаруға арналған пайдаланушының тарамдық интерфейсі болып табылады.

  3. Транспорттық деңгей. Транспорттық деңгей белгілі бір пайдаланушылар бағдарламасына деректер жеткізумен шұғылданады. Бұл деңгей бір есептеу машинасынан жіберілген ақпарат екіншісінде дұрыс қабылдануына жауапты болып саналады, яғни берілістің сапасына бақылау жүргізеді. Дестелердің қосарлануын анықтайды және осындай жағдайларда оларды жояды.
    Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.
    Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.


  4. Желілік (тарамдық) деңгей. Бұл деңгейде дестелермен олардың бағдарғылары құрастырылады, яғни қабылдауышты табуға мүмкіндік беретіндей деректер тасымалданатын жол анықталады және жүзеге асырылады. Сондықтан деректер қақтығысуы мүмкіндігімен және тасымалдау жылдамдығымен байланысты мәселелермен шұғылдануға тиісті болады. Бағдарғылау логикалық арнаның құрылуына әкеледі. Бұл деңгей дстелерді хабар таратқыш есептеу машинасынан қабылдауышқа дейін мекендетуге және жеткізуге жауапты болып саналады. Одан кейін деректерді көліктік деңгейге береді.

  5. Каналдық (арналық) деңгей. Арналық деңгей деректер дестесінің құрамына кіретін символдарды тізбектелген түрде таымалдауға арналған. Бұл деңгейде тарамының түйіндерінің физикалық деңгейді пайдалану ережелері анықталады. Физикалық деңгейден алынған деректерді тарамның деңгейге түсінікті түрде аударады. Және керісінше тарамдық деңгейден қабылданған кадрларды физикалық деңгейге керек биттер ағымына түрлендіреді. Арналық деңгей екі тарамдық деңгей арасында тасымалданған деректердің тұтастығын қадағалап отырады. Арналық деңгей екі деңгейшеге бөлінеді: физикалық ортаға қатынас құруды бақылау (МАС) және логикалық арнаны басқару (LLC).
    Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
    Физика Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.
    Қатынас құруды бақылау (Контроль доступа; access control) - бағдарламалардың немесе процестердің құрылғыларға, бағдарламаларға және есептеу жүйесінің мәліметтеріне қатынас құруын анықтау және шектеу.
    МАС деңгейшесі физикалық ортаға қатынас құруды басқарады және есептеу тарамының жұмысына бақылау жүргізеді. LLC деңгейшесі МАС-тан жоғары орналасады және пайдаланушының хабарларын қабылдайды таратады.

  6. Физикалық деңгей. Физикалық деңгей тарамдық байланыс арқылы деректер тасымалдайды және осы міндетті атқаратын аппараттық құралдардан тұрады. Хабар құрайтын символдар электрлік сигналдарға түрленеді.
    Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
    Бұл деңгейде есептеу машинасының аттары хабардың мазмұны және оның тасымалданатын. Басқа деңгейлерде осы жұмыстар істелініп, қойылған физикалық деңгейде тек электрлік сигналдарды кабельге жіберу жұмыстары ғана жүргізіледі. АЖӘ үлгісінің бұл бөлігінде сонымен қатар есептеу тарабын құрайтын байланыс желісінің физикалық, механикалық және электрлік сипаттамалары анықталады бұл деңгейді есептеу тарабының аппараттық қамтамасына жауапты деп санауға болады.

  7. Көрсетімдік деңгей. Бұл деңгейде көрсету функциялары жүзеге асырылады, қолданбалы деңгейден немесе деңгейге сұратулар қабылданады, дестелер немесе файлдың пішімі тексеріледі. Деректерді әрбір нақты есептеу машинасының ішкі сандар пішіміне түрлендіру жұмысы және деректерді рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін оларды шарт таңбалау үрісі. Көрсетімдік деңгейге файлдың пішімін түрлендіру міндеттері жүктеледі.

Коммуникациялық хаттаманың стектері.

Есептегіш желілер аймағында стандарттың маңызды бағыты коммуникациялық хаттамаларды стандарттау болып табылады. Бүгінгі күні желілерде коммуникациялық хаттаманың стектерінің саны жеткілікті.

OSI стегі хаттаманың неғұрлым нақты спецификциялар жиынын көрсетеді. Хаттаманың басқа стектеріне қарағанда OSI стегі OSI моделіне толығымен сәйкес келеді. Осы модельде анықталған барлық 7 деңгейдің өзара әрекетінің хаттамасының спецификациясын қамтиды.

IPX/SPX стегі.

Бұл стек Netware желілік операциялық жүйе үшін жасалған, Novell фирмасының протоколдарының оригиналды стегі болып саналады. Стекке ат берген, InternetWork Packet Exchange (IPX) және Sequenced Packet Exchange (SPX) желілік және сеанстық деңгейлерінің протоколдары Xerox фирмасының XNS протоколдарының тура адаптациясы болып табылады.

IPX/SPX стегінің көптеген ерекшеліктері қарапайым ресурстары бар дербес компьютерлерден құралған, үлкен көлемді емес локальды желілердегі жұмысқа OCNetWare версиясының алғашқыларына ориентациямен шартталған.

Дербес компьютер Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.
Novell компаниясының мұндай компьютерлеріне іске асыруға оперативті жадының минималды санын талап ететін, протоколдар қажет етеді. Нәтижесінде IPX/SPX стегінің протоколдары локальдік желілерде жақсы жұмыс істеген, ал үлкен корпоративті желілерде нашар. Себебі олар баяу ауқымды байланысты кеңауқымды пакеттермен жүктелген. Сонымен IPX/SPX стегі Novell фирмасының меншігі болып табылады және оның іске асырылуына лицензия алуы қажет.

1   2   3


жүктеу 199.96 Kb.