Главная страница
Контакты

    Басты бет


Есептеу техникасы құралдарын паспорттандыру және ақпараттық ресурстарды пайдалану қағидалары Жалпы ережелер

жүктеу 106.21 Kb.



жүктеу 106.21 Kb.
Дата14.09.2018
өлшемі106.21 Kb.

Есептеу техникасы құралдарын паспорттандыру және ақпараттық ресурстарды пайдалану қағидалары Жалпы ережелер



Шардара ауданы әкімінің 2017 жылғы « __» маусымдағы шешіміне №2 қосымша



Есептеу техникасы құралдарын паспорттандыру

және ақпараттық ресурстарды пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Шардара ауданы әкімі аппараты пайданалатын Есептеу техникасы құралдарын паспорттандыру және ақпараттық ресурстарды пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) есептеу техникасы құралдарына паспорттарды ресiмдеу және жүргізу және ақпараттық ресурстарды пайдалану тәртiбiн айқындайды.

2. Есептеу техникасы құралдарын паспорттандыру есептеу техникасы құралдарына жауапкершілік дербестендiру және есепке алу нақтылау мақсатында жүзеге асырылады.



2. Нормативтік сілтемелер мен анықтамалар

3. Осы құжатты әзiрлеу үшiн мынадай құжаттама пайдаланылған:




ҚР СТ ИСО/МЭК 27001-2008 «Ақпараттық технология. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйлері. Талаптар».

ҚР СТ ИСО/МЭК 27002-2009 «Ақпараттық технологиялар. Қамтамасыздандыру құралдары. Ақпарат қорғанысын басқару бойынша ережелер жинағы».

Шардара ауданы әкімі аппараты қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі жадынама.

4. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар, белгілер және қысқартулар қолданылады:




Әкімдік

Шардара ауданы әкімі аппараты

АҚ

Ақпараттық қауіпсіздік

ЕТҚ

Есептеу техникасы құралдары

Базалық бағдарламалық қамтамасыз ету

Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде, және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жұмысқа жеткілікті бағдарламалық қамтамасыз ету жиынтығы

Техникалық қолдау

Әкімдікке жүйелік-техникалық қызмет көрсететін ұйым

Жүйелік әкімші

Әкімдік серверлік жабдықтарының, жұмыс станцияларының және бағдарламалық қамтамасыз етуінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық қолдау өкiлі

АҚҚ

Ақпараттық қауiпсiздiк қызметі – Әкімдіктің АҚ үшiн жауапты бөлімшесі


3. ЕТҚ паспорттандыру
5. ЕТҚ паспорттандыру келесіні көрсете отырып, есептеу техникасы құралдарын есепке алуды білдіреді:

  1. Олар бекітілген тұлғалар және бөлімшелер;

  2. техникалық сипаттамалар, конфигурациясы;

  3. техникалық құралдардын түгендеу нөмірлері;

  4. оларға орнатылған операциялық жүйелер;

  5. орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету тізбесі;

  6. кепілдік қызмет көрсету мерзімі;

  7. техникалық қызмет көрсету туралы мәліметтер;

  8. өзге де мәліметтер.

6. ЕТҚ-ға паспорты ресiмдеуге және жүргізуге:

  1. ЕТҚ пайданалушылары;

  2. бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының кызметкерлері;

  3. АҚҚ қызметкерлері;

  4. Жүйе әкімшілер қатысады.


4. ЕТҚ паспортың ресiмдеу және жүргізу тәртiбi

7. Паспорттар дербес компьютерлерде, белсенді желілік жабдықтарда, сондай-ақ серверлік жабдықтарда жасалады. ЕТҚ паспортында түзетуге және тазартуға жол берілмейді. Паспорттар осы теңгерімнең ЕТҚ-ны алғанға, жалға алғанға немесе басқа ұйымға бергенге дейін АҚҚ-де сақталады. Жүйелік-техникалық қызмет көрсету жеделдiгін арттыру мақсатында паспорттар жүйелік әкімшілерге уақытша беруілуі мүмкін.

8. ЕТҚ теңгерімге қойған сәттен бастап бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының кызметкерлері ЕТҚ түгендеу нөмірін береді, ЕТҚ-ға бастапқы (жаңа) паспортты осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген нысан бойынша жүргізеді, «Түгендеу нөмірі», «Атауы», «Кепілдік мерзімі» (егер кепілдік аяқталмаса) деген бағандарды толтырады. ЕТҚ атауы бастапқы бухгалтерлік есеп құжаттарына сәйкес көрсетiледi. Паспорттың «Орындалған жұмыстарды тіркеу» парағында бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының кызметкері «Орындаушының қолы» деген бағанға, ал АҚҚ кызметкері «Пайданалушының қолы» деген бағанға қолын қояды. Одан әрі паспорттар жүйелік әкімшіге беріледі.

9. ЕТҚ жұмыс қабілеттілігі тексергеннен кейін жүйелік әкімші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес базалық бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатады, паспорттың «Қысқа техникалық сипаттамалар, ЕТҚ конфигурациясы», «Операциялық жүйе мен орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету» деген бағандарын толтырады.

10. Дербес компьютерді пайдаланушыға беру лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың негізінде жүзеге асырылады. ЕТҚ беру кезінде жүйелік әкімші пайданалушының қатысуымен паспортқа пайданалушының ТАӘ, лауазым, бөлімшесін, кабинеті және телефоны туралы мәліметтерді енгізеді. Берілген дербес компьютердің паспорты пайдаланушының және жүйелік әкімшінің қолдарымен куәландырылады.

11. Қосалқы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату, ЕТҚ жөндеу, жанарту мен алдын алу ЕТҚ-да Техникалық қолдаудың зақымдалмаған пломбасы (жапсырмасы) болғанда ғана жасалады. Кепілдік құрылғалар үшін ЕТҚ жеткізушісін пломбасының (жапсырмасының) тұтастығы міндетті түрде тексеріледі. ЕТҚ-да пломбаның (жапсырманың) зақымдалуы анықталған жағдайда, жүйелік әкімшімен акт жасалады және мәселелерді анықтау үшін АҚҚ қызметкері шақырылады.

12. АҚҚ қызметкері ЕТҚ-нің паспорттағы деректерге сәйкестігін тексеру жөніндегі іс-шаралар жылына бір рет жүргізеді. Бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату, және ЕТҚ жөндеу, жаңарту мен алдын алу кезінде жүйелік әкімші ЕТҚ паспортына тиісті жазбаларды енгізіледі, олар ЕТҚ пайданалушының қолымен расталады.

13. Қажет болған жағдайда, ескі түгендеу нөмірімен жаңа паспорт жүргізіледі, онда ескі паспорттаң өзекті мәліметтер көшіріледі және пайдаланушы мен АҚҚ қызметкерінің қолымен куәландырады. Ескі паспорттар ЕТҚ-ны ағымдағы теңгерімнен алғанша және есептен шығарғанша немесе басқа ұйымға бергенше АҚҚ-да сақталады.

15. Жаңа паспортты жүргізу үшін негіздеме:


  1. ЕТҚ конфигурациясының өзгеруі;

  2. ЕТҚ бағдарламалық қамтамасыз ету құрамының өзгеруі;

  3. кепілдік міндеттеме мерзімнің аяқталуы;

  4. пайдаланушының жұмыстан шығуы және ұзақ болмауы;

  5. пайдаланушының басқа құрылымдық бөлімшеге ауысуы;

  6. жазба үшін бос орынның болмауы;

  7. өзгі ЕТҚ паспортан ауыстыруға қажетті басқа да себептер.

16. Паспорттардың дұрыс және уақытылы толтырылуын бақылауды АҚҚ жүзеге асыралады.

5. Пайдаланушы жұмыстан шыққан, басқа құрылымдық

бөлімшеге ауысқан немесе ұзақ демалысқа кеткен кезде

ЕТҚ-ны беру тәртібі
16. Пайдаланушы жұмыстан шыққан, басқа құрылымдық бөлімшеге ауысқан немесе 60 күннен астам ұзақ демалысқа кеткен кезде (бала туына байланысы демалыс, ұзақ оқу және т.б.):

  1. дербес компьютерде сақталатын қажетті қызметтік ақпаратты өз бөлімшесінің басшысына береді;

  2. АҚҚ қызметкеріне дербес компьютерді тапсырады және ЕТҚ паспортының «Орындалған жұмыстарды тіркеу» парағына дербес компьютерді тапсырғаны туралы белгі қояды және өз қолын қояды.

17. АҚҚ қызметкері босаған дербес компьютердің жиынтықтылығын тексереді (ЕТҚ-нің паспортына сәйкес) және оны кейін бағдарламалық қамтамасыз етуін орналастырыру, қатқыл дискіні форматтау үшін жүйелік әкімшіге береді. ЕТҚ паспортына жүйелік әкімшімен орындалған жұмыс туралы жазба жасалады.

18. Одан әрі пайдаланушының компьютерді тапсырғаны және қаттқыл дискіні форматтағаны туралы белгісі бар паспорт ескі ЕТҚ паспорттарын сақтау үшін АҚҚ-ға беріледі және қажет болған жағдайда түгендеу нөмірі және т.б. туралы мәліметтерді көшіре отырып ЕТҚ-да жаңа паспорт жүргізіледі.


6. ЕТҚ-ны кепілдік қызмет көрсетуге беру тәртібі
19. Кепілдік қызмет көрсету мерзімі өтпеген ЕТҚ-ға жеткізуші пломбасын (жапсырмасын) зақымдауға жол берілмейді.

20. Пайдаланушы мүмкіндігінше қажетті деректерді мұрағатайды, сыртқы тасығыштарда мұрағатты сақтайды және компьютердің қатқыл дискісіндегі барлық деректерді жояды. Компьютерді қайтару кезінде пайдаланушы деректерді мұрағаттан қалпына келтіреді.

21. Серверлік жабдығы әкімшісі мүмкіндігінше жүйенің толық көшірмесін түсіреді, сервердің қатқыл дискісіндегі барлық ақпаратты жояды.

22. Желілік құрал-жабдығы әкімшісі жөндеуге жіберу кезінде мүмкіндігінше ақаулы жабдықтың ағымдағы конфигурациясын жоюды жүргізеді.

23. АҚҚ қызметкерлері қатқыл дискідегі ақпараттың болмауын тексереді және ЕТҚ кепілдік жөндеуге береді. Жөндеуден қайтару кезінде паспорттын деректері өзектендіріледі, ЕТҚ паспортпен бірге Техқолдауға пайдаланушыға беру ЕТҚ-ны даярлау үшiн беріледі.

7. ЕТҚ-ны бөтен ұйымдарға беру
24. ЕТҚ-ны бөтен ұйымдарға беру бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының қызметкерлерімен бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

25. Беру үшін дайындау кезінде АҚҚ қызметкерлері:



  1. жабдықтың жиынтықтылығына, жұмысқа қабілеттілігіне тексеру жүргізеді;

  2. қатқыл дискіде ақпараттың болмауын тексереді.

26. АҚҚ қызметкері паспортқа тиiстi жазбаларды енгізеді және оны сақтау орнына орналастырады.
Есептеу техникасы құралдарын паспорттандыру және ақпараттық ресурстарды пайдалану қағидаларына

1-қосымша



ЕТҚ паспорты

түгендеу. №_____________

Атауы




Кепілдік мерзімі




Департамент, Басқарма




Лауазым




Т.А.Ә.А.




Каб., тел. және т.б.




ЕТҚ қысқа техникалық сипаттамасы, конфигурациясы




Операциялық жүйе және орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету






Атқарылған жұмыстарды тіркеу:


р/с

Жұмыстар атауы

Жұмыс жүргізілген күн

Орындаушының Т.А.Ә. А. және қолы

Пайдаланушының Т.А.Ә. А. және қолы

1













2













3













4













5













6













7













8













9













10












Есептеу техникасы құралдарын паспорттандыру және ақпараттық ресурстарды пайдалану қағидаларына



2-қосымша


Базалық бағдарламалық қамтамасыз ету тізбесі




Қысқаша атауы

Ескертулер

1

MS Windows

Операциялық жүйе

2

MS Office

Мәтіндік және өзгеде құжаттармен жұмыс үшін

3

TumarCSP

ЭЦҚ үшін

4

Lotus Notes

ЭҚАБЖ үшін

5

Mozilla Firefox

МОИП үшін

6

Антивирус Касперского

БҚ вирусқа қарсы

7

Adobe Reader

PDF файлдарды қарау үшін

8

7z

Файлдарды мұрағаттау

9

USB disk security

Флешкаға арналған вирусқа қарсы

10

Периферия тұғарының БҚ

Басып шығару драйвері, сканерлеу және т.б.

11

Жұмыс станцияларының тұғырының БҚ

Материялық плата драйвері және т.б.

12

Java

Виртуалды машина

13

K-Lite Codec Pack

Медиафайлдарды қарау үшін кодектер жиыны

14

Adobe Flash Player

Flash файлдарды қарау

  • 6. ЕТҚ-ны кепілдік қызмет көрсетуге беру тәртібі
  • 7. ЕТҚ-ны бөтен ұйымдарға беру
  • Атқарылған жұмыстарды тіркеу
  • Орындаушының Т.А.Ә. А. және қолы Пайдаланушының Т.А.Ә. А. және қолы
  • Базалық бағдарламалық қамтамасыз ету тізбесі

  • жүктеу 106.21 Kb.