Главная страница
Контакты

    Басты бет


Еркінқала балалар саз мектебі Мұғалім Рахимова Құрманай Тилеккабыловна-баян мамандығы

жүктеу 91.54 Kb.



жүктеу 91.54 Kb.
Дата17.04.2017
өлшемі91.54 Kb.

Еркінқала балалар саз мектебі Мұғалім Рахимова Құрманай Тилеккабыловна-баян мамандығы



Еркінқала балалар саз мектебі

Мұғалім Рахимова Құрманай Тилеккабыловна-баян мамандығы.

Бала Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.

Салематсыздарма құрметті ұстаздар!"Жаңалықты жатсын қабылдайтын, шәкірттерінің жанына нұр силайтын ұстаз-бүгінгі күннің лайықты тұлғасы" деген қанатты сөздермен,бүгінгі семинар сабағымды бастауды жөн көріп отырмын.

"Қазақ мәдениеті ашық сипат ұстанып,жанына жағымды болғанымен таптаурын тартып,көнерген үлгілерге тоқырап қалмай,мәдени тың жаңалықтарды қабылдауға әр кез дайын болу керек",-деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай,қазіргі кезде білім ордасына қойылар басты талап - сапалы білім мен саналы тәрбие.Қоғамға араласа отырып,жеке тұлғаны даярлап,өнермен ілесе жүруге үйрету - адамның ең басты міндеті.

Адамның эмоциялық сезімне ерекше әсер ететін құдіретті күш - музыка.Музыка дыбыстық бейнелер арқылы өмір шындығын көрсете отырып,адамның ішкі дүниесін, оның өмірдегі құбылыстарымен жайларға көзқарасын,тілмен жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы мен нәзік сезімін айқын аша түседі."Музыка - күллі өнердің ішіндегі ең құдіретті,ең әсерлісі",-деп Г.Берлиоз айтқандай,музыка адамзаттың рухани азығы,жан серігі.Ол өзінің көркемдігімен және нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың ақыл-ой,сана-сезімін кеңейтіп,жақсы мінез-құлықтарының,талғамының,қоғамдық көзқарасының дұрыс қалыптасуына әсерін тигізеді.

Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo - толғану) - адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Мінез-құлық - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері.
Көзге көрінбейтін,тілмен жеткізе алмайтын өте нәзік сезімді әуен арқылы жүректен-жүрекке жеткізе білу,саз мектебі мұғалімдерінің қолынан келер іс екені сөзсіз.Саз мектебінде тек қана музыка жөнінде мағлұмат беріп қана қоймай,ең бастысы біздің өсіп келе жатқан жас ұрпақты жоғары идеялық,адамгершілік және азаматтық қасиеттерге дағдыландыру болғандықтан,мұғалімнің алдына ерекше жоғары деңгейдегі міндеттер қойылуда.Музыка өнері өмірмен байланысты дамиды.Барлық адамнан музыкант тәрбиелеп шығу мүмкін емес.Негізгі мақсат - Моцарт тәрбиелеу емес,оқушыны эстетикалық ләззат алуға үйрету.
Волфганг Амадей Моцарт (нем. Wolfgang Amadeus Mozart, толық аты Johannes Chrysostomus Wolfgangus Theophilus Mozart - Йоханн Хризостом Волфгаң Теофил Моцарт; 1756 жылы 27 қаңтарда, Зальцбург, Қасиетті Рим империясында – 1791 жылы 5 желтоқсан, Қасиетті Рим империясында) – Вена классикалық композиторлар мектебінің жарқын өкілі.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Бүгінгі сіздерге ұсынғалы отырған сабағымның тақырыбы "Полифониялық шығармалармен жүргізілетін жұмыс".



Сабақтың мақсаты:Бірнеше әр түрлі әуендерді, бір жүйеге бағындырып,әр әуеннің жекелеген сөйлем құрылымын анық орындап,түпнұсқасында бүтін шығарма етіп шығару.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.


Білімділігі:Музыкалық шығармаларды ырғақтық, динамикалық ерекшеліктерін меңгере отырып, құрылымын,көркемдік бейнесін ұғыну.

Дамытушылығы:Көп дауысты шығарманы нотаға қарап оқып ойнау. Оқушының музыкалық ойын,өнерге құштарлығын,көзқарасын,қабілеттілігін дамыту. Коп дауысты музыканы дұрыс түсінуге ықпал ету. Барлық дауыстардың түрлілігін тыңдай білуін тереңдету. Әр сабақ алдымен жоспарланады.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Жаңа сабақты хабарлау.

4.Бекіту


5.Қортындылау.

6. Үйге тапсырма.

Алдымен оқушыны аспап отырғызып иық белдіктерін лайықтап береміз. Сабақты әдеттегідей гамма ойнаудан бастаймыз. Өздеріңіз білетіндей гамма - оқушының саусақтарын жаттықтыру үшін және шығармада кездесетін альтерациялық белгілерді еркін ойнау, техникалық шеберлікті арттыру мақсатында ойнатылады.

Келесі кезекте үй тапсырмасы тексеріледі.А.Холминов "Кадриль".



Александр Николаевич Холминов 1925 жылы 8 қыркүйекте Москва қаласында дүниеге келген.
Қала Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.
Ол 12 жасынан бастап өзінің алғашқы операсын жазған. 1943 жылы Москва консерваториясының жанындағы музыка училищесінің композиторлық бөліміне оқуға түседі.Өзінің жақсы үлгерімі мен талантының арқасында училищені жыл жарым оқығаннан кейін консерваторияға жолдама алып 1950 жылы бітіріп шығады.

Кадриль - Француз биі.XVIII ғасырдың аяғында туындап ХІХ ғасырың аяғына дейін танымал болған екі немесе төрт жұп болып биленеді.
Консерватория (итал. соnsеrvаtогіо, алғашқы мағынасы - баспана, лат. соnservо - сақтаймыз) - музыка мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны. Консерваторияда музыкылық шығармаларды кәсіби орындаушылар (ішекті, үрмелі, халық аспаптарында ойнайтындар, әншілер, дирижерлер), композиторлар, музыка мәдениетінің тарихшылары мен теорияшылары, музыка зерттеушілері даярлауды.
Сазгер, композитор (лат. compositor - құрастырушы) - музыкалық шығармалардың авторы. Бұл термин алғаш рет 16-ғасырда Италияда кең пайдаланыла бастады және сол кезден бастап, батыс еуропа музыка мәдениетінің тәжірибелерінен туындаған "кәсіби жазба дәстүрінің" бейнесі ретінде қабылданады.
Ғасыр - 100 жылға тең уақыт бірлігі. Грегориан күнтізбесіне сәйкес алғашқы ғасыр 1 жылдың қаңтардың 1 басталып желтосанның 31де аяқталған.

Кадриль - си ь мажор үндестігінде,өлшемі - 2\4,екпіні - тез.

Шығарма 4 такт кіріспеден басталады.Бұл жерде тактымен тактінің арасы лига сызықтарымен жалғанғандықтан мехты қойғанда осыған баса назар аударған жөн.Динамикалық белгісі f(форте) және әр аккорд акцентпен ойналады.Шығарма бір-біріне ұқсамайтын үш әуеннен тұрады.Сондықтан,оқушыға түсінікті болу үшін әр әуенді әріптермен белгілеп аламыз.Бірінші әуенді - А,екінші әуенді - Б,үшінші әуенді - В деп үш бөлікке бөлеміз.Әр бөлімнен кейін А бөлімі қайталанып отырады.А және Б бөлімдері мажорлық үндестікте, В бөлімі соль минор яғни паралеллді үндестікте ойналып 2 вольта соңында S (сегма) белгісі қойылғандықтан қайта А бөліміне түседі.

А бөлімінде - акценттерге,динамикалық белгілерге, Б бөлімінде - әр тактідегі лига сызықтарын қадағалау,В бөлімінде - аккордтың акцентпен алынып келесі аккордқа лига штрихымен көшуіне көңіл бөлу керек.Әр бөлім затактіден басталады.Үш бөлімді бөлек үйреніп алғаннан кейін әр бөлімді өз характеріне сай ойналады.

Келесі кезекте жаңа сабағымыз "Полифониялық шығармалармен жүргізілетін жұмыс"



Полифония - орта ғасырдан ( Х-ХІ ғ) бастау алатын еуропа мәдениетіне тән көпдауысты жүйе.Музыкалық термин ретінде бірдей тең көпдауыстылықты білдіреді.Оның ерекшелігі - бір-бірімен байланысты бола тұра, әр дауыс өзінің даралығымен айқындалады.

Полифония дегеніміз - гректің poli - көп және phone - дыбыс деген сөздерінен көпдауыты деген ұғымды білдіреді.Музыкадағы бірнеше тәуелсіз әуенді дамытуға және бір мезгілде гармониялық қабыстыруға негізделген көп дауыстылық түрі.

Музыка тарихында қатаң және еркін стиль деп аталатын полифонияның екі түрі белгілі.

Тарих Тарих (көне грек. ἱστορία -сұрастыру, зерттеу) - адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым.



Қатаң стильдегі полифониялық шығарманың әуені баяу.
Полифония (гр. polіphonіa - көп дауыстылық) - орта ғасырдан (10 - 11 ғасырлар) бастау алатын еуропа мәдениетіне тән көпдауысты жүйе. Музыкалық термин ретінде бірдей, тең көпдауыстылықты білдіреді. Оның ерекшелігі - бір-бірімен байланысты бола тұра, әр дауыс өзінің даралығымен айқындалады.
Онда негізінен бүтін,жарты,ширектік,сегіздік нота ұзақтықтары қолданылады.Музыкалық әуені баяу,бірқалыпты дамиды.Секірістер болмайды.

Еркін полифониялық стиль XVII ғасырда И.С.Бах, Г.Гендель шығармаларынан кең орын алады, кейін В.А.Моцарт жалғастырады.Олар әуенді жандандыра түсетін кез-келген нота ұзақтығын пайдаланды.Еркін стильдегі полифонияның имитация,қарама-қарсы,қосалқы дауысты деген түрлері бар.

Имитация (қайталау) - полифонияда бір дауысты әуен келесі дауыстарда сәл кешігіп қайталанады.Қайталау кейде дәл,көпдауысты жүйеде жүйеде белгілі бір интервалдық аралықта жүзеге асады.

Қарама-қарсы полифонияда - әр дауыстың өз ырғағы , өз тақырыбы болады.Соған қарамастан олар бір мезгілде естілгенде бір-бірін толықтырып тұрады.

Қосалқы дауысты полифония деп - негізгі музыкалық әуенімен оны көркемдеп отыратын ,өзіндік даралығы жоқ қосалқы дауыстары бар шығарманы айтады.Әуен бір дауыста жүрсе қосалқы дауыстар екі,үш кейде одан да көп болуы мүмкін.Бірақ олардың ырғақ жүйесі көбіне негізгі әуенге бағынышты.

Полифония өз алдына бөлек дербес түрлі музыкалық шығармаларды топтастырады.Полифонияға - полонез,сарабанда,менуэт,прелюдия,фуга,инвенция,канон т.б. жатады.



Полонез - салтанатты би шеру.Мерекелік көңіл - күй силау үшін балдың алдында биленеді.Билеуші жұптар белгіленген ереже бойынша билейді.

Сарабанда - Минор ладында,белгілі бір оқиғаға байланысты жазылады.XVII-XVIII ғасырларда балдық би болып таралған.

Прелюдия - аспапты музыкалық пьеса.Музыка мазмұнымен тығыз байланысты импровизациялық кіріспе түрінде пайда болды.
Импровизация (лат. improvisus - кенеттен, тұтқиылдан), суырып салмалық – көркем туындыны орындау кезінде өнерпаздың аяқ астынан туындыға өз жанынан жаңалық қосып, оны орындауды жалғастырып әкетуі.


Инвенция - имитациялық тәсіл негізінде шығарылған екі,үш дауысты аспаптық шағын пьеса.

Фуга - Бір кейде екі, не одан да көп тақырыпқа негізделіп,белгілі тональдық- гармониялық жүйеде еркін дамиды.

Канон - бір әуенді екі дауыс бірінен соң бірі кезектесіп қайталап айту.

Менуэт - ескі француздың халық биі.Би қадамының өте ұсақ болуына байланысты осындай атақ алған.Пуату провинциясында халықтың топтала ырғалып билеуінен шыққан XVII ғасырдың,ортасынан бастап балдық би болып саналып,кейіннен бүкіл Европаға таралған.

Бүгінгі тақырыбыма сәйкестендіріп В.А.Моцарттың "Менуэтін" алып отырмын.

Алдымен шығарманы үйретпес бұрын жасалатын жұмысты бір-бірімен байланысты үш кезеңге бөліп аламыз.

І кезең - шығармамен анық танысу.

ІІ кезең - айқын,мәнерлі және техникалық дағдыларды меңгеру.

ІІІ кезең - шығарманы көркемдікпен орындау.

І кезең - жұмыстың бастамасы.Шығармамен таныстыру кезінде өтіп сол шығарма туралы мәлімет анық кең көлемді,қызықты да түсінікті болуы керек.Мұндағы мақсат - шығарманың түр-тұлғасын,әуеннің,музыка мәнерінің ерекшеліктерін, сонымен қатар жан-жақты сырын ашып өткізу.Егер бұл шығарма бір авторға тиесілі болса,сол композитордың өмірбаянымен,шығармашылығымен,оның музыкалық тілімен,стилімен жанрлық табиғатымен барынша кең көлемде таныстыру керек. Шығарма туралы жан-жақты түсінік алу нәтижесінде оқушы білімдарлықпен қатар,сол шығарманы оқып- ойнап үйрену барысында кездесетін техникалық және көркемдік жұмыстардан хабардар болатындай,шығарманың орындалуын елестете алатындай болуы керек.

ІІ кезең - ең ұзақ және аса еңбеккерлікті талап ететін кезең.Бұл кезеңде шығарманы шағын бөлімдерге бөліп,бөлім-бөліммен жұмыс жасаған тиімді.Шығарманы бөлімдерге даралау , шығармның түрлерін талдау негізінде жүргізіліп,ол бөлімдердің шегін,кезеңдерін,әуен қатарын олардың дауыс ырғағының ұқсастығын немесе айырмашылығын анықтау. Сөйлемді дұрыс анықтау басқаша айтқанда тізбектелген музыкалық әуеннің бір жүйеге біріктірілуі шығарманың мәнді,мағыналы құрылымының кепілі, сөйлемді дұрыс түсіне біліп қабылдаудың және мәнерлі орындаудың негізі болып табылады.Сөйлемдермен жұмыс жасағанда сөйлемдердің тек шегін анықтап қоймай,оның айтылуына яғни анық дыбысталуын реттей отырып,оның негізгі шарықтау шегін табудың мәні зор,ол сөйлемнің аяқталуы болып табылады.Ары қарай көрікті алып жүру, үзінділерді немесе толық шығарманы қажетті екпінде орындағанда көрінетін ыңғайлы аппликатураны таңдай білумен және ойнау қимыл-қозғалыстарын өңдеумен тығыз байланысты

ІІІ кезеңде шығарманың сөйлемдері,бөлімдер қисынды икемге келіп,ой жүйесінің дамуы анықталып ашыла түседі.Яғни күрделі ой жүйесінің қызметін атқарып отырған барлық ұсақ және күрделі бөліктер толық музыкалық бейнені құрап,музыканың аяқталған түрі орнайды.

Осы үш кезеңді басшылыққа ала отырып жаңа сабағымызды бастаймыз.

Бүгінгі тақырыбыма сәйкестендіріп В.А.Моцарттың "Менуэтін" алып отырмын.

Вольфганг Амадей Моцарт таулы жерде орналасқан көне де әдемі Зальцбург қаласында 1756 жылы дүниеге келген.

Зальцбург (нем. Salzburg) - Аустриядағы қала. Зальцбург федералды жеріне қарасты Зальцбург округінің құрамына енеді.
Моцарттың әкесі білімді және парасатты музыкант,өте жақсы педагог болды.Ол баласының талантын тез байқап,онымен дайындала бастайды.Міне осы кезден бастап жас Моцарттың таңғажайып ертегіге ұқсас балалық шағы басталады.В.А.Моцарт төрт жасынан бастап апасы Анна - Мариямен бірлесіп кішкене пьесалар ойнай бастайды.Тіпті осы жасында клависинге арнап концерт жазуға талпынады.Бұл уақытта Моцарт скрипка мен органда да ойнай бастайды.Әкесі мен оның достары,баланың ақылға симайтын тездікпен даму желісіне таңданумен болады.Әкесі баласымен,талантты қызымен коцерттік сапарға шығуды ойластырады.6 жасар музыкант әлемді талантымен жеңіп алу сапарына шығады. Бұл концерттер кішкене Моцартқа күшке түсіп,шаршататын. ОЛ кезде концерттер 4-5 сағатқа созылатын.В.А.Моцарт өзінің скрипка мен клавирге арналған бірінші соеатасын жазады.Моцарттың симфониясы Лондонда тыңдаушыларын таңқалдырып,даңқ үстіне даңқ қосылады.Мұнымен қатар ол тарих,география,сурет салумен әсіресе арифметика сабағын жақсы оқыды.Шетел тілдері-француз,ағылшын,латын,италия тілдерін өте ұқыптылықпен үйренуде болды.Моцарттың "Фигароның үйленуі","Дон Жуан","Сиқырлы сыбызғы" сияқты атақты опералары бар.
Арифметика (грек. arіthmētіkē, arіthmos – сан) - сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше arіthmetіke, arіthmos – сан).
Опера (итал. ореrа - дәлме-дәл шығарма, лат. ореrа - еңбек, бұйым, туынды) - музыкалық өнер жанры.
1788 жылы бір жаздың ішінде ,ол өзінің үш үздік симфониясын жазады.Моцарттың соңғы шығармасы Реквием.Бұл шығарма бүкіл халықтық,әлемдік концерттік шығарма болып кетті.Моцарт 1791 жылы қайтыс болады.

Менуэт - ми минор үндестігінде,Өлшемі - 3\4,екі дауыста., үйлесімді минорда жазылған,екпіні -allegretto.Полифонияның қатал стилінде жазылған. Негізгі мелодия оң қолда,сегіздік,ширектік және жартылық ұзақтықта жүреді.Менуэтті үш бөлімге бөліп аламыз.Бірінші бөлім - mS -ойналып екі рет қайталанады.Бұл бөлімде сөйлем 4 тактіден тұрады .Сөйлемді үнемі сол қол аяқтап отырады.

Екінші бөлім P (пиано) басталып әуен ырғағына қарай динамикалық белгілері де өзгеріп отырады.Бұл бөлімде сөйлем екі тактіден тұрады.1-2 тактімен 3-4 тактінің арасында секвенция жүреді.Секвенция дегеніміз - Бір дауысты немесе көп дауысты музыкалық құрылымының төменгі бағытқа немесе жоғары бағытқа дәйекті ауысуы.Әуеннің бір үндестіліктің ішінде ауысуы үндестілік секвенция деп аталады.

Үшінші бөлімнің алғашқы үш тактісі бірінші бөлімнің басқы үш тактісін қайталайды да әуен ары қарай өрби түсіп әуенді сол қол аяқтайды.

Басты көңіл бөлетін мәселе бұл саусақ қойылымы және мех.Бұл менуэт дайын баянда ойналғандықтан сол қолдын саусақ қойылымы дәл болу керек.

Әбден талданып дайын болған бөлімдерді жай екпінде ойнатып әр бөлімді жеке жаттауға береміз.

Мен осындай әдіс-тәсілдерді сабағымда қолдана отырып,полифониялық шығарманы оқушы санасына сіңіруде мынадай нәтижеге қол жеткіздім.

1.Оқушыда полифония туралы ұғым қалыптасты.

2.Оқушының шығарманы орындау арқылы теориялық білімі жетілді.

3.Сол қолмен әуен ойнау дағдысы қалыптасты.

4.Композитор туралы терең ұғым алды.



5.Халық әуендерімен полифониялық шығарманың әуендік ерекшелігін анықтап үйренді.

Музыканы тыңдай білу,ұрпағына тыңдату, үйрету,әрбір ата-ананың, ұстаздың міндеті.
Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары, ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті.
Өзін-өзі тану,жетілдіру жолындағы ең пайдалы ірі қадамның бірі- өнерге деген құштарлықты ояту.Қоғамның қазіргі дамуы кезеңінде оқытумен тәрбиені нәтижелі ету барлық білім мекемелерінің өзекті мәселесі.

  • Сабақтың мақсаты
  • Білімділігі
  • Сабақтың барысы
  • Александр Николаевич Холминов
  • Кадриль
  • А бөлімінде
  • Полифониялық шығармалармен жүргізілетін жұмыс" Полифония
  • Қатаң стильдегі полифониялық
  • Еркін полифониялық стиль
  • Қарама-қарсы
  • Сарабанда
  • Инвенция
  • Канон
  • І кезең
  • Бірінші бөлім

  • жүктеу 91.54 Kb.