Главная страница
Контакты

    Басты бет


Әож 821. 512. 122 Компьютерлік бағдарлама арқылы келтірілген квадрат теңдеуді шешуді үйрету

жүктеу 58.69 Kb.



жүктеу 58.69 Kb.
бет1/2
Дата14.04.2017
өлшемі58.69 Kb.

Әож 821. 512. 122 Компьютерлік бағдарлама арқылы келтірілген квадрат теңдеуді шешуді үйрету


  1   2

ӘОЖ 821.512.122
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ КЕЛТІРІЛГЕН КВАДРАТ ТЕҢДЕУДІ ШЕШУДІ ҮЙРЕТУ
Сарайбаев М.Ш., Кукиев Ж.С., Абдуллаев Э.К.

«Сырдария» университеті


Резюме

Использование компьютера в учебном процессе производится через компьютерные программы. В данной работе рассматривается создание программы обучающего решение приведенного квадратного уравнения.

Summary

In this ar ticle is considered Es tablishment of the gloving guadratic eguations as well as coputer programs made in the process of teaching computer.
Кіріспе. Ақпараттық технологиялардың құрылымдық-тармақтық негізгі бірлігі компьютер болып табылады.
Компьютер Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Ол ақпараттық технологияларды қолдануда оқушының тікелей байланысатын өткізгіш рөлін атқарады. Алайда оқыту технологиясының негізгі бірлігі компьютер емес, компьютерлік оқыту бағдарламасы.

Дегенмен, бұл компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы оқытудың әрдайым жақсырақ, тиімдірек әрі сапалырақ бола беретінін білдірмейді. Ақаулар мен қателіктер компьютерлік бағдарламаларда да болады.. Оның үстіне, компьютерлік оқыту бағдарламаларын дайындағанда алға қойылған мақсаттың нақтылығы мен дәлділігін жіті бағалау, оқушылардың білім деңгейін тексеру әдістері мен материалдарының (графиктер, мультипликациялар, т.б.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.
компьютерлік құралдар) тиімділігін арттыру өз алдына бір мәселе.

Компьютердің ешқандай жаңа нәрсе жасамайтынын айта кеткен жөн. Оқытатын бағдарламаларға енгізілетін оқу материалының мазмұнын пән оқытушылары дайындайды. Демек, оқу материалы оқушыға компьютер арқылы адамнан беріледі, бірақ оқулықтың мазмұнын өзінше түсіндіретін және қайта айтып беретін жай оқытушыдан емес, тікелей осы компьютерлік бағдарламаны жасаушы автордан беріледі. Яғни, оқушы оқытатын компьютерлік бағдарламаға енгізген оқулықтың авторымен жанама түрде байланысады.

Мұнда оқытатын әр бір компьютерлік бағдарламаның белгілі бір оқу мазмұнын емес, сонымен қатар оқу материалын ұсынудың ерекше түрлерімен де сипатталатыны байқалады. Оқу материалын ұсыну формалары әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, алдымен мәтін беттерін ұсынып, кейіннен бақылау; автордың түсініктемесі бар бейне үзінділерді көрсету; ойын ережелерін (жаңа оқу ұғымдарын) меңгеруге бағытталған іскерлік ойындарды өткізу, т.б.

Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Форма (Қалып; form) - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелеріңде (мысалы, Access-Te) - мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.
Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.
Ұсынылған оқу материалына сәйкес, оқушыдан оны меңгерудің қандай да болсын әдісі де талап етіледі. Осылайша, технологияға оқу материалының мазмұны ғана емес, оны меңгеру әдістері де енгізіледі. Бұл әдістерді де оқытатын компьютерлік бағдарламаның авторы анықтайды. Сондықтан, компьютер осы бағдарламаларды жасаушы автордың ниеттері мен тілектерін жеткізуші рөлін атқарады [1].



Зерттеу жұмысының мақсаты-келтірілген квадрат теңдеуді шешуді компьютерлік бағдарлама арқылы үйрету.

Шешу әдістері. Компьютерді оқу процесінде пайдалану компьютерлік бағдарламалар арқылы іске асады. Бұл жұмыста Паскаль программалау тілінде келтірілген квадрат теңдеуді шешу жолын үйрететін және есептер құрастыратын, сол есептерді беріп оқушылардың осы материалды меңгеруін бағалайтын бағдарлама құру қарастырылды. Бұл бағдарлама үйретуші де, жаттықтырушы да және бағалаушы да бағдарлама бола алады.

Программа қосылғанда мынадай мәзір шығады:

1.Келтірілген квадрат теңдеулерді шешу

2.Келтірілген квадрат теңдеулерге берілетін есептер

3.Программадан шығу

Біреуін таңдаңыз: q=?

Таңдау үшін қажетті нөмірді пернетақтадан теру керек. 1-де келтірілген квадрат теңдеуді шешу жолдарын нақты мысалдар арқылы көрсетіп үйретеді. 2-де есептер құрастырылады, сол есептерді бере отырып оқушының материалды қалай түсінгенін тексеру үшін өзіндік не бақылау жұмыстарын алуға болады.

Программада kelkvtsheshu және kelkvt деген екі процедура қарастырылған.

Kelkvtsheshu процедурасы шақырылғанда экранда мыналар көрінеді:

аx2 bx c=0 түріндегі теңдеу квадрат теңдеу деп аталады

мұндағы a,b,c коэффициенттер егер a=1 болса, онда теңдеу

x2 bx c=0

түріне келеді. Бұл теңдеу келтірілген квадрат теңдеу деп аталады.

Кез-келген клавишті бассақ программаның орындалуы жалғасады:

Төмендегі келтірілген квадрат теңдеу берілсін

х2-6x 9=0

Келтірілген квадрат теңдеуді шешудің екі жолы бар:

1: Виет теоремасы арқылы

2: Дискриминантты есептеу арқылы

Таңда=

Программа әр қосылғанда теңдеу әртүрлі болып беріледі.

Виет формулалары - көпмүшенің коэффиценттерін оның түберлері арқылы өрнектеу формулалары.
Келтірілген квадрат теңдеу құрастыруды х1, х2 түбілерін таңдаудан бастаймыз. Виет теоремасын пайдаланып c, b- ның мәндерін анықтап, теңдеуді экранға шығаруға болады.



Мысалы: x1=3,x2=2 болса

C=x1*x2=3*2=6, b= -(x1 x2)=-5

Сонда теңдеу экранға ax2 -5x 6=0 түрінде шығады. х1, х2 түбірлері тек бүтін сандар қабылдайды деп аламыз. х1, х2-ні таңдауды және олар 0-ге тең болып қалмауын х1:= random (10) 1; x2:= random (10) 1 арқылы іске асырамыз. х1, х2-нің таңбасын таңдауды.

a1:=random (10) 1;

if a1 mod 2=0 then x1:= -x1;

a2 :=random (10) 1;

if a1 mod 2=0 then x2:=-x2 операторлары арқылы орындаймыз. Яғни кездесоқтаңдалғана1 2-геқалдықсызбөлінсех1- діңтаңбасыминусқаөзгереді, қалдықсызбөлінбесех1-діңтаңбасыминусқаөзгермейді.х2-деосындай [2], [3].

Виет теоремасы бойынша шешуді таңдасақ, формулалары көрсетіліп, жоғарыда берілген теңдеуді Виет теоремасы бойынша шешіп х1, х2 түбірлерін енгізу сұралады.

Формула (Formula) - электрондық кестедегі (Excel) математикалық өрнек, оның жұмыс нәтижесі торлардағы мәндерге байланысты болады. Мысалы, D5 торына енгізілген мынадай формула =а5+b5+с5 A5, В5, С5 торындағы сандардың қосындысын D5 торына орналастырады.
Түбірлерді енгізгенде дұрыс болса «дұрыс» деп экранда

Келтірілген квадрат теңдеуді шешудің екі жолы бар:

1: Виет теоремасы арқылы

2: Дискриминантты есептеу арқылы

Таңда=


мәзірін қайта көрсетеді, ал дұрыс болмаса қайта есептеуді сұрайды.

Дискриминант арқылы шешуді таңдасақ программа орындалуы төмендегіше жалғасады

х2-6x 9=0

теңдеуін шешу үшін d=b2 - 4ac (a=1, демек d=b2 - 4c) формуласымен дискриминанты табамыз

d>0 болса екі түбі болады

d=0 болса бір түбі болады

d<0 болса түбірі болмайды

дискриминантты есептеп мәнін енгіз

-62-4*9 =

Дискриминантты есептеп енгізгенде дұрыс болмаса қайта есептеу талап етіледі, ал дұрыс болса орындалуы ары қарай жалғасып х1, х2 түбірлерін табуға өтеді.

Дискриминант нөльден үлкен болса екі түбірдің, нөльге тең болса бір түбірдің формуласы көрсетіліп, сол формула бойынша түбірлердің мәнін есептеп енгізу керек. Егер дұрыс есептелмесе қайта есептеуді сұрайды.

«Келтірілген квадрат теңдеулерге берілетін есептер» бөлімінде оқушының таңдауы бойынша бірнеше есеп беріледі. Сол теңдеулерді шешіп, жауаптарын енгізсе жауаптың дұрыс не дұрыс еместігі көрсетіліп, оқушыға баға қойылады.

Жауаптарды енгізу барысында х1 мен х2 мәндерінің орны ауысуы мүмкін. Мысалы х1=2, х2=5 болу керек болса, оқушы х1=5, х2=2 деп енгізуі мүмкін. Мұндай жағдайда да жауап дұрыс деп алу үшін

if ((x1=x11) and (x2=x22)) or ((x2=x11) and (x1=x22)) деп алдық.



  1   2

  • Кіріспе. Ақпараттық
  • Зерттеу жұмысының мақсаты-келтірілген квадрат теңдеуді шешуді компьютерлік бағдарлама арқылы үйрету. Шешу әдістері.
  • Виет теоремасы

  • жүктеу 58.69 Kb.