Главная страница
Контакты

    Басты бет


Әож 624. 013 Атырау қаласындағы мұнайды тасымалдау бекетінің ішкі жүйесінің ҚҰрылымдық схемасын қҰРУ

жүктеу 29.62 Kb.



жүктеу 29.62 Kb.
Дата15.03.2019
өлшемі29.62 Kb.

Әож 624. 013 Атырау қаласындағы мұнайды тасымалдау бекетінің ішкі жүйесінің ҚҰрылымдық схемасын қҰРУ


ӘОЖ 624.013 АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МҰНАЙДЫ ТАСЫМАЛДАУ БЕКЕТІНІҢ ІШКІ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СХЕМАСЫН ҚҰРУ Дуйсебаев Ж., Адешев С.Н. М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ. Қазіргі уақытта мұнайды шет елге тасымалдау мәселесі, болашақта құрылатын экспорттық құбырлардың тиімді жол желісін анықтау Қазақстан үшін үлкен стратегиялық маңызы бар. Осыған байланысты қазіргі кезеңде Қазақстанның мұнай тасымалдау инфрақұрылымы мұнай құбырлар желісімен бейнеленген, олар географиялық орналасуы бойынша Батыс Қазақстанға шоғырланған.
Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.
Батыс Қазақстан аймағы - Орталық пен Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік-батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді.
Соның бір жобаланатын жолы - “Атырау – Каспий құбырлық консорциумы (КҚК)” - осы дипломдық жобада қарастырылады. Бұл жобада “Атырау мұнай тасымалдау бекеті” объектісі бойынша келесі технологиялық түйіндер үшін жасалған: КҚК-на төрт сорғы агрегатынан MHAN1,2,3,4 тұратын мұнайды айдау сорғы бекеті. Мұнай резервуарлары РВСN14,15,16(10000м3). Бұл жобаны өңдеудің негізгі мақсаты болып технологиялық құрылғыларды автоматты басқаруды, процестің технологиялық параметрлерін өлшеу, сонымен қатар сорғы бекеті бойынша SCADA ортақ жүйесіне мәліметтерді тасымалдауды қамтамасыз ететін технологиялық процестің автоматтандырылған жүйесін құру табылады. Резервуарлы парктегі технологиялық процестің критерийіне сәйкес резервуарлардағы деңгей 18 м-ден аспауы және 5,5 м-ден кемімеуі керек.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Бұл екіпозициалы дискретті басқарумен жүзеге асырылады. Сондықтан мұнда реттегіштің қызметін релелі элемент атқарады. Релелі элемент резервуардың кірісі мен шығысындағы ысырмалар деңгейдің мәні белгілі мәнге жеткен кезде ашылып-жабылуын қамтамасыз етеді. ОМ ретінде тұрақты жылдамдықты ОМ алынады, ал бұның өзі интегратор ретінде жұмыс атқарады. ОМ қуаты ысырманың жабық күйден ашық күйге өтуін немесе керісінше ашық күйден жабық күйге өтуін қамтамасыз ететіндей болып таңдалады. Және параметрді екіпозициялы дискретті басқару үшін РЭ-релелі элемент қолданылады. Мұнай деңгейін автоматты реттеудің құрылымдық схемасы 1-суретте келтірілген. Технологиялық режимге сәйкес МТБ іске қосу барысында мұнай әуелі резервуарлы паркке құбырлар арқылы келіп құйылады да, резервуарлардағы деңгей белгілі бір мәнге ие болғанда магистралды сорғы бекеті арқылы Каспий құбырлық Консорциуымына беріледі. Сурет 1. Айдың деңгейін Lмж=18,5м және Lмж=5,5м болғанда автоматты реттеудің құрылымдық схемасы - Мұн Әуелі мұнай құбыр арқылы РВС14 резервуарына В1, В3, В9 кезекпен ашылуы арқылы құйылады да ондағы деңгей максимал болғанда В9 жабылып, В10 ашылады. Осымен бір мезетте келесі резервуардың кірісіндегі ысырма В12 ашылып мұнай ағыны РВС15 құйылады. Осылайша резервуарлар кезекпен толтырылады. Ал тоқтату режимі кірістегі ысырма В1 жабу және кезекпен В3, В5, В7 жабу арқылы жүзеге асырылады. Резервуарлы паркті іске қосу, тоқтату күй графын құрамыз. Мұндағы: Күй-1 – жұмысқа қосылмаған күйі; Күй-2 – аралық күй; Күй-3 – жұмыс күйі. БТА 1-2, БТА 1-3, БТА 2-3 – іске қосу кезеңін басқарудың технологиялық алгоритмі (БТА); БТА 2-1, БТА 3-1, БТА 3-2 - тоқтату кезеңін басқарудың технологиялық алгоритмі. Сурет 2. Резервуарлы паркті іске қосу, тоқтату күй графы Әдебиет Жакупов А.А., Попова Т.М., Сюндюков Р.Х., Ходанова Т.В. Проектирование и расчет технико-экономических показателей производства энергии. Методические указания. – А.:АИЭС, 1997. - 37 с. Исакович Р.Я. Автоматизация производственных процессов нефтяной и газовой промышленности: Учебное пособие. М.: Энергия, 1984. Копесбаева А.А. Микропроцессорные средства и программно-технические комплексы. Часть 1,2. Методические указания к лабораторным работам. – Алматы: АИЭС, 2001. – 62 с.

  • Батыс Қазақстанға

  • жүктеу 29.62 Kb.