Главная страница
Контакты

    Басты бет


ӘОЖ: 378. 146 Жазбаша емтиханның артықшылықтары, эссенің рөлі мен түрлері Примушество писменных экзаменов, роль эссе и его виды

жүктеу 87.18 Kb.



жүктеу 87.18 Kb.
Дата16.09.2017
өлшемі87.18 Kb.

ӘОЖ: 378. 146 Жазбаша емтиханның артықшылықтары, эссенің рөлі мен түрлері Примушество писменных экзаменов, роль эссе и его виды



ӘОЖ:378.146
Жазбаша емтиханның артықшылықтары, эссенің рөлі мен түрлері

Примушество писменных экзаменов, роль эссе и его виды

The advantage of written examinations, role of an essay in it and its types
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент Б. Қожагелдиев,

аға оқытушы Ж. Үркінбаева

Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Кандидат технических наук, доцент Б.

Ғылым Ғылым (араб.: علم‎ (ілім) - білім, тану; лат. scientia - білім) - ақиқат жайлы объективті білімдерді жетілдіру мен жүйелеуге бағытталған адам іс-әрекетінің саласы. Жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Кожагелдиев,

Старший преподаватель Ж. Уркинбаева

Государственный университет имени Шакарима города Семей
B. Kozhageldiyev, Zh. Urkinbaeva

Semey State University named after Shakarim


Түйін сөздер

Эссе, студенттердің білім дәрежесі, оқу үдерісі, білім беру жүйесі, білімді бақылау және бағалау, жазбаша емтихан, интернет жүйесі, тұжырым, талдау, процедуралық құжаттама, аналитикалық ойлау, сараптау қабілеті, мәтін жазу, аргументтер, цитаталар.

Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Аннотация

Бұл мақалада студенттердің білім дәрежесін тексерудегі жазбаша емтиханның рөлі мен оның тиімділігі айтылған. Сондай – ақ жазбаша емтиханның кең тараған түрі – Эссе туралы түсініктер мен оның ең көп қолданылатын кейбір түрлері туралы айтылған.

Аннотация

В этой статье приведены роль и примущество письменных экзаменов при проведении контроля знаний студентов. Также говорится о некоторых понятия более распостраненного вида письменных экзаменов – Эссе и о его некторых, часто применяемых видах.

Annotation

This article describes the role and benefits of written exams while testing students’ knowledge. It also describes some of the concepts of more common type of written examinations – Essay and about some of its frequently used forms.


Студенттердің білім дәрежелерін толыққанды түрде тексеруде, жалпы білім дәрежелерін әділ және дұрыс бағалауды жүсеге асыру барысында жазбаша түрдегі өткізілетін емтихандардың алатын орны ерекше екені белгілі. Оған дәлел емтихан қабылдаудың бұл түрінің шет елдік дамыған мемлекеттерде емтихан қабылдаудың негізгі түрінің бірі болып саналатыны. Неге? Жауабы қарапайым.

Біріншіден – жазбаша емтихан студенттің қабілетін толық бағалауға мүмкіндік береді, атап айтсақ:



  • Оның аналитикалық ойлау, сараптау қабілетін;

  • Оқыған, зерттеген материалдарын түсіну қабілетін;

  • Өз ойларын, пікірін сауатты жаза білу қабілетін.

Қағаз бәрін көтереді деген сөз тегін айтылмаса керек, яғни жазбаша емтихан кезінде – студент оқып үйренгендерін, түсінгендерін, өз ойларын, пікірлерін, асықпай, қысылып – қымтырылмай, еркін отырып жазбаша жеткізуіне мол мүмкіндік алады. Кейбір студенттердің оқытушының алдында ауызша жауап беруде сасқалақтайтына жасырын емес.

Екіншіден – студенттердің жазбаша жұмыстары оқытушылардың да жұмысын жеңілдетеді. Студенттердің жауаптарын тыңдап отыруға көп уақыт жұмсамай-ақ, олардың жазған жұмыстарын тез арада тексере отырып, олардың дайындықтарын, білім деңгейлерін анықтауға болады. Әрине егер студент интернеттен не кітаптан көшірмей, өз қолымен, өз білгенін жазса бағалау әділ болмақ.

Жазбаша емтихандарды ұйымдастырудың бірнеше тәсілдері мен түрлері бар, оның шет елдерде кең тараған түрлерінің бірі – Эссе жазу. Жалпы Эссе деген не? деген сауалға жауап іздесек, интернет жүйелеріндегі ақпараттар бойынша «Эссе – бұл шағын көлемдегі еркін компазициалы, ой қорытатын прозалық шығарма.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Қандайда бір мәселені талдай отырып, еркін түрде сынау және оны жариалау жанры. Эссе жазу арқылы автор белгілі бір себептер мен сұрақтарға байланысты өзінің жеке пікірі мен түсінігін білдіре алады, бірақ ол қарастырылып отырған мәселені анықтап, түбегейлі шешіп тастайды деген сөз емес».
Автор (лат. auctor - жасаушы, шығарушы) - көркем шығарманы, ғылыми публицистикалық туындыны, сәулеткерлік дүниелерді, жобаларды, өнертабысты жазған, әдебиет, өнер, музыка, бейнелеу, мүсін, сәулет, графика, ғылым, техника саласында шығарма жазған (жоба жасаған т.б.)
[2] Бұдан не ұғынуға болады? Біздің ойымызша, Эссе дегеніміз оқырмандарды ойлануға мәжбүрлейтін, автордың белгі бір дәрежедегі шағын шығармасы. Эссе жаздырудағы оқытушының негізгі мақсаты – студенттерді «өз ойын нақты және сауатты құрастыруға, алынған ақпаратты структуралауға, талдаудың негізгі категорияларын пайдалануға, себеп - салдарлы байланыстарды ажырата білуге, түсініктерді сәйкес мысалдармен әрлеуге, өз тұжырымын аргументтеуге және ғылыми тілде сөйлей білуге» үйрету.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Жазбаша емтиханның басқа түрлерінен эссенің ерекшелігі – эссе жазу арқылы студент өз ойын, пікірін білдіре алады, және оны сауатты түрде жеткізу қабілетін арттырады. Студент өз ойларын толықтыру мақсатында, ақпараттық материалдарға сүйене отырып, түрлі пікірлерді, аргументтер мен цитаталарды пайдалануына болады. Эссенің мәтіні ешқашан тек құрғақ фактыларды айтумен шектелмеуі тиіс, оның негізгі мақсаты – студенттің ой қорыту қабілетін ояту.

Шетелдік авторлардың кітаптарында [1] кез - келген автор эссе жазу үшін алдына 15 түрлі мақсаттар қоятыны туралы айтылады. Ал біз академялық ортада көп пайдаланылатын эссенің тек төрт түрімен ғана шектелеміз, олар:

а) Сипаттау (описательный, expository)

б) Сендіру (убеждающий, persuasive)

в) Аналитикалық (аналитический, analytical)

г) Аргументтік (аргументирование, argumentative)
а) Аты айтып тұрғандай сипаттау эссесінде студент қандай да бір мәселені, идеаны жалпы не болса да – сипаттап жазады. Эссенің бұл түрінде студент оқыған материалдарын қысқаша жинақтап, қорыта отырып жазып, сол арқылы өз пікірін білдіреді. Бұл жердегі оқытушының мақсаты – студент оқыған материалдарын ұқтыма және ол туралы не ойлайды, соны түсіну. Жалпы білім беру көп материалдарды оқып үйренуді талап етеді, сол оқыған материалдардың негізгі идеасын ұғынып, оларды сауатты түрде жазбаша жеткізу білу – эссенің осы түрінің негізгі мақсаты болып табылады. Бұл жерде студентің эссе жазудың структурасын білуі маңызды. Олай дейтініміз оқып үйренуге берілген материалдардың көлемінің әр түрлілігіне байланысты ойды неден бастап немен аяқтау керектігін білмесең көлемді материалды ықшамдап жазу оңай болмайды. Сондықтанда эссенің структурасын білетін студент жап – жақсы материал жазып шығып, оқытушыға өзінің материалдарды оқығанын және оны түсінгенін дәлелдейді. Эссенің бұл түрінің ерекшелігі студент оқыған материалдарынан түсінгенін жинақтап қана қоймай, ол материалдар туралы өз пікірін де білдіреді және сол арқылы берілген нәрсені бағалай білетінін көрсетеді.

б) Эссенің бұл екінші түрінде автордың мақсаты, қандай да бір мәлеле болмасын аудиторианы өз позициясына сендіре білу және оны қабылдату болып табылады. Яғни студент өзінің ой – пікірін соншалықты түсінікті түрде жеткізе білуі қажет, ол үшін оның логикасы өте бай, жан - жақты болғаны абзал.

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

Эссенің бұл түрінің ерекшеліктері:

- Нақты көзқарастың болуы;

- Оқырмандарды қызықтыра білу;

- Логикалық негіздеме болуы;

- Нақты далелдер келтіру;

- Студент жазып отырған мәлелені толық меңгергенін көрсете білуі қажет;

- Объективті болу;

- Бір параграфта тек бір идеяның болуы;

- Мықты қорытынды жасау.

в) Аналитикалық эссе, сипаттау эссесі сияқты эссенің кең тараған түрінің бірі. Эссенің бұл түрінде студент, қандайда бір уақиғаны, құбылысты, кітапты немесе бір мақаланы оқып үйренеді және оны түсіндіре отырып, оған талдау жасайды. Эссенің бұл түрінен студентке келетін ең үлкен пайда – олардың аналитикалық ойлау қабілеттерінің дамуы. Әрине оқырман үшін аналитикалық эссе, сипаттау эссесіне өте ұқсас болуы мүмкін. Бірақ жоғарыда айтқандай сипаттау эссесінде студен өз оқыған материалдарын жинақтап барып, қысқаша өз түсінігін айтады, ал аналитикалық эсседе студен материалды тек оқып қана қоймай, оны талдай отырып өз пікірін білдіре алады. Мысалға студент қандайда бір тұжырыммен немесе автордың фактоларымен келіспейтін болса, ол туралы эсседе айтуы қажет. Әрине бұл жағдайда студент бұлтартпас дәлелдер мен тұжырымдарға сүйенуі тиіс.

Эссенің бұл түрінің ерекше белгілері:


  • Кіріспеде (1-параграфта) студент қарастырылып отырған мәселемен таныстыруға міндетті. Егер ол мәтін болса, студент сол мәтіннің идеясымен таныстыруы қажет;

  • Эссенің негізгі бөлімінде студент өз аргументтерін келтіруі қажет (автормен келісе ме жоқ па). Әрі қарай талдау жасай отырып, мәтін авторының картасын ашып, оның аудиторияны сендіру мақсатында қандай тәсілдер падаланғанын көрсетеді. Сол арқылы автор идеясының нақты ма жоқ па екенін шешіп бере алады;

  • Негізгі бөлімнен кейін жеке өз көзқарасын білдіру бөлімі жалғасады. Бұл бөлімде студент қарастырылып отырған мәселе бойынша өзінің жеке ой – пікірлерін жазады. Мысалы негізгі бөлімде студент автордың мәтіні туралы сөз етсе, бұл бөлімде мысалдармен, цифрлармен және басқа да іс-әрекеттермен дәлелдей отырып, өз пікірлерін келтіреді.

  • Қорытынды бөлімде студент автордың мәтіні мен аргументтердің арасындағы байланыстарды түсіндіреді (автордың аргументтері мәтінді толықтыра алады ма жоқ па?)

г) Енді Эссенің соңғы түрі – Аргументтік эссе, «Argumentative essay» жайында айтсақ. Argument сөзінің түбірі «Arguе» - «спор» деген мағынаны білдіреді. Яғни эссенің бұл түрінде автордың мақсаты – қандай сұрақ болмасын, өз пікіріне сүйеніп, қандай да бір позицианы қорғауы. Ол әр қилы болуы мүмкін, айталық қандай да бір мекеменің экологиялық аспектері (мысалы, завод салу). Эссенің бұл түрін сендіру эссесімен шатастыру мүмкін, дегенмен олардың айтарлықтай айырмашылықтары бар. Сендіру эссесінде студент ешкімнің көзқарасына қарсы келмей-ақ, аудиторияны өз пікіріне сендіруге тырысады, ал аргументтік эсседе студент қарастырылып отырған идеяға қарсы пікір айтып, өз позициасын қорғайды, яғни оппозициада болады. Мысалға, егер студент бір газеттен шифер шығаратын зауыт салудың аса қажет екендігі туралы мақала оқып, ол кәсіпорынның экологиялық мәселелері бойынша салынуына қарсы болса, эссенің осы сөз етіп отырған түрін пайдалана отырып, өз пікірін жазып қарсылығын білдіруіне болады.

Аргументтік эссенің ерекше белгілері:



  • Аргумент жинақталған болуы керек;

  • Аргумент толық бекітілген болуы тиіс;

  • Қолжетімді дәлелі болуы керек;

  • Аргументтің қарсы аргументі болуы тиіс. Қарсы аргумент ретінде шешімді келтіру керек, басқалай жағдайда аргумент әлсіздеу болады.

  • Студент көшпелі фразаларды пайдалана білуі қажет, бұл фразалар негізгі идеяның келіскенділігі мен айырмаларынан хабардар етеді.

  • Соңында мықты қорытынды қажет.

Қорыта келе біз өз мақаламызда жазбаша емтиханның шет мемлекеттерде көп қолданылатын түрінің бірі – Эссе жайлы мағлұматтар, және оның түрлері мен оны жазу туралы өз білгендеріміз бен түйгендерімізді айтуға тырыстық.
Мағлұматты қорыту (Обобщение понятия; concept generalization) - тек қорытылған мағлұмат көлеміне кіретін объектілерге жататын нышандарды алып тастау жолымен аз көлемді мағлүматтан үлкен көлемді мағлүматқа өтуге мүмкіндік беретін логикалық операция.
Оны әрмен қарай жетілдіру, пайдалану оқырманның өз еркіндегі шаруа. Егер біздің мақаламыз қажетке жарап жатса, біздің мақсатымыздың орындалғаны деп санаймыз.
Әдебиет


  1. The Bedford Handbook, авторлары Diana Hacker and Nancy Sommers, 2009, США, перевод на русский язык

2. Б. Қожагелдиев, Ж. Үркінбаева «Білім алушылардың білімін тексеру жүйесін жетілдіре түсуге ойлар», Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің жорналы Хабаршы – Вестник, № 1, 95-97 б. 2014 ж.
Қала Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.


  1. «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде білім алушылардың білім дәрежесін бақылауды ұйымдастыру туралы» ереже 07.11.2013 жылы бекітілген, 22 бет

  2. «Жазбаша емтихан түрін өткізу тәртібі» жайлы процедуралық құжаттама 02.09. 2013 жылы бекітілген, 17 бет

Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің

оқытушылары т.ғ.к., доцент Б. Қожагелдиев пен Ж. Үркінбаевалардың

«Жазбаша емтиханның артықшылықтары, Эссенің рөлі мен түрлері »

атты ғылыми мақалаларына
ПІКІР
Студенттердің білім дәрежелерін толыққанды түрде тексеруде, жалпы білім дәрежелерін әділ және дұрыс бағалауды жүсеге асыру барысында жазбаша түрдегі өткізілетін емтихандардың алатын орны ерекше екені белгілі. Біріншіден – жазбаша емтихан студенттің қабілетін толық бағалауға мүмкіндік береді, атап айтсақ: Оның аналитикалық ойлау, сараптау қабілетін, оқыған, зерттеген материалдарын түсіну қабілетін, өз ойларын, пікірін сауатты жаза білу қабілетін.

Екіншіден – студенттердің жазбаша жұмыстары оқытушылардың жұмысын жеңілдетеді. Студенттердің жауаптарын тыңдап отыруға көп уақыт жұмсамай-ақ, олардың жазған жұмыстарын тез арада тексеріп, олардың дайындықтарын, білім деңгейлерін толық білуге болады.

Авторлар өз мақалаларында жазбаша емтихан тапсыру түрінің айырмасы мен артықшылығын айта келе, оның білім алушылардың білімін тексеруде студенттердің үйренген материалдарын қалай меңгергендерін оларды қолдана білу дәрежелерін, жалпы білім дәрежелерін әділ және дұрыс бағалауды өзіндік орны болатынын айтқан. Ол ойларымен келісуге болады.

Сонымен бірге авторлар жазбаша емтиханның бір түрі – Эссе туралы өз ойларын ортаға салып, жалпы эссе туралы түсініктер береді. Оның жиі қолданылатын түрлері мен олардың ерекшеліктерін көрсете білген. Эссе жазу барысында студенттер алдымен алған білімдерін сараптай келе қойылған сұрақтарға байланысты өзінің түсінгенін жазбаша түрде жеткізуі керек. Бұл өз кезегінде студенттерді ойын жинақтап, білгенін, түйсінгенін өз тілімен жеткізе білуге де тәрбиелейді. Жасыратыны жоқ кейінгі кезде студенттердің көпшілігінің өз ойларын, түсінгендерін өз сөзімен жеткізе білу қабілеттері төмендеп бара жатқаны байқалады.

Жоғарыдағы ойларды сараптай келе ұсынылып отырған мақаланы мазмұны жағынан баспаға ұсынуға болады деп есептеймін.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы

мемлекеттік университетінің

ақпаратты коммуникациялық факультетінің деканы



техника ғылымдарының докторы, профессор А.
Қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.
Какимов

  • Жазбаша емтиханның артықшылықтары, Эссенің рөлі мен түрлері »

  • жүктеу 87.18 Kb.