Главная страница
Контакты

    Басты бет


ӘӨЖ 004 android операциялық ЖҮйесіне қосымшалар жасау технологиясы

жүктеу 37.27 Kb.



жүктеу 37.27 Kb.
Дата10.03.2017
өлшемі37.27 Kb.

ӘӨЖ 004 android операциялық ЖҮйесіне қосымшалар жасау технологиясы



ӘӨЖ 004

ANDROID ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫМШАЛАР ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Акимишев Г.П., Сарайбаев М.Ш., Алимов А.Ш.

«Сырдария» университеті, Жетісай қаласы, Қазақстан


Резюме

Мобильные приложения создают и ситематизируют условия для формирования творческого мышления и познавательной активности у пользователей

Summary

Mobile applications create and sitematiziruyut conditions for the formation of creative thinking and cognitive activity of users
Тақырыптың өзектілігі. Технологиялардың қарқынды даму процессіне байланысты қазіргі замандағы адамдар өмірін смартфондарсыз, планшеттерсіз көзге елестету мүмкін емес. Қазіргі таңда сенсорлы экранды телефондар, планшеттер және т.б құрылғыларға арналған мобильдік қосымшалар кең ауқымды қолданысқа ие болғандықтан мобильдік қосымшалар құру өзекті мәселе болып табылады.

Дербес мобильді құрылғылар (смартфондар, дербес қалта компьютерлері, планшеттер) қазіргі замандағы әлемнің ажырамас бөлігі болып табылады.

Планшет (фр. planchette тақтайша) - топографиялық суретке , түсіруге арналған аспаптар жиынтығына кіретін тегіс төрт бұрышты ағаш тақта және тақтаны үш аяқты мосыға бекітуге арналған құрылғы; Далалық топографиялық суретке түсіру кезіндегі карта бетінің түпнұсқасы; Графикалық сызбалар мен олар бойынша есептеулер жүргізуге арналған тендес көрсеткішпен қосылатын сызық торлары бар географиялық карта (сызба қағазының парағы) бекітілген тақта. Бұлар артиллериялық атыс, гидрографикалық жұмыстар жүргізуде және басқа жағдайларда қолданылады; Әуедегі және теңіздегі жағдайларды суреттеуге, маневр жасау міндеттерін орындауға, нысананы көрсетіп беруге және т.б. арналған әскери-теңіз флоты (ӘТФ) және әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) авиацияларындағы басшылық пункттерінің жауынгерлік-ақпараттық постарындағы арнайы құрылғы. Координаттың тік бұрышты немесе полярлы жүйесінде орындалған ашық (мөлдір) негізді координаталық тор оның құрама бөлігі болып табылады. Бұл құрылғылар механикаландырылған немесе автоматтандырылған болуы мүмкін.
Қалта компьютері Қалта компьютері (орыс. Карманный персональный компьютер, коммуникатор, КПК, ағылш. Personal Digital Assistant, PDA - «жеке санды хатшы», және Handheld computer) - кең ауқымды мүмкіндіктері бар ықшам есептеу құрылғысы.
Мобильді құрылғылардың әрбір пайдаланушысы тілдесу үшін және бизнес жүргізу үшін аса күшті құралға қол жеткізді. Көптеген компаниялар мобильді құрылғыларды өз тауарлары мен өнімдерін жарнамалау және сату үшін, сондай-ақ өз қызметкерлерімен тұрақты байланысты қолдап отыру үшін пайдаланады.
Тауар - қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.
Барлық осындай функциялар – мобильді құрылғылар үшін арнайы жасалатын әр-түрлі программалық қамтамасыз етудің (қосымшалардың) көмегімен жүзеге асырылады [1].

Android операциялық жүйесі мобильді құрылғылар үшін салыстырмалы түрде жаңа платформа болып табылады. Ол өзінің ашықтығының арқасында, жетілдіруге арналған тегін және ыңғайлы құралдары бар болуының арқасында, жылдам түрде кеңінен таралып отыр. Сондықтан Android-қа арналған қосымшаларды жетілдіруші – ақпараттық технологиялар саласындағы ең қажет етілген мамандықтардың біріне айналып отыр.

Платформа (фр. plate – жайпақ, forme - форма) - геологияда қозғалмалығы біршама аз, жазық немесе үстірт тәрізді бедерлі, екі жікқабатты құрылымдық қабаттан – іргетастан және шөгінді тыстан тұратын жер қыртысының кең ауқымды атырабы.
Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.


Соңғы жылы ұялы телефондарының сатылу көрсеткіші бірнеше мәртеге өскен. Осы мәліметтер үнемі көтеріліп, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш әлі өзгермеген.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
Ұялы қосымшаларының өзекті және маңызды болуы айқын. Бағдарламалық қамсыздандырулар мен ұялы қосымшаларды дайындаушыларға сұраныс ұсынысты басып озады.


Жұмыстың мақсаты. Заманауи мобильді технологиялардың адам өмірінің әртүрі салаларына қарқынды түрде еніп жатқаны және мобильді қосымшаларды қолдану айтарлықтай тиімді екенін түсіндіру.

Қазіргі таңда мобильді телефондар мен планшеттерді өндіруші компаниялардың басым бөлігі Android операциялық жүйесіне арнап өндіретіндігі, тұтыну бағасы қолжетімді және тұтынушыларға пайдалану қолайлы екендігі анықталды.

Android операциялық жүйесіне мобильдік бағдарлама әзірлеу, қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі болып танылады. Android операциялық жүйесі көптеген смартфондарда орнатылған, ондай смартфондарға: Samsung, Motorola, Sony, LG, Lenovo және т.б. Қазіргі заманда өзекті мәселелердің бірі ғаламтор-бағдарламалары тез дамып жатыр. Соған байланысты ғаламтор екпінді көтеріле бастады және пайдаланушылардың сұранысы бойынша, бағдарламалар тұрақты жаңартылып отыр. Платформаладрың арасында жетекші орындары Android және IOS платформалары алады [2].

Android – операциялық жүйесі коммуникаторларға, планшеттарға, цифрлық ойнатқыштарға, цифырлық фоторамкаларға, қолға киетін сағаттарға, нетбук және смартбуктарға, Linux ядросында жасалған операциялық жүйе орнатылған. Бағдарламаларды өңдеудегі негізгі тілдердің бірі Java, алайда С тілінде бағдарламаларды өңдеу кітапханалары бар.

Кітапхана Кітапхана - мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.
Бағдарламаны жасау үшін Eclipse ортасын қолданамыз, AndroidSDK мобильдік құрылысы SDK эмуляторы арқылы іске асады. Java объектісіне негізделген тіл, оның өзінің көптеген ішкі кітапханалары бар. Бірінші орында ол қолданушыға жеңіл әрекеттестікті көрсетеді.

Android ОЖ үшін қосымша құру үшін Eclipse-ті орнату қажет. Бұл тапсырма үшін Classic нұсқасы жарайды.

Android SDK құрал-жабдықтарын құрастырушыларға арналған сайттан жүктеуге болады developer.android.com. Орнату кезінде қажетті SDK платформаларын және элементтерін таңдауға болады. ADT плагині Eclipse ортасында Android SDK құралдарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. ADT плагинін орнату үшін «Help → Install new software» менюі арқылы «Work with» алаңына «dl-ssl.google.com/android/eclipse/» плагин жүктей адресін енгіземіз. Әрі қарай төмендегі кестеде «Developer Tools» таңдап «Next» батырмасын басу керек. [3].

Құрастыру үшін Java Runtime Environment (JRE) орындалу ортасы, Java Development Kit (JDK) құрастырушы комплектісі қажет. Оларды Oracle-дың ресми сайтынан жүктеуге болады (oracle.com).

Android Tools – Android Virtual Devices (AVD) эмуляторын қамтиды. AVD эмуляторы қосымшана Android ОЖ-лі виртуалды мобильдік құрылғыда тестілеуге мүмкіндік береді. Эмулятордың әр-түрлі конфигурациялы бірнеше виртуалды құрылғыларды құру мүмкіндігі бар.Android виртуалды құрылғысын құру үшін «Window → Android SDK and AVD Manager» менюінде «New» батырмасын басып, виртуалды құрылғының атауын енгізіп, оның сипаттамаларын белгілеу керек.



Қорытынды

Android операциялық жүйесі мобильді құрылғылар үшін салыстырмалы түрде жаңа платформа болып табылады. Ол өзінің ашықтығының арқасында, жетілдіруге арналған тегін және ыңғайлы құралдары бар болуының арқасында, жылдам түрде кеңінен таралып отыр. Сондықтан Android-қа арналған қосымшаларды жетілдіруші – ақпараттық технологиялар саласындағы ең қажет етілген бағыттың біріне айналып отыр. Сондықтан Android платформасына арналған мобильді қосымшаларды жетілдіру заманауи технологиялардың пайдалануға қол жеткізеді.



Әдебиеттер

1. Голощапов А. Google Android программирование для мобильных устройств.

Android - ықшамды (желілі) операциялық жүйе. Ол Linux ядросының негізінде жасалған және коммуникаторлар, планшетті компьютерлерге, санды ойнатқыштарға, қолсағаттарға, нетбуктар мен смартбуктарға арнап жасалынған.
Санк-Петербург 2011-438 с.



2. Брайан Х.,Филлипс Б. Программирование под Android. Питер 2014-592 с.

3. Амелин К.С., Граничин О.Н., Кияев В.И, Корявко А.В. Введение в разработку приложений для мобильных платформ. Санкт-Петербург 2011-505 с.

  • Тақырыптың өзектілігі.
  • Жұмыстың мақсаты.
  • Әдебиеттер
  • Санкт-Петербург

  • жүктеу 37.27 Kb.