Главная страница
Контакты

    Басты бет


Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі гуманитарлық ЖӘне жаратылыстану пәндері кафедрасы

жүктеу 1.92 Mb.



жүктеу 1.92 Mb.
бет9/14
Дата10.03.2017
өлшемі1.92 Mb.

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі гуманитарлық ЖӘне жаратылыстану пәндері кафедрасы


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Тест сұрақтары
1. Формат – Ұяшықтар (Ячейки) меню пункті көмегімен орындалмайтын әрекет нұсқасын көрсетіңіз...

A. жұмыс кітабының басқа парағына көшу;

B.сандар форматын өзгерту;

C. қаріп (шрифт) түрін өзгерту;

D.мәтінді ұя шеттеріне байланысты туралау;

E. мәтінді ерекшелей алмайды.

2. Файл меню пунктінің ішкі командалары арқылы мынадай әрекет орындалмайды:

A.құру (создать);

B.сақтау (сохранить), басқаша сақтау (сохранить как);

C.көшіру (копировать), қиып алу (вырезать), қою (вставить);

D.ашу (открыть);

E. дұрыс жауабы жоқ.



3. Қай программа кестелік процессорларға жатпайды:

A.FохРrо;

B. Lotus;

C.Ехсеl;


D. SuperСаlс;

E.Home.


4. Кестелік процессордың атқаратын қызметі:

A. кестелік мәліметтерді автоматты түрде өңдеу;

B.көлемді информация жиындарын басқару;

C. мәтіндер жасау және түзету;

D. суреттік мәліметтерді өңдеу;

E. сандар форматын өзгерту.

5.Электрондық кестенің негізгі элементі:

A. бағана;

B. ұяшық;

C. мәлімет;

D. жол;

E. кесте.



6.Электрондық кестедегі адрес ....

A. торлар блогының координатасын көрсетеді;

B. жолдағы мәліметтердің координатасын көрсетеді;

C.электрондық кестедегі ұяшықтың координатасын көрсетеді;

D. бағанадағы мәліметтердің координатасын көрсетеді;

E. формулалар қатарын көрсетеді.

7.Электрондық кесте ұяшығын мәліметтен тазарту үшін оны ерекшелеп алып, мына әрекет орындалады:

A.Жою (удалить) командасы;

B.Ауыстыру (заменить) командасы;

C.Delete пернесі басылады;

D. Енгізу (вставить) командасы;

E. жолдағы мәліметтердің координатасын көрсетеді.

8.Электрондық кестедегі мәлімет мынадай түрге жатпайды:

A.мәтін (текст);

B.сан (число);

C.оператор;

D.формула;

E. диограмма.

9. Microsoft Excel программалардың мына тобына жатады...

A. мәтіндік редактор;

B. диограмма;

C. кестелік процессор;

D. графикалық редактор;

E. операциялық жүйе.

10. Microsoft Excel мынадай командалар тізбегін орындау арқылы іске қосылады...

A. Іске қосу (Пуск) – Программалар – Стандартты – Microsoft Excel;

B. Іске қосу (Пуск) – Программалар – Microsoft Excel;

C. Іске қосу (Пуск) – Стандартты – Microsoft Excel;

D. Іске қосу (Пуск) – Стандартты – Программалар – MicrosoftExcel;

E.Іске қосу (Пуск) – негізгі меню – Microsoft Excel


5.2 ОПТИМАЛДЫ ЖОСПАРЛАУ. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТҚА ЖЕТУ ҮШІН ШЕКТЕУЛІ РЕСУРСТАРДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ЖОСПАРДЫ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ МӘНІН АНЫҚТАУ
Жоспарлаудың объектісі ретінде түрлі жүйелер болуы мүмкін: мекеменің жеке қызметі, өндіріс және ауылшаруашылық саласының, тіпті мемлекеттің.
Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.
Жоспарлау тапсырмасының қойылымы келесідей болады:

Қандай да бір жоспарлау көрсеткіштері болсын: х, у және т.б.;

Жоспарлау көрсеткіштері мақсатқа жету үшін қандай да бір Rl, R2 және т.б. ресурстары қажет. Бұл ресурстар практикалық тұрғыда әрқашан шектеулі болады.

Жоспарлауды бағыттау үшін х, у мәндеріне және жоспарлау көрсеткіштеріне тәуелді анықталған стратегиялық мақсат болуы керек.

Шектеулі ресурстарды ескере отырып стратегиялық жоспарға жету үшін жоспарлы көрсеткіштердің мәнін анықтау қажет. Бұл оптималды жоспар болып табылады.

Мысал келтірейік. Жоспарлау объектісі ретінде балабақша болсын.

Тәуелділік (Зависимость; dependence) функция мен оның аргументгері арасындағы қатынас; мәліметгер базасындағы мәліметтер ассоциациясы. Мәліметтер тәуелділігі (Зависимость данных (по данным); data dependence) - мәліметтер мен программаның өзара өсер етуі.
Балабақша - мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме. Мұндай мекеменің ең алғашқы үлгісін неміс педагогы Фребель (1702-1852) ұйымдастырған (1837). Еліміздегі тұңғыш Балабақша Алматы қаласында 1917 жылы ұйымдастырылып, онда 100-ге тарта бала тәрбиеленді.
Екі жоспарлы көрсеткіштпен шектелейік: балалар саны мен тәрбиешілер саны. Балабақшаның басты қызметінің ресурсы бұл қаржылау көлемі мен мекеме ауданы. Стратегиялық жоспар қандай? Бірі, әрине балалардың денсаулығын сақтау мен күшейту. Бұндай мақсаттың сандық тәсілі ретінде балабақша тәрбиеленушілерінің ауруының минимизациясы.

Басқа мысал: мемлекеттің экономикалық қызметін жоспарлау. Бұл әрине күрделі тапсырма болады. Жсопарлы көрсеткіштер өте көп: түрлі өндірістік және ауылшаруашылық өнімдердің шығару көлемі, мамандарды дайындау жоспары, өндірілетін электроэнергияның көлемі, бюджеттік қызметкерлердің жалақысынің көлемі және т.б. ресурстарға жатады: халықтың жұмысқа қабілеттілігі барлардың саны, мемлекет бюджеті, табиғи ресурстар, энергетика, транспорттық жүйелердің мүмкіндігі дәне басқалар. Осы ресурстардың әрқайсысы шектеулі екенін ұмытпау қажет. Соынмен қатар, ең бастысы жоспарды орындау үшін кететін уақыт маңызды ресурс болып табылады. Стратегиялық мақсаттың сұрақтары едәуір күрделі болады. Мемлекетте оолар көп, бірақ әр түрлі уақыт кезінде приоритет түрлі болуы мүмкін.

Егер компьютерді оптималды жоспарлау үшін пайдаланатын болсақ, онда математикалық моделін құрастыру керек. Сәйкесінше, жоғарыда айтқандай санға, формулаға, теңдеуге айналдырылуы керек. Толық күйде шынайы жүйе үшін бұл өте күрделі. Ықшамдау керек.

Қарапайым мысал келтірейік: кондитерлік цех самаса мен тәтті тоқаш дайындайд. Шектеу күшіне қарай күніне барлығы 700 өнімге дейін шығара алады. Жұмыс күн цехта 8 сағатты құрайды. Егер тек тәтті тоқаш дайындаса, күніне 250 данадан артық шығару мүмкін емес, ал самасаны 1000 дейін шығаруға болады, егер тәтті тоқашты мүлдем шығармайтын болсақ. Тәтті тоқаштың құны самсаға қарағанда екі есе қымбат. Неғұрлым пайданы әкелу үшін цехтың күндізгі жоспарын құрастыру қажет.

Бұл таза оқу мысалы. Тек екі өніммен шектелетін цех із жүзінде болмайтыны анық. Тапсырманың математикалық моделін құрастыру керек. Жоспарлы көрсеткіш ретінде х – самсаны шығаруға арналған күндізгі жоспар; у – тәтті тоқашты шығаруға арналған күндізгі жоспар. Ресурст ретінде 8 сағаттық жұмыс күнінің ұзақтығын, қойманың 700 орындақы сыйымдылығын алуға болады. Қарапайымдылық үшін басқа да ресурстар (шикізат, электроэнергия т.б.) да шектеулі емес.

Цехтың жұмысының шектеулігіне және қойманың сыйымдылығына қарай қатынасын аламыз. Шартқа қарай отырып, самсаға қарағанда, тәтті тоқашты дайындауға 4 есе уақыт жұмсалады. Егер самасаны дайындау уақытын t мин деп белгілесек, тәтті тоқашты дайындау 41 минутқа тең. Демек самаса мен тәтті тоқашты дайындаудың суммалық уақыт тең:

tx 4ty = (x 4y)t.

Бірақ бұл уақыт жұмыс уақытынан көп болмауы керек. Осыдан шығады:

(х 4y)t <8-60,

немесе

(х 4y)t < 480.



Самсаны дайындау уақытын оңай дайындау уақытын шығаурға болады. Жұмыс уақытында олардың саны 1000 жететіндей болғандықтан, тәтті тоқашқа 480/1000 = 0,48 мин кетеді. Теңсіздіздікке мәнді келтіру арқылы мынаны аламыз:

(х 4у) ■ 0,48 < 480.

Осыдан:

х 4у < 1000.



Жалпы өнімнің санына шектеу айқын теңсіздік береді:

х у < 700.

Екі алынған теңсіздіктен х и у айнымалыларының оң мәні шартын қосу керек:

х 4у < 1000;

х у < 700; 1 (а)

х 0;


У > 0.

Енді стратиегиялық мақсатты формализациялауға көшеміз: максималды пайда табу.

Пайда – барлық сатылған өнімнің құны. Бір самсаны кұны – z тг. Тапсырма мақсаты бойынша тәтті тоқаштың бағасы екі есе қымбат, демек, 2z тг. Осыдан барлық шығарылған өнімнің құны:

zх 2 гz = z(х 2 у).

функция ретінде қарастырсақ:

f(x,у) = z(х 2у).

Бұл мақсатты функция болады.

Z – тұрақты мән болғандықтан, онда f(x,y) максималды мәні (х 2у) өрнегінің максималды мәнінде жетеді.

Сондықтан, мақсатты функцияның:

f(x,у) = х 2 у. (Р)

демек, оптималды жоспарды алу келесі математикалық тапсырмаға әкелді:

теңсіздікті қанағаттандыратын х және у жоспарлы көрсеткіштердің мәнін табу.

Сонымен, математикалық модель құрылды.

Математикалық модель (Математическая модель; matemathical simulation) - объектінің қызметі мен құрылымын сипаттайтын математикалық тәуелділіктер жүйесі, яғни математикалық формулалар мен тендеулер арқылы өрнектелетін объектілердің математикалық сипаттамалары.

Жоғарыда жазылған теңсіздік төртбұрыштың кеңістігінің координатында ұсынылады:

х 4 г/ = 1000; х у = 700;

х = 0 (ось OY); у = 0 (ось ОХ).

2.19 суретінде бұл облыс ABCD төртбұрышы ретінде ұсынылып, боялған. Төртбұрыштың кез келген бұрышы теңсіздік жүйесінің шешімі(а). Мысалы, ол нүктенің бірі х = 200, у = 100 координаттары.

Координаттар (лат. co – бірге және ordіnatus – тәртіптелген, анықталған) - жазықтықтағы, кез келген беттегі не кеңістіктегі нүктенің орнын анықтайтын сандар. Ғылымға, ең әуелі, аспан сферасындағы не Жер шары бетіндегі нүктенің орнын (ендік пен бойлық) анықтайтын астрономиялыһ және географиялық кординаттар енді (қараңыз ).
Бұған /(200,100) = 400 мақсатты фукнциясы сәйкес келеді. . А нүктесі х = 600, у = 50 /(600,50) = 700 сәйкес келеді.

Рис. 2.19. Область поиска оптимального плана


Бірақ, ыңғайлы шешім ретінде ABCD аймағының мақсатты функция үшін максималды болатын нүктесін алу керек екені анық.


«ШЕШІМДІ ІЗДЕУ» ҚҰРАЛЫ АРҚЫЛЫ ОПТИМАЛДЫ ЖОСПАРЛАУ БОЙЫНША ТАПСЫРМАНЫ ШЕШУ

Математикалық бағдарламалауда тапсырманы шешудің күрделі әдістері болады. Ол бұл пәннің шеңберіне кірмейді. Біз одан басқа жолмен жүреміз. Excel бағдар-ның мүмкіндіктерінде математикалық бағдарламалау кіріктірілген.

Ол құрал «Поиск решения» деп аталады.

Алдымен оптималды жоспарлау тапсырмасын шешу үшін электронды кестені дайындап алу қажет. 2.20. суретте формулалар көрсетілген. В5 және С5 ұяшықтары х және у мәндері үшін резервтелген. Ұяшықтан төмен теңсіздік жүйесі келтірілген. Теңсіздік оң және сол бөлікке бөлінген.



С бағанындағы теңсіздік тек рәсімделу үшін берілген. Мақсатты функция В15 ұяшығына енгізілген.




А

В

С

D

1

Оптималды жоспарлау










2













3

Жоспарлы көрсеткіштер










4




X (самса)

Y (тәтті тоқаш)




5













6













7

Шектеулер:










8













9




Сол жақ

белгі

Оң жақ

10

Өнім уақыты:

=В5 4*С5

<=

1000

11

Жалпы саны:

=В5 С5

<=

700

12

X:

=В5

>=

0

13

Y:

=С5

>=

0

14













15

Мақсатты функция

=В5 2*С5







16













Енді «Поиск решения» оптимизация бағдарламасын шақыру қажет.


5.5 MS EXCEL-ДЕ КОРРЕЛЯЦИЯЛЫҚ ТӘУЕЛДІЛІКТІ ЕСЕПТЕУ

Статистиканың маңызды бір бөлімі ретінде корреляциялық талдау болып табылады. Корреляция ұғымы, ең бастысы, вариациялық қатарлар арасындағы байланыс көрсеткішін көрсетеді. Бұл байланыс графикалық түрде бейнеленеді, Координаттық жазықтықта абцисса осі бойынша бір вариациялық қатардың мәндері орналастырылады, ал ордината осі бойынша-басқа мәндер орналастырылады. Координаттық жазықтықтағы осындай нүктелердің жиынтығы корреляциялық жалпы көрінісін береді және екі вариациялық қатардың байланысын көрсететін қандай да бір қисық тұрғызылады. Зерттеуші тәжірибесінде бір айнымалының екіншісінен тәуелділігі емес, осы айнымалылар арасындағы байланыс тығыздығының сипаттамасын көрсететін бір сан қызықтырады. Бұл сипаттама корреляция коэффициенті деп аталады. Корреляциялық талдау жағдайында қарастырылатын екі вариациялық қатар біз үшін бірдей. Х2 және X1 екі кездейсоқ шамалар арасындағы сызықтық байланыс қалыпты тарамдалса, онда оны Пирсонның корреляция коффициенті бағалайды, келесі формуламен есептейміз:


мұндағыXIi және X2ii-бақылаудағы параметрдің сәйкес мәндері, Х2, X1 —п бақылаулардан тұратын қатарлардың орташа мәні. Есептелген корреляция коэффициентінің таңдама бағасы болып табылады. бұл дегеніміз, кез келген кездейсоқ шама ретінде mг қателігі бар болады. таңдамалы корреляция коэффициентінің өзінің қателігіне қатынасы генеральды жиынтықтың корреляция коэффициенті 0-ге теңдігі туралы нольдік болжамды тексеру үшін критерий болып табылады:



Критерийді тексеру үшін бостандық дәрежесі f= n — 2 тең болжамды таңдалынға мәнділік деңгейіне сәйкес Стъюденттің тарамдалу кестесі бойынша тексеріледі. Егер септелген мән кестелік мәнге тең немесе үлкен болса, онда нольдік болжам теріске шығарылады.

Корреляция коэффициентін есептеу үшін көрсетілген формула параметрлік болып табылады, яғни талданатын айнымалылар қалыпты заңмен тарамдалғанын көрсетеді. Сондықтан да оны қолданбас бұрын екі тарамдалудың қалыптылығы туралы болжамды тексеру қажет.

Корреляция коэффициентін есептейтін басқа да формулалар бар, бұл формулалар үлкен және кіші таңдамаларға қатысты дәлденеді. (n < 30) кіші көлемдегі таңдамаларда осы формула бойынша коэффиентті есептеу сәйкес генеральдық параметрдің төмен бағасын береді. Түзету үшін, мысалы Фишердіңz-түрлендіруін қолдануға болады:



z айнымалысы -тен – шексіздік интервалындағы өз мәндерін қабылдайды, бұл айнымалының тарамдалуы қалыптыға жақын. Онда ақиқаттылық критерийі ретінде келесі көрсеткіш болады:



Таңдалған α және f= n — 2 бостандық дәрежесінің саны үшін Стъюденттің тарамдалу кестесі бойынша бұл параметр генеральдық жиынтықта 0-ге тең екендігі туралы нольдік болжам тексеріледі.

Бірақ есептеу тәсіліне тәуелсіз корреляция коэффициентінің өзінің қасиеттері бар. Корреляция коэффициенті шамасы—1 ≤ r ≤ 1 аралығында орналасады. Егер r < О, бұл дегенімізі вариациялық қатардағы бақыланатын Х1 шамасын екінші вариациялық қатардағы X2 шамасының мәндеріне сәйкес болады. Егер г> О, бір параметрдің артуымен, екінші параметр орташа есеппен артады. Егер г=0, Х1 және X2 параметрлері тәуелді емес. r•= 1 болғанда параметрлер араснда тура пропорционалды функционалды тәуелділік бар (медициналық-биологиялық зерттеулерде сирек кездеседі). Корреляция коэффициентінің абсолют шамасы неғұрлым үлкен болса, осы таңдам көлемінде алынған корреляция коэффициентінің байланыс сипаттамасы сәкес келетіндігіне сенімді ықтималдық бар. 10-суретте тәуелділіктің ейбір типтік нұсқалары және оларға сәйкес келетін корреляция коэффициентінің мәндері көрсетілген. Медициналық-биологиялық қосымшаларды байланысқан құрылымдардың сипаттамасын реттелген айнымалылар арқылы көрсететін жағдайлар жиі кездеседі.

Мұнай мен газ қорларын көлемдік есептеу параметрлері. Мұнай кенорнының қорын есептеу параметрлері: Ғ - мұнайлы алаптың ауданы, M2; һ - қойнауқаттың тиімді қалыңдығы, м; j - тиімді кеуектілік; m - мұнаймен қанығу; b - қайтарым коэффиценті; a - мұнайдың меншікті салмағы; һ - қойнауқаттық мұнайдың есептеу коэффиценті.
Құрылымдар, конструкциялар (лат. constructіo - құрастыру, жасау), техникада - машина мен ғимараттардың немесе тораптар құрылысы мен жұмысының сұлбасы, сондай-ақ, машинаның, ғимараттың, тораптың өзі және олардың бөлшектері.
Бұл жағдайда рангілік корреляция коэффициенті деп аталатытынды қолданамыз.

10-сурет, X жәнеY айнымалылары арасындағы тәуелділіктердің әртүрлі нұсқасының схемалық көрінісі және Пирсонның сәйкес корреляция коэффицинттері.

Бұған қоса, осындай параметрлік емес жол аз таңдамаларда және оқытылатын таңдамалар қалыпты заңмен тарамдалмаған жағдайда қолданылады. Мысалы, К. Спирмен ұсынған рангтердің корреляция коэффициенті келесі формуламен есептеледі:



мұндағы di —қатарлас белгілердің рангілері арасындағы айырма, п — қатардың жұп мүшелерінің саны. Белгілердің рангілерінің толық байланысы кезінде олардың арасындағы айырма 0-ге тең болады, сәйкесінше корреляция коэффициенті 1-ге тең. Егер белгілер тәуелсіз болса, онда корреляция коэффициенті 0-ге тең болады.

Рангтердің корреляция коэффициенті сәйкес келетін генеральды параметрдің бағасы болып табылады, оның мәнділіг келесі статистика көмегімен бағаланады:

Мұндағы zа және m мәнділік деңгейінің қатынастарымен байланысқан: а = 5% үшін, z= 1,96 және m = 0,16; а = 1%үшін z = 2,58, m = 0,69. Нольдік болжам теріске шығарылады, егер алынған rs мәні trs есептелген критикалық мәнінен асып түссе немес тең болса.

Әдетте, «корреляция коэффициенті», деген Пирсонның корреляция коэффициентін білдіреді. Бұндай корреляция коэффициенті түзусызықты (сызықтық тәуелділік) аса ауытқымайтын байланысты көрсететін түсіну маңызды. Егер корреляция коэффициенті нольден өзгеше болмаса, онда бұл дегеніміз байланыстың мүлдем жоқтығын көрсетпейді, тек бұл айнымалылардың арасындағы түзу байланыстың жоқтығын ғана көрсетеді. Бастапқыда бұл байланыс қай типке-түзусызықты немесе қисықсызықты байланысқа жататындығын регрессияның эмпирикалық сызығын тұрғызу арқылы бағалаймыз. Түзусызықты байланыстан ауытқуының нақты дәрежесін қисықсызықтылық критерийінің көмегімен анықталады. (10, б суретін қараңыз) Бұндай байланысты анықтамалар мен кітаптардағы мазмұндалған әдістердің көмегімен бағалауға болады.

Біз студенттердің назарын корреляциялық талдау кезіндегі көптеп кездесетін қателіктерге аударғымыз келеді. Бірден-бір таралған қате ол-есептелген корреляция коэффициентінің статистикалық мәнділігін тексермеу болып табылады. Тәжірибеде көбінесе таңдалған корреляция коэффициентін есептеу (көбінесе аз көлемдегі таңдамалар үшін). Бұл тәсіл дұрыс емес, таңдалға коэффициенттің статистикалық мәнділігі таңдама көлеміне тәуелді болады. Көбінде таңдама көлемі таңдалған корреляция коэффициентін статистикалық мәнділігін алуға жеткіліксіз. п = 15 жағдайда таңдалған корреляция коэффициентінің мәні r= 0,5 окажется статистически незначимым на уровне а = 5% мәнділік деңгейінде статистикалық мәнсіз болады, п = 50 болғанда дәл сол а мәнділік деңгейінде корреляция коэффициентінің r= 0,3 мәні статикалық мәнді болып табылады.

Егер сәйкес келетін критерий бағаланған корреляция коэффициентінің мәнділігінің болмайтынын көрсетсе, алынған r мәні үшін п таңдама көлемін таңдалған корреляция коэффициенті үшін жеткілікті бағалауға болады:

мұндағы za шамасы қабылданған мәнділік деңгейі бойынша беріледі (Стъюдент тарамдалуының шекті нүктелері, aл z есептелген r корреляция коэффициентінің түрлендіруі (формула 58).

Бірақ құбылыстар арасындағы ақиқат корреляцияны көргенде көбінде басқа қате-оларды қандайда бір себеппен байланыстыру қажеттілігі туындайды.

Мән және құбылыс - дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар.
Қорытындылардың бұрыс логикалық байланысы қате қорытындыға алып келеді: раз явления А және В құбылыстары тығыз корреляциялық байланыста және И құбылысы А-ға қарағанда уақыт бойынша кеш пайда болады, бұдан А И-ның себебі болады. Бірақ А және В құбылыстары бір-бірімен себепті байланыста ғана емес, және олар бірдей бірінші себебі болмауы тиіс.

5.6 ЛОГИКАЛЫҚ ФУКНЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ МӘНДІ ТАҢДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Логикалық функцияларқандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылады. Шарттарды көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының “ =”, “>”, “<”, “<>” (тең емес), “>=” (үлкен немесе тең), “<= “ (кіші немесе тең) белгілері пайдаланылады.

ЕСЛИ(лог_выражение; значение_если_истина; значение_если_ложь) функциясы,функция аргументіндегі логикалық өрнек(лог_выражение) ақиқат мәнге ие болғанда, аргументтегі бірінші мәнді (значение_если_истина) , ал қарсы жағдайда екінші мәнді (значение_если_ложь) береді. Мұндағы,

лог_выражение – бұл нәтижесі, екінің бірі, яғни не АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН болатын логикалық өрнек.

значение_если_истина – бұл лог_выражение АҚИҚАТ болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_истина) түсіп қалған болса , онда функцияның мәні де АҚИҚАТ болады .

значение_если_ложь – бұл лог_выражение ЖАЛҒАН болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_ложь) түсіп қалған болса , онда функцияның мәні де ЖАЛҒАН болады .

Мысалы: B1 ұяшыққа =ЕСЛИ(A1<20000; 12; 15) формуласы жазылған. Егер A1 ұяшығына 30000 саны енгізілетін болса, онда нәтижесінде B1 ұяшықта 15 саны шығады, себебі 30000<20000 шарт ЖАЛҒАН болып тұр.



И, ИЛИ функциялары күрделі шарттарды жазу үшін қолданылады:

И(логическое_выражение1; логическое_выражение2;....) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер барлық аргументтер сәйкесінше АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.

ИЛИ(логическое_выражение1; логическое_выражение2;...) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер ең болмағанда бір аргумент АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.

Мысалы: Егер A1 ұяшығына [1, 4] аралықтағы сандардың бірін жазғанда В1 ұяшығындағы =ЕСЛИ (И(A1>=1;A1=<4);15;18) - өрнегінің мәні 15-ке тең болады, ал қалған жағдайда 18 болады.



ЕСЛИ немесе т. б. функцияларды аргумент ретінде қайталап қолдану арқылы күрделі шарттар жасалады. Мысалы:

=ЕСЛИ (A1<20000; 12; ЕСЛИ (A1<40000; 15; 18)) формуласы бойынша, егер A1< 20000 болса, онда нәтиже 12 тең, қарсы жағдайда келесі тұрған A1<40000 шарты тексеріледі, бұл шарт ақиқат болған жағдайда формула нәтижесі 15, ал жалған болғанда формула нәтижесі 18 болады.


1-жаттығу. Электрондық кестеда студенттердің пән бойынша үлгірімі процентпен берілген. Үлгірім 45% кем болса студент аттестациядан өтпеген болып есептеледі. Студенттің аттестациядан өтке-өтпегенін формула көмегімен анықтаңыз.

  1. Excel программасында Работа3деген атпенжаңа құжат құрыңыз .

  2. Құжаттың бірінші жұмыстық бетін (Лист1)Задание 1деп өзгертіңіз.

  3. Кестені 7- суреттегідей толтырыңыз.


7-сурет


  1. Студенттің аттестациядан өткен- өтпегенін тексеру үшін:

    • С3 ұяшығы белгіленеді. Вставка→Функция командасы орындалады. Пайда болған терезеден Логические категориясындағы, ЕСЛИ функциясын таңдайсыз.

    • Әрі қарай ЕСЛИфункциясының терезесіндегі Логическое выражениетұсына В3 ұяшықтағы мәнді , 45% салыстыратын шартты:В3>=45% түрінде жазамыз.Шартқа сәйкес:

    • Значение если_истинатұсына: «аттестован» жазылады;

    • Значение если_ложь тұсына: «не аттестован» жазылады;

    • ОКбасылады;

7. Осы формула қалған ұяшықтарға көшіріледі.
2 -жаттығу. Аттестация 3пән бойынша өтті. Студенттің барлық 3 пән бойынша аттестациялық үлгірімін текскру қажет .

  1. Құжатыңыздағы келесі жұмыстық бетті (Лист2) Задание2 деп өзгертіңіз;

  2. Кестені 8- суреттегідей толтырыңыз;

8- сурет



  1. Сан мәндерін процентпен жазыңыз, ол үшін :

    • В3:D7диапазон белгіленеді, диапазонның контекстік мәзірінен Формат ячеек командасы орындалады. Пайда болған терезенің Числатізімінен Процентный форматы таңдалынады, Число десятичных знаковтұсына 0жазылады;

  2. Е3 ұяшығындаЕСЛИ функциясы шақырылады;

  3. Формулалар жолының сол жағындағы

белгісіне шертіледі;

  1. Пайда болған тізімнен Другие функции таңддалынып, ЛогическиекатегориясындаығыИ функциясы белгіленеді;

  2. И функциясының терезесіндегі Логическое_значение1: B3>=45%, Логическое_значение2: C3>=45%, Логическое_значение3: D3>=45% түрінде толтырылады;

  3. формулалар жолындағы ЕСЛИ шертіледі ;

    • Значение если_истинатұсына: «аттестован» жазылады;

    • Значение если_ложь тұсына: «не аттестован» жазылады;

  4. ОКбасылады;

  5. Формула қалған ұяшықтарға жазылады.


3-жаттығу. Екі шартқа тәуелді функцияның графигін берілген аралықта 0,2 қадаммен салыңыз.


  1. Үшінші жұмыстық бетті (Лист3) Задание 3 деп өзгертіңіз;

  2. А бағанға екінші жолдан бастап (А2 ұяшықтан бастап ) х- тің [-1; 1] аралығындағы мәндерін 0,2 қадаммен орналастырыңыз;

  3. В2ұяшыққа келесі,

=Если(А2<=0; (1 2*A2^2-sin(A2)^2)^(1/2); (2 A2)/(2 EXP(-0.1*A2))^(1/3)) формуланы Мастер функциикөмегімен жазыңыз;

  1. Қалған ұяшықтарға формуланы автоматты түрде көшіріңіз;

  2. Функция графигін тұрғызыңыз.


Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

9-кестедан алынады)


  1. Келесі функция ... графигін, берілген аралықта 0,2 қадаммен тұрғызыңыз /9-кесте, 1-тапсырма/.

  2. Берілген сөз есепті ... Excel программасының логикалық функцияларын пайдаланып шығарыңыз /9-кесте , 2-тапсырма/.

9-кесте


вар

х жатқан аралық

1 -тапсырма

2 - тапсырма

1





ax2 bx c=0 түріндегі квадрат теңдеудің дискриминантынD= b2-4ac … тауып және ЕСЛИфункциясын қолдана отырып теңдеудің нақты түбірлерінің санын табыңыз. (ЕгерD>0, екі түбір бар)


2





Фермадағы жасы 6 айдан 8 айға дейінгі қояндар салмағы 7 кг- нан аспауы керек, егер асып кетсе қояндарға берілетін витаминнің тәуліктік концентрация мөлшері 125 г. азайтылады.Қояндардың саны , жасы және салмағы белгілі деп есептеп осы айдағы концентрация мөлшерінің қаншаға азайтылатынын есептеңіз.


3





Фирмадағы 5 қызметкердің әрқайсысы фирма орындап жатырған екі проектінің біреуіне ғана қатыса алады.Бірінші проект бойынша жалақыға 0,25% үстеме, ал екінші проект бойынша жалақыға 0,50% үстеме қосылады. Қызметкерлер жалақысын есептеуде ЕСЛИ функциясын қолданыңыз.


4





Фирмадағы 5 қызметкердің еңбек стаждарын әртүрлі деп алып, олардың жалақыларын есептеңіз. Жалақыға қызметкердің еңбек стажына қарай: 1-4 жылға 15% үстеме, 5-10 жылға 30 % үстеме, 10 жылдан асқандарға 50% үстеме қосылады. Қызметкерлер жалақысын есептеуде логикалық функцияларды қолданыңыз

5





Дүкен заттары жеңілдетілген бағамен сатылып жатыр: саудасы 50 000 теңгеден асқан алушыға 5% , 1000 000 асса - 10 %, 2000 000 асса- 20% жеңілдік жасалады. Сатып алушының нақты төлейтін ақшасын логикалық функцияларды қолданып есептеңіз.



Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай логикалық функцияларды білесіз?

  2. Еслифункциясы қалай жазылады және орындалады?

  3. И функциясы қалай жазылады және орындалады?

  4. ИЛИфункциясы қалай жазылады және орындалады?

  5. Логикалық өрнектер қандай мәндер қабылдай алады?


5.7 ЖОСПАРЛАУ МЕН БАСҚАРУДАҒЫ ІСКЕРЛІК ГРАФИКА
Диаграмма – мәліметтерді көрнекі түрде кескіндеп көрсетудің өте бір әдемі түрі. Мәліметтер кесте түрінде берілгенде оларды салыстыру, талдау оңай шаруа емес. Ал диаграмма өзіміз математика мен сызудан білетініміздей көптеген нәтижелерді бірден аңдап, тіпті сандық мөлшерлеріне қарамай-ақ ненің не екендігін түсінуімізге мүмкіндік береді.

Диаграмма туралы түсінікті болғаннан кейін енді бір күнімізді қалай өткізетіндігіміз жайлы мәліметтер жинақтап, MS Excel-ге енгізейік. Негізгі бес факторға: бірінші – мектеп, екінші – үй, үшінші – көше, төртінші – салауатты өмір (хобби, спорт, мәдени іс-шаралар, үйірмелер, т.б.

Салауат - Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) есімі аталған кезде арнайы айтылатын дұға атауы. Салауат Құран Кәрімдегі бұйрық бойынша пайғамбарға жарылқау, құрмет, құттықтау, дұға тілеу мағынасында арнайы жасалатын құлшылық түрі.
) және бесінші – ұйқы, осыларға тоқталуды жөн көріп, шамамен сағатпен алынған уақыт мөлшерін көрсетейік.



Түсінікті болу үшін диаграмманы құру жолдарын рет-ретімен қарастырып, олардың типтерімен де танысып өтейік.

MS Excel программасында диаграмма құрастыруды оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып (А2:В5), >Вставка(Енгізу) >Диаграмма… әрекеттерін орындау арқылы немесе саймандар тақтасындағы Диаграммалар шеберін қосу арқылы орындауға болады.

Диаграмма шеберінің жұмысы төрт қадамнан тұрады, батырманы шерткеннен кейін оның



бірінші қадамы экранға шығады:

Стандарттыішкі бетіндегі Типөрісінен қажетті диаграмма типін, ал Вид(түр) өрісінен түрін таңдаймыз және оны Нәтижені көру (Просмотррезультата) батырмасы басулы күйде қарауға болады. Дөңгелек диаграмма бүтін нәрсенің бөліктерге бөлінуін көрнекі көрсететін болғандықтан және әр бөлік бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анық көрінетіндіктен оқушылардың таңдауы бойынша осы тип алынды.

Диаграмма құрудың екінші қадамы – мәліметтер аралығын енгізу. Біздің мысалымызда мәліметтерді таңдау әрекеті оларды белгілеу арқылы орындалған еді.


Диаграмма шеберінің үшінші қадамында оған түрлі түсініктемелер (легенда) енгізіп, осьтерді белгілеуге, диаграмманың тақырыбын жазуға, мәліметтерді диаграммада көрсетіп жазып қоюға, т.б. әрекеттер орындауға болады.

Егер диаграмма дұрыс құрылған болса, оның қандай мақсатқа арналғанын анықтау оңай болады. Ол үшін оған берілген, енгізілген мәліметтер анық әрі түсінікті болуы керек.



Диаграмманың орналасуын таңдау үшін төртінші қадамды пайдаланамыз. Диаграмманы орналастырудың екі мүмкіндігі бар: біріншісі – жеке бетке орналастыру, екіншісі – кесте тұрған бетке қатар орналастыру.

Біздің мысалымызда көрнекілігі үшін қатар орналастыру мүмкіндігін таңдаймыз.


Диаграмма құру барысында Кері (<Назад) батырмасы арқылы шегініс жасап, реттеп отыруға мүмкіндік бар, немесе Әрі қарай (>Далее), соңынан Дайын (Готово) батырмасын басу арқылы жасап отырған диаграммамызды аламыз.

Диаграммалар мынандай элементтерден тұрады. Тор тақырып және аңыз.



тақырып





аңыз




тақырып








аңыз



Мәндер осі

Категориялар осі

Ескерту


Диаграмманың сыртқы аймағында шерту арқылы диаграмма мөлшерін өзгерту маркерлерін алып тастауға болады.

Бұл диаграммаға көптеген өзгерістер енгізуге, әрлеуге, т. б. толып жатырған әрекеттер орындау мүмкіндіктерін келесі практикалық сабақта осы диаграммамызды толықтыру арқылы жаттығып, түсінетін боламыз.


Суреттеу, топтастыру





Диаграмма

түрлері








Сонымен балалар диаграмманы құруды жолын тағы бір еске түсіріп , тапсырмаларды орындайық

Гипермәтіндік бейне «Диаграмма құру жолу »
Сатылай кешенді талдау
диаграмма Анықтама

Microsoft office

MS Excel –

Кесте


Диаграмма құру үшін

Диаграмма түрлері қанша?

Элементтері

Қадам саны



Орналастыру реті
1-міндетті денгей Төмендегі y=x 2 функцияға график типін таңдап диаграмма тұрғыз.

х

у

2

4

4

16

6

36

8

64

10

100

12

144


2- лайықты деңгей Төмендегі функцияға гистограмма типін таңдап диаграмма тұрғыз.

Қазақстан халқының ұлттық құрамы (%)




1926

1939

1959

1970

1979

1989

1999


2009

Қазақтар

57,1

38

30

32,6

36

39,4

50,7

63,3

Орыстар, украиндар, белорустар

33,1

51,5

52,1

51,1

48,1

44,3

37,7


23,3

Басқа ұлттар

9,9

10,5

17,9

16,3

15,9

16,3

11,6

13,1



5.10 РЕГРЕССИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДІ КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОР АРҚЫЛЫ ҚҰРАСТЫРУ. РЕГРЕССИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ БОЙЫНША БОЛЖАМДАУ.
Медициналық-биологиялық зерттеулерде өзара байланысқан көрсеткіштермен жұмыс істеуге жиі тура келеді. Екі немесе бірнеше көрсеткіштер арасындағы байланыс жиі көрінбей қалады, басқа себептердің (факторлардың) әсерінен қабаттасып күрделене түседі. Бір көрсеткіштің өзгерісі екінші (немесе бірнеше) көрсекіштің өзгерісіне қаншалықты тәуелді екендігін зерттеу – статистиканың маңызды мақсаттарының бірі.

Байланыстар функционалды және корреляциялық болып бөлінеді. Бір айнымалының әрбір мәніне басқа айнымалының тек нақты бір мәніне сәйкес келетін функционалды тәуелділікке қарағанда, (х) айнымалының әрбір мәніне басқа (у) айнымалының бірнеше мәндері сәйкес келетін (басқа себептердің қабаттасуына байланысты) тәуелділікті корреляциялық деп атайды. Корреляциялық тәуелділік тек көпшілікті бақылау негізінде алынады. Корреляциялық тәуелділік мысалы ретінде пациент қанындағы А затының құрамының енгізілетін В дәрмегінің мөлшеріне тәуелділікті алуға болады.

Корреляциялық тәуелділіктің ең қарапайым түрі – жұп корреляция, яғни екі белгі арасындағы тәуелділік (нәтижелілік және факторлы).

Корреляциялық тәуелділіктерді зерттеу кезіндегі статистиканың негізгі мақсаттары.

Бұлар:


1) у-тің х-ке тәуелділігін сипаттайтын математикалық формуланы табу;

2) осындай тәуелділіктің тарлығын өлшеу.

Бірінші есепті шешу, яғни теңдеу параметрлерін табумен байланысты байланыс формасын анықтау, байланыс теңдеуін (регрессия теңдеуі) табу деп аталады. х функциясы деп қарастырылатын көрсеткіштер ух деп белгіленеді .

y-тің x-ке регрессия теңдеуі деп тәуелсіз х айнымалысы мен у тәуелді айнымалысының мәндері арасында тәуелділік орнататын у = f (х) түріндегі теңдеуді айтады.

Регрессия (лат. regresso - кері қозғалыс) - теңіздің тартылып, жағасының кері шегінуі. Әдетте, тектоникалық қозғалыстардың әсерінен құрлықтың көтерілуінен, мұхит түбінің ойысуына немесе материкті мұз басу кезінде мұхит суы көлемінің азаюына байланысты болады.

Байланыстың түрлі формалары бар:

1) түзусызықты:

2) қисықсызықты:

а) екінші ретті парабола:

б) гипербола: : және т.б.

Регрессия теңдеуінің коэффициенттерін есептеу ең қолайлысы әдісі кіші квадраттар әдісі болып табылады, ол регрессия түзуі зерттелетін шамалар арасындағы байланысты ең жақсы түрде көрсетуге мүмкіндік беретін b0 және b1 коэффициенттерін таңдауға көмектеседі





Лабораториялық жұмыс

Корреляциялық-регрессиялық талдаудың ақпараттық технологиясы


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


жүктеу 1.92 Mb.