Главная страница
Контакты

    Басты бет


Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі гуманитарлық ЖӘне жаратылыстану пәндері кафедрасы

жүктеу 1.92 Mb.



жүктеу 1.92 Mb.
бет8/14
Дата10.03.2017
өлшемі1.92 Mb.

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі гуманитарлық ЖӘне жаратылыстану пәндері кафедрасы


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕДЕ СТАНДАРТТЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ. ТАПСЫРМАЛАРДЫ ШЕШУ
Microsoft Excel программасының функциясы ретінде белгілі бір алгоритм бойынша немесе формулалар бойынша жүргізілетін есептеу операциялары қарастырылады. Әрбір функцияның өзіне тән аты болады.Excel программасында функциялардың аттары пернелік тақтадан теріліп жазылады немесе Функция шебері (Вставка-> Функций) деп аталатын команда немесе саймандар панеліндегі fxбатырмасы көмегімен енгізіледі. Функция шебері функцияларға сәйкес формулалардың дайын шаблондарын береді, қолданушы бар болғаны функцияның аргументтерін ғана жазады.

Excel программасында, күрделі және қарапайым есептеулерге арналған 200 ден аса функцияларды қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, бұл қосымшада қолданушының Excel-дің програмалау мүмкіндіктерін (VBA) пайдаланып өзіне қажет функцияларды да құрып алуына жағдай жасалған.

Функция шеберін пайдаланып функцияларды іздеуді жылдамдату мақсатында оларды келесі: 10 недавно использовавшихся, Полный алфавитный перечень, Финансовые, Дата и время, Математические, Статистические, Ссылки и массивы, Работа с базой данных, Текстовые, Логические и Проверка свойств категориялары бойынша топтастырған.

Функциялардың аргументтері ретінде сандар, сан мәнді өрнектер немесе сәйкесінше сандар мен сан мәнді өрнектер жазылған ұяшықтар адрестері, диапазон адрестері пайдаланылады. Мысалы:

=СУММ(А5:А9)мұндағыСУММфункциясы, А5, А6, А7, А8, А9 ұяшықтардағы сандар қосындысын есептейді;

=СРЗНАЧ(G4:G6)мұндағыСРЗНАЧ функциясы G4, G5, G6 ұяшықтардағы сандардың орташа мәнін табады.

Күрделі функцияларды жазу әдеттегідей бірінің ішіне бірі жай жақшалар арқылы жазылады , мысалы:=ОКРУГЛ(СРЗНАЧ(H4:H8);2).

Функцияның аргументтерін Функция шеберін пайдаланып енгізу. Функцияны Функция шеберінпайдаланып жазғанда, егер оның аргументі бар болса, онда келесі 4-суреттегідей терезе пайда болады. Бұл терезе функция аргументтерін енгізуге арналған.

Мұндағы,

4-сурет


1 – функцияның аты;

2 - аргументтерді енгізу жолақтары;

3 – терезені кішірейту батырмасы ,

бұл батырмаға қайта шерту терезені

бұрынғы қалпына келтіреді;

4 - аргументтің мәндері ; 5 – функцияның сипаттамасы; 6 – анықтаманы шақыру.

Функция аргументтерін енгізуде келесі тәсілдер қолданылады:

а) қажет адрестерді (ұяшықтың немесе диапазонның) пернелік тақтадан теруге болады;

б) қажет ұяшықтар мен диапазондарды жұмыстық беттегі кестедан белгілеу арқылы жазуға болады.

Функциялардың негізгі категориялары.

«Математические» категориясыфункцияларының сипаттамасы:

ABS (сан) – санның модулі;

COS(сан) – косинусты табу;

EXP(сан) – ех функциясының мәнін есептеу;

LN(сан) – логарифмді есептеу;

SIN (сан) – синусты есептеу;

TAN (сан) – тангенсті есептеу;

КОРЕНЬ (сан) – квадрат түбір табу (оң мәнін);

ПИ () –  санының 15 цифрға дейінгі дәлдікпен алынған мәнін береді;

Дәлдік (Точность; precision) - жылжымалы нүктелі санның машинальгқ түрінің разрядтылық сипаттамасы; Дәлдік (Точность) - процестің, бұйымның және заттың қарастырылған параметрлерінің ақиқат мендерінің олардың теориялық номиналдық мәндеріне жақындық дәрежесі.

СТЕПЕНЬ (негіз сан; дәреже көрсеткіші) – дәрежелеу амалын береді;

СУММ (сан1; сан2; ...) – аргумент тізіміне кіретін барлық сандардың қосындысын есептейді;

«Статистические» категориясыфункцияларының сипаттамасы:
МАКС(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің үлкенін анықтайды;

МИН(аргумент1; аргумент2;…) - аргументтердің кішісін анықтайды;

СРЗНАЧ(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің орташа мәнін табады;

СЧЕТЕСЛИ(диапазон; шарт) – диапазондағы берілген шартты қанағаттандыратын аргументтер санын анықтайды .



MS Excel бағдарламасындағы қаржылық функцияларын қолдана отырып экономикалық есептерді шешу.

MS Excel-де кез-келген функциямен жұмыс істеу үшін жұмыс бетінде функцияның негізгі аргументтерінің мәндерін дайындап алу керек.

Вставка - Функция командасының көмегімен функция шеберін шақырып, Финансовые категориясынан керекті функцияны таңдаймыз. Функция шебері 2.1 суретте көрсетілген.

Функцияның аргументтерін сипаттау Функция аргументтері терезесінде орындалады. Функция аргументтері терезесі 2.2 суретте көрсетілген. Егер аталған функция туралы толығырақ анықтама керек болса, онда Справка по этой функции сілтемесіне басамыз. Нəтижесінде Справка MicrosoftExcel терезесі ашылады. Справка MicrosoftExcel терезесі 2.3 суретте көрсетілген .



2.1-сурет – Функция шебері терезесінен финанстық функцияны таңдау
Егер функцияның аргументі басқа ішкі функцияның есептеу нəтижесі болса, онда Функция шебері қайта шақырылады.

Аргументтер терезесінде аргументтердің мəндері немесе мəндер орналасқан ұяшықтар адресі енгізілгеннен кейін ОК батырмасын басамыз




2.2-сурет – Функция аргументі терезесі

2.3-сурет – Функциялар туралы анықтама жүйесінің терезесі

.

Функцияларды Функция шеберін шақырмай ақ, бірден енгізуге де болады.

Аргументтерді енгізу барысында мыналарды есте сақтаған жөн:

- Шығындарды білдіретін аргументтер (мысалы, жыл сайынғы төлемдер) теріс сандармен, ал кірісті білдіретін аргументтердің мəндері (мысалы, дивидендтер) оң сандармен беріледі;

- барлық дата функция аргументі ретінде сандық форматта болады;

- логикалық аргументтерге Ақиқат жəне Жалған тұрақты мəндері қолданылады;

- əр аргумент өз орнында болуы керек. Егер қандай да бір аргументтің мəні болмаса, орны бос қалады, бірақ міндетті түрде аргументтерді бөліп тұратын таңбалар қойылады.
Microsoft EXCEL программасында кредит, ссуда, займдар беруді есептеу және т.б.

Несие (лат. creditum - несие, credo - сенемін, сенім білдіремін), несие белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз. Оның қозғалысы кезінде несиелер мен қарызгер арасында белгілі бір экономикалық қатынастар қалыптасады.
финанстық операцияларды орындай алатын арнаулы функциялар қарастырылған /14.1- кесте/. Олардың көмегіне сүйене отырып, :

  • болашақ құнды (определение наращенной суммы или будущей стоимости);

  • бастапқы құнды (определение начального значения или текущей стоимости);

  • төлем уақытын және проценттік ставканы;

  • займды өтеудің периодты төлемақысын және т.б. анықтауға болады.

14.1-кесте

Операция

Анықтамасы

Синтаксисі

Формуласы


Болашақ құн

Тұрақты төленетін периодтық төлемақы мен тұрақты проценттік ставка негізінде құралатын салым-ның болашақ құны

БС(ставка;кпер;плт;пс;тип), мұндағы:

Ставка  -периодқа сәйкес проценттік ставка;

Кпер   - периодтың жалпы саны;

Плт  - әрбір периодта төленетін төлемақы;

Пс  - бастапқы құн;

Тип  -бұл 0 немесе 1 саны, егер 0 болса төлем периодтың соңында , ал 1 болса басында жасалады.

FV=PV*(1 I)N,мұндағы:

nпериодтың жалпы саны ;

І -проценттік ставка;

PV- салымның бастапқы құны;

FV-салымның болашақ құны.



Бастапқы құн

Тұрақты төленетін периодтық төлем- ақы негізінде құра-латын салымның бастапқы құны

ПС(ставка;кпер;плт;бс;тип)

PV=FV/(1 I)^N.


Периодардың жалпы

саны

Тұрақты төленетін периодтық төлем-ақы мен тұрақты проценттік ставка негізінде құралатын салым өтеу периодтары-

ның жалпы саны



КПЕР(ставка;плт;пс;бс;тип)




Процент-тік ставка

Периодта тұрақты төлемақы жасау жолымен қайтары-латын, сома беру үшін бір периодтың проценттік ставка-сын есептеу

СТАВКА(кпер;плт;пс;бс;тип)





Төлемақы

Төлемақы мен проценттік ставка-ның тұрақтылығы негізінде бір периодта төленетін сома көлемін есептеу

ПЛТ(ставка;кпер;пс;бс;тип)




Excel программмасында периодты төлемақыны және амортизацияны есептеуге арналған келесі финанстық функциялар қолданылады /15.1-сурет/ :

15.1- кесте


Операциялар

Анықтама

Синтаксис

Процентттік өсімге сәйкес төлемақыны есептеу

ПРПЛТ функциясы тұрақты төленетін периодтық төлемақы мен тұрақты проценттік ставка негізінде проценттік өсімге сәйкес төлемақыны есептейді .

ПРПЛТ(ставка;период;кпер;пс;бс;тип)


Проценттік өсіммен берілген займды өтеу төлемақысы сомасын есептеу


ОСПЛТ функциясы период сайын тұрақты түрде төленіп тұратын төлемақылар негізінде жинақталған займ кірісін есептейді.

ОСПЛТ(ставка;период;кпер;пс;бс;тип)


Бір периодтағы амортизацияны есептеу.

Амортизация - бұл мүлікті пайдалану кезеңінде, әрбір өткен уақыт бірлігіне (периодқа ) сәйкес мүлік құнының төмендеуі


АПЛ функциясы бір период кезіндегі актив амортизациясы-ның шамасын септейді

АПЛ(нач_стоимость;ост_стоимость;время_эксплуатации)

Нач_стоимость — актив алуға кеткен шығын .

Ост_стоимость — амортизация периодының соңындағы қалған құн (немесе активтің қалдық құны деп те аталады ).

Время_эксплуатации — актив амортизацияланатын периодтар саны (немесе амортизация периоды).



Берілген периодтағы амортизацияны есептеу.

АСЧ функциясы берілген периодтағы актив амортизациясының шамасын есептейді.

АСЧ(нач_стоимость;ост_стоимость;время_эксплуатации;период)


MS Excel көмегімен кредиеттер мен займдарды есептеу
1-есеп. 1 000 000 000 көлемінде ссуда 5 жылға, 12 % жылдық ставкамен берілген. Төртінші жыл үшін негізгі төлем шамасын анықтау керек.

Шешімі: ОСПЛТ(ставка; период; кпер; пс; бс) функциясын қолданамыз.

Біздің есебімізде функция түрі: ОСПЛТ(12 %; 4;5;1000000000)

Есептеу терезесі 2.4 суретте көрсетілген:



2.4-сурет – Займ бойынша негізгі төлемдерді есептеу
Мұнда В8 ұяшығына мына формула енгізіледі:

= ОСПЛТ(B5;B6;B4;B3)

2-есеп. 10 %-тік жылдық ставкамен 20 жылға берілген ипотекалық ссуданы есептеу керек. Бастапқы салымы 25 %. Ипотекаға алынатын үйдің құны 350000 болсын

Шешімі:


Займ бойынша төленетін төлемдерді есептеу үшін ПЛТ функциясын қолданамыз:

ПЛТ(ставка; кпер; бс; пс; тип)

Біздің есебіміздегі функция түрі:

ПЛТ(10 %/12; 20*12; -350000*(1-25 %))) – ай сайынғы төлемдер;

ПЛТ(10 %; 20; -(350000*(1-25 %))) – жыл сайынғы төлемдер.

Есептеу терезесі төмендегідей 2.5 сурет және 2.6 суреттерде көрсетілген:



2.5-сурет – Ипотекалық ссуданы есептеу

2.6-сурет – Ипотекалық ссуданы есептегенде қолданылған формулалар
MS Excel бағдарламасында инвестицияларды есептеу.
3.1 Параметрді келтіру құралын пайдалану мысалдары

MS Excel-дің Подбор параметра құралы тəуелді ұяшықта қажетті нəтижені алу үшін осы ұяшыққа кіретін тəуелсіз ұяшықта қандай мəн болу керектігін анықтауға жол береді.

1-есеп. 5 жылдың ішінде проект бойынша алынатын пайда: 120 000 000, 200 000000, 300 000 000, 250 000 000, 320 000 000 болады деген болжау бар.А.йналым жылдамдығы 12 % болғанда проектіге кететін алғашқы шығын қандай болу керек?

Шешім:


Инвестиция айналымының ішкі жылдамдығы ВСД (значения;предположения) функциясының көмегімен табылады. Берілгендерді енгізу төмендегідей 3.1 суретте көрсетілген терезеде жүргізіледі:

3.1-сурет – Проект бойынша бастапқы шығындарды анықтау терезесі

Алғашында проектіні іске асыру үшін кететін шығын мөлшеріне ойдан кез-келген мəн бере саламыз (тіпті бұл ұяшықты бос қалдырса да болады).

В13ұяшығына =ВСД(B4:B9) формуласын енгіземіз.

Одан кейін Сервис – Подбор параметра командасын орындап, шыққан 3.2 суретте көрсетілген терезеге параметрлерді енгіземіз:



3.2-сурет – Подбор параметра құралының терезесі

Нəтижесінде біздің шарттарды қанағаттандыратын проектіге қажетті

шығындар мөлшері 3.3 суретте көрсетілгендей есептеліп шығады:

3.3-сурет – Бастапқы шығындарды есептеудің нəтижелік терезесі
2-есеп. Сізден танысыңыз 15000 қарыз сұрап, оны төмендегідей тəртіппен қайтарып бермекші: бір жылдан кейін – 3000, екі жылдан кейін – 5000, үш жылдан кейін – 9000. Танысыңыз қарызды қандай проценттік ставкамен алмақшы?

Шешімі:


Бұл есепті шешу үшін ЧПС(ставка; значение1; значение2; ...) функциясын жəне Подбор параметра құралын пайдаланамыз.

Берілгендерді енгізу терезесі 3.4 суретте көрсетілген.



3.4-сурет – Бірыңғай емес капитал салымын табуға арналған жұмыс беті
Алғашында есептеу үшін жылдық проценттік ставкаға кез-келген мəн жазамыз (немесе бұл ұяшықты бос қалдыруға да болады).

В9 ұяшығына =ЧПС(B8;B4:B6) формуласын енгіземіз.

Одан кейін Сервис – Подбор параметра командасын орындап, шыққан 3.5 суретте көрсетілген терезеге параметрлерді енгіземіз:

3.5-сурет – Подбор параметра құралының терезесі
Нəтижесінде біздің беретін қарызымыз қандай проценттік ставкамен

беріліп тұрғандығын анықтаймыз.



3.6-сурет – Бірыңғай емес капитал салымы табылған нəтижелік бет
3.2 Тақырып бойынша тапсырмалар

1-есеп.Сізден танысыңыз 250 000т. ақша сұрап, оны төмендегідей тəртіппен қайтармақшы: бір жылдан кейін – 80 000, екі жылдан кейін – 90 000, үш жылдан кейін – 100 000. Қарызды қандай жылдық проценттік ставкамен алмақшы? ЧПС функциясын қолданыңыз.

2-есеп. Сізден танысыңыз 320 000т. ақша сұрап, оны төмендегідей тəртіппен қайтармақшы: бір жылдан кейін – 80 000, келесі үш жылда – 100 000-нан, 5-ші жылы – 110 000. Қарызды қандай жылдық проценттік ставкамен алмақшы? ЧПС функциясын қолданыңыз.

3-есеп. 6 жылға шығарылған облигацияда процентті есептеу тəртібі мынандай: бірінші жылы – 10 %, келесі екі жылда – 15%, қалған үш жылда –17 %. Оның болашақ құны 1546,88 болатынын білсек, облигацияның номиналы қаншаға тең? БЗРАСПИС функциясын қолданыңыз.

4-есеп. Мөлшері 1500 инвестицияның болашақ құны 4 жылдан кейін 3000 болады. Оның табысы мынандай: бірінші жылы – 15 %, екінші жылы – 17 %, төртінші жылы – 23 %. Үшінші жылғы инвестиция табысын табу керек. БЗРАСПИС функциясын қолданыңыз.

5-есеп. Проект бойынша табыс 4 жыл ішінде мынандай: 50000, 100000,300000, 200000. айналым жылдамдығы 10 % болу үшін бастапқы шығын қанша болу керек? ВСД функциясын қолданыңыз.

6-есеп. Табыс нормасы 9 % болу үшін төмендегі табыстардың бастапқы шығыны қанша болу керек: 2, 5, 6, 8, 10 млн. ВСД функциясын қолданыңыз.

7-есеп. Салымның жылдық ставкасы 15 %, сатып алынған күні – 10.09.2003, курс – 90 болса жəне жарты жылда бір төленсе купондық ставканың мөлшерін қандай? Облигацияның борышы өтеліп бітетін кез – 16.09.2008, курсы – 100.ДОХОД функциясын қолданыңыз.


4 Қою кестесі (таблица подстановки)

4.1 Бір айнымалысы бар қою кестесін қолдану

Займ бойынша ай сайын төленетін төлемдерді есептеу мысалын қарастырайық.

Айнымалы - әріп түрінде немесе әріптер тобы түрінде программаға енгізілетін және уақыт, ұзындық, баға, түс және т.б. әр түрлі мәндерді қабылдайтын программадагы сандық шама; белгілі бір мәліметтер типін сақтай алатын және программаны атқару барысында мәнін өзгертуге болатын атауы белгілі объект.
Есептеуде ПЛТ функциясы қолданылады.

Шешуі:


а) Қолданушыға түсінікті болатындай берілгендері жазылған есептеу бетін 4.1 суреттегідей құрамыз:

4.1-сурет – Берілгендер кестесі


Мұнда В5 ұяшығындағы мəндер төмендегі формуламен есептелінеді:

=ПЛТ($B$4/12;$B$3*12;$B$2)

Бұл формулада абсолютті адрестеуді қолданған дұрыс.

ə) Түрлі проценттік ставкада ай сайынғы төлемдер қалай өзгеретінін анықтау үшін сол мəндер орналасатын диапазондарды 4.2 суреттегідей дайындаймыз;

б) Берілген мəндер мен шығатын нəтижелер орналасатын диапазондарды ерекшелеп, Данные – Таблица подстановки командасын орындаймыз, нәтіжесі 4.3 суретте көрсетілген;

в) Шыққан Таблица подстановки 4.4 суретте көрсетілген терезесіне дайындаған мəндердің формулада қай ұяшық орнына қойылатыны көрсетеміз. Біздің мысалымызда ол В4;

г) Нəтижесінде ай сайынғы төлемдер түрлі проценттік ставкаға сəйкес 4.5 суреттегідей есептелініп шығады.

4.2-сурет – Мəндер кестесін дайындау

4.3-сурет – Қою кестесін ерекшелеу



4.4-сурет – Таблица подстановки терезесі

4.5-сурет – Бір өлшемді нəтижелік қою кестесі


4.2 Екі айнымалысы бар қою кестесін қолдану

Борышты өтеудің түрлі мерзімдері жəне түрлі проценттік ставкаға байланысты займ бойынша ай сайынғы төлемдерді есептеуді қарастырайық.

Шешімі:

а) Қолданушыға түсінікті болатындай берілгендер жазылған жұмыс бетін 4.6 суреттегідей дайындаймыз:



4.6-сурет – Берілгендер кестесі


Мұнда В5 ұяшығына =ПЛТ($B$4/12;$B$3*12;$B$2) формуласын жазамыз.

ə) Түрлі проценттік ставка жəне мерзімдер үшін ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін мəндер кестесін 4.7 суреттегідей дайындаймыз:


4.7-сурет – Мəндер кестесі

б) Екі айнымалының мəндерін қолданып есептеулер жүргізілетін диапазонды ерекшелеп, Данные – Таблица подстановки командасын орындаймыз. Шыққан 4.8 суретте көрсетілген терезеге параметрлерді енгіземіз:

4.8-сурет – Таблица подстановки терезесі
в) Нəтижесінде ай сайынғы төлемдер түрлі проценттік ставкаға жəне мерзімге сəйкес 4.9 суреттегідей есептелініп шығады:

4.9-сурет – Екі өлшемді нəтижелік қою кестесі
Тақырып бойынша тапсырмалар

1-есеп. Əр түрлі мерзімдер мен проценттік ставкалар үшін мөлшері 400 млн займ төлемдеріне қою кестесін құрыңыз. ПЛТ функциясын қолданыңыз;

2-есеп. Жылдың аяғында проект бойынша капитал салымдары 150 млн., ал 4 жылдың ішінде түсетін пайда 45, 48, 56, 60 млн деп болжанады. Проектінің таза ағымдық құнын түрлі дисконттау нормалары мен капитал салымдарының мəндеріне байланысты қою кестелерінде есептеу керек.

Дисконттау - түрлі жылдардың экономикалық көрсеткіштерін уақыт кезеңі бойынша салғастырылатын түрге келтіру; дисконттау коэффициентін (дисконтты, дисконттаушы көбейткішті) - болашақтағы құнның мәні қазіргі уакытқа келтірілетін пайыздық мөлшерлемені пайдалану жолымен шығын сомасының немесе ақырғы нәтижелердің бастапқы сомасын анықтау әдісі.
ЧПС функциясын қолданыңыз.

3-есеп. Облигациялар 89 курспен, 9.09.2001 сатып алынған жəне купондық пайда (ставка) 10%, төлем периоды жырты жылда бір рет. Облигация борышы өтелетін күн 15.09.2005, курсы – 100 деп болжанады. Қою кестесінде облигация бағасы мен купонның жылдық ставкаға тигізетін əсерін көрсету керек. Уақытша есептеу базисы – 1. ДОХОД функциясын қолданыңыз.

4-есеп. Номиналы 1000 облигация, купондық ставкасы 8 %, төлем периоды – жылына 4 рет, шығарылған күні - 1.09.2003, сатып алынған күні – 5.10.2003, купонның бірінші рет төленген күні – 12.12.2003, есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен жиілік пен купондық ставканың жинақталған табыстың мөлшеріне əсерін көрсетіңіз. НАКОПДОХОД функциясын қолданыңыз.

5-есеп. 200000 бағаға купонсыз облигация (инвестиция) 06.09.2002 сатып алынған. Борыш өтелетін күн – 12.09.2005, бағасы – 250000. Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен қосымша пайданың жылдық ставкасының өзгеруі инвестиция мөлшері мен борышты өтеу бағасына қалай байланысты екенін көрсетіңіз. ИНОРМА функциясын қолданыңыз.

6-есеп. Вексельдің берілген күні – 6.09.2002, сомасы (инвестиция) – 250000, 8 % ставкамен төленген күні – 12.09.2004 , Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен вексель бойынша алынатын соманың шамасының өзгеруі инвестиция мөлшері мен жеңілдікке байланысты қалай жүретінін көрсетіңіз. ПОЛУЧЕНО функциясын қолданыңыз.

7-есеп. Облигация алынған күні – 11.08.2001, борышты өтеу күні – 25.11.2003, купондық пайда – 10 %, проценттер төлемі жарты жылда бір рет, пайданың жылдық ставкасы – 12 %. Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен құнды қағаздың ұзақтығының өзгерісі пайданың жəне купонның мөлшеріне байланысты қалай жүретінін көрсетіңіз. ДЛИТ функциясын қолданыңыз.

8-есеп. 350000 бағаға купонсыз облигация (инвестиция) 12.09.2004 сатып алынған. Борыш өтелетін күн – 12.09.2008, бағасы – 450000. Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен қосымша пайданың жылдық ставкасының өзгеруі инвестиция мөлшері мен борышты өтеу бағасына қалай байланысты екенін көрсетіңіз. ИНОРМА функциясын қолданыңыз.

9-есеп. Вексельдің берілген күні – 14.02.2005, сомасы (инвестиция) – 150000, 8 % ставкамен төленген күні – 12.03.2007 , Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен вексель бойынша алынатын соманың шамасының өзгеруі инвестиция мөлшері мен жеңілдікке байланысты қалай жүретінін көрсетіңіз. ПОЛУЧЕНО функциясын қолданыңыз.

10-есеп. Облигация алынған күні – 18.06.2000, борышты өтеу күні – 25.11.2007, купондық пайда – 10 %, проценттер төлемі жарты жылда бір рет, пайданың жылдық ставкасы – 12 %. Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен құнды қағаздың ұзақтығының өзгерісі пайданың жəне купонның мөлшеріне байланысты қалай жүретінін көрсетіңіз. ДЛИТ функциясын қолданыңыз.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

  • Функция шебері
  • Функцияның аргументтерін Функция шеберін пайдаланып енгізу.
  • Функциялардың негізгі категориялары.
  • MS Excel бағдарламасындағы қаржылық функцияларын қолдана отырып экономикалық есептерді шешу.
  • 2.1-сурет – Функция шебері терезесінен финанстық функцияны таңдау
  • 2.2-сурет – Функция аргументі терезесі
  • Операция Анықтамасы Синтаксисі Формуласы
  • Бастапқы құн Тұрақты төленетін периодтық төлем- ақы негізінде құра-латын салымның бастапқы құны ПС (ставка
  • Периодардың жалпы саны
  • СТАВКА (кпер ;плт ;пс
  • Операциялар Анықтама Синтаксис
  • ПРПЛТ
  • ОСПЛТ

  • жүктеу 1.92 Mb.