Главная страница
Контакты

    Басты бет


Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі гуманитарлық ЖӘне жаратылыстану пәндері кафедрасы

жүктеу 1.92 Mb.



жүктеу 1.92 Mb.
бет12/14
Дата10.03.2017
өлшемі1.92 Mb.

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі гуманитарлық ЖӘне жаратылыстану пәндері кафедрасы


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Жеке және заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ алу


Электрондық цифрлық қолтаңбаны екі жолмен алуға болады (қалауыңызша):

1. ЭЦҚ-ны жаңа үлгідегі жеке куәліктің чипіне жазу арқылы. Бұл үшін  жақын маңында орналасқан ХҚКО барып, жеке куәлікті көрсету керек. Жеке куәлікке жазылған ЭЦҚ-мен тек арнаулы карт-ридер болған кезде ғана жұмыс жасауға болады.

2. ЭЦҚ алуға онлайн-өтінімді беріп, оны компьютерде сақтау арқылы. Бұл жағдайда да берілген өтінімді растау үшін ХҚКО бару қажет. Онлайн-өтінімді беру рәсімі төменде көрсетілген үш кезеңнен тұрады (1-қадам - Нұсқаулықты оқу және БҚ орнату, 2-қадам - онлайн-өтінімді беру, 3-қадам - онлайн-өтінімді растау және ЭЦҚ алу).

Нұсқаулықпен танысу және бағдарламалық жасақтама орнату

Тіркеу куәлігін алу үшін Сізге on-line режимінде өтініш беру қажет.

Бағдарламалық өнім (ағыл. Software; soft - жұмсақ және ware - өнім;орыс. Программное обеспечение - бағдарламалық жасақтама,) - компьютердің жұмыс істеуіне арналған компьютер бағдарламалары жиынтығы, яғни бағдарламалық жасақтама.
Сыртқы құрылымына немесе файлдық жүйеге Сіздің жабық кілтіңіз ЭЦҚ құрылатын болады. Өтінішті ойдағыдай бергеннен кейін, тиісті құжаттар пакетін жинап, Сізге ҚР ҰКО Тіркеу Орталығына өтініш білдіру қажет, онда тіркеу куәлігін шығаруға Сіздің өтінішіңіз берілген болатын.

Онлайн-тапсырыс берердің алдында, пайдаланушының нұсқаулығымен танысыңыз:



3.ЭЦҚ алу үшін онлайн-өтінім беру

4.Онлайн-өтінімді растау және ЭЦҚ алу

Онлайн-тапсырыс бергеннен кейін оны Тіркеу орталығында растауыңыз қажет.

Жеке тұлғалар үшін қажетті құжаттар тізімі:


  • Тапсырыстың нөмірімен және өтініш берушінің қолтаңбасымен өтініш (белгіленген үлгіде);

  • Жеке тұлғаны куәландыратын құжатты – (жеке куәлік, ҚР төлқұжаты, ықтияр хат, уақытша жеке куәлік);

  • Үшінші тұлғамен алушының мүдделерін ұсыну кезінде - белгіленген үлгіде нотариалды куәландырылған алушының (жеке тұлғаның) өкіліне сенімхатты беруіңіз қажет.

Заңды тұлғалар үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • Тапсырыстың нөмірімен және өтініш берушінің қолтаңбасымен өтініші (белгіленген үлгіде);

  • Жеке тұлғаны куәландыратын құжатты – (жеке куәлік, ҚР төлқұжаты, ықтияр хат, уақытша жеке куәлік);

  • Бизнес-сәйкестендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің тұпұсқасы/нотариалды куәландырылған көшірмесін беруіңіз қажет;
    Мемлекеттік тіркеу - тіркеуші органның заңи тұлғалардың немесе шетелдік кәсіпорындардың құрылу фактісін, меншік құқықтары мен басқа да құқықтарды, шарттарды, т. б. есепке алу рәсімі. Қазақстанда меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу құқығы, жедел басқару құқығы, жерді жылдан астам мерзімге пайдалану құқығы, кепілзаттар, ипотекалар, ренталар, жылжымайтын мүлікке құқықтар міндетті түрде тіркеуден өткізіледі. Тіркеу тәртібі, рәсімі, ақысы әрбір жағдайда заңдармен белгіленеді.


  • Заңды тұлғадан өтініш берушіге – тіркеу куәлігінің иесіне (белгіленген үлгіде) сенімхат. Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға үшін сенімхаттың орнына жұмыс орнынан анықтама немесе заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған бірінші басшының қызметіне немесе оның міндетін атқарушы тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың (шешімнің, хаттаманың) көшірмесі ұсынылады.

Ескерту
1 айдың ішінде құжаттарды бермеген жағдайда тапсырыс жойылатын болады.

Тіркеу орталығының операторы тапсырысты табысты түрде растағаннан кейін, сіздің жеке электронды поштаңызға https://web.pki.kz/cl сілтемесімен хат келеді. Сілтеме арқылы өтіп, онлайн-тапсырысты берген кезде белгілеген сертификаттарыңыздың сақталған орнын көрсетуіңіз қажет.

Сертификаттарды табысты түрде сақтағаннан кейін, оларды бірден электрондық үкімет порталындағы жұмыстар үшін пайдалануыңызға болады.

Егер қандай да бір техникалық себептермен тіркеудің расталғаны жайлы хат алмасаңыз, онда жіберілген тапсырыстың мәртебесін https://web.pki.kz/order/order_status.xhtml сілтемесі бойынша өздігіңізден тексере аласыз.


АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТМекенжай анықтамасын алу

Қызметті онлайн режимінде пайдалану



  1. Порталда авторлану және  "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.

  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.

*Порталында мекенжай анықтамасын тек жеке тұлғалар ғана ала алады. Онлайн-қызмет  2007 жылдың 13 тамызынан ерте емес кезеңде  жазылған баланың тууы туралы жазба кесімі бар азаматтар үшін қолжетімді

Қызметті ХҚКО-да алу (қажетті құжаттар)



  1. Жеке тұлғалар - тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат.

  2. Заңды тұлғалар - сенімхат немесе алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын басқа да құжат, сондай-ақ оларға қатысты мекенжай анықтамаларына сұрау салынған жеке тұлғалардың тізімі.

  3. Туысқандарына мекенжай анықтамаларын алу үшін:

    • туысқандық байланысын растайтын (неке туралы куәлік, туу туралы куәлік) құжаттың түпнұсқасы;

    • осы тұлғаға қатысты мекенжай анықтамасын алушыға беру үшін алушының жақын туысқандарын (ата-аналары, балалары, жұбайлары) қоспағанда, жеке заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімі.

Ескерту. Кейбір жағдайларда мекенжай анықтамасында қате немесе толық емес ақпарат берілуі мүмкін – мекенжайдың қате берілуі немесе тіркеуге тұрған күн көрсетілмейді. Бұл жағдайда мекенжай мәліметтерін түзету үшін өтінім беруші ХҚКО-ға барып, өтініш толтыруы қажет. Қажетті құжаттар: жеке басын куәландыратын құжат, азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабының) түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Мекенжай анықтамасындағы мәліметтер толық болмаған жағдайда (мысал ретінде – тіркеуге тұрған күн көрсетілмеген) мемлекеттік мәліметтер базасына нақтылық енгізу үшін ХҚКО-ның көші-қон қызметіне жүгіну қажет.

Қызмет көрсету нәтижесі

Әділет және ішкі істер органдарының уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәйекті жауап.

Нотариат - даусыз азаматтық құқықтар мен заңдық нысандарды куәландыру жолымен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін заң жүзінде бекітуге бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді орындайтын, заңдық тұрғыда бекітілген органдар жүйесі.
Автограф, қолтаңба (гр. autos - өзім және grapho - жазамын) - адамның өз қолымен жазған сөзі немесе қойылған қолы, мысалы, жазушының оқырманға берген қолтаңбасы; автордың өзі жазған қолтаңбасының мәтіні.


 
Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама

Қызметті онлайн алу



  1. Порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.

  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.

Қызметті ХҚКО-да алу  

  1. Келесі мәліметтер көрсетілген өтініш.

  1. Жеке басын куәландыратын құжат.

  2. Өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (қажеттілігі болғанда).

Қызмет көрсету нәтижесі

Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама немесе одан бас тарту туралы дәйекті жауап


Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу

Начало формы



Конец формы
Қызметті онлайн алу

  1. Авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту

  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.

Қызметті ХҚКО алу (қажетті құжаттар)

  1. Өтініш.

  2. Жеке басын куәландыратын құжат (16 жасқа толмаған балалар үшін туу туралы куәлік).

  3. Нотариаттық куәландырылған сенімхат – үшінші адам қызметті алушының атынан әрекет еткен кезде.

  4. Өсиетнамада көрсетілген тұлғалар үшін - өсиетнама.

  5. Нотариустар және шетелдік консулдық мекемелер үшін мұрагерлік іс, куәлік көшірмелері.

  6. Соттар үшін  - олардың өндірісінде болатын анықтамалар.



7.4 «CABINET.SALYK.KZ» САЛЫҚШЫНЫҢ КАБИНЕТІ: ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫН ТАПСЫРУ


http://cabinet.salyk.kz/sonoweb-htdocs/img/open_part/forms.gif

Салық төлеуші кабинеті қолданушыға кез келген қолайлы жерден интернет желісі арқылы салық есептілігі нысындарымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Нысандар жылдам әрі дұрыс толтыру үшін толық анықтама және тексеру жүйесімен қамтылған.

Нысаны бірден дербес сандық сертификат арқылы таңбалап Мемлекеттік кірістер органына жіберуге болады, сонан соң салық төлеушінің СЕН қабылданғаны жөнінде хабарлама, сондай-ақ жіберілген нысандардың ағымдағы күйі жайлы ақпарат алып отыруға болады. Қолданушы ертерек дайындаған салық есептілігі нысандарымен таныса алады.

http://cabinet.salyk.kz/sonoweb-htdocs/img/open_part/glasses.gif

http://cabinet.salyk.kz/sonoweb-htdocs/img/open_part/keyboard.gif

Салық төлеуші кабинеті келесі ақпараттық сервистер береді: салық төлеушінің бет есебін көру және бет есептен үзінді алу, салықтық берешегі жөнінде хабарлама алу және өзінің тіркеу мәліметтерін алу, сондай ақ басқа да пайдалы ақпарат алу.

Мәліметтер қорғалған байланыс каналы арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органының куәландыру орталығы (МКО КО) берілген сандық сертификатты қолдану жолымен жіберіледі (КМЖЖ криптографиялық кілті).

http://cabinet.salyk.kz/sonoweb-htdocs/img/open_part/boxes.gif

5 .ПӘНДІ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


    1. "Информатика" пәні бойынша студенттің аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарын ұйымдастыру.


"Информатика"пәнін оқыту мақсаты – ХХІ ғасырдың басы адамзаттың индустриялық дәуірден информациялық дәуіріне өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) үлкен рөл атқарады. Ағымдық тапсырмаларды орындау, есептердің шешімін іздеу, проблемалық жағдайларды сараптау, жеке және топтық жобаларды жүргізу, реферат, баяндама презентацияларын дайындау және т.б үздіксіз аудиториялық немесе аудиториядан тыс жұмыс - студенттің өзіндік жұмысы болып табылады. Қазақстан Республикасының қазіргі Мемлекеттік Стандаттарында 70 % -аудиториялық жұмысқа бөлінсе, ал 30 % - студенттің аудиториядан тыс өзіндік жұмысына бөлінеді. Пән бойынша өзіндік жұмыс (СӨЖ), оқу-зерттеу жұмысы (СОЗЖ), ғылыми-зерттеу жұмыс (СҒЗЖ). СӨЖ барлық тақырыптар бойынша оқу жоспары көлемінде орындалады, пәнді оқудың міндетті белгісі болып табылады. СОЗЖ жеке тақырыптар бойынша ұйымдастырылады, сол тақырып бойынша студент шығармашылық ізденіс жүргізеді, қажетті мәліметтер іздейді, әртүрлі нұсқаларды қарастырады.

Эссе, тақырып бойынша әдеби шолу жасау, баяндама, реферат жазу, проблеманы жазбаша сараптау, тақырып бойынша библиография құрастыру, презентациялар дайындау және т.б. тапсырмаларды студент "Информатика" пәні бойынша СӨЖ ретінде орындай алады. СӨЖ-дің нәтижесі дұрыс жоспарлаумен анықталады. Сол үшін, оқу жылы басында студенттерге тапсырмаларды беріп, семестр барысында ағымдық және қорытынды бақылау болатын ескерту қажет. Семестрлік тапсырманың көлемін алдын ала хабарлау қажет, оны Syllabus (жұмыс бағдарламасы) көмегімен іске асыруға болады.

СӨЖ ұйымдастыру барысында өзіндік жұмысты жоспарлау үшін жеткілікті мөлшер болатын апталық сағат көлемін анықтау маңызды болып табылыды. "МИРАС" университетінде СӨЖ-ді жоспарлау апталық жүктеме жұмыс бағдарламасымен Syllabus (жұмыс бағдарламасы) ескеріледі.
1.2. Білімдерді бақылауға арналған материалдар

Пән бойынша лекциялық материалды меңгергеннен кейін студент СӨЖ тақырыбын оқиды, яғни лекция материалын өз бетінше оқу және ізденудің логикалық жалғасы болып табылады.

Аудиториялық сабақта СӨЖОБ барлық СӨЖ тақырыптары бойынша бақылау жүргізіледі, сол кезде студент орындаған жазбаша жұмыстиы өткізуге міндетті.

СӨЖ тақырыбын қорғау әңгімелесу, қарастырылған проблема бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындау түрінде өткізіледі, яғни студент тақырып бойынша меңгерген білімді көрсету қажет.

Әңгімелесу- пікір алысу, сұхбаттасу, әлеуметтік ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі. Педагогикадағы әңгімелесу - оқушылардың ойы мен тілін дамыту үшін қолданылатын оқыту әдісінің бір түрі.


1.3. Семинарлық сабақтар, ОБСӨЖ және СӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Пән бойынша лекциялық материалды меңгергеннен кейін студент СӨЖ тақырыбын оқиды, яғни лекция материалын өз бетінше оқу және ізденудің логикалық жалғасы болып табылады.

Аудиториялық сабақта СӨЖОБ барлық СӨЖ тақырыптары бойынша бақылау жүргізіледі, сол кезде студент орындаған жазбаша жұмысты өткізуге міндетті.

СӨЖ тақырыбын қорғау әңгімелесу, қарастырылған проблема бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындау түрінде өткізіледі, яғни студент тақырып бойынша меңгерген білімді көрсету қажет.

Кредиттік технологиямен жұмыс жүргізетін жоғарғы оқу орындарында 1-2 курс студенттері үшін СӨЖОБ - оқытушының бақылауымен студенттің өзіндік жұмысы жоспарланған. Көмек сұрамайтын жағдайлар, сонымен қатар өзінің оқу үлгерімінің төмен болу себептерін білмейдін студенттер кездеседі. Тек оқытушы мен студент арасындағы тығыз байланыс, шын мәнінде, өзіндік жұмысты жүргізу жағдайды толық көрсете алады және бірлесіп оқу барысындағы кемшіліктерді жоюға жағдай жасайды. " Информатика" пәні бойынша СӨЖОБ (оқытушының бақылауымен стүденттің өзіндік жұмысы) лабораториялық және практикалық сабақтар түрінде өткізіледі.

" Информатика" пәні бойынша СӨЖОБ (практикалық сабағы) ерекшелігі:

- Лекциялық материалды меңгеріп және студент өзіндік жұмысты орындағаннан кейін өткізіледі;

- Бақылау-кеңес беру түрдегі аудиториялық сабақ ретінде өткізіледі;

- Студент тақырып бойынша қайта түсіндірілген күрделі мәселені тыңдай алады, материалды бекіту үшін тапсырмаларды орындайды;

- Осы сабақта студент бағдарлама бойынша көрсетілген бақылау тақырыптарын өткізеді (СӨЖ, глоссарий, тест және т.б.

Глосарий - белгілі бір шығармада кездесетін, сирек қолданылатын сөздердің түсіндірме сөздігі. .
);

- Өте жақсы баға алу үшін жетпей тұрған балды жинау мүмкіндігі;

- Оқу жұмыс бағдарламасында жоспарланған студенттің өзіндік жұмысы бойынша педагогикалық көмек көрсетуге арналған;

Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.

- Бағдарлама материалын меңгеруге қажетті жұмыс әдісін таңдау үшін студентке көмек көрсетеді;

- Бір тақырыпқа арналады, сол тақырып бойынша студент дайындалу қажет;

- Ғылыми бағыттағы студентті қызықтыратын тақырып бойынша өзіндік жұмысты тереңдетуге жағдай жасайды;

СӨЖОБ өткізу формалары:

- сұрақ - жауап формасы;

- сұрақ бойынша оқытушы мен студент арасында әңгімелесу формасы;

- есептер мен тапсырмаларды орындау;

- шығармашылық тапсырмаларды орындау және т.б.;

БТМ (Hand-outs )

Тәжірибелік және лабораториялық жұмыстарды

жүргізуге арналған материалдар
тәжірибелік жұмыс. Компьютерлік желілер
1-жаттығу

1. Интернет желісі «Хабар» телеарнасының мәліметтерімен танысу.

- Компьютерді желіге қосу;

- Internet Explorer программасын іске қосу;

Internet Explorer (қысқаша ІЕ не MSIE) - Microsoft компаниясы 1995 ж. бастап Microsoft Windows амалдық жүйесі құрамдас бөлігі ретінде жасаған графиктік ғаламтор шолғыш өнімі. Бұл бағдарлама 1999 ж. бастап дүние жүзі бойынша қолданымы ең көлемді бағдарлама болып, 2002-2003 жж.

- Программаның Адрес өрісіне телеарнаның Интернет желісіндегі адресін http://www.khabar.kz енгізу;

- Елімізде болып жатқан соңғы жаңалықтармен, ауа райы мәліметтерімен танысу;

- Теледидар бағдарламасының фильмдер анонсын қарап шығу және оны өз компьютеріне көшіру.

2. Рамблер ақпараттарды іздестіру жүйесімен жұмыс.

- Рамблер жүйесін (http://www.rambler.ru) іске қосу. Нәтижеде экранда жарнамалық мәліметтер мен түрлі салалардың тізімі пайда болады.

- Салалар тізімінен Компьютерлер (Компьютеры) бөлімін таңдау;

- Программалық қамтамасыздандыру (Программное обеспечение) және Программалау (Программирование) бөлімдерін қарап шығу,

- Қажетті мәліметтерді компьютерге сақтау;

- Кері қайту (Назад) батырмасы арқылы Рамблер жүйесінің бастапқы бетіне өту;

- Ғылым (Наука) бөлімін таңдау және сәйкес web-беттерді экранда парақтап қарап шығу;

- Қажетті мәліметтерді компьютерге сақтау;

- Компьютерге және ғылымға қатысты мәліметтерді Іздеу (Поиск) өрісі бойынша іздестіру.

3. Электрондық почтамен жұмыс.

- www.ukgu.kz сайтын Internet Explorer қосылғаннан кейін шыққан адрес қатарына теріп, пернесін басыңыз;

- Сайт мәзіріндегі почта қызметін таңдап, тышқанның сол жақ түймесін шертіңіз;

- Егер www.ukgu.kz сайтында сіздің (мысалы, name@ukgu.kz) электронды почтаңыз бар болса, онда оны e-mail адрес: қатарына теріп, Пароль: қатарына пароліңізді енгізіп «Войти» түймесін шертіңіз. Егер жоқ болса, онда «Создать учетную запись» түймесін шертіңіз;

- Ашылған бетке қажетті мәліметтерді енгізіп, «Закончить» түймесін шертіңіз;

- Сізге электронды почта ашылып, жұмыс істеуіңізге мүмкіндік беретін жұмыс үстелі пайда болады.

4. Электрондық хатты құру және жіберу.

- Кірістірілгендер шартбелгісінде екі рет шертіңіз;



- Жаңа хабар батырмасын шертіңіз;

- Кімге мәтіндік өрісіне қажетті адресіңізді енгізіңіз;

- Тақырып өрісіне «хат» деп енгізіңіз;

- Төмендегідей хабарлама мәтінін енгізіңіз: «электрондық почтаның жұмысын тексеру»;

- Жөнелту батырмасын шертіңіз – шығатын хабар Шығарылғандар бумасына орналасады.

5. Файлдарды электрондық почтамен жіберу.

- Кірістірілгендер шартбелгісін екі рет шертіңіз;

- Іске қосу-Программалар-Стандарттар-Word мәтіндік редакторы командаларын таңдаңыз;

- «Файлдың жіберілуін тексеру» мәтінін енгізіңіз;

- Сақтау батырмасын шерту арқылы файлды сақтаңыз;

- Мәзір қатарында Файл-Жөнелту қатарын таңдаңыз. Сонда Жаңа хабар терезесі ашылады;



- Кімге өрісінде қажетті электрондық почтаның адресін енгізіңіз;

- Тақырып өрісінде: «Файл» мәтінін енгізіңіз;

- Хабарды жөнелту үшін Жөнелту батырмасын шертіңіз.
9.2. тәжірибелік жұмыс. кілттік сөздер бойынша ақпарат іздеу
1-жаттығу

1. Запустите программу Internet Explorer (Пуск->Программы->Internet Explorer).

2. На панели Адрес введите: http://www.rambler.com

3. Внимательно рассмотрите загруженную страницу, найдите поле Поиск для ввода ключевых слов и кнопку запуска поиска Найти!.



image__2

4. В поле для ввода ключевых слов введите ключевые слова по интересующей Вас теме (например, философия и психология).

Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.

5. Щелкните на кнопке Найти!.

6. Просмотрите результаты поиска.

7. Щелкните на гиперссылке с номером 1.

8. Просмотрите загруженную страницу.

9. Щелкните на кнопке Назад на панели инструментов.

10. Повторяя действия пп. 7-9, просмотрите всю первую группу из десяти ссылок на найденные страницы. Сколько из этих страниц все еще существуют? Сколько из них можно считать полезными?

11. Щелкните на кнопке Поиск на панели инструментов.

12. Введите набор ключевых слов из п. 4 в поле панели Поиск.

13. Щелкните на кнопке начала поиска.

14. Сравните результаты поиска.

15. На панель Адрес введите слово find и набор ключевых слов из п.4. Щелкните на кнопке Переход.

16. Объясните, что произошло.



9. лабораториялық жұмыс. ақпараттық қауіпсіздік
«Мелекеттік органдардың электрондық құжатайналымының бірегей жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігі » құжатын оқу (құжат түпнұсқасын Интернет желісінен іздеу).
10.1. тәжірибелік жұмыс.MS Word мәтіндік редакторында үрдістерді автоматтандыру Форматтау және документтерді

стильдік безендіру

Қайда демалғыңыз келеді?


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

  • Мекенжай анықтамасын алу
  • Қызмет көрсету нәтижесі
  • Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама
  • 5 .ПӘНДІ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР " Информатика " пәні бойынша студенттің а удиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарын
  • 1.2. Білімдерді бақылауға арналған
  • 1.3. Семинарлық сабақтар, ОБСӨЖ және СӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
  • БТМ (Hand-outs )
  • Рамблер
  • Программалық қамтамасыздандыру
  • Кері қайту ( Назад)
  • Кірістірілгендер
  • Тақырып
  • Шығарылғандар
  • Файл-Жөнелту
  • Жөнелту
  • Найти!
  • Поиск
  • Адрес
  • 10.1. тәжірибелік жұмыс.
  • Қайда демалғыңыз келеді

  • жүктеу 1.92 Mb.