Главная страница
Контакты

    Басты бет


Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі гуманитарлық ЖӘне жаратылыстану пәндері кафедрасы

жүктеу 1.92 Mb.



жүктеу 1.92 Mb.
бет11/14
Дата10.03.2017
өлшемі1.92 Mb.

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі гуманитарлық ЖӘне жаратылыстану пәндері кафедрасы


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

а) Көптік регрессияның сызықты теңдеуінің параметрлерін есептеңіз;

б) Икемділіктің орташа (жалпы) коэффициенттері көмегімен факторлардың нәтижелерімен бірге байланыс күшінің салыстырмалы бағасын беріңіз;

в) t-критерий көмегімен регрессиялық модель параметрлерінің статистикалық мәнділігін; теңдеу мәнділігі туралы нольдік гипотезаны бағалаңыз және F-критерий көмегімен байланыс тығыздығының көрсеткішін тексеріңіз;

г) Аппросимацияның орташа қателігі арқылы теңдеу сапасын бағалаңыз;

д) корреляцияның жұп және жеке коэффициенттер матрицасын есептеңіз және олардың негізінде t-критерий бойынша регрессия коэффициенті үшін модельге ақпараттық факторларды таңдап алыңыз;

е) егер факторлардың болжам мәні олардың максималды мәнінен 80% құраса, нәтиженің болжам мәнін есептеңіз;

ж) 5% немесе 10% (α=0,05; α=0,10) мәнділік деңгейі үшін қателікті және болжамның сенімділік интервалын есептеңіз;

з) Алынған бағаларды бағалаңыз.



6 МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАР КӨМЕГІМЕН АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ

6.1 Мультимедиа-қосымша және оларды жасақтау орталары. Жіктелу және қолдану обылысы.

Мультимедия - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпараттарды кешенді түрде бейнелеуді, мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне, аудио және мультипликациялық түрде шығаруды жүзеге асырады. Мәтін түрлі түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, сұқбаттық түрде жұмыс істейтін компьютерлік жүйе. Заман талабына сәйкес компьютердің өмірлік практикада пайдалануы және ондағы программалардың қажеттігі бүгінгі күннің әлеуметтік-экономикалық өзгерістерін көрсетіп отыр. Қазіргі кезде ең көп сұранысқа ие болатын компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдалану.

Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды - жүзеге асырады.
Информатика сабағында оқытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне “дыбыс беру”, олармен диалог жүргізу қабілеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.

Мультимедиялық оқыту құралдары: Мультимедиялық оқыту бағдарламалары, Компьютер, Интерактивті тақта, Мультимедиялық проектор, Видео және аудиомагнитофон, ғаламторға шығу мүмкіндігі, электрондық оқыту бағдарламалары.

Мультимедиялық презентация мыналарды қамтиды: компьютерлік анимациялар, иллюстрациялық қатар, дыбыстық қатар, видеофрагменттер

гипермәтін мен гиперсілтемелер, Әр-түрлі фигурадағы мәтін енгізу, Суреттер енгізу, Дыбыстар кірістіру, Диаграммалар, кестелер кірістіру, Видеолар кірістіру, Анимациялар құру, Қазіргі кездегі компьютерлерде тек жазып, оқып, сурет салып қана қоймай, суреттер, әр түрлі фигурадағы мәтіндер кірістіруге, анимациялар құруға бейнефильмдерді көруге және компакт дискіден музыкалық шығармалар тыңдауға болады. Компьютерлер осы үшін компакт дискілерді оқитын қосымша құрылғылармен, микрофонмен және колонкалармен жабдықталған.Бұл қосымша құрылғылардың көмегімен: Құжаттарға дыбыс қосуға (өздерің жасаған құжатпен немесекестемен жұмыс істейтіндер үшін нұсқау жазуға);2. Компьютерде музыкалық компакт дискілерді ойнатуға;3. Windows-тағы әр-түрлі оқиғаларға сәйкес дыбыстар тағайындауға;4. Әр түрлі пәндер бойынша мультимедиалық сабақтарды көріп оқуға;5. Нақтылы дыбысы, бейнекөрінісі және анимациясы бармультимедиалық ойындар ойнауға болады.
6.3 БЕЙНЕ ФАЙЛДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ.

SONY VEGAS PRO, PINNACLE STUDIO, MOVAVI VIDEO EDITOR-ДА БЕЙНЕФИЛЬМДЕР ҚҰРАСТЫРУ. БЕЙНЕ ФОРМАТТАРДЫ ҚОЛДАНУ ҚҰРАЛЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮРЛЕНДІРУ
Windows Movie Maker – дыбыс (аудио) және бейне (видео) материалдары арқылы фильм құруға арналған бағдарлама.

Windows Movie Maker бағдарламасында бейнекамераның, веб-камераның немесе басқа да бейне құрылғылардың көмегімен компьютерде аудио және бейне жазбалары арқылы фильм құруға болады.

Жазба, математикада - қисық сызықтың жазбасы - ұзындығы берілген қисық сызықтың ұзындығына тең болатын түзу кесіндісі. Мұндай кесіндіні іздеу қисық сызықты түзулеу деп аталады. Қисық сызықтың жазбасы деп кейде оның эвольвентасы түсініледі.

Өзімізге қажетті фильм құру үшін дайын суреттерді, аудио және бейне материалдарды импорттау арқылы қолдануға болады. Қажетті аудио және бейне материалдарын таңдап алғаннан кейін белгілі бір тақырыпқа негізделген, бейнеауысым және эффектілерді қолданып дайын фильм құра аламыз.

Құрылған фильмді компьютерге немесе басқа да тасымалдау құрылғыларына сақтап, басқа қолданушыларға көрсетуге, электронды поштамен жіберуге және де Интернетке қосуға, егер компьютерде сандық бейнекамера қосылған болса, онда фильмді таспаға жазу арқылы оны телевизорда немесе сандық бейнекамерадан көруге болады.

Windows Movie Maker интерфейсінде «жинақ», «жоба», «фильм», «кадр», «клип», «монтаж» т.б. терминдерді кездестіреміз.

Жинақ. Windows Movie Maker бағдарламасының жинағы импортталған немесе жазылған аудиоклиптер, бейнеклиптер немесе кескіндерден (изображения) тұрады. Жинақ Windows Movie Maker бағдарламасының «Жинақ (Сборники)» панелінде орналасқан.

Windows Movie Maker - видео құру және оны өңдеуге арналған бағдарлама. Microsoft Windows операциялық жүйесінің құрамына кіреді. Windows XP, Windows XP Media Center Edition және Windows Vista операциялық жүйелерінде жаңартылған нұсқасы енгізілген.



SONY VEGAS PRO

PINNACLE STUDIO

MOVAVI VIDEO EDITOR

Sony Vegas Pro – бейне файлдарды құруға және өңдеуге арналған кәсіби бағдарлама. Ыңғайлы интерфейс, әмбебаптылық және көптеген кәсіби мүмкіндіктер бағдарламаға танымалдылықты алып келді. Бағдарламаны құрушы әйгілі цифрлы бейненің көшбасшысы болып табылатын Sony компаниясы болып табылады.

Көпфункциялы бағдарламалық өнім болып табылады. Ол қарапайым қолданушы деңгейінде видео түсуруге және монтаждауға мүмкіндік береді.

Бағдарламада қолданушы видеоны тек редакторлеп ғана қоймай, түрлі эффектілер қосуға мүмкіндік береді.



Қарапайым қолданушыға арналған көп функциялы редактор. Өңдеу барысында бейнефайлдарды аудио және бейнефайлға жіктеп, тәуелсіз өңдеуге мүмкіндік береді.



«БЕЙНЕРОЛИКТІ МОНТАЖДАУ»

  1. Windows Movie Maker бағдарламасын іске қосыңыз.

  2. Бейнені импорттаңыз: \Фильм\Илья Муромец

  3. Каскадровка бөліміне клипті сүйретіп алып келіңіз және оны 2 логикалық аяқталған бөлімге бөліңіз. Ол үшін ағымдағы клипті белгілеп, клип ойнатқышында (проигрыватель) бағыттауышпен (стрелка) белгіленген жүгіртпені(бегунок) жылжытыңыз, немесе жоғарғы мәзірден Клип-Разделить командасын қолданыңыз.




  1. Клиптен клипке өтудің эффектілерін қосыңыз: Сервис - Видеопереходы.

  2. Жанама мәзір арқылы (тышқанның оң жағын басу) бірінгі клипке Появление эффектісін, ад соңғы клипке – Исчезновение эффектісін орнатыңыз. Енді клиптердің өзіне эффект қойыңыз. Ол үшін сізді қызықтыратын клипке тышқанның оң жағын басып, Видеоэффекты пунктісін таңдап, пайда болған терезеде қажетті эффектіні таңдап, Добавить батырмасына (кнопка) басыңыз.

  3. Келесі эффектілерді орнатыңыз:




  • Клякса,

  • замедление в 2 раза,

  • исчезание в белый фон,

  • оттенок сепия,

  • эффект фильма под старину,

  • точечное.




  1. Фильма соңына тақырыптар (титры) қойыңыздар.

  2. Соңғы 3 кадрға импортталған муызканы қойыңыз.

  3. Ол үшін Фильм\Музыка папкасынан музыкалық тректі импорттаңыз. Раскадровка өлшемін өзгертіңіз(« » белгішесіне бірнеше рет шерту арқылы). Тректі соңынан санағанда 3-кадр алдына апарып қойыңыз, және тректің керек жоқ жерін мультфильм соңымен дәл келетіндей алып тастаңыз. Суреттегі пунктирлі бағыттауыш та көрсетілген Уровень звука белгішесіне шертіңі, жүгіртпені Звук немесе музыка күйіне апарыңыз.
    Бағыттауыш (орыс. Навигатор; ағылш. browser) - гипермедиалық Құжаттар ортасындағы бағыттау құралдары.
    Дыбыстық тректің бос бөлігін белгілеп алып, жүгіртпені шкаланың ортаңғы бөлігіне алып келіңіз.

  4. Файлды өзіңіздің жұмыс папкасыңызға сақтаңыз: Файл-Сохранить файл фильма.



6.4 ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРДЫ PECHA KUCHA ӘДІСНАМАСЫ БОЙЫНША ҰСЫНУ(20 СЛАЙД Х 20 СЕКУНД). ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРДЫ SLIDEROCKET, 280 SLIDES, APPLEKEYNOTE, HAIKU DECK БАҒДАРЛАМАЛАРЫНДА ҰСЫНУ.
Печа-куча — қысқа баяндамаларды арнайы шектеулі формада және ұзақтықта ұсынудың әдіснамасы. Презентациялаушы баяндама-презентацияны 20 слайдпен ұсынып, әр слайдты 20 секунд бойына демонстрациялайды. Сөйтіп, баяндама ұзақтығы 6 минут 40 секундқа шектеледі.

powerpoint-ті алмастыра алатын 5 сервис

PowerPoint-пен жасалынған презентация тым қарапайым көрінуі мүмкін. Сол үшін қандай да бір кедергіге тап болмас үшін нағыз презентация жасап шығуға көмектесетін 5 сервисті ұсынамыз.  



PREZI

Бұл – PowerPoint-тің ең әйгілі альтернативасы. Осы қызметті жасап шығушы архитектор әрі дизайнер Адам Сомлай-Фишер 2009 жылы қарапайым презентациялардан алыстау жолын алғаш болып тапқан адам. Бастапқыда қызметтің ерекше бизнес-моделі болыпты: қолданушылар өз презентацияларын басқа қолданушылардың көруіне шектеу қою үшін ақша төлеп келсе, қазір компания «фримиум» жүйесі бойынша жұмыс істейді, яғни, қолданушылар функциялардың көбейгендігіне байланысты төлейді.

Prezi-де слайдтар орнына, барлық ақпаратты (мәтін, фотосурет, видео, иллюстрация) көшіріп, оларды еркін түрде көрсетуге болатын алаң берілген. Барлық элементтерді қажеттігіне байланысты жақындатуға, айналдыруға,  бір сөзбен айтқанда, анағұрлым жанды және болжап болмайтын презентация жасауға мүмкіндік береді. Prezi-ді қолданудың ең танымал үлгісі – Криса Андерсонның TED-тағы «How Web Video Powers Global Innovation» тақырыбы.

Компания бүгінде өз сервисін одан әрі жетілдіруде: мұнда жаңа қызметтердің жаңартылған тізімін көруге болады. Мысалы, сіз Prezi парақшасынан кетпей-ақ, Google-дан сурет тауып, оны өз презентацияыңызға қоя аласыз. Сонымен қатар, басқа бағдарламаның көмегіне жүгінбей-ақ, фотоларды өңдеуге (мәселен, фотосуретті кесу) болады.

PowToon

PowToon – бұл анимациялық презентациялар мен видеолар жасауға мүмкіндік беретін сервис.

Анимация (Animation) - ол қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі. Мультимедиа жүйесінде - қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы объектіні экранда бейнелеу тәсілі.
 Оны 2012 жылы Илья Спитальник және Даниэль Затуранский жасап шықты және сол жылдың желтоқсан айында олар өздеріне 600 мың доллар көлемінде инвестиция тартты.
Доллар (ағылш. dollar) - Америка Құрама Штаттарының, Канаданың (Канада доллары), Аустралияның (Аустралия доллары) мемлекеттік қазыналық билеті. Басқа елдерде де (Жаңа Зеландия, Либерия, Эфиопия, Малайзия, Сингапур, Гайана, Ямайка, Тобаго және Гондурас, Гонконг) қолданылады.
Аталған сервис те «фримиум» әдісі бойынша жұмыс істейді. Сайтта тіркелгеннен соң, қолданушы фонға, дыбыс әсерлеріне (эффект), кейіпкерлерге арналған шаблондар коллекциясына рұқсат алады. PowToon қандай да бір өнім жайлы айтылатын ролик жасауға, стартап-презентацияға немесе сайттың басты бетін жасап шығуға әбден жарайды. Сервистің басты артықшылығы ретінде графиканың айтарлықтай стильді болып, кейіпкерлер санын және оларды өзара байланыстыра алу мүмкіндігін айтуға болады. Сонымен қатар, дайын болған видеоны YouTube-ке салуға немесе MP4 форматында сақтауға болады. Сервис мультипликаторларға қарапайым болғанымен, шағын бизнес иелеріне керектінің дәл өзі.
Шағын бизнес - ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы. Дамыған елдерде сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі бөлігі Шағын бизнестің үлесіне тиеді.

SlideRocket

SlideRocket – бұл PowerPoint секілді слайд жүйесіне негізделген презентация жасауға арналған онлайн-платформа. SlideRocket пайдаланушылар, үлесін өңдеу жасау және сіздің тұсаукесерін жариялауға алатын презентациялар, веб-негізделген платформа болып табылады.
Платформа (фр. plate – жайпақ, forme - форма) - геологияда қозғалмалығы біршама аз, жазық немесе үстірт тәрізді бедерлі, екі жікқабатты құрылымдық қабаттан – іргетастан және шөгінді тыстан тұратын жер қыртысының кең ауқымды атырабы.

Ерекшелігі, SlideRocket-те жасалған слайдтар ыңғайлы, жарқын және алуан-түрлі келеді. Бұл осы топтамадағы ең қымбат сервис болып есептеледі: сервистің барлық мүмкіндігін қолдану үшін жылына 360 доллар төлеу қажет. Тегін аккаунтар мүмкіндігі барынша шектелген. Ақылы жазылым арқылы көптеген қызықты функцияларды қолдануға мүмкіндік береді, мысалы, презентацияны ортақтаса отырып жасау, флэш-анимация, сондай-ақ, YouTube-тан көшіре алу.


Keynote

Құны 9,99 $ болатын Keynote қосымшасы арқылы қалаған презентацияны Mac, iPad не болмаса iPhone құрылғыларында жасауға болады. Егер сізде Apple гаджеттерінің бірнешеуі болған жағдайда, бір құрылғыда жасалған өзгерістердің бәрі автоматты түрде барлығында өзгеріске ұшырайды. PowerPoint-тан Keynote-қа ауысу қиынға соқпайды, себебі, бұл жерде де слайд жүйесі қолданылады. Сонымен бірге слайдтарға кесте, диаграма, мультимедиялық объектілерді, iTunes-тен музыканы  қосуға болады. Тағы бір ерекшелік ретінде үш өлшемді, анимациялық диаграмма жасауға болатынын айта кеткен жөн. Және де презентация үстіне өз дауысыңызды жазып қою мүмкіндігі де қарастырылған.


Piktochart

Piktochart – бұл малайзиялық стартаперлердің жасаған веб-қосымшасы. Презентациялар инфографика күйінде жасалынады. Түрлі графикалар, карталар, иллюстрациялар, кестелер – сайтта берілген барлық шаблондар PowerPoint-тың қызықсыз да көріксіз слайдтарынан едәуір ерекшеленеді. Қосымша интерфейсі ыңғайлы және интуитивті түрде түсінікті: қолданушы берілген шаблондардың ішіне мәтінді қою керек, ал жүйе қалғанын өз мойнына алады.
Интерфейс (Interface-inter-өзара, і face-бет жағы) - 1) программалаушылардың кәсіптік тілінде - өзара әрекеттесу "жазықтығы", пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы; 2) есептеуіш жүйе құрылғыларының не (немесе) программалардың өзара әсерлесуін жасақтайтын құралдар мен ережелер жиынтығы; есептеуіш жүйедегі құрылғыларды үйлестіру немесе жүйелер арасында үйлестіруге пайдаланылатын үйлестіргіш техникалық және программалық құралдар жиынтығы; жүйелердің, құрылғылардың немесе программалардың екі арасын бөлу шекарасы; екі қызметтік құрылғының және олардың қосылу, алмасу сигналдары және т.б. сипаттамаларымен анықталған шекарасы; 3) ішкі программаға басқаруды беру мен бастапқы программаға қайту процедурасы туралы сипаттамалар мен келісімдер жиынтығы.
Piktochart-та базалық аккаунт тегін, ал кәсіби құны 99 доллар. 

7 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

7.1 ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ, ПРОКУРАТУРЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ, ҚАЗЫЛАРДЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕЛЕРІ. «ONLINE.ZAKON.KZ», «ADILET.ZAN.KZ» ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ. АҚПАРАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР. «СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕУ БІРЫҢҒАЙ РЕЕСТРІ», «ҚАДАҒАЛАУ» АЖ.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 қаулысына сәйкес «Әділет» АҚЖ Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялауды жүзеге асыратын интернет-ресурс ретінде айқындалды.
Мәслихат - тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік орган. Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды.

Сонымен қатар «Әділет» АҚЖ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бақылаулы күйде ұсталатын анықтамалық нұсқаларын қамтиды.

 «Заң» деректер қоры (ДҚ) ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген құқықтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру, сондай-ақ халықтың құқықтық және компьютерлік сауаттылығын арттыру, ақпараттық теңсіздікті жою мақсатында жасалды.

Жарлық - мемлекет басшысының қабылдайтын құқықтық актісі. Құқықтық жағынан Жарлық нормативтік және нормативтік емес болып бөлінеді. Нормативтік Жарлық мемлекеттің бүкіл аумағында міндетті күші бар құқықтық нормаларды белгілейді.
Президент (латын тілінде praesіdens - басшы, алдыңғы қатарда отыратын) - 1) республикалық елдердегі мемлекет басшысы. Президент конституциялық талаптарға (жас мөлшері, өмірбаян тазалығы, мемлекеттік тілді білуі, т.б.)

«Заң» деректер базасына Қазақстан Республикасының барлық заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің (НҚА) қазақ және орыс тілдеріндегі ресми мәтіндері енгізілген. Деректердің қоры ресми көздерден жинақталады және үнемі толықтырылып отырады. Қазіргі уақытта қорда 75 мыңнан астам нормативтік-құқықтық және басқа да актілер жинақталған.

«Кез келген азамат НҚА және басқа да актілер бойынша ақпараттарды ХҚО-ларға арнайы орнатылған компьютерлерден болмаса, кеңесшілерден біле алады. Компьютерде жұмыс істей алмайтындар үшін құжаттарды іздеу бойынша нұсқаулықтар дайындалған», - деді ол.

 Бүгінде «Заң» ДҚ республика бойынша 40 ХҚО-ның күту залына орнатылды. Сонымен қатар соттардың 20 ғимаратына, 80 ғылыми кітапханаға және 35 жоғары оқу орнына ақпараттық-анықтамалық дүңгіршіктер қойылды. Дүңгіршіктер сондай-ақ, «Заң» деректер қорын қамтиды және қажетті ақпаратты ақысыз негізде электронды және қағаз түрінде бере алады.

«Заң/Закон» ДБ-ның айрықша басымдылықтары:

·  НҚА-ның РҚАО-ға ресми ұсынылуы;

·  НҚА-ның алдыңғы редакцияларының (мұрағат) болуы;

·  мемлекеттік тілдегі деректер қорының толықтығы;

·  мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерді екі терезелі режимде бірмезгілде қарау мүмкіндігі;

·  құжатты латенттік ақпаратқа өңдеу;

·  соңғы пайдаланушыға НҚА бойынша түсініктемелерді, өзгерістерді қабылдауды жеңілдететін РҚАО-ның мәтіндердегі сілтемелері мен ескертулерін, алуан түрлі үзінділерін түспен ерекшелеу;

·   өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, автоматтық жаңартуы бар НҚА-ның жеке топтамасын жасау мүмкіндігі;

·   іздестіру мүмкіндіктерінің кең спектрі;

·   заманауи компьютерлік технологияларды пайдалана отырып жасалған әзірлемелер;

·   бағдарламалық-технологиялық кешенді жетілдіру бойынша жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі.


http://e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/portals/0/images/icons/paragraf.gif
 

Параграф - бұл заңгерлерден, бухгалтерлерден және дәрігерлерден бастап, әр адамға күнделікті қажетті бірнеше ақпараттық блоктарды біріктірген анықтамалық жүйе.Мұнда мемлекеттік мекемелердің, коммуналдық қызметтің, әлеуметтік салада жұмыс істейтін мекемелердің және т.б. мекен-жайлары мен байланыс телефондары бар.


http://e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/portals/0/images/icons/xfrk.png
 

Қазақстан Республикасының Заңдары жөніндегі ақпарат. «Қазақстан Заңдары» базасы әрқашан енгізілген өзгертулер мен түзетулер бойынша өз уақытында жаңаланып, өзекті ақпараттармен қамтамасыз етіліп отырады  .


http://e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/portals/0/images/icons/minust.gif
 

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығы көлемінде тестілеуден өтетін Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық мәліметтер базасы.Нормативтік құжаттарды айдарға бөліп интерфейспен іздестіру өте ыңғайлы, сонымен қатар сайтта заңды тұлғалардың атауы, орналасқан жері, қызмет түрлері бойынша іздестіруді жүзеге асыруға болады.

http://e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/portals/0/images/icons/sailyk.gif
 

Салык - Салы қ органдарының анықтамалығы,төменгі есептеу көрсеткіштері, өсімнің коэфициентін есептеу,бюджеттік топтастырулардың кодын, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, төменгі еңбекақы және т.б. ақпараттарды қамтитын ҚР ҚМ Салық комитетінің арнайы сайтындағы анықтамалық қызмет.


СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕУ БІРЫҢҒАЙ РЕЕСТРІ

 2015 жылғы 1 қаңтардан мемлекеттің барлық құқық сақтау жүйесі жаңа жұмыс жүйесінің қылмыстық және қылмыстық-процессуалды заңнамасына жағдайына көшкен болатын.

Сотқа дейінгі Тергеу Бірыңғай Реестрі (СТБР) кіріспе негіздегі новелларды бірі болатын.

Қылмыстық құқық туралы хабарламалар мен өтініштер тіркеу және қабылдау тәртібі анықтау, сондай-ақ Бас прокоратура құқықтық – процессуалдық кодекс (СТБР) енгізу міндеті қойылған.

Қылмыстық құқық туралы хабарламалар мен өтініштер тіркеу және қабылдау тәртібі Ережесін, Бас Прокуратурасының 19 қыркүйектегі ҚПК жобасын орындауды бекіту, сондай-ақ (СТБР) енгізу.

(СТБР)- бұл автоматталған база, қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламалар мағлұмат ретінде енгізіледі, процессуалды шешімдерді қабылдау бойынша, жасалған әрекеттер, қылмыстық өндірістің қозғалысы, қылмыстық процестерге қатысушылар мен арыз берушілер.

Қылмыстық құқық - қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы.

Заң шығарушы қайта тергеу және қылмысты істі қозғау жолында сәйкес қаулыны шығару жолы сатысынан бас тартқанды, одан сотқа дейінгі тергеу басталады.

Құқық бұзушылық қылмыстың белгілерін көрсетілген жеткілікті сылтаулардың басталуын сотқа дейінгі тергеуге әсері болып табылады.

Сотқа дейінгі тергеудің басталуын сылтауы болып табылатын, жаңа ҚПК 179,180 бабтары бойынша хабарлама мен өтініштердің 4 түрі ғана (СТБР) тіркеуге жатады.

Хабарлама (Донесение) - жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа.

Бірегей нөмір орнатылған үлгіде арыз берушіге талон беріледі, (КУИ) тіркеу кітабына ақпаратты тіркеу маңында жазба түрде өтініш жазылады, әрі қарай порталда өтінішіңіздің тағдырын байқай аласыз.

24 сағатта орнатылған КУИ тіркелген, хабарлама мен өтінішті қарастыру мерзімі орнатылады.

Тексеріс өткізілетін қызметкер сол уақытта тиісті шешімін: бұл әкімшілік құқық бұзушылық, тәртіптік айып, істер номенклатурасы есептен шығару жататын хабарламаларды, өтініш салық органдарына тексеріске бағытталады.

Бұл әр түрлі ақпараттың массивті, сотқа дейінгі тергеу басталу қажеттілі және Сотқа дейінгі Тергеу Бірыңғай Реестріне өтінішті тіркеу жатады, қызметкерлерді құқық сақтау органдары қызметкерлері нақты анықтауы тиіс, бұндай жағдайда қылмыс туралы сөзде жоқ..

Органдарға арыз беруші азаматтарға жете және толық ақпарат беру қажет, қылмысты жауапты тұлғаларға тартылатын және әшкереленетін, әдепкі сатыда полиция әрекеті тез және тиімділікке тәуелді болатын, қылмыс жағдайы туралы хабарлау.

Осыған байланысты, қазіргі кезде әбден өзекті болатын мәселердің бірі азаматтардың құқықтық санасын жоғарлату болып табылатын.
«ҚАДАҒАЛАУ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ

«Қадағалау» АЖ – ҚР бірегей ақпараттық-аналитикалық жүйесі болып табылады.

Міндеттері:


  • ҚР Бас прокуратурасының бірегей ақпараттық кеңістігін қалыпастыру;

  • Прокуратура органдарының қызметінің бақылауын автоматтандыру;

  • Ақпараттық-талдамалы қызметті автоматтандыру, соның ішінде мемлекеттің құқықтық статистикасын қалыптастыру;

  • Прокуратура органдарының қызметін ақпараттық қамтамасыздандыру.




7.3 E.GOV.KZ ВЕБ ПОРТАЛЫН ҚАРАУ, ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТТІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ, ЭЛЕКТРОНДЫ ЦИФРЛЫҚ ОЛТАҢБАНЫ АЛУ ШАРТТАРЫ(САЙТТА ТІРКЕЛУ, ӨТІНІШ ТОЛТЫРУ, ШИФРЛЕУ КІЛТІН АЛУ), ЭЦҚ АРҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ(МЕКЕН-ЖАЙ АНЫҚТАМАСЫ, ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ТУРАЛЫ АНЫҚТАМАНЫ АЛУ, ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМАСЫН АЛУ Т.Б.)
Өзіңіз мінсіз деп білетін қоғамды елестетуге тырысыңыз. Мықты денсаулық, жақсы жұмыс, қамсыз тірлік, өмір сүруге қолайлы жағдайлар -  бұл тізім ұзыннан-ұзақ жалғасуға бар, және жеке басымдықтарға байланысты қажетті аспектілермен толықтырылуы да мүмкін. Әйтсе де, мұндай қоғамның ажырамас бөлшегі мемлекет болып табылады. Азаматтарының қамын ойлайтын мемлекет. Әрбір азаматтың әлеуетін мейлінше жүзеге асыруға мүмкіндік тудыратын мемлекет. Азаматтардың заңды құқығының қорғалуы мен сақталуына кепілдік беретін мемлекет. Азаматтардың мұқтаждығы мен қажеттіліктеріне бағдарланған мемлекет. Арадағы өзара әрекеттестік қарапайым, ұғынықты және қолжетімді болатын,адамдар үшін құрылған мемлекет.

Қазақстандағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың дамуы кем дегенде соңғы екі пікірдің жүзеге асуына кепілдік бере алады. Дәл осы азаматтар мен мемлекеттің өзара әрекеттестігін ыңғайлы, қарапайым, қолжетімді және түсінікті ету үшін  электронды үкімет тұжырымдамасы әзірленді.

Электронды үкімет құру ісі билік органдарының жұмысын анағұрлым тиімді, азаматтарға қолжетімді ету үшін қажет болды. Бұрындары әрбір мемлекеттік орган өз бетінше «оқшау өмір сүріп», басқаларымен  байланысқа түсе қоймайтын, ал азаматтардың алуан түрлі анықтама, растама секілді өзге де қағаздарды жинау үшін толып жатқан инстанциялардан  өтуіне тура келетін. Осының барлығы бір ғана қызмет түрін пайдалану үшін толып жатқан мекемелер табалдырығын тоздыруға  мәжбүрлейтін. Бүгінде электронды үкімет жобаларының арқасында ол заман келмеске кетті.

Электронды үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға  мүмкіндік берген де дәл осы механизм.

Басқаша айтқанда, электронды үкімет деп лицензияны рәсімдеу үшін ЖСН ғана керек болатын (басқа ақпараттың бәрі дағдылы сұранымдар арқылы алынады),  коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге болатын, анықтама алу үшін ХҚКО-ға жеке куәлік қана талап етілетін, бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге, немесе электронды үкімет порталында небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға, күн-түн демей, кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегін көруге, мекенжай анықтамасын ұялы телефонға алдыртуға болатын және осы секілді басқа да көптеген жағдайларды айтамыз.  

Электронды үкімет құру идеясы Елбасымызға тиесілі, әрі алғаш рет тоғыз жыл бұрын ауызға алынған болатын. Осы уақыт ішінде электронды үкіметіміз қалыптасуы мен дамуының іргелі төрт кезеңінен өтті. Ол кезеңдердің қай-қайсысы болса да қазақстандықтардың мемлекетпен өзара әрекеттестігіне көмегін тигізгені сөзсіз.

Олардың алғашқысы – ақпараттық кезең. Дәл осы кезеңде электронды үкімет порталы іске қосылып, ақпаратпен толтырылды. Мемлекеттік органдар, олардың жұмысы мен халыққа көрсететін қызметтері жайлы ақпараттар пайда болды. Оған қоса, қызмет көрсетудің реттемесі келтіріліп, танысу үшін нормативтік-құқықтық актілер ілінді.

Екіншісі - интерактивті кезең, порталда электронды қызметтерді тұңғыш рет ұсынуымен есте қалды. Аталмыш кезең барысында порталды пайдаланушылар түрлі мекемелерден кезекке тұруға уақыт жұмсамай-ақ анықтама алу, үйден шықпай-ақ кез келген мемлекеттік органға сұраныс жіберіп, оның мәртебесін қадағалап отыру  мүмкіндіктеріне ие болды. Электронды үкімет порталына интерактивті қызметтерді енгізу құжаттарды жинауға кететін уақытты үнемдеуге едәуір көмектесті.  

Дәл осы кезеңде мекемелік ақпараттық жүйелер, мемлекеттік деректер қоры, электронды түрде лицензиялау, және электронды үкімет шлюзі енгізілді.

Лицензия (лат. licentia - рұқсат, құқық), рұқсатнама – экспортты‚ импортты және валюта қозғалысын бақылау мақсатымен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға мемлекет беретін рұқсат. Мемлекеттік органдар әлдебір саладағы қызметпен аиналысу құқығын беретін рұқсат.

Бұл кезеңде әрбір қазақстандық порталдан қажетті құжаттар тізімі, мемлекеттік баж салығының мөлшері, өзі жүгінгелі отырған мемлекеттік органның байланыс мәліметтері секілді барлық қажетті ақпараттарын ала алатын. Алғашқы кезеңнің өзінде-ақ, қажетті ақпараттың толық көлемінің арқасында инстанцияларға жүгірушілер саны әжептәуір азайды.

Электронды үкімет дамуының үшінші кезеңі – транзакциялық кезең. Бұл кезеңде азаматтар мемлекеттік баж салығын,  алымдар, айыппұлдар және коммуналдық қызмет ақыларын төлеуге мүмкіндік алды. Егер де осыған дейін қызмет ақысын төлеу үшін банкке бару керек болса, енді онлайн жүйесінде қызметті пайдалануға да, оның ақысын төлеуге де болады.

Кәсіпкерлерге транзакциялық кезең шын мәнінде бағалы сыйлық ұсынғандай болды, ол – электронды мемлекеттік сатып алулар болатын. Пайдасы айдан анық – өткізілетін байқаулар мен тендерлердің әділдігі мен ашықтығы артты.

Электронды үкімет дамуының бүгінгі, төртінші кезеңі – түрлендірмелі кезең. Бұдан былайғы басты мақсат - азаматтарға қызмет көрсетудің мейлінше жылдамдығы.  Дәл осы мақсатқа қол жеткізу үшін интерактивтік және транзакциялық қызметтер қазақстандықтар үшін айрықша маңызға ие кешенді қызмет түрлеріне біріктірілуде. Жыл басынан бері азаматтар 15 минут ішінде заңды тұлғаны тіркеу,  жеке куәліктөлқұжат немесе жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігіне ие болды. Әлеуметтік маңызды қызметтерге айрықша көңіл бөлінеді, міне сондықтан да олардың барлығы электронды үлгіге ауыстырылды.   Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы 1 және 2 санаттағы мүгедектер үшін арнайы мобильдік топтар жұмыс істейді. Осындай мобильдік топты шақыру үшін адамға 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет.

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

  • 6 МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАР КӨМЕГІМЕН АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ 6.1 Мультимедиа-қосымша және оларды жасақтау орталары. Жіктелу және қолдану обылысы.
  • 6.3 БЕЙНЕ ФАЙЛДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ. SONY VEGAS PRO, PINNACLE STUDIO, MOVAVI VIDEO EDITOR-ДА БЕЙНЕФИЛЬМДЕР ҚҰРАСТЫРУ. БЕЙНЕ ФОРМАТТАРДЫ ҚОЛДАНУ ҚҰРАЛЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮРЛЕНДІРУ
  • SONY VEGAS PRO PINNACLE STUDIO MOVAVI VIDEO EDITOR
  • «БЕЙНЕРОЛИКТІ МОНТАЖДАУ»
  • 6.4 ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРДЫ PECHA KUCHA ӘДІСНАМАСЫ БОЙЫНША ҰСЫНУ(20 СЛАЙД Х 20 СЕКУНД). ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРДЫ SLIDEROCKET, 280 SLIDES, APPLEKEYNOTE, HAIKU DECK БАҒДАРЛАМАЛАРЫНДА ҰСЫНУ.
  • PREZI Бұл – PowerPoint-тің ең әйгілі альтернативасы
  • PowToon PowToon – бұл анимациялық
  • SlideRocket SlideRocket – бұл PowerPoint секілді слайд жүйесіне негізделген презентация жасауға арналған онлайн-платформа.
  • Piktochart Piktochart – бұл малайзиялық стартаперлердің жасаған веб-қосымшасы.
  • Президентінің Жарлығымен
  • СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕУ БІРЫҢҒАЙ РЕЕСТРІ
  • «ҚАДАҒАЛАУ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ «Қадағалау» АЖ – ҚР бірегей ақпараттық-аналитикалық жүйесі болып табылады. Міндеттері
  • транзакциялық

  • жүктеу 1.92 Mb.