Главная страница
Контакты

    Басты бет


Дәстүрлі музыка мәдениетінің таяу болашағы. Абстракт

жүктеу 82.58 Kb.



жүктеу 82.58 Kb.
Дата16.03.2017
өлшемі82.58 Kb.

Дәстүрлі музыка мәдениетінің таяу болашағы. Абстракт



Дәстүрлі музыка мәдениетінің таяу болашағы.
Абстракт

Дәстүрлі мәдени мұрамыздың бір қыры саналатын музыка өнерінің бүгінде модернизацияланып, жаңаша сипатқа енуі арнайы ғылыми зерттеуді қажет етеді. Сондықтан бүгінгідей жаңарған, дамыған, электрленген аспаптарды ұлттық дәстүрлі музыка мұрамызбен ұштастыра, ғылыми-теориялық тұрғыдан жан-жақты қарастыру қажет.

Қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезов «Қазақ халқы шексіз жүзжылдықтар мен алқаптарда көшіп-қонып жүрген мұңды кезбеге ұқсайды. Олар бізге материалдық мәдениет ескерткіштерін қалдырмаса да, өзінің ішкі жан-дүниесінің бүкіл байлығын поэзия мен музыка арқылы жеткізді» [21], - дейді.



Қазақстанның қазіргі даму барысында музыка мәдениетінің көп тармақты құрылымы қалыптасты. Республикада Европалық жанрдағы орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қоса, әуенді шығарудың жаңа дәстүрлі, әлемдік көпшілік музыка (рок, эстрада, джаз) және әлемдік концессиялардың діни музыкасы, Қазақстанды мекендеген халықтардың - ұйғырлардың, кәрістердің, немістердің, дұнғандардың орыстардың,татарлардың ауысша кәсіби фольклоры негіз салды. Республикада әртүрлі көркемдік профильдегі орындаушы ұжымдар - Мемлекеттік симфониялық оркестр, Құрманғазы атындағы қазақтың халық аспаптар оркестрі, хор капелласы, халық би ансамблі, Мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамбльдер, үрмелі және джаздық оркестрі пайда болды. Қазақстан -әлемдік масштабтағы классикалық музыканы орындаушылар отаны. Ол "- Е. Серкебаев, Б. Төлегенова, Ғ. Есімов, Ә. Дінішев, Г. Қадырбекова, А. Мұсаходжаева, Ж. Әубәкірова, шетелдердегі қазақ музыкалық диаспорасының жұлдыздары - М. Бейсенғалиев, Э. Құрманғалиев, ағайынды Нақыпбековалар.

Бүгінгі күні Республикада К. Байсейітова және А. Жұбанов атындағы арнаулы балалар мектебі, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясы, Астанадағы Ұлттық музыка Академиясы, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы, Қазақконцерт, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер Институты және басқа да музыкалық - біліми, ғылыми және мәдени мекемелер бар. Жыл сайын біздің тәуелсіз республикамыз "Жігер", "Алтын алма", "Жаңа музыка күндері", "Азия дауысы" халықаралық сайысын, ал халық музыканттарын - дәстүрлі музыканың халықаралық фестивалін, жас орындаушылар фестивалін ұйымдастырып отырды. Музыка бүгін мен болашақты, өткенді жалғастырушы алтын буын міндетін атқарып отыр.

Мәдениет сөз болған уақытта біз ешуақытта бүгінгі аумақтық, яғни территориялық шеңберімізбен шектеліп қалмауымыз керек. Өйткені, қазақ дейтін халықты құрсағында тербеткен ұлы даланың аумағы қазіргі шекарадан әлдеқайда кең болатын. Біз отаршылдықтың қақпанына түскен кездегі жеріміздің үштен бір бөлігінен айырылып, тәуелсіздік алдық. Осы орайда, дәстүрлі мәдениетімізге заманауи техникамен жабдықталған аспаптар әуені аралысып кетті.



Мәселен бүгінде кең аудиторияны жайлап кеткен «Алдаспан» тобының әуендері алғашқы орындардан көрініп жүр. Қазақ даласының көне дәуірден бергі музыкасы дүниежүзіне тұңғыш рет ауыр рок стилімен орындап жүр. Металл жанрында қазақтың қоңыр домбырасының үні пайда болды.

«Алдаспан» этно-рок тобының құрылғанына 4-5 жыл болды. Бірақ рок-музыканы домбырамен орындау шындыққа оп-оңай айнала қойған жоқ. Топ жетекшісі Нұржан Тойшының айтуынша, оған домбыраны электр гитараға бәсекелес ету идеясы ең алғаш 80-жылдардың соңында келген. Орыс мектебінің оқушысы қатарластарымен бірге рок-музыкаға құмартатын. Metallica, Slayer, Sepultura сияқты трэш-металдың өкілдерін тыңдап, соларға еліктейтін. Нұржан бір күні өзі айрықша әсер-қуат алатын бұл әуендердің қазақтың төкпе күйлерінің қағысына ұқсастығын байқайды. Қарапайым домбырамен мұндай әуендер туғызу мүмкін емес [22]. Мәскеудегі электрогитара шығарумен айналысатын компанияға тапсырыс береді.Электр домбыраның алғашқы үлгілері жасалады, бірақ пішіні қисықтау болып, пернелері ноталармен сәйкес келмей шығады. Дегенмен сол аспап жобаларының өзі кәсіби шебер болса, электр домбыраны жасап шығу мүмкін екенін және оның өзіндік үні болатынын дәлелдеп берген еді. Нұржан Мәскеуге тағы келіп, Шығыс Еуропадағы музыкалық аспаптар жасайтын бірегей шеберхана – Шамрай орталығына тапсырыс береді. Жобаны біраз талқылаған шеберлер ақыры 2011 жылдың ақпанында бас, ритм және соло электр домбыраларын жасап шығарады. Бір айдың ішінде алғашқы альбом жарыққа шығады. Ағылшын тіліндегі «Атилла» атты жинаққа «Күлтегін», «Едіге», «Жекпе-жек», «Ақсақ құлан туралы аңыз», «Көңілашар», «Алдаспан» сияқты ән-күйлер енді. Қазақ даласының әлімсақтан сынын жоғалтпай жеткен әуендерінен құралған альбом шетелдіктердің көңілінен шыққан. Әйгілі Земфирамен, «Мумий Тролль» тобымен жұмыс істейтін дыбыс инженері Владимир Овчинников электр домбыра аспабына таң-тамаша қалып, «ең бірегей жоба» деп, жоғары баға берді. Көп ұзамай топтың күйтабағы мен алғашқы бейнебаяны да жарық көрді. Қазір «Алдаспанның» әуендері әлемдік чарттарда жүр. Американың Roadrunner Records компаниясының салалық хит-шеруінде топтың шығармалары 2-орынға көтерілді.



Тағы бір еліміздің музыка мәдениетінде жаңа серпілісті 2001 жылы «Ұлытау» этно-рок жобасы әкелді. Бұл топ құрып, ақша табудың амалы емес. Белгілі әнші, мәдениет саласының майталманы Қ.Болмановтың айтуы бойынша: «Қайтсем, қазақтың қара домбырасын қазіргі жастарға насихаттап, болашаққа аманат етіп жеткіземін. Батысқа еліктеп бара жатқан ұрпақты қалай да қос ішекке бет бұрғызамын» деген болатын. Домбыраның қоңыр үніне гитара мен скрипканы қосып, Құрманғазының, Тәттімбеттің, Дәулеткерейдің, Нұрғисаның күйлерін, Бах, Вивальди, Паганинидің туындыларын үйлестіре орындау аса тапқырлықты, кәсіби шеберлікті талап етті. Ұлттық мұраны эстрадаға сүйене отырып тыңдату міндеті тұрды. Алғаш 2001 жылы Голливудта орындаушылық шеберліктен өткен әлем чемпионатына қатысып, алтыннан алқа тағып, 86 мемлекеттен келген үміткерлердің ішінен Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Бірте-бірте музыканттар құрамы кеңейіп, домбыра, скрипка, бас гитараға электрлі гитара, күйсандық, барабан қосылды. 2004 жылы Польшада өткен концерттік турдан кейін «New Century Media Group LTD» маркетинг және сатылым» компаниясының директоры Томас Маккарти Қыдырәлі Болмановқа хабарласып, «Ұлытау» тобымен Ұлыбритания, Шотландия, Франция елдерінде турне өткізуге ұсыныс білдірді. Италияның сегіз қаласында концерт қоюға қол жеткізілді. Сондай-ақ «World Muzic Netbork» компаниясының өкілі Луис Миттон Құрманғазының «Адай» күйін этно-рок жанрындағы шығармалар енетін әлемдік жинаққа енгізуді сұрайды. Бір-бірімен осылайша жалғасқан екі жақты келісімдер топты жыл өткен сайын алға сүйрей түсті. Вьетнам, АҚШ, Германия, Корея, Колумбия, Украина, Ресей мемлекеттеріндегі гастрольдер табыспен аяқталу дәстүрге айналды. 2006 жылы топтың «Жұмыр қылыш» альбомы аспаптық топтар арасында әлем бойынша төртінші орынға көтерілді. Тірілей ойнаудың қыр-сырын меңгерген музыканттар қатарына ресейлік орындаушылар да шақырыла бастады. Ол аз десеңіз, «ІMusіc Records GmbH» әлемдік деңгейдегі дыбыс жазу компаниясының өкілдері - вице-президент Марко Квирини мен атқарушы директор Анар Рейбонд Алматыға арнайы келіп, қазақстандық музыкалық топқа «құда» түсіп кетті. Еуропада 500 мың жинағы сатылған «Ұлытау» тобына «Алтын диск» белгісі тапсырылды. Германиялық телеарнадан «Ұлытау» тобының «Жұмыр қылыш» бейне клипі көрсетілген кезде неміс халқы этно-инструменталдық жанрдағы музыканттарымыздың шеберлігіне тәнті болып, онлайн дауыс беру нәтижесінде бірінші орынға шығарды. Бүгінгі таңда «Ұлытауды» әлемге танымал қазақстандық бірден-бір топ деп ауыз толтырып айта аламыз. Топтың жетістіктерін тізбелей берсек, бұл маңайда бітпесіміз анық. Ең қуанарлығы, Құрманғазының кім екенін бүкіл Еуропа мойындады. «Ұлытаудың» соңына ілескен музыкалық топтар көбейді. Бірі қобызын, бірі скрипкасын, бірі сыбызғысын қолына ала салып, эстрадаға қосып, жаңашылдықты жатсынған жоқ. Қысқасы, «Ұлытау» тобы тыңдарманның рухын оята алды. Айтпақшы, аталмыш жобаның өзін-өзі асырап келе жатқандығын жасырып қалуға болмайды. Қазақ елін әлемге танытып жүрген топ ешқашан қазынаға қол салған емес [24]. Басты мақсаты – әлем халықтары мәдениетін жаңғырту, ұлттық дәстүрлі музыканы насихаттау, халық бірлігін нығайту.

Міне, ұлттық музыканың модернизациялану тенденцияларында жетіп жатқан жетістіктер аз емес екенін байқауға болады. Бұл ұлт тарихында дәстүрлі мәдениеттің тарихында алар орны да ерекше болып қалары сөзсіз. Осы орайда тенденциялар дәстүрлі мәдениетімізді сақтай отырып дамытса деген ұсынысты үнемі айтып отыру қажеттілігі туындап отыр. Сонымен қатар дәстүрлі аспаптарымызды, мәдени мол мұрамызды да таза қалпында сақтап қалуды басты міндеті қатар жүруі тиіс.

Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы – рухани мұрасының асыл қазынасы. Ғасырлар бойы сыннан өткен, халықтың бүкіл шығармашылық дарындығын және даналығын сіңірген ол үшінші мың жылдықта ерекше тарихи маңыздылыққа, ерекше – көркемдік және мәдени құндылыққа ие болды [26, 78].

Қазақ даласы ғасырлар бойы поэзиямен, өткір шешендік тілмен, шабыттандыратын күйлермен және жүрегіңе бойлайтын әндерден рухтанып өмір сүрген. Музыка қазақтың барлық өміріне бойлаған – ол мерекелерде, дәстүрлерде және салт-жораларда, күнделікті еңбекте және т.б. ойнайды. Қазақ халқы айрықша музыкалық дарынымен ерекшеленеді, практикалық түрде кез келген отбасында тамаша ән айтатын немесе музыкалық халық аспаптарында ойнайтын адам табылады. Халық арасында: «Алла әрбір қазақтың жүрегіне туған сәттен бастап күйдің бөлшегін салған» дейді.

Жүз жылдар бойы музыка мәдениеті шығармаларының басты сақтаушысы және таратушысы халықтың өзі болды. Музыка өнерін ұқыптап сақтап, динамикалық дамытып, ол оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізді [27].

Қазақстанда жаңа заманғы мәдени процестер көп келбетті және алуан түрлі осы жұмысты жазу барысынан байқадық. Оларды өзгерістердің, инновацияның, білімнің, ғылым мен мәдениеттің түрлі салаларын, қазіргі кезде дамып келе жатқан барлық өнер түрлері мен жанрларын қоса қамтитын түпкілікті түрлендірулердің кең спектрі ретінде түсінеміз.

Қазіргі уақыттың ерекшелігі тарихи ауқымда шешім қабылдау қажеттігімен және барлық рухани және өмір салаларында өзімен бірге айтарлықтай алға жылжуды абстракты емес, нақты адамдармен жүргізетін өзгерістерге жауапкершілікпен шектеледі.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Виноградов В. Музыкалық археология туралы //Кеңес музыкасы, 1971, № 5 , 89-б.

  2. «Араб музыкасы» атты Ж. Рауненің орысша аудармасынан келтірілген сілтеме. Қолжазба Ташкенттің мемлекеттік консерваториясының кітапханасынан алынған. 45-б.

  3. Марғұлан Ә., Әкішев К., Қадырбаев М., Оразбаев А. Орталық Қазақстанның көне мәдениеті. – Алматы, 1966, 70, 288-бб.

  4. Квитка К. Кеңес Одағында пентатониканың этнографиялық таралуы. – П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы. Халық шығармашылығы кабинетінің мұрағаты, инв. №4/58, 25-26 бб.

  5. Скребков С. Интонация және лад // Кеңес музыкасы, 1967, № 1, 89-91-бб.

  6. Асафьев Б. Қазақтың халық музыкасы туралы //Қазақстанның музыка мәдениеті. – Алматы, 1955, 9-б.

  7. Қырғыз халқының 1000 әні. Орынбор, 1925, 334-б.

  8. Каракулов Б. О своеобразии традиционной музыки казахов //Кочевники. Эстетика: Познание мира традиционным казахским искусством. Алматы: Ғылым, 1993. С. 188-207.

  9. А.Жұбанов “ Ғасырлар пернесі” 6 б. 

  10. Қазақтың әншілік өнері.” А. “Өнер” 1999 ж. 170 б

  11. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей (под общей редакцией М.К.Козыбаева). - Алматы: Санат, 1966. - 656 с., с.351.

  12. Эйхгорн А. Музыка киргизов. В кн.: Музыкальная фольклористика в Узбекистане (первые записи). Музыкально-этнографические материалы Перевод с немецкого Б.Л.Собинова. - Ташкент: Издательство Академии наук Узбекской ССР, 1963. - 195 с., с.27.

  13. Казахский музыкальный фольклор. - Алматы: Ғылым, 1982. - 264 с., 10-б.

  14. Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. в 5 т., т.1. - А.: Каз.сов.энциклопедия, 1984. - 431 с., с. 304.

  15. Хасен Хожа-Ахмет. Есер Музыка есті алып бітер ме? // Ақиқат журналы, 2014 ж. Қыркүйек

  16. //Я собственник, покупатель» газеті, 13.02.2004 ж.

  17. Мухамбетова А. Некоторые эстетические проблемы казахской инструментальной культуры //Кочевники. Эстетика: Познание мира традиционным казахским искусством. Алматы: Ғылым, 1993. С. 160-188.

  18. Каракулов Б. О музыкальной форме казахской тирады // Вестник Министерства Науки Академии Наук РК. – Алматы, 1997. – С. 29-32.

  19. Кәрібаева Ж. «Сыр бойындағы жыр мектептері» // «Жырау» журналы, 2005. – Б. 54-55.

  20. http://www.madenimura.kz/

  21. Қазақ музыкасы. Антология І-том. Көне музыкалық фольклор. – Алматы: ҚазАқпарат, 2005. – 515 б.

  22. http://thenews.kz/2012/05/11/1093165.html

  23. www.massaget.kz

  24. www.aikyn.kz

  25. Бекхожина Т. Даламның назды саздары. – Алматы: Өнер, 1996. – 208 б.

  26. Сығай Ә. Сахна саңлақтары. – Алматы, 1998. – Б. 256-263.

  27. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. – Астана: Күлтегін, 2002-825 б.

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • жүктеу 82.58 Kb.