Главная страница
Контакты

    Басты бет


ДӘріс №18 алгоритм жайында түсінік, есеп шығарудың кезеңдері жоспар

жүктеу 56.47 Kb.



жүктеу 56.47 Kb.
Дата14.03.2017
өлшемі56.47 Kb.

ДӘріс №18 алгоритм жайында түсінік, есеп шығарудың кезеңдері жоспар



ДӘРІС № 18

АЛГОРИТМ ЖАЙЫНДА ТҮСІНІК, ЕСЕП ШЫҒАРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
Жоспар

  1. Алгоритм түсінігі, қасиеті

  2. Алгоритмдерді жазу түрлері

  3. Алгоритмнің сызба нұсқасы

  4. Алгоритм типтері


МАҚСАТЫ:

    • Оқушыларды алгоритм ұғымымен таныстыру, есеп шығарудың кезеңдерін көрсету

    • Оқушыларды алгоритмдердің жазылу түрлерімен, сызба нұсқасымен таныстыру



1. АЛГОРИТМ ТҮСІНІГІ, ҚАСИЕТІ


Алгоритм деп іздеген қорытындыны алатын,қойылған есеп толық шешілген,өзгертілген бастапқы мәліметтерімен бірге алынған тізбекті атайды

Мысалы 1.

Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)
Функцияны есептеу алгоритмін құрыңдар:

F=(ax b)/(cy)

Осы функцияның алгоримтін құрған кезде меншіктеу және қосымша айнымалылар қолданамыз.

Айнымалы - әріп түрінде немесе әріптер тобы түрінде программаға енгізілетін және уақыт, ұзындық, баға, түс және т.б. әр түрлі мәндерді қабылдайтын программадагы сандық шама; белгілі бір мәліметтер типін сақтай алатын және программаны атқару барысында мәнін өзгертуге болатын атауы белгілі объект.
Меншіктеу амалының белгісі ” :=”.

Алгоритмді жазу келесідей болуы мүмкін:

Z1 := ax;

Z2 := z1 b;

Z3 := cy;

F := z2/z3

z1, z2, z3 қосымша айнымалыларын қолдану күрделі функциялардың жұмысын еуәуір жеңілдетіп, қарапайым өрнекке келтіреді.



Алгоритм қасиеттеріне: анықтылығы, дикреттілігі, нәтижелігі, массалығы кіреді.

Анықтылығы: Алгоритмнен қатал, анық, түсінікті болуды талап етеді. Амалдардың барлық әрекеттер мен символдары ортақ белгіленген немесе алдын ала айқын біржақты анықталған болу керек.

Дискреттілігі: Алгоритмнен қадамдық жазба және оның орындалуын талап етеді.

Нәтижелігі: Қорытындының міндетті түрде алынатындығын болжайды.

Массивтілігі: бастапқы мәліметтердің әртүрлі мәндерінде оның қолданылу мүмкіндігін алгоритмнен талап етеді.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Программалу пәнінің кез келген есебін шешу үшін келесі тізбектен тұрады:


есеп агоритм программа компьютер қорытынды шешім

Есеп.... кәдімгі сөйлесу тілінде формула түрінде берілген. Бұл кезеңде есептің мақсаты мен формулалары қойылады.

Алгоритм..... Есепті шешу жолы қарастырылып саты бойынша орында лу реті реттеледі. Бұл кезеңдң алгоритм құру және өңдеу кезеңі деп аталады.


Программа.... бұл да есептің орындалу сатысы, айырмашылығы компьютерге түсінікті программалау тілімен жазылған.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.


Компьютер..... енгізілген программаны компьютердің ішкі тіліне ауыстырады және есепті шешеді.

Қорытынды..... есептің қорытындысын көрсетеді, пайдаланушы талдау жасайды.
2. АЛГОРИТМДЕРДІ ЖАЗУ ТҮРЛЕРІ

Алгоритмді сөзбен жазу. Алгоритмнің ең көп тараған түрлері: сөздік, кестелік, сызба нұсқа. Сөздік түрі алгоритмді сөздер мен сөйлемдер түрінде суреттеуге мүмкіндік береді. Алгоритмді сөзбен өрнектеп алу әлдеқашан жеңілдеу болып келеді, аса қатал талаптар талап етпейді. Жазбалар нөмірленген түрде жазылады. Мысалы, бәрімізге белгілі «Қасқыр, ешкі, капуста» логикалық есебінің шешілуінің алгоритмін жазба түрінде жазып көрейік.
Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Мысалы:

«Өзеннің жағасында қасқыр, ешкі, капуста және қайықпен тасушы бар екен. Тасушы қасқыр, ешкі, капуста үшеуін, қасқырды ешкімен, ешкіні капустамен жеке қалдырмай отырып өзеннің келесі жағасына көшіруі керек. Мұны қалай жасауға болады»



  1. Алгоритмнің басы

  2. Өзеннің сол жағасына ешкіні алып келу, оң жағада қасқыр мен капустаны қалдыру

  3. Сол жағаға қайтып келіп капустаны алу

  4. Капустаны оң жағаға апару

  5. Сол жағаға ешкіні алып келу

  6. Оң жағаға қасқырды алып бару

  7. Сол жағаға қайтып келу

  8. Ешкіні сол жағаға апару

  9. Барлығы оң жағада

  10. Алгоритм соңы


3. АЛГОРИТМНІҢ СЫЗБА НҰСҚАСЫ

Сызба-нұсқа - бұл алгоритмді көрсетудің графикалық түрі, алгоритмнің әрбір амалы өзіне сәйкес геометриялық фигурамен жазылады.

Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ - жер и көне грекше: μετρέω - «өлшеу») - математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.
Сызба нұсқаға қарап отырып программа құру әлдеқашан жеңілірек болып келеді.



Сызба нұсқа дегеніміз әртүрлі құрылымдағы сызбаларды сызықтар арқылы қосу.
Шартты белгіленуі Түсініктемесі

Алгоритмнің басы мен соңы. Овалда «басы» және «соңы» деген сөздер жазылады.

Есепті шығару процессі. Есепті шығарған кезде қолданатын амал төртбұрыштың ішінде жазылады.


Ақпаратты енгізу және шығару сызбасы.









Модификация, параметрді өзгерту сызбасы. Циклдік

алгоритм кезінде қолданылады.


Есептеу” сызбасы. Қандай бір шарттың орындалуын тексереді: иә - шарт орындалған жағдайда, жоқ - шарт орындалмаған жағдайда.


Есептеулерді жоғарыдан төменге немес солдан оңға бағыттау


Есептеулерді төменнен жоғары қарай немесе оңнан солған қарай бағыттау


Схемадаға үзіліс нүктесі



  1. АЛГОРИТМ ТИПТЕРІ

Алгоритмді мынадай типтерге бөледі: сызықтық, тармақталған, циклдік. Циклдік алгоритмде шарт болмайды және есептеудің бір тармағы болады. Тармақталған алгоритмнің бір немесе бірнешеу есептеу тармағы болады. Циклдік алгоритм бірнеше рет қайталанатын бөліктерден тұрады.

Сызықтық – алгоритм құрылымы бойынша ең қарапайымы болып табылады. Алгоритмде шарт болмайды және есептеудің бір тармағы болады. Сызба нұсқада «шешім» сызбасы болмайды және кейбір амалдар көп рет орындау үшін кері қайту болмайды. Мысалы:

Алгоритм тілінде және сызба нұсқа түрінде көлемді және егер, оның радиусымен биіктігі берілсе цилиндр бетінің ауданын есептеуді құру керек.



Шешімі: pi=3,14 мәнін енгіземіз, аудан негізі S, шеңбертің ұзындық негізі L.



Тармақталған алгоритм тармақталу құрылымның базалық түрі. Онда «шешім» сызбасы болады және оның бір немесе бірнеше альтернативті шығуы болады. Алгоритмнің жұмыс істеу кезінде шарттың орындалуына байланысты бұл шығулардың біреуі таңдалады және соған сәйкес әрекет орындалады. Тармақталған алгоритмдерде өте қарапайым базалық құрылым: ізділік құрылымнан.

Мысалы: С: =А В, егер А<=B және C=A-B, егер A>B формуласы бойынша С аумағының мәнін есептеу керек


Иә


тапсырма: «Бақытты билет» әзіл есебін орындау алгоритмін құру керек.
Формула (Formula) - электрондық кестедегі (Excel) математикалық өрнек, оның жұмыс нәтижесі торлардағы мәндерге байланысты болады. Мысалы, D5 торына енгізілген мынадай формула =а5+b5+с5 A5, В5, С5 торындағы сандардың қосындысын D5 торына орналастырады.



Тармақталудың толық және қысқартылған формалары

Қарапайым сөйлесу тілінде «егер жаңбыр болмаса қыдыруға барамыз, әйтпесе үйде кітап оқимыз» шартты сөйлемінде біреу ғана орындалатын екі әрекет бар.

Форма (Қалып; form) - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелеріңде (мысалы, Access-Te) - мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.
«егер жаңбыр болмаса қыдыруға барамыз» шартты сөйлем, бір әрекеттен тұрады ол тармақталудың қысқартылған түрі. Бірінші сөйлем тармақталудың толық түріне жатады. Тармақталудың толық және қысқартылған формаларын жазу келесі түрде болады:



Т
жоқ
олық форма Қысқартылған форма









Иә

Әрекет 1


(>, <, =, <=, =>) қатынас мағынасы бар шарттар егер шарт орындалса ШЫНДЫҚ мәнін қабылдайтын, ал шарт орындалмаса ЖАЛҒАН мәнін қабылдайтын логикалық айнымалылар ретінде қарастырлады.



Сабақты бекіту үшін қойылатын сұрақтар.

  1. Алгоритм дегеніміз не

  2. Алгоритмнің қандай қасиеттерін білесіңдер

  3. Алгоритмді жазбаша түрде жазу дегеніміз не

  4. Алгоритмдің сызба нұсқасы не үшін қажет

  5. Алгоритмнің қандай типтерін білесіңдер

  6. Алгоритмдік тіл дегеніміз не

  7. Сызықты алгоритм дегеніміз не


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Әдебиет (араб.: асыл сөз‎) - сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.


  1. С. Немнюгин «Turbo Pascal» 360 бет

  • 1. АЛГОРИТМ ТҮСІНІГІ, ҚАСИЕТІ
  • Есеп....
  • Шартты белгіленуі Түсініктемесі

  • жүктеу 56.47 Kb.