Главная страница
Контакты

    Басты бет


Д. Д. Бисмильдина

жүктеу 145.79 Kb.



жүктеу 145.79 Kb.
бет1/2
Дата17.09.2017
өлшемі145.79 Kb.

Д. Д. Бисмильдина


  1   2

ОӘЖ 37.016:81’342.9:811.512.122
Д.Д. Бисмильдина

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

Астана, Қазақстан
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІНЕН ИНТОНАЦИЯНЫ МЕҢГЕРТУДІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ТИІМДІЛІГІ
Бұл мақалада«қазақ тілі» пәнінен интонацияны меңгертудің маңызы мен тиімділігі мәселесі көтерілген. Автор қазақ тілінде ауызша әдеби сөйлеудің интонациялық ерекшеліктерін меңгеру кез келген адамның тіл мәдениеті шеберлігінің белгісі екенін өзектей отырып, оны жоғары оқу орындарының орыс бөлімі студенттеріне оқытылатын «Қазақ тілі» пәнінен негізгі курспен бірге меңгертудің маңызын көрсетеді және оны үйретудің тиімді жолдарын ұсынады.

Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى, латын: qazaq tili) - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

Соның ішінде тележаңалықтарды жүргізуші диктор тілі мен арнаулы репортаж жасаушы тілші тілінің интонациялық ерекшеліктерін практикалық сабақта ерекше дидактикалық материал ретінде көрнекі түрде тиімді пайдалануды қарастырады. Ұсынылған мақала тілдің жалпы табиғаты қызықтыратын барша оқырман қауымға арналған.

Кілтті сөздер: ауызша әдеби сөйлеу тілі, интонация, интонациялық бірліктер, теле, -радиобағдарламалар, диктор, тілші
Интонация – күрделі құбылыс. Интонацияның тілдік ерекшеліктерін, мәртебесін, оның тіл жүйесіндегі орнын анықтау – аса күрделі мәселелердің бірі. «Интонацияның орны – қандай тілдің болсын құрылымының нағыз өзегінде, оны аңғармау, оның маңызын дұрыс түсінбеу – тілдің жалпы табиғатын түсінбеумен барабар», – дейді белгілі француз ғалымы Б.

Табиғат Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.

Мальмберг.

Интонация – ауызша әдеби сөйлеу тілінің ерекше белгісі. Интонацияны ауызша сөйлеу тілінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырған ғалым В.А. Артемов былай дейді: «Ауызша сөйлеу интонациядан тыс жүзеге асырылмайды» [1, 36]. Ауызша сөйлеу тілінде әр алуан құралдар, нақтырақ айтқанда, интонацияның мынадай акустикалық сыңарлары: дауыс тоны, дыбысталу интенсивтілігі немесе күші, сөйлеу қарқыны (темп) және дауыс тембрі қолданылады.

Сыңар Сөз мағынасы - екеудің бірі - егіздің серігі; «жалғыз» дегенмен бірдей екені әркімге аян. «Айырылған сыңарынан коңыр қозым! Қайдасың қалқатайым? Күн мен айдың, Айтсаңшы, кездескенше көбін-азын» (М. Әлімбаев, Өшпес от.)

Акустика (грекше akustіkos - естілетін, тыңдалатын) - физиканың ең төменгі жиіліктен (шартты түрде 0 Гц) ең жоғарғы жиілікке (1011-1013 Гц) дейінгі аралығын қамтитын серпімді тербелістер мен толқындарды және олардың затпен өзара әсерлесуі мен түрліше қолданылуын зерттейтін саласы.

Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.

Интонация – ауызша сөйлеу тілінің негізгі құрамдас бөлігі. Дауыс интонациясы ауызша сөйлеу тілін жазба тілден ажыратады, оны анағұрлым мән-мағыналы, мәнерлі ете түседі, оған қайталанбас, жеке дара сипат дарытады, жан бітіреді және тыңдаушыларға әсерін арттыра түседі. Білім алушы жазбаша тілде интонацияның синтаксистік рөлін тыныс белгілері арқылы анықтайды. Жазуда шартты түрде үтір, нүкте, нүктелі үтір, қос нүкте, сызықша, сұрақ белгісі, леп белгісі және сол сияқты басқа да тыныс белгілерімен берілетін мағына ауызша әдеби сөйлеу тілінде сөйлеушінің дауыс интонациясы арқылы жандандырылады және оның логикалық екпін, пауза (кідіріс), темп (қарқын), сөйлеудің негізгі тоны, мелодика (әуен), ритм (ырғақ), интенсивтілік, просодикалық тембр тәрізді интонациялық компоненттерінің көмегімен құбылып отырады.

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

Олар ауызша сөйлеу тілін анағұрлым мәнерлі, сазды етіп, әсемдейді және соның нәтижесінде тыңдаушылар мен көрермендерге әсер ету күшін үстемелей түседі.

Интонация тонының адамдардың қарым-қатынас жасау қызметінде үлкен орын алатыны мәлім. Бір сөздің айтылу интонациясына қарап, ол сөздің қандай сезіммен айтылып тұрғанын білу қиын емес. «Интонацияның тоны, ұзақтылығы, интенсивтілігі, тембрі және тағы да басқа компоненттерінің қасиеттері сөйлемнің коммуникативтік, эмоциялық мағынасына зор әсер етіп, оны өзгертіп және түрлі реңкке бояп отырады» [2, 57].

Интонация мәселесі оның коммуникация кезіндегі маңызды рөліне орай қызықты әрі өзекті. Интонация коммуникацияның маңызды факторларының бірі болып табылады.

Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo - толғану) - адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.

Фактор, экологияда - 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі.

Интонацияның коммуникативтілігі түсінігінің астарында оның сөйлем мағынасымен және синтаксистік құрылымымен байланысын көрсету жатыр. Бұл интонацияның негізгі қызметі болып табылады.Аяқталған ойдың, яғни сөйлемнің коммуникативтік типін, нақтырақ айтқанда, сөйлемнің лепті, сұраулы, хабарлы түрін, не болмаса оның аяқталған я аяқталмаған сипатын анықтау интонация қызметтерінің бірі болып табылады.

Интонацияның эмоционалдылығы түсінігінің астарында оның модальдылықпен байланысы жатыр. Интонация аяқталған ойдың мағыналық және эмоционалдық алуандығын ажыратады, сөйлеушінің жағдайын және көңіл-күйін білдіреді, олардың бір-біріне және сөз болып отырған нәрсеге қатынасын көрсетеді. Тілдік бірліктердің эмоциялық көркемдігі жоғары болған сайын, ауызша сөйлеу тілінің интонациялық ресімделуі де соншалықты жоғары болады. Сондай-ақ үйренушінің сөйлеу қызметі мен есте сақтау қабілеті де соншалықты нәтижелі болады.

Бірлік - топоним: Бірлік – Қазалы ауданындағы ауыл, Аранды ауылдық округі құрамында. Аудан орт Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 26 км жерде, Сыр бойындағы «Сол жақ» Қазалы каналы бойында орналасқан.

Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.

Интонациялық бірліктер, интонемалар формасы жағынан да, мағынасы жағынан да сипатталады, себебі олар ойды жеткізу, білдіру қызметін ғана емес, айтылған ойдың мазмұндық жағына да әсер етеді. Интонация сөйлемнің қажетті құрылымдық бөлігі бола отырып, онда белгілі бір семантикалық қызмет атқарады. Тілдік интонация сөздің, сөз тіркесі мен сөйлемнің мағыналық мазмұнын көрсетеді. Ол лексикамен бірге қабылданады, тілдік белгілер бойынша ақпараттың негізгі мағынасын түсінуге мүмкіндік береді.

Семантикалану ( орыс. семантизация, гр. ,σημαντικός - танбалаушы) - тіл бірлігі (единица) мағынасының айқындалуы, тіл бірлігінің мазмұны жайында қажетті мәліметтер беретін процесс пен нәтиже. Мысалы, лексикалық Семантикалану - мәтіндегі тіл брліктерінің мағынасын ашу арқылы анықталады.

Лексика (грек. лексикос - сөздік) - тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады.

Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Дикция (сөз мақамы), дұрыс демалу, дауыс, орфоэпия, ауызша сөйлеу тілінің логикалық-интонациялық заңдылықтары – тіл мәдениеті қарастыратын тіл шеберлігінің белгілері.

Кез келген тілдің интонациясын меңгеру өте күрделі жұмыс болып табылады. Әр тілдің интонациялық ерекшелігі өзгеше болады.Л.В. Щерба интонация түсінігінің астарында дауыс жоғарылығының өзгерісін, жеке дыбыстардың ұзақтығын және қандайда бір тілдік бірліктің дауыс тембрі сияқты жалпы элементтерді пайымдайды [3, 87]. Әрине, әрбір тілдің интонациялық бояулары әр алуан, соның көмегімен тілдің мағыналық қырын нақтылауға болады. Бұл қандайда бір тілдің интонациялық бояуының көркемделіп, ресімделуін дұрыс әрі тиімді меңгерту тілді тәжірибеде игеруде маңызды рөл атқарады. Тілді интонация арқылы меңгертуді үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде үйренуші қысқа сөйлемдерді ауызша айтуға дағдыланады және негізгі ойды ажыратуға үйренеді. Екінші кезеңде тіркестер арасындағы логикалық байланысты анықтауға үйренеді. Үшінші кезеңде ақпаратты сондай интонациямен ауызша жеткізуге машықтанады.

Жоғары оқу орындарының орыс бөлімі студенттеріне жүргізілетін «Қазақ тілі» пәнінен негізгі курсты оқытумен бірге сол тілдің интонациялық ерекшеліктерін де қатар меңгертудің маңызы зор және оның тиімді жолдарын білу жоғары нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі.

Оқытушының білім алушының жан-дүниесін баурап, кәдімгідей ұйытып алатын өзіне тән әдіс-тәсілдері бар, соның бірі – үннің маңыздылығы; дауыс ырғағы; көңіл-күй; тілдің тартымдылығы. «Интонация сөзге рең береді, ал сөздің дұрыс құрылуы интонацияның мүмкіндіктеріне жол ашады» [4, 2].

ЖОО-ның орыс бөлімі студенттеріне оқытылатын практикалық қазақ тілі сабақтарында оқытушы білім алушының сабаққа ықыласы мен қызығушылығын арттыру мақсатында, мәтін талдау жұмысын көбінесе туындыны сәнді үн, әсерлі дауыс ырғағымен оқудан бастайды.

Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

«Дауыстап оқу – бұл таза байланыс жасау, жазбадағы әрекетсіз, әсері аз ойлардың жандануы. Егер дауыстап оқуға ұқыпты дайындалмаса, әдетте, оқып беруші берілген ойды және оның тілдік көрнекілігін толық игере алмауы мүмкін» [5, 33]. Сөйтіп, білім алушы көңілін жаңа мәтінге аударады, оның туындыны меңгеру құштарлығын оятады. Сабаққа шын ынта болған жерде аудиторияда тәртіп те орнайды. Сонымен қатар білім алушының пәнді меңгеру құштарлығына қоса оқытушыны құрметтеу сезімі де оянады.

Қазақ тілінде мәдениетті әрі сауатты ауызша сөйлеуге үйрету үдерісінің табыстылығы көп жағдайда қазақ тілінде берілетін материалдың интонациялық бояуына және сол тілдің интонациялық ерекшеліктерін меңгеріп, жан-жақты пайдалануға байланысты. Оқытушының жинау, талдау, саралау, іріктеу сияқты сатылардан өткізіп барып білім алушыларға ұсынатын мәтіні мазмұны жағынан қызықты әрі танымдық қызметі жоғары болумен қатар әдеби тіл нормасына сай тілі тыңдарманға түсінікті болса да, ол мәнерсіз, әлсіз дауыс тонымен берілсе немесе тым қатты оқылса, онда тыңдарманның мәтіндегі ой желісін қабылдауы қиынға түседі. Оқытушының сыртқы келбеті мен сөйлеу мәнерінің қаншалықты мәні болса, сабақты жүргізу барысында оқытушы мен білім алушының дауыс интонациясы да соншалықты маңызды рөл атқарады. Оқытушы өзінің сазды, салиқалы, салмақты, жұмсақ дауыс интонациясының арқасында студенттер назарын бірден өзіне аударып, баурап алудың нәтижесінде олардың сеніміне ие бола алады. Ал тыңдаушы қауым дауысы жағымды адамдардың сөзін тыңдай беруден ешқашан жалықпайды.

Егер мәтіннің интонациясын өзгертіп, яғни қатар тұрған сөздердің ырғақтық топтасуын, сонымен байланысты паузасын жылжытса, оның стилистикалық реңкі ғана емес, сөздердің

  1   2


жүктеу 145.79 Kb.