Главная страница
Контакты

    Басты бет


Цифрлы технология озық отыздыққа оздырады

жүктеу 51.49 Kb.



жүктеу 51.49 Kb.
Дата23.10.2017
өлшемі51.49 Kb.

Цифрлы технология озық отыздыққа оздырады


Цифрлы технология озық отыздыққа оздырады Алқалы жиын басталмас бұрын Елбасы цифрландыру тақырыбында ар- найы əзірленген көрмені аралап көрді. Онда түрлі бағыттар бойынша 30-дан астам ІТ-жоба қойылды. Кеңеске мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың жетекшілері, Парламент депутаттары, шетелдік ірі кəсіпорындар мен компаниялардың өкілдері қатысты. Ауқымды шараны Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігі мен «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ ұйымдастырды. Жиында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын таныстыру барысында айтылған мəліметтерді ескеріп, еліміздің эко номикасын дамыту үшін цифрлы тех нологияларды қарқынды енгізудің маңыздылығына тоқталды.
Қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.
Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) - Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
«Біз тəуелсіздік жылдары ішінде əлемнің бəсекеге қабілетті 50 елінің қатарына қосылдық. Қазір дамыған озық 30 елдің қатарына ену міндеті тұр. Ол Қазақстаннан жаңа ин но вациялық дамуды жəне жедел технологиялық жаңғыруды талап етеді. Сондықтан мен осы жылдың ба сында Қазақстан халқына арнаған Жол дауымда Үшінші жаңғыру жө- нінде жарияладым. Оның негізі цифрлан дыру болып табылады», деді Президент. Елбасы цифрландыру кəсіпорындар мен жалпы еліміздің бəсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін қажет екенін ерекше атап өтті. Елбасы сондай-ақ, цифрлы экономика үшін алдымен халықтың техникалық сауаттылығын көтеру қажеттігін айтты. Себебі, цифрлы экономиканы дамыту үшін халықтың техникалық жағынан сауатты болуы өте маңызды.
Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Бұл тұрғыда осы салаға қатысты адамдардың дағдысын жетілдіру керек. «Көпшілік біз енгізбекші болып отырған технологияларды пайдалану- ды білмейді, оларға соны үйрету қажет. Смартфонды қалай пайдалану керектігін де үйреткен абзал. Сондықтан бізде атқаратын жұмыс көп және оны неғұрлым жиі айтып, насихаттауымыз керек», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ қазіргі таңда білімді жетілдіру бүкіл өмір бойғы қажеттілікке, нормаға айналғанын, бір кездердегідей «университетті бітірдің – диплом қалтада» деп жүре беретін уақыттың келмеске кеткенін тілге тиек етті. Адамның табиғатынан бейімделгіш келетінін, әсіресе қазақстандықтарды заманға бейімделгіш деп есептейтінін жеткізді. «Қазақстандықтардың мате- матика мен физикадан мүмкіндіктері жоғары екендігін жиі айтады, оған дәлел көптеген отандастарымыздың халықаралық олимпиадаларда жеңіске жетуі», деді Президент бұл орайда.
Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.
Мемлекет басшысы одан әрі өкілетті органдар мен кәсіпорындар тарапынан ерекше мән беруді қажет ететін цифрландырудың жекелеген бағыттарына назар аудартты. Бұл ретте Елбасы мемлекеттің, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын жолға қою маңызды екенін айта келіп, бизнеске цифрлы технологияларды кең ауқымда енгізуі үшін жағдай жа- сау керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, біліктілігі жоғары мамандарды даярлаудың маңыздылығына тоқталып, білім беру саласындағы саясатты қайта қарау қажеттігін атап өтті.
Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ғылыми- зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының базасында, сондай-ақ инновациялық кластерлер аясында құзыреттілік орталықтарын дамыту мәселелеріне тоқталды. Президент ІТ-стартаптар халықаралық технопаркінің жаңа техноло- гияларды әзірлеу мен оларды енгізу мәселесінде басты рөл атқаратынын айтты. «Еліміздің қаржы секторы озық технологияларды мейлінше сер- гек сезінетін сала болғандықтан, цифрландыруға қатысты шешімдерді кеңінен қолдана бастады.
Сектор (sector) - пішімдеу кезінде қатқыл немесе иілгіш дискіде жасалған центрлес жолшықтардың біреуінің сегменті; магниттік диск бетіндегі концентрлік шеңбер бойын қуалай орналасқан сызық жолға жазылатын ақпараттың негізгі бірлігін (ең аз көлемін) сақтайтын оның бір бөлігі.
Ол алдағы уақытта да осы үдерістің басында болуы керек. «Астана» халықаралық қаржы орталығының алдында жаңа қаржылық технологиялар мен құралдарды дамыту міндеті тұр», деді Елбасы. Белгіленген міндеттерді шешіп, ғылыми зерттеу- лер мен әзірлемелерді ынталандыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді тапсырды. Мемлекет басшысы болашақтағы жаһандық сын-тегеуріндер мен технологиялық трендтерді зерттеу қажеттігіне назар аударды. Жиында айтылған мәселелердің барлығы еліміздің Үшінші жаңғыруы аясындағы маңызды міндеттер болып саналатынын, Үкіметтің оларды мемлекеттік бағдарламада ескеруі қажеттігін айтты. «Президент жанынан арнайы комиссия құру қажет. Жұмыс органы Премьер- Министр мен оның Кеңсесі болады. Бағдарламаны ескертпелерді қаперге ала отырып соңына дейін аяқтаңдар, оны нақтылаңдар және іске көшіңдер. Жылдың соңына дейін сіздерге уақыт беріледі. Келесі жылдың 1 қаңтарынан жеке өзім ай сайын бақылауға алатын боламын», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ Елбасы ортақ мәселелерді шешу үшін Еуразиялық экономикалық комиссия аясында арнаулы комиссия құру керектігін айтты. Жиында елімізде цифрландыру бағытында қолға алынған шаралар жөнінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ Қазақстанда қызмет етіп жүрген бірқатар шетелдік ма- мандар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялар саласындағы сарапшылар баяндама жасады.
Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев (13 қазан, 1963, Үшарал, Талас ауданы, Жамбыл облысы) - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі (2016 жылдың 10 қыркүйектен).
Үкімет басшысы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жобасын таныстырып, оның негізгі басымдықтарына тоқталды. «Бағдарламаны даярлау кезінде Үкімет тарапынан Қазақстан экономикасы үшін цифрлы дәуірдің қамтып отырған жаһандық сын-қатерлері мен мүмкіндіктері ескерілді. Осыған байланысты екі бағыт айқындалды. Біріншіден, цифрландыру процесінің тұрақтылығы үшін инновациялық дамудың ұзақ мерзімді институтта- рын құру болса, екіншіден, нақты сектордағы белгіленген жобалардан тұратын бағдарламаның прагматикалық басталуын қамтамасыз ету көзделген», деп атап өтті Б.
Прагматика (грек,pragma,ілік септіктеpragmatosіс, әрекет) - семантика мен тіл біліміндегі тілдік таңбалардың кызметін зерттейтін саласы. "Прагматика"терминін 20 ғ. 30 жылдарында семиотиканың бір бөлімі түрінде Ч. У.
Сағынтаев. Бұл ретте Қазақстан Үкіметінің 9 базалық салада үдемелі цифрландырудың стратегиясына ерекше мән беріп отырғанына да назар аударылды. Мәселен, энерге- тика мен шикізатқа, агроөнеркәсіптік кешенге, өнеркәсіп, логистика мен ақпараттық технологияларға айрықша екпін қойылған. «Осы арқылы біз алдымызға қойған екі мақсат-міндетті шешеміз. Біріншіден, елдің флагмандық салаларының технологиялық жаңғыруы үшін тың серпін беріледі. Екіншіден, еңбек өнімділігінің ауқымды өсіміне қажетті жағдай қалыптасады. Атап айтқанда, бағдарламаның басты мақсаттары айқындалды.
Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.
Шикізат Шикізат бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады; табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
2025 жылға қарай Қазақстан цифрлы бәсекеге қабілеттіліктің халықаралық рейтингінде 30-шы орынды иеленуі тиіс. Бұл өз кезегінде стратегиялық маңызды көрсеткішке же- туге мүмкіндік береді, яғни жыл сайын экономика өсімінің үштен бірін цифрлы экономиканың есебінен құруға жол аша- ды», деді Үкімет басшысы. Премьер- Министрдің сөзіне қарағанда, цифрлы трансформация бағдарламасында төрт негізгі бағыт қамтылған. Осы тұрғыда экономиканың базалық салаларын цифрландыру, мобильді мемлекетті дамыту, креативті қоғамды жетілдіру, елдің цифрлы трансформациясына қажетті жаңа инфрақұрылымды құру ескеріліп отыр. Б.Сағынтаев сонымен қатар, Үкімет цифрлы даму бағытындағы саясатты үнемі жетілдіріп, әлемдік өзекті трендтерге байланысты бағдарламаны жаңа жобалармен толықтырып отырғанын жеткізді. Үкімет басшысының мәліметінше, бүгінде Қазақстанның 77 пайыз ересек тұрғындары базалық цифрлы сауаттылықты игерген және интернетке қол жеткізіп отыр.
Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
Бұл көрсеткіш алдағы уақытта арта түспек. Мемлекеттің барлық өңірлерін интернетпен қамтамасыз ету цифрлы экономиканың көптеген секторларын үдемелі дамытуға жағдай жасайды. Олардың ішінде ең маңыздылардың бірі ретінде қашықтықтан білім беру, телемедицина, медицинадағы жа- санды интеллект, электронды сауда бағыттары ескерілген.
Интеллект (лат. іntellectus - таным, ұғыну, аңдау) - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Медицина (лат. medicina: medicus - дәрігерлік, емдік) - адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.
Премьер-Министр бұл бағыттардың қазіргі заманғы әлемде қарқынды өсіп келе жатқанын атап өтті. «Мәселен, соңғы 10 жылда Қытайда электронды сауда көлемі 100 есеге артты. Атап айтқанда, елде интернетпен толықтай қамтудың нәтижесінде үкіметке осы қызметтік секторлардың әлеуетін кеңінен ашуға мүмкіндік берді», деді Б.Сағынтаев. Оның пайымынша, еліміздегі ақпараттық технологияларға «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы тың серпін береді. Бұл шешімдер электронды үкіметке және киберқауіпсіздікке қатысты болады. Бағдарлама басымдықтарының бірі қоғам өміріндегі барлық салаларға цифрлы қызметті кеңінен енгізуге негізделген. «Қазақстан Үкіметі цифрлы қоғамның өтпелі жүйесін құруды жоспарлап отыр, яғни ол тұтынушыға қолайлы жағдай жасау мақсатын көздейді. Ғаламшардағы цифрлы мегарендер елдердің алдына озық технологияларды қандай тәртіппен енгізу жайындағы мәселені қойып отыр. Өз кезегінде дұрыс таңдау жасаған мемлекеттер үлкен мақсаттарды шешудің жаңа салалары мен әдістерінің мүмкіндігіне ие болады», деді Премьер- Министр.
Ғаламшар немесе Планета (көне лат. planeta, грек. aster planetеs - кезбе жұлдыздар) - өз орбитасы бойынша Күнді не басқа жұлдызды айнала қозғалатын, гравитациялық өріс жасауға өз салмағы жеткілікті, соның нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Осы орайда Үкімет басшысы Қазақстанда нақты реттеуші шешімдер арқылы болашақ экономикасының жаңа секторларын құруда зор мүмкіндік бар екенін айтты

  • Ақпарат жəне коммуникациялар
  • Бақытжан Сағынтаев
  • Ғаламшардағы

  • жүктеу 51.49 Kb.