Главная страница
Контакты

    Басты бет


Check in орналасу процесі. Check out отельден қонақтың кету процесі

жүктеу 0.65 Mb.



жүктеу 0.65 Mb.
бет1/5
Дата16.09.2017
өлшемі0.65 Mb.

Check in орналасу процесі. Check out отельден қонақтың кету процесі


  1   2   3   4   5

Глоссарий

C

Check in – орналасу процесі.



Check out – отельден қонақтың кету процесі.

I

ISO 9001 – халықаралық стандарттар сериясы, ұйымның немесе кәсіпорынның сапалық менеджмент жүйесінің талаптарын анықтайды.



M

Must (жүзім шырыны, муст) – жүзімді қысқаннан кейін қалыптасады (ферментация кезеңі аяқталғанға дейін), жүзім шырынының, қабығының, сүйегінің және жеміс мәйегінің қоспасы, ең соңында шарапқа айналады

S

Spa — сумен байланысты физиотерапия әдісі.

Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.

Физиотерапия(гректің physіs – φύσις - табиғат және θεραπεία - емдеу) – Физиотерапия - табиғи және жасанды түрде жасалынатын физикалық факторлардың физиологиялық пен емдік әсерін тигізетінін зерттейтін және профилактикалық және емдік мақсаттармен оларды пайдалану әдістерін әзірлейтін медицина саласы; физикалық емдеу әдістерінің жиынтығы және олардың қолдануы.

Сумен емдеу, бальнеотерапия және талассотерапия сияқты түсініктердің синонимі



А

А – ампер – тоқ күшін өлшеу бірлігі

А́брахам Масло́у (Авраам Масло́в) – атақты амарикалық психолог, гуманистикалық психологияның негізін қалаушы. Маслоу «Маслоу пирамидасы» атағымен кең танылған – бұл диаграмма, сатылық түрінде адамдардың қажеттілігін көрсетеді. Бірақ оның баспаларының бірінде мұндай сызба жоқ, бірақ ол сатылық қажеттілік белгіленбеген және ол көп жағдайда адамның жеке басының ерекшелігіне байланысты деп ойлаған. «Қажеттілік пирамидасы», сатылық қажеттілік ойларын жеңілдету үшін табылған болса керек. Бұл ең алғаш 1970 жылдары неміс тіліндегі әдебиеттерде кездесе бастады, мысалы У.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.

Әдебиет (араб.: асыл сөз‎) - сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.

Стопптың (1975 жыл) бірінші оқулығында көрсетілген.

Автоматтандырылу – ауамен емдеу.

Ағартқыш – дақтарды кетіру немесе заттың түсін ағарту үшін қолданылатын химиялық ерітінді.

Ағымдағы жөндеу жұмысы – бұл профилактикалық іс-шара өткізу, кіші көлемді жөндеу жұмыстары. Мұндай жұмыстарды эксплуатация кезінде өткізеді.

Айналымнан тыс активтер – ұйым, кәсіпорын, бірлестіктің шаруашылық айналымнан шыққан (алынған), бірақ бухгалтерлік баланста есептелетін жеке қаржысы.

Акватерапия – судың әсерлерімен емдеу.

Аккредитация – өнім сапасының стандарттарға сай екенін ресми түрде анықтайтын үрдіс.
Акт – бұл жағдайда бірнеше тұлға құрастырған және анықталған фактілер мен оқиғаларды растайтын құжат.

Актинометр – жылу радиациясын өлшеу үшін арналған құрал.

Акционер – Акционерлік кәсіпорынның тең иеленушісі; белгілі бір табысты алуға және істерді басқаруға қатысуға құқық беретін акциялардың иесі. Мажоритарлық акционерлерге акционерлік капиталдың негізгі бөліктері тән, олар - ірі акция пакеттерінің иегері. Миниритарлық акционерлер акционерлік капиталдың кішігірім бөліктері тән, олар акционерлік қоғамға әсер ете алмайды.

Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.

Акционерлік қоғам - капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді.

Акционерлік қоғам – капиталды орталықтандыру формасы, сонымен қатар капиталистік кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық формасы. Капитал акцияларды шығару және сату арқылы жеке капиталдарды біріктіру арқылы қалыптасады, одан түскен табыс акционерлер арасында үлестіріледі. Ресейде акционерлік қоғамдар XVIII ғ. соңында пайда болды.


Акция – бағалы қағаз, акционерге дивидент түрінде акционерлік қоғамнан пайда бөлігін алу үшін құқық береді.

Құнды қағаздар, бағалы қағаздар - мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап).

Ақшалай кіріс көлемін ұлғайту немесе отандық фирмалар мүдделерін қорғау мақсатында импортталатын немесе экспортталатын тауарлардың кейбір түрлеріне салынатын салық.
Ақша бірлігі – бұл әр елдің ақша белгісі (тенге, доллар, марка, рубль, йена, юань, бат, тугрик, т.б.) немесе халықаралық валюта жүйесіне кірген ақша бірлігі (евро, СДР).

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Тауар - қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.

Ақша бірлігі - барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі.

Барлық ақша бірлігі ұсақ бөлшектерден тұрады: рубль тең 100 копейкамен, доллар немесе евро тең 100 центке.
Ақшасыз төлем – банктің көмегімен банк есебінен ақшалай қаражатты аудару жолымен сатушы және сатып алушы арасында жүзеге асатын ақшасыз төлем.

Банк (италянша bankо - үстел) - ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.


Алдын – ала сервировка – алдын – ала сервировканы үстелді қызмет көрсету үдерісіне дайындық кезінде жүргізіледі, ол тапсырысты жүзеге асырмас бұрын минималды құрылдардан түрады.
Алша – домалақ, жасыл, қызыл, күлгін немесе қара сүйекті, көлденең қимасы 3 см, кейде сопақша болатын және жақсы көрінбейтін сызықшасы бар жеміс. Тамыз-қыркүйекте піседі. Жабайы түрде алша тянь-Шань, Балкан, Орта және Кіші Азия, Иран, Солтүстік Кавказ және Кавказ сыртында, Молдавия мен Украинаның таулы жерлерінде тараған.

Кіші Азия (түр. Anadolu - Анатолия) - Азияның батыс бөлігіндегі түбек, қазіргі Түркия аумағының ортаңғы бөлігі. Анатолия деп көбінесе Түркияның азиялық иеліктерін атайды (еуропалық иеліктері - Румелия).

Алша жемістері қышқыл-тәтті, балғын түрінде де, консервіленген (компот, шәрбәт, тосап, повидло, желе, кептірілген қараөріктен жалпақтап жасалған лаваш, мармелад, шырын, шарап) күйде де қолданылады. «Ткемали» тұздығының басты компоненті.
Альтернатив – бір бірін толтырудың бірнеше мүмкіндіктердің шектелуі.
Алюци́нк (Алюмоци́нк) – алюминий және цинк қорытпасы. Құрыш парақтарды коррозияға қарсы жабынды ретінде қолданады.

Коррозия (лат. corrosio - «жегіде»)- қоршаған ортаның әсерінен метал бетінің бүлінуі. Бұл кез келген материалдың қиратулары (металдар, ағаш, керамика, полимер). Себебі: конструкциялық материалдардың термодинамиялық орнықсыздығы.


«А ля карт»(a lacarte) мәзірі. Тамақты еркін таңдайтын мәзір, оның ассортименті үлкен.

Ассортимент (фр. assortiment) - өндірісте - шығарылатын бұйымдар түрі; саудада - бұйымдардың түрлері және сорттары. Ассортимент дегеніміз - белгілі бір белгі бойынша жинақталған тауарлар жиынтығы. Ассортимент өндірістік және саудалық болып бөлінеді.

Бұл мәзірде порциялық тамақтар және олардың әрқайсысының бағасы көрсетіледі. Барлық тамақ жеке тапсырыспен дайындалып, 15-20 минуттан соң әзір болады.
«А-ля пард» мәзірі – бұл мәзір үстел үстінде бүктеледі, жиналады немесе қонақ үй номерінің есігіне қыстырылады. Оған қонақ қай уақытта, қандай тамаққа тапсырыс беретінін жазады (отельдерде қолданылады).
Амореи - бұл терминмен (нақты мағынасы -"батыстық") Месопотамиялықтар көшпенді және жартылай көшпенді батыстық-семиттік тайпаларды атаған.
Анемометр – ауаның қозғалыс жылдамдығын өлшеу үшін арналған құрал.
Анфила́да – (фр. Enfilade от enfiler — жіпке сабақтау) — бір остің бойында орналасқан, бір-бірімен жалғасып кеткен кеңістік элементтері (бөлмелер, аулалар, қалақұрылысының кеңістігі), болашақ өткелін құрайды.

Мағына - сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі бірнешеу болуы мүмкін.

Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.

Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.

Галере́я (фр. galerie, от итал. galleria) —бөлме аралық немесе көрші ғимарттар арасындағы өткелі бар ұзыннан ұзақ жабық бөлме. Галереяда бір қабырғасын колонналар немесе бағаналар, кейде балюстрада да алып тұрады.

Бағана- тұрақты баспананың төбеге жабылған ағашын берік ұстап тұратын ұстын, тіреу (ағаш) діңгек. Қазақ түсінігінде үй тіреусіз, бақансыз болмауы керек. Яғни бағана ғұрыптық функция да аткарады. «Тіреусіз үй - көр» деген тұрақты сөз тіркесі осыған байланысты қалыптасса керек.


Апарта́ме́нт (appartement - пәтер, от appartamento — бөлме) — үйдегі (пәтер) бөлме немесе бөлек орын.
Аперити́в – (фр. Apéritif, лат. aperīre «ашу») — тамақ алдында берілетін және тәбетті ашатын, ас қорытуын жақсартатын ішімдік. Аперитив түрінде алкогольді, алкогольсіз ішімдіктер, шырындар пайдаланады. Танымал аперитивтер: вермут, херес, кампари, ракия, бехеровка, узо, сыра. Алкогольсіз ішімдіктерден — минералды сулар, газдалған, сода және жай суытылған су. Аперитивке ең жақсы шырындар: лимон, апельсин, грейпфрут, анар, томат, қайың, жүзім (жүзімнің тәтті емес түрлерінен).

Грейпфрут- домалақ немесе сопақ хош иісті, қышқыл-тәтті дәмі бар оңтүстікте өсетін мәңгі жасыл цитрусты ағаш жемісі. Жемісі қараша-желтоқсан айларында піседі. Құрамында қант, органикалық қышқылдар бар, төбет ашады, асқазан жұмысын жақсартады.


Аралас инвестициялар – мемлекет, заңды және физикалық тұлғалардың қатысуымен қаражаттың бөлшектік салымы. Аралас инвестицияларда жиынтықтағы инвестициялар орын алады.
Аристократия – халықтың жоғарғы сатысы, бай және текті ақсүйектер.
Арматура – көмекші құрал немсе конструкция.
Артезиандық ұңғыма — бұл жер асты суларын пайдалану үшін қазатын бұрғы ұңғымасы.
Архитектурадағы бағаналар – ғимарат элементі немесе жеке тұрған бағаналық құрылыс.
Архитектуралық композиция — ғимараттың немесе кешеннің бөліктер мен түрлерінің орналасуы және олардың тұтастығы және өзара қатынасы.
Ас үй — тамақты дайындауға арналған бөлме.
Асжаулық (фр. serviette) – үстінгі, беткі жақтан әр түрлі заттарды кетіру үшін, тұрмыста және шаруашылықта қолданылатын, тік бұрышты пішіндегі (басқалары сирек), мата тілімі немесе мата емес материал.

Пішін (Форма) - қарапайым орташа күрделі, күрделі, өте күрделі тікбүрышты, үшбүрышты, көпбү- рышты, цилиндрлі, жайылмалы қорамалы болып келеді.

Олардың негізгі атқаратын қызметі, беткі жақтың тазалығын қамтамасыз ету мақсатында, кірді және ылғалды сүртіп, сіңіру болып табылады.
Асханалық аспап – ағаштан, мельхиордан,жезден жасалған тағамдарды басқаруларға арналған құралдар мен құралдар жиынтығы. Асханалық күмістен және мельхиордан жасалған аспаптар банкеттерде, салтанатты кештерде, ерекше қонақтарды күтуде пайдаланылады.

Аспап - адамның күнделікті тіршілігінде қолданылатын құрал немесе машинаның белгілі бір жұмыс атқаратын тетігі. Аспаптың кесетін (кескіш, бұрама тескіш, кергі, фреза т.б.), жағатын (штамп, дөңгелетпе т.б.)

Асхана - қоғамдық тамақтандыруда ең көп таралған кәсіпорын түрі. Орналасуына және тұтынушылар контингентіне байланысты: жалпы типті, өндірістік болып бөлінеді. Тағамдар ассортиментіне: салқын тағамдар мен басытқылар, бірінші және екінші ыстық тағамдар, сүт және сүтті өнімдер, ыстық және салқын сусындар, тәтті және ұнды-кондитер өнімдері кіреді.


Атриум – әйнек төбесімен жабылған қонақ үйдің ішкі алаңы
Ауаны жаңарту (Вентиля́ция)(от лат. ventilatio — желдету) — бөлмедегі ауаны жою немесе ауыстыру процесі.
Ауаны кондиционерлеу — технологиялық процессті жүргізу, құндылықтарды сақтаумен қамтамасыз ету, адамдардың жай күйін едәуір жақсарту үшін, оптимальды метеорологиялық жағдаймен қамтамасыз етуге бағытталған (температура, салыстырмалы ылғалдылық, тазалық, ауаның қозғалыс жылдамдығы), жабық бөлмелерде барлық немесе жекелеген ауа параметрлерін автоматты ұстап тұру.

Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.

Құндылықтар - бір заттың маңыздылығы, пайдалылығы. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады.


Ауыспалы тоқ – жалғанған құралдар мен құрылғыларға байланысты өзінің бағыты мен көлемін өзгертетін өзгермелі тоқ.
Аэра́ция – (от греч. ἀήρ — «ауа») — табиғи желдету, оттегін алмастыру.
Аэротерапия – ауамен емдеу.
Аю бадам – Аю бадамның 40 түрі, субтропиктер мен қоңыржай белдеулерде өседі(итал.

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Алмастыру - белгілі бір n элементті қандай да бір ретте (тәртіпте) қайталамай орналастыру. Берілген n элементтен барлығы әр түрлі n! = 1*2...n Алмастыруы жасалады. Алмастыруға байланысты көптеген есептер ауыстыру терминдері арқылы тұжырымдалады.

Субтропиктер - тропик пен қоңыржай белдеулердің арасындағы белдеулер, яғни тропикке таяу зоналар. Олар тропиктен жылдың ыстық уақыттардың болуымен, ал қоңыржай зонадан қыстың жұмсақтығы және өсімдіктің жыл бойында өсіп-жетіле беруімен ерекшеленеді.

Салыстырмалы ылғалдылық - белгілі бір температурада ауадағы су буларының нақты мөлшерінің (серпімділігінің) осы температурада болуы мүмкін су буы мөлшеріне (қаныққан будың серпімділігіне) пайыз есебімен алынған қатынасы.

Қоңыржай климат - қоңыржай белдеу климаты. Атмосфераның жалпы циркуляциясындағы батыстан шығысқа қарай соғатын ауа ағысының қоңыржай ендіктердегі циклондармен өзара әрекеттесуінің нәтижесінде құралады.

Sambuca) — анис иісті итальяндық ликёр. Әдетте бұл спецификалық иісті және құрамында 38-42% спирті бар мөлдір тәтті сұйықтық. Аюбадамның сонымен қатар қара және тіпті қызыл түрлері де болады. Шарап бидай спиртінен, қанттан, жай анистан, жұлдызшалы анистан, жемістер сығындысы немесе аюбадамгүлі мен жұпар иісті шөптерден тұрады, ал нақты құрамы құпияда сақталады. .

Аяқ, тостаған – сусын ішуге арналған ыдыс.

Сұйықтық - сұйық агрегаттық күйдегі зат, газ бен қатты күйлердің арасындағы аралықты алып жатыр. Сұйықтықтың басқа агрегаттық күйлерден басты айырмашылығы - көлемін түрақты түрде сақтай отырып жанама күштердің әсерінен өзінің формасын шексіз түрде өзгерте алуы.

Ыдыс , тара – тауарларды сақтауға‚ буып-түюге, орауға, тоғанақтауға және тасымалдауға арналған сыйымдылық. Оның құны тауардың құнына кіреді. Алайда көп айналымды (қайтарылма) ыдыс дейтін де болады. Құжаттарды және ыдыс айналымының телімін дұрыс ресімдеу кезінде мәміле жасасқанда төленген қосылған құн салығының бір бөлігін қайтаруға болады.

Сусындар - ертеден сусындарды екі топқа бөлген: (алкогольсіз) салқындатқыш, сусынды қандырғыш немесе алкогольді. Ғылыми және аспаздық-тағамдық түрде құндылығы бірдей емес. Ең құндысы бауыр, ми, тіл, бүйрек, жүрек, сиыр желіні, сиыр етінің сүйекті құйрығы болып саналады.


Ә
Әділдік этикасы — жақсы қарым-қатынас этикасы (өзіңе қалай қарасын десең, өзгеге де солай қара), адамзаттың барлық ресурстарына қолжетімділік.
Әйнек — салқындатқан кезде сұйық күйден кристалданатын кез келген материал.
Әйнекті паке́т — әйнек - ауа камерасы - (газ)- әйнек және т.б. тәртіпте өз араларында жапсарланған бірнеше және одан да көп әйнектен құралған құрылыс мақсатындағы жарықта көрінетін конструкция.
Әкімшілік бұл — мейрамхана іс әрекетіне толық жауапкершілік атқаратын қызметкерлер тобы.

Мейрамхана - қызмет көрсету деңгейі бойынша люкс, симпозиум қатысушыларына, банк және офис қызметкерлеріне арналады. Егер де бизнес-ланч үш тағамнан құралса, тұтынушылар төрт курстан тұратын жинақты тандайды: бірінші курс - салқын және ыстық басытқылардың бірнеше варианттары; екінші курс - көжелер; үшінші курс - негізгі ыстық тағамдар және төртінші - десерт.


Әлеуметтік аударым — мемлекеттің әлеуметтік сақтандыру қорына заңға сәйкес төленетін ақы.
Әрбір елде нарықтық бағаларды белгілеу — кәсіпорын әрбір елде қазіргі уақытта нарықта қалыптасқан бағаны белгілейді.
Әрбір елде шығындар негізінде бағаларды белгілеу — кәсіпорын бағаны барлық шығындар жиынтығы мен стандартты үстеме баға ретінде белгілейді.
Б
Баға қалыптастыру - тауарға немесе қызметке бағаны бекіту. Баға – нарықты экономиканың тауарға деген негізгі мінездемесі.

Нарық - тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық - нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.

Сақтандыру - сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.


Баж салығы - мемлекеттік органдар азаматтардан, мекеме мен ұйымдардан белгілі бір қызметтерді (діни, елтаңбалық, пошталық және т.б.) көрсеткені үшін алынатын ақша қоры.
Базистік пункт тұрғысынан бағаны белгілеу. Бағаны географиялық принцип бойынша белгілеу, яғни сатушы базистік пункт ретінде белгілі бір қаланы таңдайды да барлық тапсырыс берушілерден осы қаладан жүк тиелетіндей етіп көліктік шығындарды алады.
Бақалшақтар – бақалшақ еті жеңіл қорытылады, түсі ақшыл-жасыл, жағымды дәмі бар, иісі балғын қиярдың исіне ұқсайды. Оларды тірі күйінде шығарады, етін қатырып қояды, кептіреді, консервілейді.
Бақылау. - Стратегиялық жоспардың және маркетинг жоспарларының орындалу нәтижелерін өлшеу және анализдеу, реттеу шараларын қабылдау.

Маркетинг (ағылш. marketіng - рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) - кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг - сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.

Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.


Бальнеотерапия — минеральды сулармен емдеу.
Балюстра́да (фр. balustrade итал. balaustrata) — үйдің балконың, терраса және т.б. басқышын әдемілейтін әсем бағаналармен ұстастырылған қанат.
Банк - несие және төлем арасындағы делдал қызметін атқаратын мекеме. Сөз латын тіліндегі скамья менялы сөзінен пайда болған.
Банкет – фуршет мәзірі - негізінен банкеттерге қарағанда ассортименті кеңірек дәмтатым тағамдарынан құрастырылады.
Банке́т( фр. Banquet сөзінен) – жеке бір тұлғаның немесе оқиғаға (мысалы, мүшелі немесе үйлену тойы) арналған салтанатты түрде шақырылған кешкі немесе түскі ас. Бұндай банкеттер өткізуге көбінесе арнайы банкет залдарын пайдаланады.
Банкеттер мәзірі - бұл мәзірді құрастыруға тапсырыс беруші қатысады. Оны банкетке тапсырыс алғанда оның түрін, қызмет көрсету формасын, тапсырушының қалауын ескере отырып құрастырады.
Бар - ішу орындарының түрі.
Барометрлік қысым - теңіз деңгейінен алынатын атмосфералық қысым.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Атмосфералық қысым - атмосфераның жер бетіне және ондағы заттарға түсіретін қысымы. Ол барометрмен, яғни сынап бағанасының биіктігімен (мм сын. бағ.), СИ жүйесінде паскальмен (Па), ал метеорол. ғылымында гектопаскальмен (гПа) немесе миллибармен (мб) өлшенеді.


Баспалдақ - тік байланыстарды қамтамасыз ететін функционалды және конструктивті элемент.

Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.

Баспалдақ бірқатар басқыштардан тұрады. Әдетте бұл термин конструкцияланатын ғимараттар мен құрылыстарға қолданылады.
Бастапқы құжат - бұл құжат бастапқы мәлімдемелер, зерттеулер, талдау, қадағалау және басқа да қызметтер түрлерін кіргізеді.
Бедуи́ндер(араб. بَدَوِي‎‎ badawī, көпше түрі badw (بَدْو) немесе badawiyyūn (بَدَوِيُّون) — «шөл (дала) тұрғыны», «көшпелі», араб сөзі «бадия» (بَادِية) — шөл) –араб мемлекеттірінің барлық көшпелі тұрғындарын, олардың ұлт пен діни ерекшеліктерін қарамастан атайтын сөз.
Бейнебақылау - визуалды бақылау немесе бейнелерді автоматты талдауға (автоматты түрде түрлерді, мемлекеттік номерлерді анықтау) арналған оптикалы-электронды құралдарды қолдана отырып жасалатын үрдіс.

Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.


Бето́н -(фр. béton) - су, ірі және майда біріктіруші заттардан (цемент және тб.) тұратын қою қоспаның қату және түзілуі нәтижесінде алынатын жасанды тастықұрылыс материалы.
Бәсекелес -бір-бірімен белгілі бір салада өз қызығушылықтары мен мақсаттарын жүзеге асыруға тырысатын бәсекелестік қарым-қатынас тудырушы.
Бәсекелестер әрекетіне еліктеушілік - бәсекелестердің бағалық саясатына, технологияларына (өндірістік те, ұйымдық та) көшіріп, еліктеу.
Бәсекелік артықшылығы - кәсіпорынның бәсекелестер алдында белгілі бір артықшылықтар қалыптастыратын нарықтық әрекеттер сипаты. Бәсекелік артықшылықтарды қалыптастыру тауар, оны тарату, баға және сату саласында бәсекелестердің осындай әрекеттерінің алдында артықшылықтар беретін шаралар кешенін жасаумен байланысты.
Бизнес-жоспар -ұсынылатын бизнестің қысқа, нақты сипаты, оның ішінде, қонақ үй құрылысы, әр түрлі жағдай кезіндегі маңызды құралдарды қарастыратын, керекті нәтижеге жетудің ең ықтимал және дұрыс жолды анықтауға мүмкіндік береді. Бизнес-жоспар бизнесті басқаруға мүмкіндік беретін құжат болып табылады, бұл стратегиялық жоспарлау мен бақылауды және атқаруды басқарудың маңызды элементі.

Бизнес-жоспар - кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б.


Бизнесті жоспарлау - бұл мақсатқа жету жолдарын анықтау, қандай да болмасын іс-әрекет нәтижесіне жету жолдарын қарастыру, туындаған жағдайлардың шешу жолдарын табу.
Би́ту́м (лат.bitumen — тау қарамайы,мұнай) - азот, оттек, күкіртметалл жәнекөмірқышқылы бар заттардың қосындысын білдіретін қарамай тектес немесе қатты өнім.
Бірыңғайланған бағаларды белгілеу - кәсіпорын тауар бірлігіне бүкіл әлемге ортақ бір баға орнатады.
Болгар таяқшасы - йогурт өндіруге қолданылатын екі бактерияның бірі. Болгарияда ашылып, алғашқы рет қолданылғандықтан, осылай аталған. Илья Мечников болгар таяқшасын қартаюға қарсы тұратын, адам организмінің өзін-өзі улауына қарсы тұратын негізгі құрал деп атады. Ол өмірінің соңғы күніне дейін күнделікті ашыған сүт өнімдерін, сонымен қатар таза Lactobacillusbulgaricus бактериясын ішкен.
Бородинский наны - өте пайдалы. Оның құрамына кіретін диеталық қасиеті бар және ас қорытуды жақсартуға ықпал ететін қарабидай ұнында адам ағзасына қажетті өзек, минералдық заттар және бірқатар витаминдер (РР, Е, В1, В2, В6) бар.

Дәрумен - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды.

Бактериялар (гр. bakterion - «таяқша») - тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ жасушалар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады бірақ көбінесе нейтралды қызметті атқарады.

Минералдық заттар - басқаша күлді элементтер деп аталады, себебі өнімді жандырған соң күл түрінде қалады. Күлді элементтер адам организмі үшін маңызды орын алады: ткань құрамына кіреді, зат алмасуға, ферменттерді, гормондарды, ас қорыту сөлін түзуге қатысады.

Құрамындағы В топты витаминдердің мөлшеріне қарай бородинский наны еттен кем емес, құрамында толыққанды ақуыз мөлшері нанның басқа сұрыптарымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Сондықтан бұл нан қан қысымы жоғары және құяң ауруларымен ауыратындарға ұсынылады. Қарабидай ұнынан пісірілген нан бұлшық еттердің болбырлығын, әжімнің ерте түсуін болдырмайды, сонымен қатар қандағы холестерин мөлшерін нормаға келтіреді.

Холестерин (холестерол) (көне грекше: χολή - «өт» және көне грекше: στερεός - «қатты») -- стериндер тобына жататын органикалық зат, химиялық формуласы - C27H46O (10R,13R)-10,13-диметил-17-(6-метилгептан-2-ил)-2,3,4,7,8,9,11,12,14,15,16,17-додекагидро-1H-циклопента[a]фенантрен-3-ол.

Бұлшық ет Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і ақуыз, май, көмірсу және минералды тұздардан тұрады.


Бөлмелік фондтың
  1   2   3   4   5

  • Стратегиялық

  • жүктеу 0.65 Mb.