Главная страница
Контакты

    Басты бет


Cабақтың тақырыбы: Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері

жүктеу 34.6 Kb.



жүктеу 34.6 Kb.
Дата05.04.2017
өлшемі34.6 Kb.

Cабақтың тақырыбы: Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері



Cабақтың тақырыбы: Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері.
Практикалық жұмыс.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Объектілерді іздеу, объектілерді жылжыту мен көшіру және жою ережелерімен таныстыру. Алмасу буфері туралы мағлұмат беру. Алған білімдерін практикамен ұштастыру.
Дамытушылық: Оқушының тез шешім қабылдай білуін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.
Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан - жақты болуға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

Сабақтың түрі: Практикалық элементтері бар түсіндірмелі сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, “Білім жәрмеңкесі”
Ойыны, практикалық жұмыс.
Көрнекіліктер: ДК, мультимедиялық құралдар, тақырып бойынша дайындалған слайдтар, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың жоспары:


І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІII. Жаңа тақырып
IV. Сергіту сәті
V. Сабақты бекіту
VI. Практикалық жұмыс
VІІ. Бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру

Сабақтың өту барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
2) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
3) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
(сұрақ - жауап әдісі бойынша)
1. Файл дегеіміз не?
2. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны?
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.

3. Бума дегеніміз не?
4. Жарлық деп нені атаймыз?
5. Бумалардың қандай түрлері бар?

ІII. Жаңа тақырып.



Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға (файлдарға, бумаларға және жарлықтарға) көбінесе мынадай амалдар қолданылады:
- көшірі;
- орын алмастыру;
- жою;
- атын алмастыру;
Қатар орналасқан нысандар шектес нысандар деп аталады.
Қатар тұрған аралас нысандарды ерекшелеу арқылы белгілеп алуға болады. Осы нысандарды Shift пернесін жібермей басып тұрып ерекшелеуге де болады.
Әрекеттердің реті:
1. Топтың бірінші нысанын ерекшелейміз;
2. Shift пернесін басып тұрып, соңғы нысанды ерекшелейміз.
Әрқашан шектес нысандарды ғана ерекшелеу керек емес. Егер нысандар экранда бір - бірінен алшақ орналасса онда оларды ерекшелеу үшін Ctrl пернесі қолданылады.
Алмастыру - белгілі бір n элементті қандай да бір ретте (тәртіпте) қайталамай орналастыру. Берілген n элементтен барлығы әр түрлі n! = 1*2...n Алмастыруы жасалады. Алмастыруға байланысты көптеген есептер ауыстыру терминдері арқылы тұжырымдалады.
Перне Перне (Клавиша; key) - 1) пернетақтадағы бір перне; оны басқанда таңбаға сәйкес код қалыптасады да, ол экранға шығады немесе белгілі бір әрекет іске асады; 2) криптографиялық кілт - ақпаратты шифрлау және кері шифрлау үшін пайдаланылатын құпия код (символдар жинағы); 3) кілт - мәліметтер файлындағы жазбаны немесе жазбалар тобын ұқсастырғыш.

Терезедегі барлық нысандарды ерекшелеу үшін Упорядочить → Выделить все бұйрығы немесе Ctrl A пернелерінің тіркесімдері қолданылады.
Нысандарды жылжыту және көшіру.
Нысандарды жылжыта отырып, сендер оларды бумаларға тарата аласыңдар. Ал нысандарды көшіру арқылы жаңа жерде олардың көшірмесін аласыңдар. Мысал, дискіге.
Нысандарды жылжыту және көшіру тәсілдерін қарастырайық.
Тышқанмен жылжыту/көшіру. Егер екі бума бір ғана дискіге орналасса онда нысанды бумадан - бумаға суйреуге болады. Егер жылжыту кезінде Ctrl пернесін ұстап тұрсақ онда ерекшеленген нысандар көшірілетін болады. Бұл жағдайда тышқан сілтемесінің қасында кішкентай “ ” таңбасы пайда болады.
Дәл сол бойынша тұтынушылар осы кезде нақты қандай үдеріс жүріп жатқанын ( Жылжыту немесе көшіру ) хабардар болады.
Алмасу буфері – жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі.
Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Алмасу буфернің көмегімен көшіру үшін сендерге екі бұйрық: Көшіру(Копировать) немесе кірістіру(Вставить) керек болады.
Көшіру бұйрығын орындағанда нысандар алмасу буферінде сақталады. Кірістіру бұйрығын орындағанда нысандардың алмасу буферіндегі көшірмесі сендер көрсеткен жерде пайда болады. Ақпарат алмасу буферінде жаңа нысандарды көшіргенге дейін сақталады. Алмасу буфері компьютер өшіргенде ғана тазарады.
Компьютер Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

Алмасу буферінің көмегімен нысандарды жылжыту/көшіру тәсілдері:
1. Мәзірді реттеу (Упорядочить) пункті.
Нысандарды ерекшелеңдер. Реттеу→ Көшіру немесе Реттеу → Қиып алу бұйрығын таңдап алыңдар. Нысанды апаруға тиісті терезеге ауысыңдар. Реттеу → Кірістіру бұйрығын таңдаңдар.
2. Контексттік мәзір.
Контексттік мәзірде көшіру, қиып алу және кірістіру бұйрықтарын таңдаңдар. Әрекеттердің тәртібі тура мәзірдің тәртібі Реттеу пунктінің бұйрықтарымен бірдей.
3. Пернетақта.
Бұйрықтарды пернетақтадағы пернелерді басып тұрып орындай керек.
Ctrl C – көшіру
Ctrl X – қиып алу
Ctrl V – кірістіру
Нысандарды жою және қайта қалпына келтіру.
Жою амалы өте қауіпті. Нысанды дұрыс таңдамасаңдар маңызды ақпаратты жойып алуларың мүмкін. Міне осындай себептермен байланысты нысандарды жою ушін Қоржан қарастырылған.
Қоржын – барлық жойылған нысандар орналасатын бума. Жойылған нысанды қайта калпына келтіруге болады. Ол үшін Қоржан терезесін ашып, қажетті нысандарды ерекшелеп алып, Қайта қалпына келтіру.
(Восстановить) бұйрығын орындау керек.
Нысандарды қоржынға орналастырмай жою үшін Shift Del пернелері қолданылады. IV. Сергіту сәті.
“ Информатика” сөзінен сөздер құрастыру.

V. Өткен тақырыпты бекіту.


- Сөздердің орнын тап
Нысан тышқанның........ батырмасын шерту арқылы ерекшеленеді.
2. Қатар орналасқан нысандар........ деп аталады.
3. Объектілерді........ үшін Пуск → Поиск батырмасын басамыз.
4. Барлық жойылған нысандар орналасатын бума …….. деп аталады.
5. …….. дегеніміз – жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі.
6. Нысандарды қоржынға орналастырмай жою үшін........ пернелері қолданылады.
Қапшық(Корзина) сол жақ іздеу

шектес нысан Алмасу буфері Shift Del


“Білім жәрмеңкесі ” ойыны
Дәптер – Қоржындағы жойылған нысанды қайта қалпына келтіруге бола ма?
Қаламсап – Ақпарат алмасу буферінде қанша уақыт сақталады?
Қалам – Объектіні корзинада қанша уақыт сақтауға болады?
Өшіргіш – Алмасу буфері деген не?
Сызғыш – Корзинаны жоюға бола ма?
VI. Практикалық жұмыс.

1. Word Pad бағдарламасында:


1 желтоқсан – Президент күніне орай елбасымызға құттықтау хат;
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған шағын эссе;
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.

2014 Жаңа жылға отбасына, достарына арналған тілек жазу.
2. Жазылған мәтінді файлға сақтау.
3. Өз атына жаңа папка ашу.
4. Файлды папкаға көшіру.
5. Папканы жою.
6. Қапшықтың ішінен жойылған папканы қайта қалпына келтіру.
VII. Бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру
§ 12 оқу;
107 - 108 беттегі сұрақтарға жауап беру;


жүктеу 34.6 Kb.